Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне



жүктеу 132.74 Kb.
Дата26.11.2018
өлшемі132.74 Kb.
түріКодекс
    Навигация по данной странице:
  • 2-бап.

Жоба


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

төреліктің және аралық соттың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 18, 644-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; 2001 ж., № 8,


52-құжат; № 15-16, 239-құжат; № 21-22, 281-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 10, 49-құжат; № 14, 109-құжат; № 15, 138-құжат; 2004 ж., № 5, 25-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 140-құжат; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 13, 53-құжат; № 24, 123-құжат; 2006 ж., № 2,
19-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72-құжат; № 13,
86-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 10,
69-құжат; № 13, 99-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 15-16, 62-құжат;
2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 127, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 3-4, 12-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 17-18, 111-құжат;
№ 22, 130-құжат; № 24, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 28-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 14, 117-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; № 23,
179-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2012 жылғы 7 наурызда «Егемен Қазақстан»
және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және қолжетімділікті қамтамасыз ету
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«25-бап. Дауларды төреліктің және аралық соттың шешуiне беру

Сотқа қарасты азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын дау, оған заңнамалық актiлерде тыйым салынбаған кезде және осы Кодекстiң


170-бабының 4) тармақшасына және 192-бабына сәйкес, тараптардың келiсiмi бойынша төреліктің немесе аралық соттың қарауына берiлуi мүмкiн.»;

2) 61-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Өкілдің сотта іс жүргізу өкілеттіктері оған талап арызға қол қоюды, iстi төрелікке немесе аралық сотқа берудi не медиация жүргізу туралы келісім жасасуды, талап қою талаптарынан және талап қоюды танудан толық немесе iшiнара бас тартуды, талап қоюдың нысанасын немесе негiздемесiн өзгертудi, бiтiмгершiлiк келiсiм жасауды, өкiлеттiктердi басқа адамға берудi (қайта сенім білдіру), соттың қаулысына шағым берудi, соттың қаулысын мәжбүрлеп
орындатуды талап етудi, берiлген мүлiктi немесе ақшаны алуды қоспағанда, өкiлдiк берушiнiң атынан барлық iс жүргiзу әрекеттерiн жасауға құқық бередi.»;

3) 79-баптың екінші бөлігінің 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-1) төрешiнiң немесе аралық судьяның мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы – төрешi немесе аралық судья;»;

4) 154-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1)-тармақшасымен толықтырылсын:

«5-1) тараптар арасында заңға сәйкес осы дауды төреліктiң немесе аралық соттың шешуіне беру туралы келісім жасалса;»;

5) 158-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«Төрелiк немесе аралық сот талқылауы тараптарының iсiне қатысатын адамдардың арызы бойынша сот талап қоюды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауы мүмкін. Талап қоюды қамтамасыз етуге, егер мұндай шараларды қабылдамау сот шешімін орындауды қиындатса немесе
оның орындалуын мүмкін етпесе, істің барлық жағдайларында да жол беріледі.»;

6) 160-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«160-бап. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарау

Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды судья жауапкерге және төрелiк немесе аралық сот талқылауы тараптарының iсiне қатысатын басқа адамдарға хабарламай, ол сотқа түскен күні шешеді. Талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызды қарап, судья ұйғарым шығарады.»

7) 162-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

162-бап. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін

               екінші түрімен ауыстыру

«1) Төрелiкте немесе аралық сотта iс қарау тараптарының iсiне қатысушы адамның арызы бойынша талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екінші түрімен ауыстыруға жол беріледі. Талап қоюды қамтамасыз етудің бір түрін екіншісімен ауыстыру туралы мәселеге іске қатысатын адамдарға арызды қараудың уақыты мен орны туралы хабарлай отырып, сот рұќсат береді, алайда олардың келмей қалуы осы мәселені мәні бойынша қарауға кедергі келтірмейді. Талап қоюдың бір түрін екінші түрімен ауыстыру туралы судья ұйғарым шығарады;».


8) 170-баптың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«4) тараптарға дауды шешу үшiн олардың төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну не дауды медиация тәртібімен шешу құқықтарын және мұндай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi;»;

9) 185-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«185-бап. Іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

Төрағалық етушi iске қатысушы адамдарға және өкiлдерге олардың iс жүргiзу құқықтары мен мiндеттерiн, оның iшiнде тараптарға дауды шешу үшiн олардың төрелікке немесе аралық сотқа жүгiну не дауды медиация тәртібімен шешу құқығын құқығын және осындай әрекеттiң салдарларын түсiндiредi.»;

10) 192-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«192-бап. Істі мәні бойынша қараудың басталуы

Iстi мәнi бойынша қарау төрағалық етушiнiң талап қоюшының өз талаптарын қолдайтыны, жауапкердің талап қоюшының талаптарын мойындайтыны және тараптардың iстi бiтiмгершiлiк келiсiмiмен аяқтауды немесе iстi төрелікке немесе аралық сотқа қарауға берудi не дауды медиация тәртібімен шешуді қалайтыны – қаламайтыны туралы мәселелердi анықтауынан басталады.»;

11) 249-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) тараптар арасында осы дауды заңға сәйкес халықаралық төреліктiң немесе аралық соттың шешіміне беру туралы келісім жасалса;»;

12) 312-4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) қайта құрылымдау көзделетін міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелікке және аралық соттардың бұрын қабылдаған шешімдерінің;».

13) 312-4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыру, орындалуына орай, қайта құрылымданған міндеттемелер бойынша талаптарды қанағаттандыру туралы соттардың, төрелікке және аралық соттардың бұрын қабылданған шешімдері бойынша міндеттемелердің тоқтатылуына әкеп соғады;».

14) 413-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік және халықаралық ұйымдардың (бұдан әрі – шетелдік тұлғалар) өздерінің бұзылған немесе даулап отырған құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін Қазақстан Республикасының соттарына жүгінуге құқығы бар.».

2. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне


(Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы,
2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат, 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23,
100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130, 132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12,
111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат;№ 15, 120-құжат; № 16,
128-құжат; № 20, 151, 161-құжаттар; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат;
№ 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 27-құжаттар; № 4, 31-құжат; 2012 жылғы
16 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» 2012 жылғы 15 ақпандағы Қазақстан Республикасының
Заңы; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және
«Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 534-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талапты іс
жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша
арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан,
атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің,
аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату үшін атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан;»;

2) 535-баптың 1-тармағында:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Сотқа берiлетiн талап арыздардан, ерекше талапты іс жүргізу арыздарынан, ерекше іс жүргізу iстері бойынша арыздардан (шағымдардан), сот бұйрығын шығару туралы арыздардан, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату үшін атқару парақтарын беру туралы арыздардан, сот актілерінің, атқару парақтарының және өзге де құжаттардың көшiрмелерiн қайтадан беру туралы арыздардан мынадай мөлшерде мемлекеттiк баж алынады:»;

9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«9) аралық сот шешiмдерiне шағым жасау туралы арыздардан, төрелік шешiмдердi жою туралы өтiнiш хаттардан – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік емес сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын мемлекеттік баж мөлшерінен – 50 процент, ал мүліктік сипаттағы даулар бойынша – Қазақстан Республикасының сотына мүліктік сипаттағы талап арыз берген кезде алынатын және өтініш беруші даулап отырған сомаға негізделіп есептелген мемлекеттік баж мөлшерінен;»;

11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыздардан, төреліктің, аралық соттың және шетел соттарының шешiмдерiн мәжбүрлеп орындау үшін атқару парақтарын беру туралы арыздардан – 500 процент;»;

3) 548-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) істі төрелікке немесе аралық сотқа жіберген;».

3. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне

82-баптың 1-тармағының 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-1) төрешiнiң немесе аралық судьяның мiндеттерiн атқаруға байланысты өзiне белгiлi болған мән-жайлар туралы - төрешi немесе аралық судья;».

4. «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 22, 328-құжат, 2001 ж., № 15-16, 236-құжат; 2003 ж., № 11,


65-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат;
№ 10, 69-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 19, 88-құжат, № 24, 130-құжат;
2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 23, 179-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат;
2012 жылғы 7 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне істерді қараудың апелляциялық, кассациялық және қадағалау тәртібін жетілдіру, сот төрелігіне сенім деңгейін арттыру және
қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

4-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«5) аралық сотта, төрелікте (сотта) және дауларды шешетін өзге де органдарда істі қарауға сенім білдірушінің өкілі ретінде қатысады;».

5. «Аралық соттар туралы» 2004 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 151-құжат; 2009 ж., № 9-10, 47-құжат; 2010 ж.,№ 3-4, 12-құжат; 2012 жылғы 1 наурызда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 17 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, жеке және (немесе) заңды тұлғалар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.»;

2) 5-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тараптар нақты дауды шешуге арналған аралық сотты өздерiнiң азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауды шешу үшiн құрады және осы дау шешiлгенге дейiн немесе тараптар дауды құзыреттi сотқа беру туралы шешiм қабылдағанға дейiн әрекет етедi.»;

3) 7-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

«6. Аралық соттар адамның өмiрi мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, есiм алу құқығына байланысты мүлiктiк қатынастарға байланысы жоқ мүлiктiк емес жеке қатынастардан туындаған дауларды қарауға құқылы емес.»;

4) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

«13-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот қызметінің шарттары

Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот өз аралық судьялары тізілімін жүргізеді. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сот, оның заңды мекенжайын,


жұмыс регламентін қоса алғанда, аралық судьялар тізілімі туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желістерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады. Аралық соттың шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.».

6. «Халықаралық коммерциялық төрелiк туралы» 2004 жылғы


28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 24, 152-құжат; 2010 ж.,
№ 3-4, 12-құжат):

1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

«Халықаралық төрелiк туралы»;

2) кіріспе бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық төрелiктiң қызметi процесiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ халықаралық төрелiк шешiмдерiн Қазақстанда тану және орындау тәртiбi мен талаптарын реттейдi.»;

3) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. Қолданылу аясы

Осы Заң, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, халықаралық төрелiк шешетiн, жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дауларға қатысты қолданылады.»;

4) 2-баптың 1) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) төрелiк – нақты дауды қарау үшiн арнайы құрылған халықаралық төрелiк немесе тұрақты жұмыс iстейтiн төрелiк не дауды жеке-дара қарайтын төрешi;

8) төрелiктiң регламентi – тұрақты жұмыс iстейтiн халықаралық төрелiктiң қызметiн ұйымдастыру тәртiбi;»;

5) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«3-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң


мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.»;

6) 6-бапта:

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Тараптар төрелiк келiсiмдi тараптар арасында қандай да бiр нақты азаматтық-құқықтық дау (қатынас) бойынша туындаған немесе туындауы мүмкiн дауларға қатысты жасасуы мүмкiн.»;

4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Егер тараптардың ең болмағанда бiреуi Қазақстан Республикасының резидентi емес болып табылса, жеке тұлғалар, коммерциялық және өзге де ұйымдар арасында азаматтық-құқықтық қатынастардан туындайтын даулар тараптардың келiсiмi бойынша төрелiкке берiлуi мүмкiн.»;

мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

«8. Төреліктер адамның өмiрi мен денсаулығына, жеке өмiріне қол сұқпаушылыққа, жеке және отбасы құпиясына, есiм алу құқығына байланысты мүлiктiк емес дауларды қарауға құқылы емес.»;

7) 9-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«9-1-бап. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік қызметiнiң шарттары

Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік өз төрешiлерiнiң тізілімін жүргізеді. Тұрақты жұмыс iстейтiн төрелік, оның заңды мекенжайын, жұмыс регламентін қоса алғанда, төрешiлер тізілімі туралы ақпарат жеке және заңды тұлғалардың еркін танысуы үшін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желістерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады. Төреліктің шешімдері туралы ақпарат дау тараптарының келісімі болған кезде орналастырылады.».

7. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20,
151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар):

27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Егер шартты орындауға және тоқтатуға байланысты даулар
осы баптың 1-тармағына сәйкес шешiле алмаса, онда тараптар дауды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес сот тәртiбiнде,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық төрелiк туралы заңнамалық актiсiне сәйкес халықаралық төрелiкке жүгiну арқылы шешуге құқылы.».

8. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы

11-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын

«2) аралық немесе төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар, - үш жыл iшiнде;»;

11-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын

2) аралық немесе төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды орындау кезiнде, - шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап;».

9. «Кәсiптiк одақтар туралы» 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңы

10-бап мынадай редакцияда жазылсын

«Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар:

      мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мөшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мөшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, төрелiк және аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;».

10. «Банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылєы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы

59-3 баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын



13. Қайта құрылымдау жоспарында көзделген шаралар кешенін жүзеге асыруға байланысты банкті қайта құрылымдау тоқтатылған жағдайда, банктің қайта құрылымдау жоспарына енгізілген міндеттемелері орындалған болып есептеледі, соттардың, төрелік және аралық соттардың осындай міндеттемелер жөніндегі шешімдері бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылады.

2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет