Қазақстандағы астықты сақтау және тасымалдау мәселесі әмірғали Темірлан



жүктеу 26.62 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі26.62 Kb.

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АСТЫҚТЫ САҚТАУ ЖӘНЕ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕСІ

Әмірғали Темірлан

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Менеджмент мамандығының мамандығының 3 курс студенті

«Егер жер-ананы дұрыс күтетін болсақ, ол бідзі өмір бойы асырап өтеді»

В.И.Ленин

Кез-келген мемлекеттің алдында тұрған мақсаты өзін-өзі астықпен қамтамасыз ету ең басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Қазақстан кеңес дәуірінен бері ірі астық өндірушісі. Қазақстан дүние жүзі бойынша бидай экспорттаудан жетінші, ұн экспорттау бойынша бірінші орында.Қазіргі таңда Қазақстан Әзірбайжан, Беларусь, Орта Азия, Түркия және Ауғанстан бағытында астық және ұн экспорттайды. Ресей енгізген шектеулердің нәтижесінде Қазақстан Ресейге қосымша астық экспорттауы мүмкін, алайда Ресейдің өзі 2014-2015 жылы 90-95 млн тонна астық жинау жоспарлауда және Қазақстандық астық бағасы бойынша бәсеке қабілеттілігі төмен. Қазақстандық астыққа ЕО өкілдері өз қызығушылығын білдіруде. Мысалы 2014 жылы 5 айдың ішінде Германия 12,3 млн доллар көлемінде 55,3 мың тонна, Норвегия 2,6 млн доллар көлемінде 6 мың тонна және Польша 1,8 млн доллар көлемінде 5,5 мың тонна астық сатып алды. Бұл көрсеткіштер әрине жоғарылауы мүмкін. Қазақстанда Қара теңізге шғатын тікелей жол болмауы есебінен Ресей мен Украйнамен салыстырғанда бір айға ұзақ жүреді және әрбір Ресей шекарасынан өткен 1 тонна астық үшін қосымша 40 доллар толенеді. Нәтижесінде өзіндік құнға қосымша 100 доллар қосылады. Бұл бағытқа альтернатива ретінде 2013 Грузия темір жолы Түркия темір жолымен қосылуы және Қазақстан – Туркменістан-Иран темір жолы-ның салынуы болып табылады. Каспий арқылы Әзірбайжанға одан әрі қарата Түркияға ал одан әрі Европаға тасымалдау мүмкіндігі бар.

Иран бағыты бойынша, соңғы жылдары Қазақстан Иран сауда-саттық қарым қатынастары өте қарқынды дамуда. Осы қатынастардың нәтижесі болып Қазақстаннан Иранға экспортталатын астық дақылдарының 280 мың тоннадан 786 мың тоннаға дейін өсуі. Келесі жылы бұл көрсеткіштер міндетті түрде жақсы жағына қарай жаңартылады.

Қытай бағыт бойынша, 2014 жылдың шілде айында Қытайға сатылған астық қөлемі 9 есе өсті. FAO ( Food and Agriculture Organization) сараптамасы бойынша Қытайдың астық дақылдарына сұранысы 5 млн тонна деңгейінде бағаланады. Болашақта Қазақтан Қытайға тасылмаданатын астық көлемін 5 млн тоннадан 7 млн тоннаға дейін көбейтіп, Қытай үшін басты дақыл экспорттаушысына айналуы әбден ықтимал.

Осындай потенциалға ие бола отырып Қазақстан астық тасымалдау бойынша бірнеше шешілмеген мәселелері бар:



  1. Жыл сайын 15 мың тонна астық экспорттау үшін Қазақстан 15 мың астық тасымалдаушы қажет, ал қазір бізде тек 5-6 мың ғана бар.

  2. Қоймалардың жетіспеуі. 2010 жылы дефиит 5 млн тонна болған.

  3. Аққапарат ассиметриясы.

  4. Техникалардың ескіруі

Сайып келгенде, Қазақстан үшін астық дақылдарын Каспий теңізі және Таяу Шығыс елдері арқылы өткізген тиімді. Себебі Европаға Қара немесе Азов теңіздеріндегі терминалдар арқылы тасымалдау өте қымбат. 2010 жылы Қазақстан 100 млн доллар (14 млрд теңге) қаражатын Қара теңізінде терминалдар сатып алуға жұмсамақ болды, қазір ол идеядан бас тартып отыр. Қытай және Иран шекараларында терминалдар салу және Актау, Бейнеу теңіз порттарының өткізу мүмкіншілігін жоғарылату әлде қайда тиімдірек болады. Себебі қазір Қытай тереториясына асты вагондарын тасымалдау өте үлкен уақытты кетіреді:

  1. Қытайдын өзіндік ішкі тексерістері өте көп

  2. Қазақстандық терминалдырдын жоқтығы

Егер терминалдар болса, астықты қабылдап алу үрдісі не бары 2-3 күн алар еді. Қазір ол өте көп уақытты қажет етеді. Және де астық қоймаларын көбейткен жөн. Қытай мен Қазақстан арасында тексерістер көлеміін азайту үшін мемлекетаралық келісім керек. Жыл сайын бізде астық қоймаларының жетіспеушілігі байқалады. Сол себепті кейбір жерлерде астық бұзылып кетіп жатады. Егер біз астық экспорттаушы елдердің 5-не кіргіміз келсе бірге әрбір 1 грамм астықты тиімді пайдалануымыз кажет.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет