Abstract graphic steppe view drawn in the technique of rough brush. Vector landscape in calm colors

26 жасар блогер жеке кәсіпкердің қызметін бейнежазбаға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктемеу үшін қаражат талап еткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Ол азық-түлік дүкенін бірнеше мәрте түсіріп, тауар салынған сөрелерді ақтарып шу шығарған. Видеоны көпшілікке жарияламау үшін 2 млн теңге қаражат сұрап, тегін азық-түлік алған. 47 мың теңге тауардың ақысын төлемеген. Сондай-ақ ақпан айында сот ғимаратындағы қызметтік бөлмеде киім қалтасынан 20 мың теңге қаражат ұрлаған.

Қазіргі таңда күдікті қамауда отыр. Ұрлық және бопсалау деректері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция басқармасы қандай да бір ақпарат білсеңіз немесе куә болсаңыз 98-22-05 және 102 арнасына хабарлауын сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте екі экс-тергеуші модель қыздардың ашық суреттері мен видеоларын ата-анасына көрсетемін деп бопсалап, 300 мың теңге сұрағанын жазған едік.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.