Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А


Құрметпен, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров



жүктеу 1.74 Mb.
бет11/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құрметпен,

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров

2008.14.10.

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрі

Б.М. Сапарбаевқа
Ұ С Ы Н Ы С
Құрметті Бердібек Машбекұлы!
Мүгедектер халықтың қауқарсыз топтарының бірі екені баршамызға мәлім. Осыған байланысты БҰҰдың Адам құқықтары жөніндегі комитеті № 1 Жалпы түрдегі ескертулерде (22-бап) БҰҰ Бас Ассамблеясының 48/46 резолюциясымен бекітілген Мүгедектердің тең мүмкіндіктерін қамтамасыз етудің стандарттық ережелеріне сәйкес , мүгедектіктің қандай да түріне шалдыққан адамдар табыс әкелетін еңбекпен айналысуға тең мүмкіндіктерге ие болуы тиіс деп көрсетеді. Бұны қамтамасыз ету үшін жасанды кедергілерді жою аса маңызды.

Менің атыма 1 топ мүгедегі Б.А. Галиевтің шағымы келіп түсті, онда ол мүмкіндіктері шектелген адамдардың арнайы көлік құралдарымен техникалық көмек ретінде алу құқығын іске асыру саласындағы мәселені көрсетті.

Шағымданушы 1975 жылы аудандық мәдениет бөлімінде жұмыс істеген кезде жарақат алып екі жамбас сүйегіне ампутация жасалған. Бірақ ол аудандық кітапханада жұмысын жалғастырған, онда ол қолмен жүргізетін арнайы автокөлікпен қатынаған. Осы автокөлікті ол Қазақ ССрның «Мүгедектерді қорғау туралы» заңына сәйкес берілуі қажет мотоколясканың орнына төленетін өтемақы есебінен алатын. 2005 жылы ол жарақат алған мекемеге өтемақы алу үшін жолданған, бірақ «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы » жаңа заңда (бұдан әрі Заң) көмектің бұндай түрі жоқ деген сылтаумен оған өтемақы төлеуден бас тартылған,Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментінің директоры 2007 ж. 26. 01 хатында шағымданушыға «қолданыстағы заңнама мүгедектерді автокөлікпен қамтамасыз етуді көздемейді» деп көрсеткен. Оны жарақат түрі де Үкіметтің 2005 ж. 20 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді қозғалу құралдарымен қамтамасыз ету үшін медициналық көрсетулер тізімінің 3 тармағында (бұдан әрі Медициналық көрсетулердің тізімі) жоқ.

Азаматтық кодекстің (ерекше бөлімі) 937- бабында «арнайы көлік құралы» деген тұжырымдама қолданылған. Осы баптан мүгедектігі бар азаматтар денсаулығына нұқсан келтірілген жағдайда шығындарының орнын толтыруға құқығы бар екені анықталады, оның ішінде жәбірленуші бұл көмек және күтім түріне мұқтаж болса және онымен тегін пайдаланбайтыны мойындалса, арнайы көлік құралы да бар.

ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол жүру ережесіне сәйкес көлік құралы жолдармен адамдарды, жүктерді немесе оған орнатылған жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы деп түсініледі.

Бірақ, Заңда тек арнайы қозғалыс құралын беру көзделген, ол өзінің мәні бойынша жолмен жүруге арналған көлік құралы болып табылмайды, себебі Үкіметтің 2005 ж. 20 шілдедегі № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерді арнайы қозғалу құралдарымен қамтамасыз ету ережесінің 2 тармағы техникалық көмек ретіндегі арнайы қозғалыс құралы деп тек кресло коляска түсініледі.

Б.А. Галиевтің мүгедектігіне қарамастан оның ой қабілеті мен көлік жүргізу дағдылары сақталған, қолдары да зақымдалмаған.

Сонымен бірге ол Медициналық көрсетулер тізімінің негізінде автокөлік алуға мүмкіндігі жоқ. Оның диагнозы аталған тізімнің 2 тармағының 5) тармақшасына сәйкес азамат Галиев тек серуендеуге арналған кресло коляскамен тегін қамтамасыз етуге құқығы бар.

Осылайша, қазіргі кезде өзі дербес көлік құралын алуға мүмкіндігі болмай, ол қоғамнан шеттетіліп қалды және жұмысқа өзі жете алмайтын болғандықтан одан бас тартуға мәжбүр болды.

Осы факті Стандарттық ережелердің 7 ережесін бұзу болып табылады, онда еңбекпен қамту саласындағы заңдар мен ережелер мүгедектерге қатысты кемсітушіліктен аулақ болуы қажет және олардың жұмысқа орналасуына кедергі жасамауы керек. Мемлекеттерге мүгедектерді еңбек нарығына енгізуді белсенді түрде қолдауды нұсқау еткен.

Шағымданушы бірнеше рет Сіздің министрлігіңізге және жарақат алған мекемеге шағымданған, бірақ Заңның нормалары мен Медициналық көрсетулер тізімінің негізінде оған арнайы көлік құралын алуға қаражат бөлуден бас тартылған.

Біздің ойымызша Заңдағы «арнайы қозғалыс құралы» деген анықтаманың түсініксіздігі, мүгедектерге нақты арнайы көлік құралын бөлудің реттелген нормативтік механизмінің жоқтығы олардың мемлекет бюджетінен көмектің осы түрін заттай немес ол үшін ақшалай өтемақы түрінде алу құқығына қысым жасайды.

Осыған байланысты құрметті Бердібек Машбекұлы Қазақстанның халықаралық актілерден туындайтын міндеттеріне сүйене отырып, сондай ақ ҚР Конституциясының 14-бабына негізделіп және маған берілген өкілеттігімді пайдалана отырып, заңнамадағы кемшіліктерді жою жөнінде және қолданыстағы заңдар мен заңға тәуелді актілерді Азаматтық кодекстің 937- бабына сәйкестендіру жөнінде шара қолдануды ұсынамын.
Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров
2008.18.11.

Қазақстан Республикасының

Бас прокуроры

Р.Т. Түсіпбековке


Ү Н Д Е У
Құрметті Рашид Төлеутайұлы!
Қазақстан 1998 жылы Азаптауға қарсы конвенцияға қосылған. Үстіміздегі жылдың маусым айында оған факультативтік хаттама ратификацияланған.

Өткен уақытта еліміз БҰҰдың Азаптауға қарсы комитетіне аталған Конвенцияның ережелерін орындау мақсатында республика қабылдаған шаралар туралы екі рет баяндама ұсынған.

Тұтастай алғанда, Конвенцияны ратификациялаудан туындаған міндеттемелерді орындауға қатысты барлық мемлекеттік органдар азаптау жағдайлары мен фактілерін болдырмауға және алдын алуға бағытталған оның талаптары мен нормаларын жақсы түсінген.

Сонда да бас бостандығынан айыру орындарынан келіп түсетін шағымдар аталған Конвенцияның нұсқауларын бұзу фактілерін куәландырады. Мысалы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта тұтқындалғандардың үш шағымы қарау сатысында қалып отыр.

Шағымданушы Х.А. Азизбаев Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК ЖД – 158/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан. Онда оның айтуынша мекеме қызметкерлері оған жарақат келтірген.

Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында оның әкесінің хатына сәйкес ол Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖК ЕС –164/1 мекемесіне этаппен жіберілген. Бұл мекемеде медициналық қызметкерлер оған «травматический остеомиелит подбородочной области нижней челюсти справа, осложненный абсцессом в области тела нижней челюсти справа» деген диагноз қойған., соның салдарынан ол есепке алынған. Тексеру нәтижесі бойынша оған дәрігерлер операция жасау қажет екенін ұсынды. Осыған байланысты мекеме әкімшілігі ҚАЖ Комитетіне Үстіміздегі жылдың 14 қазанында Азизбаевты Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖБ ОВ-156/15 (ИК 35) мамандандырылған емдеу мекемесіне операция жасау үшін ауыстыру туралы сұрату жіберген.

Оған қарамастан Жамбыл облысы ІІД Тергеу комитеті сотталушыны 158/7 мекемесіне этаптау туралы қаулы шығарады. Нәтижесінде Азизбаев 30 қазанда қайтадан Жамбыл обысынағ бірақ басқа колонияға этапталған.

Азизбаевтың әкесінің арызы бойынша Ұлттық орталық Бас прокуратураға сұратулар жіберген, бірақ осы уақытқа дейін нақты жауап келген жоқ.

З.Устурханов деген азамат ү.ж. қыркүйек айының басынан Талдықорған қаласының Тергеу изоляторында ұсталады. (Алматы қ. және Алматы облысы бойынша ҚАЖК ЛА- 155/16 ). Бұл ретте ол 3 топ мүгедегі болып табылады, нейрохирургтың «аденома гипофиза 67 К головного мозга» деген диагнозбен есепте тұрады.

Ұлттық орталыққа шағымданған Устурхановтың әпкесі мен адвокатының айтуынша , мекемеде нейрохирургтың болмауын сылтауратып айыпталушыға қажетті медициналық көмек көрсетілмейді. Әс материалдарында ауру тарихынан, мидағы ісік үлкейіп келе жатқаны туралы гипофизды МР зерттеу хаттамасының көшірмелер бар.

Аталған шағым бойынша Орталық Бас прокуратураға сұрату жіберген. Алған ақпараттан (2008 ж. 12 қарашадағы № 26/29-08) ү.ж. 14 қазанында Устурхановқа оның денсаулық жағдайы және оны одан әрі СИЗО жағдайында ұстау мүмкіндігін анықтау нысанына медициналық сот сараптамасы тағайындалған.

Медициналық сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу ережелерінің (2004 ж. 20 желтоқсандағы ) 29-бабына сәйкес қайталау, комиссиялық, кешенді сараптамаларды жасау кезінде сараптама жасау мерзімі 30 күн болуы мүмкін. Бірақ медициналық сараптама нәтижесі бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат бізге әлі келіп түскен жоқ.

Сотталушы Б.К. Шарафшан Алматы қ. және Алматы облысы бойынша ҚАЖК ЛА- 155/18 түзету колониясында жазасын өтеп жатыр.

Ү.ж. тамыз айында шағымда көрсетілгендей. Колония фтизиатры оған «құрт ауруы» диагнозын қойғанына қарамастан оған кәсіби медициналық көмек көрсетілмейді және медициналық емес жалпы баракта ұсталады. Сонымен бірге колония қызметкерлері оны ұруына байланысты қазір оның денсаулығы нашарлап қалды.

Сотталған, В.И. Панчишка Қарағанды облысы бойынша ҚАЖК АК-159/5 мекемесінде «Лимфангит обеих конечностей, синдром Рейно в удовлетворительном состоянии, АГ, 1-2 ст., хр. Холицесто панкреатит, распространенный остеохандроз позвоночника» диагнозымен жазасын өтеп жатыр. Бұл ретте ол Ақмола облысы бойынша ҚАЖКБ ЕЦ-166/18 мамандандырылған медициналық мекемесіне емдеуге этапталған. Оның шағымына сәйкес, бұл мекемеде ол колония бастығының көмекші кезекшілері тарапынан үнемі зорлық зомбылыққа және психологиялық әсер етуге тап болған. Оның диагнозы мен оған белгіленген төсек режимыне қарамастан Панчишканы кезекшілердің біреуі костыльға сүйеніп бірнеше сағат бойы ауру аяғынан тұруға мәжбүр еткен.

Осыған байланысты медициналық көмекті қажет ететін сотталғандарға қатысты азаптық туралы шағымдарды Ұлттық орталықтың сұратуларына сәйкес қарауды ҚАЖК әдеттегідей әрекеттеріне шағым жасалған адамдарға тапсырады. Арнайы прокурорлар көбінесе колония әкімшілігінің ұстанымдарын қолдайды. Қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлерінің және арнайы прокурорлардың осындай қатыгездікті бастан кешетін сотталушыларға осылай қарауы Азаптаулардың алдын алу мәселелері бойынша Стамбул хаттамасының ережелеріне сәйкес келмейді.

Ү.ж. мекемелер әкімшіліктерінің , басқа да құқық қорғау органдары қызметкерлерінің медициналық көмек көрсетуге қарсы әрекет жасап шара қолданбағанына Ю.И. Васильевтен, П.Ю. Вакулкадан, Б.Р. Тухташевтан шағымдар түскен.

Біздің жоғарыда аталған сипаттағы шағымдар бойынша сұратуларымыз бойынша қолданылатын шараларға баға беруге келсек, аталған сотталушыларға және айыпталушыға медициналық көмек көрсетпеу Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы заңымен ратификацияланған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 7 және 10-баптарын, Азаптауға қарсы конвенцияның, Қамаудағылармен қарым қатынастардың минимальдық стандарттық ережелерін және халықаралық әрі ұлттық стандарттарды бұзу болып табылады.

Осыған байланысты, құрметті Рашид Төлеутайұлы, Қазақстанның аталған халықаралық актілерден туындайтын міндеттемелеріне сүйене келе және ҚР Конституциясының 17-бабын ескере отырып және маған берілген өкілеттіктерді пайдалана отырып, Сізден жоғарыда аталғандарға медициналық көмек көрсетуде прокурорлық шара қолдануыңызды сұраймын.

Қосымша: сотталушылардың шағымдарының көшірмелері және оларға қосымша берілген материалдардың көшірмелері _ бетте.


Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров


2008.18.11.

Солтүстік Қазақстан

облысының әкімі

С.С. Біләловке
Ұ С Ы Н Ы С
Құрметті Серік Сұлтанғазыұлы!
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл атына 2005 жылдан бастап Ғ.Мүсрепов ауданы, Нежинка ауылында тұратын зейнеткер М.М.Кудин ауылды жылумен қамтамасыз ету жөнінде қызмет көрсететін монопольды субъект болып табылатын «Нежинка - Ардагер» ЖШС басшысының заңсыз әрекетіне бірнеше рет шағымданған.

Шағымның мазмұнынан және оған қоса берілген құжаттар пакетінен 2001 жылы қыркүйек айында жоғарыда аталған ЖШС Кудиндердің үйін орталық жылу жүйесінен ағытқаны анықталады. Бірақ сол жылы аудандық сот шешімімен қызмет жеткізушінің осы әрекеттері заңсыз болып табылған және үйге жылу қайта берілген. Сонымен бірге осы уақытта зейнеткердің баспанасы тағы жылусыз қалды.

Шағымданушының Ғ.Мүсрепов ауданы әкімдігіне бірнеше рет жолдаған хаттары көтеріліп отырған мәселені оң шешуге ықпал етпеді. Аталған жергілікті мемлекеттік орган қызмет саласындағы субъектінің жұмысына араласуға болмайды деген сылтаумен осы мәселені шешуден бас тартқан.

Қазақстан 2005 жылы адам құқықтары саласында негізгі құжаттардың бірі болып табылатын Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялаған, оның 11- бабына сәйкес оған қосылған мемлекеттер өздерінің азаматтарына жеткілікті өмір деңгейіне, соның ішінде баспанада қолайлы жағдайда өмір сүру үшін жаңдай жасауға кепіл береді..

Мазмұндалғанды ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы ереженің 25- тармағына сәйкес маған берілген өкілеттерімді пайдалана отырып, Сізден, құрметті Серік Сұлтанғазыұлы, Кудиндер отбасының құқықтарының бұзылуын жою жөнінде қажетті шара қолдануды сұраймын.

Жауапты аталған Жарлықпен белгіленген мерзімде күтемін.


Құрметпен,
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А. Шәкіров


2008.05.12.

1ӘМШ – БҰҰ-да адам құқықтары жөніндегі бақылаудың жаңа тетігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет