Қазіргі қазақ прозасы (Р. МҰҚанова) Бекқұлова А., Әбдір К.Ә



жүктеу 26.75 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі26.75 Kb.

ӘОЖ 821.512.122:82-32:82-12
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫ (Р. МҰҚАНОВА)
Бекқұлова А., Әбдір К.Ә.
Қазіргі кезде жазушы Роза Мұқанованың шығармашылығы жастардың қызығушылығын оятып, ой салып жүр. Өйткені, Р. Мұқанованың психологиялық кейіпкерлерінің тағдыры адам жанын елітіп әкетер тебіреністерге, кейіпкерлер көңілінде дақтай кетпей қалған тағдыр наласына толы. Кейде кез келген шығарманы қанша оқысаң да шытырман ойдың шыңырауына барып, суреткердің соқпағы еңсеңді езіп, ақыры мынау дүние қашан бітер екен дегенге саясың. Ал Роза Мұқанованы оқып отырып, адам жанына терең үңілесің. Мұқанованың кез келген әңгімесін оқып, ешқашан жадырап күле алмайсың, өйткені, әрбір шығармасы мұң мен шер, жалғыздық, жетімдік, өкініш пен үміт, сағыныш пен жек көрушілікке толы. Осыдан Р. Мұқанованың барлық шығармаларын топтастырып келіп, тақырыбын «Адам тағдыры» немесе «Жан азабы» деуге болатын сияқты. Тақырыптық ерекшелікті анықтау үшін шығарманың идеясы мен мазмұнына тоқталамыз.

Тақырып – шығармашылық әрекеттің басы. Жазылмақ шығарма-ның кіндік мәселесі, демі, түйіні – тақырып. Ал тақырып табу – бір күннің не бірер әрекеттің ізденісі емес.

Негізінен, қаламгер шығармалары бүгінгі күннің өзекті мәселелерін қамтиды. Сондай фонда импрессионистік кейіпкер трактовкасын жасай отырып, жазушы шығармаларының денін ішкі монологқа құрады. Сонымен қатар, жазушы стилінің негізін монтаж құрайды. Баяндау мен суреттеуде тиянақтылық жоқ, бір объектіні әр қырынан шұғыл жарық түсіріп көрсету, сол арқылы соңғы тұтастыққа қол жеткізуге ұмтылу бар. Осы ретте жазушының шығармаларын бір демде жазып, өзгертіп, түзетуді қаламайтынын ескеру керек.

Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелерін зерттеуші ғалым А. Пірәлиева суреткер психологизміне тән екі қасиетті атап өтеді: “Біріншіден, күрделі психологиялық жағдай мен психологиялық процесті талдау. Екіншіден, кейіпкердің рухани жан әлемінде жиі болатын күйзеліс, психологиялық қиналысты беру атмосферасы” [3, 63], - дейді. Бұл айтылғандар Р. Мұқанова әңгімелерінде молынан пайдаланылған.

Роза Мұқанова адам жанына терең бойлап, қатпар-қатпарын аралап, небір құпияларды тауып, соны түсіне біледі. Жазушы шығармашылығында өкіну мен қайғы, қорқыныш және одан рухани тазару үшін күрес бар. Мұны қазақ әдебиеті теориясында катарсис деп атайды.Катарсис (грекше katharsіs – тазару) ежелгі грек трагедияла-рының композициялық құрылымында міндетті түрде болған бөлік. Катарсисте трагедиядағы оқиға қайғылы аяқталған соң, бас кейіпкердің өкінуі, кешірім сұрауы, күнәдан арылуы көрсетілген.

Роза Мұқанованың қай шығармасын алсақ та кейіпкерлері өмірде қиындық көріп, өзі-өзімен арпалыс үстінде өмірден түңіліп жүріп, құтылудың рухани тазарудың жолын іздеп қара түнек ішінен көрінген жарық сәулеге ұмтылады.



Мәселен, жоғарыда айтып өткен «Күнә» әңгімесінде соншама күнәлі жылдарды артта қалдырған кемпір сол үшін кешірім сұрап өмірін намаз оқумен өткізуі, «Мәңгілік бала бейнеде» аймен тілдесіп өзін-өзі тәрбиелеп, жеңуге деген құлшынысы, «Шатыр астындағы мен» драмасында жалғандықпен өмір сүрген алаяқтың өмірімен қоштасарында кешірім сұрап, тәубәсына келуі. Барлығы сол өтірікші, суайт адамды жек көріп келіп, өмірімен қоштасқанында кешірім етіп, жақсы адам етіп танытулары. «Мұқағали» әңгімесінде ақынның жан дауасын поэзиядан іздеуі. «Сарқаншық» әңгімесінде адамдардан опық жеген жануардың лирикалық кейікердің өзінен жылу мен жақсылық үмітін күтуінің өзі осы катарсис көріністері болып табылады. Р. Мұқанова шығармашылығың өзгешелігі де жаңашылығы да барлығы тегіс дәл осы катарсиске құрылуы.

Роза Мұқанованың әрбір әңгімесіндегі суреттелген өмір шындығына көңіл аударып, адамдардың мұңы мен мұратына орналасқан сайын біздің ойымызға мұңды әуен, сағынышты саз, ойнақы наз, қимас сезім орала береді. Біздіңше, мұның өзі жазушы шығармашылығының ерекшелігі. Қаламгер туындыларының жиынтық атауын әрі тақырыптық ерекшелігін «Тағдырмен күрес» деп түйіндесек болады.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
konf student550 -> Әож 008(075) талас ауданының тарихи-мәдени ескерткіштері
konf student550 -> Әож 82: 001. Жамбыл облысы флорасындағы melophyta choripetalae өкілдерінің биологиялық ерекшеліктері
konf student550 -> Әож 528. 2/5 ҚашықТЫҚтан аймақтандыру негізінде тақырыптық карталар қҰРУ
konf student550 -> Әож 31. ҚЫзылорда облысының ландшафттық-географиялық жағдайы
konf student550 -> Әож 745. 522: 658. 512. 23 Заманауи бұйымдарды жасауда ұлттық ою-өрнектерді пайдалану
konf student550 -> Әож 620. 193. 01 МҰнай-газ қҰбырларының ішкі бетін коррозиядан қОРҒау жолдары
konf student550 -> Роторлы топырақ лақтырғыштың пайдалану тиімділігін арттыру әбдімәлікұлы А., Мырзашев С. М. Жұмыстың өзектілігі
konf student550 -> Суағарлы бөгеттің ТӨменгі бьефіндегі ағынның артық кинетикалық энергиясын бәСЕҢдетуін эксперименталдық зерттеу райымбаев Н., Кожамкулова Г. Е
konf student550 -> Әож 004. 415. 23 КҮрделі жүйелерді модельдеу программасын қҰРУ
konf student550 -> «2050 Стратегиясы» бойынша дүниежүзіндегі дамыған 30 мемлекеттің қатарындағы Қазақстанның орны Нұрлыбек Ұ., Базылбекова А. Б. 2012 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет