Қазақстан туған өлкем, Табиғаты қандай көркем! Мақсаты



жүктеу 37.01 Kb.
Дата27.03.2019
өлшемі37.01 Kb.


Қазақстан туған өлкем,

Табиғаты қандай көркем!

Мақсаты: а) Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экалогиясы нашар аймақтармен таныстыру.

б) Табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.

Көрнекілігі:

Табиғат туралы қанатты сөздер.



Барысы:

1. Кіріспе сөз.

2. Әдеби монтаж.

3. Мақал-мәтелдер. Жұмбақтар.

Мұғалім туған жер, өлке, оның табиғаты деген ұғымдарды оқушылармен талдап, түсінік береді.



1-оқушы: Қазақстан туған өлкем,

Жер көп пе сендей көркем?

Көрінсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпіп өтем.


2-оқушы: Көз алдымда көгілдір тау мұнартып.

Аспанымда аққудың әні қалқып.

Құшақтап бір өзіңді, туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.


3-оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.



Хор: «Елім менің»

Туған жер, өскен ел, жүрекке жылы сөздердің бәрі де. Табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.



4-оқушы: Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлк, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.


5-оқушы: Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.



6-оқушы: Ер еңбегі шалқып тасқан,

Ел еркіндей бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем.

Осы менің туған өлкем.


7-оқушы: Сұлу дала! Менің сұлу өркемсің.

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы қазақ болып туғаным,

О, туған жер, тамашасың, көркемсің.


Жүргізуші: табиғаи адам баласын дүниеге келтіріп бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

Хор: «Туған жер»

Жүргізуші: табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, ізгілігіне ләззат пен шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Мұғалім: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «жері байдың- елі бай» деп тегін айтпаған болар, еліміз көмір, мыс, алтынның мол қорымен есептеледі.

8-оқушы: «Қазына қара жерде» дейді халық,

Күн көрген осы жерден біраз алып,

Жер анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер небір дана, небір алып.


9-оқушы: Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,

Кенде жатыркүн қуат пен мол сенім.

Кенің бар ма? Жоқ болса егер жарлысың.

Кенің болса келешегің зор сенің.


Жүргізуші: табиғаттың басты байлығы- Жер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың даналығы бекер айтылмаған. Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті жасыл әлем. Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

Қазақстан туралы альбом, суреттер, кітаптар көрсетіледі.

«Саржайлау» әні орындалады.

Мұғалім: Сонау 1949 жылдардан бастап павлодар, Семей даласында ядролық қаруды жарып сынақ жүргізіліп келеді. Жарылыс кезінде бөлінген әртүрлі газдар ауаны ластады, сол ауамен демалған соң жердің тұрғындары әртүрлі ауруларға душар болуда.

О.Сүлейменовтың суреті көрсетіледі.

Олжас ағамыздың ұйымдастырған невада- Семей қозғалысының талабы бойынша 1991 жылы маусымда осы сынақтарды жүргізуге тыйым салуға қол жеткізілді.



Ән: «Заман-ай»

Жерге, елге қатысты мақал-мәтелдер:

  1. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

  2. Ел- елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

  3. Құртақандай торғай да, өз ұясын қорғайды.

  4. Туған жердің құдіретін, шетте жүрсең білесің.

  5. Туған жердің жуасы да тәтті.

  6. Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.

  7. Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар.


Жұмбақтар:

  1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

  1. Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен. (Су)

  2. Өсіп тұрған бұл не?

Жаз болса жайнап,

Саясында ән салып,



Құстар жүрген сайрап. (Терек)

  1. Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,

Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді. (Жер)
Қорытынды:

Мұғалім: Табиғатты қалай қорғаймыз? Біздің қандай үлесіміз бар? Міне, балалар, табиғаттың әр бөлшегі, әр нәрсесі өте қымбат екенін сендер білесіңдер. Олардың құны шексіз, табиғат ана өлшеусіз байлыққа ие. Ал біз- адамзат баласы оның басты қорғаушысы, қолдаушысымыз.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет