Танымал сазгер, композитор Құрманай Бақтиярқызының денсаулығы сыр беріп, ота жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Ашық дереккөз

Соңғы кезде өнер иесі жиі отаға түсіп жүргенін жасырмады. 

“Алланың Құдіретінің шексіздігіне айқын көз жеткізген сынақ болды. 99/1 пайыз соңғы үмітпен жетінші реота жасалды. Төрт күн өту керек, сол уақыттан өтсек бәрі артта қалады деген еді дәрігер. Оны естіген достарым барлығына дайын болды. Мынау жарық дүниені менсіз елестете алмайтын жан досымның сағынып көріскен, қуанышы”, – деп жазды сазгер. 

  • Тоқаев Грек Республикасының президентіне жеделхат жолдады

  • Қазақстандық семсершілер тарихи лицензияға қол жеткізді

Одан кейін сазгер оқырмандарымен сырласа келе, отаның көп жасалуы дәрігер қателегі екенін де айтып өтті. 

“Дәрігер қателігі болса да, мен Алланың берген сынағы деп білемін. Қай дәрігер жаман ойлайды. Дәрігерімнің өзі “в шоке” болды” деп жазды композитор. Желі қолданушылары сүйікті авторының тез сауығып кетуін тілеп жатыр. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Курманай Бахтияровна (@kurmanai_bakhtiarkyzy)


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.