Қазыналы қарашаңырақ



Дата14.04.2019
өлшемі36 Kb.

Үшінші көмір ошағы

Қазыналы қарашаңырақ

Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарындағы мол қазына байлықтары билеуші Коммунистік партия мен Совет өкіметінің назарын осы өңірді игіеруге аудартты. Соған байланысты 1931 жылдың шілдесінде Алматы қаласында Солтүстік-Шығыс Қазақстанның өндірістік күштерін дамыту жөнінде бірінші конференцияөтеді. Онда Қарағанды өңірін зерттеген инженер-геолог Дмитрий Бурцев белгілі ғалымдардың алдында осы өңірдің жерасты қазба байлықтары туралы баяндама жасаған. Кеніштің алдағы тағдыры осы конференцияның шешімімен байланысты еді. Шынында да Алматы конференциясы Қарағанды кенішінің өңірінде тарихи роль атқарды.

1930 жылдың мамырында келіп, Үлкен Михайловкадағы Жоғарғы көшеден үй жалдап тұрған Д.Бурцевтің тобы Гапеевтің зерттеулерін басшылыққа ала отырып, кеніштің жерасты байлығының жүйелерін анықтады. Олар Қарағанды көмірі үш бағытқа жүйеленді дегенге тоқталады. Алғашқысы Ескі Тихоновкадан болашақ №3 шахтаға дейінгі, екіншісі Майқұдық аумағын, үшіншісі Жаңа Өзен мен Үлкен Михайловканы сабақтастырған. Бурцевтің тапсырмасы бойынша барлау партиясының топографы аумақтың топографиялық суретін дайындады.

Міне, Алматы конференциясында осы және басқа да атқарылған істер ортаға салынды. Соның қорытындысында оң шешім қабылданып.ол жоғарыға жөнелтілген.

Осыдан сәл бұрын Орталық Қазақстанның индустриялық даму қарқынын жеделдетуге баса көңіл бөлініп, В.Куйбышевтің төрағалық етуімен КСРО Халық шаруашылығы Жоғарғы кеңесінің президиумы «Республиканың «Қазақ көмір құрылысы» тресіне қарасты көмір кәсіпорындарын салу ісін мемлекеттік басқару тұрады» ережені бекіткен болатын. Трест басқарушысы болып көмір өнеркәсібінің білікті ұйымдастырушысы Корней Осипович Горбачев тағайындалады. Міне, Алматы конференциясы жаңадан басталған осы істі одан әрі ширату мақсатында ұйымдастырылған болатын. 1931 жылдың қаңтарында дербес «Қарағанды көмір» пайдалану тресі құрылады. Оған шахталар салу және іске қосу жұмысы тапсырылды.

1931 жылғы 21 қаңтарда Халық Комиссарлары Кеңесі жанындағы Еңбек және қорғаныс кеңесі «Қарағанды кенішін дамыту жоспары туралы» арнайы қаулы қабылдады, онда КСРО Жоғарғы Халық шаруашылығы кеңесінің 1931 жылы Қарағанды ауданында 16 шахта салу жөніндегі шешіміне келісім беріледі.

Кеніштің шапшаң дамуына оның орталықтан, сыртқа шығатын жолдардан қашықтығы үлкен кедергі болады. Үлкен міндеттерді шешу үшін алдымен жол байланысы мәселесін айқындап, шешіп алу қажет еді. Көп күш-қайрат жұмсап, істі ұтымды ұйымдастыру нәтижесінде Петропавл-Ақмола темір жолы Қарағандыға дейін тартылып, Қарағандыға тұңғыш поезд 1931 жылдың 1 ақпанында келді. Осыдан соң-ақ жаңа өндіріс орнына ағылып шахта жабдықтары, құрылыс материалдары, азық-түлік тиелген вагондар келе бастады.

Осы 1931 жылдың 20 наурызында бассейн құрылысы аумағында пайда болған елді мекеннің маңызын ескеріп.оның болашағын болжай келе, сонымен қоса Қарағанды аумағына бірегей шаруашылық бағытын беру мақсатында Қазақ Орталық атқару комитетінің секретариаты Қарағандыны аудан құрамынан бөліп, жеке бюджеті бар, әрі Орталық атқару комитетіне тікелей бағынатын Қарағанды поселкелік кеңесін құру туралы мәселені қарайды. Жаңадан құрылған поселкелік кеңестің орталығы Үлкен Михайловка селосы болып белгіленді.

Қарағандыөңірінің дамуымен оның болашағы үшін БК /б/П Орталық комитетінің 1931 жылғы 15 тамыздағы қабылдаған «Көмір және кокс ресурстарын молайту туралы» Қаулысының маңызы үлкен болды. Сол қаулыда «Қарағанды бассейнінің географиялық жағдайы, көмірдің орасан мол қорының болуы, оның кокстелетіндігі, көмір қабаттарының қолайлы орналасуы Қарағанды көмір кеніші негізінде КСРО-ның қуатты үшінші көмір базасын жасауды талап етеді» деп атап өтілген. Осы тарихи шешім Қарағанды бассейнінің елдің отын базасын дамытудағы халық шаруашылығы маңызын белгіледі, әрі Бүкілодақтық үшінші көмір ошағының қауырт өркендеуінің бастауы болды.

Иә, сол отызыншы жылдардың басында Арқа төсіндегі жаңа шаһардың іргетасы қалана бастады. Атап өту керек, қала құрылысы мен шахталарды іске қосу зор қиыншылықтармен жүргізілді, техника мен жабдықтар кешеуілдеп жетті. Материалдық жабдықтау нашар болды. Қала салушылардың тұрғын мекен жайлары да сын көтермеді. Өндіріс орындарының, шахталардың құрылысы бірінші кезекке шығып, тұрғын үй сапу мәселесі ысырылып қала берді. Жұмысты екі бағытта жүргізуге күш-қуат жетпеді.



Қала құрылысы мен шахта салу ісі өндіріс ошақтарын ашу өңірді геологиялық барлау ісімен сабақтастырыла жүріп жатты. Көмірдің мол қоры шоғырланған аймақ екендігі дәлелденгенімен, оның нақты мөлшері қанша деген сауалға жауап әлі берілмеген. 1933 жылы Д.Бурцев бірқатар маңызды геологиялық зерттеу жұмыстарын жүзеге асырды. Ол Г.Кассин және Г.Медоевпен бірлесе отырып бассейннің геологиялық картасын жасау жұмысын аяқтайды. Тұңғыш рет Қарағанды кенішіндегі көмір қорының мөлшері қанша деген сауалға жауап берілді. Бурцевтің тобы дайындаған есепте ол 50 миллиард тонна деп белгіленеді. Ал Орталық комитет бірқатар тұзетулерді, ескертпелер мен түжырымдамаларды басшылыққа ала отырып, Қарағанды аймағының тас көмір байлығы 32 миллиард тонна деген шешім шығарады. Бұл сан ұрпаққа жетер ұланғайыр байлық еді. Ендігі жерде осы өңірді игеріп, жер астының мол байлығын жүйелеп алып, игілікке жарату міндеті тұрды. Қарағанды поселкесі жыл емес, ай сайын өсті. Одақтағы үшінші көмір ошағының іргетасы қалана бастады.
Аман Жанғожин,

Ермағамбет Лұқпан.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет