Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет3/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

2.2. Коммерциялық банктің балансы

және оның құрылымы
Егер банктік есеп берушілік туралы толық түсінікке ие болатын болсақ, коммерциялық банк сипаттамасы соғұрлым толық және аяқталған болып саналады. Банктік есеп берушіліктің белгіленуі – бұл банк қызметі туралы толық сенімді қамтамасыз етуді; инвесторларға, кре­ди­торларға, бүкіл мүдделілік танытқан органдарға түсінікті жедел ақпараттар беруді; кірістер, операциялардың көлемі мен тәуекелдер туралы бекітулерді білдіреді.

Коммерциялық банктің қаржылық жағдайын бағалау үшін банктің қызметі туралы жеткілікті ақпараттарға ие болу қажет. Банктің жылдық есебі осындай ақпараттардан тұрады, ал оны бүге-шігесіне дейін талдау үшін бухгалтерлік есеп деректері пайдаланылады.

Әлемдік тәжірибеде банктің қаржылық есеп беру үл­гі­ле­рі (формалары) мынадай негізгі құжаттар арқылы бе­ріл­ген: баланс, пайдалар мен шығындар туралы есеп, қар­жы­лан­дыру көздерінің қозғалысы туралы есеп, акци­о­нер­лік капитал туралы есеп, балансқа және өзгелерге түсін­дір­ме.

Банктің балансы ақшалай түрде көрсетілген коммер­ци­ялық банк ресурстарының жағдайын, оларды қалып­тастыру көздері мен пайдалану бағыттарын, сондай-ақ есепті мерзімнің басы мен аяғындағы банк қызметінің қаржылық нәтижелерін сипаттайды.

Баланс деректері бойынша ақша ресурстарын қалып­тастыру мен оны орналастыруға, бағалы қағаздар нарығын қоса отырып, несиелік, есеп айырысу және өзге де банк операцияларының жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Коммерциялық банктің баланстары олардың есеп беруінің басты бөлігі болып саналады. Оларға талдау жасау банктердің өтімдігін (ликвидтілігін) бақылауға, банктің қызметін басқаруды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Коммерциялық банктер жылдық баланс деректерін жә­не пайдалар мен зияндар туралы есептерді заңдық тәр­тіп­те жариялап отырулары тиіс. Қазақстанның бүкіл ком­мер­циялық банктерінің біріккен балансы тұтастай эко­но­ми­каны және әр облыс пен аймақтардың жағдайын сипат­тау­ға мүмкіндік береді. Банктердің баланс деректері ҚР Ұлт­тық банкінің ақша-несие саясатының негізгі ба­ғыт­та­рын әзірлеп-жасауы үшін негізгі көздер болып саналады.

Банктер балансының құрамы мен құрылымы олардың қызмет сипаты мен өзіне тән белгілеріне, банк опера­цияларында пайдаланылатын бухгалтерлік есептің құрылу қағидаларына қатысты болады.

Банк балансының базалық формасы:

Активтер = Міндеттеме + меншікті капитал

Банк активтері мен міндеттемелері негізі бойынша топтастырылатын баланстық есепті тапсырады және олардың салыстырмалы түрдегі өтімділігін көрсететіндей ретпен санамалап тізіп беруі тиіс.

Банктердің балансы үш негізгі бөлімнен: активтерден, міндеттемелерден және меншікті капиталдан тұрады.

Банк балансы




Активтер

1000-1999

Ақша қаражаттары


1000-1999



Ұлттық банктегі депозиттер

1100-1149

ГКО

1150-1199

Сату үшін бағалы қағаздар

1200-1249

Банктерге талаптар

1200-1249

Клиенттерге талаптар

1400-1449

Өзге бағалы қағаздар

1450-1459

Жалпы резервтер

1460-1469

Барлық салымдар

1250-1469

Капиталға инвестициялар

1470-1499

Материалдық және материалдық емес ак­т­и­в­­тер

1600-1699

Есептелген кірістер

1700-1749

Өзге активтер

1550-1599




1750-1999







Міндеттемелер

2000-2999


Депозиттер және банктердің несиелері

2000-2149

Клиенттер арасындағы міндеттемелер

2200-2249

Айналымға шығарылған бағалы қағаздар

2250-2349

Ұлттық банктің ломбардтық несиелері

2350-2399

Субординарлық борыштар

2400-2499

Есептелінген шығыстар

2700-2749

Өзге міндеттемелер

1350-1399




1250-1259




2550-2599




2750-2999







Капитал

3000-3999


Жарғылық капитал

3000-3499

Акциялар бойынша сыйақылар

3520

Банктің қорлары және бөлінбеген пайда

3500-3599




3520-дан басқасы

Баланс коммерциялық банк қызметінің өзарабай­ла­ныс­­ты көрсеткіштерінің арақатынасын білдіреді. Бұл бел­гі­лі бір күнге пассивтік және активтік операцияларды сипат­тай­тын, жинақталған баптарды (статьяларды) көрсететін қо­рытынды кесте. Актив және пассив арасында тепе-теңдік болуға тиісті.

Банктің баланстары әр елдің жүйеге келтірілген үлгісі бойынша құрылады және коммерциялық ақпараттардың ма­ңызды көзі болып санала отырып, баспасөзде жария­ла­на­ды. Банк жүйесіндегі бәсекелестік коммерциялық құпи­яға сәйкес жарияланатын ақпараттарды шектеу қажеттігін туғызады. Коммерциялық банктер баланстарының үлгілері (формалары) банк ісіндегі дәстүрлерге, осы саладағы мемлекеттік реттеулердің өзгешеліктеріне қатысты баптар (статьялар) бойынша ерекшеленуі мүмкін.

Коммерциялық банк балансының кәсіпорындардың ба­лансынан өзгешелігі: күнделікті, ай, тоқсан, жыл сайын жа­салады.

Банк балансының мынадай бөлімдері бар:


  • Пассив бойынша – банктің меншікті қаржылары мен қатыстырылған ресурстары, ал актив бой­ын­ша – банк ре­сурстарының орналасуын көрсететін баланстық есеп­т­ер.

  • Құндылықтар мен құжаттардың, сақтауға алынған құндылықтардың, чек бланктері мен акциялардың есебі жүргізілетін баланстық емес есептер.

Балансты әртүрлі көзқарастар тұрғысынан зерттеудің бұл жердегі мүмкіндігі жоғары. Баланс өзінің қызметі үшін қатыстырылған ресурстар мен қаржыларды бөлудің көз­де­рін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет