Қазақстан республикасының заңЫ 1-бап



жүктеу 0.93 Mb.
бет1/6
Дата05.04.2018
өлшемі0.93 Mb.
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6


ЖОБА
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамаларды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж. № 7-І, 49-құжат):

1) 26-баптың:

2-бөліктің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) білім беру, тәрбиелеу және дамыту, медициналық қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, демалысты және бос уақытты ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және балалар өнері ұйымдарына, сондай-ақ балалармен тікелей байланысты лауазымдарға өзге де ұйымдарға соттылығы бар немесе болған, жеке тұлғаға қарсы қылмысы үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 101-104, 107-109, 111-115, 119, 127, 129-131-баптарын қоспағанда) қылмыстық қудалауға ұшыраған (қылмыстық қудалау ақтау негіздері бойынша тоқтатылған адамдарды қоспағанда), отбасына және кәмелетке толмағанға қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 136-139, 140-баптың 1-бөлігі, 141, 142-бапарын қоспағанда), адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарына қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 145, 147-159-баптарын қоспағанда), әлемге және адамның қауіпсіздігіне қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабын қоспағанда), мемлекеттің конституциялық құрылымының негізіне және қауіпсіздігіне қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 183, 185, 186-баптарын қоспағанда), қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (272-292, 293-бабының 1 және 2-бөліктерін, 294, 295-баптарын қоспағанда), халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301, 303-307-баптарын қоспағанда) адамдарды»;

2-бөлікті 3-1) тармақшамен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1) педагогикалық лауазымдарға:

соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылған адамдар;



соттылығы бар немесе болған, жеке тұлғаға қарсы қылмысы үшін (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 101-104, 107-109, 111-115, 119, 127, 129-131-баптарын қоспағанда) қылмыстық қудалауға ұшыраған (қылмыстық қудалау ақтау негіздері бойынша тоқтатылған адамдарды қоспағанда), отбасына және кәмелетке толмағанға қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 136-139, 140-баптың 1-бөлігі, 141, 142-бапарын қоспағанда), адам мен азаматтың конституциялық және өзге де құқықтарына қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмысқ кодексінің 145, 147-159-баптарын қоспағанда), әлемге және адамның қауіпсіздігіне қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 167-бабын қоспағанда), мемлекеттің конституциялық құрылымның негізіне және қауіпсіздігіне қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық+ кодексінің 183, 185, 186-баптарын қоспағанда), қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (272-292, 293-бабының 1 және 2-бөліктерін, 294, 295-баптарын қоспағанда), халықтың денсаулығына және имандылыққа қарсы (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 301, 303-307-баптарын қоспағанда);

осы тармақшаның үшінші абзацында көрсетілмеген өзге де қасақана ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар адамдар.»;

3-бөлікпен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы Кодекстің 48-бабында көрсетілгенмен қатар жұмыс беруші білім беру, тәрбиелеу және дамыту, медициналық қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымдарға, демалысты және бос уақытты ұйымдастыру, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және балалар өнері ұйымдарына, сондай-ақ балалармен жұмыспен тікелей байланысты лауазымдарда өзге де ұйымдарда қызметкерді, сондай-ақ құқық қорғау органдарынан осы қызметкер осы баптың 2-тармағының 3) және 3-1) тармақшаларында көрсетілген қылмысы үшін қылмыстық қудалауда болатыны туралы мәлімет алған кезде педагогикалық лауазымды атқаратын адамдарды жұмыстан шеттеуге (жұмысқа жібермеуге) міндетті.



Жұмыс беруші қызметкерді қылмыстық іс бойынша оның ісі тоқтатылғанға дейін не сот үкімінің күшіне енгенге дейін өндірістің барлық кезеңінде жұмыстан шеттеді (жұмысқа жібермейді).

2) 52-баптың 1-бөлігі 26) тармақшамен толықтырылсын және мынадай мазмұндағы редакциямен толықтырылсын:

«26) қызметкердің осы Кодекстің 26-бабының 3) және 3-1) тармақшаларында көзделген қылмыстарды жасау фактісі анықталған жағдайда.»:

2. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., №13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат, № 22-V, 156-құжат,; 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; №8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат):

1) мазмұн мынадай мазмұндағы 43-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«43-1-бап. Мәжбүрлі жұмыстар»;

2) мазмұн мынадай мазмұндағы 215-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

«215-1-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектісін заңсыз құру (құру, қайта ұйымдастыру»;

3) мазмұндағы 216-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет