Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет1/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


Қазақтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті

З.Д. Искакова




БАНК ІСІ

Оқу құралы




Қарағанды – 2003


Қазақтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті

З.Д. Искакова




БАНК ІСІ

Оқу құралы

Орысшадан аударған: Б. Семқұл




Қарағанды – 2003

ББК 65.9(2к)2.64


И-83
Искакова З.Д.

Банк ісі. Оқу құралы.

Қарағанды, 2003. - 255 б.
ISBN 9965-633-08-8
Оқу құралында «Банк ісі» пәнінің негізгі тақы­рып­та­ры ұсынылады. Аталмыш оқу құралының мазмұны сон­дай-ақ банк жүй­есі және қазіргі кезеңдегі Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы банктер ту­ралы түсінік беретін тақырыптарды қам­ти­ды.

Банктердің сипаттамасы, олардың қызметтері мен опе­ра­ци­ялары, коммерциялық банктердің балансы, олардың өтімдігі мен төлем қабі­лет­тілігі туралы материалдар жалғастықпен баян­да­лады. Нарықтық экономика жағдайында банктерді басқару по­зи­циясы тұрғысынан маңызды объекті ретінде тәуекелдерді бас­қару мәселелері сөз болады.

Банктік менеджмент, маркетинг пен банктер қызметінің қазіргі заманғы түрлері бойынша да материалдар берілген.

Аталмыш құралда банк тәжірибесінде қолданылатын не­гіз­гі коэф­фи­циенттер арнайы жүйеленіп, ситуациялық есептердің үлгілері кел­ті­ріл­ген.

Оқу құралын жазу кезінде банк ісі бойынша ұсы­­ныл­ған оқу­лықтардан үзінділер сондай-ақ оқу құралдары мен автор­дың лек­ция мә­тін­дері, басқа да дерек көздері: заңдар, анық­тама­лық­тар, сөздіктер пай­да­ланылды.

Оқу құралы студенттерді дистанциондық оқытуға ар­­нал­ған және банк ісінің негіздері қызықтыратын барша оқыр­ман­дар­ға пайдасын тигізеді деген ойдамыз.

ББК 65.9(2к)2.64
Әзірлеуші: э.ғ.к., профессор Искакова З.Д.

Пікір жазғандар: «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінің Қарағанды филиалының директоры М.Қ. Көшімбаев.

э.ғ.к., доцент З.А. Шумеков


И

0605010204

00 (05) 03

© З.Д. Искакова, 2003

© Қазақтұтынуодағы Қарағанды

экономикалық университеті, 2003

ISBN 9965-633-08-8

Мазмұны
Кіріспе .......................................................................................................6

1 - тарау. Нарықтық қатынастар жағдайындағы

өзіндік е­рекшелігі бар кәсіпорын ретіндегі

банктің сипат­та­ма­с­ы­.....................................................…………...8


    1. Банк және банк жүйесі.....................................................8

1.2. Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері....................19

1.3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен

банк заңдылықтары................................................................24

Түйін........................................................................................36

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар.............36

2 - тарау. Коммерциялық банктер................................…....38

2.1. Коммерциялық банктер – банк жүйесі мен олардың қызметінің негізгі буыны.......................................................38

2.2. Коммерциялық банктің балансы және оның құрылымы...............44

2.3. Банктердің пассивтік операциялары және

ком­мер­ци­я­лық банктің ресурстары......................................50

2.4. Банктердің активтік операциялары және коммерциялық банк активтерінің сапасы............................56

2.5. Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлем­қабілет­ті­гі­..........59

Түйін........................................................................................63

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар.............64

3 - тарау. Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі – несиелік өзарақатынастардың негізі ...............................66

3.1. Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі түсінігі…...66

3.2. Әлеуетті қарыз алушы туралы ақпарат және қарыз алушының қаржылық есебін зерттеп-үйрену……………..70

3.3. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін анықтау………………………………………………………74

Түйін…………………………………………………………85

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……….87 4 - тарау. Несие беру жүйесі және оның элемент­те­р­і……...89

4.1. Несие беру жүйесінің элементтері…………………….89

4.2. Банк несиесі және несие беру қағидалары…………...93

4.3. Несие беру әдістері және ссудалық есеп

шоттардың формалары……………………………………..96

4.4. Коммерциялық банктердің несие саясаты……………99

Түйін………………………………………………………..102

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……...102

5 - тарау. Несие беруді ұйымдастыру……………………...104

5.1. Несие операцияларының сипаты…………………….104

5.2. Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы

және несие шартының рөлі………………………………106

5.3. Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы...113

5.4. Несиені қайтару тәртібі және оған бақылау жасау....119

5.5. Несиенің жекелеген түрлерін ұйымдастыру...............127

5.6. Несиенің қайтымдығын қамтамасыз ету формалары....133

Түйін………………………………………………………..135

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……...136

6 - тарау. Банк тәуекелдері...............................................138

6.1. Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі......138

6.2. Банк тәуекелдерінің түрлері.........................................145

6.3. Сыртқы тәуекелдер.......................................................149

6.4. Ішкі тәуекелдер..............................................................155

6.5. Банк тәуекелдерін басқару және оларды азайту тәсілдері................................................................................165

Түйін……………………………………………………….172

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……...174



7 - тарау. Шетелдік және отандық тәжірибеде пайдаланылатын қаржылық коэффициенттер...........176

8 - тарау. Банктік менеджмент.........................................186

8.1. Банктік менеджмент түсінігі........................................186

8.2. Банктік менеджменттің ерекшеліктері........................189

8.3. Банктік менеджменттің негізгі бағыттары..................193

Түйін………………………………………………………..197

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……...198



9 - тарау. Банктік маркетинг...........................................200

9.1. Маркетинг анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері.........200

9.2. Банктік маркетинг қызметінің түрлері мен тәсілдері............204

9.3. Банктік маркетингті дамыту бағыттары.....................210

Түйін………………………………………………………..211

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……...212



10 - тарау. Клиенттерге қызмет көрсету бойынша коммерциялық банктердің операциялары...................214

10.1. Лизингтік операциялар……………………………...214

10.2. Факторингтік операциялар………………………….220

10.3. Трасталық операциялар……………………………..227

10.4. Банктердің халықаралық операциялары…………...229

10.5. Валюталық операциялар……………………………231

10.6. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар……...239

Түйін………………………………………………………..242

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар……...244

11 - тарау. «Банктік іс» курсының негізгі тақы­рып­та­ры­на ахуалдық есептер …………………………………246

Қорытынды……………………………………………….252

Пайдаланылатын әдебиеттер …………………………..253
КІРІСПЕ
Нарықтық экономика жағдайындағы банк ісі барлық елде шешуші рөл атқарады. Оның себебі, банктер, қо­ғам­ның экономикалық өмірінде ақша қозғалысын байланыс­ты­ру­шы буын, несие-есеп айырысу қатынастарындағы дел­дал болып қатысады, ақша, валюта, төлем жасау опе­ра­ция­лары және т.б. салада көптеген қызметтер көрсетеді.

Банк ісін қаржы-несие жүйесінің мамандары, сол сияқ­ты қаржы менеджерлері, кәсіпорындардың басшы­ла­ры, заңгерлер және қарапайым азаматтар оқып-үйренулері қажет. Өйткені, банк ісін білу банктердің клиенттермен өзара қатынасын неғұрлым сапалы түрде құруға мүмкіндік бере отырып, әріптесті жақсарта түседі.

«Банк ісі» пәні – экономика және қаржы ғылым­дарының маңызды бөлімі болып табылады, банктің өз бағалы қағаздарының, ақша, несие және қор биржа­ла­рының қызметімен байланысты қатынастарды зерделейді.

Банк ісі макроэкономикамен және микроэкономи­ка­мен байланысты. «Ақша, несие және банктер», «Бағалы қа­ғаздар нарығы», «Банктердегі есеп пен есеп беру» пән­де­ріне сүйенеді. Пән шаруашылық жүргізуші субъектілерге несие беру аясындағы практи­калық міндеттерді шешу, тө­лем­дерді және ақша аударым­дарын, валюталық опе­ра­ци­я­лар мен бос ақша капитал­дарын жұмылдыруды жүзеге асыру позициясы тұрғысынан оқытып-үйретіледі. Банк ісі сон­дай-ақ банкті және оның қызметін басқару тұрғысынан да қаралады. Банктер нарықтық бәсекелестік жағдайында әр­қашанда тәуекел аймағында жұмыс жасайды, сондықтан да ол банктік менеджмент пен банктік маркетинг білімін та­лап етеді.

Студенттерге ұсынылып отырған аталмыш оқу-тә­жірибелік құралында «Банктік іс» пәнінің негізгі тақы­рыптары қысқа редакцияда көрініс тапқан.

Тараулардың мазмұнынан банк ісінің, яғни қазіргі кезеңдегі отандық банк жүйесінің маңызды қырларын түсініп, Қазақстандағы банк ісінің қалыптасу кезеңдерін бағамдауға болады.

Сондай-ақ аталмыш құралға енгізілген тақырыптар мә­селенің теориялық және практикалық нақтылы жақ­та­ры­мен танысуға мүмкіндік береді, қосымша әдебиеттермен, банктердің нормативтік құжаттарымен жұмыс жасауға көмегін тигізеді.

Автор осы оқу-тәжірибелік құралын жазу кезінде банк ісінің негізгі дерек көздеріне, аталмыш сала бойынша жазылған оқу құралдары мен әзірлемелерге сүйенді. Бүкіләлемдік банктің ЭДИ (ИЭР) материалдары, Қазақстан Республикасының банк қызметі жөніндегі заңдық және нормативтік ережелері пайдаланылды.



1 - ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР КӘСІПОРЫН РЕТІНДЕГІ

БАНКТІҢ СИПАТТАМАСЫ

«Банк» және «банк жүйесі» түсініктерінің мазмұнын ашу, банктердің қызметі мен олардың ұйымдық-құқықтық қалыптарының теориялық негіздерін түсіну - тараудың негізгі мақсаты болып саналады. Осыдан шығара отырып, нарықтық қатынастар жағдайындағы өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретіндегі банкке анықтама беріледі, банктердің ұйымдық негіздері мен банктерді ашу тәртібі көрсетіледі. Студенттер үшін қазақстан Республика­сын­да­ғы банк жүйесінің құрылымы мен банк заңдылықтарының мазмұны келтіріледі.


Әдебиеттер: Ә-1, 2; Ә-6; Ә-8; Ә-30.

1.1. Банк және банк жүйесі
Банк – көне ұғым болып саналады және оның көрінуі ақшаны айырбастау, қарызға ақша беру, өзгелердің ақ­ша­ларын шоғырландыру туралы ойлардың пайда болуымен байланысты болды. «Банкті» сөзбе сөз аударғанда, ақ­ша­мен операция жасалған «тақтайша орындық» («скамья») ұғымын білдіреді.

Көптеген өзгерістер мен қайта құруларды басынан өт­ке­ре отырып, банктер капитализм дәуірінде неғұрлым айқын ұғымға ие болды. XV-XX ғасырлардағы көптеген елдердің экономикалық тарихы банктердің көбеюін, жаңа банктердің пайда болуын және олардың қызметтерінің то­лы­ға түсуін, банктердің сыртқы жағдайлар мен фак­тор­ларға тәуелділігін, сонымен бір мезгілде олардың елдердің экономикасына, операциялардың ұлғая түсуі мен банктер рөлінің артуына өлшеусіз әсер етуін дәлелдей түседі.

Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағ­дай­ын­да барған сайын «кәсіпорын» ретінде көбірек қаралатын болды. Кез келген кәсіпорын сияқты банк өз қызметінің маңызды түрде өзгеше көрінуі жағдайында, тұтынушыларға нақтылы қызмет көрсететін, өзінің өнімін алға жылжытуды жүзеге асыратын дербес заңды тұлға болып қала беретін болады және ол кіріс пен пайда алуға мүдделі баланс жасайды, мемлекетпен есеп айырысуды жүзеге асырады.

Банктерге: сауда кәсіпорны, делдалдық кәсіпорын, не­сие беру кәсіпорны, коммерциялық кәсіпорын биржа­лар­дың агенті түріндегі делдал, мемлекеттік басқару тетігінің бір бөлігі болып табылатын әріптес ретіндегі кәсіпорын түрінде сипаттама беру ақылға сыйымды болып саналады. Әрбір жеке айқындамалар тұрғысынан қаралатын банк­тер­ді ең алдымен орындайтын операцияларының сипаты, банк жүйесіндегі банктердің деңгейі және елдің ақша, қаржы ресурстарына қатынасы бойынша бөліп көрсетудің маңызы зор. Бұл – орталық және эмиссиондық банктер, коммер­ция­лық банктер, мамандандырылған қаржы-несие институт­та­ры болуы мүмкін.

Банктердің үлгілеріне қатысты әрбір жеке банктің толық сипаттамасын берген жөн:

Банк сауда кәсіпорны ретінде айрықша тауар-ақша­мен сауда жасайды, осыған орай сату кезінде өзі үшін кіріс ала­ды және сатушыларға сыйақы төлей отырып, сатушы­лар­дан ақша ресурстарын өзі сатып алады. Банк материал­дық саладағы басқа кәсіпорындардан нарықтық ортадағы тауар ретіндегі ақшаның өзгешелігін, банк өзінің тауарын айрықша бағаға сата отырып, оның жаңа құнға айналып өсуі арқылы қайтатындығын күтетіндігімен ажыратады.

Банк салымшыларының ақша қаражаттарын өзіне тартып, оларды пайыздармен және қызмет көрсетудің са­па­сымен қызықтыра отырып, айрықша тауар ретінде ақшаны сататын өзінің босалқы қоры (запасы) мен ресурстар қорын толықтырады.

Коммерциялық банктер сауда кәсіпорыны ретінде атал­мыш сипаттаманы жеткілікті түрде айқын да дәл растай түседі. Банк ақшамен сауда жасаудан тысқары, ресурстар түрінде әртүрлі елдердің валютасын, алтынын, басқа қымбат металдарын сатып алады және сатады. Дәл осы жағдайда, мұны елдердің орталық банктеріне тән деуге болады.

Банк – делдал кәсіпорын ретінде өз операцияларының сыртқы белгілері арқылы емес, қызметтерінің маңыздылы­ғы­мен ерекшеленеді. Ақша қаражаттарын сақтау үшін клиенттердің бүкіліне есеп айырысу және ағымдағы есеп шоттарын аша отырып, банк ресурстар шоғырланатын «сый­ым­ды ыдысқа» айналады. Бұл жерде банк есеп-шот иелерінің алдында өзіне үлкен міндеттемелер қабылдаумен қатар несие беру, есеп-шоттарға төлем жасау, ақша аудару бойынша операциялар жүргізетін ресурстармен «сыйымды ыдысты» толтыруға өзі де мүдделілік танытады. Бір мез­гіл­де есеп-шоттарда қарыз алушылардың, кредитор­лар­дың ақша қаражаттарын сақтаушы ретінде қатыса отырып, банктер өз кезегінде делдалдық қызметті басқа опе­рация­лар­дан оқшау тәртіпте емес, өз клиенттерінің мүдделе­рі­мен өзарабайланыста орын­дайды. Осыған орай ресурстар­дың салымшы-сату­шы­ла­ры ретінде банктер клиенттердің мүдделері туралы ұмы­тып кетуіне болмайды. Осындай жағдайда ғана банктер елдің экономикалық өмі­рін­де, нарықтық қаржылық ортада делдал ретінде өзінің қызметін сақтай алатын болады.

Банк – несие кәсіпорны ретінде логикалық және мерзімдік тұрғыдан да «несие» түсінігімен өзарабай­ланыс­ты. Қоғамдағы экономикалық қатынастарды білдіреді және ссудалық капиталдың қозғалысын көрсете отырып, несие өзінің мазмұнында көптеген сипаттарға ие болады және оның іс жүзінде өзін көрсетуіне айрықша институт-банктер өз әсерін тигізеді. Банктер сауда, делдалдық опера­цияларды жүзеге асыра отырып, көп дәрежеде несие операцияларымен байланысты болады. Олар несие әлеуетін (потенциалын) жасау мақсатымен қарыз беруші болып қатысады, қарыздар, пайыздар бойынша өзіне міндеттемелер алады, сондай-ақ елдегі негізгі несие орта­лы­ғы болып саналады, соның негізінде барлық шаруа­шы­лық жүргізуші субъектілерге несие беру есебінен банктің негізгі табыс көзі болып саналатын салым­шылардың уақытша жұмылдырылған ақша қаражатын өзінің нақты ісіне сала отырып, сыйақылар алады. Банктің несие қызметі өзгеше кәсіпорын ретіндегі банктің қызмет істеуі үшін неғұрлым беделді қызмет түрі болып саналады. Бұл әсіресе екінші деңгейдегі банктерге тән.

Банк – коммерциялық кәсіпорын ретінде өзінің сауда, делдалдық, несие беру операцияларын жүзеге асырып, есепті кезеңге баланс жасап, табыс алуға деген өзіндік мүддесін таныта отырып, пайда табады және ол оған мүдделі болып табылады. Банктің шығынды қызметі нарықтық ортадағы оның толық банкроттық жағдайын көрсетеді және банктерді жабу үшін негіз болып саналады. Сондықтан да банктер өздерінің қызметін орындау және көптеген операцияларды жасау кезінде коммерцияның маңызды қағидаларынан ұстанады: онсыз банк өмір сүруін тоқтататын пайдаға қол жеткізуді; жоғары кірістілікті қамтамасыз етеді; банктің пассив балансы бойынша қатыстырылыған қаржылар үлесінің артуымен банк ресурстарының тез айналым жасаушылығына жетуді; өз мүдделері мен клиенттердің мүдделері үйлесім тапқан жағдайда, соған орай соңғыны алдыңғы орынға жылжыта отырып, банк ісіндегі тәуекелді төмендетуді көздейді. Банктер клиенттердің ақша, қаржы операцияларына қызмет көрсету үшін құрылады және өндірісті кеңейтуге, ссудалық капиталдың қозғалысына қызмет етеді.

Банк биржалардың агенті ретінде делдалдық, несиелік операциялардан соң, бағалы қағаздарды сатып алу бойынша неғұрлым маңызды операцияларды орындайды. Банктерге берілетін мұндай сипаттама, бағалы қағаздар нарығының функционалдық қызметі банктермен белсенді өзарабайланыссыз қаралмайтын әлемдегі қазіргі (ХХ ғасырдың аяғы) кезеңге тән болып саналады. Банктер, өздерінің бағыттаушылығын дамытып, ықпалын кеңейте отырып, қағаздар нарығының бір бөлігіне айналады, капиталдарды инвестиялау бойынша ірі операцияларды жүзеге асырады, бағалы қағаздардың түрлерін бастапқы және қайталап орналастыруда нарыққа қатысушылардың тапсырмаларын белсенділікпен орындайды. Банктің қор операцияларын жүргізуі мен елде және одан сыртқары жерлерде бағалы қағаздарды жеткізетін делдалдар ретінде қатысуы қор нарықтарындағы агенттер ретіндегі банктердің рөлін берік бекіте түседі.

Банк автономиялы кәсіпорын ретінде бекітілген заңдық және экономикалық қалыптар негізінде елде өз қызметін жүргізеді және банктерді құру мен оның қызметінің негізгі қағидаларын айқындайтын өзіндік құқықтық негізге ие болып табылады. Банк операцияларын жүзеге асырудың құқықтық негіздері, клиенттермен, мемлекетпен, банкішілік жүйемен өзарақатынастардағы банктердің құқығы мен жауапкершілігі әр елдегі банк және банк қызметі туралы заңдармен айқындалады. Нарықтық экономикасы дамыған әлем елдерінің заңдарында банктер­дің, әсіресе меншікті ресурстармен, яғни нормативтер мен заңдарда көрсетілген клиенттер мен мемлекет алдындағы міндеттемелерді экономикалық нормативтер шегінде орындаумен, әртүрлі салалардағы салымшылардың тар­тыл­ған ақша қаражаттарының үлкен үйлесімімен жұмыс істейтін коммерциялық банктердің экономикалық автоно­мия­лығы тарихи түрде атап көрсетіледі. Банк туралы заң­дар нарықтық қатынастардағы олардың экономикалық мүд­де­ле­рін қорғайды, сонымен бірмезгілде елдегі эко­но­микалық мәселелерді шешудегі банктердің іс-қимылын шектейді.

Банк әріптес ретінде қызметін өзгеше жүргізе оты­рып, клиенттермен өзінің қатынасын өзара тиімді жағдай­лар­ға, коммерциялық жоспар мен қатынастарға құрады. Жалпыға белгілідей, банктер клиенттер үшін және өзінің көр­сететін қызметі арқылы олардың талап-тілектерін қана­ғаттандыру үшін құрылады. «Барлығы клиенттер үшін» қағидасы тәжірибе жүзінде банктердің рөлі мен орнын төмендетпейді, қайта, банктер салымшыларға, қарыз алу­шы­ларға, сондай-ақ есеп-шоттарын жүргізуге әртүрлі дең­гей­дегі кәсіпорындарға қызмет көрсете отырып, өз клиент­те­рінің әріптестеріне айналады. Клиент пен банк ара­сын­дағы өзара сенім ғана бірінші кезекте өзін ұстап тұруға жә­не екіншіден, банктерге қаржылық қолдау көрсетуге қабі­летті болып саналады. Сондай-ақ нарықтық экономика жағ­дайын­да банктер қауқарсыз клиенттермен берік эконо­микалық өзарабайланыс орната алмайды, шығынды кәсіпо­рын­дармен әріптестік ынтымақтастық ор­на­туға онша мүд­делілік танытпайды. Банктердің коммер­ция­лық бағыт­тау­шы­лығы заңдар мен нормативтер шегінде клиенттерден бан­кінің қызмет үшін ақы талап етуге, несие үшін пай­ыз­дар алуға мүмкіндік береді, осыған орай банктер кәсіп­орын­дардың іскер қаржылық әріптестері болып қатысады.

Банктер мемлекеттік басқару тетігінің бөлігі ретінде ша­шыранды капитал мен ақша қаражаттарын жұмыл­ды­рып, оларды қаржы ресурстары түрінде орталықтандыра отырып, бұл қаржыларды тұтастай экономиканы, өндірісті дамытуға жұмсалатын қаражатқа деген нақтылы, объектив­ті қажеттіліктерге бағыттайды, оларды мемлекет мүдде­лілік танытып отырған инвестицияларға салады. Өзінің барлық операцияларын шаруашылық саласындағы есеп айырысу мен төлемдер бойынша, шаруашылық жүргізуші субъектілерге (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар және кәсіпкерлер) несие беру бойынша жүзеге асыра отырып банктер біршама дәрежеде клиенттердің есеп-шоттарынан ақша қаражаттарының жеке банктен алынған ссудалардың жұмсалу дұрыстығына бақылаушы болып қатысады. Банктердің қолындағы ақшалар эко­но­ми­каны басқарудың белсенді құралы болып саналады. Елдегі бүкіл ақша мен қаржы ресурстары ақыр соңында қалай, қандай түрде пайдаланылады, несие берудің экономикаға беретін қайтарымы қандай, банк операциялары мен қызметтерінің өндіріс пен айналым саласының дамуына, елдің және оның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін оң әсері қандай екендігіне мемлекет бей-жай қарай алмайды.

Бүкіл әлемдегі банктер нарықтық экономика жағдай­ын­дағы өздерінің функционалдық қызметтерінде банктер жүйесінің жалпы қағидаларына сүйенеді.

Егер оларды банк түрлері бойынша қарастыратын болсақ және әртүрлі белгілеріне қатысты үлгілері (типтері) бойынша бөліп көрсететін болсақ банктерге берілетін сипаттама да неғұрлым толық бола түседі.

Әлемдегі қазіргі заманғы банк жүйесі күрделі, көп буынды құрылым болып саналады. Клиентке көрсетілетін қызмет сипатының базалық ұқсастығы, мемлекеттің қаржы саясатымен өзарабайланыстылығы оның негізі болып қызмет етеді.



  1. Ақша эмиссиясына құқығы бар мемлекеттің орталық банкісінің міндетті түрде болуы.

  2. Қызмет көрсету сипаты мен даму деңгейінің көптеген белгілері бойынша топтастырылған коммерциялық банктер.

  3. Әртүрлі қаржылық топтарды, компанияларды, ұсақ са­лым орталықтарын енгізетін мамандандырылған қаржы институттары.

Мемлекеттің орталық банкі – бұл мемлекеттің қаржы саясатымен тығыз өзара байланыста қызмет істейтін, негізі бойынша мемлекеттік ұлттық банк.

Елдегі ақша айналымын коммерциялық банктер мен банк жүйесінің басқа буындары деңгейінде және оған қыз­мет көрсету кезінде үкімет деңгейінде несиені басқару, ор­та­лық банкті банктердің барлық басқа түрлерінен өз­ге­ше­леп тұрады. Ұлттық ақша-несие, қаржы саясатын жүргізе отырып, орталық банк елдің басты банкі болып саналады.

Коммерциялық банктер нарықтық қатынастардың бел­­сенді қатысушылары ретінде, операциялар мен қыз­мет­тер­­дің көптеген түрлері арқылы іскер банктер түрінде қатысады. Олардың көмегімен клиенттерге қаржылық қыз­мет көрсетуде активті және пассивті операциялар жасау, есеп айырысуларды жүзеге асыру кездерінде ссудалық капиталдың ауысуы болады.

Мамандандырылған қаржы институттары (сақтан­ды­ру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық ком­па­ниялар, сақтық мекемелері, тұтыну және ипотекалық несие қоғамы, несие одақтары, несие кооперативтері, қаржы үйлері, ломбардтар және т.б.) ақша капиталы мен қаржы ресурстарының нақты нарығында қызмет істейді, көпшілік жағдайда клиенттерге тікелей несие берумен айна­лыс­пай­ды, ал ақша капиталын тарту мен орталық­тан­ды­рудың түрлері олардың атқаратын қызметтік міндет­те­ріне бай­ла­нысты болады.

Банктерді банк жүйесінің үш негізгі тобы бойынша бөліп көрсете отырып, ақша, қаржылық капитал қатынас­та­ры нәтижесінде пайда болатын топтар арасындағы айқын өзарабайланысты анықтау аса маңызды болып табылады. Бұл ақшаның есеп-шотқа бастапқы салынған сәтінен бастап оның қозғалысын, қаржыландыру мен несие беру­дің түпкі көздері болып қатысып, ресурстар мен қаржы капиталын құра отырып, сондай-ақ ауысу сатыларынан өту арқылы банктердің басқару объектілері болып саналатын­ды­ғын білдіреді. Банктер өздері арқылы өтетін бүкіл ақша қаражаттарының тиімді пайдаланылуына мүдделілік таны­та­ды, өйткені бұл қаржылар табыс әкеледі, қаржы капи­та­лы мен ресурстардың жинақталуына қызығушылықты арттырады.

Банктерге олардың үлгілері (типтері) бойынша толық сипаттама берген жағдайда банк ісіндегі күрделі проб­ле­ма­лар бой көтереді. Аталмыш жағдайда елдің эконо­ми­ка­лық дамуындағы оның рөлінің көрінуіне, қызметтерді орындау мен операциялар жасауына тікелей әсерін тигізетін банк «құрылымын» білудің айрықша маңызы бар.

Төменде әртүрлі белгілері бойынша барлық елдер үшін ортақ болып табылатын банк үлгілерінің (типтерінің) сипаттамасы келтіріледі:


  • қызметтік белгіленуі бойынша банктер: эмиссион­дық, депозиттік және коммерциялық;

  • меншік нысандары бойынша банктер – мемлекет­тік, кооперативтік, жеке меншік, аралас;

  • мамандануы бойынша банктер – салалық, әм­бе­бап, өнеркәсіптік, сауда, ауыл шаруашылық, ин­вес­ти­циялық;

  • арнаулы міндеттерді орындау бойынша банктер – инно­вациялық, өзара көмек кассалары, сақтан­ды­ру қызметтері;

  • аумақтық белгілері бойынша банктер – калалық, му­­ниципалдық, аймақтық, мемлекет аралық бо­лып бөлінеді.

Барлық елде әр елдің қаржылық, банктік жүйесінің та­биғи даму процесі болып саналатын банктердің әртүрлі үй­лесімдегі алуан үлгілері қызмет істейді. Банктердің жо­ға­рыда атап көрсеткен жіктеуінің бірде бірі өздігінен банк ісін тежемейді, қайта, банктер қызметінің мазмұнын, жа­са­ла­тын операциялар мен көрсетілетін қызметтердің сипа­тын, сондай-ақ салалар мен аймақтарды дамытудағы, қар­жы капиталын жинақтаудағы және т.б. банктердің рөлін ашып көрсетеді.

Нақты тәжірибеде көпшілік дамыған елдер банктер­дің үлгілерін сипаттау кезінде банктерді көтерме және бөлшек банктерге бөледі.

Көтерме банктер, негізінен, бұл үкіметтің айрықша рұқсатымен қызмет істейтін ірі коммерциялық банктер, олар қол ақшаларды басқаруды валюта айырбасын жүзеге асырады және қаржылармен сауда жасайды, трасталық опе­рацияларды орындайды, өнеркәсіп, сауда саласына не­сие береді. Мысал үшін, АҚШ-тағы көтерме банктер федералдық үкімет шешімінің негізінде, андеррайтингтік операциялардан өзге, ірі көлемде көрсетілген операция­лар­ды орындайды. 1993 жылы коммерциялық банктер ин­вес­ти­­ция­лық банктерден бөлініп шықты.

Бөлшек банктер – бұл есеп айырысулар бойынша, шағын, орта бизнеске несие беру, жеке салымшылардың қаржыларын тартуда көптеген операцияларды жүзеге асыратын шағын, жергілікті банктердің жүйесі.

Көрсетілетін қызметтер мен техникалық сипатта­ма­ла­ры­ның жиынтығы тұрғысынан банктердің үлгілерін (тип­те­рін) анықтау кезінде оларды инвестициялық, сауда, әм­бе­бап банктерге бөлуге болады:

Инвестициялық банк – оны белгілі баға бойынша толық немесе жартылай алуға кепілдік беру негізінде клиенттің шығарған бағалы қағаздарын бастапқы болып орналастыру қызметін жүзеге асырады, осыған орай банк бағалы қағаздар эмиссиясы кезіндегі тәуекелді өзіне алады. Банк андеррайтер ретінде қатысады.

Банк сондай-ақ консалтингтік қызметтерді дамытады. Мысал үшін, инвестициялық банктер АҚШ-тың қаржылық жүйесінде ерекше орын алады.

Сауда банкі – бағалы қағаздарға ие болғанда, компа­ния­лардың қосылуы жағдайында коммерциялық қызмет көр­­се­теді. Несиемен сауда жасау делдалы болып қатысады. Өздері ресурстарды сатып ала отырып, банктер қажетсін­гендерге қарыздар береді. Белгілідей, сауда банктері Еу­ро­па­да (Ұлыбританияда) даму алды және оларды АҚШ-тағы ин­вестициялық банктердің ұқсастығы ретінде қарау­ға бо­ла­ды. Қазіргі уақыттағы сауда банктерінің қызметі ба­рын­ша жеке ыңғайда қаралады (банк есеп-шоттарын жүр­­гі­зу­ден бастап қор биржасындағы, алтын нарығындағы, ва­лю­та нарығындағы операцияларға, сақтандыру компа­ния­ларын және тіпті тауар операцияларын басқаруға дей­ін­гі).

Әмбебап банк - өзінің қызметінде дәстүрлі банктік операцияларды (несие беру, депозиттер, есеп айырысу-кассалық қызметтер) бағалы қағаздар операцияларымен (брокерлік, дилерлік, инвестициялық банк ісі), қаржылық емес компаниялардың капиталына тікелей салымдар салумен, сақтандыру операцияларымен қосып атқарады. Банктің мұндай үлгісі Еуропада кең түрде таралған (ең алдымен Германияда, Францияда, Швейцарияда). Банктер­дің көрсететін қызметі мен жүзеге асыратын операция­ла­рына ең аз мөлшерде шектеулер қойылған, олардың коммерциялық және инвестициялық істі бөліп көрсететін заңдары жоқ.

Банктерді тұтастай сипаттай отырып, әрбір елдің өз банк жүйесі бар екендігін білу көзделеді. Банк жүйесі – бұл банк заңдылықтары негізінде банктерді құру мен оны да­мы­тудың, олардың қызметі мен операцияларының барлық қырын қамтитын кең ауқымды ұғым болып саналады.

Банк жүйесі отандық (ұлттық), аймақтық және әлемдік болып ажыратылады. Онсыз банктің қызмет істеуі мүмкін емес, жалпыға бірдей танылған қызметтік белгілер мен қағидалар жүйесінің негізі болып қызмет етеді.

Әр елдегі банк жүйесі сол елдің экономикасымен, қоғам бағытымен өзара байланыста дамиды және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың маңызды элементі болып қатысады.

Өзіне орталық банкті, екінші және үшінші деңгейдегі іскерлік банктерді енгізетін банктер жүйесінің барлық елдерде өз құрылымдары бар, жекелеген операцияларды жүзеге асыруда өзіндік ерекшеліктерге ие, сонымен бірге банк ісіндегі жалпыға бірдей танылған заңдар мен талап­тарды басшылыққа алады.


Каталог: images -> stories -> Biblioteka -> na%20sait%20posob -> na%20rus
stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
stories -> Ұсыныс беруге шақыру
stories -> Тендерге қатысуға шақыру
na%20rus -> Внешнеэкономическаядеятельностьфирм ы 1999 год
Biblioteka -> Клуб чемпионов


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет