Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет13/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Түйін
1. Банктік менеджмент – жаңа нарықтар құру үшін банктің, жекелеген орындаушылардың қызығушылығына әсер ету және клиенттердің қаржылық дамуына неғұрлым қолайлы жағдайлар жасау мақсатында алуан түрлі банк қызметтерін көрсету мен операциялар жасау процесі.

2. Басқару қатынасы менеджмент предметі болып са­на­лады.

3. Банк капиталы мен оның ресурстарын басқару әдістерін, сондай-ақ активтер мен пассивтерді басқару ке­ше­ні банктік менеджменттің объектісі болып табылады.

4. Банктік менеджменттің қызметі: жоспарлау, ұйым­дас­тыру, үйлестіру, ынталандыру, бақылау.

5. Банктік менеджмент банктік қызмет көрсетудің жаңа нарықтарын құру, өзгерістерді басқаруға, адам және ұйымдастыру әлеуетін арттыруға, қаржылық материалдық ресурстарды сауатты пайдалануға, коммерциялық есептер мен баланстар негізінде банк қызметін коммер­ция­лан­ды­ру­ға бағдарланған.

6. Банктік менеджменттің ерекшелігі алға қойған мақ­сат­тарға қатысты банктік менеджменттің бірқатар сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланатындығынан тұрады.

7. Сандық көрсеткіштердің банк қызметін басқарудың бүкіл аясына қатысы бар. Банк клиенттері мен олардың есеп шоттарының саны, депозиттер көлемі, несие салымдары, инвестициялар; банк жасайтын операциялар мен қызметтер көлемі.

8. Сапалық көрсеткіштер – банктің кірістері мен шы­ғыс­тарының көрсеткіштері, қаржы айналымының жыл­дам­дық көрсеткіштері, операцияларды жасауға жұмсалатын көп еңбекті қажет етушілік шығындар көрсеткіштері, банк көрсететін қызметтердің көлемі, құрылымы мен сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін қанағаттандыру дәрежесінің көрсеткіштері.

9. Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кә­сі­би даярлықтарын дамытуды, олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблемаларды шешу дәрежесін сипаттайды.

10. Банктік менеджментті екі келіс (көзқарас) тұр­ғы­сы­нан зерттеп-үйрену көзделеді: яғни банк қызметі тара­пы­нан, оған банктің әртүрлі операцияларын басқару жа­та­ды; ұжымды басқарудың екі үлгісін – жапондық басқару үлгісін және американдық басқару үлгісін бөліп көрсетеді.



Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Банктік менеджмент - бұл:

а) коммерцциялық банктің ұйымдық құрылымын бас­­қа­рудың ғылыми жүйесі;

ә) банк саласында жұмыс істейтін қызметкерлер мен банк ісін басқару жүйесі;

б) активтерді басқару;

в) банк қызметкерлерінің қалыптары (нормалары) мен міндеттерінің жиынтығы;

г) барлық жауаптар дұрыс.


  1. Банктік менеджменттің негізгі мақсаты:

а) тиімді басқару жүйесін қолдану жолымен пайда алу;

ә) банк қызметін өткізуді ұйымдастыру;

б) ресурстарды тарту және оларды орналастыру;

в) жарнаманы жоғары деңгейде ұйымдастыру.



  1. Банктік менеджменттің сапалық көрсеткішінің тү­рі:

а) банктің кірістілігі;

ә) клиенттердің саны;

б) несие ресурстарының көлемі;

в) көрсетілетін қызметтердің көлемі;

г) инвестициялар көлемі.


  1. Банктегі басқару процесінің басталуын білдіретін жұ­мыс кезеңдері:

а) жоспарлау;

ә) реттеу;

б) бақылау;

в)талдау;

г) барлық жауаптар дұрыс.


  1. Пассивтерді басқару процесінде қандай міндеттер ше­­шіледі:

а) меншікті капиталды көбейту;

ә) қажетті несие ресурстарын іздестіру;

б) «арзан» ресурстарды тарту есебінен банктің пайда алуын қамтамасыз ету;

в) табыс әкелмейтін қаржылардың банкте болуына жол бер­­меу;

г) барлық жауаптар дұрыс.

9 - ТАРАУ. БАНКТІК МАРКЕТИНГ

Банктік маркетингтің негізгі теориялық ережелері мен оның ерекшеліктерін түсіну аталмыш тақырыптың мақсаты болып саналады. Міндеті – банктік маркетингке анықтама беру, банктік маркетингтің қажеттілігін, оның қағидаларын, негізгі түрлері мен тәсілдерін, сондай-ақ Қазақстан банктеріндегі маркетингтің даму стратегиясын көрсету.



Әдебиеттер: Ә-6; Ә-11; Ә-13; Ә-31.

9.1. Маркетинг анықтамасы, оның мақсаты

мен міндеттері
Маркетинг - бұл экономика, социология және бас­қа­ру арасындағы ғылым. Нарықтық экономикада кез келген кәсіпкерлік нарыққа шығумен, барлық процестерді білумен және өнімдерді алға жылжытумен аяқталады. Егер да­мы­ған елдерде маркетинг жарты ғасырдан аса бұрын өнер­кә­сіп­те тарау алса,оның соңын ала, 40-жылдай бұрын маркетинг ірі банк­тер аясында қолдауға ие болады. Қа­зақ­стандағы на­рық­тық экономиканың дамуы мен прогресі жағдайында банк маркетингі мен оның ерекшеліктерін үйрену – бұл қа­жет­тілік және банктік менеджменттің ажырағысыз бөлігі бо­лып саналады.

Банктік маркетинг толығымен маркетингтің жалпы қа­ғидаларына негізделеді, алуан түрлі қызметтерді орын­дай­ды, «маркетинг» жалпы түсінігінің құрамды бөлігі мен буынын білдіреді. Маркетинг – бұл өндіріспен және бәсекелестікті ескере отырып тауарларды тұтынушыға жеткізумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің түрі, кәсіпорындар қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Банктік маркетингті маркетингтің ерекше саласы, кли­енттердің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, банк өнім­дерінің неғұрлым пайдалы нарықтарын іздеу және пай­далануға бағытталған коммерциялық, сол сияқты бар­лық басқа банктердің қызмет түрлері ретінде қарау керек.

Шетелдердегі, сол сияқты біздің еліміздегі қазіргі за­ман­ғы банктердегі маркетинг алдыға қойылған мақсат­тарды орындаудағы өз стратегиясы мен философиясының, иделогиясы мен саясатының жиынтығын білдіреді.

Маркетингтік қызмет көрсетілетін қызметіне активті және әлеуетті сұранысты зерттеу мен талдаудан басталады. Маркетингтік қызмет жүйесі олардың өнімдеріне (банктік қызметтерге) сұраныс болуының арқасында ғана өмір сү­реді. Банк өз шығындарының деңгейіне қатысты олардың бағасын алдын ала белгілей отырып, қызметтердің дайын қоржынымен нарыққа шығып және пайда алады.

Соңғы уақыттарда барлық елдердегі ірі коммер­циялық банктердің басым көпшілік саны клиенттерге кешенді қызмет көрсетуге көшуде. Бұл банктердің несие-есеп айы­ры­су және кассалық қызмет көрсетуден тысқары өз клиент­теріне өзге де тұтастай қызмет түрлерін көрсе­тетін­ді­гін білдіреді.

Кешенді қызмет көрсету тәжірибесі бізге де толық түр­де қолдануға қолайлы екендігін көрсетіп отыр, сон­дық­тан да отандық коммерциялық банктердің оны қолдануы, де­позиттер мен жаңа салымшыларды тартудағы олардың бәсекеге төтеп беру қабілеттілігін артыратыны сөзсіз. Бұл бәсекелестік күресте клиенттерге көрсететін қызметінің ау­қы­мын тұрақты түрде кеңейтіп отыратын, олардың құнын төмендететін, несие-есеп айырысу және кассалық қызмет көрсету сапасын жақсарта түсетін, несие беру кезінде қандай да бір жеңілдіктер жасайтын клиенттерге әртүрлі кеңестер беретін банк қана төтеп беріп, жеңіп шыға алатын болады, ондай болмаған жағ­дай­да банктің несие ре­сурс­та­рының көлемі күрт қысқарып, оның құрылымы, одан көзделетіндей, бухгалтерлік баланс­тың өтімдігі нашарлауы мүмкін. Ақыр соңында, мұндай банк банкротқа ұшырайды.

Сөйтіп, коммерциялық банктердің нарықта жаңа қыз­мет түрлерін табысты түрде алдыға жылжытуы, банктердің нарыққа кешенді талдау жасауға және маркетинг теориясы мен практикасын қолдану негізінде оны қайта өңдеуге көшуімен ғана мүмкін болады.

Мынаны атап өту көзделеді, маркетингті енгізу кіріс­ті­ліктің өсуіне, тәуекелдің төмендеуіне әкелмейді және әкеле алмайды. Аталмыш екі көрсеткіш банк капиталын басқаруға, актив пен пассивті теңестіруге қатысты болады. Ұйымдастырушы феномен ретіндегі маркетинг банк қызметінің нарықтағы дамушы процесінің тепе-теңдігін ұстап тұру тетігі болып саналады.

Банктік маркетинг – бұл сол аумақтағы клиенттер қажетсінетін барлық көрсетілетін қызметтердің түрлерін, қызмет сапасына қойылатын талаптарды банктің жақсы білуі. Банктік маркетинг нақты және әлеуетті клиенттерді анықтауға бағытталған.

Банктік маркетинг пен нақты қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалдарға қатысты оның қызметі туралы жалпы түсінікті келесі кестеден алуға болады.

5 кесте


Сонымен, банктік маркетингтің ерекшелігі – бұл кли­ент­терді тарту және көрсететін өз қызметтері көлемінің аясын кеңейту болып саналады.

Банктік маркетингтің жалпы қағидалары келесідей түрде берілген:


  • нақты мақсаттарға жетудегі барлық банк қызмет­кер­лері әрекеттерінің бағдарланушылығы;

  • жоспарлауды, талдауды, реттеуді, бақылауды қамтитын банк қызметі процесінің кешенділігі;

  • маркетингті болашақ және ағымдағы жоспар­лау­дың біртұтастығы;

  • қабылданатын шешімдерге бақылау жасау;

  • жұмыскерлердің шығармашылық белсенділігін ынта­лан­дыру, олардың біліктілігін арттыру;

  • ұжымда табысқа жету үшін қызығушылықты арт­тыру.

Әрбір банк үшін бәсекелестік жағдайында төмен­де­гі­дей маркетинг мақсаттарына қол жеткізу маңызды болып саналады:

  1. нарықты зерттеу және сұранысты қалыптастыру;

  2. банк қызметтеріне сұранысты ынталандыру;

  3. қабылданатын шешімдер жоспарларының негіз­ді­лі­гі;

  4. клиенттерді тарту және клиенттерді ұстап тұра бі­лу;

  5. банк кірісін көбейту және нарықтағы үлесін ұл­ғай­ту.

Маркетингтегі келесідей нақты міндеттерді шешу кезінде мақса­т­тар­ға жету мүмкін болады:

    • банктің тұрақты тиімді жұмысын қамтамасыз ету;

    • табысқа жетудегі кепілдік ретінде банк өтімдігін

қамтамасыз ету және клиенттер арасындағы беделін көтеру;

  • көрсетілетін қызметтердің көлемі, құрылымы мен

сапасы бойынша клиенттердің талап-тілектерін

жоғары дәрежеде қанағаттандыру;



  • ұжымның міндеттері мен оның әлеуметтік

проб­лемаларын шешу.

9.2. Банктік маркетинг қызметінің түрлері



мен тәсілдері
Коммерциялық банктер мен өзге қаржылық – несие институттары маркетинг мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда клиенттердің қажеттілігіне бағдарланудың бірінші кезекті келістерін әзірлеп-жасайды, осыған орай клиент пен банктің мүдделерін үйлестіре білу маңызды болып саналады.

Банктік маркетинг «банк өнімдерін» көбейтуге ба­ғыт­тал­ған (банк операциялары, қызметтер) қызметтердің нақты түрлерін жүзеге асыру арқылы өз қызметін жүр­гі­зе­ді. Оған мыналар жатады:



  • Маркетингтік зерттеулерді жүргізу, ақпараттарды жинау, талдау.

  • Банк өнімін жасау. Банктің өз қызметінің сату­шы­сы болуы.

  • Көрсетілетін қызметтер мен операцияларға баға белгілеу.

  • Банк өнімдерін таратуды ұйымдастыру.

Банктік маркетингте клиент басты орын алады. Банктегі басты тұлға – банктің клиенттері деп айтуға болады. Банк қандай операцияларды немесе қызметтерді көрсетуге тиіс екендігін солар алдын ала болжайды.

Банк клиенттері

  1. Үкіметтік мекемелер.

  2. Корпорациялар.

  3. Банк-корреспонденттер.

  4. Депозиттер мен несие бойынша беру бағыттары тұл­ғалардың санаттары, ірі немесе ұсақ кәсіпо­рын­дар.

  5. Траст-қызмет бағыттары бойынша банк кли­ент­тері болып саналатын заңды және жеке тұлға.

  6. Заңды және жеке тұлғалар, меншік иелері немесе қозғалмайтын мүлікпен операция жасаушылар.

Жаңа клиенттерді тарту нарықты жақсы білу мен клиенттер тарапынан сұраныс болған кезде ғана мүмкін болады. Өз клиенттерін ұстап тұру мен көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейту мақсаты алдыға қойылуы тиіс.

Банк қызметкері – қаржылық мәселелер бойынша сарапшы және оны клиенттер сезінуі қажет. Ең соңында, сенімді нығайтуға өзіндік әсерін тигізеді.

Банктердің бәсекелестігі жағдайында баға белгілеу саясаты маңызды рөл атқарады. Ол келесідей алты кезең­нен тұрады:


  1. Баға белгілеу міндеттерін қою.

  2. Сұранысты анықтау.

  3. Шығындарды бағалау.

  4. Бағаларды және бәсекелестердің банк өнімдерін талдау.

  5. Баға белгілеу әдісін талдау.

  6. Түпкілікті бағаны белгілеу.

Банк оларды меншікті бағаны анықтау негізі ретінде пайдалану үшін бәсекелестердің бағаларын зерттейді. Осыған орай банк тәуекелі дәрежесі, оны сақтандыру және банк үшін міндетті нормативтер мен көрсеткіштер анықталады және салыстырылады.

Солардың бірін банк таңдап алатын баға белгілеу әдіс­­­тері келесідей болуы мүмкін: «пайда қосылған орта шы­­ғындар», шығынсыздықты талдау және мақсатты пай­да­ны қамтамасыз ету. Түпкілікті баға оны клиент­тер­дің, банк қызметкерлері мен бәсекелестердің неғұрлым толық өзіне қолайлы қабылдауын ескере отырып дәстүрлі түрде белгіленеді.

Нарыққа кешенді зерттеу жүргізіп, клиенттердің қа­жет­тіліктері мен талап-тілектері анықталғаннан кейін ба­рып банк шығындары мен көрсетілетін банк қызметтерінің болуы мүмкін бағасы анықталады.

Банк өнімдерін тарату маркетинг қызметінің қоры­тын­ды түрі болып саналады.

Банктік маркетингте соның көмегімен маркетинг мақ­сатына жетудің табыстары ашылып көрсетілетін дәстүрлі тәсілдер өмір сүреді. Бұл – клиенттермен қарым-қатынас жасау, қызмет тиімділігі, клиенттердің басымдыққа жетуі үшін өз акционерлерін дивидендтермен қамтамасыз етуі болып саналады.

Банктік маркетингте маркетинг қағидаларына жауап бе­ретін, төмендегідей маңызды ерекше нақыл сөздерді сақ­тай білу көзделеді:



  1. «Тұтынушынікі әрқашанда дұрыс».

  2. «Барлығы тұтынушы үшін».

Маркетингтік қызметтің түрлерін қарастыру мар­ке­тинг­тің негізгі тәсілдерін зерттеумен қоса қабаттасып жү­ре­ді. Оқу әдебиеттері неғұрлым маңызды деген екі тәсілді – бірыңғайлау (типологизация), нарықтық сегмент­теу тә­сі­лін бөліп көрсетеді.

Бірыңғайлау (типологизация) - әлеуметтік сипаттама­ла­рына, демографиялық және әлеуметтік-экономикалық фак­торларға сәйкес тұтынушыларды жеке ыңғайда қарас­ты­ру және топтастыру процесі.

Нарықтық сегменттеу – банк үшін неғұрлым бола­ша­ғы зор болып саналатын нарық тұтынушыларын нақты топ­тарға бөлу процесі. Банк қызметінің сипаты, клиенттердің географиялық, демографиялық, психомәдени, мінез-құлық белгілері, негізінен, сегменттеу белгілері болып қатысады.

Банк қызметтерінің сипаты бойынша олар несие, опе­ра­циялық, инвестициялық, делдалдық және басқа да сег­мент­терге бөлінеді.

Клиентуралық белгі нарықты заңды және жеке тұлға­лар­ға, корпорацияларға, банк-корреспонденттерге, мемле­кет­тік органдарға бөледі.

Аумақтық құрылымдар, экономикалық аудандар, әкім­шілік бірліктер геграфиялық сегменттеу объектілері бо­лып саналады. Демографиялық сегменттеу халықты жас мөлшері, кірістері бойынша әлеуметтік-кәсіби тұрғыдан бөлуге негізделеді.

Психомәдени сегменттеу – бұл жеке тұлғалардың банктердің көрсететін қызметіне қатынасы.

Мінез-құлықтық сегменттеу банктің әрбір клиентінің бос уақытын зерттеуге негізделеді.

Ал нарықты сегменттеу мен анықтау банк­тің өзіне қа­жет. Белгілі бір қызмет түрлерінен алынатын тиімділіктер клиенттердің белгілі бір топтары үшін ғана пай­далы болып табылады. Ал басқа бір топтар үшін мұн­дай қызмет түрлері қымбат немесе дәл сол сәтте пайдасыз болуы мүмкін. Аталмыш қызмет түрлері қызықтыратын клиенттердің топтары мақсатты нарықты құрады.

Жоғарыдағылармен қатар, маркетингтік зерттеу­лер­дің өзге де белгілі тәсілдерінің өмір сүретінін атап өту көзделеді. Оған активті және пассивті маркетинг жатады.

Активті маркетингке келесілер кіреді:

1. Тікелей (жарнамалық). Жер-жерлерде клиенттер ара­сынан қаржыларды басқару жүйесін құру. Тікелей мар­кетингтің мақсаты – клиентті тез әрекет етуге мәжбүрлеу.

2. Байланыс құралдарын (пошта, теледидар) пай­да­лану. Телемаркетинг – бұл жеке адамдардың компьютер­ле­рін қолдануға негізделген банктік қызмет көрсетуді үйде жалғастыру.

3. Халықтың кең ауқымды топтары арасында сұрау жүр­гізу.

4. Әлеуетті клиентпен жеке қарым-қатынас орнату.

5. Фокус-топ құру. «Фокус топ» бұл клиенттермен жеке байланыстарға негізделген, маркетинг әдістерін логи­ка­лық жалғастыру. Мақсаты – клиенттердің жағдайын анық­тау.

Пассивті маркетинг – бұл банктің қызметі мен жағ­дайы туралы материалдардың баспасөз беттерінде жария­ла­нуы.

Банктер өз қызметтерінде активті, сол сияқты пас­сив­ті маркетингті пайдаланулары тиіс. Сонымен бірге, тәжі­ри­бе көрсетіп отырғанындай, негізінен, активті маркетингке басымдық беріледі.

Банктік маркетинг толығымен банктің көрсететін қызметтерін дамытуға бағытталған және бұл жеткілікті кең ауқымды өзара байланысты түсінік болып саналады.

Банктердің клиенттерге көрсететін қызметтерін қыз­мет түрлеріне бөліп топтастыруға болады.



Қызметтердің түрлері

Ұлттық банк арқылы беріледі

Коммерциялық банктер арқылы беріледі

1

2

3

Стратегиялық.

Олар банк кли­ент­теріне, қыз­мет сипаты мен ауқы­мын­дағы тү­­бе­гей­лі стра­те­ги­я­лық қайта жа­ңа­ру­ларды жа­­сап, оған қол жет­кізуге мүм­кін­дік береді.



Ақша саясаты.

Стратегиялық ма­ңыз­ды салаларды қаржы­лан­дыру үшін ресурс­тар­ды қамтамасыз ету. Ұлттық ақша бірлік­те­рі­нің сатып алу күші мен валюта бағамын ұс­тап тұру.



Тәуекелді капитал.

Несие карточкалары.

Займ­­дарды орналас­ты­ру. Жи­нақ шоттары. Ке­піл­­дік­ке қою опе­ра­ци­я­ла­ры.


Жедел.

Банк клиентіне жылдық жос­пар­­­да алға қой­ы­­­лған мақ­сат­тар­ға оң­тайлы түр­­­де қол жет­кі­зуге мүм­кін­дік береді.



Ақша айналымы.

Векселдердің есебі. Ең төменгі резервтер сая­са­ты. Банктік қа­да­­ға­лау. Эконо­ми­ка­ның тұ­рақ­та­нуы. Ва­лю­­та­лық резерв­тер. Ақ­­па­рат.



Тұтыну несиесі.

Ақша нарығындағы опе­рациялар: Қамтамасыз етіл­­­­меген несие. Ли­зинг­­тік несие. Қам­та­ма­сыз етіл­­ген несие. Валю­та­лық опе­ра­ци­ялар. Де­по­зит­тік шот­тар. Чектік кли­ринг.



Проблемаларды шешу.

Банк клиентіне тез даярлану ар­қы­лы және жос­­­­­­­парланбаған проблемаларды шешуге мүм­кін­­дік береді.



Банк мекемелеріне не­си­елер беру. Банктік қа­дағалауды қамта­ма­сыз ету бойынша әре­кет. Валюта бағамын ұстап тұру. Несиелер беру ту­ра­лы ха­лық­ара­лық ва­лю­та қоры­мен келіс­сөз­дер.

Құндылықтарды де­по­нент­теу. Несие карточ­ка­­лары. Қамтамасыз етіл­­ген несие. Лизинг. Факторинг.

Несиелерді сақтандыру.



Дағдарыстық ахуал жағдай­ын­да пробле­ма­лар­ды шешу. Банк клиентіне бол­жап біл­ме­ген дағ­­­­­­да­рыс­­тық аху­­ал жағ­­­дай­ын­да кә­сіби кө­мек алуға мүм­­­­кіндік бере­ді.

Азаматтардың жинақ­тарына кепілдіктер.

Банк­ноттар бойынша ке­піл­діктер. Банк­тер­дің ұстап тұру. Басшы кад­р­лар­ды іріктеу жә­не қыз­меттерге қою.



Қайта қаржыландыру (ре­фи­нансирование) сақ­тан­дыру жауап­кер­ші­лігінің кө­лемі. Қайталап кепіл­дік­тер беру. ком­па­ни­яларды сату.

9.3. Банктік маркетингті дамыту бағыттары
Банктер арасындағы бәсекелестік оларды тікелей клиенттермен жұмыс істейтін қызметкерлерге ерекше на­зар аударуға, олардың өз міндеттерін сапалы орын­дау­ла­ры­на қол жеткізуге еріксіз итермелейді. Клиенттерге қызмет көрсетуді жетілдірудің жекелеген бағыттарын бөліп көрсету көзделеді. Оларға мыналар жатады:

  1. Банкте ақыл-кеңестер беретін және сұрақтарға жау­ап қайтаратын жауапты қызметкерлерді та­ғай­ындау.

  2. Банктің ірі филиалдарына қаржы мен несие, ин­вес­тициялар мен сақтандыру аясындағы проб­ле­ма­ларды шешу үшін қаржы кеңесшілерін таға­йын­дау.

  3. Клиенттердің банкке өтініш жасауы және пәтер­лер­ден тікелей операциялар жүргізу үшін жағд­ай­лар ту­ғ­ы­зу.

  4. Банктің клиенттермен іскерлік қатынастар этика­сын ен­­гізу.

  5. Қажеттіліктердің кең ауқымды спектрін қа­на­ғат­тан­ды­руға арналған, бірсыпыра инновациялық де­позит­тік және несие бағдарлармаларын енгізу.

  6. Несие беру туралы шешім қабылданғанға дейін кли­ент­тің төлем қабілеттілігін тексеру.

  7. Менеджмент саласында көмек көрсететін бизнес-ор­та­лықтар құру.

  8. Жер-жерде клиенттерден қаржыларды басқару жүй­есін құру, операцияларға күнделікті бақы­лау­ды жүзе­ге асыру.

Маркетинг қызметінің нарықтағы табысы көп дәре­жеде ахуалды жүйелі түрде ой елегінен өтізуге, банктің жұмысын ұтымды үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді алдыға дәл қоя білуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоспарлау сапасымен айқындалады.

Маркетинг стратегиясы кез келген банк үшін стра­те­гиялық жоспарлаудың құрамды элементтерінің бірі болып саналады. Стратегиялық міндеттерді айқындап алғаннан кейін, банктің ағымдағы жағдайдан алдыға қойған мақсаттарға жету бағытын қалыптастыруы көзделеді. Банк басқармасының қарауына және бекітуіне ұсынылатын баяндама дайындалады.

Алдыға қойылған міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөлуі жүзеге асырылады: бөлінетін инвестициялардың мөлшері, технологиялық қамтамасыз ету, жұмыскерлердің саны анықталады. Банктің әрбір бөлімшелері бойынша бекітілген стратегиялардың осы көрсеткіштері негізінде жұмыс жоспарлары жасалады.

Жүзеге асырылатын маркетинг стратегиясының та­быс­ты болуы төмендегідей бірқатар факторларға қатысты болады:

1. Банктің ұйымдық құрылымында банк бизнесі мен маркетингтің жаңа фирмаларын әзірлеумен айналысатын стратегиялық дамуының арнайы топтарын құру.

2. Стратегиялық жобаларды орындайтын жұмыс­керлерді ынталандырудың арнайы жүйесін ұйымдастыру.

3.Стратегиялық жоспарлау міндеттерінің басым­ды­ғы­на банк басшылылығының қызығушылық таныту деңгейі.

4. Барлық жауапты тұлғалардың стратегиялық жоспарлы бағдарламаларды жүзеге асыру барысы туралы ақпараттар жүйесін ұйымдастыру.

5. бақылаудың айқын жүйесін ұйымдастыру. Мақсат жолында табысқа жету немесе сәтсіздікке кезігу жоспарды орындау барысында дәйекті бақылау жүйесінің қажеттігін туғызады.

Түйін
1. Банктік маркетинг – бұл бүкіл пассивті және активті операцияларды тиімді ұйымдастыру, банк қызметтерін көрсету нарығын талдау, тиімді қызмет түрлерін көбейту, көрстетілетін банк қызметтеріне бағалар белгілеу, өткізуді жоспарлау және ұйымдастыру, жарнама.

2. Өткізу нарығын зерттеу немесе банк қызметтеріне сұраныс туғызу маркетинг объектісі болып саналады.

3. Банктік маркетингтің негізгі қағидалары: стратегия мен тактиканың біртұтастығы, пайдалылықты қамтамасыз ету, тұтынушылардың қажеттіліктерін толық­ қана­ғаттандыру, сатып алушылардың қажеттіліктерін дәл білуге негізделген өнімдерді өндіру.

4. Активті маркетинг пен пассивті маркетингтің ара жігі ажыратады.

5. Банктік маркетингті енгізу және пайдалану про­цесінде маркетинг тәсілдері: бірыңғайлау (типо­ло­ги­зация) мен нарықты сегменттеуге айрықша орын беріледі.

6. Маркетинг қызметінің нарықтағы табысы көп дәрежеде ахуалды жүйелі түрде ой елегінен өткізуге, банктің күш жұмылдырушылығын үйлестіруге, мақсаттар мен міндеттерді алдыға дәл қоя білуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоспарлау сапасымен айқындалады.



Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар
1. Банктік маркетинг – бұл:

а) ұжымды басқаруды ұйымдастыру

ә) банктердің қызығушылықтарына әсер ету процесі

б) алда болуы мүмкін өзгерістерді жоспарлау және болжау

в) банк қызметтеріне сұраныс пен ұсыныстарды зерттеу бойынша ұйымдастыру процесі

г) коммерциялық есептер мен баланстардың қағидалары негізінде банк қызметін коммерцияландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет