Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет12/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
ІІ. АКТИВТЕРДІ БАСҚАРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ

1. К активтердің базалық пайдалылығы




=

Салықтар мен пайыздарды төлегенге дейінгі пай­да

*100%;

Активтердің жиыны

2. К өтімді активтерді тез жабу


=

Ағымдағы активтер – босалқы қорлар (за­пас­­т­ар)

*100%;

Ағымдағы міндеттемелер

3. К активтердің кірістілігі (РОА)




=

Салықтар мен пайыздарды төлегеннен кейінгі пайда

*100%;


Активтердің жиыны




4. К тәуекел активтері =

Тәуекел дәрежесіне ие актив­т­е­р

*100%;

Активтердің жалпы сомасы

5. К левередж (тұтқа)




А)

Қарызға алған қаржылар

*100%;

Жиынтық міндеттемелер




Б)

Капитал

*100%;

Активтер




6. К =

Капитал

=

1 деңгей

* 100 %

Активтер

Барлық капитал




  1. К активтерді басқару сапасы

1) Босалқы қорлардың (запастардың) айналымдылығы;

2) Дебиторлық берешектердің айналымдылығы;

3) Күндермен есептегендегі дебиторлық берешек;

4) Активтердің жалпы сомаларының айналымдылығы.



ІІІ. АКТИВТЕР САПАСЫНЫҢ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ




  1. К мезеттік өтімдіктері




=

Жоғары өтімді активтердің сомасы

* 100%

Талап еткенге дейінгі шоттар бойынша міндеттемелер сомасы

2. К ағымдағы өтімдік




=

Өтімді активтер сомасы

* 100 %


Талап еткенге днйінгі және 30 күн мерзімге дейінгі шоттар бойынша міндеттемелер сомасы

3. К ұзақ мерзімдік өтімдік




=

1 жылдан жоғары мерзімде өтуге берілетін несиелер

* 100%;

1 жылдан артыққа банк капиталы мен міндеттемесі

4. К активтерді пайдалану тиімділігі




=

Кіріс әкелетін активті шоттар бойынша орташа қалдықтар

* 100%;

Барлық активті шоттар бойынша орташа қалдықтар

5. К несиелер үшін депозиттер базасын пайдалану




=

Несиелер бойынша орташа берешек

;

Депозиттік шоттар бойынша орташа қалдықтар




6. К өтімді активтер =

Өтімді активтер

;

Активтердің жалпы сомасы

7. К 1 қарыз алушыға немесе қарыз алушылар тобына ең жоғары тәуекел




=

Қарыз алушының немесе қарыз алушылармен байланысты топтардың жиынтық берешегі

;

Банктің меншікті капиталы

8. К ірі несиелердің (тәуекелдердің) ең жоғары көлемі




=

Ірі несиелердің жиынтық сомасы

Капитал




9. К активтерді пайда­ла­ну тиімділігі =

Таза пайда

;

Активтердің орташа мөлшері



ІV. ПАССИВТЕРДІ БАСҚАРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ


1. К қарыз/акционерлік ка­пи­т­а­л­ =

Қарыз алған ресурстар бойынша

банктің міндеттемесі



Акционерлік капитал

2. К халықтың де­по­зит­терін тартуды аса к­ө­п көлемде орна­ласты­р­у =


Халықтың салымдары

;

(1-ден аз болмауы тиіс)

Меншікті капитал




3. К депозиттер сома­сы­ның капиталмен жа­былуы =

Капитал сомасы

;

Депозиттер сомасы

4.Салымдарды сақ­таудың орта мер­­зімі/С күн­дер­мен есептегендегі =




Салымдардың орташа қалдықтары

* Кезеңдегі күн­де­р­;

Салымдарды беру бойынша айнал­ы­­м

5.Салымдарға түскен қаржылардың ор­ны­ғу деңгейі: орны­ғ­у­

=

(салымдардың жыл аяғына қалдығы)

* 100%;

Салымдарға түсуі




6. П депозиттердің тұ­рақ­тылығы =

Депозиттер сомасы

;

Тартылған қаржылар сомасы


V. КІРІСТІЛІК ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТ­Т­Е­РІ

  1. К активтердің ба­за­лық пайдалылығы




­=

Салықтар мен пайыздарды төлеуге дейінгі пайда;

;

Барлық активтер

2. К активтердің кірістілігі (РОА)



=

Әдеттегі акция иегерлерінің иелігіндегі пайда

;

Барлық активтер

3. К әдеттегі акциялар капиталының кірістілігі (РОА)


=

Салықтар мен пайыздарды төлегеннен кейінгі пайда

;

Әдеттегі акциялардың капитал ұстаушылары




4. К қаржылық талдау =

Акциялар бағасы

;

Бір акцияға келетін пайда




5. К пайдалылық =

Активтердің пайдалылығы

Капитал пайдалылығы

Акционерлік капитал пайдалылығы



6. К нақты пай­ыз­дық маржалар


=

(нақты кезеңде алынған пайыздар)

(нақты кезеңде төленген пайыздар)



;

Активтер кезеңіндегі табыс келтіретін орташа қал­д­ы­қ­тар

7. К нақты пайыз­дық маржалар


=


(нақты кезеңде алынған пайыздар)

(нақты кезеңде төленген пайыздар)



;

Кезеңдегі активтердің орташа қалдығы

8. К ссудалық опе­рациялар бой­ын­ша нақты пай­ыз­дық маржалар



=


(ссудалар бойынша алынған пайыз­д­ар)

(несие ресурстары үшін төленген пай­ыз­дар)



;

Кезеңдегі ссудалық берешектің орташа қалдығы

9. Активтерге пайда:



К =

Кезеңдегі үшін таза пайда

;

Кезеңдегі баланс активі жиынының орташа қал­д­ы­­ғы




К =

(Кезеңдегі таза пайда) – (Тұрақсыз кіріс)

;

Кезеңдегі баланс активі жиынының орташа қал­д­ы­ғы

10. Меншікті капиталға пайда:



К =

Кезеңдегі үшін таза пайда

;

Кезеңдегі баланс активі жиынының орташа қалд­ы­ғы




К =

Кезең үшін таза пайда

;

Кезеңдегі акционерлік капиталдың орташа мөлш­е­рі



VІ. БАНК ӨТІМДІГІНІҢ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІ
1. К банк міндет­те­ме­ле­рі­нің шек­телуі

=

Банк міндеттемелерінің сомасы

;

(0,5 –тен

жоғары е­мес)



Меншікті қаржылардың көлемі

2. К салым­да­ры­ның шектелуі



=

Азаматтардың салымдары

;

(1-ден көп емес)

Банктің меншікті қаржыларының мөл­ш­ері

3. К ағымдағы өтімдік

=

Өтімді активтер

;

(0,3-тен төмен емес)

30 күнге дейінгі банктің міндеттемесі

4. К орта мер­зім­ді өтімдік



=

Бір жыл мерзімнен жоғары активтер сомасы

;

(1)

1 жылдан жоғары банк міндеттемесі

5. К1 қарыз алушыға ең жоғары мөлшері = (шекті көлемі 0,25) – (0,50 меншікті капитал);




6. К өтімдік =

Активтер сомасы

;

1)

Бастапқы резервтер

;

Депозиттер сомасы

Депозиттер




7. К өтімдік =

Берілген несиелер сомасы

;

Депозиттер сомасы




8. К өтімдік =

Өтімді активтер

;

Активтердің жалпы сомасы

1997 ЖЫЛДЫҢ 23 МАМЫРЫНДА ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ БЕКІТКЕН КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР ҮШІН МӘЖБҮРЛЕУ НОРМАТИВТЕРІ


1. ІІ деңгейдегі банктер үшін Жарғылық капиталдың ең тө­мен­гі көлемін ҚР Ұлттық банкі белгілейді.

2. Сатып алынған акциялар белгіленгеннен төмен емес баға бойынша жүргізілгенде және мұндай сатып алу пру­ден­ци­ал­дық нормативтердің бұзылуына әкелмейтін болғанда, банк акционерлерден меншікті акцияларын сатып ала ала­д­ы­.

3. К капитал­дың жеткілік­ті­гі (К1) =


Банктің инвестициялары және заңды тұлғалардың субординациялық берешегі

(0,06-ден кем емес)

Банк активтерінің сомасы

Шоттар (3001+3025-3002, 3003, 3026, 3027. қосымша ка­питал – 3101, қорлар, резервтер – 3510, материалдық емес активтер – 1659, шығындар - 3599)


4. К капиталдың жеткіліктілігі (К2) =

Банктің меншікті капиталы

;

(0,12-ден аз мес)

Тәуекелді ескере отырып салмақталған активтер сомасы

Шоттар (3540, 3560, 1465, 2402)


5. К3 – тәуекелдің ең жоғары мөлшері – 0,01; 1 қарыз алу­шы­ға меншікті капитал.


6. К4 =

(Қол ақшалар сомасы) + (Тез жүзеге асатын активтер)

(0,3-тен кем емес)

Талап еткенге дейінгі міндеттемелер сомасы

7. К өтімдік = Мерзімдері бойынша актив пен пассивтік са­лы­с­тыру;


8. К5 банк инвес­ти­ци­яларын ең жоғары кө­лем­де орналастыру (К­б)

=

Инвестициялар сомасы

, мұнда <, = 0,5

Меншікті капитал

8 - ТАРАУ. БАНКТІК МЕНЕДЖМЕНТ


Әдебиеттер: Ә-16; Ә-21; Ә-27; Ә-31.
8.1. Банктік менеджмент түсінігі
Банктік менеджмент – бұл менеджмент жүйесіндегі айрықша сала болып саналады.

Менеджмент – ұйымдастыру мен басқарудың неғұр­лым тиімді жүйесі туралы ғылым.

Банктік менеджмент – клиенттердің қаржылық да­му­ы­на неғұрлым қолайлы жағдай жасау мақсатында алуан түр­лі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау жә­не жаңа нарықтар қалыптастыру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың мүдделеріне әсер ету процесі болып табылады.

Басқару қатынасы менеджмент предметі болып саналады. Банкті басқару қатынасы басқару процесіндегі жекелеген орындаушылардың тұрақты өзарабайланы­сы­ның неғұрлым күрделі кешенін білдіреді. Банк қызметін табысты жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасау – маңызды басқару қызметінің бірі болып саналады.

Банктік менеджменттің жоспарлау, ұйымдастыру, үй­лестіру, ынталандыру және бақылау сияқты қызметтері бөліп көрсетіледі.

Банк капиталын, оның ресурстарын басқару, активтер мен пассивтерді кешенді басқару әдістерін жасау банктік менеджменттің объектісі болып саналады.

Өз ісінің басқару субъектісін білуден, өз еңбегі мен ұжы­мды ұйымдастыра алудан, өзін-өзі шығарма­шылық­пен дамытуға қызығушылықтан, өзі айналысатын істің даму болашағын көре білуге қабілетті нақты ахуалды тек бағалай алатындықтан алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін оңтайлы шешім таба білетіндіктен тұратын адам факторы менеджменттің негізін құрайды.

Дамыған елдерде менеджмент өндіріс тиімділігін арт­ты­рудың маңызды факторларының қатарына жатқы­зы­ла­ды. Соңғы жылдары оған айрықша маңыз берілуде, өйт­кені менеджмент, қосымша капитал салуға жүгірместен, шығындарды салыстырмалы түрде азайту жағдайында жоғары түпкі нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Менеджменттің негізгі мақсаты – неғұрлым тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу болып саналады.

Пайда алуға ұмтылу – менеджменттің жаңғыз ғана мақ­саты емес. Қазіргі заманғы менеджменттегі әлеуметтік әдептің (этиканың) рөлі өсе түсуде, бұл, өз кезегінде қо­ғамдық қажеттілікті қанағаттандырудағы менеджмент қыз­ме­тіне екпін түсіруді білдіреді. Баюға, пайданың өсуіне ұм­ты­лу емес, қоғамға қажетті тауарлар мен қызметтер өн­ді­руді ұлғайту – кәсіпкерліктің әлеуметтік әдебін (этика­сын) анықтайтын жайлар, міне, осылар болып табылады. Соңғы жылдары оның мақсаттарына, сондай-ақ, онсыз адамдар өзі­нің мүмкіндігін толық түрде көрсетіп және толық қай­та­рыммен жұмыс істей алмайтын ұжымдардың әлеуметтік бағдарламаларын шешу жатқызылады.

Менеджмент ғылым ретінде, бүкіл қызмет аясы үшін ортақ болып саналатын келесідей қағидаларды сипаттайды:



  • нақты мақсаттарға жетуге басқару субъектісінің әрекетін бағыттау;

  • мақсаттың бірлігі, оған жету құралы мен нәти­же­сі;

  • өзіне жоспарлау, талдау, реттеу және бақылауды енгізетін басқару процесінің кешенділігі;

  • үздіксіздікті қамтамасыз ететін болашақ және ағымдағы жоспарлаудың біртұтастығы;

  • жүзеге асырудың маңызды факторы ретінде қабылданатын басқару шешімдерін бақылау;

  • бүкіл ұжымның және оның әрбір мүшесінің табысқа жетуі үшін шығармашылық белсенділікті материалдық және моралдық ынталандыру;

  • мүмкіндігін барынша жоғары түрде пайдалануға мүмкіндік беретін ұжымның әрбір мүшесіне жеке тұрғыдан келу;

  • әрбір қызметкердің өзінің біліктілігін арттыруға, қызмет аясында жаңа білім игеру мен тұрақты оқуға деген қызығушылығы;

  • ұжымдағы оң психологиялық ахуалға бағдарлану;

  • қызметтік және басқару міндеттерін шешуге мүм­кін­дік беретін басқарудың ұйымдық құрылы­мы­ның икемділігі.

Банк қызметкері үшін менеджмент негіздерін білу екі тұрғыдан маңызды болып саналады. Ең алдымен, банк экономисі банк клиенті болып саналатын немесе болғысы келетін кәсіпорындардағы, ұйымдардағы, кооператив­тер­дегі менеджмент деңгейіне баға бере білуі қажет.

Менеджменттің барлық қағидалары, мақсаттары мен міндеттері банктерге де тән болып саналады.

Банктік менеджментті тұтастай түрдегі «менедж­мент» түсінігінен жеке тұрғыда зерттеуге болмайды. «Ме­недж­мент» - бұл басқару жүйесі, басқаруға деген келістер, бұл – адам ойлары мен оның әрекеттерінің жиынтығы.

«Банктік менеджмент» - жетекшінің, жауапты қыз­мет­керлердің білім-біліктілігі мен шеберлігі арқылы қа­рас­тыру көзделеді.

Адам – басты тұлға.

Машықтанған – жетекші немесе жетекші – кәсіби ше­бердің дұрыс екендігін түсіну маңызды болып табылады.

Банк менеджері мынадай сапаларға ие болуы тиіс: өз ісін жетік білу; жоғары эрудиция; құзырлылық; клиент­термен сөйлесе білу; қабылданатын шешімдерге илану, мәдениет, әдеп.

Егер менеджмент сапасыз болатын болса, банктің жұмыс нәтижесі де нашар болады.


8.2. Банктік менеджменттің ерекшеліктері
Банктік менеджменттің, аталмыш бөлімшенің қоғам­дық еңбек бөлінісі қызметінің сипатымен байланысты өзі­не тән өзгешеліктері бар.

Банк қызметінде бір мезгілде, әріптестік сипатты білдіретін шарттық қатынас маңызды орын алады. Әріп­тестік қатынастарға сенім, өзаратиімділік, шешім қабылдау мен әрекет етудегі ұжымшылдық сияқты белгілер тән болып саналады.

Ол ең алдымен, келесілерден тұратын банкілік ме­недж­менттің өзіндік мақсаттарын айқындайды:


  • ақша нарығы жағдайындағы шаруашылық жүргі­зуші субъекті ретіндегі банктің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

  • несие беруші мен салымшы мүдделерінің сақ­та­луы мен банк сенімділігінің кепілі ретінде банк балансының өтімдігін қамтамасыз ету;

  • іскерлік байланыстардың ұзақтығы мен тұ­рақ­ты­лығын келістіретін, банк көрсететін қызметтердің көлеміне, құрылымына және сапасына деген клиент­тердің қажеттіліктерін жоғары деңгейде қанағаттандыру;

  • аталмыш ұжымның өндірістік, коммерциялық жә­не әлеуметтік проблемаларын табысты шешудің үй­лесімі;

  • олардың әлеуетті мүмкіндіктерін неғұрлым толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мамандарды даярлаудың, қайта даярлаудың және орналас­тыру­дың тиімді жүйесін жасау.

Банктік менеджмент атап көрсетілген мақсаттарға сәйкес бірсыпыра сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады.

Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың барлық аясына қатысы бар. Банк клиенттерінің саны мен олардың шоттары (есептері), депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтердің көлемі - міне, бұл жалпы қызмет нәтижелерін талдау мен бағалау үшін пайдаланылатын көрсеткіштердің кейбір тізімі ғана.

Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топты банктің кірістер мен шығыстар көрсеткіштер құрайды. Банктің тиімділігін (рентабель­ді­лігін) басқару соның көмегімен жүзеге асырылады. Екінші топ қаражаттардың айналым жасау жылдамдығының, операцияларды жасауға жұмсалатын еңбек шығын­дары­ның, құжаттарды өңдеу жылдамдығының көрсеткіштерін қамтиды. Үшінші топқа банк көрсететін қызметтердің кө­лемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері кіреді. Бұған сондай-ақ іскерлік келіссөздердің конфи­ден­циал­дығы мен ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету­де­гі банктің қабілетін жатқызуға болады.

Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби даярлықтарының дамуын, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік мәселелерді шешу дәрежесін сипаттайды.

Банктік менеджменттің тағы бір ерекшелігі, салымдар мен депозиттер иегерлерінің мүдделерін қорғау мақ­са­тында мемлекет тарапынан банк қызметінің неғұрлым тез реттелетіндігімен байланысты.

Макро- және микро деңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, ақша операцияларын орындау кезіндегі айтарлықтай тәуекелдің болуы сияқты басқару аясының аса кеңдігі, банк қызметін басқарудың тағы бір өзгешелігі болып саналады. Атап көрсетілген тәуекел ақша нарығы, яғни институттар қызметі үшін тән көптеген ішкі және сыртқы факторлардың күрделі әрекеттерінен туын­дай­ды. Сондықтан да банкте неғұрлым жауапты шешім­дер­ді ұжым болып қабылдау қағидасы қолданылады, несие берушілерді болуы мүмкін тәукелдерден қорғаудың алуан түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңесі мен филиалы арасындағы несие операцияларын жасау саласын­дағы құқықтарды бөлу жүзеге асырылады.

Банктік менеджментті екі көзқарас тұрғысынан үй­ре­ну көз­де­леді:

Банктің күрделі операциялары адамдар арқылы ат­қа­ры­лады. Олар операцияларды басқарады, клиенттерге қыз­мет көрсетеді, ақша аударымдарының сенімділігіне жау­ап береді.

Банктер алуан түрлі қызметтер көрсетеді (әлемдік тәжірибеде – коммерциялық банктер 200-250-ге дейін қызмет түрлерін көрсетеді).

Банк қызметкерлері өте білікті болуы қажет, банктің ішінде және сыртында болып жатқандардың бүкілін (экономиканы, нарықты, заңдарды және т.б.) білуі тиіс.

Дамыған елдердің (АҚШ; Англия, Франция, Жапо­ния) коммерциялық банктеріндегі ұжым менеджмент ре­тін­де былайша топтастырылады:

­
Техникалық құрылым


­

­

Қосымша (көмекші) деңгей


Атап көрсетілген топтарға мыналар жатады:

Банк стратегиясын айқындайтын, басты идеяларды туғызатын Директорлар Кеңесі, банк Президенті және вице-президенттер.

Банктегі бүкіл қызметтер мен операцияларды, негізгі жұмыстарды орындайтын несие комитеті, депозиттік бөлім, қаржы бөлімі, аудит, бөлім бастықтары деңгейіндегі талдау бөлімі, бас мамандар.

Заңгер, психолог, социолог, бағдарламашы, мате­ма­тик, физик, геолог және ғылыми орталықтар банктің пози­ци­ясын күшейтеді, сапаға әсерін тигізеді.

Инспекторлар, бөлімдердің қызметкерлері, бухгел­тер­лер, кассирлер, техниктер, инкассаторлар және т.б. орын­да­ла­тын жұмыстың барлық түрлерін тексереді және құжат­тық түрде жүзеге асырады.

8.3. Банктік менеджменттің негізгі бағыттары
Банктік менеджмент екі келіс (көзқарас) арқылы анық­талатын екі бағыт тұрғысынан қаралады:

Процесс кезінде болашақтағы іс-әрекетті айқын­дай­тын банк саясаты жоспарлау банктік басқарудың неғұр­лым жауапты бөлігі болып саналады.

Нақты бір банктің даму тұжырымдамасын қалып­тас­тыру, соған сәйкес кезеңдерге арналған ағымдағы міндет­тер­ді белгілеу, оларды жүзеге асыру шараларын жасау, айтылған жұмыстардың құрамды бөлігі болып қатысады. Сондай-ақ несие, депозиттік, инвестициялық, пайыздық саясат – банк саясатының құрамды бөлігі болып саналады.

Коммерциялық банктердің экономикалық тұрғыдан не­гізделген банк саясатын қалыптастыруға көшуі: ұйым­дық, экономикалық, ақпараттық сияқты, тым болмағанда үш мәселені анықтап алуды талап етеді.

Ұйымдық мәселе, негізгі идеялардың пайда болуынан бастап, оларды нақтылы шаралар түрінде жүзеге асырғанға дейінгі жоспарлаумен, банк саясатының тетіктерін жасау­мен айналысатын бөлімдерді айқындап алуды болжайды.

Соған сәйкес саясат қалыптастыру кезіндегі банктік ме­неджмент аналитикалық жұмыстардың құрамды бөлігі бо­лып саналады. Банк ісіндегі маркетинг мыналарды білдіреді: аталмыш аймақтағы, сондай-ақ одан тысқары жер­лердегі көрсетілетін банк қызметтеріне деген сұраныс пен ұсынысты талдау; әртүрлі көрсетілетін қызметтерді (несие беру, инвестициялау, кеңестер беру, аударымдар арқылы есеп айырысуларды ұйымдастыру, лизингтік операцияларды жүргізу және т.б.) қанағаттандырудағы аталмыш банктің алатын орнына баға беру; тиісті опе­ра­цияларды әртүрлі банктердің жүзеге асыруына жұмсайтын шығындар мөлшерімен (нормасымен) салыстыру.



Маркетинг, ең алдымен, олардың орналасқан жер­леріндегі банктің нақты және әлеуетті клиенттерін анықтап алуды болжайды. Шетелдік тәжірибеде аумақтық болып құрылған көптеген коммерциялық банктер, елдің барлық аумағында өз банктерінің филиалдарын құра отырып, өзі қызмет көрсететін аумақтың шегінен шығып кетеді.

Банк бір мезгілде несие ресурстарының көлемі мен құрылымы, тиісті операцияларды жүргізуге жұмсалатын шығындар деңгейі, банктің техникалық жарақталуы, кадр­лар­дың біліктілігі көзқарасы тұрғысынан өзінің мүмкін­дік­терін зерделейді.



Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды ба­ғыттарының қатарына жатады; ол белгілі бір кезеңге бел­гі­ленген банктің саясатын жүзеге асырады. Активтерді бас­қа­ру процесінде біртұтас (двуединая) екі міндетті: баланс­тың өтімдігін сақтай отырып, банктің табысты жұ­мы­сын қам­тамасыз ету міндетін алдыға қояды. Бұл мін­деттер қа­лып­тасқан ахуалға жүйелі түрде талдаулар жасау негізінде ғана орындалады. Белгілідей, әр түрлі активтер банкке әр­түр­лі көлемде пайда әкеледі, тәуекел дәрежелері де әр­түр­лі. Сондықтан да банктер қаржыларды салу мер­зім­деріне, олардың пайдалылығы мен тәуекел дәре­же­ле­рі­не қатысты барлық активтердің жіктеуін жүргізуі тиіс.

Пассивтерді басқару процесі кезінде келесідей мін­дет­тер шешілетін менеджменттің дербес бағытын біл­ді­ре­д­і­:

  • міндетті резервтерді құруды қамтамасыз ететін бө­лік­тен басқа, банкте кіріс әкелмейтін қаржы­лар­дың болуына жол бермеу;

  • банктің клиенттер алдындағы тиісті міндет­те­ме­ле­рін орындауы және активтік операцияларды да­мы­ту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіруі;

  • банктің «арзан» ресурстарды тарту есебінен кірістер алуын қамтамасыз ету.

Банктің меншікті қаржыларын басқарудың оның өтім­дігі мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін айрықша маңызы бар. Банктің активті операцияларын кеңейту және депозиттер көлемінің өсуі кезінде банктің меншікті ка­пи­та­лын көбейту қажеттілігі туындайды. Меншікті капиталды басқару оның жеткілікті өлшемдерін негіздеуді, сондай-ақ осы жеткілікті бағалай білуге мүмкіндік беретін көрсет­кіш­тер­ді таңдауды болжайды. Банк шығарған акциялар бой­ын­ша дивидендтер саласындағы саясат меншікті капиталды бас­қарудың тиімді құралы болып қатысады. Дивидендтерді көбейту акция бағаларының көтерілуіне, осыған орай, қо­сым­ша акциялар сатудың мүмкіндігіне, меншікті акция­лар­дың көбеюіне және соған сәйкес меншікті капиталдың өсу­іне әкеледі.

Банк жұмысының тиімділігін (рентабельіділігін) оның кірістері мен шығыстарын, несие беру мен инвес­ти­ци­ялардан алынған шекті кірістер мен тартылған қаржылар бойынша шектеуге кірмейтін шығындарды, қаржылық нә­ти­желердің тұрақтылығын қамтамасыз етуді, тәуекел шы­ғындарын бақылауды болжайды. Күдікті және шы­ғын­ды опе­рацияларды, банктің алатын пайда көлеміне әсерін ти­гі­зе­тін алыпсатарлық операциялардың себептерін тал­дау­ға айрықша назар аударылады.

Банк қызметіндегі тәуекелдерді басқару тәуекел – ме­недж­мент деп аталады. Банк қызметінде тәуекел әртүрлі опера­цияларды орындау кезінде қатысады: несиені қайтару жә­не ол үшін пайыздар төлеу тәуекелі, жабдықтаушының қаржыны уақытында алу тәуекелі, пайда алу тәуекелі, өтім­дік тәуекелі және т.б. Тәуекелсіз кәсіпкерлік те жоқ. Сон­дықтан да басты мәселе соларды басқара білу болып табылады. Тәуекелдерді басқару процесінде шешілетін бас­ты міндеттер мыналардан тұрады: а) тәуекелдің туын­дауы мүмкін жағдайларын тани білу; б) болжанатын шы­ғын­­ның ауқымын бағалау; в) алдын алу тәсілдерін немесе оның орнын толтыру көздерін табу. Тәуекелді басқару шы­ғын­дардың пайда болуының өткен барлық жағдай­ла­рын, атал­­мыш нақты клиент үшін олардың көрініс беру ықти­мал­дылығын болжау, болуы мүмкін шығынды алдын алу не­месе орнын толтыру тәсілдерін алдын ала негіздеуге құры­лады.

Менеджменттің мазмұнына сондай-ақ еңбек ұжымын басқару тұжырымдамасын жасау да кіреді. Шетел тәжі­ри­бе­сінде менеджменттің екі үлгісі бар:



  • жапон үлгісі банк қызметінің жоғары түпкі нәти­же­лерге жетуіндегі ұжымның рөлін тануға негіз­де­леді;

  • американдық үлгі – ұжымның бүкіл қызметінде шешуші рөл атқаратын тұлғаға бағдарланады.

Шешімдер қабылдау, бақылау жауапкершілігі мен ұйым­дастыру, қол астындағылармен жетекшінің қарым-қа­ты­насы, еңбекақы төлеу жүйесі, басқару сапасын бағалау, менеджерлер даярлау және т.б.с. сияқты басқарудың бүкіл жүйесі осы екі идеяға негізделіп құрылады.

Ұжымды басқарудың басты міндеттері оның әрбір мүшесінің өз әлеуетті мүмкіндіктерін жүзеге асыру, адамдардың бойында энтузиазм мен қандай да бір істі орындауға деген ынта ықыласын туғызу үшін жағдай жасаудағы менеджердің қабілетінен тұрады.

Ұжым еңбегін ұйымдастырудағы менеджердің ше­бер­лі­гі мен біліктілігі, оның ұжым мүшелері арасында мін­дет­тер­ді айқын етіп бөле білуі, нақты міндеттер қоя білуі, тиісті міндеттерді орындауға белгіленген уақытты қарай оты­рып, оларды белгілі бір көрсеткіштермен (сандық және сапалық) білдіре алу, ақпараттық база мен техникалық құ­рал­дарды қамтамасыз ету, оларды жедел және ма­ңыз­ды­лық­тарына қарай жіктей отырып, тапсырмаларды орын­дау­дың кезегін айқындау қабілетіне негізделеді.

Коммерциялық банкті басқару көрсетілген екі бағыт бойынша бүкіл талаптардың орындалуын талап етеді. Банк операциялары күрделі және принципті. Банк қызметін басқару сапасы (1) қызметкерлерді басқару деңгейіне қатысты (2) болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет