Қазақстан тарихы



жүктеу 89.91 Kb.
Дата16.10.2017
өлшемі89.91 Kb.
түріҚұрамы

Қазақстан тарихы

I нұсқа
1.Қазақ халқының құрамындағы белді тайпа, қазір Орта жүздің белді руы:

А)Қыпшақ В)Қаңлы С)Үйсін D)Адай Е)Алан
2.Орбұлақ шайқасы болды;

А)1642ж В)1640ж С)1628ж D)1630ж Е)1643ж


3.Жеті жарғы заңдар жинағын жасауға қатысқан билер:

А)Қазыбек би, Әйтеке би, Балқы би В)Қазыбек би, Әйтеке би, Майқы би С)Әйтеке би, Балқы би, Бала би D)Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Е)Төле би, Балқы би


4.Белгілі орта ғасырлық ақын және исламды таратушы, Яссауидің ұстазы:

А)С.Бақырғани В)Арыстан баб С)Әбу Бәкір D)Хакім ата Е)Қашғари


5.Әбілмансұрдың(кейіннен Абылай атанған) атасы Абылай билік құрған қала:

А)Үргеніш В)Түркістан С)Ташкент D)Отырар Е)Сайрам


6.Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:

А)Жаманқалада В)Жасқұста С)Тастөбеде D)Сарайда Е)Теректіқұмда


7.1822ж «Сібір қазақтарының Жарғысының» авторы:

А)Янушевский В)Радищев С)Эссен D)Шевченко Е)Сперанский


8.1867-68ж Қазақстанда жүргізілген реформаның негізгі мақсаты:

А)Революциялық қайта құрулар В)Хандық билікті қалпына келтіру С)Өнеркәсіп орындарын салу D)Қазақ өлкесінде басқару ісін өзгерту Е)Хандық билікті жою


9.1911ж А.Байтұрсыновтың Орынборда жарық көрген жинағы:

А)Ақ жол В)Адасқан өмір С)Маса D)Қазақ Е)Оян қазақ


10.Оғыз мемлекетінде жабғудың инал атты мұрагерін тәрбиелеуші:

А)Селифтер В)Сюбашы С)Атабектер D)Ябғу Е)Шад


11.Жібек жолының Қазақстандағы Солт. Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші:

А)Томсон В)Диц С)Клоусон D)Сюань Цзянь Е)Рубрук


12.Алтын Орданың соңғы билеушісі:

А)Жошы В)Өзбек С)Шейх Ахмед D)Орыс Е)Батый


13.Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы:

А)Әбілқайыр хандығы В)Жетісу жері С)Ноғай Ордасы D)Шығыс Түркістан Е)Алтын Орда


14.Ұлы Отан соғысы кезінде әдебиетте публицистикалық мақалалары елеулі құбылыс болған майдангер офицер;

А)Қ.Мырзалиев В)М.Мақатаев С)Т.Молдағалиев D)Б.Бұлқышев Е)М.Әлімбаев


15.Орталық комитет Қазақстанда ұжымдастыруды аяқтауды белгіледі:

А)1931ж көктем В)1930ж көктем С)1932ж көктем D)1927ж көктем Е)1933ж көктеміне қарай


16.Сібір ханы Көшім біржола жеңіліске ұшырады;

А)1608ж В)1600ж С)1599ж D)1598ж Е)1601ж

17.Жеке меншік қалыптасқан дәуір:

А)Неолит В)Соңғы палеолит С)Мезолит D)Қола Е)Энеолит

18.2001ж үкімет құрамы мен басқа да билік құрылымындағы жас олигархтар ұйымдастырған қоғамдық қозғалыс:

А)Нұр Отан В)Ақ жол С)Азат D)Қазақстанның демократиялық таңдауы Е)Демократиялық партия


19.Жаңа экономикалық саясат жылдары дамытуға көбірек көңіл бөлінген өнеркәсіп саласы:

А)Мұнай өңдеу В)Машина жасау С)Түсті металлургия D)Химия Е)Энергетика


20.Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы:

А)Бесшатыр В)Есік С)Боралдай D)Талғар Е)Шілікті


21.Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл:

А)1846ж В)1849ж С)1847ж D)1845ж Е)1848ж


22.XIV-XVғ жататын эпостық жыр:

А)Батыр Баян В)Қобыланды батыр С)Қодан тайшы D)Қозы Көрпеш Баян сұлу Е)Ертөстік


23.1917ж «Жас қазақ» ұйымы жұмыс істеді:

А)Ақмолада В)Верныйда С)Сергиопольде D)Семейде Е)Петропавлда


24.Семей полигонында алғашқы ядролық сынақ болған жыл:

А)1948ж В)1945ж С)1950ж D)1951ж Е)1949ж


25.Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының батыры:

А)И.Кожедуб В)И.Павлов С)Т.Бигелдинов D)Л.Беда Е)С.Луганский



Қазақстан тарихы

II нұсқа
1.1864ж көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс:

А)Бұхар В)Ташкент С)Тоқмақ D)Пішпек Е)Түркістан
2.1905ж басылып шыққан Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі:

А)Оғызнама В)Он екі мұқам С)Қызыл жебе D)Азаматтық саясат Е)Руханият


3.XIXғ I жартысындағы айтыс өнерінің жүйрігі, Қаракәстек жерінде дүниеге келген ақын:

А)Шөже Қаржаубайұлы В)Махамбет Өтемісұлы С)Сүйінбай Аронұлы D)Шортанбай ақын Е)Шернияз Жарылғасұлы


4.Екі жағынан да өңделген қарапайым шапқыш тас құрал атауы:

А)Сына В)Чоппер С)Шапқы D)Қырғыш Е)Бифас


5.Қазақ сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр;

А)XVғ В)XVIIғ С)XVIғ D)XIVғ Е)XVIIIғ


6.2004ж қыркүйекте Парламентінің кезекті сайлауы алдында саяси партиялар туралы жаңа заң бойынша ресми тіркелген партиялар:

А)5 В)10 С)8 D)12 Е)3


7.XI-XIIғ жататын Шығыс моншасы табылған қала;

А)Суяб В)Құлан С)Отырар D)Сығанақ Е)Талғар


8.Қазақстанда жергілікті Кеңестер өзін өзі тарата бастады:

А)1992ж мамыр В)1992ж қыс С)1993ж күз D)1992ж көктем Е)1991ж жаз


9.А.В.Затаевичке Қазақстанның халық әртісі атағы берілді:

А)1934ж В)1937ж С)1932ж D)1933ж Е)1938ж


10.Алтын Ордада уәзірлер билік жүргізген сала;

А)салық В)әскери іс С)азаматтық іс D)елшілік Е)кеңесші


11.Сақтар туралы дерек қалдырған грек авторы;

А)Трог В)Кир С)Геродот D)Ксеркс Е)Дарий


12.1640ж салынған бекініс;

А)Омбы В)Железинск С)Гурьев D)Семей Е)Жайық


13.Қарақытай мемлекетін құрған тайпа;

А)Жалайыр В)Найман С)Керей D)Қоңырат Е)Қидан


14.Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі Бөкей ордасындағы ұлт азаттық көтеріліс созылды;

А)15жылға В)2жылға С)12жылға D)8жылға Е)1жылға


15.М.Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы:

А)316-шы В)73-ші С)76-шы D)72-ші Е)100-ші


16.1217-1218ж хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала;

А)Шаш В)Отырар С)Иасы D)Тараз Е)Суяб

17.Қазір мұражайға айналдырған Шығыс моншасы орналасқан қала;

А)Түркістан В)Суяб С)Тараз D)Отырар Е)Сығанақ


18.1905ж 21 қарашада патша билігіне қарсылық білдірген әскери гарнизон орналасқан жер;

А)Орал В)Қарағанды С)Жаркент D)Ақмола Е)Семей


19.Ахмет Игүнекидің кітабы:

А)Диуани лұғат ат түрік В)Жүсіп Зылиқа С)Ақиқат сыйы D)Даналық кітабы Е)Құтадығу білік


20.Үйсіндердің солт. Батыстағы көршісі;

А)Ғұн В)Дай С)Сармат D)Қытай Е)Қаңлы


21.Ғұндарда бұйым бетіне алтын түйіршіктерді дәнекерлеу әдісі;

А)Зерлеу В)Жапсыру С)Бояу D)Безендіру Е)Отырғызу


22.Қазақстан Республикасы атауы қабылданды;

А)1991ж 21желтоқсан В)1991ж 8желтоқсан С)1991ж 10желтоқсан D)1991ж 13желтоқсан Е)1991ж 16желтоқсан


23.Орта ғасырларда Жібек өндіруді дамытып, қытаймен бәсекеге түскен ел;

А)Жапония В)Үндістан С)Англия D)Иран Е)Соғды


24.Каспий өңіріне соғыс жағдайы енгізілді;

А)1945ж В)1943ж С)1939ж D)1942ж Е)1941ж


25.«Ханталапай» ол:

А)Салық түрі В)Ханға сыйлық беру С)Ханның жақын адамдарына жер беру D)Ханды сайлағанда малын бөлісіп алу Е)Ханның мұрагерлікпен беретін жері



Қазақстан тарихы

III нұсқа


1.Қ.Жалаиридің еңбегі;

А)Оғызнама В)Хикмет С)Шежірелер жинағы D)Шыңғыснама Е)Құтадғу Білік


2.Кейінгі палеолит дәуірінде қазіргі адамдарға ұқсас қалыптасқан адам;

А)Синантроп В)Неандерталь С)Епті адам D)Саналы адам Е)Тік жүретін адам


3.«Уақытша ереженің» талаптарына қарсы 1869ж көтеріліске қатысқандар саны;

А)2000 В)4000 С)1000 D)3000 Е)5000 адам


4.Әбілқайыр өлімінен кейін (1748ж) Кіші жүздің оңт. шығысына билік еткен:

А)Батыр В)Ералы С)Қайып D)Барақ Е)Нұралы


5.Түркеш мемлекетінің негізін қалаған қаған;

А)Жыпыр В)Құтшар С)Сұлу D)Күлишор Е)Үшлік


6.1930жылдары өзге республикалардың жоғары оқу орындары мен техникумдарында білім алған қазақстандық жастар саны;

А)15мыңдай В)20мыңдай С)25мыңдай D)30 мыңдай Е)40мыңдай


7.Елюй Даши 1143ж қаза болған соң билікті қолына алған;

А)Атасы В)Ағасы С)Әйелі D)Баласы Е)Інісі


8.«Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлерінің авторы;

А)Дәулеткерей Шығайұлы В)Бекболат Тілеухан С)Дина Нұрпейісова D)Құрманғазы Сағырбайұлы Е)Ықылас Дүкенұлы


9.Атақты қобызшы Қорқыт ата қобызы орналасқан аймақ;

А)Алматы В)Тараз С)Қызылорда D)Шымкент Е)Түркістан


10.1802ж Сырым Датұлы қаза болған жер;

А)Қоқан В)Орынбор С)Бұхар D)Хиуа Е)Ұлы жүзде


11.Қазақстанда тың жерді игеру басталды; А)1951ж В)1952ж С)1953ж D)1954ж Е)1955ж
12.Олжас Сүлейменовтың «АЗ и Я» тарихи лингвистикалық талдау кітабы жарық көрген жыл;

А)1980ж В)1970ж С)1965ж Д)1990ж Е)1975ж


13.1919-1920ж Қазревком Қазақстанда қолына алған билік:

А)Заң шығару билігі В)Сот билігіС)Қаржы билігі D)Әскери азаматтық билік Е)Салық жинау


14.Желтоқсан оқиғаларына қатысқан жастарға тағылған айдар:

А)Қазақшылдық В)Халықшылдық С)Кеңесшілер D)Ұлтшылдық Е)Пантүрікшілік


15.Алғашқы адамдардың жануарлар дүниесінен бөлініп шығуына әсер еткен:

А)Мал шаруашылығымен айналысуы В)Еңбек құралдарын жасауды игеру.С)Егіншіліктің пайда болуы. D)Балық аулау Е)Жеке меншіктің шығуы.


16.XIXғ II жартысындағы «Уақытша Ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық;

А)Мал В)Шаңырақ С)Ақшалай D)Земство Е)Баж салығы


17.Париждегі дүниежүзілік көрмеге қазақ зергерлерінің заттары қойылған жыл:

А)1865ж В)1868ж С)1874ж D)1855ж Е)1852ж


18.Сталинградтағы әйгілі «Павлов үйін» қорғауға қатысқан оңтүстік қазақстандық жауынгер: А)Қ.Аманжолов В)К.Кузин С)Қ.Сыпатаев D)Т.Мырзаев Е)А.Бельгин
19.І дүние жүзілік соғысы жылдары мұнай өндіру көлемі кеміп кеткен өлке:

А)Маңғыстау В)Ембі С)Доссор D)Құмкөл Е)Бозащы

20.Түркеш қағанатындағы әкімшілік аймақ саны; А)40 В)20 С)45 D)30 Е)10
21.А.Байтұрсынов Орынборда тұрған жылдар;

А)1911-1918жж В)1910-1917жж С)1912-1917жж D)1910-1914жж Е)1909-1915жж


22.Қазақстан Ғылым академиясын құруға, ғылыми жұмыстардың ұйымдастырылуына көмек көрсеткен көрнекті орыс ғалымы;

А)А.Сахаров В)А.Якубовский С)А.Затаевич D)А.Панкратова Е)Е.Массон


23.1858ж Верныйда іске қосылған өнеркәсіп;

А)май зауыты В)нан зауыты С)тұз зауыты D)су диірмені Е)сыра зауыты


24.Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілерін атады;

А)Он оқ будун В)Басқақтар С)Беклербектер D)Күл еркіндер Е)Тархан


25.Қызылордадан 300-шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны;

А)Қойлық В)Арқайым С)Атасу D)Шірік Рабат Е)Баланды

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет