Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет14/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

2. Банктік маркетингтің тәсілдерін атаңыздар:

а) қызметтің тиімділігі

ә) клиенттермен қарым-қатынас жасау

б) акционерлерді дивидендтермен қамтамасыз ету

в) клиент үшін басымдық беру

г) барлық жауаптар дұрыс.



3. Активті банктік маркетинг түрлері:

а) тікелей-жарнама

ә) клиенттермен жеке қарым-қатынас жасау

б) баспасөзде материалдар жариялау

в) тікелей-жарнама, клиенттермен жеке қарым-қатынас жа­сау

г) клиенттермен жеке қарым-қатынас жасау және бас­па­сөзде материалдар жариялау.



4. Маркетинг стратегиясы – бұл:

а) банк өнімін тарату

ә) банктің маркетинг құралдарымен мақсатқа жетудің ең жақсы жолдарын таңдауы

б) қызметтер мен операцияларға баға белгілеу

в) бақылау тәртібі

г) дұрыс жауабы жоқ.



5. Банктегі маркетингтік келіске нақты не жатады:

а) нарықты зерттеу

ә) клиенттің қажеттілігіне бірінші кезекте бағдарлану

б) клиентпен жасалған әрбір келісімнің пайдалылығы

в) өз қызметіне болжам жасау

г) в + с


10 - ТАРАУ. КЛИЕНТТЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
Клиенттерге қаржылық қызметтер көрсету ретінде сипатталатын және нарықтық операциялар түрінде қара­ла­тын коммерциялық банктердің қазіргі заманғы операция­ла­рының шеңберін айқындау тараудың негізгі мақсаты болып саналады. Қазақстандық банктер үшін қаржылық қызмет көрсетулер – бұл, әлі дамыта түсу көзделетін қыз­мет­тің жаңа түрі болып саналады. Тараудың басты міндеті – операциялардың жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін қыс­қа түрде көрсету болып табылады.
Әдебиеттер: Ә-8; Ә-10; Ә-14; Ә-28; Ә-29.
10.1. Лизингтік операциялар
Коммерциялық банктер белгілі бір кірістер әкелетін делдалдық (комиссиялық) сыйақылар, алымдар алатын әртүрлі қызметтер көрсетеді. Соңғы жылдары банк қызметінің көлемі мен түрлері өсе түскендігі байқалады және бұл банктің алатын пайдасының маңызды көзіне айналуда. Коммерциялық банктердің қызметі жалгерлік не­месе лизинг (ағылшынша – Leasing - жал) операция­ла­рын қаржыландыруда кең даму ала түсуде.

Банктер өнеркәсіп кәсіпорындарына ұзақ мерзімге машиналарды, көлік құралдарын, өндірістік мақсаттағы құрылыстарды жалға береді және олармен лизингтік келісімдер жасайды. Сөйтіп, көрсетілген құралдарды сатып алуға кәсіпорындарға ссудалар бергеннің орнына банк меншік құқығын өзінде қалдыра отырып, оларды өзі сатып алып және жалға береді. Осыған орай банк ссудалық пайыз емес, жалгерлік ақы (лизингтік төлемдер) алады. Кәсіп­орын­дар үшін лизинг инвестицияларды қаржыландырудың өзгеше формасы болып саналады.

Банк қаржыландыру мәселесін шешу үшін клиенттің кірістілік деңгейін зерттейді, лизинг объектісін дұрыс және тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне сараптық бағалау жүргізіледі, нәтижесінде қосымша кепілдіктер (фирмалық, банктік) алу туралы мәселе қойылуы мүмкін. Контракт жалға беру мерзімін, сомасын, валютасын, жалгерлік ақыны төлеудің мерзімі мен басқа да жағдайларын, жабдықтарды дұрыс қалпында сақтау мен қызмет көрсету бойынша жалгердің міндеттемелерін қарайды.

Әлемдік тәжірибеде «лизинг» термині ұзақ мерзімге пай­даланатын тауарларды жалға беруге негізделген әр­түр­лі тектегі келісімдерді белгілеу үшін пайдаланылады. Жал­ға беру шартында жасалған мерзімдерге қатысты жалгерлік операциялардың үш түрінің ара жігі ажыратылады:



    • қысқа мерзімдік жалға беру (рейтинг) – бір күннен бір жылға дейін;

    • орта мерзімдік жалға беру (хайринг) – бір жылдан үш жылға дейін;

    • ұзақ мерзімдік жалға беру (лизинг) – үш жылдан 20 жылға дейін және одан жоғары.

Лизингтік операциялардың негізгі элементтері. Ли­зинг­тік келісімдердің негізін мыналар құрайды:

  1. Келісім объектісі;

  2. Келісімдер субъектісі (лизинг шартының тара­п­тары);

  3. лизинг шартының мерзімі (Лизинг кезеңі);

  4. Лизингтік төлемдер;

  5. Лизинг бойынша көрсетілетін қызметтер.

Лизинг объектісі. Егер ол өндірістік циклде жойылып кетпейтін болса, кез келген материалдық құндылықтар лизингтік келісімнің объектісі болуы мүмкін. Жалға берілетін объектінің табиғаты бойынша лизинг қозғалатын және қозғалмайтын мүлік болып ажыратылады.

Лизинг субъектісі. Келісім объектісіне тікелей қаты­на­сы бар тараптар лизингтік келісім субъектісі болып са­на­лады.

Лизинг мерзімі. Лизинг мерзімі ретінде лизинг шар­ты­ның қолданылатын (әрекет ететін) мерзімі түсіндіріледі.

Лизинг құны. Лизингтік операциялар жобасында ли­зинг берушіден есептелетін лизинг (жалгерлік) тө­лем­дердің сомасын анықтау кезеңі неғұрлым күрделі болып саналады. Қысқа мерзімдік және орта мерзімдік жалға беру кезінде жалгерлік ақы төлемдерінің сомасы маңызды шекте жалға берілетін тауарлар нарығының конъюнктурасымен бел­гіленеді. Ұзақ мерзімдік (лизинг) жалға беру кезінде ли­зинг төлемдерді есептеудің негізінде, келісім объектісінің құнымен және лизингтік контрактының жалғасатын мер­зі­мі­мен байланысты әдістемелік тұрғыдан негізделген есеп­тер алынады.

Кез келген лизингтік төлемнің құрамына мынадай негізгі элементтер кіреді:


  • амортизация;

  • келісімді жүзеге асыру үшін лизинг беруші арқылы тартылатын ресурстарға жасалатын төлем;

  • көрсетілетін қызметтер үшін (1-3%) лизинг берушінің кірісі кіретін лизингтік маржа;

  • лизинг беруші жауап беретін, мөлшері әртүрлі тәуекелдер деңгейіне қатысты тәуекел сыйақы.

Ресурстар үшін төлемдер, лизингтік маржа мен тәуекел сыйақы – лизингтік пайызды құрайды. Жалгерлік ақы төлемдерінің сомасын есептеу үшін, олардың мөлшеріне лизингтік келісімнің барлық жағдайының өзара байланысты әрекетін: контрактының сомасы мен мерзімін, лизингтік пайыз деңгейін, төлемдердің кезеңділігін (мерзімділігін) білдіретін аннуитеттер формуласы (нақты қарыздар бойынша жыл сайынғы төлемдер) қолданылады. Бұл формула мынадай түрге ие:

Р = A*И:Т/1-1: (1+И:Т) т*п, мұнда

Р – жалгерлік төлемдердің сомасы;

А – аммортизациялар сомасы немесе жалға алатын мүліктің құны;

П – контракт мерзімі;

И – лизингтік пайыз;

Т – жалгерлік төлемдердің мерзімділігі.

Аталмыш формуланы пайдалану, қолданылатын бар­лық кезең аралығында әрбір жалгерлік төлемнің сомасы өз­ге­ріссіз қалатынын көрсететін бағыттық (линейный) кес­тені сипаттайды. Мысалы, жалға алған жабдықтың құны 15000 бірлік, шарт мерзімі 5 жыл, ставка 9% болған кезде, төлемдердің тоқсандық мерзіміндегі (үш айда бір рет) сомасы тұрақты түрде 956, 3 бірлікке (15000* 0,06375) тең болады.

15000* 0,09:4/1-1:(1+0,09:4)5* 5=15000* 06063375 = 95663 бірлік.

Лизингтік қызметтердің қазіргі заманғы нарығы ли­зинг формаларының алуан түрлілігімен сипатталады.



Лизинг түрлері:

Қаржылық лизингтің келесідей негізгі белгілері бар:

  • үшінші тараптың қатысуы (өндірушілер немесе келісім объектісінің жабдықтаушысы);

  • жалға алудың негізгі мерзімі ішінде, яғни жалға берушінің шығындарын өтеуге қажетті мерзімде шартты бұзудың мүмкін еместігі. Дегенмен келісімде лизинг туралы қосымша ескертілетін жағдайлар болады, құны маңызды түрде өседі;

  • лизингтік келісім неғұрлым ұзақ мерзімді болады (келісім объектісінің қызмет мерзіміне жақын);

  • қаржылық лизинг кезіндегі келісім объектілері, не­гізінен, құнының жоғарылығымен ерекшеле­не­ді.

Қайтымды лизинг («lease - back») – жабдықтардың мен­шік иесі оны лизингтік фирмаға сатады және бір мез­гіл­де бұл жабдықтарды олардан жалға алады. Мұндай опе­ра­циялар нәтижесінде сатушы жалға алушыға айналады. Ол келісім объектісінің иесі ақша қаражаттарына деген өт­кір қажеттілікті сезінгенде және аталмыш форма көмегімен өзінің қаржылық жағдайын жақсартқан жағдайларда қолданылады.

«Жабдықтаушыға» лизинг – мұндай жағдайда жаб­дық­­тарды сатушы қайтымды лизинг кезіндегі сияқты ли­зинг алушыға айналады, бірақта жалға берілген мүлікті олар емес, ол іздеп табуға міндетті және келісім объектісін жал­ға беретін басқа жалға берушілер пайдаланады. Осыған ұқсас контрактылардағы субжалгерлік (суб аренда) мін­дет­ті жағдай болып саналады.



Өтем ақылық (компенсационный) лизинг – лизингтің мұндай формасы кезінде жалгерлік төлемдер лизинг келісімінің объектісі болып саналатын жабдықтармен жасалған өнімдерді жеткізу арқылы жүзеге асырылады.

Қалпына келтірілетін лизинг – аталмыш форма жағ­дай­ындағы лизингтік келісімде жалға алушының талабы бойынша құрал-жабдықтарды неғұрлым жетілдірілген үлгілермен мерзімді алмастыру қаралады.

Лизингтік операциялар техникасы және оны ұйым­дас­тыру:

Жалға алушы лизингтік компаниядан қажетті құрал-жаб­дықты алу мақсатында, құрал-жабдықтың атауы, жаб­дық­таушы (жасаушы-кәсіпорын), үлгісі, маркасы, құрал-жабдықтың немесе жалға алушы сатып алатын басқа мүліктің бағасы және оны пайдалану мерзімі көрсетіле отырып, жалға алуға соңғы тапсырыс беріледі. Тапсырыста сондай-ақ жалға алушының өндірістік немесе қаржылық қызметін сипаттайтын мәліметтер болады. Оларға мыналар жатады:



  • кәсіпорын туралы жалпы мәлімет (атауы, мекен-жайы, негізгі және айналым қаржыларының кө­ле­мі және т.б.);

  • негізгі қызмет сипаты (өндіретін өнімдердің түрі, өткізу нарығы, негізгі тұтынушылар, сараптық қызмет туралы деректер);

  • кәсіпорындарда пайдаланылатын, оның ішінде жал­ға алған кәсіпорындарға жататын жабдық­тар­дың болуы;

  • жалға берушіден сұралатын жабдықтардың неге арналатындығы;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы толық мәлімет.

Лизингтік компаниялардың берген мәліметтеріне мұқият талдау жасағаннан кейін шешім қабылданып және ол лизинг алушыға хатпенен жазбаша түрде жеткізіледі, оған лизингтік контрактының жалпы жай-күйі тіркеледі, ал құрал-жабдықтарды жеткізуші лизингтік компанияның құрал-жабдықтарды сатып алу жөніндегі ниеті туралы хабарланады. Мұндай жағдайда лизинг беруші жабдық­тау­шы­мен құрал-жабдықтың бағасын келіседі, ал қажеттілік болған жағдайда келісім объектісінің сенімділігін, өнім­ді­лі­гін және тиімділігін тексереді. Лизинг алушы лизингтік келісімнің жалпы жағдайымен танысып шығып, оған жабдықтар алуға тапсырыс бланкін қоса тіркей отырып, контрактының жалпы жағдайында қол қойылған дана мен бекітілген-міндеттеме хатты лизинг берушіге жолдайды. Бұл құжатты жабдықтаушы-фирма жасайды және оған лизинг алушы бұрыштама соғады.

Лизинг беруші жоғарыдағы айтылған құжаттарды ал­ған­нан кейін тапсырысқа қол қояды және оны жаб­дық­тарды жеткізушіге жолдайды.

Тапсырыс бланкінің орнына жабдықтаушымен және лизинг фирмасымен жасалатын жабдықтарды сатып алу-сату шарты немесе жеткізудің жалпы жағдайы баян­да­ла­тын, жеткізуге берілетін құжат пайдаланылуы мүмкін. Жаб­­дықты жеткізуші жабдықтарды лизинг алушыға түсі­ріп бе­ре­ді. Жабдықтаушы, негізінен, жабдықтарды қарас­ты­­­ру­ды жә­не пайдалануға беруді жүзеге асырады. Жұ­мыс­ты аяқ­та­ған соң жабдықты нақты жеткізгендігін, оны құ­рас­­тыр­ған­ды­ғын және іске қосқандығын, жеткізушіге еш­қан­дай қоя­тын талаптың жоқтығын растайтын қабылдау хат­­та­масы жасалады. Қабылдау хаттамасына лизинг опе­ра­ция­ларына қатысушылардың барлығы қол қояды және ли­зинг беруші жабдықтаушыға келісім объектісінің құнын тө­лей­ді.

Келесі құжаттар лизинг келісімінің негізі болады:



  1. Лизинг шарты.

  2. Сатып алу-сату шарты немесе келісім объектісін жеткізуге берілген құжат.

  3. Келісім объектісін қабылдау хаттамасы.


10.2. Факторингтік операциялар
Факторинг (ағылшыншадан аударғанда – агент, дел­дал дегенді білдіреді) клиенттің айналым капиталына несие берумен үйлесетін сауда-делдалдық (комиссиялық) опе­ра­ция­лардың бір түрі болып саналады. Факторинг кез келген өзінің формасында тауарлар мен қызметтерді өткізу проце­сін­де, яғни клиенттің дебиторлық берешегіне инкасса қою кезіндегі өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы туын­дай­тын төленбеген есеп айырысу құжаттарымен (шот-фак­ту­ралармен) байланысты болады.

Банктің жабдықтаушыдан тиеп жөнелтілген есеп-құ­жат­тарын (шот-фактурасын) сатып алуды және жаб­дықтау­шының өнімдерді сатып алушыдан төлемдерді талап ету құ­қығын банкке беруі факторингтік (факторлық) операция­лар­дың негізіне жатады. Сондықтан да фак­то­рингтік операцияларды сондай-ақ жабдықтаушы­лар­дың сатуына несие беру немесе жабдықтаушыға факторингтік несие беру деп атайды.

Факторинг алғашқы бетте мамандандырылған сауда делдалдарының операциясы ретінде пайда болып, одан кейінірек – сауда банктерінің операциясын білдіретін болды. Ол сондай-ақ XVI-XVII ғасырлардың өзінде-ақ белгілі болған еді. Бірақ, өткен жүз жылдықтың 60-шы жылдары ғана факторлық операциялар коммерциялық не­сие­ні вексель формасына ауыстырды және өнімдерді өткізу процесінде қызмет көрсету үшін кең түрде қолданыла бас­та­ды. Бұл инфляциялық процестердің күшеюімен және бірсыпыра елдер экономикасының тұрақсыздығымен бай­ла­ныс­ты туындады. Мұндай жағдай өнімдерді неғұр­лым тез өткізуді, яғни капиталды тауар формасынан ақшаға ауыстыруды талап етті.

Банктер олармен тығыз байланысты корпорациялар мен фирмаларға олардың контрагенттерінің несие төлеу қа­бі­леттелігі туралы деректерді береді, есептерді (счеттарды) тездетіп төлеуге әсерін тигізеді, берешектерді өтеуге ке­піл­дік береді, «банкпен достықтағы фирмалардың» арасын­да­ғы дауларда олардың талаптарын орындау үшін клиент­терге қысым көрсетеді. Соңғы екі он жылдықта кең даму алған факторинг немесе факторлық несие коммерциялық не­сиенің қазіргі заман талаптарына бейімделген өзіндік үл­гідегі түріне айналды. Тауар сатушы үшін коммер­ци­я­лық несиенің факторлық несиеден өзгешелігі, сатқан тауа­ры үшін оның төлемді қол ақшалай түрде, ал сатушы не­си­е­ге сату кезінде тек вексель ғана алынатындығынан тұра­ды.

Коммерциялық банктер факторлық несиені дамыта отырып, өзінің операцияларын кеңейтуге, пайда көлемін ұлғайтуға және клиенттермен байланысты күшейтуге қосымша мүмкіндіктер алады.

Факторингтің екі түрі өмір сүреді: конвенциялық (ашық) және конфиденциалдық (жабық).

Конвенциялық факторинг кезінде жабдықтаушы өзі­нің шот­тарында (счетында) талаптың (требование) фактор фир­маға сатылғандығын көрсетеді. Конфиденциалдық фак­то­ринг кезінде жыбдықтаушы контрагенттердің еш­қай­сысы факторлық компания арқылы сатуға оған несие беру туралы хабардар етілмеген. Сондықтан да факторингтің конфиденциалдық операцияларының құны конвен­циа­лыққа қарағанда жоғары және басқа банктік несиелерден маңызды түрде қымбат.

Факторлық операциялар өнімдерді экспорттау кезінде кең дамуға ие болды. Экспорттық факторинг жағдайында клиент өзінің есептері (счеттары) бойынша барлық төлемдерді алуға 100% кепілдікті пайдаланады.

Нарықтық экономикалы елдерде факторингтік опера­ция­лармен, негізінен, банктермен тығыз байланысты не­ме­се олардың еншілес филиалдары болып саналатын арнайы фак­торлық компаниялар айналысады.

Батыс еуропа елдерінде жүзеге асырылатын класси­ка­лық факторинг, жеткізілген өнімдер үшін төлемдерді (30-дан 90 күнге дейін) кейінге шегеру түріндегі коммерция­лық несиеге немесе ашық есеп (счет) ретінде сатушы мен са­тып алушы арасындағы несие-есеп айырысу қатынас­та­ры­ның формасын қолдануға негізделеді. Мұндай жағдайда жабдықтаушы оның мекен-жайына реттеуші құжаттарды жөнелте отырып, өнімдерді сатып алушыға тиеп жөнелтеді, ал берешек сомасын сатып алушы атына ашылған дебет есепке (счетқа) апарады. Ашық есеп (счет) бойынша сатып алушы шартта белгіленген мерзімде (ай сайын, тоқсанына бір рет немесе жарты жылда) өзінің берешегін өтейді.

Сатып алушының ашық есеп (счет) бойынша жабдық­таушыға несие беруі және ашық есеп (счет) формасын да есеп айырысуларды жүргізу, жабдықтаушыға ешқандай бо­рыш­тық міндеттемелер бермеген кездегі тауар құжаттарын алу кезінде өнімдерге уақытылы төлем жүргізбеумен немесе төлем жасамау тәуекелімен байланысты болады. Мұн­дай жағдайларда контрагенттер арасындағы қатынас бір жақ немесе екі жақ үшінде тәуекелге бару болып сана­ла­ды. Бұл тәуекелді факторинг компания (фактор-компания) өзіне алады. Факторингтік қызмет көрсету бере­шек­терге уақытылы инкасса қоюға және төлемдерді кешіктіруден болатын шығындарды азайтуға көмегін тигізеді; күдікті берешектердің пайда болуын жояды; несиені басқаруда кәсіпорындарға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді; кәсіпорынның айналым жасауына және пайда табуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін өндірістік қызметтің табысты болуы үшін қолайлы жағдай туғызады. Факторингтік компания төленбеген та­лап­тардың меншік иесіне айнала отырып, оларды төлемеу тәуекелін өзіне алады. Жабдықтаушы фактор фирмадан төлемді белгілен­ген мерзімде ала отырып, соңғыдан оған белгілі бір мерзімде есепті (счета) төлеу кезінде жеңілдік (шегерім) алу арқылы, өзінің кредиторларымен есеп айырысуларды жоспарлауы мүмкін. Есеп (по счету) бойынша тез арада төлем жасағаны үшін (немесе «сконто») жеңілдік батыс елдерінің көпшілігінде 3%-ды құрайды.

Факторингті қолдану төлемдер жасауды жеделдетеді, берешектерді өтеуге кепілдік береді, шоттарды (счеттарды) жүргізу шығындарын төмендетеді және сатып алушыда уақытша қаржылық қиындықтар болған кезінде, төлем­дер­дің жабдықтаушыларға уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.

Біздің еліміздегі коммерциялық банктердің фактор­лық қызмет көрсетуі мынадай: факторинг бөліміне қажетті ресурстар меншікті және қарызға алған (заемдық) қар­жы­лар­дан құрылуы мүмкін. Олардың арасындағы арақаты­нас­ты банк басқармасы белгілейді. Факторинг бөлімі меншікті қаржыны өзінің банкінен алады және алдағы уақыттағы оның өсімі жүргізілетін операциялардан алынатын пай­да­лар есебінен болады. Қарыз (заемдық) қаржылар кәсіп­орын­дардың қаржыларын тарту жолымен, басқа банктер­дің депозиттерінен және өз банкісінің несиелерінен қалып­та­сады.

Клиенттерге факторлық қызмет көрсету шарттық бас­тау­лар негізінде жүзеге асырылады. Факторлық бөлім шарт жасағанға дейін жабдықтаушының несие төлеу қабілет­ті­лі­гіне талдау жасайды, оның алдында берешектердің қаржы­лық жағдайы туралы ақпараттар жинап, оны зерттейді. Жабдықтаушы факторлық бөлімнің позициясы тұрғысынан факторингтік операциялар бойынша тәуекелдерді азайту мақсатында келесі талаптарға жауап беруі тиіс:



  • сұраныспен және жоғары сапамен пайда­ла­ны­ла­тын өнімдер мен қызметтерді өндіру;

  • өндірістің тұрақты өсу қарқынына ие болу;

  • өндірілетін өнімдерді сатудың белгіленген тұ­рақ­ты жағдайын қолдану.

Факторлық бөлім сондай-ақ жабдықтаушының бо­рыш­тық талаптарының сапасы туралы ақпараттарды да зерттеуі тиіс. Осы мақсатпен акцептен бас тарту жағ­дай­лары (өткізілетін өнімдердің жалпы көлемінің сомасы, жиілігі, себептері); факторлық бөлімге жол бере алмайтын талаптардың бөлігі; өткізу көлеміндегі маусымдық ауыт­қулар; соның негізінде талаптар (требования) жазылатын құжаттар талданады. Факторлық бөлім үшін қойылған тауарларды нақты тиеп жөнелту алдында қойылған талаптар көбірек тәуекел етуді білдіреді. Сондықтан да факторлық бөлім талаптардың өнімдерді тиеп жөнелтіп болғаннан кейін немесе қызметтер көрсетіліп болған соң жазылуын қатаң қадағалауы тиіс.

Жабдықтаушы факторингтік қызмет көрсетуге шарт жасау үшін факторлық бөлімге беретін төлем талаптары туралы ақпараттарды жөнелтуі қажет. Олар:



  • әрбір төлем жасаушының аты мен мекен-жайы және оларға өнімді сатудың жағдайы;

  • барлық жол беретін талаптардың жоспарланатын сомасы;

  • осыған дейін әрбір төлемшіде болған сомасы және олардың шоттарын (счеттарын) тексеру туралы деректер;

  • берешектерді өндіру бойынша сатып алушылар ара­сындағы есеп айырысулардың жағдайына баға беру үшін қажетті өзге де ақпараттар.

Факторингтік бөлім бұл ақпараттарға талдау жасап бол­ғаннан кейін, төлем жасаушыларға, жабдықтаушы­лар­мен факторингтік шарт жасағандығы туралы хабардар ете­тін арнайы хат жібереді немесе егер, шарт толық қызмет көр­сетуді қарамайтын болса, осындай хабарлама жасау ту­ралы жабдықтаушы өтініш жасайды.

Факторингтік қызмет көрсету туралы шарттың маз­мұ­ны. Факторинг бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемі­не қатысты факторингтік шарттың екі түрі жасалады:



  1. толық қызмет көрсету туралы шарт;

  2. талаптарды күн ілгері төлеу туралы шарт.

Факторлық бөлімнің жабдықтаушылармен жасаған шар­тында мыналар көрсетіледі:

    • талаптарға жол беретін сатып алушылар;

    • жол берілетін талаптардың бақылау сомасы;

    • аванстың шекті сомасы (әдетте есеп (счет)

сомасының 80%-ынан аспайды));

(комиссиялық) алым пайызы;

    • егер талап одан аз сомаға түссе, делдалдық

(ко­­­мис­­сиялық) алымның ең төменгі сомасы және

бас­қа­лар.

Жабдықтаушы аталмыш факторлық бөлімнің келі­сі­мін­сіз басқа банктің факторлық бөлімімен шарт жасау құ­қы­ғы жоқ екендігі айрықша ескертіледі.

Толық факторлық қызмет көрсету туралы шарт әдетте жабдықтаушы мен факторлық бөлім арасындағы тұрақты және ұзақ контрактылар кезінде жасалады.

Әлемдік банк тәжірибесінде әдетте факторинг бой­ынша шекті соманы белгілеудің үш әдісі пайдаланылады.

Әрбір төлемшіге несие берудің мерзімі қалпына кел­­ті­рілетін лимиті белгіленеді. Мұндай жағдайда фак­то­рингтік бөлім оның шегінде ғана жауапкершілік көтереді. Егер төлемшінің берешек сомасы белгіленген лимит сома­сы­нан асып кететін болса, онда факторингтік шартқа сәй­кес, төлемші төлем қабілетсіз деп хабарланған кезде, жаб­дық­таушының берешегін өтеуге түсетін барлық төлемдер бірінші кезекте, оған жабдықтаушы аударған соманы то­лық қайтарғанға дейін факторингтік бөлімге түсетін бо­ла­ды.

Жабдықтаушыға, бір ай ішінде (жүктерді тиеудің ай сайынғы лимиті) бір сатып алушыға тиеп жөнелтетін жүктердің шекті сомасы белгіленеді. Мұндай шара, клиент берешегінің түпкілікті сомасына қатыссыз түрде, жабдықтаушыны күдікті дебиторлық берешектердің пайда болу тәуекелінен сақтандыруға мүмкіндік береді. Лимит ай сайын беріледі.

Егер жабдықтаушының өндірістік қызметінің ерек­шелігі ірі сомаларға бірқатар жеке келісімдерді болжайтын болса, жекелеген келісімдер бойынша сақтандыру әдісі қолданылады. Мұндай жағдайда, белгілі бір кезең ішіндегі тауарларды жеткізуге арналған тапсырыстың бүкіл сомасы шекті сома саналады.

Факторингтік бөлімнің делдалдық (комиссиялық) сый ақысы екі элементтен қалыптасады:

1. Берілген несие үшін ақы. Оның көлемі факторлық бөлімнен төлем алу мен факторингтік бөлімдегі жабдық­тау­шының есебі (счеты) бойынша күн сайынғы дебет қалдығы (сальдосы) негізінде төлемшіден түсетін төлемнің түсу күні арасындағы кезеңмен анықталады.

2. Көтерілген қызмет үшін ақы. Ол, әдетте, шот-фактура сомасынан пайыз ретінде есептеліп шығарылады. Оның көлемі өндірістік қызметтің көлемі мен құрылымына және оның сатып алушыларының несие төлеу қабі­лет­тілігіне, факторлық бөлімнің орындалатын жұмыстардың көп жұмысты қажет етушілігі мен тәуекелді бағалауына қатысты болады. Регресс құқығы болған кезде 0,2-0,5 пунктке жеңілдік жасалады.
10.3. Трасталық операциялар
Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы активтерінің кө­бе­юімен коммерциялық банктер сенім (трасталық, ағыл­шын­ша trast - сенім) операцияларын ұлғайта түседі. Банк­тер­дің бұл қызмет көрсету түрлері сенім хаттар бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады. Траст – сенім білдірген тұлғалар құқығына клиенттердің тапсыруы бойынша әрекет ететін және негізінен меншікті басқару­мен байланысты операцияларды жүзеге асыратын, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерін көрсетуді орындайтын ком­мер­циялық банктердің бөлімдері. Банктер және тұлғалар, кә­сіпорындар мен фирмалар, қайырымдылық ком­па­ния­ла­ры (қорлар) мен өзге де мекемелер үшін сенім операция­ла­рын орындайды. Сенім операцияларын үш түрге бөлуге болады: мұрагерлікті басқару; сенім хат бойынша қор­ған­шы­­лыққа байланысты операцияларды орындау; агенттік қыз­меттері.

Жеке тұлғалардың келісімдері бойынша мұрагерлікке иелік ету трастты банктің траст бөлімі атқарушыларының бірсыпыра міндеттерін орындауын болжайды. Олардың негізгілері жазбаша аманатқа сәйкес немесе соттың өкімі бойынша мұраға қалдырушының активтерін жинап және оны қауіпсіздендіруден, әкімшілік шығындарды, бере­шек­терді, салықтарды төлеуден, мұрагерлік арасында мүлікті бө­луден және отбасы мүшелеріне жеке қызмет көр­се­ту­лер­ден тұрады.

Траст бөлімдері кәмелетке толмаған, заңды әрекет ету­ге қабілетсіз тұлғалардың қорғаншылық (опекунских) қызметтерін орындау тәртібінде жекелеген тұлғалардың сенім хаттары бойынша мүлік басқарумен байланысты операцияларды жүзеге асырады. Сенім негізінде меншікті басқарумен байланысты операциялар сенім хат бойынша неғұрлым кең таралған операциялар болып саналады. Олар сенім білдіруші мен сенім білдірген тұлғалар арасындағы келісімдер нәтижесінде туындайды және одан әрі оған иелік ететін, басқаратын сенген тұлғаға сенім білдірушінің мүдделері үшін мүлікті өткізіп берумен байланысты бо­лады. Осыған орай банк келісім шарттарына сәйкес негізгі сома мен кірістерді басқара алады, инвестициялайды және мүлікті сақтай алады.

Агенттік қызмет көрсетулер агент қызметін қабылдай отырып, коммерциялық банктер бөлімдерінің трастын (се­ні­мін) орындайды. Егер операциялар меншікпен бай­ла­нысты болатын болса, онда меншік құқығы сақталады. Активтерді сақтау және оған иелік ету, меншікті басқару, заң қызметін көрсету және өзге де агенттік операцияларды орындау негізгі қызмет көрсетулер болып саналады.

Кәсіпорындар мен фирмалар әдетте, олар үшін алуан түрлі қызмет түрлерін орындайтын өз коммерциялық банктерінің траст бөлімдерінің қызметіне жүгінеді. Сенім операциялары өзіне сенім білдірген тұлғаға мүлікке иелік ету құқығын өткізіп берумен, қызметкерлерді займмен қамтамасыз етумен қоса қабаттасып жүретін облигациялық займмен қызмет көрсетуді енгізеді. Акционерлік ком­па­ниялар, оларға акциялар мен облигациялар бойынша мен­шік құқығына сенім білдіру, зейнетақы қорларын басқару, биржада шығарылатын акцияларды тіркеуді банкке тапсыру арқылы банк қызметтеріне жүгінеді. Фирмалар үшін банк: компаниялардың акционерлеріне дивидендтерді төлеу мерзімінің келуі бойынша купондар төлеу мен облигацияларды өтеу сияқты төлем қызметтерін жүзеге асырады. Траст бөлімдері депозитарий қызметін, яғни сол бойынша акционерлер дауыс беру құқығын өкілдерге беру арқылы (дауыс беруші траст деп аталады) акцияларды сақтау қызметін орындайды. Банк компаниялардың қайта құрылуы, таратылуы немесе банкроттығы жағдайында олардың ісін уақытша басқаруы мүмкін.

Коммерциялық банктер сенім операциялары бойынша делдалдық (комиссиялық) сыйақылар алады. Агенттік қызмет көрсеткені үшін делдалдық (комиссиялық) тө­лем­дер көпшілік жағдайда шарттық бастаулар негізінде ай­қын­далады. Өйткені жұмыс көлемі операциялардың түрлері бойынша әртүрлі. Делдалдық (комиссиялық) сыйақылар траст кірістерінің жыл сайынғы аударымдарынан, негізгі сомалардың жылсайынғы жарналарынан және бірқатар жағдайларда траст туралы келісім мерзімінің қолданылуы аяқталғандағы негізгі сомалардан тұрады. Сенім опера­ция­ла­рының көлемі осы операциялармен байланысты шы­ғын­дар­ды ақтайтындай және банктің пайда табуын қамтамасыз ететін болуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет