Батыс Қазақстан облысында кәсіпкерден бір миллион доллар бопсалаған күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото видеодан алынған

Полицияның мәліметінше, күдікті ер адам мал шаруашылығымен айналысатын қожалық иесін қорқытып, бопсалаған.

Мал бордақылап ет өткізетін серіктестік басшысынан 1 миллион доллар бопсалап, оңай олжаға кенелгісі келген азамат дәл ақша алып жатқан жерінде ұсталды. Полиция күдіктінің көлігінен 4 миллион теңге тәркілеген. Адам бопсалаумен айналысқан азамат қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр.

"Бопсалау бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Заңнамаға сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – деді БҚО ПД баспасөз қызметінің басшысы Нұржан Қуанғали.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.