Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Несиенің қайтымдығын қамтамасыз



жүктеу 2.75 Mb.
бет10/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16

5.6. Несиенің қайтымдығын қамтамасыз

ету формалары
Банктер несие беру процесінде ссудаларды қамта­ма­сыз етуге, қарыз алушының дебиторлық және кредиторлық борыштарының өзгеруіне, нақты қорлар мен шығындардың жай-күйіне жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруға мін­детті. Банкте оның берген ссудаларын тиісті өтеусіз қор­лар мен шығындардың қалдықтарын төмендету және кре­диторлық төленбеген қарыздардың өзгеруі туралы мәлі­мет­тер бар болған жағдайда банк қойма және бухгалтерлік есеп деректері бойынша немесе ақша орнына төлем құралы ретінде берілетін зат түрінде қарыз алушының несиемен қамтамасыз етілуін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.

Несиемен қамтамасыз етуді тексеру баланс дерек­те­рі­нің көрсеткіштері негізінде банктің мүддесі үшін жүргізі­леді. Бұл тұрғыда мынаны атап өту көзделеді: ссуданы өтеу жөніндегі кесте сақталып отырса, қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты болса, банк меңгерушісінің шешімі бойынша тексеріс жүргізілмеуі мүмкін.

Несиені қамтамасыз етуге өндірістік қорлардың қал­дықтары, аяқталмаған өндіріс, баланстық құны бойынша дайын өнімдер, сондай-ақ төлем мерзімдері келмеген, түсірілген және өткізіліп берілген тауарлар қабылданады. Осыған орай жолдағы тауар-материалдық құндылықтар несие шартында келісілген мерзімдер шегінде қамтамасыз етуге қабылданады.

Ұзақ жылдар бойы қолданылған қысқа мерзімдік несиелер беру ережелеріне сәйкес, келесілер ссуданы қамтамасыз етуге қабылданбайды:



  • несие беру үшін белгіленген мерзімдерден ұзақ жолда болған тауар-материалдық құндылықтар;

  • сақталу жағдайы олардың бүлінбеуін қамтамасыз етпейтін тауар-материалдық құндылықтар мен өнімдер;

  • сақталу мерзіміне қатыссыз түрде өндірісте пай­да­ла­на алмайтын немесе тұтынушылардың сұраны­сы­на ие емес тауар-материалдық құндылықтар мен өнімдер;

  • қозғалыссыз ұзақ уақыт сақталған тауар-мате­риал­дық құндылықтар, сондай-ақ шектеулі түрде ғана өтетін материалдық құндылықтар мен қызметтер.

Қамтамасыз етуге қабылданатын материалдық қорлар мен өндірістік шығындардың жалпы сомасынан креди­тор­лық борыштар шығарып тасталады. Қамтамасыз етудің тө­лен­ген қалдығы айналым қаржыларын құрайтын меншікті көздер сомасына азаяды.

Қамтамасыз етілмеген борыш қарыз алушының есеп айырысу шотынан өндіріледі, ал есеп айырысу шотында қаржы болмаған жағдайда, кешіктірілген ссудалар есеп шотына жатқызылады. Осыған орай банк қарыз алушыға одан әрі несие берудің дұрыстығы туралы мәселені жедел түрде қарап шешеді.

Артығымен қамтамасыз етуге арналған ссуданы жал­пы белгіленген тәртіпте сол күнгі ссудаларды шұғыл өтеу­ге бағыттау арқылы, содан соң кешіктірілген ссуда­лар­ды өтеуге, ал қалған сомасын – есеп айырысу шотына бе­ру­ге болады.

Ссудалар бойынша берешектердің өтелуін қамта­ма­сыз етуді тексеру нәтижелері бойынша нақты жағдайларды ескере отырып, мекеме басшысы ссудалар беруге рұқсат ету құқығын иеленеді.


Түйін
1. Несие операциялары – бұл несие берушінің ақы­лық, жеделдік, қайтымдылық, қамтамасыз етушілік жағ­дай­ында қарыз алушыға белгілі бір ақша қаражаты со­ма­сын беру бойынша қатынасы.

2. Банк несиелері: мақсаты бойынша; өтеу мерзімдері бой­ынша; қамтамасыз етушілік түрлері бойынша; пайыз­дық ставка түрлері бойынша жіктеледі.

3. Несие беру – оларға сауда, кәсіпкерлік қызметті және пайда табуды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операциясы.

4. Қарыз алушыға несие беру кезінде несие шартын жасау коммерциялық банктің несие саясатының маңызды процесі болып қатысады.

5. Несие шарты – бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқығы мен міндеттері көрсетілетін банк пен қарыз алушы арасындағы контракт.

6. Қазақстан Республикасының банк практи­ка­сын­дағы несие шарты белгілі бір кесте бойынша арнайы құ­жат ретінде әзірленеді және коммерциялық банктер ере­желерге сүйене отырып, оны талаптарға сәйкес ресімдейді.

7. Несие беру процесі несиені мезгілінде және толық өтеу, ссудалық пайызды төлеу үшін өндірістік және қаржы мүмкіндіктерін қалай реттеу керектігі жөнінде қарыз алу­шы­ны міндеттейді.

8. Несиенің неғұрлым кең таралған түрлері болып мы­налар саналады: мақсатты, ипотекалық, тұтыну, конто­кор­рентті, банкаралық несиелер.

9. Несиені өтеу тәртібі несие шартында қосымша ескертіледі. Оны өтеу клиенттің жедел міндеттемелерінде көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Несие шартындағы «Банк – несие берушінің құ­қы­ғы мен міндеттері» бөлімінде қандай мәселелер қа­ра­лады?

а) ссуданы мақсатты пайдалану

ә) ссудаға пайыздық ставканың өзгеруі

б) пайдаланылатын капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу

в) несиені өтеу кестесі бойынша ссудаларды қайтару тәртібі

г) барлық жауаптар дұрыс.


  1. Банктің қарыз алушымен несиелік өзарақатынасы қандай құжаттармен реттеледі?

а) ссуда беру жөніндегі өтініш

ә) клиенттің қаржылық есеп беруі

б) қарыз алу үшін кепілге беру шарты

в) несие шарты

г) өтеу бойынша жедел міндеттемелер.


  1. Несие операцияларын бірлесе отырып жүзеге асыру үшін бір ірі банктің атынан топтасқан екі немесе одан да көп банктердің беретін несиесі:

а) коммерциялық несие

ә) овердрафт

б) консорциалды несие

в) онколды несие

г) банкаралық несие


  1. Тұтыну несиесі – бұл:

а) тұтыну кооперациялары үшін берілетін несие

ә) тауарларды бөліп-бөліп төлеу арқылы сатып алу, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін ұзақ мерзімдік несиелер

б) еңбекақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін несие

в) сыйақысыз берілетін несие

г) бағалы қағаздарға кепілге берілетін несие.


  1. Кепілдік беруден кепілдік немен өзгешеленеді:

а) қарыз алушы үшін жауапкершілікті оның мұрагерлері көтереді

ә) қарыз алушы үшін жауапкершілікті оның жоғары тұрған ұйымы көтереді

б) қарыз алушы үшін жауапкершілікті кепіл немесе кепілдік беруші көтереді

в) жауапкершілік кепілдік берушіде қалуын жалғастыра береді

г) дұрыс жауабы жоқ.

6 - ТАРАУ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІ
«Банк тәуекелдері» түсінігін зерделеу, банк ісіндегі тәу­екелдің пайда болуына әсер ететін тәуекелдер мен фак­тор­лардың күрделі сипатын ашып көрсету аталмыш тарау­дың басты мақсаты болып саналады. Банк тәуекелдерінің ма­ңызын ашу, банк тәуекелдерінің түрлерін, тәуекелдерді басқару мәселелерін қарау, оқу материалдарындағы тәуе­кел­дер бойынша теориялық ережелерді көрсету жо­ға­ры­дағы мақсаттардан туындайтын міндеттерге жатады.
Әдебиеттер: Ә-6; Ә-7; Ә-10; Ә-25; Ә-31.
6.1. Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, ша­руа­шылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері бас­ты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарық­та­ры­ның конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қаты­нас­тар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.

Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді.

Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.

Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.

Егер:

проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;



банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (ком­мер­циялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) алдыға жаңа міндеттер қойылған болса;

басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қа­жет­ті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашар­ла­та­тын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;

банк қызметінің тәртібі немесе заңдардың жетіл­діріл­мегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.

Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәу­е­кел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:



  1. көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра ша­руа­шы­лық байланыстарының жойылуымен байланыс­ты экономиканың дағдарысты жағдайы;

  2. Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;

  3. кейбір негізгі заң актілерінің жоқтығы немесе же­тіл­дірілмегендігі, база мен нақты ахуал ара­сын­да­ғы сәйкессіздік;

  4. инфляция.

Бұл жағдайлар туындайтын банк тәуекелдері мен олар­ды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Де­ген­мен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олар­дың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проб­ле­ма­лар­дың болуын жоққа шығармайды.

Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.



Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:

Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.

Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.

Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қа­те­лік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше тү­сін­ді­ріледі.



Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып сана­л­а­ды:

  • белгісіздік;

  • баламалықты таңдаудың қажеттілігі;

  • баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.

Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағ­дай­­ында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәй­кес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру са­ты­сын­да өмір сүреді.

Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.



Қарамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Бі­рін­шіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеу­ші­лік­ке әкеледі.

Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.

Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.

Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұ­жы­рым­дамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжы­рым­дама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы не­месе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъек­тив­ті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен бо­луы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұс­қа­ларын таңдауына негізделетін тұжырымда болып сана­ла­ды.

Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүм­кін­дігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сон­дық­тан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономи­ка­лық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аудары­луы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекел­де­рі­нің жіктеуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, сая­си және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.

Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:



  1. коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;

  2. клиенттердің құрамы;

  3. банк тәуекелдерінің пайда болуы немесе әсер ету аясы;

  4. тәуекелдерді есептеу әдісі;

  5. банк тәуекелінің дәрежесі;

  6. тәуекелдерді уақыттар бойынша бөлу;

  7. тәуекел есебінің сипаты;

  8. банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.

Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді.

Ретроспективті тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне талдау жасау ағымдағы және бола­шақ­тағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді.

Банк тәуекелдерін дәрежесі (деңгейі) бойынша тө­мен­гі, баяу және толыққа бөлуге болады.

Банктер өз қызметтерін жүргізу процесінде пайда болған жерлері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы бойынша бірінен-бірі өзгешеленетін тәуекелдердің әртүрлі жиынтығымен бетпе-бет келеді. Сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлері өзарабайланысты және банктердің қызметіне өзіндік әсерін тигізеді. Тәуекелдің бір түрінің өзгеруі қалған барлық түр­ле­рінің түгелге жуығының өзгеруін туғызады. Осылардың барлығы табиғи түрде нақты тәуекел деңгейін талдау әдіс­те­рін таңдау мен оны оңтайландыру бойынша шешім қа­был­дауды қиындатады, көптеген өзге тәуекел фактор­ла­ры­на тереңдете талдау жасауға әкеледі. Сондықтан да олар­дың деңгейін талдаудың нақты әдістерін таңдау мен оң­тай­лы факторларды іріктеп алу өте маңызды болып саналады.

Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу эле­мент­тері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып сана­ла­ды. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.

1. Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Ма­ман­дан­дырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәу­екелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл ин­новациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жо­ға­рылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк – нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаз­дар­мен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерциялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез келген тәуекелге барады, дегенмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға аталмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.

2. Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күшті әсер етуі мүмкін. Олардың несие қабі­лет­тілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденциалды нормативке жатады.

3. Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәу­екелдердің туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (ел­дердің) тәуекелі; банктің өзінің қаржылық сенімділік тәу­екелі (капиталдың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-тең­ді­гі­нің сақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі); опе­ра­ция­лардың жекелеген түрлерінің тәуекелі – бұл уақы­тын­да төлемеу, қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.

4. Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. На­рық­тық экономика жағдайында елдің Орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау, өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операцияларының жекелеген немесе топтары бойынша тәуекел коэффициенттерінің шкалаларын құруға негізделетін жеке тәуекел болады.

5. Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәу­екелінің дәрежесі банктің аталмыш операциялар бой­ын­ша қаржы шығындарына әкелетін ықтималдылығымен си­пат­талады және пайыздармен немесе нақты коэф­фициент­тер­мен көрсетіледі. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың (өлшеудің) әртүрлі дәрежесіне ие болуы мүмкін.

6. Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бой­ын­ша тәуекел.

7. Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жер­де тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілетін жабық тәу­екелдерге бөлінеді.

Сонымен, банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қа­ланған элементтердің сипаттамасы бойынша банкте тәу­е­келдердің бүкіл түрлерін бағалау жүйесі құрылып, оларды туғызатын себептер мен жиынтық түрдегі барлық тәу­екел­дер­ді басқару мүмкіндіктері айқындалуы тиіс деген қоры­тын­ды жасауға болады. Банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (классификациясы) өзінің негізі мен банк қыз­метіне тереңдеп енуіне қарай алуантүрлі болып саналады.
6.2. Банк тәуекелдерінің түрлері
Банк тәуекелдері өзінің алуантүрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілері (типтері) мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар (келістер) тұрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.

Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық (портфельдік) тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.

Несие тәуекелі – несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қауіпі.

Пайыздық тәуекел – коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің, инвестициялық қорлардың берілген не­сие­лер бойынша ставкаларының үстінен, тартылған қаражат­тар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп жіберу нәтижесінде шығынға бату қауіпі.

Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өз­ге валютаға, оның ішінде сыртқыэкономикалық, несие жә­не басқа да валюталық операцияларды жүргізу негізінде ұлттық валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеру­і­мен байланысты валюталық шығындардың болу қауіпін білдіреді.

Қоржындық (портфельдік) тәуекел – бағалы қағаздар нарығындағы шығындардың болу мүмкіндігі.

Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі – бұл қан­дай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруа­шы­лық қызметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жа­нама (қосымша) қаржы залалдарының (алынбаған пай­да) тәуекелі.

Бұдан тысқары, банктің әкімшілік-шаруашылық шы­ғын­дарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел ту­ра­лы да жиі айтылады.

Атап өткен тәуекелдердің бүкілі бір-бірімен өзара бай­ланысты. Мәселен, несие тәуекелі банктің өтімдік және төлемқабілетсіздік тәуекеліне, сондай-ақ банктің әкім­ші­лік-шаруашылық шығындарын өтеу қабілетсіз­ді­гі­мен бай­ла­нысты тәуекелге әкелуі мүмкін. Пайыздық став­ка­лар тәуекелі өзіндік тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы конъюнктурамен байла­ныс­ты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор ретінде әрекет етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие тәуекелін арттыра түсетін болады.

Банк тәуекелдерінің сипаттамасы банк қызметімен байланысты тәуекелдердің, сол сияқты банк қызметімен байланысты емес тәуекелдердің белгілері бойынша беруге болады. Тәуекел түрлерінің жіктеуі төменде беріліп отыр (4 кесте).

4 кесте

Банк тәуекелдерінің жіктеуі

Банк тәуекелдері өтімдік (ликвидті) тәуекеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:



  • депозиттік тәуекел;

  • күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;

  • несие тәуекелі (ссудалар мен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);

  • жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;

  • жаңа қызмет түрлері бойынша тәуекелдер.

Табыс тәуекелі жұмысшылардың кәсіби сапаларына қатысты. Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • несие тәуекелі;

  • валюталы тәуекел;

  • ел (елдер) тәуекелі;

  • салалық тәуекел.

Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытылы төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ мынаны атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетті шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы қағаздармен опера­ция­лар жасауды акцептеу мен қаржыландыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контрактыларға, СВОП, опцион­дар­ға қатысты болады.

Әлеуетті несие тәуекелдері операцияларға және опе­ра­ция­лардың сатыларына байланысты бөлінеді (мысалы, мә­міле жасау сәтіндегі «Форвард»).

Банк тәуекелдері негізгі пайда болу факторлары бой­ынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер – бұл саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты, кәсіпорын­дар қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін, шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқты тәуекелдер болып табылады.

Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер – бұл банктің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзге­ріс­термен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-теңдік сақталмаған (несбалансированной) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғырландырылған экономикалық тәуе­кел­дің неғұрлым кең таралған түрі болып саналады. Эко­но­ми­калық тәуекелдер сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.

Тәуекелдің бұл негізгі түрлері өзара байланысты болып табылады, сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сыртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.
6.3. Сыртқы тәуекелдер
Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валю­та­лық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін (форс-мажорлық жағдаяттар).

Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен меке­ме­ле­р (бірлескен банктер - БББ) қызметін интерна­цио­нал­дандырумен, ғаламдық тәуекелдердің болуымен ті­ке­лей байланысты және клиент-елдердің немесе контрагент-елдердің, импорттаушылар мен экспорттаушылардың сая­си-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады. Олар шетел капиталының қатысуымен (бірлескен банк­тер­дің – БББ) құрылған барлық банктер мен негізгі лицен­зиясы бар банк мекемелері үшін маңызды саналады. Банк басшылығының жіберетін негізгі қателіктері шетел контрагентінің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты болады. Тұрақты түрде жариялап отыратын БЕРИ индексі еларалық тәуекел деңгейін талдаудың ұсынылатын тәсілдерінің бірі саналады. Оның көмегімен еларалық тәуекел деңгейі күні бұрын анықталады.

Еларалық тәуекел белгілі ел валютасының өзге бір ел ва­лютасына еркін аударылу тәуекеліне, трансферт тәуе­ке­лі­не немесе төлем мораториі тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.

Еларалық тәуекел деңгейін талдаудың бірегей әдіс­те­месін Швейцарияның банк корпорациясы қолданады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ еларалық тәуекел дәрежесін анықтаумен айналысуға өкілеттік алған банктер мен банк мекемелерінің қызметі қызметтік тұрғыдан алдыңғы шептік және штабтық болып бөлінеді. Алдыңғы шептегілер ең маңызды бағалар беруді жинаумен айналыса отырып, сонымен бір мезгілде штабтық банк мекемелері сияқты нақты мемлекет немесе аймақтың экономикалық-саяси тәуекел жағдайларына тәуелсіз ғылыми болжамдар жасады. Одан кейінгі уақыттарда бұл зерттеулер тұрақты сипатқа ие болып, стандарттық үлгілер бойынша ресімделе бастады.

Шамамен 1980 жылы Швейцарияның банк корпо­ра­ция­сының экономикалық банк бөлімі еларалық тәуекел дең­гейін анықтаудың жаңа, жүйеленген және дәл де айқын мөлшерленген қағидаларын жасады. Бұл қағидалар постул­ат­қа негізделді, оның есебін әрбір ел үшін банк несие­ле­рі­нің жоғары көлемінің деңгейі мен құрылымына қатысты шешім қабылдайтын банктердің жоғары басшыларының қа­рауына берілетін материалдары пайдалы және жеңіл тал­да­натындай етіп жасауға тиіс бол­ды. Жоғарыда айтыл­ған­дардан келесідей негізгі қағидалар шығарылды: еларалық тәуекелді болжау мемлекеттік құрылыстың құрылымдық және сапалық сипаттамаларын талдауға, сондай-ақ сандық деректер мен арасалмақты зерттеуге негізделген көрсет­кіш­терге сүйенуі тиіс; жағдайдың жоғары тәуекелділігі туралы қорытын­ды­лар­дың себептері толық түсінікті болуға тиісті. Талдаудың екі үлгісінің (типінің) үйлесуі (сандық және сапалық) дәл және нақты болуы қажет: талдауды жеңілдету және оның тиімділігін арттыру үшін барлық кестелер мен салысты­ру­лар қысқартулардың мағынасын ашып көрсетуі тиіс.

Валюталық тәуекел немесе бағамдық (курстық) шы­ғын­дар тәуекелі банк операцияларының нарығын интер­на­ци­оналдандырумен, трансұлттық (бірлескен) кәсіпорындар мен банк мекемелерін құрумен және олардың қызметін ұлғайтумен байланысты болады және валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде ақша шығындарының болуы мүмкін екендігін білдіреді.

Валюта тәуекелін басқаруға алғашқы талпыныс өз­гер­мелі бағамдар енгізілген 70-ші жылдардың басынан бас­тап жүзеге асырыла бастады.

Өзінің тарапынан, валюталық тәуекелдер мынадай түр­де құрылымданады:

а) коммерциялық, яғни оның алдында борыштының (кепілдің) өз міндеттемесі бойынша есептесуді қала­май­тын­ды­ғымен немесе мүмкін еместігімен байланысты тәу­екел­дер;

б) конверсиялық, яғни нақты операциялар бойынша ва­люталық шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелдер нақты мә­се­лелер тәуекеліне негізделіп құрылымданады. Конвер­сия­лық тәуекелдерді азайтудың ең көп таралған әдістері болып мыналар саналады:



  • хеджирлеу, яғни әрбір тәуекел мәмілелер үшін орын толтырған валюталық айқындамалар (пози­циялар) жасау. Басқалай айтқанда, бір валюталық тәуекел – пайдалар немесе шығындардың – тиісті өзге тәуекелдермен орнын толтыруы болады;

  • екі түрге ие валюталық своп. Біріншісі әртүрлі екі ел­дегі екі тарап әртүрлі валюталарда көрсетілген, қайта­ру­дың бірдей мерзімдері және тәсілдерімен бір-біріне те­ңес­ті­рілген несиелер береді. Екінші нұсқа – екі банкі ара­сын­да­ғы «спот» ставкасы бойынша валютаны сатып алу не­ме­се сату жәй келісімін білдіреді. Своптың параллель (қатар) несиелерден өзгешелігі өзіне төлем пайыздарын енгізбейді;

  • «Мэтчинг» әдісі деп аталатын актив және пассив бой­ынша тәуекелдермен өзара есеп айырысу, мұнда валю­та­лардың түсімін оның сыртқа шығу (кету) көлемінен ше­ге­ру жолымен банк басшылығы оның мөлшеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады.

Өзге трансұлттық (бірлескен) банктер «кеттинг» әді­сін қолданады, ол валюталық мәмілелер санын аса жоғары көлемде қысқартудан көрінеді. Осы мақсатта банк меке­ме­ле­рінің бүкіл бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жоғары деңгейде болуы тиіс.

в) трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер баланс­тар­дың және шетелдегі филиалдар «Пайдалар мен шы­ғын­дар» шотының активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде туындайды.

Бұл тәуекелдер өз кезегінде валюталарды қайта санау мен оның тұрақтылығын және өзге де бірқатар фактор­лар­ды таңдауға байланысты болады. Қайта санау трансляция (ағымдағы бағам бойынша қайта санау күніне) әдісі немесе тарихи әдіс бойынша (бағам бойынша нақты операция жа­сау күніне) жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір банктер бүкіл ағымдағы операцияларды ағымдағы бағам бойынша, ал ұзақмерзімдік операцияларды – тарихи әдіс бойынша есеп­ке алады; келесі бір банктер қаржы операцияларының тәуе­кел деңгейін ағымдағы бағам бойынша талдайды, ал тағы бір банктер – тарихи әдіс бойынша; үшінші бір банк­тер есепке алудың екі тәсілінің бірін таңдайды және соның кө­ме­гімен өзінің тәуекел опе­ра­цияларының бүкіл жиынын бақы­лай­ды. Трансляциялық валюталық тәуекелдерді бас­қа­ру әдістері сыртқы және ішкіге бөлінеді. Олар страте­гия­ны айқындауға, сол сияқты банктер мен банк мекемелері қызметінің тактикалық бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалануы мүмкін.

Сыртқы әдістерге мыналар жатады: сыртқы клиент­тер мен контрагенттерге қатынасы, сол сияқты монопо­лис­тік құрылымдарға қатынасы бойынша шетелдік валюта түрінде төлемдерді жеделдету немесе кешеуілдету; негізгі банк оның филиалдары арасындағы төлемдерді реттеу; неғұрлым тұрақты валюталарды таңдау және т.б.

Стратегиялық тұрғыдағы валюта тәуекелдерінен қор­ғау банктің өзінің, сол сияқты оның контрагенттері мен клиенттерінің белсенді баға саясатымен, сақтандыру түрлері және оның құнымен, сақтандыру компания­ла­рының сенімділік дәрежесімен тығыз байланысты болады.

Одан тысқары, бүкіл ірі банктердің түгелі дерлік ва­лю­талардың түрлері мен мерзімдері бойынша активтер мен пассивтерді теңестіре отырып, өз валюталық опера­ция­ла­ры­ның қоржынын (портфелін) қалыптастыруға тырысады. Негізінен, валюталық тәуекелдерді басқарудың бүкіл сыртқы әдістері оларды көбейтуге бағдарланған. Осы мақсатта форвардтық, фъючерлік, опциондық (банкаралық нарықтарда және биржаларда) сияқты шұғыл валюталық операциялар неғұрлым кең түрде қолданылады. Валюта «спот» (тез арада немесе екі күндік есеппен), «своп» (спот/форвард, әртүрлі банктер арасындағы спот) немесе «фор­вард» (банк пен клиент арасындағы «аутрайт») жағ­дай­лары негізінде сатылады.

г) форфетерлеу тәуекелі, форфетер (банк жиі түрде фор­фетер болып саналады) регресс құқынсыз экспорттау­шы­­ның бүкіл тәуекелін өзіне алғанда туындайды. Со­ны­мен бір мезгілде форфетерлеу (коммерциялық тәуекелді қайта қар­жыландыру (рефинансирования әдісі) тәуекел дең­гей­ін:


  • болуы мүмкін міндеттемелердің баланстық өзара қатынасын ықшамдау;

  • қаржылық тұрақтылықты одан әрі нығайту мүмкін­ді­гін беретін өтімдік (уақытша болса да) жағдайын жақ­сар­т­у;

  • болуы мүмкін қиындықтарды сақтандыру жолымен шығындардың ықтималдығы мен болу мүмкіндігін азайту;

  • пайыздық ставкалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді азайту, тіпті болдырмау;

  • валюталар бағамының ауытқуымен және борыш­кер­дің қаржылық тұрақтылығының өзгеруімен байланысты тәуекелдер деңгейін қайта азайту;

  • векселдер және өзге төлем құжаттары бойынша ақшаны өндірудегі несие беретін мекемелердің қызметімен байланысты тәуекелдер мен шығындардың жоқтығы жолымен төмендету арқылы өзінің басымдығын көрсетеді.

Кездейсоқ апат тәуекелі.

Кездейсоқ апат тәуекелі немесе форс-мажорлық жағ­дай (РФО) сондай-ақ сыртқы тәуекелге жатады. Ол, негі­зі­нен, табиғаттың дүлей құбылыстарының болуы немесе болмауы және сонымен байланысты болатын зардаптарға қатысты болады.

Бұл тәуекелдердің банк мекемелеріне әсерін тек бір-біріне жағдайдың өзгеретіндігі туралы дер кезінде хабардар етумен ғана шектеуге болады.

Өздерінің банкпен немесе өзге банк мекемелерімен жүзеге асыратын экспорттық-импорттық операцияларының оңтайлы формаларын іріктеп таңдап алу, сыртқы тәуе­кел­дердің деңгейін төмендетудің негізгі тәуекелдерінің бірі болып саналады.

Тәжірибеде, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырудың келесідей негізгі екі формасы жиі түрде кездеседі:

а) тікелей операциялар, оған тікелей экспорт-им­портты, әртүрлі делделдардың көмегімен немесе еншілес кәсіпорындар мен филиалдар, инвестициялық операциялар арқылы сыртқы экономикалық байланыс­тар­ды жүзеге асыруды жатқызуға болады;

б) жанама операцияларға лицензияларды сату және сатып алу; франчейздік операцияларды жүзеге асыру; техникалық, басқару қызметін көрсету туралы шарт жасау; жаңа технологияларды сатып алу немесе «ноу-хау» кіреді.

Аймақаралық және сыртқы экономикалық байла­ныстарды жүзеге асырудың бұл формалары өзінің қызметін жоғары еларалық (странового), валюталық (өз елінде және әріптестердің елінде), несиелік, қоржындық тәуекелдер жағдайында жүзеге асырылатын банктер үшін ұсынады.


Каталог: images -> stories -> Biblioteka -> na%20sait%20posob -> na%20rus
stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
stories -> Ұсыныс беруге шақыру
stories -> Тендерге қатысуға шақыру
na%20rus -> Внешнеэкономическаядеятельностьфирм ы 1999 год
Biblioteka -> Клуб чемпионов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет