Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Банктердің халықаралық операциялары



жүктеу 2.75 Mb.
бет15/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

10.4. Банктердің халықаралық операциялары
Коммерциялық банктердің халықаралық опера­ция­ла­ры­на мыналар кіреді: халықаралық саудаға қатысушы клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан қызмет түрлерін көрсету, ссудалық капиталдардың халықаралық нары­ғындағы инвестициялық қызмет; шет ел бағалы қағаздары, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкасса қою үшін чектерді, векселдерді, банк акцептерін қабылдау.

Банктердің халықаралық операциялардан алатын та­быс­тарының басым бөлігі несие беруден түседі. Банк несиесін берудің халықаралық саудасы тауарларға, тауар құжаттарына кепілдікке ссудалар беру, вексельдік және акцептік несиелер, банк ссудалары формасында қатысады. Лизинг, факторинг, форфетинг сауданы несиелендірудегі өз­геше жаңа формалары болып саналады. Орта және ұзақ мер­зімдік халықаралық банк несиелері сондай-ақ еуроне­си­елер формасында беріледі.

Банктердің халықаралық операциялары бір валютаны екін­ші валютаға айырбастаумен байланысты. Мұндай опе­ра­циялар валюта операциялары деп аталады. Оларды жүр­гі­зудің қажеттілігі, халықаралық несие беру мен сыртқы сау­да және қызметтер көрсету бойынша есеп айырысу кез­де­рінде халықаралық айналым құралы түрінде пайдалануға бо­латындай біртұтас төлем құралдарының болмауынан туын­дайды.

Әртүрлі валюталық операциялардың жиынтығы ссу­да­лық капиталдардың әлемдік нарығының бөлігі болып саналатын валюта нарығын құрайды. Валюта нарығында ше­тел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс шо­ғыр­лан­ды­рылады. Ұсыныс ең алдымен, сатылған тауарлар мен қыз­меттер үшін валюталық түсім алған экспорттау­шы­лар­дан болады, ал сұранысты сатып алған тауарлар мен қыз­мет­терді, капиталдар мен несиелерді төлеу үшін шетел ва­лю­тасын қажетсінетін импорттаушылар туғызады.

Валюта нарығындағы операцияларды банктер, жеке­леген компаниялар мен жеке тұлғалар жүзеге асырады. Биржалық және биржадан тыс валюталық нарықтарға ажыратылады. Бүкіл валюталық операциялардың басым көпшілігі биржадан тыс коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады.

Банктер валюталық операцияларды (тікелей немесе делдалдар арқылы) банкаралық валюта нарығында бір-бірімен, өздерінің клиенттерімен жүргізеді, сондай-ақ биржаларда да операциялар жасайды. Валюталық келі­сім­дердің негізгі бөлігін банкаралық валюта нарығында коммерциялық банктер бір-бірімен жүргізеді.

Валюталармен операцияларды банктер өз есебінен, сондай-ақ өз клиенттерінің (делдалдық бастаулар негізінде) есебінен жүзеге асырады. Шетел валютасымен көрсетілген аударымдар арқылы жасалатын төлем құралдары: банк депозиттері, чектер, вексель мен аударымдар, негізінен, валюталық келісім құралдары болып саналады. Қолма қол шетел валюталарымен (банкноттар, монеталар) жасалатын келісімдер көлемі соншалықты көп емес.

Валюта нарығындағы банктердің активтілігі банктің көлеміне, оның беделіне, бөлімшелері мен филиалда­ры­ның шетелдік жүйелерінің даму дәрежесіне, ЕЭЖ-дің, те­ле­фон және телеграфтық байланысының жарақтануына қа­тыс­ты болады. Валюталық операциялардың негізгі үлесі аса ірі коммерциялық банктердің үлесіне тиеді. Олар тек қа­на са­тып алып қоймайды, валюталарды сатады, ха­лықаралық есеп айырысуларды жүзеге асырады, сонымен бірге шетел ва­люталарының босалқы қорын (запасын) сақтайды, ва­лю­та бағамын айқындайды. Басқа банктер шетел валюта­сы­ның бағамын (бәсін) белгілеу үшін оған өтініш жасайды және олардан өз клиенттері үшін валюта сатып алады.


10.5. Валюталық операциялар
«Валюталық операциялар» түсінігінің маңызы мен мазмұнын ашып көрсету үшін аталмыш тақырыптың негізгі, басты терминдеріне анықтама беру қажет. Ең алдымен, бұл шетел валютасы болып табылады. Шетел валютасы өзіне, айналымдағы және тиісті мемлекеттегі заңды төлем құралы болып саналатын банкнот, қазына­шылық билеттер, металдар түріндегі ақша белгілерін; шет мемлекеттердің ақша бірліктеріндегі және халықаралық немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаржыларды енгізеді.

Валюталық операциялар түрінде меншік құнының жә­не өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуімен байланысты операцияларды оның ішінде төлем құралы түрінде шетел валюталары мен шет ел төлем құ­жат­тарын пайдаланумен; халықаралық ақша аударым­да­рын жүзеге асырумен байланысты операцияларды түсіну көзделеді.

Валюталық операциялар процесінде арақатынасы банк­тің валюталық позициясын айқындайтын шетел валю­та­сына банктердің белгілі бір талаптары мен міндет­те­ме­ле­рі пайда болады.

Егер талаптар мен міндеттемелер сәйкес келетін болса, онда валюталық позиция жабық болып саналады, егер талаптар мен міндеттемелердің теңсіздігі өмір сүретін болса, онда банкте ашық позиция пайда болады.

Егер валюта сату бойынша талап міндеттемеден артып кетсе ашық валюта позициясы ұзақ (ұзын) болып саналады және егер, міндеттеме талаптан артып кететін болса, онда қысқа болады. Ашық валюта позициясы валюта тәуекелімен байланысты және банктерге немесе фирмаларға қосымша пайда әкелумен қатар шығынға да батыруы мүмкін.

Қолма қол валюта операциялары, негізінен, «спот» жағдайында жүзеге асырылады. Бұл – келісім жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күніне жүзеге асырылатын есеп айырысуларға валюталарды тез арада жеткізу операциясы. Тез жеткізілетін («спот») валюта операциялары барлық валюталық келісімдердің шамамен 90%-ын құрайды. «Спот» жағдайындағы операцияларды жүргізу кезінде банк кли­ент­терінің шетел валютасына қажеттіліктерін қам­тама­сыз ету, капиталдың бір валютадан екінші валютаға құй­ы­луы, пайда алу мақсатында арбитраждық (төрелік) ке­лі­сім­дер мен операцияларды жүргізу оның негізгі мақсаттары болып саналады.

Келісім жасаған күнгі бағам бойынша болашақта жеткізу және есеп айырысу арқылы валюталарды сатып алу-сату жедел (шұғыл) келісімдер деп аталады. Әдетте, олар бағамдардың (курстардың) өзгеруінен сақтандыру үшін немесе алыпсатарлықпен алынған пайданы бол­дыр­мау үшін қолданылады. Валюталық операциялардың келесі түрлері «форвард», «фъючерстік операциялар», «опцион», «своп», «арбитраж» жедел операцияларға жатады.

Жедел банкаралық келісімдер «форвард» атауын алған. Келісім жасау мезетінде валютаның бағамы, мерзімі және сомасы белгіленеді, сонымен бірге мерзімі келгенге дейін (әдетте – 1-6 ай) шоттар бойынша ешқандай сома өткізілмейді. Негізінен, банктердің көпшілігі олардың шоттарында әріптестерінің белгілі сомаларының бол­ған­дығын (ақшамен қамтамасыз ету талап етілмесе де және келісім (мәміле) кез келген көлемде болуы мүмкін болса да) артық көреді.

Жедел келісімдердің (мәмілелердің) ерекшеліктеріне мәміле жасау күні мен мәміле орындау арасындағы уақыт интервалының өмір сүретіндігін жатқызуға болады және осы­ған орай валюта бағамы келісім жасау күніне анық­та­ла­ды.

Жедел мәмілелерді (келісімдерді) – конверсиялық, сақ­тандыру және алыпсатарлыққа бөліп қарау қабыл­дан­ған, сонымен бірге мұндай бөлу жеткілікті шекте шартты болып саналады. Бұл мәмілелердің әрбірінде дерлік алыпсатарлықтың элементтері бар деуге болады.

Контракт жасау кезінде ұлттық және шетел валюта бағамдарының, төлем валюталарының өзгеру мүмкін­дік­тері ескеріледі.

«Форвардтық» мәмілелер алыпсатарлық операция­лар­ды жүргізу үшін ыңғайлы құрал болып саналады, өйткені мұндай операциялар үшін қандай да бір өтімді құралдарға ие болу міндетті болып саналмайды.

Жедел алыпсатарлық мәмілелер үлкен пайда да әке­луі мүмкін, сол сияқты үлкен шығынға да батыруы мүмкін, тіпті бірқатар жағдайларда банктерді немесе фирмаларды банкроттық жағдайларға да ұшыратады.

Валюталық фъючерстер қазіргі уақытта келесідей биржаларда: Сингапур Халықаралық ақша биржасында (SIME), Лондон Халықаралық қаржы фъючерстерінің биржасында (LIFFE) және Чикагодағы Халықаралық ақша рыногында (IMM) жүзеге асырылады.

Соңғы жылдары фьючерлік мәміле көлемі айта қалар­лық­тай күрт өсті (әсіресе ММ-де), сонымен бірге олардың LIFFE биржасында енгізілгендігіне қарамастан, олар Еуро­па­да аса кең көлемде даму ала қойған жоқ. Бұл бірінші ке­зекте, Еуропаға тән болып саналатын, «форвард» база­сын­да жақсы дамыған, тиімді қызмет істейтін валюта саудасы­мен неғұрлым икемді жұмыс жасай білумен түсіндіріледі.

Валюталық фьючерс – бұл биржада жүзеге асыры­ла­тын мәмілелердің стандартталған көлемімен және төлем жасау күндері көрсетілген шетел валюталарымен жедел валюталық операциялар.

«Форвард» операцияларынан оның өзгешелігі қазіргі уақытта бірнеше валюта ғана фьючерлік мәмілелердің объектілері болып саналатындығы. LIFFE-де АҚШ долларына қарсы швейцарлық франк, неміс маркасы,йен мен фунт стерлингтер осындай валюталар болып саналады.

Форвардтық операциялардан оның тағы бір ерек­ше­лі­гі сатып алушының немесе сатушының валюталық фью­черс контрактысы бойынша банкпен емес, қарсы (контр) әріп­тес түрінде қатысушы – биржалардың Клирингтік пала­тасымен өзараәрекет жасайтындығынан көрінеді. Клирингтік палата сатушылар мен сатып алушылар ара­сын­дағы операцияларды жүзеге асыруда делдал ретінде қатысады.

Валюталық фьючерстердің форвардтық операция­лар­дан үшінші өзгешелігі, фьючерлік мәмілелер жасау ке­зін­де клирингтік палатаға жасалған келісімді орындау кепілі тү­рінде қолма қол түрде кепілдік депозитін салудан тұ­ра­ды. Бұл кепілдік депозит бағамының қолайсыз қозғалы­сы­нан туындайтын кез келген шығынды жабуды қамтама­сыз етеді. Биржадағы әрбір мәміле үшін бастапқы кепілдік депозит пен оны ұстап тұру үшін депозит белгіленеді.

Жоғарыда келтірілген барлық операцияларда біз болжамдық баға берулерді есепке алғамыз жоқ. Әдетте қосымша үстемелер немесе шегерімдер (жеңілдіктер) контрагенттердің хабардар болу дәрежесіне қатысты болады және шарт предметі болып саналады. Осыған байланысты таңдау мәмілелеріне айрықша орын беріледі.

Опцион (латынша – «optio» - таңдау) күні бұрын келіскен күнге немесе келісілген уақыт кезеңі ішінде белгіленген баға бойынша белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату құқығын (опцион сатып алушы үшін) беру туралы екі жақты шартты білдіреді.

Валюталық опцион келесідей формаға ие екі делдал (дилерлер) арасындағы шартты білдіреді:




Уақыт

Клиент нөмірі

Опцион

Қатысушы

Контрагент

Сатып алу

Сату

Контракт

Жеткізу мерзімі

Типі

«СТРАЙК-БАҒА»

Сыйақы

Саны

Аталмыш шарт бойынша опционды делдалдың (ди­лер) бірі жазып береді, ал екінші делдал оны сатып алады жә­не опцион шартында қосымша ескертілген мерзім ішін­де, опционды жазып берген (сатып алатын опцион) тұл­ға­дан бағам бойынша валюталарды белгіленген бағам бой­ын­ша сатып алуға немесе бұл валютаны оған сатуға (сатуға опцион) құқық береді.

Сөйтіп, опцион сатушысы валютаны сатуға міндетті (немесе сатып алуға) болып саналады, ал опцион сатып алушысы мұны жасауға міндетті емес, яғни валютаны сатып алуы немесе сатып алмауы да мүмкін.

Бұдан көзделетіндей, опцион – сатып алушыны айыр­бас бағамының қосымша ескертілген «страйк» бағадан жоғары қолайсыз өзгеру тәуекелінен қорғайтын валюталық тәуекелдерді сақтандырудың формасы болып саналады және айырбас бағамы ол үшін қолайлы болып табылатын бағытта «страйк» бағадан жоғары деңгейде өзгеретін жағдайда оған кіріс алуға мүмкіндік береді.

Страйк бағамен салыстырғанда айырбас бағамының өсуі (яғни ағымдағы) «апсайд» (ағылшынша – «upside» - жо­ғары жағы) деп аталады. «Страйк» бағамен салыс­тыр­ған­да айырбас бағамының (курсының) төмен түсуі «даун­сайд» (ағылшынша – «downside» - төменгі жағы) деп ата­ла­ды.

Опционның үш үлгісі (типі) бар:

Сатып алу опционы немесе опцион колл (ағылшынша «call»). Бұл опцион оның бағамы үшін валюталарды сатып алуға (міндетті болып саналмайды) опцион сатып алушысының құқығын білдіреді;

Қосанжарлы (двойной) опцион (ағылшынша «putcall option») немесе опцион стеллаж (немісше «stellage»). Оп­ци­он­ның бұл үлгісі (типі) базистік баға бойынша валютаны са­тып алу немесе сатуға (бірақ, сатып алмау және бір мез­гіл­де сату) опцион сатып алушысының құқығын білдіреді. Опционда мерзімі көрсетіледі.

Опцион мерзімі – бұл оның мерзімі өткенде оп­ционды пайдалануға келмейтін күн (немесе уақыт кезеңі).



Опционның екі стилі өмір сүреді:

а) еуропалық

б) американдық.

Еуропалық стиль опцион тек белгіленген күнге пайда­ла­нылатындығын білдіреді.

Американдық стиль, опцион оның мерзімі ішінде кез келген сәтте пайдалануға болатындығын білдіреді.

СВОП. (ағылшынша «swap», «swop» - айырбас, ауыстыру). «Спот» жағдайында одан кейін сатып алумен ұлттық валютаға айырбасқа валюталар сатып алатын валюталық операцияны білдіреді. Бұдан көзделетіндей, СВОП – бұл ол бойынша әртүрлі күндері есеп айырысу жағдайында теңдей сомаға бір мезгілде валюталар сатып алу мен сату болып саналады. СВОП – бұл оны одан кейін сатуға кепілдік берумен уақытша сатып алу. Тәжірибеде СВОП сол бір мезгілде валюта айырбастау бойынша жеке екі контрактыға қол қоюды білдіреді. Бұл контрактылар қарсы бағыттарға және әртүрлі есеп айырысу күндеріне ие. Бір контракты бойынша бірінші валюта белгілі бір мерзімде жеткізіп бермеу екінші валютаға айырбасқа сатып алынатын болады. Екінші контракты бойынша бірінші валюта келесі басқа бір мерзімде жеткізіп берумен екінші валютаға айырбасқа сатылады.

СВОП-тың валюталық операцияларының басым көп­ші­лік бөлігін банктер жүргізеді. Мұндай жағдайда белгілі бір мерзімге мәміле соңынан бастапқы беттегі валютала­рын бір-біріне қайтарып берумен екі валюта арқылы екі банк арасында айырбас жүреді. Айырбас, әртүрлі жеткізіп беру мерзімдерімен бір мезгілде жасалатын екі қарама қар­сы мәмілелер формасында жүргізіледі; СПОТ – бір мәміле бойынша және «форвард» - екінші мәміле бойынша. Нә­ти­же­сінде екі банк те жедел мәміле бойынша оны сатқанға дейін­гі кезеңде «спотқа» сатып алынған валютаны өзінің иелік жасауына алады.

Валюталық арбитраж (төрелік) – бұл пайда табу мақ­сатында валюталарды сатып алу-сату бойынша жасалатын операция.

Арбитраждың (төрелік) екі түрі болады:

а) валюталық

б) пайыздық.

Валюталық арбитраж (французша «arbitrage») – бұл ва­люта бағамдарының айырбасынан пайда табу мақ­са­тында, оны сатумен бір мезгілде валюталарды сатып алу.

Қарапайым валюталық арбитраж – бір шетел валю­та­сы­мен және теңгемен немесе екі шетел валютасымен жү­зе­ге асырылатын арбитраж.

Күрделі валюталық арбитраж – бұл валюталардың көп санымен жүзеге асырылатын арбитраж.

Уақытша валюталық арбитраж уақыт бойынша ва­лю­та бағамдарының айырмаларынан пайда табу мақсатымен жүргізілетін операцияны білдіреді. Оған келесідей опе­ра­ци­ялар кіреді:


  • «споттың» бірінші бағамы бойынша валюталарды сатып алу;

  • депозит ашу;

  • депозитте валюталар сақтау;

  • депозиттен валюталарды алу;

  • оны «споттың» екінші бағамы бойынша сату.

Кеңістіктік (пространственный) валюталық арбитраж – бұл әртүрлі валюта нарықтарындағы (әр түрлі бир­жа­лар­дағы) аталмыш валюталар бағамындағы айырма есебінен пайда алу мақсатымен жүргізілетін операция, яғни бір биржада валюталарды сатып алу жүргізіледі және осы ва­люталарды неғұрлым жоғары бағам бойынша бір мезгілде басқа бағада сату болып саналады.

Кеңістіктік валюталық арбитражға келесідей опера­ция­лар кіреді:



  1. «Споттың» бірінші бағамы бойынша валюталар сатып алу;

  2. сатып алынған валюталарды аудару;

  3. «споттың» екінші бағамы бойынша валюталарды сату;

  4. валюталарды сатудан алынған ақшаларды аудару.

Пайыздық арбитраж әртүрлі валюталар бойынша пайыз­дық ставкалардың айырмалары есебінен пайда алу мақсатымен өзінің қысқамерзімдік активтері мен пассив­те­рі­нің валюталық құрылымдарын шаруашылық субъекті­ле­рі­нің (яғни арбитражерлардың) реттеуге бағыттаған валю­та­лық (конверсиялық) және депозиттік операцияларымен үйлесім табатын мәмілені білдіреді.

Валюталық алып сатарлық (латынша «speculatio» - сырттай қарау, аңдау). Бұл операция валюталық тәуекелді қабылдаумен байланысты әртүрлі нарықтарда немесе уа­қыт аралығындағы валюта бағамдарының өзгеруінен пайда алу мақсатымен жүргізілетін операция болып саналады.

Валюталық алып сатарлыққа, ең алдымен, теңгеге ау­д­арым арқылы еркін айналымдағы валюталарды сатып алу жүр­гізілетін, содан кейін қолма қол валютаға айнал­ды­ры­лып және теңгеге сатылатын кездегі аударым арқылы жа­са­латын және қолма қол валюталардың бағамдар айыр­ма­сын­дағы ойындар жатады.
10.6. Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар
Акционерлік қоғам түрінде құрылған коммерциялық банк акцияларды шығару және орналастыру жолымен жарғылық қор құрады. Акция, оны тарату кезінде мүліктердің қалдықтары мен оның пайдаларын бөлуде акционердің қоғамды басқаруға қатысу құқығын бекітетін бағалы қағаздарды білдіреді.

Дивидендтер төлеуді есептеу тәртібінің ерекше­лік­те­рі­не қатысты банк жарғысы артықшылық берілген (приви­ле­ги­рованные) акциялар шығаруды қарайды. Оны ұстаушы ма­ңызды жеңілдікті – дивидендтер алуға басымдық құ­қы­ғын пайдаланады.

Бағалы қағазда оның қожайынының аты көрсетілген бе, әлде жоқ па соған қатысты, банк атаулы акциялар шыға­ра­ды.

Банктердің бағалы қағаздар шығару процедурасына мы­­налар кіреді: 1) шығару туралы шешім қабылдау; 2) шығару туралы барлық қажетті ақпараттардан тұратын прос­пекті дайындау; 3) орталық мемлекеттік (ұлттық) банк мекемесінде проспектіні тіркеуден өткізу; 4) проспектіні жа­риялау; 5) бағалы қағаздарды алдағы уақытта тарату ту­ра­лы хабарламаны баспасөзде жариялау; 6) бағалы қағаз­дар­ды бөлуді ұйымдастыру; 7) шығару қорытындысын тір­кеу; 8) шығару қорытындыларын жариялау.

Облигация қаралған мерзімде белгіленген пайызды тө­леу арқылы қожайынға нақты құнын өтеуде оның эми­тен­ті шығарған міндеттемені бекітетін бағалы қағаз болып сана­лады. Акционерлік қоғамдардың, оның ішінде банк­тер­дің барлық шығарылған акцияларды толық төлеп бол­ған­нан кейін ғана жарғылық қордың 25% мөлшерінен ас­пайтын сомасында облигациялар шығаруға құқықтары бар.

Заемды шығарушы банк, оны өтеудің ыңғайлы фор­ма­ла­рын да таңдай білуі тиіс. Облигацияларды өтеу бе­ре­шек­ті бөліп-бөліп қайтаруды, сондай-ақ оны біржолғы сатып алу­ды білдіреді. Егер банк заемды ірі көлемде шығаратын бол­са, онда банктің төлем қабілеттілігін бұзбас үшін, оны өтеуді бөліп-бөліп жүзеге асыру дұрыс болып саналады. Банк­тің облигация заемдарының шарттары өзіне кре­ди­тор­лар мүдделерін қорғаудың элементтерін енгізуі тиіс. Мұн­дай элементтер келесілер болуы мүмкін: а) займ бойынша басқа банктерге пайыздар төлеуге кепілдік беру; б) ке­ңес­шілдік дауыспен жиналысқа бірігуге облигационерлерге құқық беру; в) облигацияларды ипотекалық жолмен жабу.

Банктің акционерлік қоғамның капиталына қатысуы несие беру мекемесіне салынған капиталдан дивидендтер алуға, сондай-ақ аталмыш қоғамның бірдей қожайыны саналуға мүмкіндік береді.

Банкке оларға берілетін несиелердің қайтымдылығын жақсарту үшін аталмыш несие мекемелерінің кәсіп­орын­дары мен азаматтарын сақтандыруды қамтамасыз ететін акционерлік сақтандыру қоғамының басты құрылтайшысы болып қатысу аса пайдалы болып саналады.

Бағалы қағаздарға инвестициялар тарту процесінде банк­тің салымдарды көбейту ережелерін сақтауы көз­де­леді, яғни маңызды шығындар тәуекелін төмендетуі тиіс. Банк бұған әртүрлі бағалы қағаздардың көпшілік бөлігі арасындағы салымдарды бөлу кезінде қол жетізуі мүмкін.

Коммерциялық банктің активті операцияларына сон­дай-ақ векселдердің (дисконт) есебі де кіреді. Делдалдық (ко­миссиялық) бастаулар кезінде банк, оның клиенттері шы­ғарған бағалы қағаздарды бірінші болып орналастыруға қатысады, мысалы қандай да бір болсын акционерлік қо­ғам­дардың шығарған бағалы қағаздарын орналастырады. Банктің оған қатысуы, тараптардың құқықтары мен мін­дет­те­рі белгіленетін эмиссиондық шарт негізінде жүзеге асыры­лады.

Банк бағалы қағаздар эмитентімен өзара қатынастарда ғана емес, сонымен бірге олардың сатып алушыларымен немесе сатушыларымен (бұрынғы инвестормен) де әріптес болып қатысады. Мұндай жағдайда тараптар мәміле жасау арқылы әрекет етеді. Банк мәміле бойынша өзіне келесідей қызметтерді орындауға міндеттеме алуы мүмкін:


  • соңғы сатуға ұсынатын, тапсырыс берушінің өті­ні­ші бойынша бағалы қағаздарға бағалау жүргізу;

  • тапсырыс берушінің атына және соның есебінен бағалы қағаздар сатып алу;

  • тапсырыс берушінің бағалы қағаздарын орналас­ты­ру;

  • бағалы қағаздар нарығындағы бағамдар мен мә­мі­лелер туралы тапсырыс берушіні хабардар ету;

  • бағалы қағаздар нарығының ағымдағы және болжанатын жағдайымен тапсырыс берушіні ха­бар­дар ету (тұтастай ел бойынша, жекелеген рес­пуб­ликалар, қалалар, бағалы қағаздар түрлері бой­ын­ша);

  • бағалы қағаздар нарығында тапсырыс берушімен бірлескен іс-қимылды жүзеге асыру;

  • бағалы қағаздар нарығындағы операциялармен бай­ланысты кез келген сұрақтар бойынша тап­сы­рыс берушіге ақыл-кеңестер беру.

Коммерциялық банк берілген қысқа мерзімдік ссу­далар бойынша кепіл түрінде қарыз берушілерден бағалы қағаздар қабылдауы мүмкін. Кепілге қойылған мүлік құны нақтылы баға бойынша емес, бағалы қағаздардың нарықтық бағамы бойынша бағаланады. Шығындар тәуекелін төмендету үшін банктердің кепілдікке қойылған мүлік құнының 50-70%-ы көлемінде ссудалар беруі дұрыс болып саналады. Сонымен бірге мұндай абайлап әрекет ету кезінде банк кездейсоқ жағдайлардан сақтандырылмаған. Бұл кепілдің қаралып отырған формасының өзіндік ерек­ше­ліктерімен түсіндіріледі. Өйткені аталмыш бағалы қағаз­дар­дың нарықтық бағамы төмен түскен кезде ол күтпеген жағдайда құнсыздануы мүмкін. Міне, коммерциялық банк­ке келесі ережелерді басшылыққа алудың не үшін қажет екен­дігі осыдан көрінеді.

Банк қарыз алушымен несие келісімін жасай отырып, салынған қағаздардың биржалық бағасының төмен түсуі жағдайындағы ережені қарауы дұрыс болып саналады. Егер клиент оны жүзеге асырғысы келмесе немесе оны жүзеге асыра алмаса, ол қарыздың қамтамасыз етілмеген бөлігін өтеуі немесе барлық ссуданы қайтаруы тиіс. Несие шарты бойынша мынаны атап өту көзделеді: банк клиенті міндеттемелерді орындамағанда, банктің талаптарын клиенттердің кешіктіруі пайда болған жағдайда, сондай-ақ кешіктірілген қарыздар пайда болғанда (клиентке ешқандай хабарламастан) банк салынған бағалы қағаздар мен ақшалай түсімдердің барлығын немесе бір бөлігін қамтамасыз етілмеген кешіктірілген қарыздарды өтеуге (жабуға) бағыттайды. Егер түсім сомасы көрсетілген қарыздан аз болатын болса, онда клиент банк алдында өзінің қалған барлық мүліктерімен жауап беруге міндетті.

Басқаша айтсақ, бағалы қағаздар кепілінің ерекшелігі, қарыз алушының жауапкершілігі кепіл құнымен сарқыл­май­тындығынан, қайта барлық мүлікке тарайтындығынан тұрады. Тек осындай келіс қана бағалы қағаздарды кепілге қою арқылы несиелер беру кезінде банктердің коммер­ция­лық мүдделерін қорғайды.
Түйін
1. Лизинг – бұл шарттың бүкіл мерзімі ішінде оған де­ген меншік құқығын жалға берушіде қалдыру жағдайында, оларды өнімді пайдалану мақсатымен жалға алушы үшін жалға беруші сатып алған машиналар мен құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімдік жалға беру немесе жалға беру шарты.

2. Лизингтік мәміленің негізін мыналар құрайды: мә­міле объектісі; мәміле субъектілері; лизингтік шарт негізі; лизингтік төлемдер; лизинг бойынша берілетін қызметтер.

3. Лизингтік қызметтердің қазіргі заманғы нарығы: қаржылық, қайтымды, өтемақылық, қалпына келтірілетін лизингтердің алуан түрлі формаларымен сипатталады.

4. Факторинг – есеп айырысуларды ұйымдастыру саласындағы қызметтердің жаңа түрлері, клиенттің айналым капиталына несие беруімен ұласатын сауда-делдалдық (комиссиялық) операцияларының түрлері.

5. Факторингтің конвенциялық (ашық) және конфиденциалды (жабық) екі түрі өмір сүреді.

6. Факторингті қолдану төлемдер жасауды же­дел­де­теді, қарыздарды өтеуге кепілдік береді, шоттарды (есеп­тер­ді) жүргізу шығындарын азайтады және жабдық­тау­шылардан төлемдердің уақытылы түсуін қамтамасыз етеді.

7. Трасталық операциялар – бұл сенім операциялары. Банктер сенген тұлғалар болып қатысады және клиенттер атынан әртүрлі операциялар жүргізеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: мұрагерлікті басқару, қорғаншылықпен байланысты сенім хат бойынша операцияларды орындау. Агенттік қызметтер.

8. Коммерциялық банктердің халықаралық опера­ция­ларына мыналар кіреді: халықаралық саудада, ссудалық капиталдардың халықаралық нарығында инвестициялық қызметке қатысатын клиенттер тарапынан сұраныс бар алуан түрлі қызметтер; шетел бағалы қағаздарын, шетел валюталарын сатып алу және сату; инкасса қою үшін чектерді, векселдерді, банкілік акцептерді қабылдау.

9. Валюталық операциялар түрінде меншік құқығы мен басқа да құқықтардың валюталық құндылықтарға өту­і­мен байланысты операцияларды түсіну көзделеді. Оның ішінде шетел валютасын төлем құралы түрінде және төлем құжаттарын шетел валютасы түрінде пайдаланумен байланысты операциялар; халықаралық ақша аударым­да­рын жүзеге асыру және т.б. кіреді.

10. Жедел және қолма-қол-кассалық мәмілелердің ара жігі ажыратылады. Кассалық мәмілеге «СПОТ» валюталық операциясы, жедел операцияға – «форвард», фьючерстік операциялар, «опцион», «СВОП», «арбитраж» жатады.

11. Бағалы қағаздармен байланысты банктердің опе­ра­циялары – бұл акцияларды, облигацияларды шығару жә­не орналастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет