«Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қОҒамының



жүктеу 29.5 Kb.
Дата30.03.2018
өлшемі29.5 Kb.

«ҚАЗМҰНАЙГАЗ» БАРЛАУ ӨНДІРУ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ

АКЦИОНЕРЛЕРІ ҮШІН АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының 23-бабын орындау үшін, Қоғам акционерлерінің 2010 жылдың 25 мамырындағы жылдық жалпы жиналысы 2009 жылғы қызметтің қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым және басымдықты акциялары бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдағанын хабарлайды.
1) «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ

Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17

Қоғамның банктік деректемелері: СТН 620100210124, ИИК 027467201, (KZ656010111000022542) БИК 195301603 (SWIFT HSBKKZKX), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Астанадағы аймақтық филиалы;
2) дивидендтер төленетін кезең – 2009 жыл;
3) бір басымдықты акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 704 теңге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салық сомасы);
4) бір қарапайым акцияға есептегендегі дивидендтің мөлшері – 704 тенге (оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен төлеуге жататын салық сомасы);
5) дивидендтерді төлеудің басталатын күні – 2010 жылдың 12 шілдесінен бастап;
6) дивидендтерді төлеудің тәртібі мен түрі

дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күні – 2010 жылдың 7 маусымы 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша;

дивидендтерді төлеу тәсілі – акционерлердің банктік шоттарына қолма-қол емес ақша аудару жолымен дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімі бойынша.
Қазақстан Республикасының банктік шоттың 20-сандық нөмірлі бірыңғай құрылымына көшуіне байланысты 2010 жылдың 7 маусымынан бастап банктік шоттардың нөмірлері (ИИК) мен банктік сәйкестілік кодтар (БИК) жарамсыз деп танылады және жаңа нөмірлерге ауыстырылуы тиіс. Дивиденттерді көрсетілген мерзімде алуды қамтамасыз ету үшін Қоғамның акционерлеріне дивиденттер төлеу басталатын күнге дейін Қоғамға дивиденттерді алушының өзгертілген банктік деректемелерін ұсынуы және дивиденттерді алушының банктік деректемелерін көрсете отырып Қоғамның тіркеушісіндегі немесе өзіне тиесілі акцияларды номиналдық ұстаушыдағы акционерлердің тізіліміндегі өзінің деректерін жаңартуы қажет. Дивидендтерді аудару туралы өтініштің үлгісі Қоғамның www.kmgep.kz сайтына Инвесторларға – Акционерлерге арналған ақпарат тарауына орналастырылған.
Қоғамның ауқымды депозитарлық қолхаттарын (АДҚ) ұстаушылар үшін қосымша мынаны хабарлаймыз

АДҚ түріндегі акциялар бойынша дивиденттер төлеу қолданылып жүрген салықтық заңнамаға сәйкес резидент емеске (The Bank of New York) төленетін кірістен табыс салығын ұстап қалу арқылы Депозитарийдің жауапты сақтаушысына теңгемен жүргізілетін болады. Депозитарий дивиденттерді АҚШ долларына айырбастайды және Депозитарийдің комиссиясы мен шығыстарын ұстап қала отырып оларды АДҚ-ны ұстаушылардың арасында бөледі. Салықтық жеңілдіктері мен артықшылықтары бар АДҚ ұстаушылардың ұстап қалынған табыс салығын өтеу үшін Қоғамға салықтық жеңілдіктері бар екендігін, дивидендтер алуға құқығы бар акционерлердің тізімін белгілеу күніне иелігіндегі АДҚ-ның санын, АДҚ-ға дивиденттердің түсуі фактісін растайтын құжаттарды және банктік деректемелерін көрсете отырып ұсталған салықтардың сомасын өтеу туралы өтініш ұсынуы қажет.


Қоғам тіркеушісінің хабарласу деректері:

«Қор Орталығы» АҚ, Қазақстан Республикасы, индекс 050091, Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 79 «А», тел. 8 (727) 250-89-60, 250-89-61, факс: 8 (727) 250-16-96, e-mail: fcenter@fcenter-jsc.kz, www.fcenter-jsc.kz

«Қор Орталығы» АҚ-ның филиалдары:

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 130200, Абай көшесі 1 (бұрынғы Өзенмұнайгаз ғимараты, 4 бөлме), тел.: 8 (72934) 6-48-97;

Атырау облысы, Атырау қаласы, индекс 060005, Қарымсақов көшесі, 2А, тел. 8 (7122) 45-86-74.


Қоғамның дивиденттер төлеу мәселелері бойынша хабарласу деректері:

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Қазақстан Республикасы, индекс 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 17, корпоративтік қаржыландыру департаменті, тел.: 8 (7172) 97-75-79, факс: 8 (7172) 97-78-92, e-mail: A.Shalabaeva@kmgep.kz, www.kmgep.kz

«ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ филиалдары:

Өзенмұнайгаз – Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі 3, қазынашылық бөлімі, тел.: 8 (72934) 63-1-67, факс: 8 (72934) 63-3-37;



Ембімұнайгаз – Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов көшесі 1, қазынашылық бөлімі, тел.: 8 (7122) 99-32-62, факс: 8 (7122) 35-41-27, 35-41-34.
Каталог: data -> filedat -> default
data -> Военно-технический и научный потенциал ирана
default -> Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қызмет көрсететін ұйымдардың Қызметкерлер санының нормативі
default -> Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 августа 1998 года №803
default -> 2006 жылғы бірінші жарты жылдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы жөніндегі қорытынды талдау хабарламасы
default -> Объем оказываемых услуг
default -> Совместный приказ Министра финансов Республики Казахстан от 21 декабря


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет