Қазақстанның экспорты мен импортын талдау



жүктеу 112.42 Kb.
Дата25.04.2019
өлшемі112.42 Kb.

Қазақстанның экспорты мен импортын талдау

Экспорттық бақылау саласындағы Қазақстанның қолданыстағы заңнамасы (заңдар мен ережелер) өзімен тауарларға, ақпаратқа, жұмыстарға, қызметтерге, инталлектуалды іс-әрекеттің нәтижелеріне қатысты сыртқыэкономикалық іс-әрекетті іске асыру тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралар кешенін ұсынады. Әлемдік практикада экспорттық бақылау нысандары қару, әскери техника, әскери-техникалық салада қолданылатын  жұмыстар, қызметтер, инталлектуалды іс-әрекеттің нәтижелері, атом энергиясын пайдаланумен байланысты жабдықтар мен материалдар, әскери және азаматтық мақсаттарда қолданылатын тауарлар мен екі жақты арналудағы технологиялар болып табылады.

ҚР ЭМРМ Атом энергетикасы жөніндегі комитет өзінің өкілеттілігіне сәйкес коммерциялық мақсаттарда беру, сату немесе сатып алу немесе коммерциялық емес сипатта беруден тұратын, атом энергиясын пайдалану саласында тауарлар мен қызметтің экспорты мен импортына бақылауды іске асырады.

Бақылаудың бағыттарының бірі – экспорт пен импортқа лицензия алуға өтініштерді, сондай-ақ ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімді тасуға рұқсаттарды келісу болып табылады.

Ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімге ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар; арнайы ядролық емес материалдар; екі жақты арналудағы жабдықтар, материалдар мен технологиялар; иондаушы сәуле тарату көздері мен изотоптық өнімдер жатады.

Экспорт пен импортқа лицензия алуға өтініштерді, сондай-ақ ядролық экспортқа (импортқа) жататын өнімді тасуға рұқсаттарды келісу орнатылған үлгідегі өтініштер және экспорт жолдары мен өнімді соңғы пайдаланушының сенімділігін жанжақты бағалау негізінде іске асырылады. Ядролық экспорттың жекелеген санаттары үшін ядролық қаруы жоқ елдердің құзіретті мемлекеттік органдары тарапынан алынатын өнімді бейбітшілікте пайдалануы туралы кепілдіктің болуы қажет.

Ядролық экспорт пен импортқа лицензиялар тек қана атом энергиясын пайдалану саласында белгілі іс-әрекет түрін жүргізуге Атом энергетикасы жөніндегі комитеттің лицензиялары бар заңды тұлғаларға беріледі (сайттың «Лицензиялау» бөлімін қар.).

Сыртқыэкономикалық іс-әрекетті іске асыру тәртібін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін маңызды шарттардың бірі құқықтық реттеу, міндеттерді бөлу және экспорттық-импорттық операцияларды іске асырушы ұйымдар және экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеу органы арасындағы жауапкершіліктің аражігін ажырату болып табылады.



Экспорт пен импорт салығы — сыртқы сауда бағасы мен ішкі республикалк баға деңгейлеріндегі айырмашылық нәтижесінде құралатын табысты мемлекет кірісіне алу нысаны. Ол ішкі нарықты экономикалық жағынан қорғауды мақсат етеді. Салық төлеушілер заңда белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық байланыстарға қатысушы ретінде тіркелген барлық заңды тұлғалар мен өзіңің қызметін заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын кәсіпкерлер Салық салу объектісі әкелінетін және әкетілетін тауарлардың келісімшарттық құны. Салық төлеуші тікелей ұлттық валютамен немесе еркін айырбасталымды валютамен тауардың келісімшарттық құнының пайызы есебімен есептейді. Кеден бақылауына дейін немесе оған көрсетілген сәтте төленеді. Төленген салық сомасы өндіріс шығынына жатқызылады.

Импорт (латынша: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елден тауарлар, технологиялар әкелу.

Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады. Экономиканы индустрияландыру‚ технологияларды жаңарту үшін шет елден машиналар мен жабдықтарды әкелудің маңызы зор.

Импортқа ерекше кеден тәртіптемесі‚ салық төлемдері‚ лицензиялар‚ т.б. белгіленеді. Бір елдің импорты екінші елдің экспортына тең болады.

Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастаржағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені олимпортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.

Сыртқы сауда– елдер арасындағы сауда. Тауарлар мен көрсетілген қызметтер әкетілімі (экспорты) мен әкелімінен (импортынан) тұрады. Келісімшартпен ресімделетін коммерциялық мәмілелер арқылы жүзеге асырылады.

Дүниежүзілік экономиканы құрайтын қлттық шаруашылықтар бір-бірімен халықаралық экономикалық байланыстар (ХЭБ) жүйесімен тығыз байланысқан. Бұл байланыстар халыкаралық географиялық еңбек бөлінісі негізінде дамиды.

Алғашқы мемлекеттер арасында халықаралық экономикалық қарым-қатынастардың ең байырғы түрі — сыртқы сауда қатынастары орнай бастады. Дамыған елдер жаппай өнім өндіре бастаған индустриялық кезеңде сыртқы сауданың маңызы күрт артты. Қазіргі заманда кез келген ел экономикасының ажырамас бөлігіне айналған сыртқы экономикалық байланыстардың құрылымы күрделеніп, аясы кеңейе түсті. Соған қарамастан, сыртқы сауда халыкаралық экономикалық байланыстардың негізгі түрі болып табылады. Халыкаралық экономикалық байланыс жүйесі сыртқы саудадан басқа несие-каржылық қатынастар, жұмыс күшімен алмасу, халықаралық туризм, экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты камтиды.

Елдер арасындағы экономикалық, қарым-қатынастардың сипаты мен құрылымдық өзгерістері, ең алдымен, сыртқы тауар саудасынан көрінеді. Ұлы географиялық ашылулар кезеңіне дейін халықаралық тауар саудасына санаулы елдер ғана қатысты, тіпті қазіргі кезде дүниежүзіндегі басты сауда орталықтарының біріне айналған Еуропа елдерінің де сауда жасау аумағы шектеулі сипат алды. Бұған елдер мен дүние бөліктері арасындағы көлік қатынасының нашарлығы, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, басқа елдер жөнінде нақты ақпардың жетіспеуі себепші болды. Көбінесе басқа елдерден өте қымбат және сирек кездесетін тауар түрлері әкелініп, саудаға салынатын. Құрлықтағы негізгі халықаралық сауда жолдары қатарына Азия мен Еуропаны жалғастырған Ұлы Жібек жолы мен Еуропаның солтүстігі мен оңтүстігін байланыстырған сауда жолы жатады. Орта ғасырларда арабтар Сахара арқылы өтетін сауда маршрутын жасады; бұл жол Арабияны Солтүстік Африкамен, одан әрі Оңтүстік Еуропамен жалғастырды.

Көлік құралдарының жетілуі, Еуропада өнеркәсіптің өркендеуі, жаңа жерлердің ашылуы дүниежүзілік сауда қатынастарының ауқымын кеңейтті. Көп жүк көтеретін ірі кемелер легі Жаңа Дүниеден Еуропаға шикізат пен алтын тасымалдады. Соның нәтижесінде XVIII ғасырда сауда көлемі бес есе артты. XX ғасырдың басына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда айналымындағы Еуропа елдерінің үлесі 50%-ға жетсе, Солтүстік Америка елдерінің үлесі 20%-ды құрады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы сауда көлемі ғасыр басындағымен салыстырғанда 14 еседей өсті.

Қазіргі кезде ұлттық шаруашылықтардың халыкаралық сауда жүйесіне неғұрлым жедел тартылуына қарамастан, дүниежүзілік тауар айналымының шоғырлану дәрежесі жоғары. Мұны дүниежүзілік экспорт пен импорттың географиялық құрылымынан айқын көруге болады. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік тауар айналымының 72%-ы Батыс Еуропа мен Азия елдеріне, ал Солтүстік Америка үлесіне 17%-ы тиесілі болды. Өтпелі экономика тән бұрынғы социалистік елдердің үлесі бар болғаны 4%-ды құрады. Дүниежүзілік тауар айналымында Азияның жаңа индустриялық елдерінің үлесі артып келеді, оларға әлемдік экспорттың 10%-ға жуығы тиесілі. Корея Республикасының әлемдік экспорттағы үлесі 2008 жылы 2,9% болса, импорты — 2,6%; Сингапурдың үлесі тиісінше 2,3 және 2,2%-ға тең.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік сыртқы саудада дамыған 25 ел жетекші орын алды. Оларға әлемдік экспорттың 84%-ы, импорттың 82%-ы тиесілі болды. Дамыған елдер өзара тауар айналымы, жөнінен де жетекші орынға ие; АҚШ пен Канада арасындағы тауар ағыны дүниежүзілік керсеткіштің 3,2%-ын құрады. Сыртқы сауданың тауарлық құрылымы халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне, өндірістік және тұтыну тауарларына деген сұраныстың артуына тікелей байланысты. Тауар айналымының құрылымы FTP әсерінен үлкен өзгеріске түсті. Ел экономикасына ықпал ететін маңызды көрсеткіштің бірі — сыртқы сауда сальдосы, оны экспорт пен импорт көлемінің айырмасы құрайды. Қытайдың сыртқы саудасына тұрақты оң сальдо (экспорт көлемі импорттан артық) тән болса, АҚШ-тың сыртқы сауда айналымы теріс мәнге ие.

Сыртқы сауданы халыкаралық дәрежеде реттеу бағытында 1947 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісім деп аталатын халықаралық ұйым пайда болды. Бұл құрылым негізінде 1995 жылы Дүниежүзілік сауда ұйымы, құрылды. Қазіргі кезде кқрамында 132 ел бар бұл ұйым халықаралық сауда қатынастарын реттеумен қатар қызмет көрсету, инвестиция және ақыл-ой меншігін қорғау саласында белсенді әрекет ететін үйлестіруші құрылым болып табылады. Бұл ұйым кұрамына кіруге Қазақстанда ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. БҰҰ жанындағы сауда мен даму жөніндегі Комиссия да (UNCTAD) өз жұмысын елімізде белсенді жалғастыруда.



Сыртқы державалар

Реті

Мемлекет

Экспорт + импорт

Мәлiмет уақыты

1

 АҚШ

$3,173,000,000,000

2010 жыл

2

 Қытай

$2,813,000,000,000

2010 жыл

3

 Германия

$2,457,000,000,000

2010 жыл

4

 Жапония

$1,402,000,000,000

2010 жыл

5

 Франция

$1,086,400,000,000

2010 жыл

6

 Ұлыбритания

$952,100,000,000

2010 жыл

7

 Италия

$918,100,000,000

2010 жыл

8

 Оңтүстiк Корея

$884,200,000,000

2010 жыл

9

 Нидерланды

$859,700,000,000

2010 жыл

-

 Гонконг

$820,000,000,000

2010 жыл

10

 Канада

$813,200,000,000

2010 жыл

11

 Сингапур

$666,800,000,000

2010 жыл

12

 Ресей

$614,000,000,000

2010 жыл

13

 Мексика

$609,000,000,000

2010 жыл

14

 Үндістан

$606,700,000,000

2010-11 [2]

15

 Испания

$592,900,000,000

2010 жыл

16

 Бельгия

$560,900,000,000

2010 жыл

17

 Тайуан (Кытай Республикасы)

$524,800,000,000

2010 жыл

18

 Швейцария

$453,000,000,000

2010 жыл

19

 Австралия

$411,100,000,000

2010 жыл

20

 Бразилия

$387,400,000,000

2010 жыл



Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
publications -> Этносаралық Үйлесімділік жүйесіндегі саяси-мәдени механизмдердің орны әлеуметтік ғылым магистрі, аға оқытушы Сыздықова С. М
publications -> Қазақ әдебиетін дәуірлеу мәселесі Темірбай Мұқашев
publications -> Спортшылардың интеллектуалдық ой өрісі және оның спорттық Қызметтегі маңыздылығы абусейтов Бекахмет Зайнидинович
publications -> Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттары түйін Мақалада ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа жолы «Агробизнес 2020»
publications -> Қазақстандағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік: құқықтық реттеу
publications -> 1 қаңтар 2012, 12: 09 Бұл дағдарысты әлем экономикасының уақытша тежелуі деп түсіну қажет 49
publications -> Қазақстандағы корей тілін оқытуда интерактивті құралдарды қолдану әдісі
publications -> Әож 378-1а оқУ Үрдісінде мультимедиялық ҚҰрылғыларды қолданудың Қажеттілігі
publications -> Үндістан-Бангладеш қарым-қатынастарының кейбір астарлары


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет