Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар



жүктеу 2.75 Mb.
бет16/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Құрал-жабдықтардың меншік иесі оны лизингтік фир­­маға сата отырып, бірмезгілде аталмыш құрал жаб­­дықтарды олардан жалға алатын лизинг түрі – бұл:

а) қалпына келтірілетін лизинг;

ә) қайтымды лизинг;

б) өтемақылық лизинг;

в) жабдықтаушыға берілетін лизинг;

г) қаржылық лизинг.


  1. Факторинг – бұл:

а) қозғалмайтын мүлікке берілетін несие;

ә) бір қарыз алушыға бірнеше банктердің несие беруі;

б) ұсынушы вексельді коммерциялық банкке сататын операциялар;

в) банктің жабдықтаушының талаптарын сатып алуы;

г) мүлікті уақытша пайдалануға беру.


  1. Трасталық операциялар – бұл:

а) мұрагерлікке иелік ету, агенттік қызметтер, қор­ған­шылық­пен байланысты сенім хат бойынша операция­л­а­р;

ә) бағалы қағаздар бойынша пайыздар есептеу, агенттік қызметтер;

б) мүлікті уақытша пайдалануға беру;

в) қозғалмайтын мүлікке несие беру;

г) ғимарат бөлмелерін (орындарын) жалға беру.


  1. Болашақта мәміле жасалған сәтте белгіленген баға бойынша валютаны сатып алу немесе сату құнының объектісі болып қатысатын мәміле түрі:

а) своп;

ә) спот;


б) опцион;

в) репорт;

г) депорт.


  1. Бір жылдан артық мерзімдегі өтегенге дейінгі ба­ға­лы қағаздар:

а) банк кепілдіктері;

ә) банктің агенттік қызметтері;

б) эмиссиондық операциялар;

в) банк инвестициялары;

г) дұрыс жауабы жоқ.

11 - ТАРАУ. БАНК ІСІ» КУРСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАРЫНА АХУАЛДЫҚ ЕСЕПТЕР
1 ахуал. Қазақстан Республикасындағы банктер ба­лан­­сының шоттар (счеттар) жоспарының 7 бөлімі бар.

Бөлімдердің атаулары мен шоттар нөмірлері берілген: міндеттемелер, активтер, меншікті капитал, шығыстар, банк балансына меморандум шоттары, шоттар мен болуы мүмкін талаптар мен міндеттемелер.

3000-3999, 1000-1999, 2000-2999, 5000-5999, 6000-6999, 4000-4999, 7000-7999.

Шоттар мен бөлімдер нөмірлерінің көрсетілуімен рет-ретімен жүйеге келтіру талап етіледі.



2 ахуал. Коммерциялық банктің ресурстармен бай­ла­ныс­ты жағдайы өте қиын. Осы сәтте, ол өзінің ресурстық әлеу­етін қалай пайдалы тұрғыдан шешу керектігін шешуі тиіс.

Аймақтың басқа банкпен ҚР Ұлттық банкінің қай­та­қар­жыландыру (рефинансирование) ставкасының 10 пунк­ті­нен жоғары ставка бойынша төлем жасау арқылы несие алу, 15% ставка бойынша 3 айға екі ірі клиенттің депо­зит­терін тарту, қайтақаржыландыру (рефинансирование) став­касы бойынша несие үшін Ұлттық банкке несие қоржынын қайта қарауға және ссудаларды мерзімінен бұрын өндіруге өтініш білдіру мүмкіндігі бар.

Ескерту: а) банк несиесінің мерзімі 1 ай;

б) клиенттерге тек 3 ай мерзім қосымша ескертілген;

в) ссуда алушылар мен банк арасында өзара әріптестік туралы шарт бар.

Менеджмент позициясы тұрғысынан шешу қажет:



  1. Банк қандай шешім қабылдайды.

  2. Қандай шешім неғұрлым тиімді екендігін есептеп шығарыңыздар.

  3. Депозиттер мен несиелер үшін ставкалар бойынша Қазақстан Банк жүйесінің қазіргі жай-күйі қандай?

3 ахуал. Төменде коммерциялық банк балансының баптары (статьялары) келтірілген:

Касса және оған теңестірілген қол ақшалар; Банк шот­тарындағы ақшалар; ҚР Ұлттық банкінің резервтік шо­тындағы ақшалар; Қазақстан Үкіметінің бағалы қағаздары; Қарыз алушыларға қысқа мерзімдік ссудалар; Овердрафт бойынша несиелер; Басқа банктерден алынған қысқа мер­зім­дік несиелер; факторингтік операциялар; Лизингтік опе­ра­циялар; Банктің ұзақ мерзімдік ссудалары; Банк ғи­ма­ра­ты және өзге негізгі қорлары; Бөгде (өзге) активтер; Басқа банк­терге берілетін несиелер; талап еткенге дейінгі салым­дар.

Топтар бойынша активтер баптарының кестесін жа­сау.

4 ахуал. Банк жүйесінде сыйақы ставкаларының өзге­руі тұрақты түрде болады.

Берілген несиелер бойынша сыйақы ставкалары 8% және 12%-ға тең. Несие сомасы алғашқы бетте 1,2 млн. тең­ге және 0,9 млн. теңге болады. Осы операциялар бой­ын­ша банк табыс табады. Кірісті есептеу формулалары:

(R2-R1)* V2=Pr; (V2-V1)* R2=Prv

мұнда:

Р – банк кірісі;



R – пайыздық ставкалар деңгейі;

V – берілген несие көлемі;

1 және 2 – соған сәйкес оның алдындағы және ағым­дағы кезеңдер.

Екі фактор бойынша кезеңдер кірістің орындалуы мына формуламен есептеледі (R2-R1)* (V2-V1)=Prv.

Анықтау: пайыздық ставкалардың өзгеру әсері (сый­ақы ставкалары және берілген несиелер көлемінің өзгеруі).

5 ахуал. Назар аудару үшін берілген формула:


Пайда

=

Пайда

*

Барлық активтер

Акционерлік капитал

Барлық активтер

Акционерлік капитал

Мыналарды білу қажет:

  1. Бұл формуламен не анықталады;

  2. Банк балансын алу және мәндері бойынша деректерді анықтау;

  3. Шартты түрде көрсеткіштің орта мәні 10,2%-ға тән. Шешімін салыстыру.

6 ахуал. Коммерциялық банктің несие қарыздарының негізгі параметрлері – бұл:

Мерзім, несие беруші сыйақысы, несие мақсаты, қамтамасыз ету, өтеу тәртібі.

1. белгілі бір жалғастықпен несие келісімдерінің негізгі жағдайларының параметрлерін орын-орнына қою;

2. егер сіз банк менеджері болсаңыз қалай болар еді дегеннің әрбір параметріне толық түсініктеме беру қажет болып саналады.

7 ахуал. Қазақстанның коммерциялық банктерінің келтірілген несие топтары бойынша несие тәуекелдерін талдау үшін келесідей деректер берілген:






Несие салым­да­рының

кө­ле­мі


Несие салым­дарының жал­пы көлеміндегі үлес салмақ

Ескерту

1. Нақты қажеттілік, не­си­енің жоспарлы көлемі шегінде мемелекеттік кә­­сіп­­орындарға несие­лер бе­ру жоғары сенімді кә­сіп­­орындар

2150







2. Несиенің жоспарлы кө­лемін арттырушы бас­қа­ру органдарының ше­шімі бойынша мемле­кет­тік кәсіпорындарға не­сиелер беру

1100







3. Сақтандыру полисі мен кепілдік берген жағ­дай­да шарт негізінде бір­лескен кә­сіп­орын­дарға несиелер беру

3050







4. Кепілдік берген жағ­дай­да, несие шарты негі­зін­де шағын кәсіпорын­д­ар­ға несиелер беру. О­л­а­р тиімді, берешек­те­р­і ж­оқ.

1350







5. Шарт-контрактылар негізінде селолық жер­лер­дегі кооперативтерге несиелер беру. кепіл­дік­тер берілмеген.

900







6. Жеке еңбек қыз­ме­тімен айналысатын жеке тұлғаларға несиелер бе­ру. Жұмыс орнының тұ­рақтылығы және кірісі кү­дік туғызбайды.

1500







7. Ірі акционерлік қоғам атынан кепілдік беру­ші­нің болуы жағдайында ет өнімдерін қайта өң­деу­мен айналысатын тұл­­­­ғаларға беру.

1800













100%






  1. Несиенің әрбір түрінің үлес салмағын анықтау;

  2. Несиелердің қандай түрлері тәуекел несиелерге (тәуекелді емес, тәуекелді, өте тәуекелді) жататынын атап көрсету;

  3. Несие қоржынының мазмұнын байыту бойынша қорытындылар жасау қажет болып саналады.

8 ахуал. Бір елдің қаржылық нарығындағы ақша капи­та­лының қозғалысына талдау жүргізу.

Құрылым бойынша қорытынды жасаудың маңызы зор:

Млрд. доллармен.


Секторлар

Қаржы көздері (болжам)

Ақшаны пайдалану (сұраныс)

Таза өсім немесе қысқарту

1. Үй шаруашылық­та­ры

97

57

40

2. Іскер кәсіпорындар (АҚ, ЖШС, фирма­л­а­р­)

137

143

-6

3. Үкімет.

-22

-138

-160

4. Жергілікті билік ор­гандары

10

-29

-19


5. Қаржы мекемелері

530

620

-90

6. Шетел секторы

162

100

62

7. Есепке алынбаған капитал қозғалысы

-

-

-29


9 ахуал. Келтірілген кесте бойынша банк құрылымын (Банктік менеджмент) түсіндіру қажет. Кестені құрылымы бойынша атау. Қанша бөлім құруға болады.


Аталмыш кезеңде және сол жерде:



  1. Шектелген нарық;

  2. Клиенттердің шектеулілігі;

  3. Банктердің бәсекелестігі жоқ;

  4. Банктердің филиал желілерінің дамымағандығы.

Банк менеджментін жетілдірудегі банктің ұйымдық құрылымының рөлін көрсету қажет.

10 ахуал. Келтірілген кесте бойынша банк құ­ры­лы­мын (Банктік менеджмент) түсіндіру керек. Кестені құ­ры­лы­мы бойынша атау. Қанша бөлім құруға болады.


Аталмыш кезеңде және сол жерде:



  1. Жекелеген операцияларды мамандандыру күшейе тү­се­ді;

  2. Клиенттерге бөлшек қызмет көрсетудің көбеюі;

  3. Банк қызметінің ауқымын кеңейту;

  4. Шені төмен жетекшілердің жауапкершілікке ие бо­л­у­ы­;

  5. Жоғары және төменгі буын қызметтері аражігінің айқын бөлінуі.

Банктік менеджментті жетілдірудегі банктің ұйым­дық құрылымының рөлін көрсету.

Қорытынды
«Банк ісі» оқу құралындағы негізгі тақырыптар мен сұрақтарды баяндау нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасауға болады:

Банк ісі теориясы мен практикасының мәселелері аса күрделі, сан қырлы. Оларды экономикамен, қоғам мүд­де­сімен, нарық заңдарымен және елдегі нарықтық қатынас­тарды басқарумен өзара байланыста оқып-үйрену керек.

Банк ісінің тарихи негізі өте ертеге кетеді, әлемдік дамуда жан-жақты зерттелген және оның әрбір сатысы практикалық қызығушылық туғызады.

Банктердің және олардың операцияларының жалпыға бірдей белгілі, дәстүрлі белгілерін білумен қатар, банк ісінің мазмұнын түсіну, тұрақты ізденіс және зерттеп-үйренумен байланысты банк аясындағы сапалық жаңа бағыттарды айқындаудың маңызы зор.

Банк ісін оқып-үйрену кезінде мыналарды білген пай­да­лы:


    • банктер, банктік жүйе, банктердің операциялары туралы жалпы мәселелер;

    • елдің ақша, төлем, несие қатынастары аясындағы банктік операциялардың даму сипаты;

    • нарықтық қатынастар жағдайындағы банк аясын­дағы бизнес пен банкті басқару;

    • қоғам өміріндегі банк секторының рөлі мен орыны.

Оқу құралының мазмұнымен танысу Қазақстандағы банк ісін одан әрі тереңдете оқып-үйренудің бастауы бол­мақ.

Қазақстанның банк жүйесінің даму мәселелерін оқып-үйрену қажетті және қызығушылық тудырмай қоймайды. Соң­ғы жылдары банк секторы активтерінің сапасын жақ­сар­­туға, банктердің сапалы қаржылық қызмет көрсетуіне жә­не банктік жүйеге деген сенімді арттыруға бағытталған ша­ралар қабылдануда, осы мақсаттарда Қазақстан Ұлттық банкі на­рық жағдайындағы мемлекет пен қоғамның мүдде­ле­рімен пара-пар ақша-несие саясатының бағыттарын әзір­л­еп-жасау­да.



Пайдаланылатын әдебиеттер:



  1. Закон «О Национальном банке Республики Казахстан» От 30 марта 1995 г. (с изменениями и дополнения).

  2. Закон «О банках и банковской деятельности» от 31 августа 1995 г. (с изменениями и дополнениями).

  3. Закон Республики Казахстан «О валютном регули­ро­ва­нии» от 12 апреля 1996г.

  4. Положение об экономических нормативах и их применении банками Республики Казахстан №234 от 31 марта 1995г.

  5. Инструктивные материалы, положения и методические рекомендации по вопросам банковской деятельности Национального банка Республики Казахстан. 1997г.

  6. Банковское дело. Учебник / Под ред. Г.С. Сейтка­симова. – Алматы: Каржы-каражат. 1999г.

  7. Банковское дело. Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: Банк и биржевой научно-консультационный ц­е­н­т­р. 1992г.

  8. Банковское дело. Учебник / Под ред. О.И. Лаврушина. – М.: Финансы и статистка. 1998г.

  9. Методическая разработка для практического изучения курса «Банковское дело». / Под ред. З.Д. Искаковой. – КЭУ: Караганда, 1999.

  10. Банки и банковские операции. / Под. ред. проф. Е.Ф. Жукова. – М.: Банки и биржи. 1997г.

  11. Уткин Э.А. Банковский маркетинг. М. 1995г.

  12. Мадиярова Д.М. Основы современного банковского дела. Алматы, 1997г.

  13. Современный маркетинг. В.В. Хруцкий, И.В. Корнеева и др. – М.: Финансы и статистка. 1990г.

  14. Бержанов С.А. Валютная система: Валютаный рынок и валютные операции. Учебное пособие НЦКУС «Каракалпакстан». 1996г.

  15. Банковское дело. Учебник / Под. ред. В.И. Колес­ни­ко­в­а­. – М.: Финансы и статистка. 1995г.

  16. Деньги, кредит и банки. Учебник / Под ред. Г.С. Сейткасимова. Алматы: КазГАУ, «Экономика». 1996г.

  17. Жуков Е.Ф. Менеджмент и маркетинг в банках. М: Финансы. 1997 г.

  18. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. М.: Банки и биржи. ЮНИТИ. 1994г.

  19. Рит Э., Коттер Р., Гилл Э., Смит Р. Коммерческие банки. М: Космополист. 1991г.

  20. Роде З. Банки, биржи, валюта современного капи­та­лиз­ма. М: Финансы и статистика. 1986г.

  21. Роуз Л.С. Банковский менеджмент, предоставление финансовых услуг. Пер. с англ. М: Дело ЛТД. 1995г.

  22. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Уп­рав­ление и операции. М: ИПЦ «Вазар-ферро». 1994г.

  23. Ширинская Е.Б. операции коммерческих банков: рос­сий­ский и зарубежный опыт. М: Финансы и ста­тис­тика. 1995г.

  24. Калиева Г.Т. Коммрческие банки в Казахстане: проблемы устойчивости. Алматы: Экономика. 1999г.

  25. Банковское дело и финансовое управление рисками. Учебное пособие Б. Путнам. 1992г.

  26. Международное банковское дело. У. Риггин. Вашинг­т­о­н. 1996г.

  27. Учебная программа по банковскому и финансовому менеджменту в 2-х томах (на русском и английском языках) ИЭР Мирового банка, Вашингтон. 1993г.

  28. Фаруки Шакил. Глосарий Финансового-банковских тер­минов в 2-х томах англ.-русс., русс.-англ. ИЭР Ми­ро­вого банка. 1993г.

  29. Тексты лекций проф. З.Д. Искаковой по курсу «Бан­ков­ское дело».

  30. Искакова З.Д., Абдильманова Ш.Р., Весельская Н.Р. Банковская система и ее правовые основы. Караганда 1997г.

  31. Искакова З.Д. Текст лекций по курсу «Банковский менеджмент и маркетинг». КЭУ. Караганда. 1999г.


Кафедраның ғылыми-әдістемелік семинарында

талқыланып және мақұлданған 21.01.03 хаттама №5

Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесі басып

шығаруға ұсынған. Хаттама № 2, 23.01 2003ж.


Компьютерден терген: Әсемгүл Насырова
Басуға қол қойылды­­­­­­­­­­­ 27.02.2003

Формат­ 60х84/16 Офсеттік қағаз. Шартты баспа табақ көлемі Таралымы­­ 300 дана. Бағасы келісімді. Тапсырыс № 1557

® Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық

университетінің баспаханасы.




Каталог: images -> stories -> Biblioteka -> na%20sait%20posob -> na%20rus
stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
stories -> Ұсыныс беруге шақыру
stories -> Тендерге қатысуға шақыру
na%20rus -> Внешнеэкономическаядеятельностьфирм ы 1999 год
Biblioteka -> Клуб чемпионов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет