Ќазіргі жол ќ¦рылыс ж¦мысшыларына арналѓан арнайы



жүктеу 57.04 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі57.04 Kb.


ҚАЗІРГІ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АРНАЙЫ

КИІМДЕРГЕ ТАЛДАУ
Омарбекова М.Т., Ибраева А.И.

М.Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Тараз


Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында барлық сапа көрсеткіштері мен талаптарына сай сапалы жол-құрылыс жұмысшыларына арналған арнайы киімге деген сұраныс артуда. Себебі жол құрылыс жұмысшыларының еңбек гигиенасы мен еңбек қызметіне әсер етуші факторлардан қорғайтын дара қорғаныш құралы – арнайы киім. Арнайы киімнің маңыздылығы – адамды өндірістің қауіпті факторларынан қорғап, еңбек өнімділігін арттырады [1].

Сонымен қатар жол құрылыс жұмысшылары үшін маңызды болып табылатын фактор көлік жүргізушілеріне алыстан белгі беретін арнайы құралдары мен киімі. Стандарттарға сай белгі беруші арнайы киім жұмыс ортасының түсінен бөлектеніп тұратын және көрінбейтін ультракүлгін сәулелерін көрінетіндей арнайы сіңірулермен өңделген материалдардан тігілуі тиіс. Жол құрылыс жұмысшыларының арнайы киімдері жақсы көрінуі үшін реңдік және жарық шағылдырушы материалдар қолданылады.

Реңдік (фоновой) материал – күндізгі уақытта адамды көрінетіндей ететін белгі беруші киімнің флуоресцентті материалы.

Жарық шағылдырушы (световозвращающий) материал – қараңғы кезде адамды көрінетіндей ететін ретрорефлектор болып табылатын белгі беруші киімнің жарық шағылдырушы материалы.

Белгі беруші жақсы көрінетін киім – күндіз адам жақсы көрініп тұратын флуоресцентті материалдардан жасалған, ал түнде жақсы көрінуі үшін жарық шағылыстыратын материалдарды белгілі бір тәсілмен орналастыру арқылы жасалған киім.

Белгі беруші киім жарық аз немесе қараңғы кезде транспорттық қозғалыс құралдары жиі жүретін жолдарға жақын жерде жөндеу жұмыстарын орындаған кезде өндірістік жарақаттануларды төмендетеді.

Алыстан адамның силуетін айқындау – жүргізушінің тез арада адам бар екендігін түсініп, тоқтауына мүмкіндік береді.

Жұмысшының киіміндегі жарық шағылыстырушы материалдар қараңғы кезде машинаның жарығынан шағылысып жүргізушіге жарқырап көрінеді. Адам 200 м қашықтықтан көрнуі қажет. Бұл көлікті тоқтатуға әсер етуші барлық факторлар (жолдың жағдайы, тежегіштің саны мен түрі, жүргізушінің субъективті қасиеттері) ескерілген қауіпті тоқтату аймағы болып табылады [2].

Белгі беруші киімдерді белгі беруші бөлшектерінің ауданына байланысты бірнеше сыныпқа бөледі. Реңдік және жарық шағылдырушы материалдардан белгі беруші бөлшектердің ең аз деген ауданы бекітілген. 1-кестеге сәйкес 1-сынып, 2-сынып және 3-сыныпқа жататын тиісті реңдік және жарықшағылдырушы материалды қолдану аудандары берілген.
Кесте 1


Сыныптар

1-сынып

2-сынып

3-сынып

Флуоресцентті (реңдік) материал

0,14 м²

0,50 м²

0,80 м²

Жарық шағылыстырушы материал

0,10 м²

0,13 м²

0,20 м²

Қазіргі кезде арнайы киімді жасаушы отандық және ресейлік өндірушілердің бұйымдары нарықта көптеп кездеседі. Дегенмен, жол құрылысшыларына арналған арнайы киімі жақсы зерттелмеген, осыған байланысты ақпарат тым аз. Сондықтан да осы сала бойынша бірнеше теориялық жағынан толықтырылулар енгізу қажет.

Ресейлік өндірушілердің костюмдерін қарастыратын болсақ, «Техноавиа» компаниясының 3-сыныпқа жататын өнімдері – ерлеге арналған жаздық антистатикалық «Терминал» костюмі және «Сигма» жылытылған костюмі.

Ерлеге арналған жаздық антистатикалық матадан жасалған «Терминал» костюмі күртеше және шалбардан тұрады. Күртешенің жабық сыдырмасы оны құрал-жабдыққа жанасуын болдырмайды. Жеңдері сыдырма арқылы алмалы-салмалы. Осылайша, күртеше ыстық ауа райында жилетке трансформацияланады. Құжаттарға арналған, пропускқа, телефонға, қаламсапқа арналған көптеген қалталары бар. Жеңдегі манжеттер қозғалатын механизмдермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді, себебі мата агрегаттарға түспейді. Белдігі кеңдігіне байланысты реттеледі. Ішінде аты-жөнін енгізетін таспасы бар. Шалбары серпімді аралық салатын тізелік қалтамен. Күртеше жеңдерінде күшейткіш, ал шалбарда – үйкелістен қорғаныш қаптамалары бар. Тез кір болатын аймақтарына жабық түсті маталар таңдалған. Матасы - антистатикалық Nega-Stat® талшықты «Вигор-Нега». Оның тығыздығы 240 г/м2 және май және су жұқпайтын өңдеулі мақта құрамы жоғары (67% мақта, 33% полиэстер).


«Сигма» жылытылған ерлер костюмі күртеше және жартылай комбинезоннан тұрады. Күртеше сыдырмасы қос сыдырмадан және желден құрғайтын кақпақшадан тұрады. Күртешенің кеңдігі төменгі жағынан тартпамен реттеледі. Қалталары ыңғайлы, күләпарсы алмалы-салмалы, жағасы-тік Polartec® жұмсақ тоқыма материалмен өңделген. Жеңдерінде жүнді тамыр тартқыш қосымша қорғанышты қамтамасыз етеді. Жартылай комбинезонда берік екіқұлыпты сыдырмалы қалта бар. Көп кір болатын күртешенің, шалбардың, жеңнің төменгі жағы жабық түсті материалдан жасалған. Негізгі мата - мембраналы (су итрегіштігі – 10 000 мм, 24 сағатта буөткізгіштігі – 8000 г/м2) дем алатын жабынды, жел өтпейтін, су өтпейтін (LT-membrane™), тығыздығы 210 г/м2 күртешелі 100% нейлон. Реңдік материалы – мембраналы (су итергіштігі – 10 000 мм, 24 сағатта буөткізгіштігі – 8000 г/м2), аязға төзімді, демалатын, жел, су өтпейтін (LT-membrane™), тығыздығы 210 г/м2 «Абсолют», 100% полиэстер. Бұл киімдер жақсы көрінетін белгі беруші киімге арналған EN 471 еуропалық стандартқа сай. Жарық шағылдыратын материалының ені 5 см жақсы көрінуді қамтамасыз етеді. Костюмнің реңдік түсі флуоресцентті қызғылт сары және көк. 170-176-дан 182-188 см бойға, 88-92-ден 128-132-ге дейін өлшемдері бар. ГОСТ Р 12.4.219-99 «Одежда специальная сигнальная повышенной видимости» және ГОСТ 27575-87 ресей стандарттарына сәйкес тігілген. Күртешеде – 3 қабат, жартылай комбинезонда – 2 қабат Тинсулейт® Р100 жылытқышы бар [3].

Отандық арнайы киім шығаратын «Модный работник» компаниясының өнімдерін сынға алсақ. Жаздық костюмдері костюм және жартылай комбинезоннан тұрады. Күртеше тік силуэтті, жағасы жазық, түймелігі түймемен ортасында ораналасқан. Екі кеуделік және бүйірлік оймалы қақпақшалы қалталары бар. Жеңі түймелігі бар манжеттен тұрады. Жеңінде және аяғында екі қатар жарық шағылдырғыш жолақпен өңделген. Жартылай комбинезон гульфигі сыдырмамен, қақпақшалы кеуделік, екі бүйір жапсырмалы және бір артқы қалталы болып келеді.

Қыстық ерлер костюмі күртеше және жартылай комбенезоннан тұрады. Жылытылған күртешенің ортасында сыдырмалы түймелігі және желден қорғайтын жабысқақты қақпақшадан тұрады. Екі ойылмалы кеуделік қақпақшалы түймелікті және екі ойылмалы бүйір қалтасы бар. Жеңі резеңкелі манжет. Желден қорғау үшін бел сызығымен ықтырма жүргізілген. Екі ішкі қалтасы, кеуде сызығы және жеңдерінде жарық шағылдырғыш жолағы бар. Алдыңғы бойы, жеңі, қақпақшасы жиектелген. Екі сыдырмалы түймелігі жылытылған жартылай комбинезон алдыңғы бойының ортасында орналасқан. Рацияға арналған кеуделік қалта және екі жапсырмалы бүйір қалта. Иық баудың ұзындығы карабинмен реттеледі. Артқы бел сызығы және иық бауында созылмалы таспа. Етегінде жиектелген жарық шағылдыратын жолақшамен өңделген [4].


Қазіргі күні арнайы киім тек қорғаныс құралы ғана емес сонымен қатар ол компанияның бет-бейнесі болып табылады. Әрбір жол құрылыс компаниясы басқа компаниялардан ерекшелеп тұратын өзіндік арнайы киімі болу керек. Сол арқылы бір-бірінен ажырата аламыз. Осылайша біз жұмысшының белгілі бір компаниядан екенін біле аламыз. Сапалы арнайы киім мемлекеттік, мемлекеттік емес компаниялар мен өндірістік кәсіпорындардың коорпоративті мәдениетін құрастырады. Сондықтан да жергілікті компанияларға технологиялық жағынан жетілдірілген арнайы киімді ұсынудың маңызы зор.
Әдебиет


  1. Чубарова З.С. Рощупкина А.В., Репина З.Д. и др. Промышленная технология поузловой обработки специальной одежды – М., 1983

  2. Коблякова Е.Б. Конструирование одежды с элементами САПР. – М.: Легпромбытиздат, 1988.

  3. http://www.technoavia.ru/katalog/spetsodezhda/signalnaya_odezhda/.htm

  4. http://spesodezhda.kz/

Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf 2013 II
konf 2013 II -> Cырдария ¤зені алабындаѓы к¤ксарай контрреттегіші
konf 2013 II -> «теріс-ащыб¦ЛАЌ» су ќоймасыныњ су тастаѓыш ќ¦рылымын
konf 2013 II -> Виртуалды жеке желілердіњ жіктелуі
konf 2013 II -> Талас алабы ¤зендерініњ суын егістікке пайдалануды
konf 2013 II -> Инерциялыќ энергетикалыќ ЌондырѓЫ Ќ¦ру мєселесі
konf 2013 II -> Ш¤лейтті-далалы жайылым жаѓдайында ¤сірілетін ќ¦йрыќты ќойлардыњ жас айырмашылыќтарына байланысты
konf 2013 II -> Авток¤лік ќ¦ралдарыныњ Ќала экологиясына єсері
konf 2013 II -> ¦лттыќ таѓам «наурыз к¤ЖЕ»
konf 2013 II -> Айќынсыз жиындар негізінде студенттердіњ білім сапасын


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет