Бокстан 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары олимпиада жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Олимпиада комитеті

Италияның Бусто-арсицио қаласында өткен әлемдік лицензиялық турнирдің соңғы күнінде ширек финалдық кездесулер өтіп, Париж олимпиадасының жолдамасы үлестірілді. Ташкентте топ жарған боксшыларымыз Парижде де атой салуы мүмкін. Жарыстың соңғы күнінде шаршы алаңға шыққан ерлер құрамасындағы барлық боксшы лицензияға ие болды. 51 келідегі Сәкен Бибосынов ұлыбританиялық Киран Макдональдті 4:1 есебімен ұтса, 57 келідегі Махмұд Сабырхан Асрор Вохидовтан айласын асырды. Ұлттық құрама капитаны да жеңісті жолын жалғастырып, Сархан Алиевтен басым түсті. 80 келіде сынға түскен Нұрбек Оралбай мұрны сынса да жеңіске деген жігерін көрсетіп, тартысты кездесуде Келин Кессидиден жеңісті жұлып алды. Осылайша әлем чемпиондары олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. 

Айта кетейік, қыздар құрамасынан ширек финалда сынға түскен Алуа Балқыбекова (50 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) қарсыластарына есе жіберді. Енді ерлер құрамасында олимпиаданың 6 жолдамасы бар. Тек 63,5 келі салмақта жолдама жоқ.   


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.