Қазақстандағы жоғары білім



жүктеу 1.4 Mb.
бет1/8
Дата13.12.2017
өлшемі1.4 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Мазмұны:


1

С.Пірәлиев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор, Елбасы айтқан елдік пәні – «Қазақ елі» пәнінің қажеттігі//Егемен Қазақстан.-2013.-19 қараша.-3 б.

3

2

Ж. Оралбаева, Президенттік институттың маңызы, //Сыр бойы.-2013.- 23 қараша.- 2 б.

8

3

У.Бишімбаев,академик, Парламент Мәжілісінің депутаты, Халықты біріктірген Доктрина//Егемен Қазақстан.-2013.-30 қараша.-5 б.

9

4

В.Бишимбаев, депутат Мажилиса Парламента РК, Прорыв к инновационному будущему//Казахстанская правда.-2013.-30 ноября.-С.9

12


Қазақстандағы жоғары білім


5

С.Әмірбекұлы, Жоғары оқу орындарын жекешелендіруге қалай қарайсыз? (сауалнама) //Айқын.-2013.- 1 қараша.- 1 б.

15

6

Т.Есполов, ректор Казахского национального аграрного университета, академик НАН РК, На пути к самоуправлению вузов//Казахстанская правда.- 12 ноября.- С. 5

16

7

А. Сейілова, Болашаққа бағдар(2014-2016 жылдарға арналған білім берудің басым бағыттары) //Егемен Қазақстан.- 2013.- 14 қараша.- 2 б.

18

8

ҚазҰАУ баспасөз қызметі,Министр дәріс оқыды(Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков ҚазҰАУ-е болып ашық дәріс өткізді //Класс Тайм.-2013.- 20 қараша.- 3б.

20

9

Ғылым мен техника саласындағы жетістіктерге мемлекеттің жоғары наградасы (Мемлекет Басшысының Жарлығы) //Егемен Қазақстан.-21 қараша.-1 б.

22

10

М. Шайдаров, ректор АО «Медицинский университет Астана», заслуженный деятель Республики Казахстан, доктор медицинских наук, профессор, На первом плане – здоровье //Казахстанская правда.-2013.-30 ноября.-С.13

24

11

Ю.Магер,М.Пархоменоко, Г.Тулешова, Программа «Болашак» – 20 лет успеха (Форум стипендиатов и выпускников международной стипендии Президента РК «Болашак»)//Казахстанская правда.-2013.-30 ноября.-С.13

26

12

«Егемен Қазақстанның» тілшілер тобы, Нұрсұлтан Назарбаев: «Болашақ» – біздің сенімді стратегиялық таңдауымыз//Егемен Қазақстан.-2013.-30 қараша.-1,2 б.

30

13

Т.Есполов,Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры,ҚР ҰҒА академигі, Стратегия – біздің өмірімізде (Болашақтың баянды бағдарламасы)

//Егемен Қазақстан.-2013.-30 қараша.-7 б.



38


Қызылорда облысының ғылымы, білімі

және мәдениеті


14

Г. Жалғасова,Өрелі ұрпақ –өнегелі отбасының жемісі(«Ұрпақ тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбындағы семинар) //Сыр бойы.-2013.- 2 қараша.- 2 б.

39

15

А.Қарабалаев,Әлеуметтік саланың әлеуетін арттырғандар(Әлеуметтік сала жүйесі қызметкерлерінің бірінші форумы) /Сыр бойы.- 2013.- 2 қараша.- 3 б. (фотосуреттермен)

41

16

А.Байшуленов,Социальная защита помощь в виде грантов на обучение(по инициативе акима области из областного бюджета было выделено 51,7 млн. тенге) //Кызылординские Вести.-2013.- 5ноября.- С.3

42

17

Б.Ажарбаева, Понятия Президент и Казахстан – неразделимы (международная научная конференция) //Кызылординские Вести.-2013.-23 ноября.-С. 3

43

18

А.Қарапаева, Ауылдан Англияға дейін (шетелдерде70-ке жуы қ аймақ жастары білім алды) //Сыр бойы.-2013.-28 қараша.- 1,2 б.

44

19

За опытом в Швейцарию//Кызылординские Вести.-2013.-30 ноября.- С.2

46

20

К.Ахметов,Самый ценный капитал – знания(20 лет программе «Болашак») //Кызылординские Вести.-2013.-30 ноября.- С.2

47




КӘСІПТІК БІЛІМ





21

Ж. Табынбаев,Кәсіптік білім және бизнес, негізгі жаңалықтар, ақпарат (ІV облыстық форум)//Сыр бойы.-2013.-5 қараша.- 1 б.

48

22

Р.Мырзағалиева, Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжі, қазақ тілі мен педагогика пәндер бірлестігінің жетекшісі, Кәсіби білім бедері (республикалық семинар) //Сыр бойы.-2013.-5 қараша.- 4 б.

49










Қорқыт Ата атындағы ҚМУ қызметкерлері баспасөз беттерінде










23

А. Әбдіразақова, Қорқьгг Ата атыңдағы ҚМУ-дың аға оқытушысы, Құқығын білген қапыда қалмас//Халық.-2013.- 7 қараша.- 3 б.

50

24

Г.Дүйсебаева, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дің студенті,Демография дегенше, қалың мал құнын айт//Халық.- 2013.- 7қараша.- 8 б.

51

25

Ж. Әбенова, ғылыми-техникалық кітапхана директоры,«Абай жолы» жас ұрпаққа мол мұра//Сыр түлегі.- 2013.- №8,қазан.- 6 б.

52

26

Икрам Жұбаниязов,тарих ғылымдарының кандидаты,Тарихты оқытудың тағылымы//Сыр бойы.-2013.- 9 қараша.- 7 б.

53

27

Қ.Бекетова, ҚМУ-дың аға оқытушысы, экономика ғылымдарынын кандидаты,Тұрғын үй және нарық //Сыр бойы.- 2013 ж.- 12 қараша. – 4 б.

57

28

Қ. Құдайбергенов, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-дың профессоры,Нан қадірін өсиет еткен (ғалым-агроном Әнес Алтынбековты еске алуы) //Сыр бойы.-2013.- 23 қараша.- 9 б.

58

29

Кенес Махамбетов, Сердце, открытое людям (о Герое СоцТруда И.А.Абдукаримове),//Кызылординские Вести.-2013.- 23ноября.- С.8

60

30

Шанжархан Бекмағанбетов, ҚМУ-дың доценті, филологня ғылымдарының кандидаты, Тіл табиғатын таразылаған ғалым(//Сыр бойы.-2013.- 30 қараша.- 11 б.

63



ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ЭКСПО-2017


31

Ж.Әлімханұлы, «ЭКСПО-2017» және Универсиада//Сыр бойы.-2013.- 30 қараша.- 4 б.

65


Серік ПІРӘЛИЕВ,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, профессор.

Елбасы айтқан елдік пәні – «Қазақ елі» пәнінің қажеттігі
Үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 3 жұлдызында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының №64 мектеп-лицейінде өткізген патриотизм сабағында мектептерге «Қазақ елі» пәнін енгізу қажеттілігін атап көрсетті. Осы пәннің маңыздылығына көңіл бөле отырып Елбасы: «Туған жеріңнің, өз халқыңның тарихын білмейінше шынайы патриот болу мүмкін емес... Патриот – өз елін сүйетін және өзге мемлекеттерге құрметпен қарайтын адам» («Егемен Қазақстан», 4 қыркүйек 2013ж.), – деді.

Елбасы көтерген осынау өзекті мәселенің бір кілті бүгінгі жастарымыздың бойына отаншылдық сезімін құйып, оларды патриотизмге тәрбиелеуде деп түсінеміз. Мәңгілік ел болуды көздеген Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызы өте терең бастамасын көкірек көзі ояу жанның бәрі қолдауға тиіс. Енді жоғалтқанымыздың бәрін тауып, айтуға болмай қалғанның бәрін қамтып, жинап алуымыз керек. Өзінің өткенін ұмытатын халықты болашақ та ұмытатынын естен шығармағанымыз жөн.

Қазақ халқының өз алдына жеке халық болып қалыптасу барысы ұзақ тарихи даму дәуірлерін басынан кешіргенін, әсіресе, бүгінгі ұрпақ білуге тиіс. Ежелгі түркі, қытай, парсы және грек жазба деректеріне қарағанда, біздің дәуірімізден бұрынғы ІV-VІІ ғасырларда Орта Азия өңірін скиф, сақ тайпалары мекен еткен.

Біз «Қазақ елі» дегенде ең алдымен, тарихи деректерді жас ұрпақтың санасына сіңіруді ескеруіміз керек. Өйткені, бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміз өздігінен орнай қалған жоқ. Тарих – үлкен тағылым көзі. «Болашағымыз баянды, тәуелсіздігіміз мәңгілік болуы үшін біз бабалардан қалған аманатты есімізден шығармай, үнемі електен өткізіп отыруға тиіспіз» деп Елбасы айтқандай, жас ұрпаққа мемлекетшілдік дүниетанымның жаңа моделін жасап, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу міндеті бізге жүктелген.

Міне, жалпы орта білім беретін мектептердің оқу бағдарламаларына «Қазақ елі» пәнін енгізу мақсаты – туған жеріңнің, өскен еліңнің тарихын білу, қазақ ұлты, Қазақ елі қалай қалыптасты дегенді біліп алу маңызды деген ұстанымды көздейді. Өйткені, онсыз нағыз азамат болу екіталай. Президент Н.Назарбаевтың көтеріп отырған мәселесінің құндылығы да осында жатыр.

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Елбасы күшті және қуатты Қазақстан мемлекетін құрудағы басшылыққа алатын алты негізгі бағыттарды атап көрсеткен болатын. Біріншісі, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру. Яғни қазақстандық патриотизм қоғамды, этностық әркелкіліктерді біріктіруге тиіс. Екінші, барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз бәріміз тең құқықты, тең мүмкіндіктерге иеміз, тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Үшінші, қазақ тілінің дамуы және тілдердің үштұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтының ең басты бірлікті нығайтушы факторларының бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Төртінші, мәдениет, дәстүр және даралық. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Бесінші, ұлттық интеллигенцияның рөлін көтеру. Алдыңғы қатарлы күшке айналдыру. Алтыншы, біздің мемлекет келбеті – Қазақстанның табысты дамуының маңызды шарты.

«Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда үлкен жауапкершілікті мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына жүктей келе, Президент тек ұлттық мәдени кодты (негізді) сақтай отырып қана (тіл, руханият, салт-дәстүрлер) уақыттың сын-қатерлеріне жауап қайтара алатынымызға баса назар аударды. «Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды... Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек», – деген Елбасының бұл құнды пікірі ата салтымызды сақтауға, туған жер мен ел алдындағы перзенттік парызымызды ақтауға шақырады.

Тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, өз халқының мәдениетін, оның өткені мен бүгінін білмеу, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен уақыт байланысының бұзылуына әкеліп соғады. Осыған орай, қазіргі жас ұрпақтың басым көпшілігінің ұлттық сана-сезімдерін дамыту және жаңғырту қажеттілігі сезіледі. Әсіресе, бұл жайт қазақ жастарының өз ана тілін ғана емес, сонымен қатар, өз ұлтының тарихын, салт-дәстүрлерін, ата дінін білмейтін бөлігінен қатты байқалуда. Сондықтан Президенттің жалпы білім беретін орта мектептердің оқу үрдісіне «Қазақ елі» пәнін енгізу қажеттілігі туралы ұсынысын қолдай отырып, бүгінгі күні мұндай пәнді Қазақстанның жоғары және арнаулы кәсіптік оқу орындарына да енгізу артық болмас еді. Міндетті пән ретінде енгізудің аса маңыздылығы мен көкейкестілігі еліміздегі қарқынды түрде өтіп жатқан жаһандану және дүниежүзілік білім беру кеңістігіне қосылу үдерісі тұсында да ерекше маңызға ие болмақ. Бұл ұлт ұл-қыздарының өзге мәдениет өкілдерімен сапалы диалог құруына, жаңа буын мамандарды тәрбиелеп шығаруға ерекше септігін тигізері сөзсіз деп білемін.

Елбасы рухани бірлік пен ұрпақтар арасындағы сабақтастық, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін өзектендіре отырып, мұның бәрі жақын болашақта күшті және қуатты Қазақ мемлекетін өркениетті жолмен өрістетудің қажетті шарты екеніне баса назар аударып келеді. Біз де бұл келелі мәселені шешуде мектептермен қатар арнаулы кәсіптік және жоғары оқу орындарында «Қазақ елі» пәнін міндетті пән ретінде енгізуді бірте-бірте қарастырудамыз. «Қазақ елі» пәні, біздіңше, метапәндік сипатта болуы керек. Бұл пән Қазақстан мектептерінде енгізілетін пәннің логикалық жалғасы ретінде студент жастардың ұлттық сана-сезімдерін үздіксіз дамытуды қамтамасыз етіп, олардың Қазақ елінің болашағына сенімін нығайтар еді. Мұндай тұрғыдағы метапәндер, метасабақтар, метадәрістер оқыту тәжірибесінде баяғыдан бар. Бұл секілді оқытудың пәндік негіздері шәкірттердің білім нәріне кешенді көзқарасын қалыптастырып, оқу мазмұнындағы танымдық ойларды жинақтауына, ойлау қабілетін одан әрі дамытуына мүмкіндік береді.

Жоғары оқу орындарында оқытылатын «Қазақ елі» пәнінің негізгі міндеті қазақ халқының қалыптасу және даму тарихы жайлы мектептегі білімдерін жүйелеу ғана емес, сонымен қатар, болашақ мамандардың ұлттық сана-сезімдерін қазақстандық патриотизмді жоғары деңгейде дамыту бойынша білімдерін одан әрі кеңейте түседі. Атап айтсақ, кәсіби деңгейде өзін-өзі тану және кәсіби тұрғыда өзін-өзі бағалау дәрежесіне жеткізеді. Әрине, кез келген жаңалық өмірге өздігінен ене салмайтыны белгілі. Қиындықтары да көп болады. Оны еңсеру үшін өткен-кеткен тәжірибелерді қайта зерделеп, аса маңыздыларын елеп-екшеп алуымыз керек. Осы тұрғыдан қарағанда Елбасы ұсынған «Қазақ елі» пәнін оқу үрдісіне енгізу, оны оқытудың алғашқы тәжірибелері қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде басталғанын атап өткен орынды. Білім ордасы осы пәннің бір құрамдас бөлігі ретінде 2009-2010 оқу жылынан бері «Ұлттық тәрбие» пәнін оқытып келеді. Осыған байланысты «Ұлттық тәрбие» кафедрасы ашылды. «Ұлттық тәрбие» атты республикалық ғылыми-теориялық журнал шығады. Студенттерге арналған «Ұлттық тәрбие» пәнінің тұжырымдамасы жасалып, оның типтік оқу бағдарламасы, дәрістер курсы, бірнеше оқулықтар мен оқу құралдары дайындалып, жарық көрді.

«Ұлттық тәрбие» пәнінің басты мақсаты – ұлттық сана-сезімі, мәдениеті жоғары деңгейде дамыған, өз ұлтын сүйетін, оның салт-дәстүрін, тілін, ділін, дінін, мәдениетін қастерлейтін, еліміздің қазіргі мәдени-әлеуметтік жағдайында жоғары сұранысқа ие болатын нағыз ұлтын қадірлейтін мамандар даярлау. Өйткені, халқымыздың ежелден қалыптасқан адамгершілігімен, үлкенге деген құрметімен, кішіге – ізетімен, қонақжайлылығымен, ақыл-парасатымен, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастыруымен, өзгеге деген сыйластығымен ерекшеленетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, мол мәдени-рухани мұраларын сақтап, оны жастарға ұғындыра алатындай білім беру қажеттігі күннен-күнге айқын сезіле түсуде. Жаһандану кезеңінде халқымыздың осындай асыл қасиеттерін білім беру үрдісіне енгізу арқылы жастардың ұлттық қасиетін, ұлттық дүниетанымын сақтап қаларымыз анық. «Ұлттық тәрбие» пәнін оқу үдерісіне енгізу арқылы біз ұлттық құндылықтарды, мәдениетіміз бен тарихымызды, дәстүрлерімізді бүгінгі күнмен сабақтастыра отырып, қазақ елінің болашақ жастарын жаңаша тәрбиелеуді бастадық.

Ұлттық тәрбие

Асылы, ұлттық рухты үнемі ұлықтап жүретін қазақтың тәлім-тәрбиесінің қайнар көзі тым тереңнен басталады. Ұлттық тәрбие қайнарынан қанып сусындаған ұрпақ дені сау, ақылды, білімді, ұлтжанды, еңбекқор, кішіпейіл болып өседі. Халықтың өмір тәжірибесінен, рухынан, өнерінен, ділі мен тілінен, ұлттық мінезінен туатын ішкі заңдылықтарды дұрыс түсіндіре білу – жастарымыздың тәрбиесіне оң әсерін тигізбек. Ұлттық үлгідегі аса көңіл бөліп отырған мәселеміз – мемлекетшілдік нышандарды дамыту, оны ұрпақ тәрбиесімен ұштастыру және осы арқылы жастардың отаншылдық рухын ояту. Олай болса, елдің, ұлттың мәңгілік болуы оның уақытқа бағынбайтындығында, халқын, елін, жерін шексіз сүйетін азаматтарды қалыптастырып, тәрбиелеуде жатқаны айқын.

«Ұлттық тәрбие» пәнін оқыту барысында біз студенттерге халықтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, тіл мен діл, дін негіздерін, ұлттық мәдениет, сыйластық, кішіпейілділік, отаншылдық мәселелерін тереңдетіп оқытуға ерекше көңіл бөлеміз.

Мен мұны неге айтып отырмын? Біздіңше, оқу үдерісіне «Қазақ елі» пәнін енгізу жөніндегі оқу бағдарламасын жасағанда осы мәселелер ескерілгені жөн. Әрине, пәннің ауқымы кең, қамтитын мәселелері де әр алуан. Жас ұрпаққа өзіміздің нағыз қазақ елі екенімізді ұқтыру, түсіндіру, оны олардың санасына терең сіңіру үшін мәселеге әр қырынан келуіміз қажет. Жалпы, жас ұрпаққа қазақ елінің қандай ел болғанын, алдағы уақытта қалай болуы керектігін жүрегіне жеткізе ұғындыру үшін оның (қазақтың) салт-дәстүр, әдет-ғұрпын, мәдениетін, адамгершілік, кісілік келбетін, қарым-қатынас әдебін ғана үйретіп қою жеткіліксіз.

Қазақ елінің қандай ел болуы керек екенін жастардың санасына жеткізу үшін біз, жоғарыда атағанымыздай, төл тарихымызды терең меңгертуіміз абзал. Өйткені, тарихын білмеген азамат болашақта ұлт жанашыры, ел қамқоры болады деуге мен өз басым күдікпен қараймын. Әрине, мектепте де, жоғары оқу орындарында да «Қазақстан тарихы» біршама жүйелі оқытылып жатқаны баршамызға белгілі. Алайда, оны бірізді бағдарламамен оқытып шыққаннан гөрі сол жүйелі құрылымды сақтай отырып, жүрек тебірентер шынайы сезіммен, оқушының рухын көтерер биік леппен, халықтық рухта оқыту әлдеқайда тиімді болар ма еді деп ойлаймын. Мәселен, Ресейдің көп мектептерінде сабақ бүгінде «Орыстар – қаһарман ел, орыстар ешқашан жеңілмейді!» деген асқақ ұрандармен басталады екен. Міне, жастардың рухын көтеру үшін бізге осындай қадамдар да керек.

Бүгінде тәуелсіз қазақ елі үшін жер тұтастығынан асқан тәуелсіздік те, бақыт та болмақ емес. Сондықтан «Қазақ елі» пәнінің құрамына география жөнінде арнаулы бөлім енгізілгені жөн деп ойлаймын. Мысалға, Қытай мектептерінде «Біздің жеріміз ұлан-байтақ...» т.т. деген секілді мәліметтермен оқытатын көрінеді. Бұл ел ұрпақтарының келешекте осылайша ойлауына әсер етпей қоймайды. Сондықтан біз ежелден қазақ халқы қай аймақтарды мекендеді, сол жерді қорғау үшін қалай қан төкті, сол географиялық аймақтар елдің тұрмыс-тіршілігіне қалай әсер етті, алпауыт мемлекеттерге бодан болған кездерімізде қанша жерлерімізден қалайша айырылдық – міне, мұның бәрі тарихымыз бен жер тұтастығымызға қалай әсер еткенін жас ұрпақтарымыз білгені жөн. Біз Елбасы айтқандай, жастарымызды: «Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының – ұлымыз. Бәріміздің туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан» деп үйретуіміз керек.

Тіл – тірек

«Қазақ елі» пәнін оқыту барысында халқымыздың бай фольклоры мен әдебиетін тереңдете оқыту арқылы тарихи және географиялық тұтастығымыздың сырларына жастарымызды терең үңілтуге мүмкіндік аламыз. Халқымыздың фольклоры мен әсіресе, ауыз әдебиеті тарихынан да, халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен де терең мағлұмат беретін жауһар дүниелер. Осы арада тіл мәселесі пәннің өзекті бөлімі, арнаулы тарауларының бірі болуға тиіс. Өйткені, біз фольклорымыздың алтын сандығындағы шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, өлең-жырлар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар арқылы тілдік қорымыздың байлығын паш етіп, жас ұрпақтың ана тіліне деген құрметі мен мақтаныш сезімін оятамыз. Ал халықтың ежелгі салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ырымдары мен тыйымдары арқылы қазақтың елдік мәдениеті мен адамгершілік, ізгілік қасиеттерінен, халықтық үлгісінен терең мағлұмат алуға болады. Ана тілімізді ұлықтау, сүю, қадірлеу, оның болашағы үшін толғану, күресу мемлекет құрушы халық ретінде біздің елімізді танытатын айғақты фактор. Мұндайда «Тіл тұғырлы болмай – ел тұғырлы болмайды» деген қағиданы әсте естен шығаруға болмайды. «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз, – деді Президент Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында. – Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз...».

Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге, сол тіл тірегі саналатын ұлтқа, халыққа деген көзқарас екені даусыз. «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы» (Ш.Айтматов). Сондықтан оған бейжай қарамаған жөн. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп айтатын боламыз. Мұны Елбасы қадап айтып келеді. Шынында да қазақ елі болу үшін біз мемлекеттік тіл – қазақ тілін айрықша құрметтеп, оның қадір-қасиетіне ерекше ден қоюымыз керек екенін «Қазақ елі» сабағында ұстаздар жастар санасына ерекше сіңіруі тиіс. Өйткені, қазақ тілі – ұлан-байтақ жерді мекендеген ел бірлігінің, ынтымағының, туысқандығының тілі ретінде, халықтар достығының дәнекері тұрғысынан қарастырылуы керек.

Патриотизм пәрмені

Міне, осы айтылғандай, ұлтын сүю, тілін, ділін, салт-дәстүрін қастерлеуден келіп патриотизм мәселесі туындайды. Осы арада мен тағы да Елбасы Н.Назарбаевтың мына тұжырымдамасына сүйену артық болмас деп ойлаймын: «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек, – дейді «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасында. – Бұл, ең алдымен, елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады... Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені, өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс».

«Қазақ елі» пәнінің негізгі тармақтарының бірі – діни мағлұматтар беру, яғни ата-бабадан мұра болып келе жатқан дәстүрлі ұлттық дін жайлы білім берілуі керек. Біз бәріміз ислам дінін ұстанатынымыз анық. Бұл жерде «ұлттық дін» дегеніміздің үлкен мәні бар. Қазақ халқы исламды тұтынғанымен, ілгеріден оны өзіндік ұлттық сипатпен қабылдағаны белгілі. Былайша айтқанда, өзіндік діни салт-дәстүрлеріміз бар. Ол ғасырлар сынынан өтіп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Сондықтан бүгінгі ұрпақ осы мәселелерді жақсы білуге тиіс. Мұнда жастарымыз басқа діни ағымдардың ықпалына түсіп кетпес үшін қазақы нұсқадағы ислам (Әбу Ханифа мазһабын) жолын ажырата білуі керек.

Сонымен бірге, «Этнопедагогика» ілімі де аталған пәннің құрамдас бөлігі болып табылады. Жалпы, этнопедагогика – халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлар туралы ғылым, ол халық педагогикасынан, ұлттың педагогикалық ойлар тарихынан бастау алады. Сондықтан, әрбір жастың этнопедагогикадан тиісті мағлұматы болғаны жөн.

Рәміз рухы

Жастардың отаншылдық рухын оятуда мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің орны бөлекше болатындығы даусыз. Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымызды қастерлеуді үйрету арқылы біз оларды өз елінің ұлтжанды, мемлекетшіл азаматы етіп тәрбиелеуге қол жеткізбекпіз.

Сонау бір кеңестік қызыл идеологияның қылышынан қаны тамып тұрған кезінде, өз еліңді менің елім, өз ұлтыңды менің ұлтым деп айта алмайтын қызыл тілге саясаттан шынжыр салынған кезде, қазақтың көрнекті ақыны Жұбан Молдағалиев «Мен – қазақпын» деген биік пафосты, асқақ үнді, өршіл поэма жазып, иісі қазақты бір көтеріп тастағаны әлі жадымызда.

«Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.

Жөргегімде таныстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген...

... Мен қазақпын, мен енді байтақ елмін,

Айта бергім келеді, айта бергім», –

деп ақын өзінің қазақ екенін байтақ елге, қала берді бүкіл әлемге жар сала, мақтанышпен үн қатқан еді. Бүгін, міне, құдайға шүкір, тәуелсіз елміз, «Мен – қазақпын» деп қалай мақтансақ та, өзіміздің қазақ елі екенімізді қалай паш етсек те ешкім тілімізге тұсау салып жатқан жоқ. Тек батыстан соққан дүлей дауылдай шапшаң жылжып келе жатқан жаһандану үрдісі тәрбиеміздің, мінез-құлқымыздың бағыт-бағдарын өзгертіп, ұлттық санамызға әсер етіп жатқаны алаңдатады. Сондықтан да «Қазақ елі» пәнін енгізудегі мақсат – жас ұрпақты рухсыздықтан сақтап, елін, жерін, отанын сүйетін ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру екенін әсте ұмытпағанымыз мақұл. Әрбір азамат «Менің елім», «Менің Қазақстаным» деген мақтанышпен кеуде көтеріп, елі үшін бәйгеге бас тігетін өз мемлекетінің шынайы патриоты дәрежесіне көтерілген кезге жеткенде ғана біз нағыз Қазақ елі – мәңгілік ел болып бой көтереміз.


//Егемен Қазақстан.-2013.-19 қараша.- 3 б.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет