«Азық-түлік тауарлар технологиясы» мамандығы



жүктеу 70.21 Kb.
Дата13.05.2019
өлшемі70.21 Kb.

«Азық-түлік тауарлар технологиясы» мамандығы

Тауартану және сертификаттау кафедрасының пәндері





Курс атауы

Курс мазмұны

Пререк

визиттері

Оқыту тілі

Аты –жөні ғылыми дәрежесі

Кредиттер саны



Азық-түлік өнімдерінің жылуфизикалық сипаттамасы

Тәжірибеде ғылым жетістіктерін ұтымды пайдалану, сақтауға, технологиялық өңдеуге және пайдалануға тартылатын әртүрлі материалдардың қасиеттерін білуді талап етеді. Тамақ өнімдерінің жылуфизикалық қасиетті және оларды анықтау әдістері. Өнімдердің температураларын, ылғалдылығын және химиялық құрамын анықтау. Жылуфизикалық қасиеттерімен оларға анализ жасаудың маңызы.


Органикалық химия, физика

каз

х.ғ.к., аға оқытушы

Агедилова М.Т.,


х.ғ.к., аға оқытушы

Каримова Б.Н.



2



Материалтану

Материалтанудың мәні мен міндеттері. Материалдардың атомды-кристаллдық құрылысы. Металдардың физикалық табиғаты. Кристалдық торлар дефектісі. Металдарды зерттеулердің негізгі әдістері. Материалтану ғылым ретінде. Зат және материалдар. Материалдар құрылымдарын қалыптастырудың заңдылықтары. Материалдар құрылысы. Материалдар қасиеттері. Пластикалық деформация. Балқымалардың физикалық табиғаты. Қос балқыма. Материалдағы диффузия

физика, анорганикалық химия

каз

ф-м.ғ.к., доцент Карагаева М.Б.
х.ғ.к., доцент

Закарин С.З.



3



Метрология, стандарттау және сертификаттау

Метрология негіздері. Өлшеуді қамтамасыз ететін Мемлекеттік жүйе. Өлшеу және бақылау құралдары. ҚР мемлекеттік метрологиялық қызметі. ҚР метрология аясындағы халықаралық қарымқатынас. Стандарттау негізі. Стандарттаудың ғылыми әдістемелік негізі. Техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі. ҚР стандарттау аясындағы халықаралық қарымқатынас. Сертификаттау негізі. Өнім және процестердің сәйкестігін растау. Өнімнің сертификаттауының жүргізу тәртібі.

физика, аналитикалық химия

каз

Магистр.,

аға оқытушы

Джазыкбаева Б.К.



3



Тауар және қызмет көрсетудің сапасын сараптауы

Сараптаманың теориялық негіздері. Азық-түлік тауарларының сараптамасы. Азық-түлік емес тауарлардың сараптамасы. Тауарларды идентификациялау және фальсификациялау. Сыртқы экономикалық іс-әрекет тауарларын сараптау.

аналитикалық химия, биохимия, микробиология

каз

Магистр., аға оқытушы

Джазыкбаева Б.К.


х.ғ.к., доцент

Закарин С.З.



3



Патенттану

ҚР патенттік жүйесі. Патенттану – өнер табу, пайдалы моделдер, өнеркәсіп үлгілері және тауар белгілері және адам қызметінің әртүрлі салаларында оларды пайдалану кіретін өнеркәсіп объектілерін құру мен қорғау туралы ғылым, патент – өнеркәсіп меншік объектілерін қорғау формасы ретінде, патенттік құжаттама, патенттік зерттеу, құрылатын объектілердің патенттік таза болуы, өнеркәсіп меншік объектілерін пайдалануға лицензияларды сату, авторлар мен патентиелерінің құқықтарын қорғау. Халықаралық патенттік жіктелу.


әлеументану, саясаттану, құқық негізі.


каз

К.ф-м.н., доцент

Карагаева м.Б.



3



Тоңазытқыш техникасы

Машиналық тоңазытқыштың теориялық негіздері. Тоңазыту агенттері. Тоңазыту машиналарының компрессорлары. Тоңазыту машиналарын аппараттарының жылуалмасуы. Көмекші аппараттар, арматура, труба құбырлары. Тоңазытқыш машиналарды автоматтандыру. Тоңазытқыштарды жобалау негіздері. Тамақ өнімдерін сақтау.

физикалық және коллоидты химия, жылутехника, процестер мен аппараттар.

каз

х.ғ.к., аға оқытушы

Агедилова М.Т.

Магистр

Муканова К.А.



3



Өнеркәсіп құрылысының негізі

Құрылыс материалдары туралы жалпы мағлұмат. Құрылыс материалдарының жіктеуі. Өнеркәсіп ғимараттары туралы жалпы мағлұмат. Бірқабатты өнеркәсіп ғимараты. Көпқабатты өнеркәсіп ғимараты. Негізі мен іргетасы. Өнеркәсіп ғимараттарының элементтері. Деформацияланған жақтаулары (жіктері). Өнеркәсіп кәсіпорындарын орналастыруға қойылатын негізгі талаптар. Өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспары. Өндірістің технологиялық ерекшеліктері. Ғимараттардың көлемдік – жоспарлау және конструктивтік шешімі. Қосалқы ғимараттың көлемдік – жоспарлау шешімі.


теориялық және қолданбалы механика, инженерлік графика


каз

т.ғ.к., доцент

Медеубаев



1



Санитария және гигиена

Санитарлық-тамақ микробиологиясының міндеттері мен әдістері. Санитарлық микробиологияны зерттеу. Өнімдердің микробиалдық көбеюшілігі дәрежесіне өндіріс технологиялары мен консервілеу тәсілдерінің тигізетін әсері.

Патогенді микроорганизмдер. Инфекция және иммунитет. Патогендік микроорганизмдердің көздері. Сыртқа ортада патогенді микрорганизмдердің өмірсүргіштігі. Тамақ өнімдерінің санитарлық бактеорологиясы. Тамақ өнімдерінің санитарлық вирусологиясы. Тамақтан улану. Тамақтан уланудың алдын-алу. Гельминтозды аурулар. Дезинфекция. Дезинсекция. Дератизация. Тамақ өнеркәсібінің құрылғысы мен мазмұнына және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын санитарлық талаптар.







каз

х.ғ.к., аға оқытушы

Жумакаева Б.Д.

х.ғ.к., аға оқытушы

Агедилова М.Т

х.ғ.к., аға оқытушы

Исабаева Г.М.



2



Қоғамдық тамақтану кәсіпорындағы сервис

Қызмет көрсету түрлері мен әдістері. Асхана ыдыстары, аспаптарының түрлері мен сипаттамасы. Әртүрлі тағамдарды беру ережесі. Үстөл үстін әрлендіру түрлері. Келушілерге қызмет көрсету кезеңдері. Банкеттерге қызмет көрсету. Әр түрлі маманданған және әр түрлі категориялардағы қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру.


азық-түлік өнімдерінің тауартануы

каз

х.ғ.к., аға оқытушы

Агедилова М.Т.

х.ғ.к., аға оқытушы

Жумакаева Б.Д



2



Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы өндірісті ұйымдастыру»


Қоғамдық тамақтану қазіргі таңдағы жағдайда. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жіктелуі. Өндірісті жоспарлау және технологиялық құжат. Ыдыстардың ассортименттері, түрлері мен арналуы; банкеттер ұйымдастыру; кәсіпорындарда қызмет көрсетуді ұйымдастыру; банкетке өтінім беруді ұйымдастыру; тағам дайындау технологиясын ұйымдастыру; тағамдарды беру (ұсыну) ережесі; келушілермен есеп айырысу. Өндірісті ұйымдастыру. Еңбекті ұйымдастыру негізі.


азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы, азық-түлік өнімдер өндірісінің жабдықтары, процестер мен аппараттар

каз

х.ғ.к., аға оқытушы

Агедилова М.Т.

х.ғ.к., аға оқытушы

Жумакаева Б.Д

х.ғ.к., аға оқытушы

Исабаева Г.М.



2



Салалар кәсіпорындарын жобалау

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын жобалаудың жалпы ережесі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарын орналастырудың принциптері. Технологиялық есептері. Тағам кәсіпорындарын жобалауды ұйымдастыру, жобалардың түрлері, мазмұны, құрамы. Жобалау кезеңдері. Жобалау ережелері мен құрылыс нормалары. Жобалауды автоматтандыру жүйесі. Жобалау талаптарын ескере отырып, қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жіктелуі. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының бөлмелерінің құрамы. Қоғамдық тамақтану кәсіпорындары желісінің орналасуының және дамуының перспективті жоспарлары.

азық-түлік өнімдерінің жалпы технологиясы, азық-түлік өнімдер өндірісінің жабдықтары

каз

х.ғ.к., аға оқытушы

Жумакаева Б.Д.



3

Тауартану және сертификаттау



кафедрасының меңгерушісі

т.ғ.к., профессор Есенбаева Г.А.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет