Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі



жүктеу 71.32 Kb.
Дата10.01.2019
өлшемі71.32 Kb.

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры

2011 ж. 3- тоқсандық ақпараттық шолу


ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДЕПОЗИТТЕРГЕ КЕПІЛДІК БЕРУ ҚОРЫ

Жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін

есептеу және методологиясы бөлімі

2011 жылдың үшінші тоқсанындағы

Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына

қысқаша ақпараттық шолу

Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы-банктердің жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жиынтық мәліметтеріне сәйкес, 3 тоқсан бойынша ағымдық және карт-шоттардағы қалдықты қосып есептегенде қабылданған депозиттер мөлшері 125,5 млрд. теңгені құрайды (5,1%), ал жыл басынан бастап 355 млрд. теңгені құрады. Осылайша, жұртшылықтың депозиттік базасы 2,6 трлн. теңгеге дейін өсті, ал ұлттық валютадағы депозиттердің ақша салымдары 3 тоқсанда өз деңгейінде, яғни жиынтық депозиттер қоржынының 58%-н құрады.

1 қазандағы жағдай бойынша жұртшылықтың жиынтық депозиттік база құрылымы келесідей: негізгі бөлікті құраған осы тоқсанда 6,3% өсіп, жалпы үлесі 88% немесе 2,29 трлн. теңгені құраған мерзімді және шартты депозиттер. Одан кейін жиынтық сомасының 11% немесе 292,3 млрд. теңгені құрайтын ағымдық және карт-шоттардағы қалдықтар болып табылады. Тоқсан бойынша олардың көлемі 3,3%-ке қысқарды. Тоқсан ішінде 1,3% ұлғайған, талап етілгенге дейінгі салымдар жеке тұлғалардың депозиттер қоржынының 1% немесе 30,1 млрд. теңгені құрады. Ағымдық және карт-шоттардағы орташа қалдықтар сомасы 23 мың теңгеге, ал талап етілгенге дейінгі салымдарда 14 мың теңгеге жетеді. Жалпы, 5 млн. теңгеден аспайтын барлық депозиттер түрінің сомасы жеке тұлғалардың депозиттер жиынтығының сомасының 43,1% құрайды (депозиттердің жалпы санының 99,7%-і). (1 суретті қараңыз).

Сурет 1. Жұртшылықтың депозиттерінің жиынтық сомасы

Жалпы, мөлшері 15 млн.теңгеден жоғары мерзімді салымдар депозиттер көлемінің үлкен бөлігін құрайды, олардың таза өсімі 90 млрд. теңгені (немесе 8,4%) құрап, ал сомасы 1,2 трлн. теңгеге жетті (немесе жалпы көлемнің 44,75%). 5 млн. теңгеге дейінгі мерзімді және шартты депозиттердің көлемі де тоқсан бойынша 29,7 млрд. теңгеге, ал 5 млн. теңгеден 15 млн. теңгеге дейінгі мерзімді депозиттер қарастырылып отырған тоқсанда 15,5 млрд. теңгеге өсті. Талап етілгенге дейінгі салымдардың тоқсандық өсімі аз ғана 371 млн. теңгеге ұлғайған, ал ағымдық және карт-шоттардағы қалдық сомасы 10,1 млрд. теңгеге азайды.

2-суреттегі депозиттердің жиынтық қоржын құрылымынан ірі салымшылардың өз жинақтарын шетел валютасында сақтаса, салыстырмалы түрде шағын депозиттері бар салымшылар ұлттық валютаны қалайды (талап етілгенге дейінгі салымдардан басқалары).

Сурет 2. Жеке тұлғалардың салымдар валютасы

Қосымша айта кететін болсақ, барлық жеке тұлғалар депозиттерінің 3,4% немесе 88,6 млрд. теңге, соның ішінде ағымдық және карт-шоттардағы сомалар қатысышу-банктің басқарушы қызметкерлерге, сонымен бірге 5% және одан жоғары дауыс беру құқығы бар акцияларға ие акционерлер мен олардың жақын туыстарына тиесілі. Есептік тоқсан ішінде мұндай депозиттер сомасы 37,4 млрд. теңгеге немесе 30%-ке азайды.

Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша Қор өтеуге қажетті кепіл берілетін өтемақының мөлшері 2011 жылдың 1 қазаны жағдайы бойынша 1,24 трлн. теңгеге жетті. Ал есептік мерзімде Қордың арнайы резерві 149,4 млрд. теңгені немесе кепіл берілетін жиынтық соманың 12,1%-ін және кепілдендірілген депозиттердің жалпы сомасының 5,7%-ін құрады.

Есептік тоқсанның қорытындысы бойынша басты қаржылық көрсеткіштерге негізделген және сәйкесінше тоқсандық жарналар мөлшері бар, «A», «B», «C», «D» және «E» бес жүйеленген топты анықтайтын «БАТА» міндетті күнтізбелік сараланған жарна мөлшерін есептеу жүйесіне сәйкес, банктердің басым бөлігі тоқсандық жарна мөлшері 0,19% - «D» тобына (12 банк) және тоқсандық жарна мөлшері 0,11% - «C» тобына (13 банк) тиесілі. Бұл тоқсанда 35 банктің ішінде тек бір ғана банк «БАТА» Жүйесі бойынша рейтингте өз позициясын өзгертіп, жарна мөлшері аздау топқа көшті, осылайша өз жағдайын жақсартты.

1 қарашадағы жағдай бойынша Қор төлеген кепілдік берілген өтемақынының жиынтық сомасы Наурыз Банкі бойынша 679,5 млн., ал Валют-Транзит Банкі бойынша 13,87 млрд. теңгені құрады. Қордың Наурыз Банкінің ликвидациялық комиссиясынан кепілдік берілген өтемақыны төлеу сомасы бойынша талаптарын қанағаттандыру барысында алынған сома мөлшері 679,4 млн. теңге немесе ликвидациялық коммиссиясына қойылған барлық талап сомасының 88%, ал Валют-Транзит Банкі бойынша 4,98 млрд. теңге немесе Қордың ликвидациялық коммиссиясына қойылған талап сомасынның 35,13% құрады.

Қосымша

2011 жылдың 1 қазанына сәйкес



Қатысушы-банктердің жеке тұлғалар депозиттері бойынша мәліметтерінің жиынтығы











мың теңге


п/п


Аталуы

Сомасы

1 тоқсандағы өзгерісі

1.

Талап етілгенге дейінгі салымдар, соның ішінде:

30 118 717

371 020

1.1.

теңгемен

16 998 971

-78 272

1.2.

шетел валютасымен

13 119 746

449 292

2.

Мерзімді және шартты салымдар, соның ішінде:

2 282 365 032

135 149 813

2.1.

теңгемен, соның ішінде:

1 240 393 173

78 220 619

 

1 млн. теңгеден аспайтын

228 377 867

5 644 089

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

224 386 939

15 572 601

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

106 472 291

10 212 431

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

125 507 091

9 688 909

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

53 743 317

3 898 809

 

15 млн. теңгеден жоғары

501 905 669

33 203 782

2.2.

шетел валютасымен, соның ішінде:

1 041 971 859

56 929 193

 

1 млн. теңгеден аспайтын

73 381 492

-1 023 457

 

1 млн.-нан бастап 3 млн. теңгеден аспайтын

103 229 850

-1 829 913

 

3 млн.-нан бастап 5 млн. теңгеден аспайтын

65 425 395

1 102 671

 

5 млн.-нан бастап 10 млн. теңгеден аспайтын

90 061 365

2 341 053

 

10 млн.-нан бастап 15 млн. теңгеден аспайтын

46 213 121

-452 827

 

15 млн. теңгеден жоғары

663 660 636

56 791 666

3.

Ағымдық шоттардағы ақша қалдықтары (карт-шоттағы қалдықты қоса есептегенде) соның ішінде:

292 284 206

-10 051 867

3.1.

теңгемен

255 267 389

4 544 547

3.2.

шетел валютасымен

37 016 817

-14 596 414

 

Жеке тұлғалардың теңге мен шетел валютасы бойынша барлық депозиттері, соның ішінде:

2 604 767 955

125 468 966

Каталог: files -> uploads -> file -> analytics
file -> Документ: ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2016. 26. 12 №311 Қаулысы
file -> Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне өтуге қосылу шартына екінші деңгейдегі банктердің қосылуы жөніндегі өтініш нысанын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
file -> Тұрақтандыру банкін басқару, оларды жасасуға қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу, консервациялау режиміндегі банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізу
file -> Қазақстан республикасының Ұлттық банкі 2014 жылғы 11 ақпандағы
analytics -> 2014 ж. 4-тоқсанындағы Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына қысқаша ақпараттық шолу Жеке тұлғалардың депозиттер нарығының тенденциясына шолу
analytics -> 2013 ж. 4-тоқсанындағы Жеке тұлғалардың депозиттерІ нарығына қысқаша ақпараттық шолу
analytics -> Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры жарналардың дифференциалды мөлшерлемелерін есептеу және методологиясы бөлімі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет