Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технология негiзiнде даму проблемалары мамандығы: 10. 01. 10 – журналистика



жүктеу 1.96 Mb.
бет12/12
Дата16.06.2018
өлшемі1.96 Mb.
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Дәстүрлi хабар тарату. Әуе толқыны арқылы хабар тарату таяудағы жылдары дес бере қоймайтын дәстүрлi арналардың бiрi ретiнде өз маңызын жоймақ емес. Бiрақ кабельдi және серiктiк жүйелер барған сайын басым түсе бастауда. Оның бiр себебi – цифрлық форматтар мен стандарттарға көшiп, сапасын жақсарта түсуде, оның үстiне сан түрлi қосымша қызметтер ұсына алады. Дүниежүзiнде үлкен желi құрғандықтан қызмет көрсету ақысы да жыл өткен сайын төмендеп келедi. Сондықтан олардың болашағы өте жоғары деп есептеледi.

Ал, дәстүрлi әуе толқыны арқылы хабар тарату әлi ұзақ жылдар жағаға шықпайды. Өйткенi, тұтынушылардың барлығына бiрдей теледидардың қосымша қызметтерi қажет те емес, олар тек ақпарат алу көзi ретiнде пайдаланады. Оның үстiне қосымша қызмет сервистерi, соның iшiнде Интернет ақы төлеудi мiндеттейтiндiктен, артық шығынды көп телекөрермендердiң қалталары да көтермейдi, оған уақыттары да жете бермейдi.

Болашақта телехабарлардың таратылуы тегiн және ақылы болып екiге бөлiнетiнi қазiрдiң өзiнде айқындала бастады. Осындай күрделi өзгерiстерден кейiн телебизнес қалай құрылады, жарнамадан түсетiн табыс қаншалықты өседi, оны уақыт көрсетедi. Бiр нәрсе анық, телехабарлар өз аудиториясына жақындайды, көп арналарға тарамданып дамиды.

Ресей телевизиясын дамыту қорының президентi Григорий Шевелев мынадай құнды пiкiр бiлдiрген екен: «Ертеңгi күннiң табысы – нақты аудиторияға адрестi хабар тартуда. Көрермен де өзiнiң нақты сұранысын қанағаттандырған жағдайда ғана ақы төлеуге бейiм тұрады. Тиiсiнше, аудиториясына дөп түскен жарнаманың да табысы жоғары болады. Телевизияның ертеңi – мамандандырылған сан-салалы каналдар. Адамның рухани сұраныстарының шегi болмайтыны сияқты, оның да түрi сан алуан болып дами бередi»./129/



Осыған байланысты тележарнаманың да рөлi өсе түседi және өз аудиториясын iздейдi. Телеиндустрияның жедел дами бастаған кезеңiнде әлемдiк азулы медиа магнаттардың бiрi Рой Томсон шаттанып «телевизияңның болуы – ақшаны өзiң басқанмен бiрдей» деп шын сырын ашып қойған көрiнедi. Қазақстан нарығында да телебизнестiң алғашқы бетiндегi қаймағы алынды, ендi оны дамыту, табыс табу, сонымен қатар қоғамдық дамудың маңызды факторына айналдыру үшiн де осы аудиториясын табу, оның нақты сұраныстарына бейiмделу керектiгi айқындала түстi деп есептеймiн.

Реал-видео. Интернет арқылы жүзеге асырылуда, компьютердiң көмегiмен телеарналар мен видеоклиптердi көруге мүмкiндiк бередi. Алайда бейнетасқынының қатты сығымдалуы сапасын едәуiр төмендетiп, кiшiрейтiп жiбередi. Оның есесiне сiз де эфирдi пайдаланбай-ақ, өз телехабарларыңыз бен клиптерiңiздi Интернет арқылы дүниежүзiне тарата аласыз, кез-келген құнды мағлұматтармен алмасуға мүмкiндiк бередi. Бұл тележурналист үшiн аса маңызды қызмет. Осы форматта әлемдегi үздiк телебағдарламалар мен клиптермен танысып, әр түрлi көрмелер мен байқауларға виртуальды қатысып, басқалардан үйренiп, шығармашылық шеберлiгiн шыңдауына кең мүмкiндiк алады, өркениет көшiне iлесiп отырады.

Веб-ТВ. Теледидарға қосылатын қосымша құралдан көпканалды байланыс желiсi арқылы Интернетке шығып, телебағдарламаларды көруге мүмкiндiк жасайды. Сол сияқты өзiңiз ұнатқан фильмге тапсырыс берiп, қолайлы уақытта көресiз. Телешоппинг принципiмен сауда жасайсыз, мейрамханадан, я қонақүйден орын алу сияқты операцияларды да жүзеге асырасыз. Бұл нағыз компьютер, теледидар мен Интернеттiң бiртұтастыққа жеткен үлгiсi.

ТВ–гидтер. Бұл тәсiл кабельдiк жүйе үшiн жүзеге асырылады. Әлемнiң әр тарабында шашылып жатқан бөлек-бөлек желiлердiң әрқайсысының өз қамту аймағы бар. Сiз солар арқылы өзiңiзге ұнаған телехабарлардың тiзiмiн жасап, қажетiңiзше көңiл көтерiп, демала аласыз, қажет болған жағдайда Интернет әлемiн де шарлайсыз.

Микро-телевидение. Бiр канал арқылы бiр мезгiлде сығымдалған бiрнеше ақпараттар тасқыны жiберiледi, сiздiң теледидарыңыз оның iшiнен кез-келген хабарды кезек-кезек көруге мүмкiндiк бередi. Бұл бiлiм беру хабарларын таратудағы аса бiр қолайлы құрал ретiнде кең тарап отыр. Осындай тасқынды технологиялар хабар жеткiзудiң өзiндiк құнын төмендетуге көмектеседi. Мысалы, бiр арнаға әдетте 18 микроарна сыйғызылады. Егер ол оқу бағдарламаларының пакетi болса, тиiсiнше 18 түрлi сабақтар мен бейнеәңгiмелер бар. Содан өзiңiзге ұнайтын, қажет пәндi оңай аша аласыз. Сол сияқты 18 түрлi мультфильм болуы да мүмкiн, балаңыз соның ұнатқанын көредi. Мұның өзi журналист шығармашылығына қамшы салатын фактор. Болашақта осындай арналар саны көбейген сайын оның сұраныстарын қанағаттандыру қиындай түседi, яғни орасан телематериалдар жинақталып, түсiрiлуi, өңделуi қажет болады.

Жазып алу қондырғылары. Бұл жағдайда сiздiң теледидарыңызға қосымша құрал орнатылады, ондағы қатты дискiге сiз белгiлеген хабарлар жазылып, түсiп отырады. Сiз уақытыңыз болған мезетте кез-келгенiн көрiп, тамашалай аласыз. Мысалы, сiз телеэкраннан маңызды хабарды көрiп отырсыз, ал көршi каналда жаңалықтар жүрiп жатыр. Сiз сол жаңалықтарды жазып, кейiн көрсеңiз де болады. Осындай құралдардың деңгейi де әртүрлi, тiптi кейбiреулерi жасанды интеллект дәрежесiне дейiн дамытылған. Мысалы, теледидарыңыз да өзiңiздiң талғамыңызға бейiмделедi, сiз ұнататын жанрдағы фильмдердi өз бетiнше сақтап қойып отырады. Егер тиiстi нұсқау берсеңiз, жарнамалық сюжеттер алынып, фильм тұтастай жалғаусыз жазылады. Сол сияқты бос уақытыңыз болып, кинофильм көргiңiз келдi дейiк. Басқару тетiгi арқылы ең үздiк 20 фильмның тiзiмiн және қысқа мазмұнын ашасыз да, ұнатқаныңызды көресiз. Теледидардың Интернетпен кiрiгуi осындай жаңа мүмкiндiктерге жол ашады.

Жоғары сапалы теледидар. Үлкен экранда аса жоғары сапамен үй жағдайындағы кинотеатрды жасауға мүмкiндiк бередi. Бiрақ аса қымбат болғандықтан баяу дамып келедi. Көбiне АҚШ пен Японияда таралған. Осыдан екi жыл бұрын АҚШ-та цифрлы телехабар таратуға көшу басталды. CBS, ABG және NBG корпорациялары қазiр тәулiгiне 12 сағатқа дейiн осы форматта хабар тартады және 30 шақты бағдарламаларда негiзiнен спорт, кинофильмдер мен танымдық сюжеттер қамтылады. Оның үстiне жарнама уақыты аса қымбат прайм-таймға сәйкес келедi. Мұның өзi телеиндустрияның жедел дамуына ықпал ететiн маңызды фактор.

АҚШ тұрмыстық техника тұтынушылар ассоциациясының мағлұматтарына қарағанда 2004 жылы сатылатын цифрлы теледидардың саны 10 млн. данаға жетедi. Geostat зерттеу орталығының мағлұматтары бойынша американдық әр отбасы жылына орта есеппен 32099 доллар табыс табатын көрiнедi. Осы жағдайда құны 10000 доллар шамасындағы үлкен экранды, өте сапалы теледидар сатып алуға олардың шамасы келедi. CEA Market Research компаниясының деректерi 25 пайыз ғана американдықтардың цифрлы теледидарды жоғары сапалы бейнесi мен дыбысы үшiн сатып алатындығын, ал қалғандарын қосымша қызметтерi қызықтыратынын көрсетедi. Мысалы, кең тараған Bunco DTV-5801 проекциялық теледидарының диагоналы 58 дюйм, бейненi 1600 телелинияға дейiн анық көрсетедi, дыбыс сапасы таңдай қақтырады, аналогтық және серiктiк цифрлы сигналдарды қабылдайтын екi тюнерi бар, бiр мезгiлде шағын экрандарға бөлiнген 12 канал ашылады, соның екеуiн қатар көруге болады, басқа да мол мүмкiндiктерi баршылық. Ал, қосымша қызметтерi ретiнде, ең алдымен интерактивтi мүмкiндiгiн пайдаланып, хабардың кейiпкерлерi туралы қосымша мағлұмат аласыз, сұрақ қоясыз, телевикторинаға, спорт хабарларындағы тотализаторға қатысасыз, он-лайн режимiнде кез-келген тауарды сатып аласыз. Сол сияқты өзiңiзге қолайлы мезгiлде «тапсырыс бойынша фильм» (video on demand) принципiмен кино көресiз. Тiптi қажет десеңiз теледидар ойын терминалына айналып, Интернет арқылы көңiлiңiз қалаған ойынға қызу кiрiсесiз. АҚШ-та барлық телехабарлар таратуды таяу жылдары цифрға көшiрiп, 2006 жылы аналогтық тәсiлдi тоқтату туралы ресми бағдарлама да қабылданған./130/

Қазақстанда цифрлы теледидарлар кең сатылып жатқанымен, ол форматта хабар таратудың ауылы алыс. Бұл үшiн серiктiк хабартаратқыштарды қайда жабдықтап, жаңарту қажет болады, тиiсiнше, мәселенiң шешiмi мол қаржыға, мемлекеттiк қолдауға тiреледi. Осыған байланысты таяу жылдары мына мәселелерге назар аударылғаны жөн деп есептеймiн:

- бiрiншi, Қазақстан өзiнiң аумағында Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқандығын ұтымды пайдаланып, серiктi байланысты дамытудың кешендi бағдарламасын жасауы;

- екiншi, Ресей және Украинаның ғылыми, конструкторлық орталықтарымен бiрлесiп төменгi орбиталық байланыс серiктерiн жасауға қатысуы;

- үшiншi, осы салаға мамандар даярлауы, жаңа мамандықтар ашуы, әсiресе ұлт кадрларын қалыптастыруға күш салуы;

- төртiншi, серiктiк байланыс желiсiн түзу, басқару мен қызмет көрсетудiң кешендi шараларын қарастыру;

- бесiншi, осы жоғары технологиялық салада шет мемлекеттерге қызмет көрсетудiң мүмкiндiктерiн қарастыру, нарықтағы орнын табуы.

Яғни, тек байланыс серiктерiн орбитаға шығарумен айналысып қана қоймай, оны жасаудың, басқарудың және қызметiн басқаларға ұсынудың жолдарын қарастыратын уақыт жеттi, қажеттiлiк туды деп бiлемiн. Мысалы, көршi Ортаазиялық мемлекеттер: Өзбекстан, Қырғыз республикасы, Түрiкменстан мен Тәжiкстан, Монголия мен Қытайдың батыс аймақтары таяу болашақта осындай қызметтерге зәру болатындығын ғылыми-техникалық прогрестiң дамуы көрсетiп отыр. Ол республика экономикасын дамытуға көмектесетiн, технологиялық деңгейiн өсiретiн, жаңа кадрларын қалыптастыратын қуатты нарықтық фактор екендiгi де белгiлi.

Бұл егемен елдiң ақпараттық қауiпсiздiгiн нығайтудың шаралары ретiнде де қарастырылғаны орынды. Сол сияқты бұл арқылы әлемнiң кез-келген нүктесiнде өз ақпаратымызды таратуға, көзқарасымызды жеткiзуге мүмкiндiк аламыз. Өйткенi, бiзде сырттан келiп жатқан ақпараттар тасқыны қуатты да, ал iшкi БАҚ-тың сыртқа таралуы жоққа тән.

Цифрлы болашақтың БАҚ аудиториясын, жалпы адамдардың эстетикасы мен этикасын, моральдiк келбетiн қалыптастыруда ықпалы күшейе түспек. Цифрлық қызметтер кең тараған жағдайда адамдар өзiнiң теледидарының алдында отырып, кез-келген тауарға, қызметке тапсырыс бере алады, банк операцияларын жүзеге асырады, достарымен электронды хат арқылы хабарласады, теледидар арқылы өз сұрақтарын қойып, жүргiзушiден жауап алады, болмаса белгiлi бiр хабар туралы кеңiрек айтып беруiн өтiнедi.

Осы саланың мамандарының ортақ пiкiрi бiр нәрседе ғана тоғысады. Ол телевидение мен Интернет бiр-бiрiне жақындасып толықтыра түскенде ғана жаңа өскелең талаптарға толық жауап бере алатын болады. Ал ендi бұл талаптарды жаңа деңгейге көтеру үшiн кәсiби қызметтер құрылуы керек. Ол техникалық қызмет көрсету саласы ғана емес, соларға ақпарат дайындап, өңдеумен айналысатын журналистерге де қатысты.

Жаңа дәуiрдiң телевизиясы туралы профессор М. Барманқұлов былай дейдi: «Телевизия жаңа бiр қосымша бұқаралық ақпарат құралы болумен шектелмедi. Ол бiрден алдыңғы қатарға шықты. Барлық ескi журналистiк жанрларға жаңалық енгiзiп, табиғатын терең аша түстi. Өзiне ғана тән тәсiлдердi қалыптастырды. Журналистикаға жаңа жанрлар мен формалар сыйлады»./6, с. 11/ Ал, бүгiнгi технологиялық өрлеу журналистер үшiн жаңа шығармашылық көкжиектердi ашады. Репортажды сол заматта әуе толқынына таратудың мүмкiндiгi туды, виртуальды түрде әр түрлi аудиторияда отырып, кейiпкермен интерактивтi сұхбат жүргiзуге болады, ол әңгiмеге Интернет арқылы кез-келген көрермен де қатыса алады. Танымдық бағдарламалар жасауда журналист пен режиссер бұрын ойға кiрiп шықпаған мүмкiндiктерге ие болды. Егер түсiру мүмкiн болмаған жағдайда виртуальды макет жасап кез-келген құбылысты, болмысты кең таратып тәптiштеп түсiндiре, көз алдыңа елестете алады. Оқу бағдарламаларын жасауда да осындай ерекше әдiс-тәсiлдердi пайдаланып, материалдың ұғынықты болуын арттыруға болады. Документальдi телеөндiрiстi де жаңа өрлеу кезеңi күтiп тұр, осы саладағы туындыларға қазiрдiң өзiнде сұраныс мол. Мұның барлығы шығармашылық топтың мүмкiндiгiне байланысты. Болашақта тележурналистiң режиссер, продюсермен қоса компьютер мамандарымен қоян-қолтық араласып жұмыс iстеуiне тура келедi.

Бейненi компьютерлiк өңдеу саласында қалыптасқан бағдарламалар көптеп саналады. Солардың iшiнде кең тарап, дүниежүзiлiк стандартқа айналған Adobe Premiere бағдарламасы. Ол компьютерлiк сызықтық емес монтаж жасаудың барлық операцияларын жүзеге асырады. Бейнекамерадан компьютерге жазып, тұтас фильмдi әр кадрына дейiн жiлiктеп бөлiп қарап шығуға, оның кез-келген тұстарын кесiп алып тастауға, болмаса өзгертуге болады, әр түрлi арнайы эффектiлер қосылады, титр жасалады, сюжеттер арасындағы терезелер мен ауысымдар қойылады, дыбыспен үйлестiрiледi, болмаса музыкамен көркемделедi және басқа да дайын өнiм жинақтауға дейiнгi барлық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi аса қуатты құрал. Бiрнеше фильм сюжеттерiн қосу, әр түрлi айқындылық шегiн қою, күрделi өзгерiстер мен алмасулар жасау да компьютер маманының бiлiктiлiгiне қарай жүзеге асады. Цифрлы форматтағы түсiру камераларының қатары өскендiгiне байланысты ол қазiр шағын студия жағдайында да кең қолданылуда.

Adobe After Effects бағдарламасы сызықтық емес монтажды толықтырып, керi шағылыстыру, бейнелеу, айқындылық сияқты күрделi эффектiлермен танылған бағдарлама.

Телеиндустрияда қолданылатын келесi нысан – үшқырлы моделдеу, жобалау және қозғалыстар беретiн бағдарламалар тобы деп аталады. Мұның кең тараған мысалы – 3D Studio Мах. Қозғалыстағы роликтер мен сюжеттердi бiрiктiретiн аса маңызды құрал. Онда кез-келген кескiндi, бейненi әр түрлi геометриялық фигуралар арқылы жасап, түр-түске бояйды, кiлттер арқылы қозғалысқа келтiредi, мимиканы бередi, қозғалыстағы өзгермелi титрлар жасайды, ал соның бәрiнiң жиынтығын компьютер рендеринг тәсiлiмен бейнеге айналдырады. Мультипликациялық фильмдердi жасауға да болады, яғни қозғалыстағы өзгерiстердiң барлығы жүйеге түсiрiледi, ал дыбыстарын Adobe Premiere бағдарламасында толықтырып, тұтас дайын өнiм шығаруға болады.

Осы бағдарламаға ұқсас Maya-ның мүмкiндiктерi тiптi де шексiз, ол шынайы адам, жан-жануар кейiптерiне дейiн компьютерде жасап, қозғалысқа келтiре алады, адамның терiсi, шашы сияқты ұсақ түйектi де дәл бередi, қозғалысты есептегенде желдiң екпiнi, тiптi жердiң тартылыс күшi сияқты өлшемдердi де ескередi, сондықтан персонаждардың қозғалысы өте нанымды шығады. Бұл бағдарлама көбiне киноиндустрияда қолданылады, компьютердiң орасан есептеу мүмкiндiгiн қажет етедi. Қазiргi кинодағы арнайы эффектiлер мен тосын кейiпкерлердiң бейнесi осы және осыған ұқсас бағдарламалардың көмегiмен жасалады.

Келесi бағдарламалар тобы виртуальды әлем жасауға көмектеседi. Ландшафт генераторы деп аталатын Vista Pro, Vue D’Esprit, Bryce 3D, Animatek’s World Builder және Word Construction Set бағдарламалары кең таралған, олардың көмегiмен табиғаттың көрiнiсiн, таулар мен даланы, сарқырамалар мен құздарды вируальды жасап, еркiн саяхаттауға болады. Қиялдағы қаланы соққыңыз келсе, оның да өз құралдары бар. Мысалы, Silicon Graphics және Telenor компаниялары бiрiгiп, әлемнiң бiраз iрi қалаларының виртуальдi макеттерiн жасап шыққан, оның кез-келген кварталын еркiн аралап, компьютермен саяхаттауыңызға, телехабарыңызды жасауыңызға болады.

Жоғарыда сөз болған «қозғалысты қамту» (motion capture), мимиканы қайталау технологиялары да тұтастай бiр бағдарламалар мен техникалық құралдар жиынтығынан тұрады.

Осындай күрделiлiгiне қарамастан бүгiнгi телеиндустрия өзiнiң тартымдылығынан айырылған жоқ, керiсiнше, бҮл салаға орасан инвестициялар құйылып, техникалық дамуына көп жағдай жасалуда. Соның iшiнде осы салаға бiлiктi мамандар даярлау мәселесiне де көп қаражат жұмсалуда. Жоғары бiлiктi, қазiргi технологияларды меңгерген журналистер, менеджерлер, режиссерлер, продюсерлер, операторлар және басқаларға сұраныс жыл өткен сайын арта түсетiнi белгiлi. Қазақстанның жоғарғы оқу орындары да осы сұранысты ескерiп, жұмыс бағдарламаларына өзгерiстер енгiзуi тиiс деп есептеймiн.

Осы арада профессор Н. Омашұлының мына бiр бастамасының өзектiлiгiне назар аударып өтейiн. Америка тәжiрибесiн және ЮНЕСКО-ның мыңжылдық қарсаңындағы ұсыныстарын қорытындылай келiп, ол Қазақстанда да оқу, ғылым мен бiлiм телеарнасын ашатын уақыт туғандығын баса көрсетедi./11, 150-б./ Осы ұсыныс өзiнiң өмiршеңдiгiн жойған жоқ, керiсiнше қазiргi қалыптасқан жағдай қайта оралуға мәжбүр етуде. Кейбiр шетелдiк инвесторлардың жергiлiктi мамандарға сенiмсiздiкпен қарап, мұхиттың ар жағынан жабдықтар, материалдар, жұмыс күшiн де тасып жатқаны егемендiк мұраттарына қайшы келедi. Қазақстанның техникалық, ғылыми, кадрлық потенциалы мол екендiгiн дәлелдеп жатудың өзi артық. Ал, бiлiм арнасы болашақ жастардың жаңа талаптарға тез бейiмделiп, жаңа технологияларды жатсынбауына көшбасшы болар едi.

Телеиндустрияның бүгiнгi мүмкiндiктерi мұнымен де шектелмейдi. Ол жоғары динамикалық өсу кезеңiн бастан кешiруде және болашақта бҮл үрдiстер одан әрi дами түсiп, жаңа тауқiметтердi туғызу мүмкiн. Солардың қатарындағы ең маңызды фактор телевизия – компьютер – Интернеттiң өзара кiрiгу тенденциялары және ол журналистiң жұмыс стилi мен шығармашылық мүмкiндiгiне тiкелей әсер етедi. Сонымен бiрге «өмiр бойы бiлiм алу» принципiнiң өзектiлiгiн тағы бiр айқындай түседi. Журналист бiлiмге құштар бiрден-бiр мамандық иесi болғанда ғана кәсiби жоғары биiктерге көтерiлiп, халыққа танылады, қоғамдық қатынастардағы өз орнын табады.

Тележурналистика шығармашылық, техникалық, эстетикалық, моральдiк ұстанымдарды бiр бойына жинақтаған күрделi синтетикалық өндiрiс ретiнде БАҚ арасында алда да жетекшi мәнге ие болады, жарнаманың да үлкен үлесi тиедi, орасан мол қаражатты жұмылдырады. Осының өзi оның аудиторияға ықпал ету құдiретiн бiлдiредi. Оның пәрмендiлiгi мен қуаты жауапкершiлiгiн де өсiре түседi. Адамзаттың өркениет үрдiсiнде дамуына телевизия жауапты деуiмiздiң де негiздерi жоқ емес.

ҚОРЫТЫНДЫ
Жаңа ақпараттық технологиялар қысқа мерзiмнiң iшiнде дүниежүзiлiк экономикалық, саяси және мәдени ортаға зор ықпал етiп, күрделi өзгерiстерге бастау болды. Дамыған елдерде ақпараттық қоғам құрудың берiк негiздерi қаланып, барлық алғышарттары түзiлдi. Ауқымды технологиялық өзгерiстер әсер етпеген мемлекеттер жоқтың қасы. Өтпелi кезеңдi бастан кешiрiп, егемендiгiн нығайтуға кiрiскен Қазақстан да оған еркiн араласып, өзiнiң ашық нарық саясатымен инвестициялар тартуда, жаңалықтардың өндiрiске енуiне кең жол ашуда. Ғаламдастыру мен интеграцияның қиындықтары да жоқ емес. Әркелкi дамыған үлкен аумақта оларды бiр күнде шеше салу да мүмкiн емес. Оның үстiне Үзақ жылдар тоталитарлық режимнiң қыспағында болып келген адамдар психологиясында өзгерiстер болуы үшiн уақыт керек. Жаңа үрдiстер осындай ұлттық және аймақтық ерекшелiктердi ескерiп, дұрыс бағыт ұстанғанда ғана салтанат құратыны айқындалып келедi. Қазақстан өзiнiң стратегиялық басым мiндеттерi қатарында бұл факторларды ескерiп, ұлттық экономикалық және ақпараттық тәуелсiздiгiн нығайтуда кешендi шараларды жүзеге асыруда. Егемендiгiнiң он жылдығын нақты нәтижелермен, болашағына деген нық сенiммен қарсы алғалы отыр деп сенiммен тұжырымдауға болады.

Қазiргi ақпараттық технологиялар баспасөз бен электронды арналардың дамуына да игi әсерiн тигiзiп келедi және болашақта да шешушi мәнге ие болады. Сонымен қатар, газет-журнал редакциялары, телерадиоарналар менеджмент және маркетинг құралдарымен қатар қаруланса, әлемде жинақталған озық тәжiрибелердi басшылыққа алса, мамандардың бiлiктiлiгi мен шеберлiгiн арттыруға көңiл аударып, осы мақсатқа жаңа технологияларды пайдаланса, оқырманы мен көрерменi, тыңдарманы мен жанашырлары да ұтар едi, әрi табысты iс жүргiзер едi.

Әлемнiң бүгiнгi келбетiн коммуникация айқындайды. Ол қаншалықты жақсы дамып, өскелең сұраныстарды қанағаттандырса, арзан әрi сапалы болса, сол қоғам ашық деп есептеледi. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда ашық экономикалық саясат орнығып, меншiк формаларының қатар өмiр сүруiне жол ашылды, техника мен технологиялар нарығы қалыптасты. Бiрақ, бүгiнгi БАҚ күрделi жанды организм. Сондықтан оның барлық аспектiлерiн ашу, терең пайымдау, немесе ғылыми мәселе ретiнде қою мүмкiн болмады. Көптеген ғалымдар мен iзденушiлер оған өз үлестерiн қосады, журналистиканың бүгiнгi теориясы мен тәжiрибесiн сан қырынан зерттейдi деп сенемiн. Соның бiр бағыты ретiнде, технологиялық үрдiстерге қатысы бар мына бiр факторды қысқа тұжырымдап кетудi жөн көрдiм. Ол БАҚ-тағы меншiк мәселесi. Республика заңдарында оған қатысты демократиялық нормалар белгiленгенiмен қоғамдық қатынастардағы аражiгi айқындалып болды деп тұжырымдауға әлi ерте. Ашық қоғам диалектикасына сай БАҚ бiрiншi кезекте айқындылық (прозрачность) принциптерiн ұстануы керек. Ал, бiзде өкiнiшке орай, БАҚ қожайындары туралы мағлұматтар тым аз, болмаса ұжымның артында кiмдер, қандай топтың мүддесi тұрғандығы көмескi болып ашылмайды. Жаңа қожайындар журналистиканың құндылықтарын қаншалықты терең түсiнiп, жоғары жауапкершiлiгiн арқалай алады – бұл жағы да белгiсiз. Оған кездейсоқ адамдар, болмаса регресшiл күштер қол сҮқпай ма, аражiгi айқын бiлiне қоймайды. Менiң жеке дүниетанымым бойынша журналистика сияқты қоғамдық маңызы зор күштердi беделдi, көзқарасы айқын, кiршiксiз таза, ұстамды да бiлiктi адамдар басқаруы, иемденуi тиiс. БАҚ табак, болмаса мұнай корольдерi жұмыс арасында нұсқау бере салатын, виртуальдi басқаратын шағын кәсiпкерлiк емес. Рас, БАҚ та бизнес көзi, бiрақ керi серiппесi бар аса сезiмтал бизнес көзi. Осы тұрғыдан алғанда БАҚ қожайыны беделдi тұлға журналистер мен олардың тобы болғандығын қалар едiм және оны БАҚ аудиториясы да жылы қабылдар едi. Мiне, осы бағыттағы зерттеулер қажет шығар.

Тағы бiр мәселе – Қазақстандағы орыс және қазақ тiлдегi журналистиканың ара салмағы, бiр-бiрiне ықпал-әсерi, ортақ тауқiметтерi мен кемшiлiктерi тұрғысынан да кешендi зерттеулер қажет тәрiздi. Өкiнiшке орай, ол да сорпасы қосылмай, екi векторда дамып келе жатқан ғылым объектiсi.

Қоғамды мазасыздандырмай тұра алмайтын тағы бiр құбылыс – ол ақпараттар тасқынындағы қарама-қайшылық, iшкi ақпараттық потенциалдың сырттан келетiн тасқынның тасасында қалып қоюы. Сырттың ақпараттық экспанциясы Қазақстан нарығынан анық көрiнедi, серiктiк телерадиохабарлар мен Интернеттi айтпағанның өзiнде, жергiлiктi басылымдарымыздың, телерадиохабарларымыздың үлес салмағы өте аз. Елiмiзде Ресейдiң кез келген газет-журналын еш кедергiсiз сатып ала аласыз, тiптi салалық басылымдары да нарығымызды жауып кеткен. Ал, Қазақ елiнiң көзқарас, ұстанымдарын бiлдiрген қай газет-журналымыз Мәскеуде сатылып жатыр, сұранысқа ие. Рас, бiрдi-екiлi сырт аудиторияға бағытталған сапалы журналдарымыз бар, бiрақ олар теңiздегi тамшыдай ғана елеусiз қалуда. Қазақ тiлiнде ғана хабар тарататын «Шалқар» радиоарнасының жабылуы экспанцияға қарсы күрестегi тағы бiр мүмкiндiктiң тамырына балта шапты. Мiне, оған бiлiктi саралау, ғылыми тұжырым, ұстанымдардың болмауы жол ашты ма деп күмәнданамын. Сол олқылықтың орнын да толтыру қажет тәрiздi.

Келесi бiр маңызды тауқiмет – ақпарат алу еркiндiгiне қатысты. Саяси цензура жойылғанымен, экономикалық, болмаса әкiмшiлiк-бюрократтық шектеулер әрдайым көлденеңдеп журналистердiң алдынан шығады. Қоғамда жауабы табылмаған сұрақ, күмәндi ой болған жағдайда, бүкпесiз шындық айтылмаса – ол орта ашық қоғам талаптарына толық жауап бере алмайды. Бұл да ғылыми зерттеулердi, тұжырымдарды, әлеуметтiк сұрау салуларды қажет ететiн құбылыс. Мүмкiн, өркениеттi елдер тәрiздi Ақпарат алу еркiндiгi туралы Заң қабылдау да қажет болар.

Әрине, Қазақстанда БАҚ саласында шешiмiн күткен басқа мәселелер де жоқ емес, ол дүниежүзiлiк тәжiрибемен де үйлеседi. Солардың қатарында ақпараттық қоғам үшiн мамандар даярлау алдыңғы қатарға шықты. Таяу жылдары ақпаратты жинау, өңдеу және тарату саласында кадрларға деген сұраныс күрт өседi деген болжамдар негiзсiз емес. Осыған байланысты қазiргi заманғы журналистке қойылатын кәсiби және технологиялық талап та күшейедi, оларды оқытуға өскелең талаптар қойылады.

Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологиялардың қоғамдағы бүгiнгi рөлi мен БАҚ дамуына ықпалына қатысты мынадай тұжырымдар жасауға болады:

1) жаңа ақпараттық технологиялар жалпы қоғамдық өзгерiстердiң қозғаушы күшi, өзегi болып табылады;

2) ақпараттық қоғам құрудың берiк негiздерi қаланып, алғышарттарының бiрi ретiнде ашық ақпараттық кеңiстiктiң түзiлуi қарастырылуда;

3) жаңа компьютерлiк және телекоммуникациялық технологиялар ақпарат алу және таратудағы еркiндiкке қол жеткiздi;

4) жаңа қоғамдағы ақпараттың қоғамдық сана мен мәдениетке әсерi өлшеусiз өстi, тиiсiнше жауапкершiлiгi ұлғайды;

5) БАҚ жаңа технологияларды игерумен жаңа сапалық деңгейге көтерiлдi, оның салалары арасында өзара кiрiгу, бiрiн-бiрi байыту үрдiстерi бел алды;

6) ақпаратты алу, тексеру, өңдеу және тарату саласы мамандарына деген сұраныс өсiп, оларға қойылатын кәсiби, технологиялық және адамгершiлiк талаптар күшейдi;

7) жаңа жағдайда басқару мен жұмысты ұйымдастырудың демократиялық жаңа әдiс-тәсiлдерi орнықты;

8) «өмiр бойы бiлiм алу» принципi өмiршеңдiгiн дәлелдедi;

9) жаңа ақпараттық технологиялар адамдардың өмiр сүру стилiне, психологиясы мен дүниетанымына жаңа өзгерiстер алып келдi;

10) адамзаттың жарқын болашағы үшiн барлық прогресшiл күштер, соның қатарында БАҚ бiрлесе iс-әрекет ету қажеттiгi айқындала түстi.

Осы зерттеудi басшылыққа алып және қазақстандық факторларды ескерiп, таяу болашақта БАҚ-тың үздiксiз жедел дамуы үшiн мыналарға көңiл аударған жөн деп ойлаймын:

Бiрiншi: ашық демократиялық қоғам құру ұстанымдарын нығайту қажет. Өйткенi, ғаламдастыру мен коммуникация еркiндiгi ақпараттың еркiн тасқынына алып келдi, ғылымда «ақпаратпен жұмыс iстеудiң соңы тәсiлдерi» (современные методы работы с информацией) деген ұғым қалыптасты.

Екiншi: техникалық прогресс жетiстiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажет. Қазiрдiң өзiнде компьютерлiк технологияның жаңа артықшылықтары тәжiрибеде қолданыла бастады, соның iшiнде БАҚ салаларында берiк орнықты. Интеллектуальды-сараптық бағдарламалар, дауыспен басқару және жұмысты автоматты ұйымдастыратын күн де алыс емес.

Үшiншi: ақпараттық тәуелсiздiктi нығайту, iшкi рынокты реттеу шараларын белгiлеп, жүзеге асыру керек. Iшкi ақпараттық өнiмнiң бәсекелестiкке қарсы тұруының басқа да шараларын қарастырып, сырттан келетiн ақпараттық экспанцияға тойтарыс беру қажет.

Төртiншi: БАҚ-тың құқықтық-экономикалық негiздерiн нығайтып, әсiресе төменгi буынды баспасөздiң материалды-техникалық сұраныстарын қанағаттандыру, нарық жағдайында қолдаудың саясатын қалыптастыру қажет.

Бесiншi: телерадиоөндiрiс пен баспа iсiн нығайтуға, осы салада импортты ауыстыруға бағытталған инвестициялар керек. Қазақстан не баспа, не радиотелеарналар жабдықтарын, не материалдар мен химикаттарын өзi шығармайтындығын, әсiресе, қағаз өндiрiсiнде сыртқа тәуелдi екендiгiн ескермеске болмайды.

Алтыншы: жаңа технологияларды меңгерген бiлiктi мамандар даярлауға айырықша көңiл аударылуы қажет. Яғни, оның қатарында журналистер де, полиграфистер де, инженерлер де, компьютершiлер де, байланысшылар да бар. Олардың бiлiктiлiгi неғұрлым жоғары болса, ғылым мен техника жетiстiктерiн соғұрлым жетiк пайдаланып, тез, әрi табысты дамитын боламыз.

Жетiншi: ақпараттық саладағы өзгерiстердi саралап, жаңа технологиялардың қолдануын зерттеп, нақты ұсыныстар мен экономикалық есептеулер жасайтын, оларды насихаттап, өндiрiске енгiзуге көмектесетiн ғылыми орталық ашу қажет. Өйткенi, бұл саладағы жаңалықтардың ауқымы өте кең. Цифрлық көп каналдық байланыс адамның қалыптасқан өмiр сүру стилiне өзгерiс енгiзуде, баспа iсiнде цифрлық басу машиналарының мәнi артып, есiк қағып тұр, баспасөзiмiз ерте ме, кеш пе, түрлi-түстi бастыруға көшуi тиiс, жарнама индустриясы әлi де игерiлмеген тың көрiнедi, мiне, осының барлығы ғылыми зерттеулер мен талдауларды, жаңа мүмкiндiктермен сәйкестендiрiлген нақты есептердi, ұсыныстарды қажет етедi.



Осы қорытындылардан мынадай ғылыми-практикалық ұсыныстар туындайды:

Бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы мақсатында жаңа ақпараттық технологияларға қатысты мынадай мәселелердi шешкен жөн:

Мемлекеттiк билiк органдары тарапынан, бiрiншi кезекте, Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм және Ғылым және бiлiм министрлiктерi:

- ақпараттық қоғам талаптарына жауап беретiн БАҚ-тың заңды-құқықтық негiздерiн қалау, осы мақсатта Телевизия туралы, Жарнама туралы, Ақпарат алу туралы және басқа да Заңдардың қабылдануына, сөйтiп қоғамдық маңызды ұстанымдардың ведомстволық актiлермен емес, заң нормаларымен реттелуiн қамтамасыз ету;

- Қазақстан өзiнiң аумағында стратегиялық маңызы зор Байқоңыр ғарыш айлағы орналасқандығын ұтымды пайдаланып, серiктi байланысты дамытудың, жоғары технологиялық өндiрiстi игерудiң, басқарудың, басқа мемлекеттерге қызмет көрсетуiнiң, осы салада ұлттық кадрлар даярлаудың кешендi бағдарламасын жасап, жүзеге асыруы;

- ақпараттық қауiпсiздiктi нығайтудың шаралары қатарында iшкi нарықты сырттан келетiн ақпараттық экспанциядан қорғау, жергiлiктi БАҚ-қа салық, кедендiк және басқа да жеңiлдiктер қарастыру;

- жаңа технологиялардың журналистикада қолдануын зерттейтiн ғылыми орталық ашу;

- жергiлiктi баспасөз, баспаханалардың материалдық-техникалық жағдайын жақсартудың кешендi бағдарламасын қабылдап, жүзеге асыру;

- БАҚ жетекшiлерi мен журналистердiң оқуын ұйымдастырып, бiлiктiлiгiн көтеру курстарын қайта жаңғырту;

- жаңа ақпараттық технологияларды насихаттап, қолданудың мәселелерiн ашып көрсететiн, әсiресе, мемлекеттiк тiлдегi оқулықтар, көмекшi құралдар, басқа да басылымдар шығаруды және таратуды жүзеге асыру;

- компьютерде қазақ тiлiн қолданудың бiрыңғай стандартын қалыптастыруға ықпал ету;

- қазақ әлiпбиiнiң латын графикасына көшуi, не көшпейтiндiгi туралы мемлекеттiк кесiмдi шешiмнiң орнығуына ықпал ету;

- компьютерлiк бағдарламалардағы авторлық құқық нормаларының сақталуын қадағалау, қарақшылық фактiлерiнiң жолын кесу;

- ақпаратты өңдеу саласында жаңа мамандықтар ашу, оған ғылыми потенциалды жұмылдыру, мемлекеттiк гранттар мен несиелермен қамту;

- жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларындағы технологиялық пәндердiң сағатын көбейту;

- ақпаратты өңдеуге қатысты маңызды тұжырымдардың мемлекеттiк бiтiру емтиханы сұрақтарында қарастырылуын басшылыққа алу;

- ашық үлгiдегi ұлттық деректер базасын жасауды басшылыққа алу, Қазақстанның құрылымы, заңдары, елдi мекендерi, жер-су атаулары; жағрафиясы, тарихы мен мәдени мұрасы жайлы мағлұматтар ашық таратылуы тиiс;

- бiлiм мен ғылым мемлекеттiк телеарнасын құрып, оқу және танымдық, деректi бағдарламаларды кең насихаттау, өз бетiнше бiлiм алуға алғышарттар жасау;

- полиграфия мен телерадиоиндустрияның ұлттық даму бағдарламасын жасау, инвестициялар тарту мен импортты ауыстырудың шараларын қарастыру;

- ұлттық ақпараттық кеңарнаны құру, осы мақсатқа озық технологияларды қолдану және оның әлемдiк желiлерге еркiн кiрiгуiн қамтамасыз ету.

БАҚ менеджерлерi мен журналистерге:

- жаңа ақпараттық технологияларды күнделiктi жұмысында кең пайдалану;

- редакциялардың бюджетiнде инновациялық шығындарды қарастыру;

- қызметкерлердiң жаңа жұмыс тәсiлдерiн үйренуi мен меңгеруiне жағдайлар жасау;

- ақпараттық қызметiнде техникалық жаңалықтарды насихат-тау, дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету;

- ақпарат көздерiн жiтi тексеру, кәсiби қызметiнде тексерiлген мағлҮматтарды ғана пайдалану, оның мазмұнына нұқсан келтiрмеу;

- мамандардың өз бiлiмiн көтеруiне қамқорлық таныту;

- Интернет ресурстарын кеңiнен пайдалануға жол ашу;

- ұлттық ақпараттар мен деректер базасын жасауға ат салысу;

- желi арқылы аудиториямен байланыс орнату, интерактивтiлiкке қол жеткiзу;

- жаңа технологиялардың көмегiмен рейтингтiк зерттеулер жүргiзiп, қоғамдық пiкiрдi бiлу үшiн сұрауларға қатысу;

- ақпарат таратудағы мүмкiндiктi ескерiп, өз құқықтары мен кәсiби жауапкершiлiгi үшiн күресу, әкiмшiлiк, басқа да қысымдарға қарсы тұру;

- компьютерлiк бағдарламалардың заңды нұсқаларын пайдала-нуға қамқорлық таныту, авторлық құқықты құрметтеу;

- Интернеттегi қазақ тiлдi ақпараттың көбеюiне атсалысу;

- аудиторияға ашық болу, мүмкiн болса, керi электронды адре-сiңдi жариялау, хаттарға мұқият жауап беру.

Журналистика саласында мамандар даярлайтын оқу орындарына:

- жаңа ақпараттық технологияларды негiзгi пән ретiнде оқыту, лабораториялық сабақтарды қарастыру;

- студенттерге ақпаратты iздеу мен тексерудiң жаңа технология-ларға негiзделген әдiс-тәсiлдерiн үйрету;

- ақпаратты талдау машығын қалыптастыру;

- Интернеттi пайдалануына, үйренуiне жағдай жасау;

- оқу кластары мен лабораторияларын лицензиялық компью-терлiк бағдарламалармен қамтамасыз ету;

- бiтiрушiнiң мемлекеттiк емтихандарында ақпаратты компью-терде өңдеуге қатысты сұрақтардың болуын қадағалау;

- осы саладағы арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен нұсқаулықтарды шығаруға күш салу;

- электронды оқулықтар жасалынуына қамқорлық жасау;

- қашықтан оқудың әдiстемесiн, құралдары мен бағдарламасын жасауды басшылыққа алу;

- редакциялармен, ғылыми орталықтармен байланыста болып, ақпарат алмасу және басқалар.

Осы зерттеу барысында жаңа ақпараттық технологиялардың сан-салалы, күрделi екендiгiне көз жеткiздiм. Соған қарамастан оның қалыптасқан жүйесi, нақты еңбек нәтижелерi бар. Жұмыстың ғылыми нәтижелерi iске асатындығына, белгiлi бiр дәрежеде ой-тұжырымдары ескерiлетiндiгiне сенiм мол. Өйткенi, бұл ұдайы қозғалыстағы тез дамып келе жатқан, БАҚ-тың, жалпы қоғамдық өмiрдiң дамуына ықпалы күштi саланы – жаңа ақпараттық технологияларды қамтиды. Бұл салада сан қырынан жаңа зерттеулер жүргiзiлетiнiне, айтылған ойлар өрбiтiлiп, тың тұжырымдар қосылатындығына еш күмән жоқ. Ақпараттық қоғам идеологиясына сай бұл жұмыстың да басы ашық, мағлұматтары ортақ, ары дамытуға, пiкiр, соның iшiнде сын айтуға, келiспеуге болады, ой таластыруды мақсат етедi. Қоғамдық резонанс тудырып, осылайша талқыға түссе, жұмыстың алдына қойған басты мақсаты орындалады.

Пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi


1 Назарбаев Н. Ә. Қазақстан-2030. -А.: Бiлiм, 1998. -19-б.

2 Егемен Қазақстан, 20 наурыз, 2001 ж.

3 Назарбаев Н. Ә. Қалың елiм, қазағым. -А.: Өнер, 1998. -103-б.

4 Вестник МГУ. Серия журналистика. 2000. N1. -С. 84.

5 Самарцев О. Р. Актуальные проблемы телевизионной журналистики в условиях современного этапа информационно-компьютерной революции. Дисс. на соис. зв. доктора филол. наук. -М., 1999. –375 с.

6 Барманкулов М. К. Телевидение: деньги или власть? -Алматы: Санат. 1997. -272 с.

7 Сәрсенбаев А. С. Кiтап: тәуелсiздiк пен демократия тұғыры: Егемен Қазақстандағы кiтап шығару iсiнiң соңғы жылдардағы сыр-сипаты мен бағыт-бағдары хақында. -А.: Атамұра. 1998. –160 б.;

8 Сарсенбаев А. С. Новое информационное пространство Республики Казахстан: проблемы и перспективы. -А. 1998;

9 Сарсенбаев А. С. Проблемы и приоритеты информационного обеспечения реформ и устойчивого развития Казахстана. В сб.: Казахстан на пути к устойчивому развитию. –Алматы: Ғылым, 1996. -368 с.

10 Құл-Мұхамед М. А. Орыс энциклопедияларындағы қазақ шежiресi. -А.: Атамұра. 1994. –221 б.

11 Омашұлы Н. Жол үстiнде – журналист. -Алматы: Атамұра. 1999. -168 б.;

12 Омашұлы Н., Бегiмтаева Р. Қазiргi шетел журналистикасы. -А.: Қазақ университетi, 2001. –118 б.

23 Козыбаев С. К. Крах и новые витки информационного мышления на рынке СМИ в Казахстане – СМИ Казахстана в мировом коммуникативном пространстве.-Алматы: 1996.;

14 Қозыбаев С. Қ., Аллаберген Қ. М., Рамазанова А. Р. Әлем баспасөзi тарихынан. –Алматы: Санат. -1998. -256 б.

35 Ахметова Л. С. Журналистика и менеджмент. -А.: Қазақ университетi. 1998.

46 Ибраева Г. Ж. Политика и телевидение. –Алматы: КазГУ. 1996.

17 Ибраева Г. Ж. Mass-media в политической структуре общества. -А. 2000.

18 Ибраева Г. Печать в Казахстане в условиях формирования государственности. В сб.: Эволюция государственности Казахстана. Материалы международной конференции 3-5 апреля 1996 г. -А. 1996.

59 Бекетова Л. К. Организационно-экономический механизм общественного телевидения. -А.: Дәуiр. 1996. –240 с.;

20 Бекетова Л. Проблемы реформирования телевидения и радио в Казахстане. -А. 1995. –78 с.

21 Барлыбаева С. Х. Вещание на азиатском континенте. Учебное пособие. -А.: Қазақ университетi. 1994. –124 с.;

22 Барлыбаева С. Х. Масс-медиа и цивилизация Востока. –А.: Қазақ университетi. 2000. –178 с.

23 Тәжин М., Аяғанов Б. Социология негiздерi. -Алматы: Ана тiлi. –1993. –223 б.

24 Исабаев Б. Ө. Бұқаралық ақпарат құралдары және Қазақстандағы этносаяси процестер. Саяси ғыл.кан.дис.автореферат. –Алматы: 1998. –20 б.

25 Журналистика в переходный период (тезисы международной научной конференции). -М., 1997. (под ред. Засурского Я. Н.);

26 Засурский Я. Н. Основные понятия теории журналистики. -М.: Изд-во МГУ. 1993.

27 Землянова Л. М. Современная американская коммуникавистика: теоретические концепции, проблемы, прогнозы. -М.: Изд-во МГУ, 1995. –271 С.

28 Гуревич С. М. Газета и рынок: как добиться успеха: Пособия для журналистов. Изд. 2-е. -М.: 1998. - С. 241.;

29 Прохоров Е. П. Введение в журналистику. –М.: 1995. –294 с.

30 Ружников В. Н. Основа радиожурналистики. –М.: Из-во МГУ, 1984.

31 Багиров Э. Проблемы телевидения и радио. –М.: Из-во МГУ, 1971.

32 Ворошилов В. В. Журналистика. Учебник. 2-е издание. -СПб., 2000. –336 с.

33 Castells M. The Information Age. Economy, Society and Culture. Vol. 1. The Rise of the Network Society. Blackwell, 1996.;

34 Кастеллс М. Информационная эпоха. Экономика. Общество и Культура. -М. 2000.

35 Харроуэр Т. Настольная книга газетного дизайнера. -М. 2000.

36 Рэдалл Дэвид. Универсальный журналист (пер. с англ.). -Алматы: ЦШМЖ. -1996. -344 с.

37 Рихард Мюнх «Диалектика коммуникационного общества». -М., 2000, 232 стр.

38 Рэнди Рэддик, Эллиот Кинг. Журналистика в стиле он-лайн. -М., 1999.

39 Джон Уллмен. Журналистские расследования. -М., 2000, 132 стр.

40 Розенталь А. Создание кино и видеофильмов как увлекательный бизнес. –М.: Триумф, 2000 –352 с.

46 Гейтс Б. Взгляд на будущее. –М. 1996. –420 с.;

42 Гейтс Б. Бизнес со скоростью мысли. -М. 2000. –477 с.

43 Ыдырысов Ә. Фототерiм. Оқу құралы. -А.: Санат. 1994. –124 б.; Ыдырысов Ә. Газеттi безендiру сыры. А.: Қазақстан. 1972. -112 б.

44 Игенсартова Ә. Ғ. Егемен Қазақстан баспасөзi: iзденiстер мен iркiлiстер. Филол. ғыл. кан. диссертация. –Алматы: 1997.

45 Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. -М., 1999. 223 с.;

46 Коммуникационные и информационные компьютерные технологии в обучении: сборник научных трудов. -Киев, 1995. 79 с.;

47 Компьютерные технологии в образовании. -А., 1999, 100 с.;

48 Пономаренко С. И. Adobe In Design: дизайн и верстка. –М. 2000

49 Романычев Э. Т. Яцюк О. Г. Компьютерные технологии в дизайне. Эффектная реклама. -М.: ДМК, 2000. –432 с.;

50 Кирсанов Д. Веб-дизайн: книга Дмитрия Кирсанова. –СПб: Символ-Плюс, 1999 –376 с.

51 Компьютерные технологии в юридической деятельности. -М., 1994, 156 с.;

52 Новые информационные технологии в туризме. Учебное пособие. -М., 1998, 211 с.

53 Лэйхифф Дж. М., Пенроуз Дж. М. Бизнес-коммуникации. Стратегии и навыки. -М. 2000

54 Компьютер для менеджера. Под рук. Комякина В. Б. В 2-кн. -М., 2000.

55 Балапанов Е. Қ., Бөрiбаев Б., Дәулетқұлов. Информатикадан 30 сабақ: жалпы бiлiм беретiн мектептiң жоғары сынып оқушыларына арналған тәжiрибелiк оқулық. -А.: Шартарап, 1998 –384 б.;

56 Мұхамбетжанова С. Т., Балабекова М. Ж. Информатика-7: оқулық. -А.: Credo, 1999, -176 б.;

57 Балапанов Е., Бөрiбаев Б., Мадьярова Г. Жаңа ақпараттық технологиялар. -Алматы. 2000, -236 б.

58 Назарбаев Н. Ә. Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан. -А. 1999.

59 Кекiлбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. (Уақыт мiнбесiнен айтылған сөз). -А.: Қазақстан. 1998. –736 б.

60 Токаев К. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации. -А. 2001. –352 с.

61 Тасмагамбетов И. Н. Социальная политика и политическая трансформация. -А.: Ғылым. 1997. –250 с.

62 Нысанбаев Ә. Адам және ашық қоғам. -А.: Қазақ энциклопедиясы. 1998. –272 б.

63 Нысанбаев Ә. Қазақстан. Демократия. Рухани жаңару. -А.: Қазақ энциклопедиясы. 1999. –416 б.

64 Қарин Е. Т. Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiгiнiң iшкi саяси аспектiлерi. Саясатт. ғ. канд. д. қ. диссерт. -А. 1999. 120 б.

65 Амандосов Т. С. Қазақ совет баспасөзiнiң жанрлары. -А.: Мектеп, 1968. –244 б.;

66 Амандосов Т. С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы. -А. 1978. –272 б.

67 Барманкулов М. Искусство современной информации. -А. 1993. –88 с.;

68 Барманкулов М. Возможности космического телевидения. -А. 1993. –109 с.

69 Бекхожин Х. Қазақ баспасөзiнiң даму жолдары. -А. 1964. –261 б.

70 Елеукенов Ш. Кiтаптану негiздерi. -А.: Санат. 1997. –176 б.

71 Қожакеев Т. Сатира негiздерi. -А.: Санат. 1996. –464 б.

72 Бекниязов Т. Өмiрге құштарлық. –Алматы: Қазақ университетi, 2000. –345 б.

73 Жақып Б. Мұхтар Әуезов – публицист. -А.: Ана тiлi. 1997. –176 б.

74 Жамбылов Д. Саясаттану негiздерi. Оқу құралы. 2-бас. -А.: Жетi жарғы. 2000. –240 б.

75 Қисымов С. Қазақ публицистикасының зерттелуi: iзденiстер, проблемалар. /Филол. ғыл. канд. ат. алу үшiн диссерт. авторефераты. –Алматы, 1998.

76 Назарбаева Д. СМИ и проблемы демократии. Алматы: Бiлiм, 1998.

77 Сақ Қ. Ұлттық сана ұйтқысы. –Алматы: Қазақ университетi, 2001. –295 б.

78 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық Сөздiк. Информатика және есептеуiш техника. -А.: Рауан, 1999. 300-б.

79 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық Сөздiк. Жалпы техника және полиграфия. -А.: Рауан, 2000. 352-б.

80 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық Сөздiк. Әдебиет және лингвистика. -А.: Рауан, 2000. 288-б.

81 Lassh S., Urry J. The End of Organized Capitalism. The University of Wisconsin Press, 1987; Lassh S., Urry J. Economies of Sings and Spase. London, 1994.

82 Shiller D. Digital Capitalism. Networking the Global Market System. Cambridge; London, 1999.

83 Beck N. The Next Century. Why Canada Wins. Toronto, 1998.

84 Bech U. The Risk Society. Toward a New Modernity. London, 1992.

85 Real M. Super Media. Cultural Studies Approach. Sage Publication. Newberry Park – Lnd – New Delhi, 1989.



86 Вестник МГУ, серия журналистика, 1997, N5, стр. 3.

87 http://www.midxvb.ru/nat/

88 The Internet as Media, Metaphor, and Metamarket. //http://www.mediafutures.uh.edu

89 Егемен Қазақстан, 5 мамыр, 2001 ж.

90 Alex Jones «The Real Dangers of Conglamerate Control» Columbia Journalism Review. –1997.

91 Not-so-strange Alliances and Their Impact on Online News Media, by Ann Auman July 1997. //http://www.december.com/cmc/mag /1997/jul/aumanref.html

92 Цит. по: Сулакшин С.С. Измена. - М.: Фонд развития политического центризма, 1998. - С.68-69.

93 Вестник МГУ, серия журналистика, 1997, -N3, -стр.91.

94 Журналист, 2001. -N2, cтр.11.

95 Материалы конференции. 22.10.1997, М., -1997. –стр.31.

96 Рихард Мюнх «Диалектика коммуникационного общества». М., 2000, 232 стр.

97 ҚазМУ жаршысы. Журналистика сериясы. N5, 16-б.

98 КомпьюАрт, журнал для полиграфистов и издателей. 2000, N11, стр.47-49.

99 Publish, N2, 2001, с.14.

100 Қазақстан Республикасының Конституциясы. А. 1998. –19-б.

101 Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы. Заң газетi, 11 тамыз, 1999.

102 Саясат, қаңтар, 2001 жыл, 20-бет.

103 Бөпежанова Ә. Қазақстан баспасөзi – тәуелсiздiк айнасында. Кiтапта: Культура и СМИ: проблемы взаимодействия. –А., 2000. –260 с.

104 Журналист, N2, 2001, с. 64.

105 Вестник МГУ, серия журналистика, N 5, 1999, с.40

106 «Информационные и телекоммуникационные сети», N1, желтоқсан, 2000 ж. –15 б.

107 Республика – Нұр. 10 мамыр, 2001.

108 «Независимая газета», 24 мамыр, 2001 ж.

109 Летний семинар. Журналистика и управление средствами массовой информации. 1995. Материалы. с. 64-65.

110 «Интернет и Я», N6-7, 2001, -25-б.

111 Publishers Weekly. 1984. March 2. P. 42-44.

112 Вестник МГУ. 2000. N3, -c.44.

113 Regina Joseph Webwars: AP and Reuters. Is a higher mission enough? –03/19/99 //http://www.forbes.com/tool/html/99/ mar/0319/feat.htm

114 Эксперт, N48, 1999.

115 Ray Kurzweil. The Age of Intelligent Machines «The Second Industrial Revolution»

116 Phillip C. Slechty. Scholl for the 21st Century. –San Francisco, 1990. P.11.

117 Землянова Вестник МГУ. 2000. N3, -c.44.

118 Editor and Publisher. 1986. January 4. P. 40.

119 Дерек кiтапта: Беглов С. Империя меняет адрес. Британская печать на рубеже тысячелетий. М. 1997. –с. 54.

120 Алль-Эззи Халед «Сравнение анализ компьютерного дизайна СМИ» Авт.к.ф.н. Минск, 1999 с.1

121 Полиграфия, 2001, N1, с. 11.

122 Полиграфист&Издатель, 1998, N3, с. 34-35.

123 Загуменнов А. П. Компьютерная обработка звука. М.: ДМК, 2000. –384 с.

124 Барманкулов М. К. Весь мир у вас на квартире. А.-1972.

125 Тұрсынов Қ. Көгiлдiр экран құпиясы. А.: Қазақ университетi. 1998. –265 б.

126 Бакенова Г. С. Телевидение Казахстана: вчера и сегодня. А.: Қазақ университетi. 2000. –79 с.

127 Шыңғысова Н.

128 Егемен Қазақстан, 22 мамыр, 2001 ж.

129 Среда, N3, 2000. с.7.

130 Интернет, N4, 2001, с. 32-35.

Қосымшалар
А-қосымшасы
Қолданылған жаңа терминдердiң түсiндiрме сөздiгi
Гипермәтiн – гипертекст. Интернет арқылы ақпарат жеткiзудiң бiрыңғай ортақ тiлi.

Желiлiк журналистика – сетевая жуналистика. Компьютер арқылы таратылатын қоғамдық мәндi ақпарат жүйесi.

Жұртшылықпен байланыс – связь с общественностью. Қоғамдық ақпараттық қарым-қатынастардың бiр саласы. Терминологиялық сөздiк бойынша берiлдi.

Ғаламдастыру – глобализация. Экономикалық, қоғамдық қатынастардың кең ауқымы, ұлттық, аймақтық шекаралардың көмескiленуi.

Интербелсендiлiк – интерактивность. Екi жақты ақпарат алу және алмасу мүмкiндiгi.

Интернет – Интернет. Дүниежүзiлiк ақпараттық компьютерлiк желi, қашықтыққа мағлұмат жеткiзудiң кең тараған тәсiлi.

Компьютерлiк технологиялар – компьютерные технологии. Электронды есептеу машинасының көмегiмен бағдарламаларды пайдаланып, белгiлi бiр практикалық амалдарды iске асыру, есептердi шығару.

Кезекпе жол жаймасы – черезстрочная развертка. Теледидардағы бейненiң көрiнiсiн айқындайтын технологиялық ұғым.

Кiрiгу – конвергенция. Латынның convergere сөзi – жақындау, ұласу (орысша приближаться, сходиться) деген мағынаны бередi. Қазақ тiлiнде дұрыс қолданылмай жүр. Әдебиет және лингвистика сөздiгiнде (27-том) кiрiгу – стяжение деп жазылады (68-б.), ал орысшадан аударғанда конвергенция – конвергенция, бөлiну (191-б.) деп аударылады. Шет сөздердiң сөздiгi (М.: Руский язык, 1990) схождение, сближение (249-б.) деп түсiндiредi. Оның дивергенция деген керi мағыналы тiркесi де бар. Бүгiнгi технологиялық өзгерiстерге қатысты өзара ұласу процесiн кiрiгу деп алуды жөн көрдiк.

Мағлұматтар көзi – база данных. Әр түрлi мағынадағы ақпараттың жүйеге түсiрiлген және ашық, не ақылы таратылатын жиынтығы. Интернет немесе СД дискiлерi арқылы пайдалануға болады.

Мультимедиа – мультимедиа. Мәтiн, сурет, бейне және дыбыс пен сазды бiрге тарату тәсiлi.

Нетикет – нетикет. Интернеттегi этика нормалары, өзгелерге зиян тигiзбеудiң қалыптасқан тәртiбi.

Серiк – спутник. Жасанды жер серiгiне қатысты терминология-лық сөздiктер осы баламаны ұсынады.

Телекоммуникациялық технологиялар – телекоммуникационные технологии. Белгiлi бiр байланыс торабымен шектелмей ақпаратты қашықтыққа жеткiзудiң әдiс-тәсiлдерi.

Тышқан – мышь. Компьютердiң қосалқы көмекшi құралы. Пернетақтаға балама өзгерткiш құрал ретiнде кең қолданылады. Қазақша тұрақты тiркесi қалыптаспаған. Информатика мен есептеуiш техника сөздiгi мышь – маус (209-б.) деп аударса, Әдебиет және лингвистика сөздiгiнде мышка – компьютердiң нұсқаушысы (205-б.) деп қолданылады. Ал, информатика оқулықтарында тышқан деген сөз қолданылып жүр.

Флекстаймерлiк – флекстаймерство. Белгiлi бiр кестеге бағынбай еркiн шығармашылықта жұмыс iстеу тәсiлi.

Цифрлық теледидар – цифровой телевизор. Цифрлық телесигналдарды қабылдағыш құрал, кескiнi мен дыбыс сапасы аса жоғары болып келедi.

Электронды сауда – электронная торговля. Интернет арқылы сату және қызмет көрсетудiң әдiс-тәсiлi.


Ә-қосымшасы

Миссурий журналистикадағы компьютерлiк технологиялар институтының Интернет бетi



Б-қосымшасы
Баспа өндiрiсiнiң талаптарына жауап беретiн компьютер және периферияның техникалық сипаты, құрылымы мен деңгейi туралы
Компьютердi шартты түрде «қатты» және «жұмсақ» екi бөлiктен тұрады деп айтуға болады. «Жұмсақ» бөлiгiне компьютерлiк бағдарламалар жатады да, «қаттысынң оның техникалық бөлшектерi құрайды және бiрiнсiз екiншiсi ешқандай мiндет атқара алмайды. «Қатты» бөлiктiң негiзгi құрамы төмендегiдей: жүйелiк қорап; монитор; пернетақта және тышқан.

Маңызды бөлiк жүйелiк қорапта барлық есептеу, тесттеу, жүктеу, атқару, сақтау операциялары процессор, жады және жинақтауыштар көмегiмен жүзеге асырылады. Компьютердiң есептеу қуаты мен жылдамдығы процессорға байланысты және мегогерцпен өлшенедi. Қазiргi кең тараған Интел және АМД процессорларының қуаты 500 бен 1500 Мгц аралығында және миллиондаған өте ұсақ транзисторлардан тұрады. Жады тұрақты және уақытша болып екiге бөлiнедi. Ол жұмыс атқару кезiнде қатты диск пен есептегiш процессор, жүйелiк шина аралығындағы буфер мiндетiн атқарады және неғұрлым қомақты болса, компьютер операцияны тез атқарады. Оның сыйымдылығы мегабайтпен өлшенедi. Қатты диск жинақтауышы барлық бағдарламаларды, атқарылған жұмыс нәтижелерiн магниттi дискiге түсiрiп, тiркеп, жазып отырады, қажетiнше жадыға жүктейдi. Қатты диск сыйымдылығы қазiргi уақытта 2-3-тен 100 гигабайтқа дейiнгi аралықта, мысалы, 1 гигабайтқа 5-6 мың том кiтап, 3 сағаттық сапалы бейнефильм сияды. Аналық тақша осының бәрiн бiр жүйеге бiрiктiрiп, өзара коммутациялап отырады. Жұмыс нәтижесiн экраннан көру үшiн арнайы бейнекартасы, дыбысты есту үшiн дыбыс картасы мен колонкалары орнатылады. Сонымен қатар дискетке жазу үшiн арнайы жұмсақ жинақтағыш, ал лазерлiк СД дискiлерiн оқу үшiн СД РОМ жинақтағышы қажет болады. Осының негiзiнде төмендегi баспа кешендерiн жинақтауға болады:


Кiшi баспа кешенi (аудандық газет):

Компьютер ең кемi Пентиум процессорлы, жады 64 Мбт, қатты диск 3-4 Гбт-тан кем емес.

Монитор ең кемi 14 дюйм.

Лазерлiк принтер – А-4 форматты, бiр дюймға 600 нүктеге дейiн, әрi мөлдiр пленкаға баса алуы тиiс.

Сканер – түрлi-түстi ең кемi бiр дюймге 600 нүктенi қабылдағаны жөн.

Әдетте кейбiр редакциялар сақтық ретiнде екiншi компьютердi қарастырады. Суреттер коллекциясын пайдалануы үшiн СД жинақтауышының болғаны жақсы.


Орта баспа кешенi (облыстық газет):

Компьютер – ең кемi Пентиум-2 процессорлы 4 компьютер, оның 3-еуi терiмге, бiреуi беттеуге қолданылады. Жады 128 Мбт, бейнекарта жады 8 Мбт, қатты диск 6 Гбт кем болмағаны жөн.

Монитор – 15, ал беттеуге 17 дюйм болғаны дұрыс. Монитор неғұрлым сапалы болса, соғұрлым ұзақ жұмыс iстеуге болады.

Лазерлiк принтер – А-4 форматты, бiр дюймға 600 нүктеге дейiн, әрi мөлдiр пленкаға баса алуы тиiс, кейбiр редакциялар А-3 форматты сатып алады, газеттi желiмдеп, монтаждамайды, бiр бетiн бiрден шығарады.

Сканер – түрлi-түстi ең кемi бiр дюймге 600 нүктенi қабылдағаны жөн, егер слайд модулi болып фотопленканы цифрға көшiрсе тiптi жақсы.

Желi – компьютерлер арасында ақпарат алмасуды жеделдетедi, бiр компьютер iстен шықса, басқасында жұмыс жалғаса бередi.

Сонымен қатар жұмыс нәтижелерiн сақтау үшiн, электр жарығының кенеттен өшуiнен қорғайтын құрылғылар қолданылады.
Iрi баспа кешенi (республикалық газет):

Компьютер – ең кемi Пентиум-3 процессорлы 6 компьютер, оның 4-еуi терiмге, 2-еуi беттеуге қолданылады. Жады 256 Мбт, бейнекарта жады 16-32 Мбт, қатты диск 10-20 Гбт кем болмағаны жөн.

Монитор – 15, ал беттеуге 19 дюйм өте сапалы болғаны дұрыс.

Лазерлiк принтер – А-3 форматты, ең кемi бiр дюймға 1200 нүктеге дейiн, әрi мөлдiр пленкаға баса алуы тиiс, кейбiр редакциялар арнайы фотошығару құрылғыларын сатып алады, бұл жағдайда газет үлгiсi бiрден фотоматериалға түсетiндiктен сапасы өте жоғары болады, әрi түрлi түске бөлуге мүмкiндiк бередi.

Сканер – түрлi-түстi слайд модулдi ең кемi бiр дюймге 1200 нүктенi қабылдағаны жөн. Сонымен бiрге суреттi алу тығыздығына да назар аударған жөн. Мысалы, қара түстiң тығыздығы 4D деп есептеледi, егер сканердiң алу тығыздығы төмен болса, қара түсiңiз солғын, қоңырқай болып шығады, басқа түстер де өзгерiске ұшырайды.

Желi – сенiмдi, әрi жылдам болуы мiндеттi. Сонымен қоса электронды құжат айналысы мақсатында да пайдаланылады.

Интернет – iрi редакциялар үшiн мiндеттi қызмет, әрi жоғары сапалы болғаны жұмысты жеделдетедi, сыртпен байланыс орнатуға мүмкiндiк бередi. Қазiр дәстүрлi телефон байланысымен қатар DSL және спутниктiк қабылдау технологиялары арқылы бүкiләлемдiк желiге шығудың жолдары бар. Соңғы екеуi аса жылдамдығымен ерекшеленедi.

Сервер-компьютер – мағлұматтарды сырттан қорғау, болмаса тосын бiр жойылып кетулерден сақтау үшiн iрi редакциялар осындай компьютер қуатын пайдаланады. Олардағы ақпаратты сенiмдi қорғаудың өзiндiк технологиясы қалыптасқан, ол Райд жүйесi деп аталады.

Сонымен бiрге редакциялар баспаханалармен ақпарат алмасу үшiн сыйымдылығы жоғары Зип жинақтауыштарын, болмаса өздерi лазерлiк дискке жазатын СД жазғыш құралдарын пайдаланады.

Өз интернет бетiн жасау үшiн бейнекамераның, ондағы материалды компьютерге енгiзудiң құрылғысы болғаны жөн.

Оперативтi суреттердi жиi қолданатын редакциялар әдетте цифрлы фотоаппараттар сатып алады. Жалпы қазiр орта бағадағы осындай фотоаппараттар аудандық немесе облыстық газеттердiң сҮранысын толық қанағаттандыра алады, фотопленка мен оларды өңдеуден едәуiр қаражат үнемдейдi. Бiрақ әзiрге жоғары сапалы кәсiби фотоаппараттар құны жоғары (5000 доллардан жоғары) болғандықтан iрi редакциялардың ғана қаражаты көтередi.

В-қосымшасы
Қазақ әрiптерiнiң Үяға орналасуының әркелкiлiгi
Қазақ әрiптерi Unicode «Дәуiр» ҚазМУ FK тобынан Белгiсiз орта

Ә 011142 0141 0176 0166 0128

ә 011143 0157 0184 0180 0144

I 011144 073 073 073 073

I 011145 0105 0105 0105 0105

Ң 011146 0129 0179 0173 0140

ң 011147 0131 0187 0186 0156

Ғ 011148 0189 0177 0170 0129

ғ 011149 0190 0185 0181 0131

Ү 011150 0138 0182 0178 0143

ү 011151 0154 0190 0190 0159

Ұ 011152 0143 0181 0177 0161

ұ 011153 0159 0189 0189 0162

Қ 011154 0142 0178 0172 0141

қ 011155 0158 0186 0182 0157

Ө 011156 0136 0180 0175 0138

ө 011157 0152 0188 0188 0154

І 011158 0140 0183 0179 0142



і 011159 0156 0191 0191 0158


С-қосымшасы

Интернеттегi қазақстандық БАҚ тiзiмi

Қазақ тiлiндегi басылымдар:

«Жас Алаш» газетi –

Қазақстандағы халықаралық агенттiктер:

3-еу

Қазақстандық агенттiктер:

7-еу

Ақпараттық-талдамалық сайттар:

12

Радиостанциялар:

11

Телекомпаниялар:

12

Қазақстан және әлем жаңалықтары:

15

Желiлiк баспасөз шолулары:

4

Журналдар:

6

Газеттер:

47



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет