«Ќазаќстан Республикасыныѕ Їкіметі мен Ќазаќстан Республикасы Ўлттыќ Банкініѕ ґѕдеу ґнеркјсібіндегі шаєын жјне орта кјсіпкерлік жобаларын ќаржыландыруды ќамтамасыз ету жґніндегі бірлескен іс-ќимыл жоспарын бекіту туралы»



жүктеу 0.86 Mb.
бет1/6
Дата03.12.2017
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.



2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (келісім бойынша) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп:

1) Жоспардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

2) 2014 жылғы 15 маусымға қарай Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Жоспардың іске асырылуы туралы ақпарат берсін.

3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2014 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 14 сәуірдегі

354 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта
кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі
бірлескен іс-қимыл жоспары

 

1. Ағымдағы жағдайды талдау

 

2014 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі

2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - ҮИИДМБ) алғашқы бесжылдығы аяқталады. ҮИИДМБ алдын ала қорытындысы оның елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізгенін айғақтайды. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 2008 жылмен салыстырғанда нақты мәнде 22,5 % ұлғайды, өңдеуші сектордағы еңбек өнімділігінің деңгейі 37,3 мың АҚШ долларынан 58,5 мың АҚШ долларына дейін ұлғайды. ҮИИДМБ іске асыру шеңберінде 651 жоба пайдалануға беріліп, оларда 67 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды.

Оң үрдістерге қарамастан, республикада салалардың дамуындағы теңгерімсіздік сақталып отыр, экономиканың өсуіндегі өндірістік секторлардың маңыздылығы төмендеп барады, негізгі капиталға шетелдік инвестицияның құйылуы және республика экспортындағы шикізат емес өнімнің үлесі азаю үстінде. Егер өңдеу өнеркәсібі өнімінің өсу серпінін қарастыратын болсақ, оның қарқыны соңғы жылдар ішінде төмендеп кеткен: өсу қарқыны 13,6 %-ға жеткен 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылдың қорытындысы бойынша өсу деңгейі тек 1,6% болып отыр. Бұдан басқа, жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) озыңқы қарқынмен өсуі есебінен оның да құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі азайып келеді. 2010 - 2013 жылдар ішінде өңдеу өнеркәсібі секторының ЖІӨ-ге үлесі 0,7 пайыздық тармаққа қысқарып, 10,6 %-ды құрады. Бұл ретте ҮИИДМБ-ның 2015 жылғы нысаналы индикаторы өңдеу өнеркәсібінің ЖІӨ құрылымындағы үлесін кемінде 12,5 % деңгейіне дейін жеткізу болып табылады.

 



 

Секторды қаржыландыруды қалпына келтіру процесінің ұзаққа созылуы өңдеу өнеркәсібіндегі өсу қарқынының баяулауының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Соңғы тоғыз жыл ішінде өңдеу өнеркәсібіне кредит берудегі үш кезеңді бөліп көрсетуге болады:

1) дағдарысқа дейінгі кезең (2008 жылға дейін) - екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - ЕДБ) несие қоржынының біртіндеп ұлғаюы;

2) дағдарыс кезеңі (2008 - 2010 жылдар) - кредит беруді тоқтата тұру және несие қоржынын 440 - 455 млрд. теңге деңгейінде тіркеу;

3) дағдарыстан кейінгі кезең - соңғы 4 жылда қоржынның 455 млрд. теңгеден 876 млрд. теңгеге дейін 2 есеге артуы.

 



 

2010 жылы «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының іске қосылуы ЕДБ кредит беруі үшін өңдеуші секторды тартымдырақ етті. Өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың көрсетілген бағдарламада көзделген сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру сияқты шаралары жыл сайын берілетін қаржы көлемін 383 млрд. теңгеден 938 млрд. теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл шаралар ЕДБ-дағы өтімділікті экономиканың басым секторларына кредит беруге тартуға бағытталған болатын. ЕДБ-ны мемлекет тарапынан қорландыру жүзеге асырылған жоқ.



Дегенмен, қазіргі уақытта өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны бәсеңдеген кезде экономиканың осы секторының кәсіпорындары үшін, әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі - ШОК) үшін қаржы қаражатына деген тапшылықтың қалыптасқаны айқындала түсті. Егер өңдеу өнеркәсібі өнімінің жалпы көлеміндегі ШОК өнімінің үлесін қарастырар болсақ, 2010 - 2013 жылдары ол 22,8 %-дан 15,4 %-ға дейін төмендеген. Мұндай төмендеу ЕДБ кредиттерінің жалпы көлемінде өнеркәсіптегі шағын кәсіпкерлікке берілетін кредиттер үлесінің азаюы аясында орын алғанының маңызы аз емес: 2010 жылғы 19,4 %-дан 2013 жылы 12,3 %-ға дейін азайды, ал 2013 жылы жедел деректер бойынша кредиттің абсолютті мәнде 20 млрд. теңгеге азаюымен бірге, өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК өнімін шығару 85 млрд. теңгеге төмендеді.

 



 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - ҚРҰБ) зерттеу деректері бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының кредитке деген сұранысы жалпы экономикаға қарағанда жоғары.

ЕДБ ұсынатын сыйақы мөлшерлемелері экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар межелегеннен едәуір жоғары. Өңдеу өнеркәсібіндегі ұзақ мерзімді кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі орта есеппен 11,4 % деңгейінде болса, ҚРҰБ зерттеуіне сәйкес экономиканың нақты секторындағы (оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі) кәсіпорындар үшін қолайлы пайыздық мөлшерлеме теңгемен 8,7 % және шетел валютасында 6,9 % деңгейінде. Соңғы бірнеше жылдар бойы межелі (қолайлы) пайыздық мөлшерлеме деңгейін экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындардың азайту үрдісі байқалып келеді, яғни экономиканың басым секторларындағы кәсіпорындар бүгінде неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлеме бойынша қарыз капиталын қажет етеді.

Бұл ретте, өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарына кредит беруге деген ЕДБ қызығушылығы өткен кезеңмен салыстырғанда біршама төмендеп кетті - кредит бөлгісі келетін ЕДБ саны 47 %-дан 35 %-ға дейін азайды.

Сондай-ақ, теңгенің құнсыздануы да өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қаржыландыруға келеңсіз әсерін тигізді. Банктік емес заңды тұлғалар кредиттерінің 37 %-ға жуығын шетел валютасындағы кредиттер құрайды. Бағамдық айырма нәтижесінде кредиттерге қызмет көрсету бойынша өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарына түсетін жүктеме 570 млрд. теңгеге немесе жиынтық несие берешегінің 7 %-ына өсті.

Осылайша, өңдеу өнеркәсібінің жобалары үшін кредит қаражатының қолжетімділігін арттыру қажеттігі өндеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

 

 

2. Мақсатқа қол жеткізу және алға қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері



 

Қазақстан Республикасының Үкіметі кейіннен өндеу өнеркәсібіндегі ШОК жобаларына кредит беру үшін ЕДБ қаржыландыру бойынша шара қолданылатын болады.

Өңдеу өнеркәсібіндегі ШОК жобаларын Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан қаржыландырудың жалпы көлемі 100 млрд. теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын пайдалану «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Даму» КДҚ» АҚ) қаражатын өндеу өнеркәсібіндегі ШОК субъектілерін қаржыландыру үшін ЕДБ-ге шартты түрде орналастыру жолымен жүзеге асырылады.

Бұл мақсат үшін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) облигациялар айналысы басталған күннен бастап 20 жылға дейінгі мерзімге жылдық 0,1 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 100 млрд. теңге сомасына облигациялар шығару жолымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қарыз алуды жүзеге асырады. Облигациялық қарызды өтеу мерзімі - айналыс мерзімінің соңында, 2024 жылдан бастап эмитенттің бастамасы бойынша мерзімінен бұрын өтеу құқығы болады.

Қаражат алғаннан кейін «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» КДҚ» АҚ-на жасалған тиісті Кредит шартының талаптарына сәйкес мерзім соңында қаражатты бір сомамен өтеу шартымен жылдық 0,15 %сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 жылға дейінгі мерзімге 100 млрд. теңге сомасына кредит береді.

 

 

3. Қаражатты екінші деңгейдегі банктерге шартты түрде орналастырудың шарттары мен тетіктері



 

ЕДБ тізбесі мен олар бойынша лимиттер сомасы Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) тиісті шешімімен айқындалады. Мемлекеттік комиссия соңғы қарыз алушылар үшін сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін қалыптастыру тәсілдерін айқындайды.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Даму» КДҚ» АҚ және ЕДБ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін қаражат бойынша төлемдер өткізу үшін ҚРҰБ-да жеке банктік шот ашады.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ «Даму» КДҚ» АҚ-ның ҚРҰБ-дағы жеке банктік шотына осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған Кредит шартына сәйкес қаражат сомасын орналастырады.



«Даму» КДҚ» АҚ осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ЕДБ-мен Кредиттік келісімдер жасауды жүзеге асырады.

«Даму» КДҚ» АҚ алынған кредит қаражатын ЕДБ-да жылдық 2,0 %-дан аспайтын мөлшерлемемен орналастырады.

«Даму» КДҚ» АҚ кредит қаражатын ЕДБ-ның ҚРҰБ-дағы жеке банктік шотына орналастыруды Мемлекеттік комиссия мақұлдаған лимиттер шегінде қамтамасыз етпей жүзеге асырады.

ЕДБ кредит беру валютасы - теңге.

ЕДБ кредит беру мерзімі - 20 жылға дейін.

ЕДБ үшін «Даму» КДҚ» АҚ-дан қаражат тарту мөлшерлемесі мен ШОК субъектілеріне кредит беру мөлшерлемесі арасындағы айырма жылдық 4,0 %-дан аспауы тиіс.

ЕДБ-ның кредит қаражатын игеру мерзімі - қаражат ЕДБ шотына түскен күннен бастап 6 ай.

Негізгі борыш пен сыйақыны өтеу шарттары мен тәртібі Кредиттік келісімде белгіленеді.

ДБ орналастырылған кредит қаражатының мақсатты пайдаланылуы мен игерілуі бойынша «Даму» КДҚ» АҚ алдында есеп береді.

ЕДБ есептерін ұсыну тәртібі, нысаны мен кезеңділігі, сондай-ақ ЕДБ-ге кредит берудің осы Жоспарда көзделмеген өзге де шарттары Кредиттік келісімде белгіленеді.

ЕДБ бөлінетін қаражатты ШОК субъектілерінің қолданыстағы инвестициялық кредиттерін алынған қаражат сомасының 50 %-ына дейін қайта қаржыландыру мақсатына жібереді. Бұл талап кәсіпкерлерді қаржылай қолдау бағдарламаларына («Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Сауықтыру бағдаламалары) қатысатын қолданыстағы қарыздарға таратылмайды.

Соңғы қарыз алушылардың техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесінің С секциясының (Өңдеу өнеркәсібі) 10-бөліміне (Тамақ өнімдерінің өндірісі) және 11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07-сыныбына сәйкес келетін, экономика саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына Банк жіберетін қарыздардың үлесі - Кредит сомасының кемінде 25 %.

«Даму» КДҚ» АҚ босаған кредит қаражатын ЕДБ-ға қайтадан кредит беруге жұмсайды.

Бөлінген қаражат мақсатына сай пайдаланылмаған және/немесе уақтылы пайдаланылған жағдайда, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ мен ЕДБ арасындағы Кредиттік келісімде көзделген жағдайлар орын алса, «Даму» КДҚ» АҚ Кредиттік келісімдерді мерзімінен бұрын бұзады және жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған орналастырылған қаражатты кері қайтарып алады. Босаған және кері қайтарып алынған қаражатты ЕДБ арасында қайта бөлу жөніндегі мәселе Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарылады.

 

 

4. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру шарттары



 

Нысаналы топ - техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесіне сәйкес жобаларын өңдеу өнеркәсібінде іске асыратын ШОК субъектілері.

Мынадай:

1) акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін жобаларды іске асыратын;

2) құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей және жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар болып табылатын ШОК субъектілері қатысушы бола алмайды.

Кредиттер ШОК субъектілеріне мақсатты пайдалану, ақылылық, мерзімділік, қайтарымдылық және қамтамасыз етілу шарттарымен беріледі.

Кредит валютасы - теңге.

ШОК субъектілеріне кредит беру мақсаты:

1) негізгі құралдардың жаңаларын сатып алу, құру және қолданыстағыларын жаңғырту;

2) әрбір ЕДБ-ге кредит қаражаты сомасының 50 %-ына дейін қолданыстағы инвестициялық кредиттерді қайта қаржыландыру.

Басқа шарттар Кредиттік келісімде айқындалады.

ШОК Субъектілері үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық  6,0 %-дан аспайды;

Бір ШОК Субъектісіне берілетін ең көп қаржыландыру лимиті 1 850 000 000 теңге.

ШОК Субъектілеріне кредит беру мерзімі - 10 жылға дейін.

Соңғы қарыз алушылардың техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктемесінің С секциясының (Өңдеу өнеркәсібі) 10-бөліміне (Тамақ өнімдерінің өндірісі) және 11-бөлімінің (Сусындар өндірісі) 11.06. және 11.07.-сыныбына сәйкес келетін, экономика саласында іске асырылатын жаңа жобаларын қаржыландыру мақсатына Банк жіберетін қарыздардың үлесі - кредит сомасының кемінде 25 (жиырма бес) %-ы.

 

 

5. Екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар



 

Халықаралық рейтинг агенттігі берген кредит рейтингінің «В-» төмен болмауы.

Қазақстан Республикасының кемінде 5 өңірінде филиалдар желісінің болуы.

Қаражат берілген күні жұмыс істемей тұрған кредиттерінің деңгейі 15 %-дан жоғары ЕДБ үшін ҚРҰБ-мен жеке келісім жасасу талабы қосымша белгіленеді. Жеке келісімде ЕДБ-ның жұмыс істемей тұрған кредиттер деңгейін ҚРҰБ белгілеген мерзімде 15 %-ға дейін төмендету міндеті көзделетін болады. ЕДБ жеке келісімнің шарттарын орындамаған жағдайда, қаражатты «Даму» КДҚ» АҚ-ға қайтару көзделеді.

 

 

6. Мемлекеттік қолдаудың қосымша шаралары



 

Осы Жоспар шеңберінде қаражат алатын ШОК субъектілерінің жаңа жобаларын қаржыландыруды ынталандыру үшін «Даму» КДҚ» АҚ «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясындағы жаңа жобалар бойынша кредит сомасының 10 %-ынан 20 %-ына дейінгі мөлшерде кредиттерге міндетті түрде кепілдік беру тетігін қолдана алады.

 

 

7. Мониторинг



 

«Даму» КДҚ» АҚ:

1) ЕДБ-ның қаражатты мақсатты пайдаланылуы мен уақтылы игерілуіне;

2) ШОК субъектілері алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асырады.

«Даму» КДҚ» АҚ осы Жоспарды іске асыруға қатысатын ЕДБ-ның қаржы-экономикалық жағдайын талдауды тұрақты түрде жүзеге асыратын болады.

ЕДБ «Даму» КДҚ» АҚ-ға тұрақты түрде қаражаттың игерілуі туралы есеп жіберіп тұрады, есеп беру нысаны мен мерзімдері тиісті Кредиттік келісімде көрсетіледі.

ЕДБ қаржыландырылған ШОК субъектілеріне мониторинг жүргізеді. Бұл ретте ШОК субъектісінің қаржыландырылған әрбір жобасы бойынша жеке кредит досьесі жүргізіледі, онда ШОК субъектісінің қаражатты мақсатты пайдаланғанын растайтын құжаттар сақталуы тиіс.

«Даму» КДҚ» АҚ Жоспар шеңберінде бөлінетін қаражат бойынша ЕДБ төлем тәртібін қадағалайтын болады.

«Даму» КДҚ» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға қаражаттың игерілуі туралы ақпарат береді.

 

Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Қазақстан

Республикасы Ұлттық Банкінің

өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және

орта кәсіпкерлік

жобаларын қаржыландыруды

қамтамасыз ету жөніндегі

бірлескен іс-қимыл жоспарына

1-қосымша



«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы арасындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын орналастыру туралы

кредит шарты

 

Астана қ.

2014 жылғы «__» ________

 

Бұдан әрі «кредитор» деп аталатын «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы атынан ____________ негізінде әрекет ететін ______________ және

бұдан әрі «қарыз алушы» деп аталатын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы атынан ____________ негізінде әрекет ететін ______________, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», жеке алғанда жоғарыда көрсетілгендей немесе «Тарап» деп аталатындар төмендегілер жөнінде осы Кредит шартын (бұдан әрі - Шарт) жасасты.

 

 

1. Шарттың мәні

 

1. Кредитор осы Шарт талаптарына сәйкес Шартта көзделген талаптарда және тәртіппен қарыз алушыға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатынан кредит қаражатын (бұдан әрі - кредит) береді.

 

 

2. Шарт жасасу негіздері



 

1. Шарт жасасу мен іске асыру үшін мыналар негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес отырысының 2014 жылғы «___» ________ № ___ хаттамасы;

2) Қазақстан Республикасының Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2014 жылғы «___» ________ № ___ хаттамасы;

3) кредитордың Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «__» __________ шешімі (№ ___ хаттама);

4) кредитордың Басқарма отырысының «__» __________ шешімі (№ ___ хаттама);

5) қарыз алушының Директорлар кеңесі отырысының 2014 жылғы «___» _________ шешімі (№ ___ хаттама);

6) қарыз алушының Басқарма отырысының 2014 жылғы «___» __________ шешімі (№ ___ хаттама).

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет