Қазақстанның шөлейтті аймағындағы жайылымның жер асты су көздері



жүктеу 76.05 Kb.
Дата07.05.2019
өлшемі76.05 Kb.

УДК 628.(07)
Қазақстанның шөлейтті аймағындағы жайылымның жер асты су көздері.
Амангельдиев С.С., Серімбетов А.Е., Тумлерт В.А., Гранкин Ю.Я.

«Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, Тараз қаласы


Республикамыздың оңтүстік өңіріндегі жайылым су көздерінің ең бастысы және бірегейі болып грунттық және артезиан суы болып саналады. Бұл қысымды су көбіне Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және бірең-сараң Жамбыл және Алматы Қызылқұмдарында кездеседі.

Жайылымға пайдаланатын жердің бірталайын қамтитын Қызылқұм шөй даласы гидрогеологиялық және гидрохимиялық белгілері жағынан алшан түрлі жер асты суына бай. Грунттық суы барлық жағдайда қуыс-қуыс саңлауларға жиналған, ең терең орналасуы оңтүстік–шығыс тау бөктерлерінде байқалады (70-80 м). Солтүстік және батысқа қарай, тереңдігі азая бастайды, Сырдарья алқабының көп жағында және оның оң жағалауында 3...10 м құрайды, одан ары батысқа қарай , Арал теңізіне жақындай түсе, оның жағалауында су әдетінше 1...2 м тереңдікте кездеседі.

Грунттық суының тұздылық өзгеру амплитудасы өте жоғары. Оңтүстік шығыста, тау бөктерлерінде су тұщы, гидрокарбонатты-кальций құрамымен, орталық аймақтардағы су әлсіз тұзды, құрамы жағынан аралас, сульфатты-хлорлы, хлорлы, сульфатты, натриилы. Арал маңындағы судың тұздылығы өте жоғары 50...100 г/л дейін және оданда көп,құрамы хлорлы-натриилы.

Құдықтардың шығымы таулы аймақтардан Аралға жақындай түсе кемие бастайды. Тау етегіндегі Қызылқұмда құдықтардың меншікті шығымы 2...5 л/с құрайды, Қызылқұмның орталығында – 0,3...0,8 л/с, ал Арал маңайында бар болғаны 0,1 л/с дейін.

Белсенді су алмасу аймақтарда, жауын-шашыны мол, су өткізгіштігі жоғары Арыс, Келес, Ақсу, Бадам, Сайрам, Бөген, Шаян өзендерінің үсті жағында грунттық суының сіңіру модулі 1 шаршы шақырымға 10-20 л/с дейін жетеді. Кейбір жерлерде жер асты ағыны енінің әрбір 1 метрге шаққандағы шығыны 100 л/с асып түседі. Грунттық суының қозғалу жылдамдығы 100 м/жыл жоғары.Бұл жердің суы тұщы, құрамы бойынша гидрокарбонатты-кальцийдан құралады, жалпы тұздылығы 0,5 г/л дейін.

Сырдария маңайындағы тегістіктегі (теңіз денгейінен 250...120 м) грунттық су өзеннен батыс және солтүстік суалмасуы төмен аймаққа қарай ағады. Жер асты ағынның ағыс енінің 1 ұзындық шақырымға шаққандағы шығыны, оңтүстік және орталық аймақта 10...15 л/с, ал солтүстіктік аймағында 1 л/с дейін. Су шығыны өзен арнасынан алыстаған сайын азая түседі. Өзенге жақын аймақтарда грунттық судың қозғалыс жылдамдығы 20...50 м/жыл, солтүстікке қарай біршама қашақтықта 1...5 м/жылға өзгеріп отырады Судың тұздылығы айтарлықтай жоғары емес, тұщы, аралас құрамда, кейбір жерлерде тұздырақ және тіпте ащы.

Қызылқұм тегістігінің орталық өңірі (Шардара) баяу су алмасу аймаққа жатады. Бұл шөл даланың ең ыстық аймағы. Жер асты суы 30...35 м тереңдіктен шығады, тұздылығы 0,95-тен 27 г/л дейін, химиялық құрамы –аралас, сульфатты, сульфатты-хлорлы, хлорлы және натриилы. Қозғалыс жылдамдығы 10-нан 1 м/жылына дейін және оңтүстіктен солтүстікке оңтүстік-шығыстан солтүстік –батысқа қарай одан да төмен. Су шығымы 0,1...0,5 л/с, аракідік 1,0...1,5 л/с.

Жоғарғы (үстінгі) бор шөгінділеріндегі тегеурінді су Қызылорда (Қызылқұм артезиан бассейні) және Оңтүстік қазақстан (Қызылқұм және Батыс- Мойынқұм артезиан бассейндері) облыставрында кең таралған. Суы бар жыныстар негізінен Қызылорда облысының солтүстігі мен Оңтүстік-Қазақстан облысының солтүстік- шығысында қалыңдығы 60...300 м және осы облыстардың оңтүстігі мен оңтүстік шығысында қалыңдығы 400...1600 м құмнан тұрады. Ең терең жерлері Арыс өзені ауданыннда кездеседі. Су көбінде өзінен -өзі атқылап шығып жатады. Пьезометрлык денгей көбінесе жер бетінен 5...20 м биіктікте, ал Арал теңізіне жақын тіпте 43...44 биіктікте орналасады. Жыныстардың су беру қабілеті жоғары, ұнғымалардың шығымы 2...83 л/с. Үстінгі бор шөгінділеріндегі су негізінен кермек, хлолы-натрий тұздарынан тұрады.

Мойынқұм алқабы Шу-Талас өзендерінің аралығында түгелдей дерлік орналасады, бұл аудан өте мол тұщы грунттық су қорымен (193 км3) ерекшеленеді.

Құмның шығыс оңірі төбе-төбелердің арасында пайда болатын ойпаңдардың (чуроттар) көптігінен, грунттық суға бай, мұнда көктемде су жиналады. Жауын-шашыны мол жылдары мұнда Тоғыз-құдық, Шошқакөл, Майқұдық, Астаукөл, Шарбақты, Аякөл және Лақсалы сияқты кішігірім көлдер пайда болады.Грунттық судың ең жоғарғы денгейі (1...3 м) ойпаң жерлерде (чуроттарда), ал ең тереңі (5...20 м) төбе, белестерде кездеседі. Суы тұщы, құрғақ қалдығы 0,4...0,8 г/л арасында. Жалпы кермектілігі 14...25 градус аралығында. Судың көбісі негізінен гидрокарбонатт, сутегі иондарының үлесі 7,4...7,6. Қолданыстағы жіктелуге байланысты осы сулар тұщы және тұз мөлшері аз, ауыз су мен техникалық қолданысқа, сонымен қатар мал суару мен ауылшаруашылық дақылдарын да суаруға жарайды.

Мойынқұмның Орталық оңірінде дамыған ойпанды жерлері шамамен 50 мың га қамтиды. Көп жерлерде грунттық судың тереңдігі 3-тен 30 м-ге дейін ауытқиды, барлығына дерлік тұщы, гидрокарбонатты-натриилы. Ең қажетті аймақтың химиялық құрамы 1 кестеде келтірілген.

Шегенді құдықтардың шығымы 0,1...0,5 л/с аспайды, ал ұнғымалардың шығымы су денгейінің 10...20 м төмендеуінде 2...5 л/с. Батыс Мойынқұмда тұздылау және ащы сулар кездеседі. Грунттық суының көп мөлшері Мойынқұмда Жамбыл облысының солтүстігінде шоғырланған.

Құмды сілемнің грунттық суы өзен суының сіңірілуы (0,78 млрд. м3/жыл), жер асты суының ағыны (0,15 млрд. м3/жыл) арқылы жиналады. Жер асты су ағынының модулә әр шақырымға сілемнің оңтүстік-шығыс өңірінде 1-ден 2,8 л/с ауытқып тұрады. Грунттық су негізінен жер беті еңістігіне байланысты ағады.

Жер асты ағының гидравликалық еңістігі 0,02...0,04 аралығында. Жоғары еңістіктер мен су жинайтын жыныстардың сүзілу қасиеттері (80-нен 150 м/тәул. дейін) судың тез алмасуына жағдай жасайды, сондықтан Мойынқұмның көп жерлерінде тұщы және тұзы аз грунттық суы мол кездеседі.


Кесте1.


Қызылқұм артезиан бассейнінің жер асты суының химиялық құрамы

Жер орны

Құрғақ

Қалдық, г/л



Иондар құрамы, мг-экв/л

%


HCO3-

SO42-

Cl-

Ca2-

Mg2+

Na++K+

Оңтүстік-

шығыс


0.50

330

72.0


80.0

22.6


10.0

5.40


80.0

52.6


20.0

23.4


40.0

24.0


Орталық өңірі

0.85

440

61.3


180

30.4


30.0

8.2


70.0

30.4


60.0

40.4


70.0

29.2


Солтүстік-батыс

1.55

410

30.4


520

48.2


170

21.4


200

44.4


500

18.4


180

37.2


Солтүстік өңірі

2.40

680

29.8


850

47.2


300

23.0


280

37.4


120

26.4


300

36.2

Құмның солтүстік және солтүстік-батыс оңіріндегі грунттық сулар ойпаң жерлерде 3...5 м , ал қалған жерлерінде 15...25 м тереңдікте орналасқан. Грунттық су өнімділігі төмен, ұнғымалардың шығыны 0,1...0,5-1...3 л/с Жер асты ағынның модулі1 шаршы шақырымға 0,1...0,3 л/с аралығында. Грунттық суының тұздылығы, химиялық құрамы гидрокарбонатты кальциялы және натриилы болған жағдайда 0,5...1 г/л, ал сульфатты-натриилы 3,1 г/л дейін өзгереді.

Грунттық судың астында тұщы және тұзы аз артезиан суы кең тараған. Неоген шөгінділеріндегі тегеурінді су Шығыс-Мойынқұм артезиандық бассейнінде кездеседі, олар 25-тен 500 м тереңдіктен тегеурінді линза түрінде шығады.Олар арынды, кей жерлерде өз бетінше сыртқа ағып жатады. Пьезометриялық денгейі жер бетінен 0,5...50 м төмен немесе 0,5...12 м биік. Тау бөктеріндегі ұнғымаларының шығымы 3-тен 7,5 л/с дейін, ал тау аралық ойпандарда 0,1...0,5 л/с. Бұл жердегі судың химиялық құрамы тау бөктерлерінде тұщы гидрокарбонатты натриилыдан одан алыстай бере сульфатты және хлорлы-натрийлыға дейін өзгеріп отырады.

Сары-Есік-Атырау [1] шөл даласы созылып жатқан Балхаш-Алакөлойпатының жері кең, байтақ адырлы тегістік, апаттың солтүстік жағы Балхаш көлімен Ертіс пен Нұра өзендеріне су болудың оңтүстік баурайы болып саналады.Ойпаттың беткі қабаты пролювалды, ежелгі аллювиалды және көлдік төртінші (четвертичный) дәірдегі шөгінділерінен құралған. Төмен қарай олар үшінші, кей жерлері мезозойлық және палеозойлық жыныстар мен ауысады. Соңғысы ойпаттың солтүстік баурайын түгелімен ұүрайды.

Тау аймағынан Балхаш көліне қарай орналасқан толық ағын төрттік борпылдақ шөгінділер құрамында. Суының тұздығы аздап гидрокарбонатты және гидрокарбонатты-сульфатты. Солтүстік Балхаш маңайында жарықшақ, сызаттан шыққан, әр-түрлі құрамдағы ащы, тұздалған су кең тараған.

Көректену мен су алынатын облысының абсолюттік белгілерінің алшақтығынан грунттық ағында судың қарқынды қозғалуы, әсіресе тау маңайына тән.

Аллювиалды және эолды қалдықтардан пайда болған аймақта жер асты ағынның модул мөлшері 1 шаршы шақырымдағы орта өлшем күйі 0,34 л/с болған жағдайда, 0,5-тен 1 л/с дейін өзгереді. Жер асты су ағыны солтүстікке және солтүстік-батысқа бағытталған, оның еңістігі аз ғана (0,0001...0,0006), ал қозғалу жылдамдығы 0,5...1-ден 5...10 м/жыл аралығында өзгереді. Сапасы бойынша грунттық су тұщы (1 г/л дейін), көбінде гидрокарбонатты-натриилы және гидрокарбонатты-сульфатты-натриилы.

Ұнғыма шығымы оншалықты жоғары емес, су денгейін 5...10 м төмендеткенде 1...5 л/с су алынады. Оңтүстік Балхаш маңайына жақындаған сайын гидрохимиялық көрсеткіштері өзгере бастайды. Тау жиегіндегі тұщы су (0,5...1 г/л) Балхаш өзенінің оңтүстік жағалауындағы ащы сумен (3...10 г/л) ауысады. Одан ары қарай жер асты суын көп пайдаланатын аймақта одан ащы суға (10...50 г/л) ауысып отырады. Ал құрамы бойынша тұздылау су сульфатты-натрийлы және хлоридті-натриилы, тұздықтар негізінен сульфаты көбірек хлоридті-натриилы болып келеді.

Сонымен Қазақстанның жартылай шөлді далаларында ауыл шаруашылығын сумен жабдықтау жүйесін кең дамытуға қолайлы. Жер асты және грунттық суы әр-түрлі тереңдікте кездеседі. Ал жалпы тұздылығы (1...3 г/л) су жер суландыруға жарайтын, олар пайдалану қорының 35% астам құрайды. Сол себептен, механикалық құрамы жағынан жеңіл (құмдар, құмайттар) топырақты жерлерде жайылымды суландыру және жайылым шаруашылықтарында көптеген көгалдандырып суару учаскелерін ұцымдастыруға мүмкіндік жасайды. Шығу конусының солтүстік тұсында пайда болған пролювиалды шөгінді жыныстардағы су қоры, шығымы 0,5...1 м3/с құрайтын топтық су алу құрылымдарын салуға мүмкіндік береді. Осындай құрылымдар жүйесі 400-ден 1000 гектарға дейін және артық суармалы жем-шөп әзірлеу учаскелерін ұйымдастыруға жеткілікті [2].


Әдебиет


  1. У.М.Ахметсафин Подземные моря Казахстана. –Алма-Ата:Казгосиздат, 1964

  2. Разработать систему оазисного орошения для развития животноводства в фермерских хозяйствах / заключительный отчет о НИР КазНИИВХ. № ГР0106РКО1320- Инв. № 0208РКО1630.-Тараз, 2008.-113 с.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет