Ќазіргі ќазаќ тіліндегі сґзжасам мјселелері мен сґзжасамдыќ ТЈсілдер жайында



жүктеу 92.46 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі92.46 Kb.

ЖОК 801.2.

И 48
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН СӨЗЖАСАМДЫҚ ТӘСІЛДЕР ЖАЙЫНДА


Н.Н.Иманбекова

Мақалада қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері мен сөзжасамдық тәсілдерге назар аударылған. Сөзжасам -тіліміздің әбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі екендігі және сөзжасамдық тәсілдер қарастырылған.

Сөзжасамның басты мәні - жаңа мағыналы сөз тудыру болғандықтан, оның өзіне тән жасалу жолдары, арнайы тәсілдері болатыны сөзсіз.

Қазақ тілі сөзжасамына қатысты жалпы мәселелер шығыс зерттеушілері Н.И.Ильминский, М.А.Терентьев, М.П.Мелиоранский сияқты орыс ғалымдарының еңбектерінде қысқаша сөз болғанымен, оның ана тілімізде зерттеле басталуы халқымыздың біртуар даңқты перзенттерінің бірі А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Мұнда автор сөз тудырушы жұрнақтардың атқаратын қызметі мен қажеттігі жайында бірнеше құнды пікір келтіреді /1,448/.

Сондай-ақ, ғалым Қ.Жұбанов өзінің «Қазақ тілі грамматикасында» сөз тудыру жолдары жайында бірқатар тұжырымдар айтады /2,361/.

Кейін жарық көрген Қ.Кемеңгерұлы, А.Ысқақов, Н.Аханов, И.Ұйықбаев, Н.Сауранбаев, Н.Оралбаева, Қ.Есенов, С.Исаев, Ә.Қалиев, Ә.Төлеуов, Е.Ағманов, Е.Жанпейісов, Б.Құлмғамбетова, М.Серғазиев, З.Бейсембаева, А.Салқынбай, Б.Қасым және басқа ғалымдардың еңбектерінен осы құнды бастаманың жалғасын табамыз. Сөзжасам өз алдына сала құбылыс, жаңа сөз жасау процесі екендігін танып, оның мәнін ашып, ғылыми теориялық негізін айқындауда профессорлар Н.Оралбаева мен С.М.Исаевтың еңбектерінің маңызы зор.

Сөзжасамның қазіргідей дәрежеге жетуінің негізі әріде. Басқаша айтар болсақ, тіліміздің әбден қалыптасқан, орныққан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы - ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі. Сөзжасам мәселесіне қатысты еңбектерге шолу жасай отырып, қазақ тіл біліміндегі сөзжасамның зерттелуін мынадай кезеңдерге бөліп қарастыруды жөн көрдік:



  1. ХІХ ғасырға дейінгі кезең. Сөзжасам қосымшалары туралы ілімнің негізі қаланды.

  2. ХІХ ғасырдың басынан Қазан төңкерісіне дейінгі кезең сөзжасам тәсілдері туралы алғашқы зерттеулердің жарық көруі.

  3. ХХ ғасырдың І жартысы көптеген ғылыми грамматикалардың жарық көріп, сөзжасамның морфологиялық бір элементі ретінде қарастырылды.

  4. 1950 жылдардан кейінгі кезең. Негізінен морфологияда қрастырылғанымен, сөзжасамның өзіндік қасиеттерінің (өнімді, өнімсіз) құнарлы-құнарсыздығы, зертелуі, дербес сала ретінде арнайы зертеу нысанасына айналуы, тарихи тұрғыдан зерттеле бастауы.

  5. 1989 жылдан кейінгі кезең. Бұл кезеңде сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде жан-жақты зерттеледі/3, 7-8/.

Сөзжасамды тіл білімінің бір саласы деп тану үшін оны тұлғалық, құрамдық жағынан емес, семантикалық сипаты тұрғысынан қарау керек. Тіл білімінде сөзжасам термині екі түрлі мағынада қолданылады.

1. Сөзжасамдық тәсілдердің негізінде жаңа сөз жасау жолы;

2. Тілдік құбылысты зерттейтін ғылым. Сөзжасам – ғылым ретінде сөз тудыру жүйесін, оның өзіне тән заңдылығын, жаңа сөздің пайда болу әдіс-тәсілін, тілдік құбылыс ретінде жаңа сөз жасау процесін зерттейтін тіл білімінің жеке бір саласы. Сөзжасам ғылымының да тілдің басқа салалары сияқты зерттейтін нысаны бар, ол - сөз. Мысалы, тілдің лексикология саласы кез-келген сөзді мағынасына қарай, морфология құрамына, тұлғаларына сөз табына қатысы тұрғысынан, синтаксис сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылыс материалы ретінде, фонетикалық дыбыстық құрамына қарай зерттейді. Ал сөзжасам ғылымының негізгі зерттеу нысаны - сөздің жасалу процесін емес, сол процестің жасалу нәтижесін, туынды сөз құрылымын, жасалу жолын зерттеу. Сонымен, сөзжасам мәселесін тіл білімінің бір саласы деп тануды мынадай деректерге сүйенеміз: сөзжасамның өзіне тән зерттеу нысаны бар, ол -туынды сөз; өзіне тән салалары бар; Морфемика мен дериватология (сөзжасам); мазмұны бар: оған сөзжасамдық ұғымдар жатады; сөзжасам тәсілдері бар; ғылыми терминологиясы бар.

Жалпы алғанда, түрколог ғалымдар, сөзжасамды арнайы зерттеп жүрген қазақ тіл мамандары сөзжасам тәсілдерін үшке бөліп көрсетіп жүр:



  1. Синтетикалық (морфологиялық)

  2. Аналитикалық (синтаксистік)

  3. Лексика- семантикалық

Бұлайша болу құрылымдық жағынан алғанда ғана істің жайын дұрыс көрсеткен секілді. Сөздердің жасалуының амал-тәсілдері (бірігу, қосарлану, тіркесу, аффиксация). Әр түрлі болғанымен, жасалған сөздің жаңа мағынаға ие болуы- дериваттық семантикасы жағына келгенде сөзжасамдық процесті, оның нәтижесін толық көрсетеді дей алмаймыз. Себебі, синтетикалық тәсіл арқылы жаңа мағыналы сөз жасалмай, сөз түрленуі де мүмкін. Мәселен: «біз бар-ды-қ» дегенде –ды процестің біткен мерзімін білдірсе, -қ жақтық жіктік жалғаудың І жағы, әрі көптік секілді. Реляциялық мағына береді. Сондай-ақ, аналитикалық тәсіл бойынша сөздердің барлығы бірдей жаңа мағына білдіре бермейді. Мәселен: мая-мая, тау-тау, жиі-жиі дегендер жинақтық я жалпылық мағына, яғни әр түрлі грамматикалық мағына білдіріп тұрады. Сонда жалпы жалпы грамматикалық тәсілдерден сөзжасамдық тәсілдердің өзгешелігі қандай? Синтетикалық тәсіл арқылы жасалса да, аналитикалық тәсіл арқылы жасалса да, жасалған сөзжасамда мағынаға ие болуы керек. Осы сипаты тұрғысынан алғанда сөзжасамдық тәсілдерді лексика-синтетикалық, лексика-аналитикалық, лексика-семантикалық тәсілдер деп алғанымыз жөн бола ма деп ойлаймыз. Бұл тәсілдер таза осы күйінде кездесе ме, жоқ па, ол нақты жағдайға байланысты көрсетілуі тиіс. Мәселен: «көсеу, егеу, қашау, бояу, сабау» туынды сөздерін алайық. Бұл сөздер зат атаулары ма әлде қимылды білдіріп тұр ма? Бастапқы қимылды білдірген көсе, еге, қаша, боя, саба сөздерін етістіктің –у жұрнағы жалғанып, қимыл атауларын білдірген де, бірте-бірте қимыл атаулары зат атауларына айналған. –у жұрнағы бастапқы форма тудырмағанымен, көрсетілген мысалдарда жаңа мағыналы сөздер туып тұр. Ал жаңа сөздердің жасалуында –у жұрнағының рөлі бар ма? Болса, сөзжасамдық тұрғыдан бұл процесті қандай тәсіл арқылы жасалған деуге болады? Бұл сөздерде лексика-семантикалық процесс негізгі болып тұр. Қосымшаның да жаңа мағына тудыруда орны жоқ деуге болмайды, оны алып тастап, көсе, еге, қаша, боя, саба десек зат атаулары жасалмайды. Ал бұл сөздер қимылды білдіре ме (отты көсеу, ағашты бояу), зат атауын білдіре ме (көсеуді ұста, сабаумен жүнді саба) ? заттың сынын білдіре ме (егеу темір, сабау таяқ)? Сөз тіркесінің немесе сөйлемнің ішінде, яғни синтаксистік қызметінің нәтижесінде көрінетіндіктен, бұл процесті аралас тәсілдер негізінде жасалған деп алған жөн болар деп ойлаймыз /4/.

Сондай-ақ, қазақ тілінде құрамында септік жалғаулары бар, кейіннен адвербиалдану процесіне ұшыраған көптеген сөздер бар. Мысалы: алға, артқа, босқа, текке, бекерге, бірге, зорға, кешке, секілді сөздерінің құрамындағы барыс септік жалғауы; осында, мұнда, сонда, баяғыда, әлгіде, күнде деген үстеулердің құрамындағы сөз түрлендіруші -да,-де; баяғыдан, бұрыннан, кенеттен, әуелден, етпетінен, жүресінен деген үстеулердегі шығыс септік жалғаулары; күнімен, түнімен, жөнімен дегендердегі көмектес септік жалғаулары қазіргі кезде грамматикалық мағына беріп, сөздерді байланыстырып тұрған жоқ. Бұл жөнінде үстеулердің сөзжасамына байланысты мақаласында Қ.Есенов былай деп көрсетеді: «На первый взгляд кажется, что такие наречия состоят из основ и окончания (босқа, бірге, бірден, түнімен). Падежные окончания в этих словах настоящее время потеряли свое первоначальное значения, и составляют единое целое с основами данных слов»-дей отырып, бұндай қосымшаларды үстеулердің сөзжасамдық элементі деп көрсетеді /5,4/. К.Аханов бұл құбылысты декорреляция процесі деп көрсеткен болатын /6,494/.

Сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған сөздердің барлығы дерлік тілдің сөздік құрамына еніп, сөздік реестрге кірмейді. Өйткені кейбір қосымшалар белгілі бір контексте, белгілі бір жағдайда ғана пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ кейбір қосымшалар туралы М.С.Исаев былай дейді: «Шіркін, айтушы мен болғанда, үнемі ұқтырушым сен болсайшы, Абай!»,-деді (М.Ә). Баласы аталап, соңына түсті. Жарыста алматылықтар басым түсті» тәрізді сөйлемдердегі айтушы, ұқтырушы, болсайшы, аталап, алматылықтар дегендерді сырт тұлғасына қарап, қосымшалар арқылы жасаған болмаса, шын мәнінде жаңа лексемалар емес. Өйткені бұлар өздік құрамға енген лексикалық бүтін, демек сөздіктерде жеке берілетін реестрлік сөздер емес. Белгілі, контексте ғана қолданылатын ғана сол контексте түсінілетін тұлғалар. Олардың жасалу шегін, жұмсалу шеңберін туынды сөз ретінде айқындауға болмайды. Сондай-ақ, итті қонақ жараспас, сүт пісірім уақыт, бір қайнатым шай, таяқ тастам жер, бір көйлектік мата т.б. тіркестердегі сөздер қосымша арқылы жасалынған туынды сөздер болып қабылданбайды, тілде олар жеке лексикалық бүтін ретінде қалыптаспағанс»,-дей келіп, мұндай құбылысты сөзжасам қосымшасының функциялық мәнде қолданылуы деп атайды /7,304/. Сонымен, сөзжасам аффикстеріне жатқызылып жүрген қосымшалардың барлығы дерлік әрқашан жаңа сөз тудыра бермейді. Сондықтан олардың ерекшеліктері ескерілуі керек. Қандай тәсіл арқылы жасалса да, сөз тудырудың (сөзжасамның) ең басты мәні, ерекше сипаты - жаңа мағыналы сөз (мейлі жаңа сөз, мейлі туынды сөз, мейлі күрделі сөз болсын) жасап, сол арқылы біріншіден жаңа ұғымның атауы пайда болып, екіншіден, қазақ тілінің сөздік құрамын байыту.

1989 жылы профессор Н.Оралбаеваның бастауымен қазақ тіл білімінің тарихында тіліміздің сөзжасамы бірінші рет өз алдына жеке дербес сала ретінде зерттеліп арнайы монография ретінде жазылды. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» деп аталатын еңбекте: «Жалғыз қазақ тілінде ғана емес, тілдердің бәрінде кездесе беретін сөз қабылдау процесі сөздік құрамның дамуы мен баюында белгілі орын алғанымен, ана тіліміздің лексикалық құрамының баюында негізгі қызметі тілдің өзіндік сөзжасам жүйесі атқарады. Ал сөздердің жасалуының қалыптасқан күрделі жүйесі бар. Бұл жүйенің өзіне ғана тән жолдары мен тәсілдері, сөзжасауға қатысатын тілдік тұлғалары, олардың қолданылу заңдылықтары әбден қалыптасқан. Ол арқылы тілде жаңа сөздер жасалады да, лексикалық қорды үнемі байытып отырады. Сөздік қорды байытып, оның икемділігін арттыратын, қандай күрделі ой болса да, оны нақтылы дәл жеткізуге мүмкіншілігі мол құдіретті тіл болып қалыптасуы тілдің сөзжасамының тілде атқаратын қызметі мен оның маңызы анық байқатады. Қазақ тілінің негізгі байлығы-оның сөздік қоры. Ол байлықтың қалай жиналғанын, басқаша айтқанда, бай лексикалық қордың жасалу тетігін жүйелі түрде, арнайы зерттеп бүгінгі күннің талабына айналды /8,367/.

А.Салқынбай туынды сөздердің жасалу тәсілдерін былай топтастырады. Тіл-тілдегі сөздердің жасалуы ұқсас. Мұның өзі, ең алдымен, тілдің ішкі табиғатымен байланысты. Тіл адамзат баласының ортақ заңдылықтарын айқындаудан шығады. Тілдер арасында ортақ заңдылықтардың көрінісі сөзжасам жүйесінен, оның жасалу тәсілдерінен де айқын байқалады. Кез-келген тілдік жүйенің жаңа сөз жасау үрдісі, дәстүрі ортақ заңдылықтың бар екенін көрсетеді. Олардың негізгі ерекшілігі мен айырмашылығы тек қай сөзжасамдық тәсілдің белсенді жұмсалуымен ғана анықталады. Айталық, қазіргі үндіеуропа тілдерінде сөзжасамдық жүйенің флексиялық тәсілі ерекше орын алса, буындардың аналитикалық жолмен бірігуі арқылы жаңа сөз жасау тәсілі полисинтетикалық тілдердің негізгі сипатты белгілерін танытады. Түркі тілдерінің жалғамалы тіл деп танылуы олардың синтетикалық сөзжасам жүйесі арқылы сөз жасау қабілетінің белсенділігін көрсетеді. Бірақ бұл тілдерде өзге сөзжасамдық тәсілдер болмайды деген сөз емес. Кез келген тілдік жүйеде сөз жасау тәсілдерінің қай-қайсысы болса да кездеседі, тек олардың сөз жасау белсенділігі әр түрлі болады. Мұның өзі тіл-тілдегі әмбебаптық қасиетті танытса керек.

Қазақ тіліндегі туынды сөздер семантикалық, синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық, кейде фонетикалық сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады.

Семантика-фонетикалық тәсіл – кей дыбыстардың сәйкесуі нәтижесінде жаңа сөз жасау мүмкіндігі.

Семантикалық сөзжасамдық тәсіл - сөз тұлғасы өзгермей-ақ, жаңа мағыналы туынды сөз жасауы.

Семантика-синтетикалық тәсіл – сөзжасамдық негізге сөз тудырушы жұрнақтардың жалғануы арқылы екіншілік мағына туғызуы.

Семантика-аналитикалық тәсіл – негіздердің бірігуі немесе тіркесуі, қосарлануы арқылы ерекше мағыналы атау жасау қабілеті.

Сонымен, сөзжасам - тіл білімінің жеке саласы. Оның өзіндік зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері, ерекшелігі, ұғымдары бар. Сөзжасам – атау жасау процесі.

Әдебиет



  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992ж.

  2. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, 1992. 448бет

  3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1996. 361бет

  4. Отарбекова Ж. Сөзжасам мәселелерінің қазақ тіл білімінде қойылысы және оның зерттелуі жайында // Аспиранттар мен ізденушілердің жинағы. Алматы, ҚазМем.ҚызПи, 1994

  5. Абдрасилова Г.Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің Аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Канд. дисс. Астана, 2003. 9-12 бет.

  6. Есенов Қ. Словообразование наречий в казахском языке. //Изв. АНРК Серия фил. Алматы, 1994. 4 бет.

  7. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. Алматы, 1993. 494 бет.

  8. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. Алматы., Рауан, 1998. 304 бет.

  9. Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесі. Алматы., 1989. 367 бет.

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық университеті Тараз институты, Тараз


Способа словообразования в современном казахском языке


Н.Н.Иманбекова
В данной статье рассматривается состояние изученности данного вопроса в казахской филологии, делаются выводы и определяются пути и методы исследования в этой области.

Means of word-building in modern Kazakh Language
N.N. Imanbekova
The given article of study of the given theme in foreign Kazakh philology were considered in the Article.

Иманбекова Назира Нұрхалиқызы

Тараз қаласы, Қолбасшы Қойгелді көшесі

№178 үй, 41 пәтер, Телефон: 43-25-93



Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институты

Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі
Каталог: rus -> all.doc -> Vest07 -> 2 2007
2 2007 -> Түркі тілдеріндегі фонетика-семантикалық тарихи сөзжасам ә. С. Жаманбаева Қазақ тілі мен әдебиеті магистрі
2 2007 -> Тіл білімініѕ даму барысында сґзжасам жїйесі соѕєы уаќытта белгілі деѕгейге кґтеріліп, теориялыќ тўрєыдан дјлелденіп келеді
Vest07 -> Әож 74. Гидрохимиялық алмасуларға сәйкес шаю мөлшерлерін экологиялық тұрғыда анықтау
Vest07 -> Әож 77. Экология және денсаулық
2 2007 -> Геоэкология жок 628. 33: 661. 63 Фосфатты суды тазалаудың
Vest07 -> М¦най ¤німдері мен к¤мірді жаѓу кезінде т‡зілетін зиянды заттардыњ Ќоршаѓан ортаѓа єсерін баѓалау
2 2007 -> Эффективность применения биологической методы очистки
2 2007 -> Педагогические íÀÓÊÈ


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет