Қазақстанда Адам құқықтары жөніндегі уәкіл А



жүктеу 1.74 Mb.
бет6/11
Дата09.09.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Білім министрлігі жүйесіндегі оқу орындарындағы лауазымды адамдардың еңбек заңнамасын бұзуына мынадай оқиғаларды келтіруге болады:

Уәкіл Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қызыл жұлдыз ауылындағы Н.Ақшабаев атындағы орта мектеп директорының іс-әрекетіне аз. Ж-дан шағым алады. Соңғы осы қызметте болған 3 жылда жаңадан 79 мұғалім қабылданған, 45-і түрлі себептермен шығарылған. Өтініш иелері мектептегі оқу процесінің ұйымдастырылуы мен сапасына да шағымданды. Арыз иесі шағымында өзінің жұмыстан заңсыз шығарылғандығын және директордың тарапынан қол жұмсалатындығын көрсетті.

Уәкілдің сауалы бойынша шағымды Білім және ғылым министрлігі комиссиямен тексереді. Тексеру нәтижесінде директордың құқыққа қарсы әрекеттері расталды. Байзақ аудандық ІІБ мектеп директорына қатысты қылмыстық іс қозғап, сотқа жібереді.

Жұмысын қалпына келтіру бөлігінде, арыз иесіне талап арызбен сотқа жүгіну тәртібі түсіндірілді.




Тағы бір шағым Уәкіл мекемесіне Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Т.Әубәкіров атындағы орта мектептің мұғалимасынан осы мектеп директорының оны заңсыз шығарғандығы, оған оның біліктілігіне сәйкес келмейтін жалақы белгілегендігі, сондай-ақ мектепте директордың тиісті бұйрығы шығарылмастан мүғалімдерді аттестаттау комиссиясының жұмыс істейтіндігі, жоғары тұрған білім беру органдарына мектеп басшысының ұсынған ақпараттарының бұрмаланғандығы туралы келіп түсті.

Уәкілдің сауалы бойынша осы шағымды Білім және ғылым министрлігі комиссиямен тексереді. Тексеру нәтижесінде шағымда жазылған фактілер расталды.

Мектеп директоры еңбек, білім және әкімшілік рәсімдер туралы қолданыстағы заңнаманы өрескел бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал арыз иесіне келісу комиссиясының шешімімен оның жұмысын қалпына келтіру мерзімінің өтуіне байланысты жұмыстан шығару туралы бұйрыққа сотта шағым беру тәртібі түсіндірілді.

Азаматтардың еңбек құқықтарын сақтау мәселелерін зерделеу кезінде осы саладағы бұзушылықтар мен кемсітушіліктер туралы барлық шағымдардың дерлік авторлары әйелдер екендігі назар аудартады.

Олардың құқықтарына тек жұмысқа қабылдау-шығару кезінде ғана емес, сонымен бірге, мысалы, жалақы мөлшерін белгілеуде, әсіресе жеке құрылымдарда, еңбек демалысын беру, штат санын қысқарту кезінде қысым жасалады.

Мәселен, Еңбек кодексі қолданысқа енгізілгеннен кейін еңбек туралы бұрынғы заңда белгіленген 18-дің орнына 24 күнтізбелік күнге демалыс беруден бас тартылған шағымдар жиілеп кетті.

Бұл ретте бұзушы - жұмыс берушілер арыз иелерімен еңбек шарттары аталған Кодекстің қолданысқа енгізілгеніне дейін жасалғандығына заңсыз сүйенуде.



Мысал ретінде аз. А-ның шағымын келтіруге болады. Шағымда жүкті әйел ретінде оған өз еркімен жұмыстан шығу туралы өтініш жазуға және қызметінен шеттетуге мәжбүр етуден, тиісті өтініші болмаса да, жалақысының мөлшерін азайтудан көрінген оның еңбек құқықтарын бұзу фактілері көрсетілген.

Арыздың мазмүнынан түсінікті болғандай, жоғарыда көрсетілген әрекеттерді «31арна» ТРК Медиахолдингінің басшылығы арыз иесінің оларға өзінің жүктілігі туралы хабарлағаннан кейін қабылдаған.

Уәкіл Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментіне тек еңбек заңнамасының нормаларын ғана емес, сонымен бірге ананың құқықтарын қорғау саласындағы қолданыстағы халықаралық стандарттарды, атап айтқанда Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның 11-бабының 2-тармағын бұзғандығы көрсетілген сауал жолдайды. Аталған норма мемлекетті жүктілік негізінде жұмыстан шығаруға тыйым салу шараларын қабылдауды міндеттейді.

Уәкілдің сауалы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторының жүргізген тексеруі барысында арыз иесінің құқықтары қалпына келтірілді.

Уәкіл еңбек заңнамасы мәселелері жөніндегі әрбір үшінші өтініш бойынша, соның ішінде шетелдіктердің мүддесі үшін жазбаша түсіндірулер жіберіп отырды.

Атап айтқанда, «GSM Телеком плюсKZ» ЖШС-да еңбек міндеттерін орындау кезінде ұлы қаза тапқан аз. С-ның мүддесімен жүгінген және осы бақытсыз оқиғаны тергеу кезінде қазақстандық тарапқа Тұрғылықты мемлекетiнен тыс жерлерде жүрген кезде қызметкерлердiң өндiрiстегi жазатайым оқиғаға ұшырауын тергеудiң тәртiбi туралы келiсiмнің нормаларын қолдануды ұсынған Украина Адам құқықтары жөніндегі уәкілге осы халықаралық шарттың бұл жағдайда қолданылмайтындығы түсіндірілді, өйткені қаза тапқанның Қазақстанда жұмыс істеу үшін іссапарға жіберілген адам деген мәртебесі жоқ.



2.9. Зейнетақымен қамсыздандыру құқығы
2008 жылы мемлекет Басшысының тапсырмаларына сәйкес зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу үшін қабылданған табысқа шектеу 15 еседен 25 есеге дейінгі АЕК-ге көбейді. Есептік кезеңде, алдыңғы жылдардағыдай зейнетақы төлемдерін арттыруға негіз үшін көрсеткіштер ретінде экономикалық қызмет түрі, есептеу коэффициенттері, жоғарыда аталған шектеудің артуы ескерілген орташа айлық жалақы қабылданды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бекітуіне сәйкес зейнетақыны қайта есептеу нәтижесінде есептік жылы зейнетақы төлемдерін алушылардың құрылымы «өзгерді»: ең төменгі мөлшерде алушылардың үлесі 2,6%, орташа зейнетақыға дейін 52 % зейнеткер алды, 45,3 % зейнеткер ортадан жоғарыға және одан жоғарыға дейінгі деңгейде зейнетақы төлемдерін алды.

2008 жылдың басында нақты қалыптасқан тұтыну бағасының индексін ескере отырып, базалық әлеуметтік индикаторға – ең төменгі күнкөріске тиісті түзетулер енгізілді. Бұрын белгіленген күнкөріс деңгейінің шамасы – 10515 теңге 12025 теңгеге көбейді, осыған байланысты базалық зейнетақы төлемі 600 теңгеге өсті (14,4 %).

Сонымен бірге былтырғы жылы зейнеткерлерден Уәкілдің алған өтініштерінің, сондай-ақ ресми көздер мен бұқаралық ақпарат құралдарынан келіп түскен мәліметтердің мониторингі мемлекет үшін өте маңызды салада проблемалардың бар екендігін айғақтайды.

Есептік кезеңде Уәкіл мекемесіне зейнеткерлерден 46 өтініш келіп түсті. Оның 38-і зейнетақы тағайындау және қайта есептеу кезінде әлеуметтік әділдіктің сақталмауынан олардың лайықты өмір сүру құқықтарын бұзуға қатысты шағымдар. Мұндай беталыс зейнеткерлердің шағымынан жылдан жылға тұрақты қалып отыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Уәкіл мекемесінің арасында қалыптасқан зейнетақы мөлшеріне немесе зейнетақы төлемдеріне жүргізілген қайта есептеуге шағымдар бойынша бірлесіп жұмыс істеу практикасына сәйкес сауалдар аталған министрлікке жіберілді.

Көптеген жағдайларда Министрлік жүргізілген қайта есептеу мөлшерін белгілеу кезінде жергілікті әлеуметтік қорғау органдарының дұрыстығы мен объективтілігін растады.

Уәкілдің атына «Поколение» Қауымдастығы зейнетақы саласында орын алған шешімдерге жәрдемдесуді өтініп, бірнеше мәрте жүгінді.

Көрсетілген қоғамдық ұйымның негізгі талабы 2003 жылғы 1 маусымнан бастап зейнетақы төлемдерінің мөлшерін арттырудың үкіметтік ережесін негізге алған қолданыстағы салалық әдістеменің күшін жою болды.

Осы әдістемеге сәйкес 2008 жылға зейнетақыны қайта есептеу кезінде экономикалық қызмет түрі бойынша орташа айлық жалақы алдыңғы 2007 жылдың орнына 2002 жыл ескерілген.

Мұндай жағдайда еңбек өтілінің базалық коэффициентін 0,75-ке дейін шектегеннен 1998 жылдың басында зейнетке шыққан зейнеткерлерге қысым жасалған.

Зейнеткерлердің пікірі бойынша олардың жағдайы тек осындай коэффициент шегін белгілегеннен ғана емес, сонымен бірге зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеу жұмыста болған үзiлiстерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс үшiн орташа айлық табыс негiзге алына отырып, 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асырылатындығын белгілейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 13-бабының 2-тармағына байланысты кемсітіліп отыр. Мұндай амал мемлекеттік кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы салдарынан жұмыссыздар көбейген 90-шы жылдардың екінші жартысында зейнеталды кезеңіндегілердің жағдайын қиындатып жіберді.

Сонымен бірге заңның жоғарыда аталған нормасын ТМД елдерінен келген және Қазақстанда зейнетақыларын ресімдеген зейнеткерлерге қолданған кезде «ТМД-ға қатысатын мемлекеттер азаматтарының құқықтарына кепілдіктер туралы» Келісімге қайшы екендігі анықталды.

Жоғарыда аталған Ережеге сәйкес зейнетке шығатын кезеңде табысы 15 АЕК болған зейнеткерлерде зейнетақы тек 9 пайызға индекстелді. Соның нәтижесінде қайта есептеуге дейін ең жоғары зейнетақы алған адамдар одан кейін ең төменгі немесе орташа мөлшердегі зейнетақыны ала бастады.

Есептік жылы зейнетақы мөлшерінің көбеюі бюджеттік және аграрлық салаларда жұмыс істеген зейнеткерлерге әсер еткен жоқ.

Зейнеткерлердің шағымдарына жасалған талдау қайта есептеудің салалық әдістемесі өздерінің еңбек қызметін соғыс жылдарында бастап, кеңестік қайта құру кезеңінде аяқтаған ардагерлердің экономикалық қызмет түрін айқындауда да түсініспеушіліктерге әкеп соқтырғанын көрсетті.

Соның нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыс өтілі мен сипаты бірдей бола тұрып, зейнетақы сомасы бойынша әртүрлі ала бастады.

Аталған үшжақты кездесуде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Үкіметтің тапсырмасы бойынша әзірленіп жатқан осы мәселеде сараланған амалды қамтамасыз етуге бағытталған зейнетақыны қайта есептеудің тұжырымдық жаңа тетігі туралы қатысушыларға мәлімет берді.

Зейнеткерлер шағымдарының белгілі бір бөлігі зейнетақы заңнамасында көзделген жекелеген санаттағы азаматтардың жеңілдіктерге құқықтарын бұзуға байланысты.

Осындай шағымдардың тобына мысал ретінде Жамбыл облысы Мерке ауданының Кеңес ауылында тұратын ерлі-зайыпты Б-дан түскен құқықтық ахуалды келтіруге болады.

Ерлі-зайыптылар алты баланы, соның ішінде неке және отбасы туралы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен асырап алынған екеуін бағып өсірді.





Анықтама:

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң

   9-бап. Орталықтан зейнетақы төлемдерiн тағайындау



3. 5 және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 50 жасқа толғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы алуға құқылы, аталған зейнетақы жасы 1998 жылғы 1 шілдеден бастап жыл сайын 6 айға өсіп отырады, бірақ тұтас алғанда 3 жылдан аспауға тиіс.




2005 жылдың қыркүйегінде азаматша Б. 50 жасқа толған соң, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 9-бабы 3-тармағын басшылыққа ала отырып, уәкілетті жергілікті мемлекеттік органға толық көлемде зейнетақы тағайындау үшін жүгінді. Алайда көрсетілген заңға сәйкес зейнетке шығу үшін жеңілдіктері бар аналар санатына жатпайды деген уәждемемен бас тартылады (кемінде 5 туған баласы бар).

Ерлі-зайыптылар талап арызбен және шағыммен жүгінген аудандық сот пен прокуратура органдары жергілікті әлеуметтік қорғау органының әрекеттерін заңды деп таныды. Заңнамада асырап алынған балалар жеңілдікті жағдайларда зейнетке шығу кезінде туған балаларымен бірдей есептелетіндігін бекітетін норманың жоқтығынан, жеңілдікті жағдайларда зейнетақы алуға көпбалалы ана ретінде өтініш иесінің құқығы зардап шекті.

Дегенмен, Ресей мен Украинада заңның осындай нормасы нақтыланғанын және мұндай жағдайда асырап алынған балалар, егер асырап алу баланың 8 жасқа толуына дейін болғанда ғана туған балаларымен бірдей ескеріліп белгіленгендігін атап өткен жөн.

Ішкі істер органдарының зейнеткері болып табылатын аз. .Ж-тың арызын мысалға келтірейік.

2007 жылдың қарашасында ол көшіп-қону визасымен АҚШ-тағы қызына барады. Ол барар алдында қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзіне Қазақстан азаматтығын сақтай отырып, тіркеу есебінен шығады. Осыған байланысты Алматы қаласы ІІД Қаржылық қамтамасыз ету басқармасы оған зейнетақы төлеуді тоқтата тұрады.

Алайда, отбасылық себептермен зейнеткер 20 күн өткен соң Қазақстанға оралып, зейнетақы төлеуді қалпына келтіруге жүгінді, бірақ оған бас тартылады.

Осыған байланысты басқарманың әрекеттері үшін прокуратура органдарына, соның ішінде Бас прокуратураға бірнеше мәрте шағыммен жүгінеді. Бас прокуратура оның шағымына жауапта Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылға 25 тамыздағы № 819 қаулысымен бекітілген Мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан төленетiн зейнетақы төлемдерiн, мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және төлеудi жүзеге асыру ережесiнің 39-тармағына сүйеніп, зейнеткерге әлеуметтік қамтамасыз ету бөліміне АҚШ-тан осы елде болған 20 күнде оның зейнетақы мен жәрдемақы алмағандығы туралы анықтаманы беруді ұсынды.

Өтініш иесінің зейнетақыға құқығын қалпына келтіру үшін Уәкіл туындаған ахуалды шешу жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бірнеше мәрте сауал жолдады. Бірнеше айларға созылған хат алмасудың нәтижесінде ЕХӘҚМ Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті басқа мемлекетте зейнетақы тағайындау рәсіміне 20 күннен артық мерзім талап етілетіндігін мойындады. Осыған байланысты аталған ведомство Ішкі істер министріне анықтаманы талап етпестен зейнетақы төлеуді қалпына келтіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ардагердің зейнетақы төлемі қалпына келтірілді.

Есептік кезеңде шетелге тұрақты тұруға кеткен, Қазақстан азаматтары болып табылатын, зейнетақымен қамсыздандыру проблемаларын көтерген адамдардың өтініштері көбейгендігі (28) байқалады.



Атап айтқанда Германияда тұрақты тұратын Қазақстан аз. Р. Қазақстан азаматтары тұратын жеріне қарамастан, 250 мың теңгеден асатын біржолғы жинақ сомасын ала алмайтындығын белгілейтін «Зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға және Кесте бойынша зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн есептеуді жүзеге асыру әдiстемесiне сүйеніп, Халық банкі зейнетақы қорының жинақталған зейнетақы сомасын толық көлемде бас тартуына келіспейтіндігі туралы шағыммен жүгінді.

Уәкіл мекемесіне алдыңғы жылдардағыдай Байқоңыр қаласының аумағында тіркелген Қазақстан азаматтарынан шағымдар келіп түсті.

Аталған қаланың аумағында тіркелген Қазақстан азаматтары Ресей Федерациясының федералдық бюджетінен зейнетақы алады. Алайда, басқа елді мекендерге тұрақты тұруға кеткен кезде оларға қазақстандық заңнамаға сәйкес ең төменгі зейнетақы белгіленеді. Бұл олардың қазақстандық зейнетақы қорларына ешқандай зейнетақы аудармайтындығымен байланысты. Жұмыс берушілер, керісінше, өз заңнамасына сәйкес Ресейдің зейнетақы қорларына қажетті қаражат аударады.

Байқоңыр зейнеткерлерінің проблемаларын Уәкіл өзінің есептік баяндамаларында 3 жыл бойы көтеріп келеді. Мәселен, 2006 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тиісті Ұсынымдар жіберілді, атап айтқанда:


  1. Байқоңыр қаласының аумағында жұмыс істейтін қазақстандық азаматтардың зейнетақы аударымдарын қазақстандық зейнетақы қорларына аударуға қатысты халықаралық шарттарға өзгерістер енгізудің мақсатқа сәйкестігін қарастыру;

  2. Ресейлік мекемелер іске асыратын әлеуметтік бағдарламаларды қазақстандық тараптың бірге қаржыландыру тәртібін нақтылау;

  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында жасалған «Байқоңыр» кешенінде тұратын және/немесе жұмыс істейтін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы азаматтарының әлеуметтік кепілдіктері туралы келісімді тараптардың әлеуметтік көмек көрсету міндеттерін бекіту бөлігінде қайта қарау ұсынылды.

Байқоңырдағы қазақстандық азаматтардың жоғарыда көрсетілген проблемаларына Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі де өзінің кезекті Жолдауында алаңдаушылық білдірді. Қазіргі күнге дейін «Байқоңыр» ғарыш айлағын жалға берудің нормативтік құқықтық базасын құрайтын келісімдерді Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру процесі аяқталмағанын атап өтті.

Зейнеткерлердің өз өтініштерінде алаңдаушылық туғызатын тағы бір проблемасы жинақтаушы зейнетақы қорларында қалыптасып келе жатқан ахуал болып табылады. Банк саласындағы дағдарыстан туындаған осы қорлардың табысының түсуіне байланысты олардың кейбіреулері өз салымшыларына инвестициялық табыс аударуды қойды. Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының ресми тұжырымына сәйкес жекелеген зейнетақы қорларының активтері клиент алдындағы міндеттемелерді жаппайды. «Панорама» газетінде берген өз сұхбатында «Ұлар Үміт» ЖЗҚ АҚ басқарма төрағасы жалпы республикада соңғы он жылда жұмыс істеп келген қор мен зейнетақы жүйесіндегі дағдарыс 2008 жылдың қазанында сезіліп, қордың табысы 10 %-ға түскенін мойындады.



2.10. Денсаулық сақтау құқығы
Денсаулық сақтау құқығы Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің 12-бабында және Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабында танылған.

2008 жылы республиканың денсаулық сақтау саласы жұртшылық пен мемлекет Басшысының ерекше назарында тұрғаны белгілі.

Көптеген тексерулер денсаулық сақтау саласында заңдылықты бұзушылық жүйелі әрі күнделікті фактіге айналғанын көрсетті. Осыған байланысты қарашада ел Президенті денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте саланың жұмысын қатты сынады және қалыптасқан ахуалды түзету жөніндегі бірқатар түбегейлі бағдарламалық міндеттерді жеке қойды.

Уәкілдің атына былтырғы жылы келген денсаулыққа конституциялық құқықтарын бұзғандығы туралы 31 өтініш жоғарыда жазылғандарды толық растайды.

Өз өтініштерінде арыз иелері негізінен алған ем-домдарының сапасына, диагноздың қойылуына, МӘСК-тің мүгедектік тобын тағайындаудан бас тартуына келіспейтіндіктерін көрсеткен.

Әйелдер мен олардың жақын туыстарынан жас босанған аналардың өліміне әкеп соқтырған перзентханалардың жұмысына және медқызметкерлердің әрекеттеріне, сондай-ақ емдеу барысында жол берілген санитарлық-гигиеналық нормалар мен ұйғарымдардың бұзылуына, мемлекет кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін заңсыз ақы алуға шағымдар келіп түсті.

Бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне шыққан мақалалар мониторингінің, сондай-ақ әйелдер мен балалардың денсаулық сақтау құқықтарына қатысты мәселелер бойынша нақты адамдардың шағымдарын зерделеу негізінде 2008 жылғы қазанда Уәкіл Денсаулық сақтау министрінің атына балалар өлімінің алдын алу және перзентханаларда медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жедел шаралар қабылдау туралы ұсыным жіберді.

Ұсынымда 2008 жылдан бастап елде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандарттарына сәйкес тірі туудың жаңа өлшемдерінің енгізілуі денсаулық сақтау жүйесінің нәрестелерді күтуге дайын еместігін, сондай-ақ медқызметкерлердің біліктілігі мен қажетті медициналық жабдықтардың жоқтығын анықтағаны атап айтылды. Ана мен бала өлімі фактілерін жасыру практикасы, медицина саласын коммерцияландырудың теріс әсері де көрсетілді.

Аталған ұсынымдарда Уәкіл жалпы қабылданған әлемдік стандарт талаптарына сәйкес лайықты денсаулық сақтауға азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар кешені жазылды.

2.11. Мүгедек және психикасы бұзылған

адамдардың құқықтары
БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылдың желтоқсанында дене, ақыл-ой және сенсорлық ауытқу түрлерімен ауыратын адамдардың құқықтарын қорғайтын әлемдегі алғашқы жан-жақты халықаралық-құқықтық құжат деп танылған Мүгедек адамдардың құқықтары туралы конвенцияны мақұлдады.

Конвенция осы ең осал топтағы азаматтардың құқықтарын қорғау мен қолдауға, кемсітушілікті жоюға, жұмыс істеу, денсаулық сақтау, білім алу құқығын қамтамасыз етуге және қоғам өміріне толық қатысуға, сот төрелігіне қол жеткізуге, жеке басына қол сұғылмауына, пайдалану бостандығын және теріс пайдаланудан, жүріп-тұру бостандығын қорғауға бағытталған 50 бапты қамтиды.

БҰҰ-да Конвенцияның орындалуын қадағалайтын орган құрылды. Мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитетке Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің баяндамаларын қарауға, ол бойынша ұсыныстар мен жалпы ұсынымдар енгізуге, сондай-ақ Конвенция қатысушыларының баяндамаларын, бұзушылықтар туралы хабарламаларды қарауға және ол бойынша ұсыныстар мен жалпы ұсынымдар енгізуге уәкілдік берілген.

Қазіргі кезде Қазақстанда 414 мыңға жуық мүгедек бар деп есептеледі, оның ішінде 43472-сі – 16 жасқа дейінгі балалар.

Есептік жылы Премьер-Министрдің өкімімен аталған Конвенция мен оған Факультативтік хаттаманы имплементациялау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылды. Конвенция мен оған Факультативтік хаттамаға Қазақстан 2008 жылдың желтоқсанында БҰҰ-ның штаб-пәтерінде қол қойды.

Осы саладағы ұсынымдық сипаттағы басқа да халықаралық стандарттардан ерекшелігі Конвенцияны ратификациялау қатысушы мемлекеттерге заңдық міндеттемелер жүктейді.

Қазіргі кезде Қазақстанда мүгедек және психикалық ауытқуы бар адамдардың құқықтары «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер туралы» ұлттық заңдармен қорғалған. Былтырғы жылы Үкімет 2006-2008 жылдарға есептелген Мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асырды. Осындай өңірлік оңалту бағдарламалары әр облыста жүзеге асырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі Уәкілдің алдыңғы жылғы есебінде қамтылған мүгедектерге қатысты емдеу және өзге де шараларды жақсарту мәселелері жөніндегі Ұсынымды орындау үшін мүгедектiкке әкелiп соғатын патологиялары бар балалар мен ересектер (диабет, онкогематология, гемофилия, бронх демікпесі және басқалары) республикалық бюджет қаражатының есебінен дәрі-дәрмектермен толықтай қамтамасыз етілгендігін хабарлады.

Ересектердің арасында мүгедекке алғаш шығу құрылымындағы негізгі себептері қан айналымы жүйесіндегі аурулар, қатерлі ісіктер, алып тасталатын барлық жарақаттар, психикалық бұзылулар болып табылады. Осы көрсеткіш белгілі бір шамада медициналық ұйымдар жүргізетін емдеу және оңалту әрекеттерінің тиімділігін сипаттайды.

Балалар мүгедектігінің құрылымында бірінші орында жүйке жүйесінің аурулары (32%) тұр, оның ішінде БОП 19 %, екінші орында - туа біткен ауытқулар (даму кемістігі), деформациялар және хромосомдық бұзушылықтар (25 %), үшінші орында - психикалық бұзылулар мен мінез-құлықтың бұзылуы (14%).

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда соңғы жылдары балалар жарақатының көрсеткіші 5 % артық өскендігін де хабарлады. Қазіргі кезде осы көрсеткіш 100 мың балаға шаққанда 2246,9 оқиғаны құрайды. Балалар жарақытының жартысынан жуығын тұрмыстық, үштен бірін – көшедегі жарақат, 4 % - жол-көлік оқиғасының салдары, мектеп және спорт жарақаты тиісінше 6,2 және 5,2 пайызды құрайды.

Барлық науқастар мүгедектердің арбаларымен қамтамасыз етілген.

Есептік жылы Уәкілдің атына мүгедек адамдардың құқықтарын мәселелері бойынша 30-дан астам өтініш келіп түсті. Оның 25-і бойынша еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау министрліктеріне және әкімдіктерге сауалдар жіберілді. Жекелегендері бойынша заңнама нормалары түсіндірілді.

Мүгедекті белгілеу мәселелері және қойылған медициналық диагноздарға келіспейтіндіктері жөніндегі өтініштердің тұрақты беталысы сақталып келеді. Мұндай өтініштен 13-і келді, соның ішінде 9 шағым - Шығыс Қазақстан облысынан МӘСК нәтижесімен келіспейтіндіктері, өтініш иелерінің Семей ядролық сынақ алаңының иондаушы әсерінен ауруының себеп-салдар байланысын анықтаудан бас тартуы туралы. Осы оқиғалардың барлығында мүгедектік тобын анықтаудан бас тарту өтініш иелерінің мүгедектігі бойынша жәрдемақы алуға, не отбасы мүшелеріне қайтыс болғандардың мемлекеттік жәрдемақысын төлеуге наразы болуына байланысты.

Өтініш иелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 34 қаулысымен бекітілген Иондаушы сәулелендіру әсерiне байланысты аурулардың тiзбесiн және иондаушы сәулелендiру әсерi бар аурулардың себептiк байланысын анықтау ережесi медициналық әлеуметтік сараптама комиссиясына олардың ауруларының себебін полигонда болу салдарынан деп тануға ерікті түрде негіз деп түсіндіруге мүмкіндік береді деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет