Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А



жүктеу 1.74 Mb.
бет3/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Есепті кезеңде Уәкілдің Еуропа және орталық Азия бойынша Хьюман Райтс Ватч бөлімшесі директорының орынбасары Рейчел Денбермен және осы ұйымның Орталық Азия бойынша ғылыми қызметкері Андреа Бергпен, ЮНИСЕФтің Бағалау миссиясының басшысы Д. О. Донеллмен, Чехия Республикасының Сыртқы істер министрлігінің саяси істер бойынша Бас директоры Мартин Повейшилмен, Германияның Құқықтар және гуманитарлық көмек жөніндегі уәкілі Г. Нокемен, ФГР Бундестагының депутаты А. Ватцпен, Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясының депутаты Т. Ивинскимен және басқалармен кездесулері өтті.

Аталған кездесулер барысында сұхбаттасушыларға Қазақстанның азаматтық қоғамның қызмет етуі үшін жағдай жасау, адам құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру, гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі атқарып отырған жұмысы туралы ақпарат жеткізілді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2008 жылғы желтоқсанда БҰҰдың Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған Жоғары деңгейдегі арнайы отырысына қатысты, оның қорытындысы бойынша екі аса маңызды құжат қабылданды:

БҰҰға мүше мемлекеттер соңғы жылдарда алғаш рет әлемде адам құқықтары толық көлемде сақталатын бір де бір аймақ жоқ екенін мойындаған Декларация;

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге Факультативтік хаттаманы құратын Резолюция, ол Пактіде жарияланған құқықтарды мүше мемлекет толық қамтамасыз етпесе, БҰҰ органдарына оларды қорғау үшін тікелей жолдану құқығын қамтамасыз етеді. Уәкіл Нью Йоркте болған кезде Қазақстанның Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға және оған факультативтік хаттамаға қол қою рәсіміне қатысты, олар мүгедек адамдардың құқықтарын қолдауға және қорғауға , оларды кемсітуді жоюға, еңбекке, денсаулық сақтауға, білім алуға және қоғам өміріне қатысуға құқықтарын қамтамасыз етуге, сот билігіне қол жетімділігін, жеке бастарына қол сұқпаушылықты, пайдаланудан еркіндігін және жүру еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мағынада, бұл мәселені ынталандыру жөніндегі дайындық жұмысы бойынша Уәкіл мекемесінің басқа мемлекеттік органдармен атқараған рөлін атап өтсе артық емес. Уәкіл тиісті ұстанымды белгіленген тәртіппен Үкіметке жеткізген.

2008 жылғы қарашада Женевада БҰҰдың Азаптауға қарсы комитетінің 41ші сессиясы аясында Қазақстан Республикасының Азаптауға қарсы және басқа да қатыгез, адамның қадір қасиетн кемсітетін адами емес жазалауларға қарсы конвенцияның ережелерін орындау жөніндегі шаралар туралы екінші мерзімдік баяндамасын қорғау өтті.

Баяндаманы қорғау жөніндегі делегацияның құрамына Уәкіл өкілі кірді, ол Уәкілдің бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың құқықтарын қорғау жөніндегі және ҚАЖ мекемелерінің мониторигінің ұлттық алдын алу механизмін белгілеу жөніндегі ұстанымын жария етті.

Есепті кезеңде Уәкілдің Астанадағы ЕҚЫҰ орталығымен ынтымақтастығы айтарлықтай жемісті болды, оның барысында адамдар трафигі мен саудасына, дінге қатысты кемсітуге қарсы әрекет жасаумен байланысты және т.б. бірлескен іс шаралар өткізілді. ЕҚЫҰ орталығы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған халықаралық конференцияны ұйымдастырушылардың бірі болды.

2008 жылғы қазанда Варшавада Уәкіл мекемесінің басшысы БДИПЧ\ ЕҚЫҰ адами өлшемдер саласындағы міндеттемелерді орындау мәселесі бойынша Мәжілісте болды, оның барысында елімізде адам құқықтарын қамтамасыз етудің неғұрлым өзекті, атап айтқанда құқықтық қорғау білім алу, өлім жазасына тыйым салу, халықаралық құжаттарды енгізу мәселелері бойынша Қазақстанның ұстанымы жария етілді.

Есепті жылы Қазақстан Республикасында БҰҰДБ Тұрақты Өкілдігімен өзара іс қимыл жасау жалғасты. Ынтымақтастық аясында Еуропа және ТМД елдері бойынша БҰҰДБның Братислава аймақтық орталығы шығарған «Человеческое достоинство и справедливость для всех» атты жинақта жариялау үшін «Омбудсмен в Казахстане» тақырыбында материал дайындалды.

Сонымен қатар, Уәкілдің БҰҰдың Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) өзара тиімді ынтымақтастықты атап өткен жөн. Атап айтқанда, 2006 жылы басталған «Қазақстанда Балалар омбудсмені институтын құру» жобасы жалғасты, оның шегінде балалар мен отбасы мүддесінде әлеуметтік экономикалық бағдарламаларды іске асыру мониторингі мен бақылауды жоспарлау және жүзеге асыру, ювенальдық юстицияны реформалау мәселелері бойынша бірқатар іс шаралар өткізілді.

Есепті кезеңде Уәкіл мекемесі Еурокомиссияның Қазақстандағы, Қырғызстандағы, Тәжікстандағы өкілдіктерімен ынтымақтастығы жалғасты. «ЕО мен Орталық Азия елдері арасындағы 2007-2013 жылдарға арналған жаңа серіктестік стратегиясына» сәйкес Уәкіл мекемесі арнайы, атап айтқанда :



  • мемлекеттік органдардың әкімшілік ету жүйесін жетілдіру, мемлекеттік басқару стандарттарын сақтауға бақылау жасауға;

  • Қазақстандағы Омбудсмен мекемесінің институциональдық мүмкіндіктерін одан әрі нығайту, сондай ақ Уәкіл мекемесі қызметкерлерін еуропаның адам құқықтары жөніндегі жетекші білім беру орталықтарында оқытуды ұйымдастыруға қатысты бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысты.

2008 жылғы қарашада аталған ынтымақтастық аясында Данияның халықаралық ортада белгілі адам құқықтары жөніндегі институтымен келіссөздер өткізілді, олардың қорытындылары бойынша мемлекеттік қызметкерлерді Қазақстанның алдағы уақытта ЕҚЫҰда төрағалық етуіне дайындау мағынасында құқықтық қорғау тақырыбы бойынша тренингтер мен семинарларды өткізу туралы уағдаласуларға қол жеткізілді.

Уәкіл өкілі Қазақстанда Нидерланды Корольдігінің елшілігі мен Еуропада демократия мен қауіпсіздік секторын зерттеу орталығымен бірлесіп «Старлинк» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жоғары деңгейдегі семинарға қатысты. Қазақстандық қауіпсіздік секторда деморатиялық басқару мен реформалау, сондай ақ азаматтық қоғамға және БАҚқа күшті ведомстволарға қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға көмек көрсету форумның мақсаты болды.

«Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Сот билігі және құқықтық тәртіп жөніндегі шағын комитет шеңберінде адам құқықтары жөніндегі тараптар арасында диалог орнады, оның барысында Еуроодақ өкілдері бірқатар, оның ішінде қазақстандық омбудсменнің қызметіне қатысты ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, қазақстандық тараптың Уәкіл мәртебесін заңнамалық тұрғыда бекіту, оның бюджетін құру қажеттігіне, сондай ақ жалпы қабылданған халықаралық стандарттарға сәйкес басқа мәселелерге назар аударылды.

Есепті кезеңде «Сорос Қазақстан» қоры, «Фридом Хаус», Халықаралық абақты реформасы (PRI) сияқты халықаралық құқықтық қорғау ұйымдарымен ынтымақтастық жалғасты.

«Сорос Қазақстан» қорының өкілдігімен пациенттер құқықтары, сондай ақ адам құқықтары саласындағы жас сарапшылар үшін сайыс өткізу жөніндегі басшылықты бірлесіп әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілген.

Уәкіл мекемесі Қазақстанның НАТО мен серіктестік әрекеттерінің жеке жоспарын іске асыру жөніндегі жұмысына қатысуы жалғасты.

Атап айтқанда, соңғы кезде Уәкілдің халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі ерекше маңызға ие болды, бұл белгілі бір деңгейде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰда төрағалық етуіне байланысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген 2009-2011 жылдарға арналған «Еуропаға шығатын жол» мемлекеттік бағдарлама келешекте Уәкілге халықаралық құқықтық қорғау жүйесіне кірігуге жол аша отырып, Еуропа мемлекеттерімен ынтымақтастық, соның ішінде гуманитарлық өлшемде, Қазақстан мен Еуропа елдерінің азаматтық қоғам институттары арасындағы серіктестік қатынастарды көздейді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл 2008 жылғы желтоқсанда Конституциялық Кеңеспен бірлесіп Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының 60 жылдығына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференцияны өткізді, ол елімізде маңызды ағарту іс шарасына айналды, Қазақстанда халықаралық құқықтық қорғау стандарттарының ілгері жылжуына, сондай ақ конференция барысында беделді халықаралық сарапшылар ортаға салған осы саладағы шетелдік тәжірибені зерттеуге және пайдалануға ықпал етеді.

ІІ. АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1. Өмір сүру құқығы. Бостандыққа және жеке басына қол сұқпаушылық құқығы
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 6- бабы мен Қазақстан Конституциясының 1 және 15- баптарына сәйкес өмір сүру әркімнің ажырамас құқығы, ол заңмен қорғалады, әркiмнiң оған құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.

.Аталған пактіде бекітілген негізгі стандарттарға өмір сүруге құқықпен қатар қылмыс жасау кезінде әрекет еткен және аталған Пакті мен Геноцидтің алдын алу және ол үшін жазалау туралы конвенцияның талаптарына қайшы келмейтін заңға сәйкес «аса ауыр қылмыстар үшін » ғана көзделуі мүмкін өлім жазасын тағайындауды реттейтін нормалар да кіреді.

Қазақстан бес жыл бұрын өлім жазасына мораторий жариялағаннан кейін, 2007 жылғы мамырда осы мәселе бойынша өлім жазасын тек адам өлімімен байланысты лаңкестік қылмыстарды жасаған үшін, сондай ақ сотталғанға кешірім сұрау құқығын бере отырып, соғыс кезіндегі ерекше ауыр қылмыс үшін айрықша жазалау шарасы ретінде қолдануды шектей отырып, осы мәселе бойынша өзінің құқықтық ұстанымын конституцияда белгілеген. Есепті кезеңде республиканың қылмыстық заңнамасын Ата заңның осы нормасына сәйкестендіру процесі аяқталды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 7- бабы мен Қазақстан Конституциясының 16- бабы әр адам бостандық пен жеке басының қол сұқпаушылығына құқылы. Ешкім негізсіз тұтқынға алынбайды немесе қамауда ұсталмайды. Ешкім заңда бекітілген негіздер мен рәсімдерден басқаша бостандығынан айырыла алмайды.

Тәжірибе көрсеткендей, адамның бостандық және жеке басына қол сұқпаушылық құқықтырын бұзушылықтар қылмыстық қудалау органдарының әрекеттерімен байланысты.

Есепті кезеңде Уәкілге осындай бұзушылықтар туралы 184 келіп түскен хаттардың жалпы санынан 20,3 пайызды құрады.

Прокуратура органдарын, Ішкі істер министрлігі мен Қаржы полициясы агенттігін тарта отырып, 160 хат қаралды, олардың ішінде ү адвокаттардан, 19 үкіметтік емес және басқа да ұйымдардан.

Бұл ретте ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әрекеттеріне -130 хат, қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің әрекеттеріне - 12, прокуратура қызметкерлерінің әрекеттеріне - 11, ҰҚК – 10.

Прокуратура органдарына шағымдар негізінен азаматтардың хаттарына шара қолданбағанына, олардың тұтқынға алуға рұқсат беруіне немесе қылмыстық іс қозғауға бас тартуға келісім беруіне байланысты.

Қаржы полициясы органдарына шағымдар көбінесе кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың басшыларынан келіп түскен. Бір шағым діни бірлестіктен түскен.

Бұл органдарға шағым нысаны негізінен заңдылықты және шаруашылық қызметті тексерудің негізділігін даулау, өткізілген тінтумен немесе кәсіпкерлерге экономикалық шығын келтірген адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартқанына, сондай ақ шағымданушы кәсіпкерлердің мүлкіне тыйым салуға келіспеушілік болды.

Ұлттық қауіпсіздік органдарына шағымдарға, шағымданушылардың пікірінше, әділ өткізілмеген тергеу, шағымданушылардың кінәсі жеткілікті дәлелденбеуі, ұсталғанның туыстарына хабарламау, автокөлік пен жүктерді котрабанда деп күдіктену себебінен ұстау сияқты бұзушылықтар, Алматы қаласының ҰҚКД тергеу изоляторының ұстау жағдайларының нашарлығы себеп болған.

Аталған ішкі істер органдары қызметкерлінің әрекеттеріне келіп түскен 130 шағымның ішінен әрбір үшіншісінде ұстау негіздерімен және фактілерімен келіспеушілік білдіріледі. Әдеттегідей, аталған шағымдар ұсталғандарға қатысты шектен тыс күш немесе психологиялық басынушылық қолданғаннан; прокурордың рұқсатынсыз жайларды тексергендіктен, өздерінің жоғалған жақындарын іздей бастаған туыстарға уақытылы хабар жібермегеннен; ұстау туралы хаттама жасамастан уақытша ұстау изоляторына қамаудан, ондағы ұстау жағдайларының нашарлығынан туындаған.

Жоғарыда мазмұндалғанды Бас прокуратура статистикасы растайды, оған сәйкес 2008 жылы прокуратура органдары азаматтарды ұстау заңдылығын сақтауға 29 мыңнан астам тексерулер жүргізген. Бұл ретте, уақытша ұстау изоляторынан 1000 адам, қылмыстық қудалау органдарының қызметтік жайларынан 675 заңсыз ұсталған адамдар босатылған.

Полицейлердің ұсталғандардың жеке қадір қасиетін кемсіткен немесе қатыгездік көрсеткен фактілер мен жағдайларды көрсете отырып, Уәкіл атына 38 шағым түсті.

Сонымен бірге, негізінен Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаментінен осындай сипаттағы шағымдар бойынша сұратуларға келген жауаптардың талдамасы хаттарда көрсетілген фактілер 10 жағдайдың 8 де расталмағанын көрсетеді.

Расталған шағымдардың мысалы ретінде мына жағдайларды келтіруге болады.


Уәкіл атына аз. Ы. туыстарынан хат келді, Аягөз аудандық ІІБ қызметкерлері оның жеке басына тиіспеушілік, қадір қасиетін сыйлауға құқығын бұзған. Оны қылмыс фактісі бойынша бөлімшеге тергеу үшін әкелген соң ол тиісті процессуалдық шешімсіз тұтқында болған және полиция қызметкерлері оған қатыгездік көрсеткен. Екінші рет бөлімшеге әкелінген және қоқан лоққы көрсетілген кезде ол ІІД ғимаратының төртінші қабатынан секіріп түскен, осыған байланысты ауруханаға түсіп бірнеше күннен кейін үйіне жіберілген. Одан кейін полиция қызметкерлері тарапынан қоймастан психологиялық қысым жасалғаннан кейін ол өзіне қол жұмсаған.

Уәкілдің жазған хаты бойынша Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізген, оның нәтижесі бойынша Аягөз ІІБ криминалды полиция бөлімшесінің бастығы Ш-қа қатысты ҚР ҚК 308- бабының 4 бөлімінің а) тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды және аталған адамға іздеу салынған.




Екінші мысал ретінде 2 топтағы мүгедек Ә. Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Бәйдібек АІІБ қызметкерлерінің өзіне қатысты қатыгездік көрсеткені туралы шағымын келтіруге болады.

Уәкілдің сұратуы бойынша ІІМ ОҚО Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірлесіп тергеуден бұрын тексеріс жүргізді, оның нәтижесінде АІІБ бастығының бірінші орынбасары Ж-қа қатысты ҚР ҚК 307 бабының 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметінен босатылғаннан кейін қылмыстық қудалау басталды.

ОҚО ІІД бастығының бұйрығымен сонымен қатар осы АІІБ бастығы Қырғызбаев та қызметінен босатылды.

Конституцияның 16 - бабының 2- тармағына сәйкес заңда көзделген реттерде ғана және тек қана соттың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады, тұтқындалған адамға шағымдану құқығы берiледi. Соттың санкциясынсыз адамды жетпiс екi сағаттан аспайтын мерзiмге ұстауға болады.

Осыған қарамастан шағымдардың талдамасы азаматтардың оларды ұстау сатысында осы мерзімді сақтауға құқықтарын бұзу себептерінің бірі Қылмыстық процессуалдық кодексте ұстаудың басталу мерзімін нақты көрсетіп ұстау туралы хаттаманы жасаудың міндеттілігі туралы талап бекітілмегендігі және ұсталғанның ұстау сәтінен бастап адвокат қызметімен пайдалану құқығы туралы норманың болмауы.

Уақытша ұстау изоляторларындағы жағдайлардың нашарлығы Уәкілдің және азапталарды қолдану фактілері туралы шағымдарды қарау жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің Алматы қаласы ІІД УҰИна мониторингтік баруы кезінде расталды, сол кезде бірқатар БҰҰдың Қылмыстардың алдын алу және қамаудағылармен қарым қатынастар жөніндегі конгресі қабылдаған Қамаудағылармен қарым қатынастардың ең төмен стандарттық ережесін бұзушылықтар анықталған.

Бес адам объективті емес тергеуге шағым жазған, олардың пікірінше, мерзімдер созылып, тергеушілер мен анықтаушылардың әділсіздігі орын алған.

Қылмыстық тәртіппен қудаланатын немесе жәбірленуші азаматтардан, сондай ақ олардың туыстарынан келген әрбір бесінші хатта ішкі істер органдары қызметкерлерінің азаматтардың немесе күдіктілердің шағымдарын қарау жөнінде шара қолданбауына, қылмыстық істерді қарауда уақыт созушылыққа шағымдар, сондай ақ шағымданушылардың өздеріне қатысты немесе қылмыстық қудаланып отырған туыстарына қатысты қылмыстық іс қозғалуына келіспеушілік мазмұндалған.


Уәкіл атына Х. оның арызын тіркеуден бас тартқан Арқалық АІІБ лауазымды адамдарының әрекетіне шағымы келіп түсті.

Уәкілдің Бас прокуратураға және ІІМ жіберген сұратуы бойынша, ҚР Бас прокуратурасының 2003 жылғы 10 ақпандағы № 6 нұсқаулығын бұзған үшін Арқалық АІІБ учаскелік полиция инспекторы А. Жәлеловқа қатаң сөгіс жарияланған, оның тікелей басшылары да тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Шағымданушының арызын облыс прокуратурасы Өтініштерді және хабарларды, шағымдарды және қылмыстар, оқиғалар туралы өзге де ақпаратты есепке алу кітабына тіркеді және ҚР ҚПК 185 бабының 3 тармағының 1 бөлігі тәртібінде облыстың ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасына жіберді.




Ерлі зайыпты З. Қарағанды қаласы Казыбекби ауданының ІІБ қызметкерлерінің олардың ұлын өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тиісті түрде тексеруді ұйымдастырмағаны туралы шағымданды. Арызданушылар осы іс бойынша басты күдіктінің әрекетін тергеу және анықтау органдары ҚР ҚК 257 бабы бойынша бұзақылық деп санаған, ал қылмыстық іс рақымшылыққа байланысты тоқтатылған. Сонымен бірге, іс материалдарында қылмыс жасағандардың алдын ала ойлап жасаған әрекеттерін көрсететін көптеген куәгерлік түсініктемелер бар.

Уәкілдің сұратуы бойынша Бас прокуратура күдіктілер қылмыс жасаған үшін ҚР ҚК 257 – бабының 2 бөлігінің а) тармағы және 103- бабының 3 бөлігі бойынша күнә тағылғаны және оларға қатысты алдын алу шарасы ретінде тұтқынға алу белгіленген.

Жекелеген арызданушылар өздерінің қылмыстық іс қозғалуына келіспеушілігін кінә дәлелдемелерінің фальсификацияланғанын, әділсіз тергеумен, өздеріне қатысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарланбағанымен негіздейді.

Сонымен қатар, Уәкілдің сұратуы бойынша ішкі істер органдарының лауазымды адамдарының әрекеттеріне қатысты осындай арыздарды тексеретін ҚР ІІМ өзіндік қауіпсіздік департаменті оларды негізсіз деп таниды.

Арызданушылардың айтуынша, қылмыстық істі жедел тоқтатқан тергеушілер мен анықтаушылардың процессуалдық әрекеттері заңсыз және негізсіз. Кейбір жағдайларда жүргізген тергеудің әділсіздігіне және тергеушілер мен анықтаушылар күдіктілер мен айыпталушылардың мүдделерін жақтағанын көрсеткен.


Уәкіл атына аз. К. Жезқазған қаласының ІІД аға тергеушісі Қожабергенова мен анықтаушы Р.А. Әбеуовтың өзіне шабуыл жасау және денсаулығына залал келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартуымен келіспейтіні туралы шағымданды.

Уәкілдің сұратуы бойынша прокуратура органдары қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының күшін жойып, қылмыстық іс материалдарын қосымша тексеріс жүргізу үшін қайтарды. Шағымданушы атаған адамға қатысты жүргізген тексеру нәтижесі бойынша ҚК 24- бабының 3 бөлімінде және 12- бабының 1 бөлімінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктінің тұрған жерін анықтауға бағытталған іс шаралар басталған.

Полиция органдары қызметкерлерінің шағымданушылардан ақша талап етуі мен негізсіз заттарды тексеруіне қатысты 6 арыз түсті.

Бұл шағымдар негізінен қазақстандық көлік полициясы мен миграциялық полиция қызметкерлері тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болған шетелдіктерден келген.



Уәкіл атына Ресей азаматы Н. жеке қадір қасиетін кұрметтеу құқығын бұзған көлік полициясы қызметкерлерінің әрекеттеріне шағымданды.

Автордың арызы бойынша , оның Алматы қаласынан Новосибирск қаласына бара жатқан пойызда келе жатқанда одан мүлікке декларация ұсыну талап етілді, оның қолында бар ақшаның сомасын айту талап етілген және оны пойыздан түсіріп тастаймыз деп қорқыту фактісі орын алған.

Уәкілдің сұратуы бойынша Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізген , оның нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстанның көліктегі ІІД заңсыз миграцияға қарсы күрес жөніндегі полиция взводының қызметкерлері Эспаев пен Қалықов ҚР ӘҚБК 626- бабына (жеке заттарды тексеру және заттарды куәгерлердің қатысуынсыз және хаттама жасамастан тексеру) сәйкес тәртіптік жауапкершілікке тартылды, Құрманалиев пен Литийкинге бұдан былай осындай бұзушылықтарға жол бермеу туралы қатаң көрсетілді.

Уәкіл есепті кезеңде ішкі істер органдары қызметкерлерінің арыздарды қарау кезінде мерзімдерді созуы фактілері бойынша Ішкі істер министрлігіне Ұсыныстар жіберген, олар бойынша тиісті шаралар қолданылды.

Уәкіл сұратуларына сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлерінің және олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдарды қарау нәтижелері бойынша есепті кезеңде жүйенің 36 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 4 қылмыстық іс қозғалды, олардың біреуі сотқа жіберілді, екі адам қызметінен босатылды.



2.2. Азаматтардың сотта қорғалу және әділ сот талқылауына құқығы
Соттар мемлекеттік институттар арасында адам құқықтарымен олардың бұзылуы кезінде тікелей қорғау функцияларын жүзеге асыра отырып, неғұрлым тығыз байланысты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағына және ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің 123-бабына сәйкес әр адам өздерінің құқықтары мен бостандықтарын сотта қорғауға құқылы.

Қылмыстық кодексте Жалпыға бірдей Декларация жариялаған адамның табиғи, ажырамас құқықтарының басымдығына негізделген әлеуметтік қорғауға жататын құндылықтардың иерархиясы бекітілген.

Азаматтардың сотта қорғалу және әділ сот талқылауына құқығы қазіргі кезде қоғамда ең сұранысқа ие құқықтардың бірі болып табылады.

Мемлекет сот жүйесін жетілдіру, сот ісін ұйымдастырудың халықаралық қағидалары мен стандарттарын қамтамасыз ету, соттарды мамандандыру, сот практикасына бүгінгі ақпараттық технологияларды енгізу, судьяларды іріктеп алу жүйесін өзгерту жөніндегі ауқымды жұмысты жалғастырады.

Елімізде сот жүйесін алдағы уақытта оңтайландыру оны одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.

2008 жылы Жоғарғы Соттың және облыстық соттардың алғашқы және қадағалау функциялары аудандық соттардың рөлін нығайтумен заң жүзінде бір уақытта жойылды.

Жоғарғы Сот қазір Конституцияға сәйкес жергілікті соттардың қызметін қадағалайтын болады және нормативтік қаулыларды қабылдап сот практикасы бойынша түсіндірмелер беретін болады.

Есепті кезеңде Уәкіл мекемесіне сотта қорғау мәселелері бойынша
218 хат келіп түсті, бұл келіп түскен хаттардың жалпы санынан 24 пайызды құрайды, және 2007 жылмен салыстырғанда 118 кем.

Азаматтар өздерінің хаттарында көп жағдайларда қабылданған сот актілерімен келіспеушілік білдіреді.

Уәкіл қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базаға сәйкес соттардың әрекеттері мен шешімдеріне шағымдарды қарау оның құзырына жатпайды. Осыған байланысты қабылданған сот қаулыларының заңдылығын қозғайтын шағымдарды Уәкіл мекемесі мәні бойынша қараған жоқ, ол туралы шағымданушыға жазбаша хабарланған.

Осыған сүйене келе, есептің бұл бөлімінде тек Уәкілге келген хаттарға сот ісін жүргізу нысандары бойынша, шағымданған субъектілер бойынша, сондай ақ жасалған актілеріне осы шағымдар түскен сот инстанциялары бойынша жалпы шолу жасауға әрекеттендік. Бөлімде сонымен бірге, қаулылары азаматтардың шағымдарының нысаны болған соттардың «географиясы» көрсетілген.

Осы шолуда көрсетілгендей, 218  хаттың 114 қылмыстық сот іс жүргізуіне, 93 азаматтық және 11 әкімшілік сот іс жүргізу түріне келеді.

Қылмыстық істер бойынша 114 хаттардың 67 сотталғандардан және сот үкімдері бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардан, олардың ішінде 8 әйел адамдар.

29 хатты ата аналар, ерлі зайыптылар және басқа жақын туыстар сотталғандардың мүддесіне жазылған, 7 хат жәбірленушілерден түскен, 4 хат құқықтық қорғау ұйымдарынан, 6 сотталғандардың адвокаттарынан келген.

Арызданушылар қылмыстық істер бойынша 88 хаттарында бірінші сатыдағы соттардың үкімдерімен келіспейтінін білдірген, 6 және 9 хатта тиісінше, облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау коллегияларының қаулыларымен келіспеушілігін білдірген.

Ең көп хаттар Шығыс Қазақстан (16), Қарағанды (12), Батыс Қазақстан (10), Қостанай және Алматы облыстарынан (9 дан), Астана мен Павлодар облысынан (6дан) келіп түскен.

Азаматтық істер бойынша Уәкілге 93 хат түсті, олар негізінен тұрғын үй, жер даулары, сондай ақ мұрагерлік жөнінде қабылданған сот шешімдерінен туындаған. Шағымданушылар 36 жағдайда облыстық соттардың апелляциялық және қадағалау коллегияларының қаулыларымен келіспеушілігін білдірген.

Осы сот іс жүргізу нысаны бойынша хаттар санымен алдыңғы қатарда Алматы қаласының соты (13), Алматы облысының соты (11) және Шығыс Қазақстан облысының соты (9) келеді.

Әкімшілік істер бойынша 11 хаттың 7 Ақмола облысы соттарының қаулыларына келіп түсті және шетелдіктерді олардың Қазақстанға келу ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартуға байланысты болды.

25 хатта қадағалау және өзге де шағымдарды қарау үшін Бас прокуратураға, Жоғарғы Сотқа немесе халықаралық соттарға беру, сот процесіне қатысу үшін Уәкіл өкілін жіберу, немесе өздерінің бұдан былай құқықтық әрекеттері үшін заңгерлі кеңес беру туралы өтініштер мазмүндалған.

Аталған барлық хаттар бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсіндірмелер жіберілді.

23 хаттар бойынша Бас прокуратураға сұратулар жіберілді. Олардың әрбір екіншісі бойынша аталған органнан наразылық білдіру үшін негіз жоқ екені және соттардың шағымданушылар даулап отырған қаулылары объективті және толық шығарылғаны туралы жауаптар келді.

Азаматтардан Уәкіл мекемесіне есепті кезеңде соттардың шешімдеріне және судьялардың әрекеттеріне, осы мәселелер Уәкілдің құзырына жатпайтыны туралы алдыңғы жауаптарына қарамастан 30 хат екі және одан да көп рет келді.

Осы шолуға түсіндірме бере отырып, азаматтардың хаттарының бір бөлігі субъективті сипатта, басқалары материалдық және процессуалдық құқықтағы кемшіліктерге байланысты. Сонымен қатар, заңнамалық кемшіліктердің болуын Республиканың Конституциялық кеңесі де есепті жылдың тамыз айында өзінің Парламентте елімізде адам құықтарында конституциялық заңдылық ахуалы туралы жариялаған Жолдауында белгілі бір деңгейде таныған.

Атап айтқанда, Конституциялық Кеңестің пікірінше, кейбір құқық бұзушылықтар бойынша қолданыстағы заңнамада көзделген заңды жауапкершілік шаралары олардың құрамдарына барабар емес немесе сәйкес келмейді.



2.3. Атқару істерін жүргізу
Атқару ісін жүргізу азаматтардың бұзылған құқықтарын іс жүзінде іске асыру және қалпына келтіру орын алатын сот ісін жүргізу сатысы болып табылады.

Заңды күшіне енген сот актілерін нақты атқару есебінен азаматтардың құқықтарын атқару іс жүргізу сатысында іске асыруға қол жеткізіледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілік комитетінен алынған мәліметтерге сәйкес Уәкіл мен Жоғарғы Сот арасында жасалған Меморандум мен заңнамада көзделген ақпараттық алмасу шеңберінде 2008 жылдың 9 айында сот орындаушылардың өндірісімен 389028 бұл барлық орындауға жататындарының 61% құрайды. Түскендердің нақты 76 % орындалды.

Комитеттің ақпараты бойынша Парламентте жеке орындаушылар институтын енгізу туралы заң жобасы жатыр, сондай ақ атқару өндірісін есепке алу және бақылаудың автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатыр, олар белгілі бір деңгейде тиімді жұмыс істеуге ықпал етеді.

Үкімет мемлекеттен қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген залал жөнінде белгіленген тәртіппен жауапты танылған жойылған заңды тұлғаның мүлкі болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда тиісті уақытта төлемдерді капиталдау сомаларын өндіріп алу жөніндегі атқару өндірісін жүзеге асыру ережесін бекітті.

Сонымен қатар, құқықтық қорғау тұрғысынан көптеген жағдайларда атап айтқанда азаматтардың денсаулығына келтірілген зиянды немесе ақшалай немесе мүліктік борышты өндіріп алу жөніндегі істер санаттары орындалмайды. Атап айтқанда, Комитеттің пікірінше қылмыспен жәбірленушілердің денсаулығына келтірілген зиянды өндіріп алу сотталушылардың жазалау мерзімін өтеу орындарында табыс табу мүмкіндігі жоқтығынан мүмкін болмайды.

2008 жылы мемлекеттік мекемелер азаматтарға сот шешімдерімен тағайындалған борыштар сомасын өтеген жоқ.

Атап айтқада, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Заңды тұлға қызметін тоқтатқан жағдайда соттың үкіметке жүктеген өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру» 016 бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ретінде есепті жылдың аяғына 423 млн. теңге қарызы болған.

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерге пәтер бөлу туралы 50 сот актісі орындалмаған.

Жергілікті әкімдіктердің есепті кезеңде сот актілерін орындау жөнінде борышы 3.2 млрд. тенгені құрды, негізінен ол азаматтардың жер телімдерін мемлекеттің қажеттігіне алып қою туралы сот шешімдерін орындау үшін.

Аталған сомадан жер мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігінің есебінде 2.3 млрд тенге. Орындалмаған сот құжаттарының айтарлықтай бөлігін балаларға алимент өндіріп алу туралы атқару парақтары құрады.

Уәкіл мекемесін алаңдатып отырған қарыздарын және зиянның орнын толтыру ретінде алатын ақшадай қаражат күн көрістің материалдық көзі болып табылатын азаматтардың жағдайы, ол осы мәселені шешуге құзырлы органдардың назарын аударып отыр.

Бас прокуратура мен Жоғарғы Сот алдында басқа да құқықтық қорғау ұйымдар, атап айтқанда Адам құқығы жіне заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро осы жағдайға байланысты алаңдатушылық білдіреді. Осыған байланысты, жоғарыда аталған мемлекеттік органдар Премьер-Министрге сот актілерін орындау тәртібінің құқықтық негізін жетілдіру қажеттігі туралы бірлескен ұсыныс енгізді. Алайда, Үкімет пен Комитет қабылдап отырған шаралардың тиімділігі жеткіліксіз болып отыр.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет