Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А



жүктеу 1.74 Mb.
бет4/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Уақытылы шара қабылданбаған жағдайда, жағдайы мен денсаулығы бұзылған құқықтарын қалпына келтіру нәтижелеріне байланысты азаматтардың жағдайы дағдарыс кезеңінде одан әрі ушығып кетуі мүмкін.

Уәкіл атына 2008 жылы сот орындаушылық мәселелері бойынша 38 хат келді, олардың 7 алимент алмау мәселесіне байланысты.

Сот орындаушылардың әрекеттеріне түскен 5 шағымды қарау нәтижесі бойынша атқару өндірісі қайта басталған. Олардың үшеуі бойынша сот орындаушылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Талдау көрсеткендей, Уәкіл атына сот шешімдеріне жазған кейбір адамдардың шағымдары бірнеше рет келіп түседі. 5 рет келген арыздар да бар. Олардың біреуі, біздің ойымызша, егжей тегжейлі сипаттауға лайық, себебі оның «хрестоматиялық» сипаты бар және сот орындаушылығы саласында маңызды өзгерістер жүргізу қажеттігін куәландырады.



Астана қаласының тұрғыны М. 2004 жылы «Бразерс Компани» ЖШС пен «Европейский» ТК пәтер алуға үлестік шарт жасасқан және 100 % көлемінде жарна енгізген.

  1. 2006 жылы салынған үйден пәтердің кілтін алып жөндеу жұмыстарын бастаған. Бірақ техникалық себептерге байланысты үй пайдалануға берілмегендігіне сілтеме жасалып оған пәтердің құжаттары берілмеген Сол жылдың аяғында оның пәтеріне екі бейтаныс адам келіп кілтін алып қойған, осыған байланысты ол ішкі істер органдарына және прокуратураға хат жазған. Оның пәтерін алып қоюы бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ кейін белгісіз себептермен ол жоғалып кеткен.

Құрылысшы оның арызына елорданың Сарыарқа ауданы сотының шешімі бойынша пәтер ЖШС қарыздары үшін Н. деген басқа үлескерге берілді деген. Кейін анықталғандай, шын мәнінде оның пәтері жалға берілген тіпті құрылысшы оны бірнеше рет сатқан. Кейіннен бұл пәтер ақыры оған сот шешімімен берілген, бірақ міне бір жарым жыл бойы сот орындаушылары сот шешімін орындамай отыр.

Осы шағым бойынша Уәкіл бірнеше рет Сот әкімшілігі комитетіне сұрату жіберген.

Сұрату бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде жоғарыда аталған соттың шағымданушы пәтерінен жаңа тұрғындарды шығару туралы шешімін орындау үшін Астана қаласының сот орындаушысы атқару іс қозғағаны анықталған. Бірақ, шешімді орындау барысында сот орындаушысы елорданың Сот әкімшілігінде орындауда Астана қаласының Алматы ауданы сотының құрылысшыны нақ осы пәтерді азамат С. үлестік шарт бойынша құқығын беру туралы тағы бір үшінші шешім бар екені және ол орындалғаны анықталған. Осы себеппен, Н. отбасын шығару туралы Сарыарқа ауданы сотының шешімін орындау мүмкін болмады. Одан басқа сот орындаушысының қаулысымен заңсыз тұрғындарды шығару туралы сот шешімін орындау тоқтатылған.

Астана қалалық сотының қадағалау коллегиясының қаулысымен 2008 жылғы маусымда Алматы ауданы сотының шешімі күшін жойған және «Бразерс Компани» ЖШСне қадағалау коллегиясының актісін орындау туралы талап қойылған. Сот орындаушысы коллегияның қаулысын орындауды қамтамасыз ету үшін осы ЖШСті тіркеуге, қайта тіркеуге, қайта ұйымдастыруға және таратуға тыйым салған.

  1. 2008 жылғы тамыз айында азаматша М-ға өзінің пәтері сот қаулысына сәйкес төрт жылдан кейін қайтарып берілді.



2.4. Дінге және дін тұту бостандығы
Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 18-бабына сәйкес, әр адам дінге және дін тұту бостандығына құқылы. Сонымен бірге Пактінің осы бабы заңмен белгіленген және қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті, денсаулықты және бейбітшілікті қорғау үшін қажет жағдайларда дін тұту немесе сенім бостандығын шектеуге рұқсат береді.

Әркімнің дінге сенім бостандығына құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген, оның діни және көп конфессионалды теңдікті қамтамасыз ету тәжірибесін халықаралық қоғам оң үлгі ретінде бағалап отыр.

Қазақстанда бүгінгі күнде «Дін түту бостандығы мен діни бірлестіктер туралы» 1992 жылы қабылданған және біздің ойымызша, адам құқығы саласындағы халықаралық стандарттарға сай келетін заң қолданыста бар.

Өткен жылы Қазақстанның ЕЫҚҰ төрағалық етуге дайындық аясында Парламенттің бір топ депутаттары аталған заңға түзетулерге бастамашы болған, олар бойынша республикада 2008 жыл бойы көпшілік және транспаренттік пікірталастар болды. Мысалы, Шымкентте, Астанада, Алматыда, Қостанайда МЕҰ, ЕЫҚҰ өкілдерінің діни қайраткерлерінің және дін тұтушылардың қатысуымен аталған мәселелерді талқылау жөнінде «дөңгелек столдар» өтті.

Уәкілге есепті кезеңде көптеген арыздар түсті, онда заң жобасының жекелеген ережелерімен келіспеушіліктер болды. Атап айтқанда, осындай арыздарды «Новая жизнь» Шіркеуі, «Христиане адвентисты седьмого дня » Шіркеуі, «Голгофа ЕХБ» Шіркеуі жіберген. Жалпы санынан 17 арыз жеке жазылған, 4 хат ұжымдық болып ресімделген, оларға 118 қол қойылған

Хаттар, негізінен Алматы , Астана және Қостанай облысынан келген және тек заңнамаға енгізілетін түзетулерге қатысты болған.

Атап айтқанда хат иелері миссионердің діни ұйымы қызметінің ережесін дербес бұзған үшін ұжымдық жауапкершілікті, олардың пікірінше шамалы бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге, келушілердің садақаларын есептеу үшін кассалық аппараттарды енгізуге, сондай ақ кәмелетке толмағандар діни ұйымдардың жиналыстарына ата аналарының рұқсатымен ғана қатыса алуымен келіспеген.

Уәкіл осы хаттардың мазмұндарын Парламент депутаттарына жеткізген.

Қазіргі уақытта дін туралы заңнамаға түзетулердің елеміздің Конституциясына сәйкестігі Мемлекет басшысының хаты бойынша ҚР Конституциялық кеңесінің қарауында.

Уәкіл мекемесінің басшысы Үкімет жанындағы Діни істер жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады. Осыған байланысты Уәкілдің Кеңесте қаралған азаматтардың дін тұту құқығын сақтау мәселесі бойынша ұстанымы осы консультативтік органның назарына жеткізілген. Атап айтқанда, «Общество сознания кришны» мен Алматы облысының Қарасай батыр ауданы әкімдігінің арасында туындаған мәселелерді талқылаған Кеңестің кезекті отырысында аталған келіспеушілік Қоғам мүшелерінің құқықтарын реттеу не бұзу сипатында емес екені туралы пікірлер айтылды. Дау тек қана жер заңнамасының нормаларының бұзылуымен байланысты азаматтық құқықтық болып табылады. Уәкіл осыған байланысты діни қатынастар саласындағы заңнаманың бұзылуын аңғарған жоқ. Уәкіл мекемесіне есепті кезеңде «Церковь Саентологии Медеу» діни бірлестігі өкілінің Бостандық ауданы прокуратурасының және Алматы қаласы қаржы полициясының әрекеттеріне келіп түскен шағымын оның сұратуы бойынша Бас прокуратура қарады. Шағымда келтірілген дәлелдемелер расталған жоқ.

«Свидетели Иеговы» Діни Орталық ОВ – 156\6 мекемесінің бастығының Орталық өкілдіктерінің сотталғандармен кездесуіне тыйым салуына шағымданады. Қабылданған шаралар нәтижесінде аталған мекеменің және ҚАЖҚ басшылығы Орталық өкілдеріне колонияға баруға 2009 жылдың басынан рұқсат берді.

Уәкіл атына, сонымен қатар Қазақстандағы Бахаи Ұлттық Діни Жиналыстың иран түрмелерінде ұсталып отырған бахаистерді қорғау үшін мәлімдеме жасау өтініші бар хаты түсті. Аталған діни бірлестіктің атына бұл мәселе Уәкілдің құзырына жатпайтын болғандықтан шешілуі мүмкін емес деген жауап жіберілді.





    1. Азаматтардың мемлекеттік органдарға хат жазу құқығы


Жеткілікті тамақтану, киім, сапалы ауыз су, тегін және тиімді денсаулық сақтаудың кепілді көлемі, тегін орта білім, тиісті тұрғын үй және санитарлық гигиеналық жағдайларда өмір сүру лайықты өмір деңгейінің негізгі халықаралық өлшемдері болып табылады.

Осындай жағдайларды жасау және халықтың өмір сұру жағдайын қамтамасыз ету және аталған стандарттарға жақындату іс жүзінде жергілікті атұару органдарына жүктелген.

Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге барынша бағытталуын көздейтін мемлекетттік басқару саласын жаңарту да осы мақсаттарға жетуге бағытталған.

«Әкімшілік процедуралар туралы» Заңның 1- тармағына сәйкес мемлекеттік билік органдарының тиісті қызмет етуіне ықпал ететін әкімшілік процедураларға азаматтардың өздерінің құқықтарын іске асыру жөніндегі хаттарын қарау процедуралары, сондай ақ азаматтардың құқықтарын және заңды мүдделерін әкімшілік қорғау жатады.

Сонымен бірге осы салада күрделі мәселелер көп екенін мойындау қажет, оның куәсі біздің «құқықтық қорғау поштамыз».

Мысалы, есепті кезеңде жергілікті атқарушы органдарда әкімшілік ету мәселелерімен Уәкіл мекемесіне азаматтар мен ұйымдардан 92 хат түсті. Олардың әрбір үшіншісі тұрғын үй мәселесіне, ал әрбір тоғызыншысы тұрғылықты жерлерді жылумен, электр қуатымен және сумен жабдықтау мәселелеріне қатысты шағымды қамтыған.

Жергілікті мемлекеттік органдардың әрекеттеріне хаттардың маңызды бөлігін медициналық, білім беру, мемлекеттік тіркеу қызметтерінін ұйымдастырылуына, коммуналдық саланы үйлестіру мен басқаруға , сондай ақ әкімшілік аумақта мемлекеттік тұрғын үй құрылысын ұйымдастыруға қатысты шағымдар құрайды.

Аталған хаттардың мониторингісі олардың барлығы шағымданушылардың пікірінше өздерін «конституциялық құқықтары бар азаматтар» емес күндегі жақсылықтарды сұраушылар ретінде қарайтын жергілікті мемлекеттік құрылымдардың әрекетсіздігіне байланысты әбден төзімі біткендіктен құқықтық қорғау сатысына жіберіледі деген болжауды растайды.

Жоғарыда аталғанға сүйенсек, мәселенің осылайша қойылуы лауазымды адамдардың «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңмен көзделген өкілеттіктерін тиісті орындамауына байланысты.

Аудандық және ауылдық округтарда әкімшілік ету негізінен әкімдіктердің ксіпкерлік қызметті дамыту, жолаушыларды аудан ішінде қоғамдық тасымалдау, мемелкеттің қажеттігіне жер телімдерін сатып алу, апатты және ескі тұрғын үйлерді бұзу, тұрғын үй көмегін көрсету, заңнамаға сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарын баспанамен қамтамасыз ету үшін жағдай жасау жөніндегі қызметімен байланысты.

Келесі ұжымдық хат осының көрінісі.


Адам құқықтары жөніндегі уәкілге Қосшы кентінің оңтүстік кварталының тұрғындарынан электр қуаты, жылу және су және басқа да инфрақұрылымның жоқтығына және аудан әкімдігінің осыған байланысты шара қолданбауына шағым келіп түсті.

Уәкіл мекемесінің қызметкерлері арызды Ақмола облысы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының, Целиноград ауданы әкімі орынбасарының , Қосшы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушының қатысуымен комиссиямен сол жерге барып тексерген. Бұл ретте мыналар анықталған.

  1. жылы су құбырын салу үшін республикалық бюджеттен 270 млн. теңге бөлінген.

Целиноград ауданы әкімдігі мен «Альянсстройинвест» ЖШС арасында ауылдың құрылысы біткен бөлігінде су жабдықтау жүйесн салуға шарт жасалған, онда ұзындығы 9 км су құбырын өnкізу, 4  ұңғыма қазу, нсос станцияларын және екі резервуар салу жоспарланған. Бірақ тексеру сәтінде аталған көлемнен барлығы 3 км су құбыры салынған, ал басқа объектілерді салу әлі басталмаған. Комиссия ауылға келге сәтте су құбырында құрылыс жұмыстары мүлде жүрмеген, техника мен жұмысшылар құрылыста болған жоқ.

Аудан әкімінің орынбасары бас мердігермен келіссөздердің жалғасуымен және бүгінгі күні сот тәртібімен оны шешудің қажеті жоқ деп ақталды.

Осында жағдай электр қуатымен қамтамасыз етумен де қалыптасқан, нәтижесінде тұрғын ауданда электр жарығы болмаған. Жоғарыда аталған облыс басқармасының бастығы хабарлағандай, ҚР Энергетикалық саласын дамытудың 2007 – 2015 жылдарға арналған бағдарлама аясында электр қуатымен жабдықтау ТЭО әзірлеу үшін облыс бюджетінен өткен жылы 12, 1 млн теңге блінген. Бірақ оған сараптама жасау үшін тендер әлі өткізілген жоқ.

Тексеру сәтінде шағымданушылардың автокөлік жолы мен елордаға жолаушылар қатынасы жоғы да расталды.

Жоғарыда аталған тексеру нәтижелерінің негізінде азаматтардың лайық өмір сүруге бірқатар құқықтары бұзылған, Уәкіл осыған байланысты Ақмола әкімінің атына шағымданушылардың әлеуметтік мәселелерін шешу үшін тиісті шаралар қабылдау туралы ұсыныс жіберді.

Белгіленген тәртіпті бұза тұра аталған комиссия жұмысына қатысқан, ұжымдық арыздың себептерін зерттеген және анықтаған облыс әкімдігінің Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының қолымен аталған ұсынысқа жауап келген. Қолданған шара туралы ақпарат әлі түскен жоқ.

Басқа да ұқсас мысал мынаны көрсетті.


Уәкіл мекемесіне Өскемен қаласындағы Первая Коммунальная көшесі 20 үй тұрғындарынан қалалық мәслихаттың шешімімен 2001 жылы ескі және қиратуға жататын деп таныған үйде тұрудың қауіпті жағдайларына ұжымдық шағым келген.

Осы шағымды қарау үшін облыс әкімдігіне сұрату жіберілген, әкім орынбасары шағымданушылар көтерген мәселелер бойынша жауапта нақты түсіндіру бере алмаған.

Уәкіл жоғарыда аталғанның негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атына шағымданушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шара қолдану қажеттігі туралы ұсыныс жіберген.

Қала әкімі қол қойып жіберген жауапта бұл үй шынымен Ескі үйлерді жөндеу, бұзу және тұрғындарды апатты үйлерден көшірі жөніндегі 2001- 2009 жылдарға арналған қалалық бағдарламаға енген. Бірақ әкімдік бұл бағдарламаны орындай алмаған, сондықтан 20 үй келесі осындай 2007- 2009 жылдарға арналған жаңа бағдарламаға енген. Бұл ретте ікім өзінің жауабында «бағдарлама азаматтарды апатты үйлерге көшіру үшін үй құрылысына толық қаржыландырған жағдайда орындалатын болады» деген сілтеме жасаған.

Аталған ұжымдық арызды қарау нәтижелері бойынша жергілікті билік органдары бірнеше жылдар бойы әкімшілік процедуралар туралы зағнаманы, сондай ақ «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы » Заңның 31- бабының 1- тармағының 12-5) тармақшасын бұзып келгендігі туралы қорытынды жасауға болады.

Уәкілдің осы бағыттағы қызметі бойынша оң нәтижелерді де атап өткен жөн.



Уәкіл Атырау облысы Мақат кентінің КПД-5 үй тұрғындарының аудан әкімі осы үйдің су жабдықтау және кәріз су жүйесін жөндеу жөнінде тиісті шара қолданбағаны туралы ұжымдық арызы бойынша облыс әкіміне шағымданушылардың мәселесін шешуге кірісуі туралы екі рет ұсыныс берді.

Уәкілге Атырау облысы әкімі орынбасарының қолы қойылып келген соңғы жауапқа сәйкес «ККО Аджип» компаниясының спонсорлық қаражаты есебінен кенттің коммуналдық жүйесін жөндеу жөнінде шаралар қабылданды.

Азаматтардың хаттары арасында шағымданушылардың заңнамада белгіленген басшылардың қабылдауында болу құқығы бұзылатыны туралы шағымдар да бар.

Азаматша С. өзінің хатында алты ай бойы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі нің қабылдауына кіре алмай жүргені туралы шағымданды. Осы сұратуға аталған әкімдік аппаратының басшысы Уәкілге шағымданушы облыс әкімінің қабылдауына кіретін азаматтардың үстіміздгі жылдың ІІІ тоқсанына арналған тізімүне енгізілді деген жауап берді.

Осыған байланысты, «Әкімшілік процедуралар туралы» Заңның 19- бабына сілтеме жасай отырып, азаматтарды жеке қабылдау мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының міндетіне жатады деген сілтеме жасаумен облыстық әкімдікке Уәкілдің сұратуы жіберілді.

Жергілікті өкілді органдардың әрекеттеріне байланысты азаматтардың құқықтарының бұзылуы туралы Уәкіл атына азаматша И.ден жалғыз шағым келді, атап айтқанда ол 2007 жылы Павлодар қалалық мәслихаты қабылдаған шешімнің заңсыздығына назар аударады, онда Павлодар қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру ережелері бекітілген. Уәкілдің сұратуы бойынша облыс прокуроры жатақханада тұратын азаматтардың баспананы жекешелендіруге құқығын кемсітетін ретінде осы шешімге наразылық етіп күшін жойған.

Жергілікті мемлекеттік атқару саласындағы заңдылықтың жағдайы туралы айтсақ, бас прокуратурадан және Әділет министрлігінен алынған келесі статистикалық мәліметтерді түсідірме бермей ақ келтіруге болады.

2008 жылғы 11 айда жергілікті өкілді және атқару органдары республиканың прокуратура органдарының ауылдық (кенттік) округтер әкімдері шығарған 1660 акті, аудан әкімдерінің 1072 актісі, 24 облыстық деңгейдегі актілер бойынша енгізген наразылықтарын қанағаттандырған. Сонымен қатар облыстық және аудандық (қалалық) мәслихаттардың тиісінше 7 және 105 шешімдеріне прокурорлық наразылықтарды қанағаттандырды.

Хаттар мен прокурорлық шара қолдану актілері бойынша ауылдық округтер әкімдерінің 4442, аудандық (қалалық) әкімдердің 3319 актілері, сондай ақ облыстар, астана, алматы қалалары әкімдері шығарған 200 жуық актілер күшін жойған (өзгертілген).

2008 жылы орталық мемлекеттік органдар қабылдаған 143 актіні, және жергілікті өкілді және атқару органдары шығарған 584 актілерді мемлекеттік тіркеуден бас тартылған.

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңға сәйкес азаматтар мен адамның құқықтары мен бостандықтарына, сондай ақ кәсіпкерлікті реттейтін мәселелерге қатысты барлық актілер Әділет органдарында міндетті түрде тіркеуге жататыны белгілі.

Есепті кезеңде Уәкіл, нақты азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мүддесінде Шығыс Қазақстан, Атырау, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының әкімдеріне шағымданушылардың заңды құқықтарын бұзуға негіз болған себептер мен жағдайларын жою туралы ұсыныстар жіберген.
2007 жылғы есептегі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл облыстар, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне жіберген ұсыныстарын іске асыру туралы
2007 жылғы есепте облыстар, Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне әлеуметтік үлгідегі мекемелерде адам құқықтарын сақтау мониторингінде МЕҰ кеңестерімен ынтымақтастықты кеңейту ұсынылған.

Әкімдер аппараттарынан түскен ақпараттардың талдамасы, олар есепті кезеңде әлеуметтік салада азаматтық сектормен азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге және сақтауға ықпалдастықты жақсарту жөнінде белгілі бір бірлескен жұмыс атқарғандарын көрсетті.

Мысалы, облыс әкімдері жанындағы МЕҰ кеңестерінің отырыстарында «Облыстың әлеуметтік қызметкерлері көрсететін қызметтің сапасы туралы» (Ақмола облысы әкімінің жанындағы кеңес), «Әлеуметтік серіктестік және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мәселелері» (Қостанай облысы әкімінің жанындағы кеңес), «Қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындауы туралы» (Атырау және Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің жанындағы кеңестер), «Жалғыз аналардың Текелі қалалық кеңесінің есебі» және т.б.

Аймақтарда МЕҰ мемлекеттік қолдаудың жергілікті бағдарламалары іске асырылады.

Мәслихаттар жыл сайын МЕҰ әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде облыстық бюджеттен айтарлықтай қаражат бөледі. Мысалы, Батыс қазақстан облысы 2008 жылы әлеуметтік маңызды жобаларға 745 мың теңге бөлді.

Ақтөбе облысының әкімі облыстық сал ауруына шалдыққандарды қорғау қоғамының облыс орталығында жүруге жарамайтын адамдарға арналған үй салу туралы идеясын қолдаған.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының әкімдіктері мүгедектерге, әйелдерге, мигранттарға, жұмыссыздарға арнайы құқық негіздерін оқыту жөнінде өздерінің МЕҰ кеңестерінің қолдауымен өткізілген семинарлар, тренингтер, «дөңгелек столдар» туралы Уәкілге ақпарат жіберді.

Сонымен бірге Уәкілдің әлеуметтік мекемелерде мониторингтік жұмысты жандандыру және кеңейту қажеттігі туралы ұсыныстарын орындау үшін қабылданған нақты шаралар туралы мәліметтер Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің ақпараттарында ғана болды. Онда, атап айтқанда құқықтық қорғау қоғамдық ұйымдары өкілдерінің қатысуымен бас бостандығынан айыру және шектеу орындарына мониторнингтік баруларды ұйымдастырылғаны туралы хабарланған (колониялар, арнайы балалар мекемелері, қарттар үйлері және т.б.)

Жекелеген әкімдіктердің ақпараттарына сүйенсек, олар адам құқықтарын сақтау саласындағы мониторингтік жұмысты 2009 жылдан бастауды ойластырып отыр. Мысалы, Атырау облысының әкімдігі аймақта осы салада құқықтық қоғау қызметімен айналысатын қоғамдық бірлестіктің болмауын, Қарағанды облысының әкімдігі мониторингтік іс шаралар МЕҰ қолдаудың аймақтық жоспарында 2009 жылы ғана көзделгенін сылтау қылған.

2.6. Меншік құқығы
Негізгі халықаралық құжаттарда ең бастысы, Адам құқықтары жөніндегі жалпыға бірдей декларацияда әр адамның мүлікке, соның ішінде жерге иелік ету құқығы жария етіледі.

БҰҰдың Әлеуметтік прогресс және даму туралы декларациясының


6 - бабы әлеуметтік прогресс пен даму адам құқықтары мен негізгі бостандықтарына, әділдік және меншіктің әлеуметтік функциясы қағидаларына сәйкес барлығы үшін меншікке тең құқықты қамтамасыз ететін және адамдар арасында нағыз теңдікке әкелуге жағдай жасайтын жерге меншік нысанын бекітуді талап етеді.

Қазақстан Конституциясы жерге меншік құқығын, мүлік құқығының түрі ретінде таниды және қорғайды.

Сонымен бірге мемлекеттің азаматтардың жерге құқығын қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге шараларды қолдануында жер қатынастарын реттеу саласында даулы мәселелер де туындайды.

Есепті кезеңде уәкіл мекемесіне жер мәселелері бойынша 40 хат түсті.

Олардың әрбір үшіншісі бойынша заңнама, атап айтқанда жер телімдерін алып қою немесе автокөлік жолдарын салу үшін жер кеңейту тәртібі туралы, суды қорғау аумақтары объектілеріне қатысты жер құқығының мазмұны және т.б. туралы түсіндірілді. Өнеркәсіптік кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктердің, және басқа да шаруа бірлестіктерінің басшылары олардың жер пайларын алып қоюы фактілері бойынша шағымданушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша түсіндірмелер жіберілді.

Уәкіл Жер ресурстарын басқару агенттігімен, жергілікті атқару органдарымен және прокуратура және қаржы полициясы органдарымен 26 хат бойынша бірлескен шаралар қолданды.

Жер мәселелері бойынша келіп түскен хаттарды шартты түрде мынадай санаттарға бөлуге болады.

Өткізілген жер ресурстарын жария етуге қатысты шағымдар.

Есепті кезеңде, өткенмен салыстырғанда, мүлікті жария ету үшін белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты жария ету комиссиялары қабылдаған шешімдерімен келіспеу туралы шағымдардың түсуі азайды. Сонымен бірге комиссиялардың актілеріне сәйкес орын алған даулар бойынша шығарылған сот шешімдеріне, сондай-ақ Жылжымайтын мүлік орталықтарының жарияланған мүлікті тіркеуден бас тартуына арыздар жиі түсетін болды.

Осындай 7 шағым Уәкіл құзырына жатпайтындықтан мәні бойынша қаралған жоқ.

Жекелеген хаттар әкімдіктердің меншік құқығында емес, уақытша ақылы пайдалану құқығында жария етілген кейбір жер телімдерін ресімдеу тәртібін бұзғанына шағымдарды қамтиды.

Осындай мемлекеттік басқару органдарының заңды шешімдеріне шағымданулар, біздің ойымызша, негізінен азаматтарға жария ету кезінде жер заңнамасын білікті түсіндірудің жеткілікті болмауынан туындаған.

Мысалы, «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық туралы» Заңның 1-бабына сәйкес «мүлiктi жария ету - табысты жасыру мақсатында заңды экономикалық айналымнан шығарылған және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ресiмделмеген не тиеcілі емес тұлғаға ресiмделген мүлiкке құқықтарды мемлекеттiң тану рәсiмi.».

Азаматтық кодекстің 188-бабының 2 бөлігіне сәйкес ондай құқықтар: жария етілген жер телімін иелену құқығы, пайдалану құқығы және билік ету құқығы.

Үкіметтің «Мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық туралы» Заңға сәйкес жария етілген жер телімдеріне құқықтарды ресімдеу тәртібінің


9-бабымен ұсынылған құжаттарды жария ету комиссиясының қарау нәтижесі бойынша жер теліміне құқық белгілену керек деп бекітілген. Бұл ретте комиссиялар тиісті құжаттарды мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорынға құқықты растау құжатын (жер теліміне жеке меншік құқығы актісі немесе жария етілген жер телімдеріне уақытша ақылы (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға беру)) құқығына акті) дайындау үшін жіберуге тиіс болған.

Аз. Д-ның оның жерге меншік құқығының бұзылуы туралы арызын осындай шағымдардың мысалы ретінде келтіруге болады.



Шағымның мазмұнынан ол саябақ теліміне құқықтарын жария ету кезінде, әкімдік осы телімді уақытша ақылы пайдалануға акт берген. Шағымданушының ойынша әкімдік оған меншік құқығы туралы акт беруі тиіс.

Шағымды тексеру барысында әкімдіктің шешімі заңды болғаны анықталды, себебі оның саябақ телімінің көлемі оны жеке меншікке ресімдеу үшін жер кодексінің 50-бабымен белгіленген көлемнен асып кетеді.

Құқықтық түсіндіру жұмысына келсек, қарапайым азаматтар үшін бүгінде үнемі өзгере беретін жер кодексімен реттелетін жер қатынастар механизмін өзіндік түсіну оңайға соқпайды. Конституциялық Кеңес өзінің өткен жылдағы Жолдауында аталған кодекске тек 2007 жылы 10 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Азаматтар үшін тағы бір өзекті мәселе, ол мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімдерін ықтиярсыз алып қою кезінде өтемақы алу құқықтарының бұзылу мәселесі болып отыр.

Бұл ретте осындай арыздардың сипаты шағын өзгерді. Егер бұрын азаматтар алып қойылған телімнің бағасына қанағат болмаса, қазір олар «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 29-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, 119-1-бабына сәйкес олар өтемақы алмайтынына, сондай ақ алып қоюға тағайындалған жер телімдеріндегі мүліктің сақталуының қамтамасыз етілмеуіне шағымданады.



Мысалы, аз. Г. Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының шешімімен мемлекеттің қажеттігі үшін жер телімін алып қоюына байланысты оған 28,4 млн тенге сомада өтемақы төлеу туралы сот шешімінің орындалмауына шағымданды.

Уәкілдің сұратуы бойынша шағымды Астана қаласының прокуратурасы мен Сот әкімшілігі жөніндегі комитет (бұдан әрі - Комитет) тексерген.

Комитет өзінің Уәкілге жіберген жауабында сот актісін орындау қиын болып отыр, себебі атқару парағында борышкер ретінде қала әкімі көрсетілген.

Сонымен қатар, «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға сәйкес не әкім, не әкімдік қарыздар бойынша өзінің мүлкімен жауап беруге қабілетті заңды тұлға болып танылмайды, және банкте дербес есеп шоттар ашуға құқылы емес.

Осыған байланысты 2008 жылғы шілдеде сол сотқа сот орындаушының борышкерді әкімнен Тұрғын үй департаментіне ауыстыру туралы ұсынысы қанағаттандырылған жоқ. Бұл ұйғарым сот орындаушысының арызы бойынша қалалық соттың азаматтық істер коллегиясының қаулысымен күшін жойды.

Жаңадан қарау кезінде ұсыныс қанағаттандырылып, Г. пайдасына Тұрғын үй департаментінен жоғарыда аталған сомада ақшалай өтемақы өндіріп алу туралы атқару парағы берілді.

Өткен жылдың қараша айында сот орындаушысы аталған департаменттің есеп шотына өкім орналастырды.



Азаматша Б. мемлекеттің қажеттігі үшін оның отбасынан сот тәртібінде жер телімін алып қоюына байланысты жер кодексінің 87-бабында көзделген өтемақы алу құқығының бұзылуы туралы шағымданған.

Бас прокуратура біздің сұратуымыз бойынша азаматтық іс материалдарын тексеріп, сот, ҚР АПК 236-бабының талаптарын (шешімді орындау) бұза отырып, мәжбүрлеп шығару, сондай ақ жер телімі иелеріне мәжбүрлеп сатып алған үшін ақшалай өтемақы туралы атқару парағы жазылмаған.

Осыған байланысты Алматы қаласының Медеу ауданы прокуратурасы аталған ауданның сот төрағасына қатысты заң бұзушылықты жою туралы нұсқама жасалды.

Біздің сұратуымыз бойынша қала әкімдігі де «Темір плюс ЛТД» ЖШС қатысты алып қойылатын мүлікке кейін иелеріне төлеу үшін өтемақы сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап арыз берді.

Қалыптасқан құқықтық жағдайда мемлекеттік органдар жанында жоғарыда аталған АҚ сияқты коммерциялық ұйымдардың қызмет ету қажеттігі күмән тудырады, оларға мемлекеттік органдар делдалдық функцияларды жүктейді.

Сонымен қатар, азаматтардың қазір елордада «Квартирное бюро», ал Алматыда – «Алматыжер» болып акцияланған бұрынғы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың әрекеттеріне шағымдар тоқтамай отырғанын атап өткен жөн.

«Әкімшілік – құрылысшы – жер иесі» механизмінде, біздің ойымызша басқа қатысушы болмауы тиіс. Жер телімінің иесі үшінші тұлғалардың қатысуынсыз құрылысшымен тікелей жер телмінің құны, және оны төлеу тәртібі мен шарттары туралы келісе алар еді.

Азаматтар үшін жерді мемлекеттің қажеттігіне алып қою кезінде иесіне өтемақы төлегенге дейін онда тұрған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету тағы бір мәселе болып отыр. Бүгінгі күнге дейін осы мәселе заңнама нормаларынан және құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалып отыр.



Уәкіл атына аз. Т-тың шағымы түсті, оның саябақ жер телімі мемлекеттің қажеттігіне алып қоятын деп болжанған жерде орналасқан. Оған иегер ретінде ешқандай хабарламаусыз телімде іздестіру жұмыстары жүзеге асырылған. Бұл ретте оның теліміндегі саябақ үйі қиратылған, ал жер теліміне өтемақы төленбеген.

Уәкілдің сұратуы бойынша астана қаласының әкімдігінен шағымданушының жер телімі осы уақытқа дейін әкімдікте заңнамалық тәртіппен алынып қойған деп саналмайды.

Осыған байланысты Астана қаласының прокуратурасына қосымша сұрату жіберілген, ол әкімдіктің тиісті шешімі болмастан шағымданушының саябақ үйін қирату фактісі бойынша материалдарды қаланың ішкі істер департаментіне жіберді. Соңғысы істің материалдары бойынша тергеуге дейін тексеруді тағайындаған, оның қорытындысы бойынша анықталмаған адамдардың әрекеттерінде қылмыстық жазалау әрекеттің белгілері болмауына байланысты қылмыстық іс қозғаудан бас тартылды.

Әкімдіктер мен жер қатынастары бөлімдері жер телімдерін арызданушылардың атына тіркеуден, құқықты куәландыратын құжаттарды беруден бас тартып жерге құқықтарын бұзғаны туралы шағымдарды, сондай ақ жерге мемлекеттік актіде көрсетілген жер телімінің көлемі пайдалану шарттарда көрсетілген көлемдерге сәйкес келмейтініне шағымдарды жеке дербес топқа бөлуге болады.

Осындай 24 шағым түсті.



Мысалы, аз. К. Уәкілге Алматы қаласының әкімдігі Жер кодексінің 16-бабының
2 бөлігін бұза отырып, оған жеке меншік құқығын ресімдеуден бас тартқанына шағым жолдаған, аталған Кодекстің 3-бабына сәйкес ол 30 жылдан астам осы жер телімін пайдаланады. Шағымданушының айтуынша, әкімдіктің бас тартуы заңда емес, себебі оның жер телімі бойынша көршілері алдыңғы жылдары өздерінің жерлеріне меншік құқығы туралы актілер алған.


Құзырлы орган уәкілдің сұратуы бойынша шағымданушыға тиесілі жер телімі әкімдіктің 2007 жылғы шешімімен белгіленген суды қорғау аймағында орналасқанын анықтады. Осыған байланысты Су кодексінің 119-бабының 1-тармағына сәйкес бұл жер телімін шағымданушыға жеке меншікке беру мүмкін емес.

Су кодексінің аталған бабы азаматтарға осындай телімдерді заңнамада белгіленген тәртіппен шаруашылық қызмет режиміне қойылатын талаптарды сақтау шартымен тек уақытша пайдалануға беруге мүмкіндік береді.

Азаматтардың жер теліміне меншік құқығын растайтын құжаттарды ресімдеу мерзімдерінің созылуына жекелеген шағымдар түсті.

Жер кодексінің 43-бабына сәйкес жер теліміне меншік құқығын беру туралы өтініштер түскеннен кейін екі ай ішінде қаралады. Әкімнің жер теліміне меншік құқығын беру туралы шешімі тиісті уәкілетті орган бекіткен жер құрылысы жобасы түскен сәттен бір айға дейінгі мерзімде қаралуы мүмкін.

Сонымен бірге, өтініш берушілерге қандай мерзімде меншік құқығы туралы актілер берілуі мүмкін екені заңнамада бекітілмеген. Осыған байланысты мерзімдерді жергілікті әкімдіктер, Қазақстан Ресупубликасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілі стандартын бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысына сәйкес мемлекеттік қызметтер стандартын қабылдау арқылы дербес белгілейді.

Жер теліміне жеке меншік құқығына, жерді тұрақты пайдалану құқығына, жерді уақытша ақылы (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) пайдалану, және ақысыз пайдалану құқықтарына актілерді ресімдеу тәртібі мен шарттарын бекіту туралы стандарттар (мысалы, «Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 125, 2008 жылғы 8 сәуірдегі № 527 , Орал қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі № 993 және т.б қаулылары) барлық облыстарда бекітілген. Бірақ, келіп түскен шағымдар жер теліміне меншік құқығын растайтын құжаттарды ресімдеу мерзімдерін белгілеу мәселесі қайта қарауды талап етеді. Немесе жергілікті мемлекеттік органдардың құқықтық қолдану практикасын түзету талап етіледі.



Аз. Б-ның Қызылорда қаласының әкімдігі белгіленген тәртіпте алған жер теліміне меншік құқығын растайтын құжаттарды ресімдеу мерзімдерін негізсіз созуы туралы шағымын осыны растау ретінде келтіруге болады.

Шағымданушыға құжаттарды беру мерзімі екі айдан артық созылуының себебі түсіндірілмеген. Мәселелерді шешуді осылай созбалауы әдетте, шағымданушылардың пікірінше сыбайлас жемқорлыққа себеп болады. Уәкілдің әкімдікке берген сұратуына қалалық жер қатынастары бөлімінде шағымданушыға жер теліміне идентификациялық құжат берілді, шағымданушы жергілікті әділет органдарына жылжымайтын мүлікті тіркеуге жолданды.



2.7. Азаматтардың баспанаға және өмір сүру жағдайларын үзіксіз жақсартуға құқығы
Экономикалық , әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы әркімнің өзінің және отбасының лайықты өмір сүру деңгейіне, баспанаға және өмір сүру жағдайын үзіксіз созуға құқығын қоса алғанда, құқықтарын таниды.

Конституцияның 25-бабының 2-тармағына сәйкес «Қазақстанда азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету жөнінде жағдайлар жасалады».

Жергілікті мемлекеттік басқару туралы және тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама азаматтардың тұрғын үй құқықтарын реттеу мәселелерін, атап айтқанда мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы бар адамдарды есепке алуды, осындай баспананы беруді, апатты және ескі үйлерді бұзуды ұйымдастыруды, тұрғын үй көмегін көрсетуді, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруды, құрылыс жобаларының іске асырылуын қадағалауды, салынып жатқан объектілердің, олардың сапасымен құрылыс барысының мониторингін жүзеге асыруды жергілікті атқару органдарына жүктеді.

Талдау көрсеткендей, Уәкілге келіп түскен азаматтардың тұрғын үй құқықтарының бұзылуы туралы хаттары жергілікті әкімдіктердің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) туындаған.

Есепті кезеңде Уәкіл мекемсіне жоғарыда аталған мәселелер бойынша азаматтар мен ұйымдардан 110 хат түсті, олар өсу үрдісінде және халықтың әлеуметтік наразылығының негізгі себептерінің бірі ретінде қаралуы мүмкін.

Осындай шағымдарға себеп болатын негіздерді, жағдайлар мен факторларды жан жақты талдау, оларды шартты түрде келесі топтарға бөлуге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет