Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы



жүктеу 76.49 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі76.49 Kb.
түріСабақ

Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Елбасы: «Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет.  Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Көп жайларды зерттеп, көңілге түйіп, мәселелер төңірегінде іздену әр ұстаздың міндетіне айналды. Сондықтан ұстаздардың тәжірибесінде мынадай проблема тууы мүмкін: оқушылардың танымдық қабілеттерін, танымдық процестерін (есту,көру,қимыл және т.б.) дамытуда қолданып жүрген әдіс-тәсілдердің заман талабына сай болмауы. Осы проблеманы шешу үшін тиімді жолдарды қарастыру қажет.

Қазіргі заман талабы бойынша білім берудің ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі – оқу үдерісіне мультимедиалық технологиялар мен коммуникативтік интерактивті әдістемелердің үйлесімді байланысы негізінде жасалған, оқыту және тексеру электрондық бағдарламаларды, оқулықтарды енгізу.

Оқушылардың жеке-дара ерекшеліктерін ескере отырып, коммуникативтік шығармашылық құзіретін дамыту. Оқушының тілдік қорын дамыту, іс жүзінде ауызша сөйлей білуге үйрету.

1. Қазақ тілін оқыту әдістемесін әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.

2. Мемлекеттік тілді оқытуда– ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оңтайлы пайдалану.

 Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтары. Өткен жаңа оқу жылының ерекшелігі – республикада алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде Елбасының онлайн режимінде өткен интерактивті сабағымен басталды.

 ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Тәуелсіз Қазақстан да сол ғасырға нық қадам басты. Еліміздегі барлық білім ошақтары компьютер және интерактивті тақтамен жабдықталуда. Қазіргі заманғы, ғылыми-техникалық үдерістің қарқыны күннен-күнге өсуде. Сонымен қатар, білім беру жүйесінің алдына да жаңа міндеттер жүктелуде. Білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияны практикада меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру мұғалімнің білімін шыңдап ғана қоймай, интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және тағы басқа көптеген адами келбетін қалыптастыруына ықпал жасайды.

Өзім қызмет жасайтын мектепте жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Қазақ тілі кабинетінде интерактивті тақта орнатылған. Сондықтан, бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз Мектеп пәндерін оқыту процесінде интерактивті тақтаны пайдалану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың білімге деген қызығушылығының, ізденушілікке деген ынтасының, сезімінің өсуіне әсер етеді. Сондықтан білім берудегі барлық оңды өзгерістер педагогтың жаңаша ойлау тәсілімен, жаңа шығармашылық іс-әрекеттерімен, ізденушілігіне байланысты.

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Өйткені, оқушыларды терең әрі жинақты біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білімін толықтандыруға дағдыландыру сияқты күрделі жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімді ойландырып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті – шәкірттерінің ой-өрісін кеңейтуге, биік адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.


Сабақта интерактивті тақтаны дұрыс пайдалану мазмұнды ұғымдардың қалыптасуына көмектеседі, оқушылардың логикалық ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуға, нақтылы құбылыстарды қарастыру және талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдарға келулеріне көмектеседі.

 Сонымен, оқуда интерактивті тақтаны пайдалану арқылы оқушылардың білімі нанымы болады. Сонымен қатар интерактивті тақтамен орындалатын жаттығулар оқушылардың білімді меңгеруін жеңілдетеді, деректерді есте сақтауға ықпал жасайды.

 Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5% және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 % дейін арттырады.

Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.



1. Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану

Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге , обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.

 2. Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы

 Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу.белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой-өрісін жан-жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.

  3. .Уақыт ұтымдығы

 Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдау арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамасыз етеді екен.

  Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.

Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:

(Ұлыбритания педагогтарының ұсынысы бойынша)

- Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;

- Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;

- Топпен тығыз жұмыс жасау;

- Конференциялар өткізу үшін басқа мектептермен байланыс орнату;

- Интерактивті тақтаны компьютердің көмегінсіз басқару;

- Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;

- Видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;

- Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.

Интерактивті тақта:

 1.          Оқушыларға жаңа материалды (иллюстрациялар, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар) көрнекі түрде көрсету құралы болатын болса, екінші жағынан материалды дайындауды және оны қолдану процесінде жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелі презентацияларды пайдалану балалардың оқуға деген ынталығын арттырып, сабақтың қызғылықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін ең бастысы мұғалімнің уақытын қысқартады.

 2. Компьютерлік сауатты болуды талап етеді. Өйткені сабаққа қажетті оқу материалдарын алдын ала мұғалімнің өзі дайындап қояды.

 3.          Интернет желісінен ақпарат іздеп, оны жүктеп алу жұмыстарын жасауды үйренеді.

 4.          СD, DVD және электронды оқулықтарды пайдалана білуінің арқасында, мұғалім жан-жақты біліммен қаруланады. Білімін шыңдайды, шығармашылығы артады. Ақпараттық технологияны еркін меңгереді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелейді.

 Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивті жүйе болып табылады.

 Білім берудің кез-келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың өз бетінше жұмысын және олардың жоғары танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Сапалы электронды оқулық қашықтықтан оқытуға, тіл үйренушінің өздігінен оқып үйренуіне мүмкіндік береді.

Сабақтың тиімді жағының бірі – ол заман талабына сай сабақты электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізу. Тіл үйренушіге мәтінді электронды оқу құралдарынан компьютер көмегімен тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, мәтін негізінде бірнеше грамматикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген. Ең бастысы – тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға негізделіп берілген, яғни бұл тіл үйренушінің тілді жеңіл түсініп, тез меңгеруіне көмектеседі. Ұсынылған сабақ жоспары тиімді, кезеңдері байланыстырыла, түрлі тапсырмалармен толық түрде ұсынылған. Егер әр сабақты мұғалім аталған сабақтай жоспарлап, мүмкіншіліктерді, жаңа технологияларды толық пайдаланып жүргізсе, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар санының өсері сөзсіз.

 Сабақта интерактивті әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім мынадай:

1.     Сөздікпен жұмыс / аудару, сөз тіркестерін құрастыру/

даңқты- прославленный

жасақталған – сформированный

қоршау – окружение

атақ - звание

2.     Мәтінмен жұмыс.

А. Мәнерлеп оқыту

Ә. Тізбектеп оқыту.

Б.Сұрақ – жауап 1. Б.Момышұлы кім?

 2.Қандай ерлік көрсетті?

 3.Майданда қандай қызметтер атқарды?

 4.Б.Момышұлының ерлігі қай кітапта суреттелді?

 5.Қандай марапаттар алды?

 Сөзжұмбақтағы сөйлемдерді дұрыс құрастырсаңыз, Б.Момышұлының нақыл сөзін оқисыз



Ер дегенде

Жұрт дегенде

қызмет

езіліп

жұмылып

ет

Ер дегенде езіліп,

Жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.

ІV Көп нүктенің орнына тиісті бастауышты қойып жаз.

1.      .... болып тумайды.

2.      .... елі үшін туады, елі үшін өледі.

3.      .... жасау оңай емес.

4.      .... батырларын ешқашан ұмытпайды.

5.       Қоянды .... өлтіреді, батырды .... өлтіреді.

 Керекті сөзер: қамыс , намыс, батыр, халық, ерлік, ер.

Глоссарий



Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Ерлік

Героизм

Heroism

Аңыз

Легенда

Story

Шайқас

Битва

Battle

Сарбаз

Солдат

Soldier

Даңқ

Слава

Fame

Күллі әлем

Весь мир

All worbd

Тапсырма: Сөйлем құрастыру 1 –топ /қазақша/

 2-топ /орысша/

 3-топ /ағылшынша/

Сөзжұмбақты шешу.

1.      «Герой» сөзінің аудармасы

2.      Батыр - қала

3.      Б.Момышұлының туған жері.

4.      Б.Момышұлы қандай батыр?

5.      Батырдың немересінің есімі.

6.      Ұлының есімі

7.      Б.Момышұлының жазған туындысы.

8.      Батырдың әскери атағы.



Сонымен, қазақ тілін орыс мектептерінде оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі –интерактивті тақталар мен жаңа технологияларды қолдану десек, олардың  бала жадын жаттықтыруға тигізер септігі мол екендігін көруге болады. Ұстаздың өз шәкірттерінің қазақ тілін дұрыс, заман талабына сай меңгеріп шығуы үшін жасаған барлық әдіс-тәсілдері бұл жерде орынды. Сондықтан, қазақ тілін дамытуда және өз шәкірттеріңіздің мемлекеттік тілді тереңінен біліп шығуына өз үлесімізді қосайық.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет