ҚазақТҰтынуодағЫ


Ресейдегі марксизмнің эконоимикалық идеяларының дамуы



жүктеу 2.44 Mb.
бет20/31
Дата12.09.2017
өлшемі2.44 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31

6.2 Ресейдегі марксизмнің эконоимикалық идеяларының дамуы.


Марксизмнің негізін қалаушылардың экономикалық шығармалары Ресейде ХІХ ғасырдың 40-жылдарында белгілі бола бастады. Ресейдің азаттық қозғалысына қатысушы алдыңғы шептегі азаматтары қоғамдық дамудың, әлеуметтік проблемаларың шешу жолдарын нұсқайтын теориялар мен идеяларды революциялық табандылықпен талмай іздестірді. Ф. Энгельстің ертедегі еңбектері А. Герценнің үйірмесіне осы кезде белгілі болды. В. Белинскийдің өзінің жеке кітапханасында 1844 жылы Германияда жарық көрген «Неміс-француз жылнамасы» болды. Оған әсіресе, К. Маркстің «Гегельдік философия құқықтығына сын» және Ф. Энгельстің «Саяси экономия сынының очерктері деген» мақалалары қатты әсер қалдырғандығы жөнінде 1845 жылы А. Герценге хат жазған болатын. Ф. Энгельстің «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» және К. Маркстің «Философия қайыршылығы» атты еңбектерімен М. Петрашевский үйірмесінің мүшелері таныс болды. П. Анненков К. Маркспен хат алмасуы арқасында тарихты материалистік тұрғыдан танудың мазмұнын, марксистік сын арқасында Пурдонның көзқарасын терең түсіне білді. 1846 жылдың 28-желтоқсанында К. Маркстің Анненковқа жазған белгілі хаты шын мәнінде «Философия қайыршылығын» жазғаннан кейін туындады. Бұл кітаптың Ресейдің алдыңғы қатардағы жұртшылығына кеңінен белгілі болғаны жөнінде К. Маркстің өзі 1868 жылғы 12-қазандағы К. Кугельманға жазған хатында атап өткен болатын.

Ф. Энгельстің еңбектерінің әсерімен Н. Флеровский (В. В. Берви) өзінің «Ресейдегі жұмысшы табының жағдайы» деген зерттеуін жарыққа шығарды. Онда алғашқы рет крепостнойлық құқық жойылғаннан кейінгі елдің экономикалық жағдайына талдау жасалған. К. Маркс Н. Флерковскийдің кітабы Ресейдің еңбекші бұқараның экономикалық және әлеуметтік жағдайына шындықпен сипаттама бергенін, Ф. Энгельстің кітабынан кейін дүниеге келген кітаптардың ең таңдаулысы деп бағалаған.

Елдегі таптық күрестің шиеленісе түсуіне, 1859-1861 жылдар аралығындағы революциялық жағдайларға байланысты К. Маркс пен Ф. Энгельстің шығармаларына деген сұраныс пен қызғушылық, әсіресе революциялық-демократиялық қозғалысқа қатысушылар арасында жалғаса түсті. Бұған Ресейде «Коммунистік партия манифесінің» және марксизм негізін қалаушылардың жасаған басқа да жұмыстары кепіл бола алды. «Коммунистік партия манифесі» М. Бакуниннің орыс тіліне аударуымен алғаш рет 1869 жылы жарық көрді. Алайда, аударма сапасы онша қанағаттанарлықтай болмады, сондықтан болар оның бірініші басылымы Ресейде көп сұранысқа ие бола алмады. 1882 жылы «Манифест» Г. В. Плехановтың аударуымен жаңадан жарық көрді.

К. Маркстің ең басты еңбегінің дүниеге келуін Ресейдің алдыңғы қатарлы адамдары ыстық ықыласпен қабыл алды. Патшалық цензураның «Капиталдың» жаппай оқырмандардың қолына тиюі күрделі, ірі қиындықтар тұғызады деген болжамы қате болып шықты. «Капиталдың» І-томының жарыққа шығуы Германиядағы буржуазиялық баспасөздерінің үнсіздігімен қабылданса, Ресейде ол әсерлі жаңғырық туғызды. К. Маркс өзінің кітабына дұрыс баға бергендігі және оның әдістерің мазмұны жақсы баяндалғандығы жөнінде «Еуропа хабаршысы» атты журналындағы (1872, №5) И. Кауфманның пікірін ерекше атап өтті.

Ресейде «Капитал» төңірегінде өткір де татымды да пікірталастар туындады. Прогрессивті экономистер «Капиталды» жоққа шығаруға және К. Маркстың беделін түсіруге ұмтылған ресми ғылым өкілдеріне шешімді тойтарыс бере білді. Негіздеп айтқанда «Капитал» идеясы кең құлаш жая түсті, университет курстарына енгізілді, оны жоғары қостаушылар саны молая түсті. Бұл орайда прогессивті оқымыстылар – Н. Зибер, А. Чупров, И. Иванюков және басқалар айталықтай рөл атқарды.

К. Маркстың «Капиталын» алғашқы шолушылар мен насихаттаушылардың бірі болған Н. Зибер – ХІХ ғасырдың 70-80-жылдары талантты да дарынды орыс экономисі еді. Оның есімі 1871 жылы Киев университетінде қорғаған «Д. Рикардаоның кешіктірілген толықтырулары мен түсіндірмелеріне байланысты баға мен капитал теориясы» деген тақырыптағы магистрлік диссертация басылып шыққаннан кейін замандастары арасында белгілі болды: 1875 жылдан бастап он жылдай Н. Зибер Ресейден тысқары Швейцарияда тұрып, өзінің шығармаларының көбісін сонда жазды. Сол жерден ауыр науқасқа ұшырап, 1884 жылы еліне оралды.

Өзінің қысқа өміріне қарамастан Н. Зибер артына мол әдеби мұра қалдырды. Оның ғылыми танымы мейлінше кең болды. Солардың басты бөлігі саяси экономияға арналған. Сонымен бірге Зибер өзінің еңбектерін реформалық Ресейдің экономикалық жағдайының мәліметтері мен талдауларына арнады.

Н. Зибер К. Маркстың экономикалық теориясын қолдап және насихаттап қана қойған жоқ, ол тұрпайы экономистердің орынсыз мін тағуына бел шешіне қорғай білді. 70-жылдардың орта шенінде Ресейде «Капиталдың» І-томына байланысты пікірталастар өрби түсті, Зибер «Отечественные записки» және «Слово» журналдарының беттерінде Ю. Жуковский мен Б. Чичериннің бірігіп Маркске қарсы шыққанда ол оның қосымша құн туралы теориясын қорғауға белсене араласты.

Н. Зибер Ресейдегі реформаға байланысты ақиқатқа сыни көзқараспен қарады, патшалық үкіметтің реакциялық саясатын айыптады, оның күні ертең сөзсіз күйрейтінін айта білді. Ол халықшылдардың елді шаруа қауымдастығы негізінде капиталистік емес жолмен даму жөніндегі ой-қиялдарына қосылмады. Капитализм Ресейде де өтетін қоғамдық дамудың заңды кезеңі деп есептеді. Сонымен бірге ол капитализмді қанаушы құрылыс деп санап, оның халыққа зардап әкелетін әректтеріне қарсы тұруға шақырды. Капиталдың орнын жаңа бір мейілінше прогрессивті қоғамдық құрылыс басатынына сенімді болды, бірақ оның қандай жолмен келетіндігі жөніндегі ойы бұлыңғырлау, әрі белгісіз болды. Зибер революционер болған жоқ.

Н. Зибер ХІХ ғасырдың 70-80-жылдарында Ресейде марксизмнің кең қанат жаюы ісінде ерекше рөл атқарумен көзге түсе білді. Ұзақ уақыт бойы, цензураның өте қатаң жағдайында оның еңбектері револцияшыл жастардың К. Маркс пен Ф. Энгельстің экономикалық ілім жөніндегі мағлұматтарды сарқып алатын бірден-бір қайнар-көз болды. Н. Зибер шығармаларының орасан зор әсері туралы Д. Благоев және тұңғыш орыс марксистері (Н. Федосеев, А. Гурвич, П. Аксельрод және басқалар) жазған болатын. Н. Зибердің қызметі Ресей елінде Г. В. Плехановтың бастауымен құралған «Еңбекті азат ету» атты маркстік ұйымның өмірге келіп, марксизмнің кең таралуына, жаңа кезең туғызуға объективті түрде себеп болды.



Г. Плеханов (1856-1918 жж) энциклопедиялық білімді ғалым, революциялық қозғалыстың белсенді мүшесі. Оған ғылымға деген жан-жақты, әрі сан-қырлы ғажайып қызығушылық, революциялық іс-тәжірибелерді пайдалану нәтижесіндегі әлеуметтік-экономикалық даму үрдістеріне деген терең көзқарастар тән болды.

Оның экономикалық ой-пікірлерін сипаттай отырып, ол туралы мыналарды атап өтуге болады.

Плеханов экономикалық ғылым саласында тек қана «таза» теоретик қана болып қойған жоқ, Ресейде өтіп жатқан әлеуметтік және экономикалық үрдістердің ірі әрі беделді талдаушысы бола білді. Оны Ресейдегі, әсіресе реформа кезеңіндегі шаруа қауымдастығының эволюциясы қызықтырды. Плехановтың еңбектері қоғамдық ой-пікірлердің қалыптасуына елеулі әсер етті.

Плехановтың эволюциялық көзқарасына тән ерекшелік – елдің экономикалық даму барысына, әлеуметтік қайта құру келешегіне тиісті дәрежелелерде оң әсер етті. Бастапқыда (ХІХ ғасырдың 80-жылдарының басында) ол халықшылдық көзқараста болып, халықшылдар қозғалысына белсене қатысты. Ресей экономикалық дамудың капиталистік кезеңін айналып өте алады, онда өндіріліген тауарлық өнімдерді өткізуге арналған ішкі рыногы мейілінше тар деп санады.

ХІХ - ғасырдың 80-90-жылдарында Плеханов халықшылдардан қол үзіп, марксизм көзқарасына көшеді. Оның Ресейдегі капитализмнің «кездейсоқ құбылыс» емес екендігіне көзі жетеді. Ресейлік экономиканың ерекшелігіне тым табан тірей беруге болмайды, өйткені ол жалпы заңдылықты танып-білуге кедергісін тигізеді. Деревняларда жіктелу пайда болды. Қоғамдық дамуда ресей пролетариаты маңызды орын ала бастады.

Кейіннен (90-жылдардың басында) Плеханов солқылдақ, белгілі бір дәрежеде ымырашылдық көзқарасқа мойын бұрды. Пролетариаттың аздығынан, сенімді одақтастардың жоқтығына байланысты үкіметті ұстап тұру мүмкін емес деген қорытындыға келеді. Елдің экономикалық мешеулігіне орай әлеуметтік революция жеңіліске бейім деп санады.

Плехановтың экономикалық көзқарастары пікірталастыру арқылы, оппоненттермен сөз қағыстыру барысында қалыптасты. Ол халықшылдарды, тарихи мектептің экономистерін, Бернштейннің ревизионистік көзқарастарын сынайтын басты сыншылардың бірі ретінде белгілі болды. Лениннің «Апрель тезистері» деген бағдарламалық құжатын Плеханов анархистік көзқарас деп сипаттады, оның түсінігі бойынша лениннің социалистік революцияға шақыру белгілі бір елдің экономикалық даму деңгейін ескермей, марксизммен ажырасып, анархизм позициясына көшу деп тапты. Тауарлы шаруашылық жағдайдында қоғамдық еңбек бөлісі, тауар өндірушілердің бір-бірінен тәуелділігінің және олардың өзара байланыс жасаудың бір ғана жолы рынокты делдал етудің мәні мен ерекшеліктерін аша отырып, Плеханов құн тауар өндірісіңің қоғамдық қатынастарын іске асырушысы деп көрсетті. Плеханов К. Маркстың құн еңбек теориясын жалған дегендерді әшкерелеп, құн көздерін тауардың заттық қасиетімен, сұраныс пен ұсыныстың немесе өндіріс шығындарымен байланыстыруға тырысқан буржуазиялық тұрпайы экономистерді сынға алды.

Сонымен бірге, Плехановтың құн теориясын түсіндіруде дұрыс емес жерлері де кездеседі. Мәселен, ол құнды алғашқы қауымдық адамдардың шақты шаруашылық ісіндегі анайы құралы деген тарихи қағиданы кейде қолдай бермеді. Көбінесе кұн заңының әрекеті қарапайым товарлы өндірісті ыдыратын және оны капиталистікке айналдыратын процесіндегі ролін көлеңкеде қалдырып келді.

Жалпы алғанда, Г. Плеханов өзінің еңбегінің марксистік кезеңінде (1883-1903) Ресейде К. Маркс пен Ф. Энгельстің революциялық теорияларын тарату мен оны халықшылдардың, тұрпайы экономистердің, ревизионистердің талқысынан қорғауда айтарлықтай еңбек сіңірді. В. Ленин, Г. Плехановтың теориялық жұмыстарының, «ең бастысы халықшылдар мен оппортунистерді сынауы – бүкіл Ресей бойынша осы күнге дейін нықты қол жеткен табыс болып қала береді, және «нақты ақыл-ойы бар» адам ешқанда да, оның қай бір «фракциялығына» қарамастан өз көзін жұмғанша оның табыстарын ұмытып жоққа шығара алмайды» деп жазған болатын.



Каталог: attachments -> article
article -> Элективті пәндер каталогы мамандық 5В070400 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру»
article -> Аудит пәнінен курстық ЖҰмыс жазу жөнінде әдістемелік нұСҚаулар, тақырыптар
article -> Капиталдыњ ауыспалы айналымы мен айналысы
article -> Кафедра Правового регулирования экономических отношений
article -> Қазтұтынуодағы
article -> Конспект урока биологии по теме: «Биотические связи в сообществе»
article -> ҚазтұтынуодағЫ
article -> Ќазтўтынуодаєы
article -> 1. Оқу-танысу практикасының мақсаты мен міндеттері
article -> Элективті пәндер каталогы 5B072700 «азық-ТҮлік өнімдерінің технологиясы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет