Қазақстандағы экономикалық даму – Ұлы жеңіске қосылған үлес



жүктеу 113.23 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі113.23 Kb.

УДК

Дүйсеева Ләйла Абибуллақызы ҚазҰУ, Халықаралық қатынастар факультеті



duyseeval@mail.ru

Джамалдинова Манат Тұрғантайқызы, Халықаралық қатынастар факультеті

mdzhamaldinova@inbox.ru

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ – ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ ҚОСЫЛҒАН ҮЛЕС

Аннотация

Адамзат тарихында орын алған соғыстардың ең алапаты - Ұлы Отан соғысы қазақ қоғамына да үлкен зардап әкелді, адам шығынын да көбейтті. Фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы біздің бейбіт халықтың тыныш өмірін бұзды. Мемлекет соғыс жағдайына бейімделіп, Қазақстан күшті соғыс арсеналына айналды. Соғыс алды жылдары экономикалық өсу енді қарқынды сипат ала бастаған Қазақстан үшін бұл соғыс үлкен сынақ болды. Соғыс жылдары Қазақстанның индустриалды дамуы экономикалық және қорғаныстық сипатта мемлекеттің маңызды аймақтарының ресурстарын барынша көп қолдануға мүмкіндік берді. Әскерді киім-кешекпен, ал тұрғындарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз еткен жеңіл және ауыр тағам өнеркәсібінің рөлі де үлкен болды. Бұл мақалада сол отты жылдарда қазақстандықтардың тылдағы жасаған ерен еңбектері туралы айтылады.

Тірек сөздер: Қазақстан, Ұлы Отан соғысы, экономикалық даму, өнеркәсіптер, қамтамасыз ету, тылдағы еңбек

Аннотация

Великая Отечественная война имела огромное значение для человечества всего мира и не обошла и казахского общества.  Нападение фашистской Германии на Советский Союз нарушило спокойную жизнь мирного народа.  Государства приспособились к военному положению, и Казахстан превратился в один из сильнейших военных арсеналов.  Для Казахстана, с только развивавшейся экономикой, эта война стала большим испытанием. Во время войны Казахстанская индустрия развития, экономика и оборонительная сфера государства максимально  использовала ресурсы страны. Легкая и тяжелая индустрия обеспечивала армию одеждой, а население - товарами первой необходимости. В этой статье говорится о самоотверженном труде казахстанцев в тылу.

Ключевые слова: Казахстан, Великая Отечественная война, экономическое развитие, индустрии, обеспечивать, труд в тылу

Annotation

One of the fiercest wars in the history of mankind - the Great Patriotic War - had brought great tragedy to the Kazakh nation and took away very many lives. The attack of Nazi Germany to the Soviet Union destroyed the peace in the country. The country had to adapt to wartime conditions and became the most powerful military arsenal. It was a great challenge for the country which had started to develop and gain the economic pace in the pre-war period. Industrial development of the country was characterized by economic and defensive nature which gave an opportunity to use the resources of the significant regions. The role of light industry and food industry was very important in supplying the troops with their everyday needs. This article is about invaluable work of the people of Kazakhstan during the harsh years of the war.

Key words: Kazakhstan, Great Patriotic War, economic development, industries, to supply, rear services

Соғыс алды жылдары республиканың экономикалық өсуі қарқынды сипат алды. Ауыр өнеркәсіпке көп көңіл бөлінгендіктен, капитал салымдардың басты обьектісі оның салалары болды (1920-1940 жж.капитал салымдардың 83% өндірісте болды). Қордың көп бөлігінің жаңа құрылысқа жұмсалғанын айта кету керек. Бұл әсіресе, Қазақстанға тән құбылыс болды. Қазақстанда өндірістің барлық дерлік салалары қайта жарақталынды, ал бұрын болғандарды қайта құру оларды 11 өндірісті-техникалық сипатта жаңалаумен тең болды. Ауыр өнеркәсіптің жетекші рөлін қамтамасыз ету Қазақстанның өндірістік әлеуетін тез өсіруге және оның салалық құрылымын қайта құруға септігін тигізді. Сол себептен 1940 жылы өндіру құралдарын шығаратын салалардың бұйымдары 51,2 % құрап, республикалық өндрісте жетекші орын алды, және 1938 жылдың өзінде КСРО-да Қазақ ССР-дің қорғасын мен сым өндіру көлемі сәйкесінше - 84,8 және 16,2% болды[1].

Республиканың негізгі индустриалды кешендерінің ішінде түрлі-түсті металлургия ерекше орын алды. Кеңестік өнеркәсіп түсті металлдарының негізгі базасы ретінде қалыптасты. Капитал салымдарының көлемі бойынша Қазақстанда бұл салаға каншалықты көңіл бөлінгенін байқауға болады. Тек екінші бесжылдықтың ішінде-ақ бұл түрлі-түсті металлдарға салған барлық қаражаттардың 31,4 % құрады, ал мекемелердің негізгі қорлары сол уақыт аралығында 4,1 есеге өсті. Қазақстанның түрлі-түсті металлургиясын тек өндірістің техникалық негізінің түпкілікті өзгерісі ғана емес, сонымен қатар саланың кешенді дамуы да сипаттайды. Мыс, қорғасын және полиметалл кендерін өндіру аудандарында ірі түрлі-түсті металлургия пайда бола бастады. 1939 жылдың өзінде-ақ Қазақ ССР-нің қорғасын мен мыс өндірудегі үлесі КСРО аумағында өндірілетін өнімнің шамамен 84,8 және 16,2% құрады [2].

Көмір өнеркәсібінің ұдайы өндірісі тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Орал және Орта Азия аймақтарының экономдық және тұрақты отын базасын құрумен белгіленді. 1940 жылы Қарағанды бассейнінің көмір өндіру деңгейі 1913 жылғы деңгейден 77,6 есе асып, 6460 тоннаны құрады. Электроэнергетика, құрылыс материалдарын шығару, металл өңдеу өнеркәсібі дамуының жоғарғы темпі республикада әртүрлі өндіріс құралдарын көп көлемде қолданысқа енгізумен, дамушы өнеркәсіптің энергетикалық базасын қамтамасыз ету қажеттілгімен анықталды. Ауыр өнеркәсіп салаларымен қатар ауыл шаруашылық шикізатқа негізделген азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп салалары да қарқынды дамыды. Бірақ, шикізат емес, көпшілік қолданатын дайын өнімдерді шығаратын салалар өсті. Жалпы, соғыс алды жылдары жеңіл өнеркәсіп саласы өнімдері 11 есеге өсті. Жалпыкеңестік кәсіпке ет өнеркәсібі шықты. Оны жаңа техникамен қамтамасыз етуі, сонымен қатар бірқатар ірі обьектердің құрылысы Қазақстанға 1940 жылы жалпыкеңестік еттің 6,5% -ын шығаруға мүмкіндік берді [3]. Жеңіл өнеркәсіпте фабрика-зауыттық тігін және аяқ киім өнеркәсібі пайда болды.

Республиканың қарқынды индустриалды дамуы жаңа қалаларды өмірге әкелді. Қазақстан картасында индустрияның жаңа орталықтары пайда болды: Қарағанды, Лениногорск (Риддер), Жезқазған, Балқаш, Кентау, т.б. қала тұрғындарының салыстырмалы үлесі жалпы көлемде 1926 жылы 8%-дан 1940 жылдың 1 қаңтарында 30%-ға өсті. 1940 жылы халық шаруашылығында жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 908 мың адамға жетті, соның ішінде 200 мың жұмысшылар және 11 мың инженерлер мен техниктер өнеркәсіпте, шамамен 120 мың транспортта және 70 мың адам құрылыста жұмыс жасады. Бұл Қазақстанның өндірістік күшінің өсуі мен қоғамның әлеуметтік құрылысы - жұмысшы тап үлесінің салыстырмалы түрде өскенін білдіреді. Қазақстанның жаңа пайда болған және қайта құрылған барлық мекемелері түпкілікті түрде революцияға дейінгілерге қарағанда тек әлеуметтік-экономикалық негізде емес, сонымен қатар олар жаңа өндірістік-техникалық сипат алды. Ірі өнеркәсіптің салыстырмалы үлесі 1940 жылы 5%-ға дейін көтерілді, ал жаңа пайда болған және қайта құрылған мекемелердің жалпы өнімдегі үлесі 95%-ға дейін өсті. Республиканың өнеркәсіп базасының техникалық қайта құрылысы толығымен аяқталды.

Ішкі өнімде өнеркәсіптің және ауыл шаруашылығының салыстырмалы үлесі 1940 жылы 63,5% құрап, 1928 жылғы 20,5%-ғы көрсеткіштен асып түсті. Егер, бұрында Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде тек өндіріс техникасы бойынша ең қарапайым өнім өндірумен ерекшеленсе, кейін ол мемлекеттің шығысында индустриализацияның тірек базасына айналып, жетекші орынды алды: түрлі-түсті металлургия бойынша-екінші, мұнай өндіруден-үшінші, энергетика мен металл өңдеуден-бесінші. Республика ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, мемлекетке көмектесе алатын халге жетті.

Социалистік қайта құру темпі өсе берді, бірақ фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуыл жасауы біздің бейбіт халықтың тыныш өмірін бұзды. Адамзат тарихындағы ең қантөгіс және ауыр соғыс басталды. Мемлекет соғыс жағдайына бейімделіп, Қазақстан күшті соғыс арсеналына айналды [4]. КСРО-ның батысында негізгі өнеркәсіп обьектілерінің және өндірістік базалардың оккупациясына байланысты шығыс аудандар мемлекетті қорғауда шешуші роль атқарды. Басты мақсаттар қойылды: өнімдердің ең маңызды түрлерін барынша көп шығару, эвакуацияланған мекемелерді іске қосу, олардың өнімдерін көбейту және ірі капиталдық құрылысты жүзеге асыру. Капитал салымдарының өсуі республиканың негізгі өнеркәсіп қорының екі есе өсуіне әкеліп соқты. Капиталдық салымдар көбіне шикізат, отын, металл секілді соғыс өнеркәсібіне жеткізілген және майданды азық-түлікпен, құрал-сайманмен қамтамасыз ететін салаларға бағытталған еді. Эвакуацияланған және машина құрастырушы зауыттар негізінде қару-жарақ және оқ-дәрілерді өндірді. Қазақстанға эвакуацияландырылған 142 мекеменің 100-і өнім өндірді [5]. Қалған фабрикалардың жабдықтары жаңа құрылып жатқан не жұмыс жасап жатқан фабрикаларға өткізілді. Жаңа мекемелер Қазақстанның өндірістік кешеніне қосылып, оның салалық құрамына жақсы әсер етті.

Қазақстанға өндірістік обьектілердің және басып алынған аудандардан көшірілген миллионнан астам украиндар, белорустар, орыстар, Балтық жағалауы халықтары және басқа да ұлт өкілдері көшіп келді. Қазақ халқы оларды жылы қабақпен қарсы алды, еңбек майданында өз қамдарын жасады, қазаның қасіреті мен жеңістің қуанышын бірге бөлісті. Оларды орнықтыру және жұмысқа тұру мәселесімен Д.А. Қонаев айналысты. Оның басқаруымен үлкен шаруа атқарылды: істен шыққан зауыттар мен фабрикалар жаңа орында аз уақытта қайта іске қосылды, олардың өндірістік технологиялары меңгеріліп, майданға өз өнімдерін жібере бастады. Қайта базаландырылған өндірістер Қазақ ССР-нің өндірістік кешенін толтырды[6].

Қиын да ауыр жағдайда өнеркәсіпті тылға жаппай шығару, өндірілетін өнімнің сипатын, республикалар мен аумақтардың оған тапшылығын, мекемені шикізатпен, отынмен, энергиямен, кадрлармен жоғары дәрежеде қамтамасыз етілуі есепке алынып, жүзеге асырылғанын айтып өту керек. Тау-кен құралдар зауыты тау-кен аймақтарында және көмір аймақтарында, мұнай жабдықтарыныкі мұнай шығатын аймақтарда орналасты. Бір уақытта кең көлемде жоғары қарқынмен отын, металлургия, көлік құрылысы, энергетика өнеркәсіптері мекемелерінің құрылысы жүріп жатты. Соғыс жылдары Ақтөбе ферропласт зауыты, Қазақ металлургия зауыты, Текелі түсті металл зауыты, Ембідегі мұнай кәсібі, ондаған қорытушы фабрикалар, кен орындары, электростанциялар, ауыр және жеңіл тағам өнеркәсібі, темір жол бағыттары жұмысқа кірісті. Қолданыстағы мекемелердің қарқынын ұлғайту үшін барлық амалдар жасалынды: жаңа цехтар пайда болды, қосымша құрылғылар енгізілді, өндірістің ішкі резервтері қарастырылды, еңбектің жаңа тәсілдері кеңінен қолданылды. Соғыс жылдары Қазақстанның индустриалды дамуы экономикалық және қорғаныстық сипатта мемлекеттің маңызды аймақтарының ресурстарын барынша көп қолдануға мүмкіндік берді.

Ұлы Отан соғыс жылдары Қазақстанға Кеңес Одағының әртүрлі қалаларынан он бес машина-құрастыру зауыттарынан құрылғылар келді. Алматы ауыр машина жасау зауыты, Шымкент пресс-автомат зауыты (қазір Астана), Орал арматура зауыты, т.б.- маңыздылардың қатарында болды. Вольфрамсыз берік қорғаныс жоқ, берік танк пен жеңіс жоқ. Д.А. Қонаев жолдастарымен тез арада Ақшатауға кетті. Қосымша қажетті материалдарды, құралдарды әкелу үшін орталықпен келіспей-ақ, өз бетінше шешім қабылдай алатын жоғары білікті мамандардан құралған комиссия құрамын жасақтады. Бұл жас, болашақ мемлекеттік қайраткерге берілген алғашқы үлкен ерекше мемлекеттік маңызы бар тапсырма болғанын айтып өту керек. Сол жерде вольфрамды өндіру үшін және Мемлекеттік Қорғаныс комитетінің тапсырмасын орындау үшін барлық амалдар жасалды. Вольфрамды өндіретін ірі комбинат аз уақытта іске қосылып, молибден өнімін 70%-ға өсірді [7].

Балқаш еңбекшілері мыс өндірісін 10 есе, молибденді 20 есе, түрлі-түсті прокатты және патрондарды өндеуді екі есеге өсірді. Қазақстандық металл әрбір қаруда, әрбір әскери машинада болды [8]. Сол жылдары металлургия және отын өнеркәсібі ерекше қарқынмен дамыды. Түсті металлургия өнімнің барлығының стратегиялық маңызы болды. 1941-1945 жж ішінде мыс өндірісі 1,5 есеге өсті, мемлекеттің қорғаныс қажеттіліктері үшін Қазақстан басты тасымалдаушы болды [9]. Соғыс жылдары мемлекетте өндірістің жаңа саласы - қара металлургия пайда болды. Халық кеңесі комитеті мен Орталық комитет бақылайтын көптеген обьектердің ішінде Қазақ металлургия зауытының іске қосылуын ерекше атап өту керек. Бұл мәселе уақытында шешіліп, зауыт алғашқы металл өнімін 1944 жылы 31 желтоқсанда бере бастады. Зауыттың жетістіктерін Сталин де айтып өтті. Орталық Комитет пен Халық кеңесі комитеті атынан Д.А. Қонаев құрылысшыларды, монтажшыларды үлкен еңбек жетістіктерімен құттықтады. Сол кезде Өскемен қорғасын зауытының (кейін қорғасын-мырыш зауыты) жеңіске қосқан үлкен үлесін атап өтті.

Республикадағы Қарағанды бассейні мемлекетті көмірмен қамтамасыз ететін басты қайнар көзге айналды. 1940 жылы оның Қазақстандағы өндірісі 6,9 млн. тоннаға жетсе, 1945 жылы ол 12 млн. тоннадан асты. Төрт жылдың ішінде Қарағанды шахтерлері мемлекетте 34 млн. астам тонна көмір өндірді. Сол жылдары мұнай өндірісі 26% өсті. Отын және металлургия өнеркәсібінің шапшаң дамуы Қазақстанның бүкілкеңестік еңбек бөлінісінде кеңестік өнеркәсіпте сәйкес салалардың маңызды базасы ретінде орнын тұрақтандырды. 1945 жылы кеңестік қорғасын өндірісінің 80%, қорғасын концентратының 60% дейін, 33% балқытылған мыстың және көмір өндірісінің 8% дейін республиканың үлесіне тиді [10]. Неміс солдаттарына атылған әр 10 оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Қазақстан түсті, сирек және қара металл, көмір, мұнай және басқа да маңызды шикізатқа бай республика ретінде өзінің өнеркәсіптік әлеуетін өсіре отырып, мемлекеттің әскери өнеркәсіп қажеттіліктерін қамтамасыз етуде үлкен роль атқарды. Соғыс уақытында республиканың өзінің машина жасау базасы да пайда болды. Машина жасау зауыттарының бір қатары майданды қару-жарақпен, ал ауыл шаруашылығын бөлшектермен қаматамасыз етті. Транспорт, әсіресе теміржол саласы қарқынды дамыды. 1940 жылы теміржолдардың қалыңдығы 1000 кв. км 2,39 құраса, 1945 жылы 2,98 км құрады [11].

Әскерді киім-кешекпен, ал тұрғындарды бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз еткен жеңіл және ауыр тағам өнеркәсібінің рөлі де үлкен болды. Соғыс уақытының барлық ауыртпалықтарына қарамастан, жеңіл өнеркәсіптің өндіріс көлемі шамамен 77% өсті. Азық-түлікшілер мемлекетке жоспардан тыс 33 млн рубль артық пайда әкелді. Шығарылатын өнімнің салалық құрамы мен сұрыптамалары да өсті [12]. Ауыл еңбекшілері еңбегінің арқасында Қазақстан соғыстың төрт жылы ішінде алдыңғы төрт жылға қарағанда мемлекетке нанды екі есе, картоп пен көкөністерді үш есе, етті 27% , сүтті 10% , жүнді 40% артық өткізді. Мал басы 3,3 млн-ға, ірі қара мал 18% астам, ешкі мен қой 44%, жылқы 17 % өсті. Ауыл Отан алдындағы борышын толығымен өтеді. «Майдан сызығы біздің колхоз арқылы өтеді», «Нанның әрбір пұты - жауға соққы» -деген секілді ұрандар республика ауыл еңбекшлерінің намысын қайрады. Ыбырай Жақаев, Ким Ман Сам, Анна Дацкова, Александр Орлов, Жазылбек Куанышбаев, Сындыбала Оңғарбаева, Шығанақ Берсиев секілді қазақ өлкесінің стахановшылары жаңа әлемдік рекордттар жасады. Сол жылдары Қазақстан экономикасының және жалпы мемлекеттің тылында да өндіріс көлемінің тапжылмай өсуі байқалды.

Елдің батыс аймақтарында Қазақстанға жүздеген мекемелердің эвакуацияландыру салдарынан қоныстанған Донбасстың 50 мыңнан астам кеншілері мен шахта құрылысшылары, Ленинград пен Луганск машина жасау жұмысшылары, Мәскеу мен Киевтің тоқымашылары республика еңбекшілерінің қатарын толықтырды. Өз кезегінде мыңдаған қазақ еңбекшілері мемлекеттің өнеркәсіп орталықтарында еңбек пен кәсіби салада шыңдалды. Мысалы, Манитогорск металлургия комбинатында 13 мың, Кузбасста-16 мың, Оралды -20 мың, жалпы Орал, Сібір, Орталық Ресейдің құрылысында және өнеркәсіптік мекемелерінде 200 мыңнан астам қазақстандықтар жұмыс жасады [13].

Сонымен қатар, соғыс жылдары Қазақстан мемлекеттің жетекші ғылыми күштерінің қайнар көзіне айналды. Елде И.П.Бардин, Л.С.Берг, В.И.Вернадский, Н.Ф.Гамале, Н.Д.Зелинский, С.Г.Струмилин, А.Е.Фаворский, К.И.Сәтбаев секілді жеңіске зор үлестерін қосқан ғалымдар еңбек етті. Олар минералды ресурстарды барынша табысты зерттеді, оларды өндіру үшін кешенді шаралар жүргізді, сонымен қатар еңбек ресурстарын нәтижелі пайдалану жолдарын ғылыми тұрғыда қарастырды. Қазақстан майдан даласына тек материалдық көмек беріп қана қоймай, қазақ халқы Мәскеу мен Ленинградты қорғап, Днепр мен Беларусь ормандарында, Балтық жағалауында және Молдавияда жаумен күресіп, Еуропаны азаттандыруға қатысып, Берлинді басып алуға қатысып, барлық туыс халықтармен бірлесіп соғысты. Ерліктері үшін 96 қазақ қызы мен жігіті Совет Одағы Қаһарманы атағына ие болды. Жалпы алғанда, 1 млн 200 мың қазақстандық майданға қатысса, 700 мыңдай республика еңбекшілері қорғаныс өнеркәсіптерінде еңбек етті.

Қорыта келгенде, соғысқа тікелей қатысы болмаса да, КСРО-ның құрамында болғандықтан Қазақстан соғыс жылдарында көп нәубетті бастан кешірді. Адам шығыны да көп болды, экономикасына тиген соққы да қатты болды. Дегенменде, еңбектері ақталып, соғыс жеңіспен аяқталғаны бәрімізге мәлім. Ол әрине сол сұрапыл соғыс жылдарында толарсақтан қан кешіп, бүгінгі бейбіт өмірді сыйлаған майдангер ардагерлеріміз бен тылда еңбек еткен ерендеріміздің арқасында екені даусыз.
Әдебиеттер

1. Aрхив Госплана КазССР. Ф.1479, оп.5, д.567. - л.37

2. ЦГА КазССР.ф.5, оп.15.д.12 - л.26

3. Партархив Казфилиала ИМЛ.ф. 847. оп.1, д.12 - л.18

4. Казахская ССР за 30 лет Советской власти. - Алма-Ата, 1948. - б.10

5. Архив Госплана Казахской ССР. Ф. 1479, оп.5, д.567.

6. Экономика Казахстана за 60 лет. / Наука. - Алматы. 1977. - б.66

7. Кунаев Д.А. Избранные речи и статьи. - Москва.1978. - б.210

8. Кунаев Д.А. Советский Казахстан. – Алма-Ата.1980.б.38

9. Экономика Казахстана за 60 лет. / Наука.- Алматы. 1977.- б.6

10. Партархив Казфилиала ИМЛ. ф.708. хр.2560, - л.54

11. Казахстан за 40 лет. Алма-Ата 1960. - б.221

12. М.Е.Бутин. Пищевая промышленность Казахстана. - Алма-Ата.1954. - б.28

13. Народное хозяйство Казахской ССР. Алма-Ата.1957. - б.18


References

1. Аrhiv Gosplana KazSSR. F.1479, оp.5, d.567. - l.37

2. TSGA КаzSSR.f.5, оp.15.d.12 - l.26

3. Partarhiv Каzfiliala IML.f. 847. оp.1, d.12 - l.18

4. Каzakskaya SSR za 30 let Sovetskoi vlasti. – Аlma-Ata, 1948. - b.10

5. Аrhiv Gosplana Каzahskoi SSR. F. 1479, оp.5, d.567.

6. Ekonomika Kazakhstana za 60 let. / Nauka. - Аlmaty. 1977. - b.66

7. Kunayev D.А. Izbrannye rechi i stat’i. - Moskva.1978. - b.210

8. Kunayev D.А. Sovetski Kazahstan. – Аlma-Ata.1980.b.38

9. Ekonomika Kazakhstana za 60 let. / Nauka.- Аlmaty. 1977.- b.6

10. Partarhiv Каzfiliala IML.f. 708. chr.2560, - l.54

11. Каzakhstan zа 40 let. Аlma-Ata 1960. - b.221



12. М.Е.Butin. Pichevaya promyshlennost’ Каzakhstana. - Аlma-Ata.1954. - b.28

13. Narodnoye xozyаstvo Каzakhskoi SSR. Аlma-Ata.1957. - b.18
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет