Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері



жүктеу 2.75 Mb.
бет2/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

1.2. Банктердің ұйымдық-құқықтық негіздері
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде ұйым­дық негізге ие. Қызметтік қағидалар - оның негізгі бел­гі­ле­рі болып саналады. Яғни, банктердің атқаратын қызметтері мен операциялары оның құрылу ерекшеліктерін келістіреді және банктердің басқару жүйесін ұйымдастырады.

Әр елде банктерді ұйымдастыруда ақша эмиссиясы қызметін орындайтын, елдегі ақша-несие саясатын жүзеге асыратын, екінші деңгейдегі банктерді қадағалайтын, үкімет үшін операцияларды орындайтын, елдің алтын-валюта қорын сақтайтын ақша-несие институты – орталық банкіне айрықша мәртебе беріледі. Орталық банктердің ұйымдық құрылымы мен қызметінің сипаты және оны басқару жүйесі елдің заңдылықтары мен Орталық банкі туралы ережелермен айқындалады.

Көптеген елдердегі банктерді ұйымдастыру ак­ци­о­нер­­лік компаниялар (корпорациялар) түрінде жүзеге асы­ры­лады. Банктің заңды тұлға ретінде танылуы, сатып алын­ған акциялар шегіндегі акционерлердің жауапкершілігі, акция пакеттерінің болуы және директорлар Кеңесін құру акционерлік компаниялар үшін міндетті талаптар болып саналады.

Банк ашу (жаңа заңды тұлғаның мекемесі) – бұл көптеген ресми процедураларды орындауды және рұқсат алуды талап ететін күрделі процесс.

Тұтастай алғанда банк құру үшін, әр елдің әртүрлі ерешеліктері бола тұра мынадай жағдайлар мен іс-әрекет­тер­ді орындауы қажет болады: банк ашуға құрылтайшы­лар­дың рұқсат алу өтініші; банк ашу мүмкіндгіне өкілетті органдардың арнайы рұқсаты; орталық банктің рұқсаты; құрылтайшылық құжаттарды тіркеуден өткізу және банк­тің операциялар жүргізуіне орталық банктің лицен­зия­сы. Операциялар туралы міндетті жағдайлар, капиталдың мөл­ше­рі, тұрғын халықтың саны, өзіндік орны бар тұлға­лар­дың мақұлдаған қарарлары, экономикалық негіздеулер, іс­керлік жоспар, банк жарғысы, банк құрылымы, капитал­дың жеткіліктілігі және пайда алудың болашағы, басшы­лық құрамның құзыры мен олардың кәсіптік жарамдылық­тары туралы мәліметтер құжаттамалар түрінде тапсырыла­ды.

Мемлекеттік тіркеу Кітабында тіркеуден өткеннен кейін банк операцияларын жүргізуге лицензия алуы екінші деңгейдегі банк қызметін бастау үшін негіз болып сана­лады. Заңды тұлға мәртебесін алған жаңа банк лицензия шеңберіндегі өзінің операциялары туралы мәлімдейді.

Банктің ұйымдық құрылымы екі әдіспен анықталады:


  1. Басқару органдары, олардың өкілеттіктері мен жауапкершіліктері кіретін банктің басқару құрылымы.

  2. Қызмет (функционалдық) бөлімдерінің құры­лы­мы; бөлімдердің қызметін жүзеге асыру және қызмет буы­ны­ның міндеттері. Мысалы, несие беру бөлімі, инвес­ти­ци­я­лық операциялар, сенім операциялары, банк клиенттеріне қызмет көрсету және т.б. бөлімдер.

Банкті ұйымдастыру мына қағидаларға негізделеді:

    • қызмет құрылымы;

    • банк мақсаттарына сәйкестігі;

    • билік өкілеттіктері иерархиясы және ұйымдардың деңгейлері;

    • бірлескен және үйлестіру іс-әрекеті;

    • басқаруды рационалдандыру және бақылауды қам­та­масыз ету;

    • персонал қызметінің жұмыс тәртібін белгілеу;

    • толық ақпараттармен қамтамасыз ету.

Банк құрылымы түрін өзгертеді және болашақ ке­зең­дерге бейімделеді, олар банктің стратегиясына қатысты болады. Банктің құрылымына мынадай бірқатар факторлар әсерін тигізеді:

  • банктің көлемі, операциялардың саны;

  • қызметкерлердің саны;

  • кәсіби кадрлардың болуы;

  • басаспаптық пен мамандану деңгейі,

  • пайда алу мүддесі үшін шығындарды үнемдеу міндеттері.

Нарықтық экономикалы елдер үшін үлгілері бойынша ерекшеленетін акционерлік – коммерциялық банктер неғұрлым бірүлгілі болып саналады.

Акционерлердің жалпы жиналысы акционерлік – коммерциялық банктің жоғары органы болып табылады, оның өкілеттігіне Жарғыны, капиталды бекіту, Бас­қар­ма­ны, банк Кеңесін сайлау, жылдық есепті бекіту, банктің та­быс­тарын бөлу сияқты міндеттер кіреді.

Банк Басқармасы (Кеңесі) жылдық есепті бекітеді, құ­рыл­тайшылардың жыл сайынғы жиналысын ұйым­дас­ты­ра­ды, банктің стратегиялық міндеттерін шешеді.

Кеңес Төрағасы банкті жедел басқаруды жүзеге асырады. Ол сондай-ақ банк Президенті болуы мүмкін.

Одан әрі қарай: вице-президент, басқарма, депар­та­мент­тер, бөлімдер болып жалғасады.

Орындайтын операцияларға, олардың қызметін ұйым­дас­тырудың құқықтық формаларына қарамастан әрбір банк өзіне тән өнімдер шығарады және барлық банктер үшін міндетті болып саналатын мынадай белгілі басқару блоктарының жиынынан тұрады: банк Кеңесі, басқарма; басқарудың жалпы мәселелері, коммерциялық қызмет, қаржылар; автоматтандыру; әкімшілік.

Орындайтын операцияларының көлеміне, көрсе­тілетін қызметтерінің дамығандығына қатысты банктердің ірі, орта, шағын (жеке), жергілікті филиалдары болуы мүм­кін. Мысал үшін, орта коммерциялық банктің құры­лы­мын мынадай түрге бөлуге болады:
Банк Кеңесі

Банк Басқармасы
Несие комитеті Тексеру комитеті
Банк операцияларын жоспарлау мен дамытуды басқару


  • коммерциялық қызметті ұйымдастыру бөлімі;

  • банк өтімділігін басқару бөлімі;

  • экономикалық талдау және клиенттердің несие қабілетін зерттеу бөлімі;

  • маркетинг бөлімі.

Депозиттік операцияларды басқару

  • депозиттік операциялар бөлімі;

  • қор бөлімі.

Несие операцияларын басқару

Делдалдық операциялар мен банктің көрсететін қызметтерін басқару;

  • кепілдік беру операциялары бөлімі;

  • банктің көрсететін қызметтері бөлімі;

  • бағалы қағаздармен операциялар жасау бөлімі.

Халықаралық Банк операцияларын ұйымдастыру Басқармасы

Есептеу – операциялық басқармасы

  • операциялық бөлім;

  • кассалық операциялар бөлімі.

Әкімшілік қызметтер

  • заң бөлімі;

  • кадрлар бөлімі;

  • тексеру бөлімі;

  • әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

Бүкіл әлемдегі банктер қызметінің құқықтық негіз­де­рін банктер қызметін реттейтін заңдар құрайды.

Банк заңдылықтары қоғамның даму барысы мен оның шаруашылық қажеттіліктерімен бірге қалыптасады. Банк­тер­дің бүкіл идеялары мен мақсаттары заңдарда көрініс табады, олар танылған болып саналады. Міне, банк құқығы осылай туындайды. Банк құқығы автономиялы заңды қа­лып (норма) болып санала отырып, қоғамдық мүдделерден оқшауланып қалмайды, қайта, мемлекет мүдделерімен және шаруашылық процестеріне ­қатысу­шылардың құқық­та­рын қорғаумен өзара байланыста туындайды. Банк заң­дары үш қабатқа (ярусқа) бөлінеді:


  1. бірінші қабат: орталық банкі (эмиссиондық) туралы заңдар және екінші деңгейдегі (іскерлік банктері туралы) банктер туралы заңдар деп аталатын екі блоктан тұ­рады. Заңдардың осы екі блогы елдегі банк жүйесінің қызметі мен банктердің өздерінің операцияларын жүргізуін тікелей реттеп отырады. Бұл заңдар: валюталық операция­лар, банкроттық, банк құпиясы, салымдардың құпиялығы және т.б. туралы жекелеген заңдармен толықтырылады.

  2. банк заңдылықтары жүйесіндегі екінші қабат бұл – биржа, акциялар мен бағалы қағаздар. Олар банк қыз­метін тікелей қозғайды.

  3. заңдардың үшінші қабаты банктер үшін негізгі болып саналады және олардың идеологиясын айқындайды. Бұл – елдің Конституциясы, Азаматтық Кодекс, шаруа­шы­лық құқығы.

Банк заңдылықтарының:

    • банктердің өз операцияларын жасау үшін;

    • банктердің басқа субъектілермен өзара қатынасын реттеуде;

    • клиенттердің ақша, төлем, несие қатынастарын анықтау мүдделерін қорғау кезінде;

    • клиенттердің, сондай-ақ банктердің өзінің банк нұсқаулары, ережелері, нормативтері талап­тары­ның барлығын дұрыс түсінуінде;

    • жалпы экономиканы дамытуда және ақша айна­лы­мының тұтастығын сақтауда аса зор маңызы бар.

Банк заңдылықтары банктердің өздерінің ғана емес, ең алдымен мемлекеттің мүддесін қорғайды, өйткені банктер арқылы ақшаның қозғалуы, қаржы ресурстарын, капиталдарды орталықтандыру экономикамен тікелей бай­ла­нысты және мемлекет бұл процестерді белсенді түрде реттеп отырады.

Банк қызметі саласындағы заңдар клиенттер, банктер мен мемлекет үшін маңызды болып саналады және олардың кең ауқымды мүдделерін білдіреді, сонымен бірге тараптардың бірінің заң бұзушылығы құқықтық қалыптар­дың бұрмалауына әкеліп соғатындығын да көрсетеді. Банк заңдылықтары әлемдік тәжірибе тұрғысынан алып қара­ғанда тұтастай түрде тұрақты болып саналады, дегенмен қатып қалған «догма» емес екендігін де естен шығармаған абзал. Заңдар қоғам дамуы кезеңдерінің мүдделерін білдіре отырып, эволюциялық жолмен толықтырылып, қайта өңделіп отырады.


1.3. Қазақстан Республикасындағы банк жүйесі мен банк заңдылықтары
Қазақстан Республикасындағы банк жүйелерін ре­фор­малау дербес мемлекеттік құрудың алғашқы жыл­да­ры­нан-ақ нарықтық экономикаға көшу кезіндегі объективтік эко­но­микалық процестермен айқындалған болатын. Осы жыл­дар ішіндегі банк саласындағы қайта құрулар микро- және макроэкономикалық процестерге оң өзгерістер әкелуде. Банк­тер, салымшылар мен инвесторлар ара­сын­да­ғы дел­дал­­дарға айналуда, өзіне есеп айырысулар, салым­шылар мен қарыз алушыларға көрсетілетін қызметтерді енгізетін қар­жылық қызметтерді көрсету операцияларын жетілді­ре­д­і.

Қаржы жинақтауға ынталандырады және қаржы ресурстарын орналастыру жүйелерін жетілдіре отырып, банктер экономиканың сауығуына көмектеседі, өмірлік қабілетті кәсіпорындарға және жаңа дамып келе жатқан жеке кәсіпорындардың несие алуын қамтамасыз етеді.

Кеңестер одағының құлау сәтінде, оның біртұтас банк жүйесіне, яғни Қазақстанның банк жүйесіне жүзден аса банктер кіретін еді, солардың ішіндегі бесеуі (Жинақ бан­кі, Агроөнеркәсіп банкі, Өнеркәсіп құрылыс банкі, Сыртқы эконом банкі) КСРО-ның мамандандырылған банктерінің мұрагерлері болып қалды. Мамандандырылған банктер нақ­ты мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру, сол сияқты бұрынғы жүйедегі ресурстарды орталық­тан­ды­рыл­ған түрде бөлетін мемлекеттік мекеме ретіндегі іс-қи­мы­лын жал­ғас­ты­ра берді. Сонымен бірге, нарықтық бағдар ал­ған коммер­циялық банктердің маңызы да барған сайын өсе түсті.

Республиканың қаржы жүйесі толық мемлекеттік меншіктен, шешімдер мен есептерді орталықтандырылған түрде қабылдаудан және меншік құқығын сақтай отырып, нарықтық күштермен, орталыққа тәуелділікті жойған өзін-өзі билейтін басшылықпен және несиелерді бөлумен анықталатын жүйеге серпінді түрде көшуді жүзеге асырды, мұның өзі экономикадағы қаржы тәртібініің тиімділігін жақсартуға мүмкіндік берді. Өтпелі кезеңде қиындықтар да болмай қалған жоқ, осы жайлардың бәрі инфра­құ­рылым­да­ғы, технологиялар мен құрал-жабдықтардағы, құқықтық және бақылаушылық жүйелердегі түбегейлі өзгерістердің бо­луын талап етті. Қайта бағдарлануға дағдылану, тәуе­кел­дер­ге бара отырып шешімдер қабылдау, пайдалардың есебін жүргізу мен жаңалықтар енгізу солардың ішіндегі неғұрлым маңыздылары болып саналады.

1992 жылы Қазақстанда банктердің мамандырылуын жоюмен байланысты, акцияларының бақылау пакеті мем­ле­кеттік кәсіпорындардың иелігіне жататын, осыған дейін өмір сүрген бес мамандандырылған банк акционерлік қоғамдар болып қайта құрылды. Бұлардан тысқары, 1992 жылдың соңына қарай Қазақстанда қырық акционерлік банк, алпыс коммерциялық және кооперативтік банктер (немесе жауапкершілігі шектеулі банктер) мен қырық тоғыз жеке банктер болды.

Бұрынғы мамандандырылған банктер осы банктердің мұрагерлікті қабылдау нәтижесі болып саналатын, негі­зі­нен мамандану жүйесіндегі салаларға, меншіктің жаңа құ­ры­лымдарына (несие алу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін аса ірі мемлекеттік кәсіпорындар өздерінің негізгі қызмет салаларына сәйкес бұрынғы мамандандырылған банк­тер­ден акциялардың бақылау пакеттерін сатып алды) ссудалар беруін, саясатын жүргізуді одан әрі жал­ғас­тырады. Банк жүй­есін реформалаудың бастапқы кезеңі операциялардың тиімділігін арттыратын ынталандыру шараларының жоқ­ты­ғынан және нормативтік-құқықтық базаны жасаудың аяқталмау­шы­лы­ғы­нан, көбінесе нақты мемлекеттік кәсіп­орын­дарға несие­лер мен дотациялар берушілікпен байла­ныс­ты болды. Кейбір банктер Қазақстан Ұлттық Банкінің несие ресурстарына көбірек иек артты, ал екінші бір банк­тер нарық қағидаларына сәйкес өздерінің тәртіптерін өз­герт­ті, ал үшінші бірлері өз меншікті кәсіпорындарының қа­зы­на­шылықтары түрінде әрекет етті. Банктер арасын­да­ғы бәсеке аталмыш жүйенің аздаған бөліктерінде ғана орын алды және банк жүйесіндегі тұтастай қайта құрудағы қозғаушы күштің рөлін атқару үшін тым әлсіз болды.

1993-1994 жылдары нарықтық экономика жүйесіне жақындата түсу мақсатымен Қазақстан Республикасының банк жүйесінде біршама қайта құрулар жүзеге асырылды. Заңдар қабылданды: банк жүйесіндегі Ұлттық банктің ор­ны мен рөлін, оның міндеттерін, қызмет қағидаларын, құ­қық­тық мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын 1993 жыл­ғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Бан­кі туралы» ҚР Заңы; Республикадағы банк жүйесінің қыз­мет қағидаларын, банктердің құқығы мен жауап­кер­ші­лік­те­рін айқындайтын 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Рес­­публикасындағы банктер туралы» ҚР Заңы; шетел ва­лю­­таларының республика аумағындағы айналым ережесін рет­тейтін 1993 жылғы 14 сәуірдегі «Валюталық реттеу ту­ра­лы» ҚР Заңы; банк жүйесі қызметінің кейбір ерек­ше­лік­те­рі мен банк операцияларын жасаудың құқықтық негіз­де­рін реттейтін Үкімет пен Қазақстан Республикасы Ұлттық бан­кінің бірқатар өзге заңдары мен нормативтік актілері, мы­салы, «Кепілдік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Банк жүйесіндегі реформаларды жүргізу жөніндегі нұс­қауларға сәйкес, бұрынғы Жинақ банкі Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік-акционерлік Халықтық банкі бо­лып қайта құрылды, сөйтіп, салымдар қабыл­дай­тын жә­не ссудалар беретін коммерциялық банк мекемесі тү­рін­де кө­­бірек іс-қимыл жасай бастады, ал оның бұрынғы қыз­меті тұр­ғын халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету болып кел­ген еді. Сондай-ақ 1994 жылы республикада Эксимбанк (экс­­порттық-импорттық банк) пен Мемлекеттік даму банкі құрылып, өздерінің қызметтерін дамыта бастады. Соның нә­тижесінде (1995 жылғы 21 тамыз) жоғарыда атап өткен бан­ктер, банктің жарғылық қорын бес миллиард теңгеге дей­­­ін көбейте отырып, Қазақстан Республикасы Эксим­бан­кіне Қазақ­стан­ның Мемлекеттік даму банкінің бүкіл мін­дет­темелерін өткізіп беру жолымен бір-біріне қосылды. Рес­­публиканың банк жүйесіндегі реформа қағидалары жыл өт­кен сайын банктердің қызметін неғұрлым дәл айқындай түсуде.

ҚР Ұлттық банкі субсидиялық несиелерге бағыт­талған тәжірибеден толықтай дерлік бас тартып, банктер арасындағы бәсекенің пайда болуы мен дамуына ықпалын тигізетін несие аукциондарының жүйесі арқылы банктерге орталықтандырылған түрде несиелер бере бастады.

Сонымен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 1995 жылы шағын акционерлік, коопе­ра­тив­тік және жекеменшік банктер санын қысқарту, банктерді ірілендіру саясатын жүргізді. Банктердің жарғылық қо­рының ең төменгі мөлшерінің деңгейін белгілеу тәжірибесі осы айтылғандарды растайды. Осыған дейін іс-қимыл жасаған шағын коммерциялық банктер үшін 300000 американ доллары (1995 жылғы наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы бойынша 18,0 млн. теңгеден асады) сомасында белгіленген, өзінің валюталық лицензиясы мен өзінің филиалдар жүйесі және тұрғын халықтан 1,5 млн. АҚШ доллары деңгейінде (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық Банкі бағамы (курсы) бойынша 91,5 млн. теңгеден асады) ақша салымдарын қабылдау құқығына лицензиясы бар банктер мен жаңадан құрылатын банктер үшін ең төменгі мөлшер 500 мың АҚШ доллары (1995 жылғы 30 наурыздағы ҚР Ұлттық банкі бағамы (курсы) бойынша 30,5 млн. теңге) сомасында белгіленген. Оның үстіне, белгіленген жарғылық қордың ең төменгі мөлшерін әрбір банк 1995 жылғы 15 сәуірге дейін толтыруға тиіс болды, бұл талапты орындамаған жағдайда ҚР Ұлттық банкі мұндай банктердің одан әрі өмір сүруі мен оның қызмет істеуі туралы мәселені шешуді алдыға қойды.

Құқықтық негіздерді, реттеу мен бақылау жүйесін да­мы­ту нарықтық жағдайдағы банк жүйесінің тиімді қыз­ме­тін қамтамасыз етудің міндетті және қажетті жағдайы болып саналады.

Банк қызметі саласындағы реформаларды жүргізудің одан кейінгі кезеңдерінде нарықтық экономикаға негіздел­ген банк жүйесі іс-қимыл жасай алатындай, олардың құқықтық негіздерін жасаумен байланысты екінші деңгей­де­гі банктер қызметін реттеуге бағытталған сапалық қайта құрулар болды. Банк жүйесінің құрылымдық пробле­мала­рын шешуге бағытталған банкті реформалау стратегиясы міне, соған қызмет етті. Сонымен бірге, банк жүйесінің құрылымдары мен мақсаттарының айқын еместігі, сондай-ақ несие тәуекелі, несиемен қамтамасыз ету, өтімділік, қар­жы тәртібі мен банкроттық сияқты негізгі тұжырым­дама­ларды шектеулі түрде түсіну қажетті құқықтық негіздерді жасау міндеттерін қиындата түскені де шындық. Шын мәнісінде заңдардың сақталуын бақылау жөніндегі жасала­тын тетіктер, сондай-ақ жаңа коммерциялық өзарақа­тынас­тарды орнықтыруға және қалыпты қызмет істейтін банктер жүйесін құруға көмегін тигізуі тиіс. Осы айтылғандармен бірге банк ісінде сот шешімдерін тану мен орындауды жеңілдету тетіктері, кепілдіктерді тіркеу бойынша орталық қызметтер; несиелермен қамтамасыз ету; салық жинау жә­не соған ұқсас басқа да міндеттемелерді орындау бой­ын­ша органдар құру талас тудырмайды.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995-1996 жыл­дары институционалдық, функционалдық және құқық­тық қатынастарда тағы да көптеген өзгерістерді басынан кешірді. Мысал үшін, 1995 жылға дейін республикадағы банк­тердің саны өсе түсіп, 1995 жылдың басында жар­ғы­лық қорларын құру тәсілдері бойынша бір-бірінен өзгеше­лене­тін жүз сексен төрт банкті құраса, оның көлемі аз уақыт ішінде күрт азайып, осы жылдың соңындағы банктердің саны жүз отыз ғана болды.

Қазақстан Республикасының банк жүйесіндегі инсти­ту­ционалдық қайта құрулар банкроттықа ұшыраған ком­мер­циялық банктерді таратумен, сондай-ақ жарғылық ка­пи­талдарын қосу жағдайында банктерді ірілендірумен қоса қабаттасып жүрді. Соған сәйкес, республика аймақтары бойынша осы кезеңдерде екінші деңгейдегі банктердің филиалдары 1995 жылдың соңындағы 1026-дан 1996 жыл­дың соңында 949-ға дейін қысқарды. Осы кезеңдердегі банк­тер саласындағы өзгерістер жарғылық қордың көлемін қалыптастыру бойынша жүрді. 1995 жылдың аяғында нақ­ты жарғылық қоры 20 млн. теңгеге жетпейтін 69 банк бол­са, 1996 жылдың соңында олардың саны 33 банкке дейін қысқарды. Ал ірі банктер өз кезегінде сол деңгейлерінде қалды. Дегенмен, коммерциялық банктердің санын қыс­қар­ту одан кейінгі жылдарда да жалғасты. Банк жүйесін ре­формалау нәтижелері 2001 жылдың аяғында Қазақ­стан­дағы банктер санының күрт азаюына әкеліп соқты. 2002 жылдың басында Республикада 43 банк қызмет істесе, жылдың аяғында – 38 болды.

Функционалдық қатынастарда соңғы жылдары банк­тер дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес қызметтер көрсету бойынша да өздерінің операцияларының ауқымын ба­рын­ша кеңейте түсті. ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған көптеген банктер мемлекеттік бағалы қағаздар операция­ла­ры­мен айналысады, айналымға векселдерді, елдің орталық банкінің нотасын, пластикалық карточкаларды, элек­трон­дық аударымдарды енгізу арқылы қазіргі есеп айырысу операцияларын дамытады.

Құқықтық қатынастарда Қазақстан Республикасының банк жүйесі 1995 жылы мемлекеттің жаңа заң актілерімен және нормативтік ережелерімен нығайтылады: Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» (1995 жылғы 30 наурыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен Заң күші бар «Қазақстан Респуб­ликасындағы банктер және банк қызметі туралы» (1995 жылғы 31 тамыз) Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қайта құру және толықтырудан соңғы бекітілген бұл актілер, мемлекеттің орталық банк­і­нің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және екінші деңгейдегі банктердің мәртебесін бөліп көрсете отырып, Қазақстандағы банктердің іргелі құқықтық және экономи­ка­лық негіздерін жасауды тұтастай түрде аяқтады.

Сонымен, Қазақстанның банк жүйесі өткен алғашқы бес-алты жыл ішінде белгілі бір дәрежеде әлемдік тәжі­рибеде өмір сүретін стандарттар мен моделдер бойынша қайта құрылып үлгерді, соның нәтижесінде нарықтық экономиканың негізгі қағидаларына жауап бере бастады. Сонымен бір мезгілде, Республикада банктердің құқықтық, ұйымдық негіздерін жетілдіру әлі де жалғаса түсуде, бұл ішкі және сыртқы сипаттағы көптеген факторлармен байланысты болып саналады.

Республикадағы банк ісін одан әрі сапалық қайта құ­ру­лар жағдайында банк жүйесіне басшылық жасау қа­ғи­да­лары, басты қаржы институты ретіндегі Қазақстан Ұлттық банкінің жетекші рөлі, несие беруді қамтамасыз ету, сақтандыру қызметін реттеу туралы, төлемқабілеттілік пен несие қабеліттелік туралы заңдық және нормативтік ережелер қабылдаудың тиімділігі өз маңыздылығын сақтап қала береді.

Банктер нарығына және оны қадағалауға бағдар­лан­ған қызметті реттеу банктерге тиімді басшылық жасауды қамтамасыз ету, банктер бетпе-бет келетін міндеттерді уақытылы шешу, банктерді тиімді қызмет жүргізуге ынталандыру мен төлем қабілетсіз банктерді тарату болып саналады. Құқықтық нормативтік база негізіндегі реттеу мен бақылаудың жақсы ойластырылған жүйесі жеке және банк жүйесі арқылы басқарылатын нарыққа бағдарланудың негізі болып қатысады. Банктер бәсекесінің шеңберін белгілей отырып, республикадағы банк қызметін реттеу жүйе­сі адал бәсекелестікті және неғұрлым тиімді банк­тер­дің өркендеуін қамтамасыз етеді. Банктер қызметіне жасалатын бақылау өз кезегінде олардың қызмет тәртібін реттейтін банк ережелерінің сақталуын қамтамасыз ете отырып, тиімді басшылық жасауға демеушілік көрсетеді. Сондықтан, неғұрлым тиімді банктер өздерінің қызметін реттеудің жақсы жүйесін құруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қадағалауы банктің тиісті қалыптары мен ережелерінің сақталуын қамтамасыз ететіндей ережелерді жасауына мүдделілік танытады.

Республикада банктерді құру құрылтайшылық шарт­тар мен Қазақстан Республикасының банк және банктік қызмет туралы заңдылықтарына сәйкес құжаттар тізімі не­гі­зінде іске асырылады. Банктерді құру кезінде: ұйымдық-құқықтық форма мен меншік нысандары; банк қорларын құру мен пайдалану қағидалары; банк басқару органдары­ның шешімдерді қабылдау тәртібі және т.б.с. сияқты қырларына айрықша назар аударылады.

Қазақстан Ұлттық банкі республиканың орталық бан­кі болып саналады және Қазақстан Республиксының қазіргі банк жүйесінің жоғарғы деңгейін білдіреді. Ол орталық банктермен және басқа елдердің банктерімен, халықаралық банктермен және өзге де қаржы-несие ұйымдарымен қаты­нас­та, Қазақстан Республикасының атынан оның мүдделе­рін қорғайды. Жоғарғы және екінші деңгейдегі банктер қызметі сипатының өзгеруі құқықтық реттеулерді талап етеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы респуб­ли­каның Ұлттық банкі соған сәйкес өзінің қызметін құра­тын және жүзеге асыратын құқықтық негіз болып сана­ла­ды (13). Мыналар Қазақстандағы банк қызметін реттейтін негізгі нормативтік актілер болып саналады: 1995 жылғы 30 наурыздағы заң күші бар «Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар «Қазақстан Респуб­ликасындағы банктер және банк қызметі туралы» Пре­зидент жарлықтары, басшылыққа алу үшін Республикада қазіргі уақытта қолданылатын респуб­ли­каның бірқатар басқа заңдары, халықаралық шарттар мен келісімдер.

Ұлттық Банк туралы заң актісінің 1-бабына сәйкес бұл мекеме Қазақстанның бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады (14). Банктің құқықтық мәр­тебесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, ол заңды тұлға болып саналады және коммерциялық банктермен, мемлекетпен белгілі бір азаматтық-құқықтық келісімдер жасай алады, екіншіден – ол Қазақстанның ақша-несие жүй­­есін басқару бойынша кең түрде билік өкілеттіктерімен бөлінген. Сонымен, Қазақстан банкінің қарама-қайшылық­ты (двойственный) құқықтық табиғаты бар.

Ұлттық Банкі бір мезгілде шаруашылық қызметін жүр­гізетін заңды тұлғаның арнайы құзырлылығын мем­ле­кет­тік тұрғыдан басқаруды жүзеге асыратын орган болып саналады.

Қазақстан Ұлттық Банкінің шаруашылық қызметін жүр­гі­зуі мен оның бір мезгілде әкімшілік-бақылау өкілет­­­тік­терін орындауы бір-бірінен тәуелсіз түрде жүзеге асырылмайды.

Өзінің шаруашылық мүдделерін жүзеге асыру және пайда алу мақсатында коммерциялық банктермен аза­мат­тық-құқықтық келісімдер жасай отырып, сонымен бірге ол ең алдымен несие беру мекемелері жүйесінің дамуына тиі­сін­ше мақсатты бағытталған әсерін тигізеді және мем­ле­кеттің несие саясатын айқындайды. Мұндай келісімдер жасаудың шарттарын жалпы мемлекеттік ақша-несие саясатының шеңберінде Ұлттық Банк әзірлеп-жасайды.

Ұлттық Банкі Қазақстандағы ақша-несие жүйесін басқаруды екі тәсілмен жүзеге асырады:



  • билік нұсқауларының көмегімен;

  • экономикалық әдістермен, яғни коммерциялық банк­тер­мен әртүрлі келісімдер жасау жолымен;

  • оның әкімшілік құқықтар мен шаруашылық қыз­мет­те­рін жүзеге асыруы бір мақсат пен міндет – несие жүй­е­сін басқаруға бағындырылуы қазіргі кездегі Ұлттық Бан­ктің құқықтық ережесінің басты ерекшелігі болып са­на­лады.

Ұлттық банктің әкімшілік қызметін шартты түрде мынадай түрге бөлуге болады:

    1. Ұйымдық (ақша айналымын ұйымдастыру және басқару).

    2. Азаматтық айналымы, салымшылпарды және ком­мер­циялық банктердің өзге де кредиторларын қорғау қыз­меті. Ұлттық Банкі осы екі өкілеттік шеңберінде норма­тив­тік актілер шығарады, яғни нормативтік-шығармашылық қызмет осы өкілеттіктермен тікелей байланысты.

Ақша айналымын ұйымдастыру ақша эмиссиясын өн­дір­ген, ақша айналымын ұйымдастыру мен оларды айна­лым­нан алғанда, кассалық операцияларды жүргізу тәртібі, тасымалдау мен сақтау ережесі және қол ақшаларды инкас­са­циялау, экономикалық әдістермен ақша айналымын бас­қа­ру мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарғанда жасалады.

Азаматтық айналымды қорғау қызметі мен несие жүйесіне деген сенімді нығайту Ұлттық Банкі қызметінің негізгі мазмұнын құрайды. Бұл Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің ерекшелігі болып саналмайды. Кез келген осы заманғы нарықтық экономикалы мемлекеттің Орталық Банкі сол мәселелерді еріксізден шешеді.

Бір де бір мемлекет, азаматтық айналымды қалыпты жүзеге асыру үшін жағдайлар туғызудан тұратын несие бе­ру мекемелерінің қызметіне бақылау жасаудан бас тарт­пай­д­ы.

Заң шығарушы банк салымшыларын олар оған сеніп тапсырған сомаларға қатынасы бойынша банкирлер тара­пы­нан болатын ысырапқорлықтан ғана емес, сонымен бірге банкті толық түрде сауатсыз басқарудан да қорғауға міндетті. Банкті тиімсіз басқару оның өтімділігіне (ликвид­ті­лігіне) қатер төндіреді, яғни өздерінің салған қаржы­ла­рын қажет болған жағдайда немесе белгілі мерзімі өткен­нен кейін клиенттердің талап етуі мүмкін болмайтындай жағдайға әкеліп соғуы мүмкін. Заңға сәйкес, Ұлттық банкі атап көрсетілген міндеттерді мынадай жолмен шешеді:



  • біріншіден, коммерциялық банктің тіркеуден өткендігі және банк операцияларын жүзеге асыру құқығына ли­цен­зия беру туралы мәселені қарау кезінде несие беру мекемелерін құрудың заңды­лы­ғы мен дұрыстығын тексеру жолымен;

  • екіншіден, олардың қызметін реттейтін несие беру мекемелерінің экономикалық нормативтерін белгі­леу, нормативтік актілерді шығару жолымен;

  • үшіншіден, олардың операцияларының заңды­лы­ғына тікелей бақылауды жүзеге асыру жолымен.

«ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес, рес­пуб­ли­каның орталық банкі қадағалауды жүзеге асыру проце­сін­де несие беру мекемелерінің қызметіне тексеру тағайын­дай алады. Егер тексеру нәтижесінде банк заң­ды­лық­тарын бұзу жағдайлары анықталса, Ұлттық банкі анықталған кем­ші­ліктерді міндетті түрде жоюға нұсқаулар береді. Банктің сондай-ақ олардан есеп беруді, баланстар мен анықтама­лар­ды тапсыруын талап етуге құқығы бар.

Заңдылықтарды бұзған жағдайда және бұрын орын алған кемшіліктерді жою туралы елдің бас банкінің нұс­қау­ларын орындамағанда Ұлттық банкі несие беретін ме­ке­ме құрылтайшыларынан:



  1. банкті қаржылық сауықтыру бойынша шараларды жүзеге асыруды;

  2. банктің басшылығын ауыстыруды;

  3. банкті таратуды;

  4. банк операцияларын жасауға берілген лицензияны қайтарып алуды талап ете алады.

Несие беру жүйесін басқару жөніндегі бүкіл әкім­ші­лік өкілеттіктерін заңдық тұрғыдан тек Қазақстан Ұлттық банкі ғана орындайды.

Заңдылықтар Ұлттық банкке тұлғалардың міндетті түрде орындауына жататын нормативтік актілер шығару құқығын берген. Бұл – нұсқаулар, ережелер, хаттар мен жедел хаттар.

Қазақстан Ұлттық банкісінің активті ақша-несие сая­са­ты 2000 жылдан бастап макроэкономикалық тұрақты­лық­қа қол жеткізуге, қаржылық қызмет көрсету секторын дамытуға, төлемдер мен сақтандыру саласындағы жаңа жүйелерді құруға бағытталуда. ҚР Ұлттық банкінің 2002-2004 жылдарға арналып жасалған ақша-несие саясаты бүкіл банктер жүйесі үшін мақсатты бағдаршам болып қызмет етеді.

Түйін
Банк – бұл көне ұғым болып саналады және оның қажеттілігі ақша айырбасымен, бос ақшаларды қарызға бе­ру­мен, өзгелердің ақшаларын орталықтандырумен байла­ныс­ты пайда болды.

Банк нарықтық жағдайда өзгеше кәсіпорын ретінде қаралады. Оның қызметі көпқырлы болып табылады. Банк – сауда, делдал, несие беретін, коммерциялық кәсіп­орын­дарды білдіреді. Биржалардың банк-агенті, әріптестер автономиялы түрде қызмет істейді.

Банктер үлгілері және қызмет көрсету сипаты бой­ын­ша: елдің орталық банкі, мамандандырылған қаржы меке­ме­сі, коммерциялық банктер болып ажыратылады. Көтерме және бөлшек банктерге бөлінеді. Сондай-ақ инвестиция­лық, сауда және әмбебап банктер бар.

Әр елдің банк жүйесі көптеген банктер құру және әлем­дік тәжірибе мен олардың жасайтын операция­ла­ры­ның ауқымын кеңейту арқылы дамиды.


Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Қызмет белгілері бойынша банктер ... болады:

а) орталық және коммерциялық

ә) инновациялық және әмбебап

б) эмиссиондық, депозиттік және коммерциялық

в) коммерциялық, инвестициялық

г) орталық және эмиссиондық.


  1. Мемлекеттік банк акционер бола алама:

а) бола алмайды

ә) ҚР Үкіметі атынан бола алады

б) тек мемлекеттік банк бола алады

в) тек салалас банк қана бола алады

г) ҚР Үкіметі атынан мемлекеттік банк қана бола алады.


  1. Банктің мемлекеттік тіркеуден өтуін ... жүзеге асырады:

а) Қаржы министрлігі

ә) Әділет министрлігі

б) салық комитеті

в) жергілікті билік органдары

г) Ұлттық банкі


  1. Банк филиалы – бұл:

а) Бүкіл банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға болып саналатын дербес банк;

ә) бұл – заңды тұлға болып саналмайтын, оған берілген өкі­леттік шеңберінде банк атынан әрекет ететін банк бөлім­шесі;

б) бұл – заңды тұлға болып саналмайтын, банктің тап­сыруы бойынша соның атынан әрекет ететін, банк операцияларын жүзеге асыратын банк бөлімшесі,

в) бұл – тікелей және портфелдік (қоржындық) ин­вес­ти­цияларды жүзеге асыратын, жеке тұлғалардан депозиттер қабылдауды жүргізбейтін, екінші деңгейдегі банктер;

г) өз атынан операцияларды жүзеге асыратын заңсыз тұл­ға­л­ар.


  1. Банк операцияларын жүргізуге лицензиялар қандай мерзімге беріледі:

а) бір жылға

ә) үш жылға

б) шектелмеген мерзімге

в) он жылға

г) шарт бойынша арнайы мерзімге.

2 - ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕР


Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, негізгі операциялардың сипатын ашу – тараудың басты мақсаты болып саналады. Алдыға қойылған міндеттер: коммерциялық банктің ба­лан­сына қысқаша сипаттама беру, пассив және актив операциялардың мазмұнын ашу.

Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-9; Ә-10; Ә-29; Ә-30.

2.1. Коммерциялық банктер – банк жүйесі мен

олардың қызметінің негізгі буыны
Коммерциялық банктер мәртебесі, мақсаты және ба­ғыт­тары бойынша теңдей емес, дегенмен барлық банктер­дің балансының және оның құрылымының болуы; негізгі қызметтер мен операциялардың сипаты, өзінің қызметінен кірістер алу сияқты орталық негіздері бар.

Коммерциялық банктер сондай-ақ несие беру жүйе­сі­нің негізгі буыны ретінде сипатталады. Бұл банктердің не­гіз­гі несие орталығы ретінде несие берудің мол мүмкін­діктерін ашатындығын білдіреді. Банк жүйесінде несиені орталық банк, екінші деңгейдегі банктер, арнаулы несие институттары береді. Нарықтық экономика жағдайындағы коммерциялық банктер – бұл активті іскерлік банктер бо­лып саналады және олар барлық елдердің банк жүйе­сінде айрықша орын алады. Бұл банктер бүкіл экономикаға қызмет көрсете отырып, шаруашылықтарға, кәсіпкерлерге, жекелеген тұлғаларға несиелер береді, тұтынушыларға неғұрлым жақындай отырып, өндіріс саласы мен айналым дамуына көмегін тигізеді.

Нарық бәсекесі жағдайында әрбір банк өзінің басым­дық­тарын айқындайды, өзіне несие жүйесінің негізгі буы­ны ретінде бекітеді.

Елдің банк жүйесіндегі несие беру қызметін мынадай банктер орындайды:



  • Орталық банк – екінші деңгейдегі банктерге мемлекетке несие беруі кезінде,;

  • Коммерциялық банктер – меншікті коммер­ция­лық мүдделердің дамуымен қаржы алу­шы­лар­дың қажеттіліктерінің барлық түрлеріне эконо­ми­ка салаларына несиелер беру кезінде.

Коммерциялық банктер клиенттер үшін бүкіл опера­ция­лық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап «буыны» ретінде қатысады. «Коммер­ци­я­лық банк» түсінігін кең түрде түсіндіре отырып, оларды мынадай белгілері бойынша жіктеуге болады (1 кесте):

Жалпыға белгілідей, коммерциялық банктер өздерінің дәстүрлі базалық қызметтері негізінде жұртшылық ар­қы­лы қабылданады, олар клиенттерге сан алуан қаржылық қыз­меттер көрсетеді, трасталық операциялар жасайды, клиент­тер үшін бағалы қағаздар сатып алады, қозғал­май­тын мүлік пен кепілдік міндеттемелерді басқарады.

Коммерциялық банктердің қызметтерін дәстүрлі және дәстүрлі емеске, базалық (қатардағы) және жаңа (на­рық­тық) қызметтерге бөлуге болады. Коммерциялық банк­тер­дің қызметін жалпылай топтастырғанда былай болып шы­ға­ды:


  • бос ақша капиталдарын жұмылдыру мен шоғыр­лан­дыру, қор жинау мен сақтықтар (салымдық жә­не депозиттік операциялар);

  • экономикаға және тұрғын халыққа (активті опе­ра­циялар) несиелер беру;

  • төлемдер жасау мен ақша аударымдарын (делдал­дық операциялар) ұйымдастыру;

Коммерциялық банктің сипаттамасы




1 кесте


  • инвестициялық қызмет (бағалы қағаздар салымы жә­не жобалар);

  • сыртқы сауданы қаржыландыру;

  • сейфтерде құндылықтарды сақтау;

  • клиенттерге өзге қаржылық қызметтер көрсету.

Жинақтарды жұмылдыру мен шоғырландыру қызметі жеке адамдардың ұсақ шашыранды ақша қаражаттарын жинақтай отырып, ақша ресурстарының ортақ қорын құру арқылы оларды экономиканың неғұрлым тиімді сала­ла­рына бағыттауға болатындығын растайды. Өз ақшала­рының жоғары өтімді (ликвидті) формада сақталуына және пайыздық үлес алуға деген салымшылардың қызы­ғу­шылығы банктер арқылы қамтамасыз етілуі тиіс және ол үшін соңғы жауапкершілікті өзіне алады.

Несие берудегі делдалдық, банк үшін ең айқындаушы қызмет болып саналады, өйткені уақытша бос ақша қара­жат­­тарын шаруашылық жүргізуші субъектілерге саудаға беру жолымен қайыра бөле отырып, одан ол пайда табады. Банк­тің осы қызметі «несие категориясын» көрсетуге үл­кен әсерін тигізеді. Мұндай кезде несие қаржыны тиімді пайдалануға несиеберуші мен қарыз алушы бірдей мүдде­лі­лік танытады. Коммерциялық банк үшін несие төлеуге қабілетті қарыз алушыларға ссудалар беру көп кіріс келтіретін операциялар болып саналады.

Есеп-шоттардан төлемдер жасау мен есеп айырысулар кезіндегі делдалдық қызмет клиенттердің тапсырмасы бойынша банктің ақша аударымдарын жасауы кезінде, елде шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы жағда­й­ын­да есеп-шоттар арқылы төлемдер жасаған кездерінде кө­рі­неді. Коммерциялық банктер төлем тетіктерін қамт­а­ма­сыз ете отырып, есеп айырысу қағидаларын көздейді, есеп айырысу – төлем операцияларын жүргізу кезінде нарықтық қызметтерді дамыту, ақша айналымы саласындағы тәуе­кел­дерді азайтуға мүдделілік танытады.

Халықаралық экономикалық қатынастарды, халықа­ра­лық тауарлар нарығын дамыту жағдайында сыртқы сауданы қаржыландыру коммерциялық банктердің қызметі ретінде бөліп көрсетіледі. Экспорттаушылармен есеп ай­ы­рысу үшін қажетті валюталардың еркін айналушылығы, им­порттаушылардың сыртқы сауда операциялары бойын­ша аккредитив қоюы, есеп айырысуларды қамтамасыз ету, импорттаушыларға сақтандыру қызметтерін көрсетуші банктердің өзіне міндеттемелер қабылдауын талап етеді.



Банктердің бағалы қағаздармен операциялар жасау кезіндегі делдалдық қызметі қосымша кірістер алу, өзінің өтімдігін (ликвидтілігін) ұстап тұру мақсатындағы бағалы қағаздарды сатып алу кезіндегі операцияларды жүзеге асыру жағдайында көрінеді. Банк бағалы қағаздарды сатып ала отырып, оларды мемлекеттік билік органдары алдындағы салымдар бойынша міндеттемелерді қам­та­ма­сыз ету түрінде пайдаланады. Банктердің сатып алатын ба­ғалы қағаздарының мынадай түрлері болады:

  • мемлекеттік бағалы қағаздар (қысқа мерзімді және ұзақ мер­зімді);

  • корпорациялардың облигациялары;

  • әртүрлі компаниялардың акциялары;

  • банктік акцептер;

  • нарықта айналым жасап жүрген коммерциялық век­сел­д­ер;

  • тауар-несие корпорацияларының сертификаттары.

Құндылықтарды сейфтерде сақтау коммерциялық банк­тердің тарихи маңызды қызметі болып саналады. Құн­ды­лықтардың сенімді сақтаушысы ретіндегі банктің жо­ға­ры беделі ақшалар мен өзге де құндылықтар үшін оның кас­салық операцияларының, қорларының, сақтайтын ор­ган­дарының, кассалық сейфтердің болуымен нығайтыла түседі. Құндылықтарды сақтауды банк екі формада (үлгіде) жүзеге асыра алады:

  • банк шартқа сәйкес көрсеткен қызметіне қарай ақы ала­тын және өз негізінде клиентке кепілдікті қамтамасыз ететін құндылықтарды сақтау үшін сейфтер бере­ді;

  • банк құндылықтарды өз жауапкершілігіне алып, агент рөлінде қатысқан кезде клиенттің өтініші бой­ынша жүргізген кезде болат камерада сақ­тай­ды.

Нарықтық экономикалы елдердің бүкіліне тән болып саналатын коммерциялық банктердің дәстүрлі, сол сияқты дәстүрлі емес бүкіл қызметін мынадай негізгі үлгіде (формада) топтастыруға болады. (1 кесте):

Коммерциялық банктің негізгі қызметтерін топтастыру


Дәстүрлі

Дәстүрлі емес

1. Депозиттік-ссудалық

1. Есеп айырысулар және не­сие қарыздарын өтеу ке­зінде үшін­ші жақ үшін міндетте­ме­лер мен кепілдіктер беру.

2. Клиенттерге кассалық қыз­мет көрсету.

2. Шетел валюталарын, қымбат металдар мен тастарды сатып алу және сату.

3. Клиенттердің есеп-шот­­тарын, тапсырма бой­ын­ша есеп айырысу­ла­рын жүргізу.

3. Сенім білдіру негізінде қар­жы­ларды тарту мен орналастыру және клиенттердің тапсырмасы бойынша олардың қаржылары мен бағалы қағаздарын басқару.

4. Төлем құжаттарын шы­ғару (чектер, векселдер, аккредитивтер).

4. Банк қызметімен байланысты мәселелер бойынша клиенттерге кеңестер беру.

5. Мемлекеттік және өзге де бағалы қағаздарды са­тып алу, сату және сақ­тау.




6. Қызметтер көрсету (лизингтік, факторингтік, инжинирингтік).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет