Қазақстанның экологиялық ЖҮйесінің климаттың Өзгеруіне байланысты табиғи географиялық ареалының Өзгеру мүмкіншілігін бағалау рсалиева А. М., Асатова Е. С.,Асқанбек А. А



жүктеу 130.42 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі130.42 Kb.

ӘОЖ 556.18.004.14
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТАБИҒИ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АРЕАЛЫНЫҢ ӨЗГЕРУ МҮМКІНШІЛІГІН БАҒАЛАУ
Рсалиева А.М., Асатова Е.С.,Асқанбек А.А.

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Халықаралық Аралды қорғау қорының мәліметі бойынша Орта Азия және Қазақстанның болашақта климаттың өзгеріске түсу мүмкіншілігінің және оған Арал теңізінің аймағындағы экологиялық дағдарыстың, ал оның ішінде Орта Азияның климатының қалыптасуына үлкен әсерін тигізіп отырған, Арал теңізінің географиялық нысан ретінде жойылуы себебі болып отыр деген тұжырым қалыптасқан [1].

Сонымен қартар, ХХ ғасырдың соңғы кезеңіндегі бүкіл жер шарын қамтыған ауаның орташа жылдық жылуының өсуі Қазақстанның табиғи экологиялық жүйесін қамтып отыр. Себебі Орта Азияның 1940-2004 жылдар аралығындағы ауаның орташа жылдық жылуының шамасы 1,90С, қыс айларында -3.6, көктем айларында -1.4, жаз айларында -0.6 және күз айларында -1.9 градусқа өскені туралы тұжырымды 4- суретте келтірілген мәліметтерден байқауға болады. Орта Азиядағы жылдық орташа ауа жылуының өзгеріске түсуі, табиғи жүйенің ылғалдану тәртібінде өзгерістер алып келді (сурет 1).



Сурет 1. Орта Азиядаға орташа жылдық ауа жылуының өзгеруі (1-орталығында;

2-батысында; 3-оңтүстігінде; 4-шығысында; 5- Орта Азияда)


Орта Азия және Қазақстанның географиялық аймақтарында 1940-2004 жылдар аралығында жауын-шашынның жылдық жиынтығы 8.7-12.5 пайызға төмендеді және онымен қатар жауын-шашын мөлшерінің жылдың ішіндегі таралу күз кезеңінде 5.2 пайызға және қыс кезеңінде 10.7 пайызға өссе, ал оған қарама қарсы жаз кезеңінде 3.0 пайызға және көктемгі кезеңінде 9.1 пайызға кеміген (сурет 2).

Орта Азия және Қазақстанның экологиялық жүйелерінің бұндай ылғалдануының өзгерісі және орташа жылдық ауа жылуының өсуі аймақтың құрғақтануына алып келіп соқтырады және бұл жағдайды ауылшаруашылық өндіріс күштерін орналастыру кезінде ескерудің қажеттілігі туындап отыр.

Климаттың құрғақтылыққа бейімделудің бірінші кезеңінде негізінен табиғи жүйенің топырақ және өсімдік жамылғысы дағдарысқа тап болады және ол соңғы кезде Орта Азия және Қазақстанның барлық географиялық аймақтарын қамтып отыр. Табиғи жүйенің дағдарысқа тап болу жағдайының жүргісінің жылдамдауы және тереңдеуі көптеген табиғи жүйенің дәлелдемелерінің бірлесіп әсер етуінен туындайды және ол Қазақстанның географиялық аймақтарында ерекше байқалады.

Сурет 2. Орта Азия аймағындағы көпжылдық орташа жауын-шашын мөлшерінің өзгеруі

(1-орталық; 2-шығыс; 3-батыс; 4-оңтүстік)

Жалпы дүние жүзіндегі күтіліп отырған ауа-райының өзгеруіне байланысты Қазақстанның су қорының көлемінің өзгеруі мүмкін болып отыр, ол туралы Қазақстанның сушаруашылық алабтарындағы өзендердің су қорын анықтауға арналған В. И. Ли, А. О. Домран және А.В. Линейцеваның [2] жүргізген бағдарламалық есептеулерінің нәтижесінен көруге болады. Бағдарламалық есептеу жұмыстары Қазақстанның сегіз сушаруашылық алабтарындағы он төрт өзен алқабында жүргізілген. Оның бесеуі жазықтық өзен алабтарына жатады және олар Тобол, Ишим, Нұра, Сарысу және Орал өзендері, ал Улба, Уба, Ілі, Қаратал, Көксу, Арыс, Шаян, Нұра, сарысу, Шу және Талас таулы өзендерге және Или, Қаратал,Көксу, Шу және Талас өзендерін таудағы мұздардан қоректенетін өзендер қатарына жатқызады.

Қазгидромет мекемесі қызметкерлерінің бағдарламалық мәліметтері бойынша Қазақстанның барлық аймақтарында ауа-райының өзгеруі мүмкін және осыған байланысты, В . И. Ли, А. О. Домран және А.В. Линейцеваның [2] жүргізген бағдарламалық есептеулері көрсеткендей еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының таулы аудандарында су қорының өсуі мүмкін. Сонымен қатар, батыстың жазықтық аймақтарында, шығыстың таулы аудандарында және солтүстіктің жазықтық аймақтарында аз ғана су қорының көбейуі мүмкін (кесте 1).

В.И. Ли, А. О. Домран және А.В. Линейцева [2] Қазақстанның ауа-райының өзгеріске түсу мүмкіншілігіне байланысты су қорының өзгеріске түсу мүмкіншілігі екі денгейде жүргізген: бірінші денгей А1 - ауа-райының өзгеруінен табиғи жүйелерде құрғақшылыққа жағдай пайда болған кезде және екіншісі В1 - ауа-райының өзгеруінен табиғи жүйелерде табиғи ылғалдану жағдайы өскенде. Жалпы В . И. Ли, А. О. Домран және А.В. Линейцева [2] мәліметтері бойынша Қазақстанның географиялық аймақтарындағы өзендердің су қорының өсуі таулы аудандарда байқалуы мүмкін деген болжам жасалған. Сондықтан, ауа- райының өзгерісі Қазақстанның табиғи жүйесінің өсімдік және топырақ жамылғыларының өнімділігіне де әсерін тигізбей қоймайды.

Кесте 1


Қазақстанның ауа-райының өзгеріске түсу мүмкіншілігіне байланысты су қорының өзгеріске түсу мүмкіншілігі

Өзен

Метеобекет

Орналасу биіктігі

Ауа-райының және су ағынының өзгеру мүмкіншілігі, %

ауа жылуы

жауын-шашын

су ағыны

А1

В1

А1

В1

А1

В1

Ертіс сушаруашылық алабы

Уба+Ульба

Лениногорск

809

1.22

1.37

2.26

5.31

2.0

5.2

Торғай-Тобол сушаруашылық алабы

Тобол

Бреды

310

1.31

1.64

3.35

4.74

7.1

5.4

Ишим сушаруашылық алабы

Ишим

Астана

349

1.29

1.49

1.68

4.25

0.3

2.6

Балқаш-Алакөл сушаруашылық алабы

Или

Мыңжылқы

3017

1.18

1.55

2.55

2.78

9.0

15.2

Қаратал

Текелі

1722

1.17

1.55

1.9

2.36

10.9

11.3

Көксу

Текелі

1722

1.17

1.55

1.9

2.36

10.5

11.2

Арал-Сырдария сушаруашылық алабы

Арыс

Тасарық

1122

1.29

1.65

5.41

3.77

6.2

-7.3

Шаян

Шаян

366

1.23

1.55

5.65

4.77

12.5

4.2

Орал-Каспий сушаруашылық алабы

Орал

Орал

35

0.98

0.86

6.0

2.0

15.0

10.0

Шу-Талас сушаруашылық алабы

Шу

Бишкек

756

2.6

2.0

7.14

6.74

14.9

14.5

Талас

Талас

1271

2.5

2.0

6.59

6.2

10.1

9.8

Нұра-Сарысу сушаруашылық алабы

Нұра

Қарағанды

554

2.9

2.1

7.44

6.88

13.6

13.0

Сарысу

Қызылжар

361

2.8

2.1

9.58

7.35

8.81

6.59

Осы мәселені шешу мақсатында табиғи экологиялық жүйесінің ландшафттарының өсімдік жамылғысының өнімділігін анықтауға арналған кешенді үлгісі құрылды [3]:


,
мұнда - табиғи жүйедегі өсімдік жамылғысының өнімділігі; - табиғи жүйедегі өте ыңғайлы гидротермикалық жағдайдағы өсімдік жамылғысының ең жоғарғы өнімділігі; - өсімдіктің өсіп-өну кезеңінің жылу тәртібін анықтайтын көрсеткіш; - ылғалдану тәртібін анықтайын көрсеткіш; - өсімдіктің өсіп-өнуі кезеңінің ұзақтығын анықтайтын көрсеткіш.

Осы әдістемелік нұсқаны пайдаланып, Қазақстанның экологиялық жүйесінің өнімділігін жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты анықталды (кесте 2).

Өсімдіктің өсіп-өну кезеңінде ауа жылулығы 20 пайызға өскенде аймақтың жылумен қамтамасыз етілу дәрежесі 0.14-ден 0.27 өседі және 20 пайызға төмендеген жағдайда 0.09- ден 0.22-ге дейін кемиді, ал бұның өзі белгілі бір дәрежеде жеке ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің ареалына әсерін тигізеді. Ал, аймақтың ылғалмен қамтамасыз етілу дәрежесі 20 пайызға өскен кезде, табиғи ауылшаруашылық жерлердің өнімділігі 0.11-ден 0.19-ға дейін және 20 пайызға төмендеген кезде, олардың өнімділігі 0.19-ден 0.26-ға дейін азайуы мүмкін және бұның өзі Казахстанның біраз аймағының шөлейттенуіне алып келіп соқтырады.

Сонымен, жалпы тұрғыда климаттың өзгерунен, далалық аймақтың белгілі бір аймағы жартылай шөлейт аймағына ауысуы мүмкін, ал жартылай шөлейт аймағының біршама бөлігі шөлейт аймағына айналу қауіпі туындайды, ал бұның өзі Қазақтанның табиғи жүйесінің қайтадан қалыптасына әсерін тигізуі мүмкін.


Кесте 2

Қазақстанның табиғи экологиялық жүйесінің өнімділігі




Табиғи аймақ

Құрғақшы-лық белгісі

()



Топырақтың негізгі түрі



0.80

1.00

1.20

Орманды дала

0.90 - 1.00

қара топырақ

0,140

0,261

0,431

Далалы

1.00 - 1.20

оңтүстіктің қара топырағы

0,200

0,404

0,636

1.20 - 1.30

қара-қоңыр топырақ

0,196

0,450

0,677

1.30 - 1.45

қоңыр топырақ

0,180

0,422

0,684

Жартылай шөлді

1.45 - 1.80

ашық-қоңыр топырақ

0,082

0,299

0,520

Солтүстік шөлді

1.80 - 3.00

сұр және ашық-сұр топырақ

0,131

0,310

0,500

Оңтүстік шөлді

3.00 - 2.00

сұр топырақ

0,105

0,200

0,320

Тау етегіндегі жартылай шөлді

2.00 - 1.45

тау етегіндегі сұр, ашық-қоңыр топырақ

0,235

0,480

0,580

Тау етегіндегі далалы

1.45 - 1.30

қоңыр топырақ

0,260

0,453

0,690

1.30 - 1.20

қара-қоңыр топырақ

0,266

0,429

0,612

Таулы далалы және орман

1.20 - 1.00

тау топырақтары

0,248

0,388

0,539

Геологиялық жүйедегі экологиялық жүйесінің өнімділігін бағалауға ұсынған жүргінің негізінде, климаттың өзгеруіне байланысты ландшафттардың қызметінің заңдылықтарын анықтауға болады және ол уақыт және көлбеу кеңістікте табиғи аймақтың шекарасының өзгерусіз қалама немесе тік белдеулікте жоғары немесе төменге қарай ығысама, ал табиғи аймақтың ареалы тарылама немесе кеңейеме деген сұраққа жауап беруге тиісті.


Әдебиеттер


  1. Гунин П. Д., Казанцева Т. И., Бажа С. Н., Данжалова Е. В., Дробышев Ю. И.

  2. Экологические последствия влияния аридизации климата на экосистемы Центральной Монголии // Материалы международных научно-практических конференции «Изменение климата Центральной Азии: социально-экономические и экологические последствия». -Чита, 2008.- С. 77-83.

  3. Ли В.И., Домран А.О., Линейцева А.В. Оценка уязвимости водных ресурсорв Казахстана при антропогенном изменении климата на перспективу до 2035 года // Гидроиеторлогия и экология, 2011.- №2.- С.37-55.

  4. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Мустафаев К.Ж., Рсалива А.М. Интегральная модель природной системы // Materaly IX mezinarodni vedecko-prakticka conference «Zpravy vedecke ideje-2013». Dil 21 Zemedelstvi Zverolekarstvi. Praha Publishing House «Education ahd Science» s.r.o, 2013.- С. 27-38.

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2014 II
konf 2014 II -> Әож 627. 886 Жалғастыру қҰрылымдарының жаңа конструкциялары
konf 2014 II -> Жұрымбаева Р., Қожамқулова Г. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Исследование влияния технологических факторов на прочность склеивания клеевых соединений
konf 2014 II -> Д., Шилібеков С.Қ. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ
konf 2014 II -> Жаратылыстану ғылымдары Естественные науки
konf 2014 II -> С., Бақбергенова Н. М. Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз,қ
konf 2014 II -> ӘОЖ: 627 03: 628. 06 Көкөніс консерві зауыттарыныҢ ақаба суларындағы қалқымалы заттарды торлармен тазалаудың тиімділігі
konf 2014 II -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б
konf 2014 II -> Әож 631. 862 Биогаз қондырғысына механикалық араластырғыш қҰру мәселесі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет