Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технология негiзiнде даму проблемалары мамандығы: 10. 01. 10 – журналистика



жүктеу 1.96 Mb.
бет3/12
Дата16.06.2018
өлшемі1.96 Mb.
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Профессор Әбiлфайыз Ыдырысов газет технологиясы мен техникасына қатысты iргелi еңбектер/43/ жазып, қазақ тiлiнде терминдердi қалыптастырғаны белгiлi. Олар компьютерге дейiнгi кезеңдi қамтитындықтан, методологиялық негiз ретiнде қарастырылды. Профессор Н. Омашев өз ғылыми мақалаларында қазақ журналистикасын шетелдiк тәжiрибемен салыстырып, сол арқылы оның дамуындағы негiзгi бағыттарды ашып отырады. Егемендiктiң алғашқы жылдарында Қазақстан баспасөзiнде белең алған үрдiстердi зерттеген ғалым Ә. Ғ. Игенсартова/44/ негiзiнен экономикалық журналистиканы саралап, жарнаманың жаңа қатынастардағы орнын ашады, компьютердiң қолданылуынан туындаған жаңа мүмкiндiктердi қысқа тұжырымдап өтедi.

Дегенмен, Қазақстанда жаңа ақпараттық технологиялар қақында журналистиканың теориясы мен тәжiрибесi тұрғысынан зерттеу жұмыстары әлi де жоққа тән. ЮНЕСКО мағлұматтарына қарағанда, 1987 жылы журналистика мен коммуникация саласындағы оқу және ғылым орындарының 60 пайызы АҚШ-қа, 20 пайызы Ұлыбританияға тән болған екен. Содан кейiнгi жылдары бұл бағытта зерттеулердiң тек күшейе түскендiгi тағы ақиқат. Өйткенi, үлкен қоғамдық өзгерiстер мен жаңалықтар өмiрге жолдама алды. Америкада осы мәселенi зерттеумен ондаған ғылыми мекемелер айналысатындығы Интернет деректерiнен де көрiнедi және көбiне олар журналистке практикалық көмек беру мәселелерiне жете назар аударады. Соның бiрi – Миссурийлiк журналистикадағы компьютерлiк технологиялардың ұлттық институты деп аталады. (Оның Интернеттегi таныстыру бетi қосымшадан орын алған)

Сонымен қатар, осы тақырыптың басқа салаларда да зерттелуiне ден қойылды. Ақпараттық және компьютерлiк технологиялардың оқытуда/45-47/, баспа iсiнде/48/, дизайнда/49/, веб-дизайнда/50/, заңгерлiк қызметте/51/, туризмде/52/, бизнесте/53/, басқаруда/54/ қолданылуы туралы еңбектермен танысып шықтым, қазақ тiлiндегi жаңа оқулықтарға/55-57/ назар аудардым.

Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Зерттеудiң басты мақсаты – Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа технология негiзiнде даму проблемаларын ғылыми тұрғыдан айқындау. Оның мiндеттерi де осыдан келiп туындайды:

- қоғамдық қарым-қатынастардағы, мемлекеттiлiктiң нығаюы кезеңiн-дегi жаңа үрдiстерге шолу жасау;

- БАҚ қызметiне және журналист жұмысына жаңа ақпараттық технологиялардың қатысын, әсерiн, пайдасы мен зиянын ғылыми әдiс-тәсiлдердi қолданып зерттеу және тұжырымдау;

- мемлекеттiң ақпараттық технологияларды дамытудағы тұжырымдарын нақтылауға ықпал жасау;

- бүгiнгi қалыптасқан БАҚ инфрақұрылымына баға беру;

- редакциялардың инновациялық саясатын саралау;

- БАҚ дамуындағы үрдiстердi саралап, болжамдар жасау және практикалық кеңестер әзiрлеу;

- ақпараттық қоғам сұраныстарына сай журналистердi даярлаудың ерекшелiктерiн ашу;

- қазақ журналистикасының әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiгуiнiң мүмкiндiктерiн қарастыру;

- жаңа ақпараттық технологиялардың бұқаралық ақпарат құралдарында кең қолданылуының мәселелерiн, проблемаларын ашып көрсету;

- осы салада жаңа ғылыми-практикалық зерттеулердiң жүргiзiлуiне жол ашу және басқалар.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы мынадан көрiнедi:

- бiрiншiден, БАҚ-тың дамуына жаңа ақпараттық технологиялардың ықпалы мен тиiмдiлiгi мәселелерi кең зерттелiп, бiр жүйеге түсiрiледi;

- екiншiден, жаңа ашық қоғамдағы журналистика мен журна-листiң кәсiби қызметiнiң мәнi мен функциялары айқындалады;

- үшiншiден, тақырып бiрiншi рет жан-жақты талданып, ғылыми айналымға түсiрiледi;

- төртiншiден, ақпараттық технологиялардың БАҚ экономика-сына, менеджментiне ықпалы мен пәрмендiлiгi ашып көрсетiледi;

- бесiншiден, нарық жағдайында БАҚ-ты басқару, инновациялық саясатты жүргiзудiң ерекшелiктерi айқындалады;

- алтыншыдан, ақпараттық технологиялар қоғамдық дамудың басым бағыттарымен тұтас бiрлiкте қарастырылады;

- жетiншiден, ақпараттық қоғам талаптарына жауап беретiн журналистердi әзiрлеудiң ерекшелiктерi сараланып, нақты ұсыныстар айтылады.

Қазiргi ақпараттық технологиялардың ауқымы өте кең екендiгiн ескерiп, бұл жұмыста журналистика – технология – журналист арасындағы қарым-қатынастар, осыдан туындайтын мәселелер мен проблемалар қарастырылды. Әрине, осыған байланысты белгiлi бiр дәрежеде қазiргi журналистиканың шығармашылық, саяси-әлеуметтiк, танымдық-эстетикалық, психологиялық, лингвистикалық, мәдени-ағартушылық аспектiлерi қамтылды. Бұл факторлардың әрқайсысы кең ауқымды жеке зерттеулердi қажет ететiндiгiн ескерiп, оны жұмыста толық ашуды мақсат етiп қойған жоқпыз, белгiлi бiр дәрежеде ғана ақпараттық технологияларға қатысты қыры қаралды.

Қорғауға ұсынылатын негiзгi ғылыми тұжырымдар:

– Қазiргi кезеңдегi БАҚ-тың қоғамдық қарым-қатынастардағы рөлi мен маңызының арту себептерi мен алғышарттары талданған. Өтпелi кезеңде қазақстандық БАҚ та трансформациялау процестерiн бастан кешiрдi, тоталитарлық режимнен демократиялық қатынастарға өтуде түбегейлi өзгерiстерге ұшырады, шынайы сөз бостандығы күш алды, меншiк формаларының әр алуандығы орнықты, қаржы саясаты мен режимi өзгердi. Күрделi реформалардан кейiн жаңа медиаорта орнығып келедi;

– Қазақстандық БАҚ-тың әлемдiк ақпараттық ортаға кiрiгу үрдiсi күшейдi, ашық қоғамға бетбұрыс жасалды, алғышарттары түзiлдi. Әлемде «ақпараттық қоғам» белгiлерi айқындала түстi, оның нақты нәтижелерi мен қарама-қайшылықтары бедерленiп келедi. Бұл үрдiстен Қазақстан сырт қала алмайтындығы айқындалды;

– Жаңа әлемдiк қатынастардың орнығуында ақпараттық технологиялар жетекшi мәнге ие болды, оның өркениетке, саясатқа, мәдениетке, бiлiм-ғылымға ықпалы мен әсерi күшейдi. Компьютерлiк технологияларсыз, телекоммуникациялық байланыссыз өмiрдi елестету мүмкiн болмай қалды;

– Адамзаттың өмiр сүру стилiне жаңа технологиялардың әсерiнен өзгерiс ендi. Қарым-қатынаста қашықтық, шекара ұғымдары көмескiленiп, ақпарат алу мен тарату шығыны төмендей түстi. Бұл өз кезеңiнде бұқаралық ақпарат құралдарының саны мен сапасының өсуiне әкелдi, журналистика сапалық жаңа деңгейге көтерiлдi;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет