“Ќазаќстанныѕ ресми шетелдік заемдары бойынша есеп”



жүктеу 25.78 Kb.
Дата24.04.2019
өлшемі25.78 Kb.

“Қазақстанның ресми шетелдік заемдары бойынша есеп”

№14-ТБ мемлекеттік статистикалық есебі нысанын толтыру жөніндегі

НҰСҚАУ
Қазақстанның ресми шетелдік заемдары бойынша міндеттемелер жөніндегі 14-ТБ нысаны бойынша есепті ай сайын Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жасайды және Қазақстан Республикасына берілген берешекті, резидент еместердің кредиттерін игеруді және өтеуді есепке алуға арналады. Ұлттық Банк Ұлттық Банк арқылы тартылған ішкі заемдар бойынша, Қаржы министрлігі – Қазақстан Республикасының Үкіметі арқылы тартылған заемдар бойынша нысанды толтырады.

Есеп заемның валютадағы әрбір заем бөлігіндегі әрбір донор бойынша жеке жасалады.

А,Б,В және Г бағандарында кредит желісіндегі кредитор елдің атауы көрсетіледі; заемның нөмірі мен қолдану кезеңі, кредитті тікелей алатын ұйымның, кәсіпорынның атауы, заемның және донор елдің атауы, заем берілген валютаның атауы көрсетіледі.

1-бағанда келісімге сәйкес кредиттің сомасы қойылады.

2-5-бағандарда кредиттік қаражаттардың түсуі (игерілуі) көрсетіледі. 2-бағанда есепті кезең басындағы игерілген заем қаражаттарының сомасы, 3-бағанда есепті кезеңдегі игеру сомасы, 4-5 –бағандарда есепті кезеңнен кейінгі және жыл аяғына дейінгі (қалған тоқсандар бойынша) игерулердің болжамы көрсетіледі.

6-8-бағандарда төлемақы басталғаннан бастап негізгі борышты өтеу бойынша төлемдер және есепті кезеңде - негізгі борышты өтеуге жататын және туынды төлемдер көрсетіледі.

9-бағанда есепті кезеңнің аяғындағы заем бойынша негізгі борыштың қалдығы көрсетіледі (2бағ.+3бағ.+6бағ.).

10-11-бағандарда заем қолданыла бастағаннан және есепті кезеңде төленген комиссиялық төлемдер сомасы көрсетіледі.

12-14-бағандарда заем қолданыла бастағаннан бастап сыйақы (мүдде) төлемдері, есепті кезеңде – төлеуге жататын және нақты туынды төлемдер көрсетіледі.

15-16-бағандарда негізгі борышты және ілеспе төлемдерді ескере отырып, келесі тоқсанда және жылдың аяғына дейін (қалған тоқсандар бойынша) міндетті өтеуге жататын төлемдердің болжанған жалпы сомасы көрсетіледі. Есепті толтырған кезде 3-тоқсан үшін 4 және 15-бағандарда ағымдағы жылғы 4-тоқсанның деректері, 5 және 16-бағандарда есепті кезеңнен кейінгі жылдың деректері жазылады. Есепте 4-тоқсан үшін 4 және 15 бағандарда есепті кезеңнен кейінгі жылдың бірінші тоқсанының сомалары, ал 5 және 16 бағандарда – келесі жылдың қалған 2,3 және 4 тоқсандарының болжанған сомалары көрсетіледі.

17-20 бағандарда негізгі борыш және ілеспе төлемдер бойынша мерзімінде өтелмеген берешек сомалары көрсетіледі.

Егер донор - кредитор бойынша бір заемнан көп ақпарат толтырылса, онда есептің барлық сандық бағандары бойынша “Барлығы” жолын: есепті кезеңнің соңғы күнтізбелік күніндегі бухгалтерлік есеп мақсаттары үшін белгіленген, кейін бағам бойынша АҚШ долларына аударылатын, осы заем үшін таңдалған валютада есептеу және толтыру қажет.

Есепті заемдарға қызмет көрсету жөніндегі ақпаратпен толтыру аяқталғаннан кейін “нысан бойынша БАРЛЫҒЫ ”жолын: АҚШ долларында ұқсас түрде есептейді және толтырады.

3,8,11 және 14-бағандарда көрсетілген сомалар №1 “Алушылар бойынша заемдарды игеруге талдама” және №2 “Негізгі борышты және олардың түрлері (бағыттары) бойынша ілеспе төлемдерді өтеуге талдама” қосымшаларындағы түрлер мен күндер бойынша талданады. Осы бойынша игерудің және төлемдердің барлық түрлерінің және айыппұлдардың сомалары талдамада осы заем бойынша есептің нысанында тиісінше 3-бағанның және 8,11 және 14-бағандардың сомаларына тең болуға тиіс.



Есепке жауапты орындаушы және басшы қол қояды.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет