Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технология негiзiнде даму проблемалары мамандығы: 10. 01. 10 – журналистика



жүктеу 1.96 Mb.
бет2/12
Дата16.06.2018
өлшемі1.96 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

2001 жылғы наурыздың 16-сында «Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы»/2/ бекiтiлiп, өз күшiне ендi. Осы саладағы ауқымды шаралар бiр жүйеге түсiрiлiп, таяу болашақта атқарылатын негiзгi мiндеттер нақтыланды.

Бұл стратегиялық басым бағытты Қазақстан Республикасының Президентi Н. Ә. Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық университетi студенттерi мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесуiнде баса көрсеткен едi: «Жоғары бiлiмдi ақпараттауға, жаппай компьютерлендiру негiзге алынатын оқытудың жаңа технологияларын енгiзуге, бүкiл дүниежүзiлiк Интернет ақпарат желiсiне кiруге ерекше назар аударылуы тиiс. Қазiр бүкiл әлем аса ауқымды ақпараттық инфрақұрылым құру алдында тұр. Ол уақыт пен кеңiстiктi жеңудiң құралы болмақ. Сондай-ақ, дүниежүзiлiк ақпарат рыногы да құрылады. Ауқымды ақпараттық инфрақұрылым жергiлiктi, ұлттық және аймақтық желiлердiң бiртұтас жүйесi болып табылады. Қазақстанның да уақыт талабынан кешiкпеуi, жаңа құрылымдарда өз орнын алуы өте маңызды. Бұл үшiн елiмiзде ұлттық ақпарат инфрақұрылымын құру қажет. Өйткенi ақпаратқа деген қажеттiлiк ұдайы артып отыратын болады. Мәселен, қазiр АҚШ-та жұмыс iстейтiн адамдардың 60 процентi ақпарат саласында еңбек етедi. Америка экономикасындағы жаңа он жұмыс орнының 8-i ақпараттық мазмҮны жоғары салалардың үлесiне тиедi»./3/

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi осындай күрделi де тың мәселелердiң бүгiнгi Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында көрiнiс табуынан туындайды. Ғылым үшiн қазiргi ақпараттық технологиялардың БАҚ дамуына ықпалы мен әсерiн зерттеп, тұжырымдар жасау аса маңызды. Әрi бұл бұрын қозғалмаған тың тақырып, қаралатын мәселелердiң ауқымы өте кең. Сонымен бiрге, қазақстандық БАҚ егемендiктiң қалыптасу кезеңiндегi үлкен дағдарыстан жаңа шыққандығын, жаңа рөлiне толық енбегендiгiн ескермеске де болмайды. Осының салдарынан күнделiктi кездесетiн тауқiметтердi шешуде БАҚ менеджерлерi мен журналистер шығармашылық, техникалық, тәжiрибелiк және қаржы-экономикалық кеңестерге, ғылыми қалыптасқан көзқарасқа аса мұқтаж екендiгi белгiлi.

Ресей зерттеушiсi М. М. Пабликованың пiкiрi де осымен үндеседi: «Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың журналистiң кәсiби қызметiне ықпалы бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеушiлер үшiн қазiргi уақытта аса қызықты тақырыптардың бiрi. Дүниежүзiлiк Интернет жүйесi өз мүмкiндiктерi арқылы редакциялардың ауқымына, штатта қызмет атқаратындардың санына қарамастан оның барлық жұмысына түбегейлi өзгерiстер енгiзуде. Электронды медиа, дәстүрлi БАҚ-тың электронды нұсқалары жаңа журналистиканың бастауы болып табылады, ХХI ғасыр журналисiнiң жаңа келбетiн қалыптастырады»./4/ Бұл пiкiрдiң өмiршеңдiгiн осы зерттеу көрсеттi, оның барысында көптеген тың нәтижелерге қол жеткiзiлiп, жаңа ұғымдар ғылыми айналымға түстi.

Тақырыптың зерттелу деңгейi. Егемен Қазақстанның журналистикасы жан-жақты, әрi сала-сала бойынша зерттелiп, қоғамдағы бағасын толық алды деп айту қиын. Өйткенi, қоғамдық даму үрдiсi қысқа кезеңде бел алғандықтан iргелi тұжырымдар жасалып, бiр арнаға түсiрiлген жоқ. Соның қатарында БАҚ-тағы ақпараттық технологиялар, олардың әсерi мен ықпалы туралы ғылыми еңбектер жоққа тән. Баспасөз беттерiндегi бiрер мақалалар соның тек ұшқындары ғана. Әсiресе, қазақ тiлiнде бұл тақырып тұңғыш рет кең сөз етiлiп, көп материалдар жинақталып, ғылыми тұрғыдан сарапталып отыр деп айтуымызға негiз бар.

ТМД елдерiнен бiзге жеткен, осы тақырыпты қамтыған авторефераттарды көре алмадым. Мәскеуде Телевизия және радио қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру институтында 1999 жылдың 25 маусымында О. Р. Самарцев «Актуальные проблемы телевизионной журналистики в условиях современного этапа информационно-компьютерной революции» атты тақырыпта филология ғылымдарының докторлығы диссертациясын қорғаған./5/ Мәскеу мемлекеттiк университетi ғалымдарының жеке мақалаларында ақпараттық технологияларды қолданудың мәселелерi сөз болғанымен, бiздiң жұмысымызға қатысты қырын кездестiрмедiм. Бiрақ, олардың ой-пiкiрлерi зерттеуде кең қарастырылады. Сондықтан, көбiне орыс тiлiндегi кәсiби, ғылыми-тәжiрибелiк журналдардағы мақалаларға көбiрек сараптау жасалды. Солардың қатарында, «Вестник МГУ, серия журналистика», «ҚазМУ хабаршысы, журналистика сериясы», «Журналист», «Профессия-журналист», «Телевидение и радиовещание», полиграфия саласындағы «Полиграфист&Издатель», «КомпьюАрт», «Курсив», компьютер саласындағы «Мир ПК», «Компьютер-пресс», қазақстандық «Интернет и Я», «Computer Club» журналдары және Интернет көздерiне баса назар аударып, деректер мен мағлұмат көздерi ретiнде пайдаланылды.

Журналистиканың қоғамдағы жаңа процестердегi орны мен рөлi, басқа ғылымдармен өзара байланысы мен сабақтастығы, қазақстандық ақпараттық саясаттың қалыптасуы мен бүгiнгi проблемалық келелi мәселелерi М. К. Барманқұловтың/6/, А. С. Сәрсенбаевтың/7-9/, М. А. Құл-Мұхаммедтiң/10/, Н. O. Омашевтiң/11,12/, С. Қ. Қозыбаевтың/13,14/, Л. С. Ахметованың/15/, Ғ. Ж. Ибраеваның/16-18/, Л. К. Бекетованың/19,20/, С. Х. Барлыбаеваның/21,22/, М. М. Тәжиннiң, Б. Аяғановтың/23/, Б. Ө. Исабаевтың/24/ еңбектерiнде әр қырынан жан-жақты зерттелген.

Журналистика теориясының бүгiнгi таңдағы өзектi мәселелерi бойынша ресейлiк зерттеушiлер Я. Н. Засурский/25,26/, Л. М. Землянова/27/, С. М. Гуревич/28/, Е. П. Прохоров/29/, В. Н. Ружников/30/, Э. Багиров/31/, В. В. Ворошилов/32/ және басқалардың тұжырымдары мен ой-пiкiрлерiне ден қойдым.

Шетелдiк теоретик-зерттеушiлер мен тәжiрибелi журналистер М. Кастеллс/33,34/, Тим Харроуэр/35/, Рэдалл Дэвид/36/, Рихард Мюнх/37/, Рэнди Рэддик, Эллиот Кинг/38/, Джон Уллмен/39/, Алан Розентальдiң/40/ ғылыми-публицистикалық еңбектерi де сараланды. Жаңа технологиялар саласының бiлгiрi Билл Гейтстiң/41,42/ құнды тұжырымдары пайдаланылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет