Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Коммерциялық банктің есеп шоттарының жоспары



жүктеу 2.75 Mb.
бет4/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Коммерциялық банктің есеп шоттарының жоспары


Қазақстан Республикасы екінші деңгейдегі банкте­рі­нің бухгалтерлік есебі, жалпы түрде қабылданған әлемдік тәжірибе стандарттары бойынша негізделген есеп шоттар жоспарының шоттарында жүзеге асырылады.

Есеп шоттарының жоспары сыныптар (кластар) бой­ын­ша бөлінген шоттар тізімін білдіреді:



1. Бірінші сынып

«Активтер»

2. Екінші сынып

«Міндеттемелер»

3. Үшінші сынып

«Меншікті капитал»

4. Төртінші сынып

«Кірістер»

5. Бесінші сынып

«Шығыстар»

6. Алтыншы сынып

«Шартты және болуы м­ү­м­кін міндеттемелер мен та­л­а­п­­тар»

7. Жетінші сынып

«Банк балансына мемо­ран­­дум есеп шоты»

Банктер балансының есеп шоттары баланстық және баланстық емес, активті және пассивті болып бөлінеді. Бас­тап­қы үш сыныптың есеп шоттары банктің Біріккен балан­сын­да, ал төртінші және бесінші сыныптың есеп шоттары қар­жылық-шаруашылық нәтижелері туралы есептерде көр­се­тіледі.

Есепті мерзім қорытындысының нәтижелері үшінші сынып «Меншікті капитал» есеп шотында көрсетіледі.

Үшінші сынып деректері бойынша банктің шартты жә­не болуы мүмкін міндеттемелері туралы есептер жаса­ла­ды, ал жетінші сынып деректері – қосымша ақпараттар бе­ру үшін қажет болып саналады, мысалы, трасталық опера­ция­лар бойынша.

Есеп шоттардың бірінші саны қай сыныпқа жату­шылығын, екінші, үшінші сандар-есеп шоттарының тобын, ал төртінші сан одан әрі бүге-шегесіне дейін талдауды және есеп шоттар тобының мағынасын ашуды көрсетеді.

Банктің есеп берушілік құрамындағы коммерциялық банктің қаржылық есебі баланстан өзге пайдалар мен зияндар туралы есептерден тұрады, онда кірістер алу үшін қатыстырылған ресурстардың құны, өзге пайызсыз кірістер, сондай-ақ банктің бүкіл шығындары көрсетіледі. Банктің таза табысы нәтижелі көрсеткіш болып саналады.

Коммерциялық есеп айырысулар жағдайындағы жұ­мыс кезінде банктің бүкіл ағымдағы шығындары оның та­быс­тары арқылы жабылуы тиіс, ал оны одан әрі дамыту осы мақсат үшін жинақталған меншікті қаражаттар есе­бі­нен қаржыландырылады. Сондықтан коммерциялық банк тиімді жұмыс жасай отырып, өз қызметінің тактикасы мен стратегиясын, сонымен бір мезгілде өндірістік-техникалық базаны дамыту үшін жеткілікті түрде ақша қаражатын жинақтайтындай етіп құруы тиіс.

Банк капиталының айналымынан, сондай-ақ заемдық жә­не тартылған қаржыларды пайдалану нәтижесінде алы­на­тын пайда коммерциялық банк қызметінің қозғаушы кү­ші болып табылады.

Банктің баланстық пайдасы алынған табыстар, айыппұлдар, өсімдер, тараптардың бірі келісім шарттарын орындамағаны үшін төленетін айыптар мен шығыстардың жалпы сомасы, төленген айыппұлдар, өнімдер арасындағы айырмалар ретінде анықталады. Баланстық пайда есептік қаржы жылының 31 желтоқсанына шығарылады және бюджетке табыс салығын төлеуге, банк қызметін жүзеге асырумен байланысты шығындарды жабу үшін резервтік қорды, дивиденттер төлеу қорын, жинақтау және тұтыну қорларын құруға бағытталады. Банктің пайдаларын бөлу есептік қаржы жылындағы банк қызметінің нәтижелері бойынша акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.

Табыс салығы, ұстап қалғандарды есепке ала отырып, банктің жылдық жиынтық табысы негізінде есептеледі. Банк­тің табыс салығы, түсетін кірістің 30 пайызына тең болады. Табыс салығы бойынша бюджетке ағымдағы тө­лем­дерді төлеу, банктің кірістері мен шығыстарының есеп­тік көрсеткіштерінен шығарыла отырып, ай сайын жүргі­зі­ле­ді.

Банк бір жылдағы қаржы қызметінің қорытындысы бойынша бірінші айдың 15-нен кешіктірмей, алдағы жылға бекітілген нормативтер бойынша:



  • резервтік қорға;

  • дивидендтерді төлеу қорына;

  • жинақтау және тұтыну қорына аударымдар жасай­ды.

Банктің қорларын құру мен пайдалану тәртібі Банк Басқармасы бекіткен Ережелермен анықталады.
Пайдаларды бөлудің жобасы


1. Баланстық пайда

1.1. Табыс салығын аудару

2. Банктің иелігіне қалған пайда (100%-ға қабылданады)

2.1. Банк қызметін жүзеге асырумен байланысты резервтік қор

2.2. Дивидендтер төлеуге аударымдар жасау қоры

2.3. Жинақтау қоры

2.4. Тұтыну қоры


100%

30%

20%
40%

25%


15%

Жоғарыда көрсетілген пайдаларды бөлу акционер­лер­дің жалпы жиналысында бекітіледі.


2.3. Банктердің пассивтік операциялары және коммерциялық банктің ресурстары
Коммерциялық банктер операцияларының мазмұнын олардың балансы бойынша ашып көрсететін болсақ, банк технологиясы толық түсінікті бола түседі. Бұл жерде пассивтік операцияларға бірінші кезекті мән беріледі. Бұл операциялардың маңыздылығы, олардың банк қызметі үшін түпкі көздер жасайтындығынан, сондай-ақ мін­дет­те­ме­лер бойынша банктердің жауапкершілігін арттыратын­ды­ғынан көрінеді.

Банк ресурстарын құру үшін банк қаржылары қарас­тыры­латын, содан кейін актив бойынша пайдаланылатын коммер­циялық банктің операциялары пассивтік операция­лар ретінде түсіндіріледі. Ал банк активтерінің көлемі мен құрылымы олардың құрылған көздері есебінен, яғни банк пассивтерімен анықталады.

Банк пассивтерін құру процесі, олардың құры­лым­да­рын оңтайландыру, соған орай ақша қаражаттарының бүкіл көздерін басқару сапасының ресурстық мүмкіндіктерді құ­ру­ы банк қызметінің негізгі кезеңдерінің бірі болып са­на­ла­ды. Тұрақты ресурстық базасының болуы банктің актив­тік операцияларды табысты жүргізуіне мүмкіндік береді.

Банктің пассивтік операцияларды жүргізуі нәти­же­сінде банк капиталы мен қатыстырылған қаржылардан тұ­ра­тын банк ресурсы пайда болады.

Меншікті капитал – бұл кез келген шаруашылық жүр­гізуші субъектілердің қаржылық ресурстарының ма­ңыз­ды бөлігі. Ол Жарғылық, Резервтік қорлардан, резерв­тер­ден және пайдалардан тұрады. Коммерциялық банк­тер­дің меншікті капиталының рөлі мен мөлшерінің басқа қыз­мет түрлерімен айналысатын өзге шаруашылық жүргізуші субъектілерден ерекшеленетін өзгешелікті сипаты бар. Оның өзгешелігі мынада: банктер меншікті капитал есе­бі­нен қаржыларға деген жалпы қажеттіліктің 10 пайызын, ал қалған субъектілер қаржылардың 40-55 пайызын жабады. Меншікті капитал банк қызметінің шекарасын айқын­дай­ды, сонымен қатар оның қаржылық тұрақтылық дәрежесін де көрсетеді. Банкті құрудың бастапқы кезеңінде, меншікті қаржылар, онсыз банк қызметін бастай алмайтын бірінші кезекте жұмсалатын шығындарды жабады. Қатыстырылған қаржылар ресурстарының құрылымында айрықша орынға ие болады. Өйткені, активті операцияларды жүзеге асыру үшін ақша ресурстарына деген қажеттіліктің 90 пайыздан астамы осы ресурстар есебінен жабылады. Банк тәжі­ри­бесінде барлық қатыстырылған қаржылар оларды шоғыр­лан­дыру тәсілі бойынша депозиттерге және өзге қатыс­ты­рылған қаржыларға бөлінеді – бұл банктер басқа банк­тер­ден займдар түрінде немесе ақша нарығында өзінің бо­рыш­тық міндеттемелерін сату жолымен алынатын ре­сурс­тар.

Қатыстырылған ресурстардың негізгі үлесін депо­зит­тер құрайды. Депозиттік операциялар – бұл қайтымдылық және сыйақы төлеу жағдайында заңды және жеке тұл­ға­лар­дан ақша қаражаттарын тарту бойынша жүзеге асы­ра­тын банктердің операциялары.

Экономикалық мазмұны бойынша депозиттерді мына­дай 4 топқа топтастыруға болады:

талап еткенге дейінгі депозиттер – бұл қайтарылатын мерзімі көрсетілмеген депозиттер, яғни мерзімі шек­тел­ме­ген, депозитордың бірінші талап етуі бойынша толық не­ме­се жартылай қайтарылады;

шұғыл депозиттер – бұл қайтаратын белгілі мерзімі көрсетілген депозиттер.

Сақтық кассалары – бұл салымшыға сақтық (жинақ) кітапшаларын жазып беру арқылы жүзеге асырылатын, же­ке тұлғалардың салымдары. Сақтық салымдарының мына­дай түрлері бар: бағалы қағаздар салымдары (депозиттік сертификаттар, банктік векселдер, валюталық векселдер).

Коммерциялық банктер тәжірибесінде пассивті опе­ра­­ция­ларға айқындаушы операциялар жатқызылады, өйт­ке­ні, ресурстардың жеткіліктілігі активті операциялар жа­сауға мүмкіндік береді. Коммерциялық банк балан­сы­ның пассиві бойынша ресурстарды құрудың төмендегідей көз­дерін көрсетуге болады:


  • салымдар (депозиттер) қабылдау;

  • клиенттердің есеп шоттарын, оның ішінде банк-корреспонденттерді ашу және жүргізу;

  • меншікті бағалы қағаздар (акциялар, об­ли­га­циялар), қаржы құралдарын (векселдер, депо­зиттік және сақтық сертификаттары) шығару;

  • банкаралық несие ресурстарын алу.

Пассивтің көрсетілген баптарын (статьяларын) қыс­қа­ша сипаттау бойынша – қол ақша (аударымдар түрінде), ұлт­­тық (шетел) валюта түріндегі салымдар (депозиттер) бел­гілері бойынша:

  • жеке және заңды тұлғалардың;

  • талап еткенге дейінгі немесе шарт бойынша көр­се­тілген мерзімдегі;

  • банк үшін тұрақты немесе тұрақсыз салымдар болып ажыратылады.

Клиенттер (заңды тұлға) банкте өз есеп шотын аша­ды, он­да активті операциялар үшін пайдаланылатын, әр­қа­шанда орташа қалдық (кредиттік қалдық) қалып отырады.

Банктің депозиттік сақтық сертификаттары, век­сел­дер, акциялар мен облигациялар дамыған, ірі (корпо­ра­тивтік) банктердің пассивінде айтарлықтай орын алады және барлық елдерде банктер осы түпкі көздерді дамытуға назар аударады.

Коммерциялық банктер ресурстарды жедел қатыс­ты­ру үшін, ақшалай қаржылар сатылатын ресурстардың банк аралық нарығының мүмкіндіктерін пайдаланады. Қарыз алу көздері баланстың төлем қабілеттілігін ұстап тұру мен міндеттемелердің үзбеліксіз орындалуын қамтамасыз етеді. Банктер бір-біріне корреспонденттік есеп-шоттар ашады және банк жүйесінің тұтастай тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін шарттық негіздерде ақшалар сатады. Егер ком­мер­циялық банктерге орталықтандырылған несиелер бе­рілетін болса, Орталық Банк (Қазақстан Республи­ка­сы­ның Ұлт­тық банкі) кредитор (сатушы) болып қатысады, он­дай жағ­дайда макроэкономикалық тұрақтылыққа қатыс­ты ау­ыт­қып отыратын қайта қаржыландыру ставкасы қол­да­ны­лады. Коммерциялық банктер банкаралық несие беру ке­зін­де қайта қаржыландыру ставкасына қарағанда не­ғұр­лым жоғары ставкалар белгілейді.

Пассив бойынша түпкі деректер құрылымын жи­нақ­тау кезінде банктердің мынадай ресурстарын бөліп көрсе­ту­ге болады:



  • меншікті капитал (банк қоры);

  • қатыстырылған ресурстар (салымдар, депозиттер);

  • қарыз алу көздері (банкаралық ссудалар).

Жалпы ақпарат алу мақсатында, банктердің тәжіри­бе­сінде айрықша рөл атқаратын жеке тұлғалар депо­зит­те­рі­нің жіктеуі ұсынылады (2 кесте).

Заңды тұлғалар депозиттерінің жіктеуін оқып-үйрену үшін соған ұқсас жіктеу де қоса беріліп отыр (3 кесте).



Жеке (жеке меншік) тұлғалар депозиттерінің жіктеуі
2 кесте


Корпорациялардың, фирмалардың және өзге коммерциялық ұйымдар депозиттерінің жіктеуі

2.4. Банктердің активтік операциялары және коммерциялық банк активтерінің сапасы

Кіріс алу және өтімділікті (ликвидтілікті) қамтамасыз ету мақсатымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды.

Банктердің активтерін басқару меншікті және қатыстырылған қаржыларды жоғары табыс пен тәуекелдің төмен болуына ұмтылу арасында объективті қажетті тепе-теңдіктің тұрақты түрде қамтамасыз етілуін ұстап тұратындай тәртіпте орналастыруын білдіреді.

Коммерциялық банктің активті операциялары актив­тер­дің құрылымына, тәуекел активтердің көлеміне, активті операциялар мен өтімділіктің (ликвидтіліктің) әртүр­лі­лі­гі­не қатысты, оның операцияларының негізгі және айқын­дау­шы бөлігін құрайды. Банктің активтерін мынадай 4 категорияға (санатқа) бөлуге болады:



  • кассада қол ақшаның болуы;

  • бағалы қағаздар инвестициялары;

  • ссудалар;

  • ғимараттар мен құрылыстар.

Коммерциялық банк активтерінің бірінші кате­го­рия­сы (санаты) – кассада қол ақшаның болуы, өтімділік дә­ре­же­сі жоғары, сонымен бір мезгілде табыс әкелмейтін топ бо­лып саналады. Активтердің екінші және үшінші кате­го­рия­лары (санаттары) мол кірісті, бірақ тәуекелділігі жо­ға­ры болып саналады. Төртінші категория (санат) – ғи­ма­рат­тар мен құрал-жабдықтар өтімді емес, сол сияқты мол кіріс келтірмейтін активтер түрінде қатысады.

Банктердің активтерін құрамы мен құрылымы тұрғы­сынан зерделейді.

Активтердің тиімді құрылымын белгілеу мен оны сақтау кезінде әрбір банк бойынша проблемалар туын­дай­ды. Банктер активтердің тиімді құрылымын белгілей оты­рып, өтімділік талаптарын, яғни олардың мерзімдері, со­ма­ла­ры мен үлгілерін ескеру арқылы міндеттемелерге қаты­на­сы бойынша жоғары өтімді және өтімділігі аз қар­жы­лар­дың жеткілікті көлеміне ие болу талаптарын орындауға тиіс­ті болады.

Активтердің сапасы олардың өтімділігімен, тәуекел ак­тив­терінің көлемімен, сыни және толыққанды емес ак­тив­тердің үлес салмағымен, табыс әкелетін активтер көле­мімен анықталады.

Банктің өтімділігі мен пайдалылығы арасындағы оң­тайлы арақатынасты ұстап тұру міндеті банкті басқарудағы негізгі проблема болып саналады. Мәселен, өтімді активтердің тез арада ақшаға айналуындағы, бірінші талап бойынша активтерді пайдалану есебінен уақытылы және толық қол ақша түрінде төлеудегі банктің қабілеттілігін білдіреді.

Банкте сақталатын активтердің өтімділігі жоғары болса, онымен байланысты тәуекел де аз болады, сонымен бірге осы активтерден алынатын кірістер де соған сәйкес азаяды. Банкті басқару өнері өтімділікті төмендетпестен, және талап етілген деңгейде төлемқабілеттілікті ұстап тұру арқылы активке салынған капиталдан алынатын пайданың ең жоғары нормасын қамтамасыз етуден тұрады.

Активтерді басқару кезінде мынадай маңызды қағи­да­ларды сақтай білу көзделеді:


  • активті операцияларды жасау кезінде үнемділікке қол жеткізу;

  • тәуекел қалыптары шегіндегі операциялар;

  • активтік және пассивтік қаржылардың тепе теңдігі;

  • кіріс келтірушілікті қамтамасыз ету.

Сыныптық және өтімділік дәрежесі бойынша активтердің жіктеуін келесі түрде беруге болады:

  • банк кассасының болуы (касса, Орталық банктегі корреспонденттік, ағымдағы есеп шоттар);

  • бірінші сыныпты бағалы қағаздар (айналымдағы ком­мерциялық векселдер, мемлекеттік қазы­на­шы­лық векселдер, Мемлекеттік облигациялар);

  • банк несиесі (қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді);

  • кешіктірілген ссудалар (мерзімінде қайта­рыл­ма­ған, 2 немесе одан да көп мерзімге ұзартылған);

  • қозғалмайтын мүлік (ғимарат, құрал-жабдықтар және т.б.).

Банктер активтерді басқару кезінде әрбір қоржынның (портфелдің) түрлері мен әрбір қоржынның мазмұнын жеке-жеке ала отырып, банктің өз меншіктік қоржынының мазмұнына талдаулар жасайды. Банк қоржыны баланс активтері мен пассивтерінің барлық жақтарын сипаттайды. Мынадай қоржын (портфель) түрлері бар:

  • несие қоржыны;

  • бағалы қағаздар қоржыны;

  • қол ақша (нақтылы) қоржыны;

  • инвестициялар қоржыны.

Мысалы, несие қоржынына талдау жасау кезінде: шұ­ғыл несиелер ме, әлде уақытында қайтарылмаған несиелер ме; қысқа мерзімді немесе проблемалық несиелер ме; қа­лыпты немесе проблемалық несиелер ме, соларды анықтау көзделеді.

Активтердің өтімділігі коммерциялық банк активтері тұрақтылығының негізгі көрсеткішетір болып қатысады. Бұл – көлемді кешенді көрсеткіш. Өтімділік көрсеткіштері банктердің тәжірибесінде кең түрде қолданылатын коэффициенттермен өлшенеді.

Актив баптарының (статьялардың) пассив бап­та­ры­мен арақатынасына қол жеткізу активтердің өтімділігіне қой­ылатын негізгі талаптар болып саналады. Біздің активтеріміздің көздері қаншалықты тұрақты деген сұрақ­тар­ға жауап бере білу қажет. Егер банк активтерінің өтім­ді­лігі деңгейден төмен болатын болса, онда оның себебін банк­тің қаржылық есеп беруінен іздеп және оны менед­жер­лерден сұрау керек.

Коммерциялық банктер: несиелерді қайтаруды қамта­ма­сыз етуге, кірістер алуға және зияндарды жабуға қа­бі­лет­ті; несие қоржынын көбейту мағынасын білдіретін ак­тив­тердің сапасы туралы қамқорлық танытады.

Әлемдік тәжірибеде активтерді басқарудың мынадай әдістері бар:


  • жалпы қор қаржылары әдісі - өтімділік пен пайда келтірушіліктің теңдей сақталуы;

  • конверсиялар әдісі – банк балансының пас­си­він­дегі қаржылардың орналасуына сәйкес қаржылар­дың активтерде орналасуы. Бұл жерде менеджер активтердің арақатынасын өзгертуі тиіс;

  • ЭЕМ-ді пайдалану және коэффициенттерді есептеу арқылы жүзеге асырылатын ғылыми әдіс.

Банк менеджментіндегі активтердің өтімділігі ком­мер­циялық банктің жалпы өтімділігі мен оның тұрақ­ты­лы­ғына әсерін тигізеді.
2.5 Коммерциялық банктің өтімділігі мен төлемқабілеттігі
Халықаралық банк терминологиясынан өзгешелігі, отан­дық экономикалық әдебиеттерде екі ұғым – банк ба­лансының өтімділігі мен соңғының төлемқабілеттілігі жиі түрде араласып кетеді. Егер алғашқыны үлкен дәрежедегі банктің өз ісі деп санайтын болсақ, онда банк белгіленген қалыптар деңгейінде өзінің өтімділігін ұстап тұру тәсілдерін өзі таңдайды, ал екіншісі, негізінен, Ұлттық банкі атынан мемлекет орындайтын қызметке жатады.

Сөзбе сөз алғанда «өтімділік» термині өткізудің, сатудың, материалдық құндылықтардың ақшаға айналу­ы­ның жеңілдігін білдіреді. Банк активтері олардың ақша фор­масына жеңіл айналушылығына қатысты өтімді немесе өтімді емес қаржы ретінде анықталады. Банк активтерін олардың өтімділік дәрежесі бойынша үш топқа бөлуге бо­лады: 1. Тез арада дайын болатын өтімді қаржылар немесе бірінші сыныпты өтімді қаржылар. Оларға жататындар – касса, қор, есеп шоттағы қаржылар, бірінші сыныпты векселдер және мемлекеттік бағалы қағаздар. 2. Ақшаға айналуы мүмкін банктің иелігіндегі өтімді қаржылар. Биржада тіркелген, бағалы қағаздар түрінде шартты түрде өткізілетін, банктің пайдасына таяудағы 30 күн ішінде орын­далуы тиіс несиелер мен өзге құндылықтар мен тө­лем­дер. 3. Өтімді емес активтер – бұл кешіктірілген ак­тив­тер мен қайтарылуы белгісіз қарыздар, негізгі қорларға жататын банктің иелігіндегі ғимараттар мен құрылыстар.



Баланс өтімділігі. Егер оның жағдайы актив бойынша қаржыларды тез өткізу есебінен пассив бойынша шұғыл міндеттемелерді жабуға мүмкіндік беретін болса, баланс өтімді деп саналады. Өзінің міндеттемелерін орындау үшін банк активтерінің ақша формасына тез айналу мүмкіндігі, бірқатар факторлар арқылы алдын ала анықталады. Олардың ішінде қаржыларды орналастыру мерзімінің ресурстарды тарту мерзіміне сәйкес келушілігі шешуші фактор болып саналады.

Баланстың өтімділігіне оның активтерінің құрылымы әсерін тигізеді: активтердің жалпы сомасындағы бірінші сыныпты өтімді қаржылардың үлесі неғұрлым көп болса, банктің өтімділігі соғұрлым жоғары болады. Халықаралық банк тәжірибесінде кассадағы ақша ғана емес, сонымен бірге аталмыш несие институтының банктегі ағымдық есеп шотында болатын ақша қаражаттары да кассадағы қол ақша болып саналады. Банк ұлттық банкте мемлекет кепілдік берген бағалы қағаздарды қайта есепке алуы мүмкін бірінші сыныпты қысқа мерзімді коммерциялық векселдер нарықтық экономикалы елдерде өтімді баптар (статьялар) болып саналады. Ұзақ мерзімді бағалы қағаздар түріндегі банк инвестицияларының өтімдігі неғұрлым аздау, оның себебі қысқа мерзім аралығында оларды өткізу әрқашанда мүмкін бола бермейді. Ұзақ мерзімді ссудалар мен қозғалмайтын мүлік салымдары өткізуі қиын активтер ретінде қарастырылады.

Одан басқа, банк өтімділігі жекелеген активті опера­ция­лардың тәуекел дәрежесіне де байланысты болады: банк балансында тәуекелді активтердің үлесі неғұрлым жоғары болса, оның өтімдігі соғұрлым төмен болады. Мә­се­лен, қалыптасқан тәжірибеде сенімді активтерге қолма-қол ақша қаражаттарын жатқызу қабылданған, ал жоғары тәуекелге – банктердің ұзақ мерзімді салымдары жатқы­зы­ла­ды.

Сонымен, өзінің ақша қаражаттарының сомасы банкке өзге көздерден тез жұмылдыру арқылы пассив бойынша міндеттемелерді уақытылы орындауға мүмкіндік беретін болса, ондай банк өтімді болып саналады. Мынаны атап өту көзделеді: өзінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк ақша нарығының, клиенттің, әріптес банктің қаржылық жағдайының өзгеруімен байланысты туындауы мүмкін алдын ала болжап білмеген жағдайларды түзеуі үшін белгілі өтімді резервке ие болуы қажет.

Банк балансының өтімділігі активтер мен пас­сив­тердің арақатынасын, активтердің құрылымын көрсететін арнайы көрсеткіштерді есептеу арқылы бағаланады. Халықаралық банк тәжірибесінде бұл мақсаттар үшін жиі түрде өтімділік коэффициенттері пайдаланылады. Өтімділік коэффициенттері пассивтердің белгілі баптарымен немесе керісінше пассивтердің активтермен несие беру мекемесі балансы активінің әртүрлі баптарымен арақатынасын білдіреді.

Негізінен өтімдікті бағалау үшін қысқа мерзімдік жә­не орта мерзімдік өтімдік коэффициенттері қолданылады; олар қысқа мерзімді өтімді активтердің немесе пассив мерзімдері бойынша тиісті орта мерзімді активтердің қаты­на­сы ретінде есептеледі. Нарықтық экономикалы бірқатар елдерде банктер өтімдік коэффициенттерін өтімдік қалпы­ның белгілі деңгейінен төмен түсірмей ұстап тұруға мін­дет­ті болып саналады.

Бұл елдердегі өтімдік қалыптарын банк пен валю­та­лық бақылау органдары белгілесе, екінші бір елдерде банк заңдылықтарымен белгіленеді; олардың мөлшері жинақ­тал­ған тәжірибе мен нақты жергілікті жағдайларды ескере отырып анықталады.

Төлемқабілеттілік банк өтімдігінің негізі болып қыз­мет етеді. Төлемқабілеттілік өзінің міндеттемелері бой­ын­ша қажетті мерзімде және толық сомада жауап бере алатын банктің қабілеттілігі ретінде түсіндіріледі. Дегенмен, ол баланстың өтімдігіне ғана емес, сонымен бірге бірқатар өз­ге факторларға да тәуелді болады. Олардың қатарына жа­та­тындар: елдегі немесе аймақтағы саяси және эконо­ми­ка­лық хал-ахуал, ақша нарығындағы жағдай, ұлттық банктің қай­та қаржыландыру мүмкіндігі, бағалы қағаздар нары­ғы­ның дамуы, кепілдік және банк заңдылықтарының болуы мен оны жетілдіру, банктің меншікті капиталмен қам­та­ма­сыз етушілігі, клиенттердің және әріптес банктердің се­нім­ді­лігі, банктегі менеджемент деңгейі, аталмыш несие ме­ке­ме­сінің мамандануы мен көрсетілетін банк қызметінің алу­ан түрлілігі және өзге де факторлар.

Қазіргі жағдайдағы банктердің коммерциялық қыз­ме­ті елдегі ресімделген ақша нарығының жоқтығынан, кли­ент­тер мен мамандардың несие мекемелері жұмысының жаңа мазмұнына дайын еместігінен қиындықтарға кезігуде.

Баланстардың өтімдігін коммерциялық банктердің ұс­тап тұруы мақсатында мынадай көрсеткіштер белгіленген: банктердің (К1) міндеттемелерін шектеу, азаматтардың салымдарын (К2) шектеу, банк балансының ағымдағы өтімдік коэффициенті (К3).

Банктің меншікті қаржысы мен оның міндет­те­ме­лерінің (К1) арақатынасы өзінің экономикалық мазмұны бойынша банктердің өзіне қабылдайтын міндеттемелерінің көлемі мен оның капитал сомасы арасындағы тәуелділікті белгілеуін білдіреді: соңғының мөлшері неғұрлым көп болса, міндеттемелер сомасы соғұрлым көп болады.

Банктердің қаралған өтімдік көрсеткіштері талап­та­ры­ның сақталуы ҚР Ұлттық банкінің, сол сияқты коммер­циялық банктердің өздері қабылдайтын әртүрлі әдістері мен тәсілдері арқылы қамтамасыз етіледі.


Түйін


  1. Коммерциялық банктер – елдің банк жүйесіндегі негізгі буын, бұл – іскерлік банктері, әріптестер. Экономикаға несие беру қызметін орындай отырып, несие жүйесіндегі маңызды буын ретінде қатысады.

  2. Коммерциялық банктер – ақша-несие нарығындағы әм­бе­бап кәсіпорын болып табылады және олар дәстүрлі (базалық) қызметтерді, ал нарықтық экономика жағ­дай­ында кең спектрлі қаржылық қызметтер көрсетеді.

  3. Баланстың негізгі бөлігін сипаттайтын коммерциялық банктің банктік есеп беруі пайдаланушылар үшін және банк менеджерлерінің өздері үшін ақпараттар алу көзі болып саналады. Қазақстан Республикасында банктер­дің баланстары, 1996 жылы енгізілген есеп-шоттары­ның жоспары негізінде жасалады.

Есеп шоттарының жоспары 7 сыныптан тұрады.

Пассивтік операциялар банк ресурстарын жасау мен оның болуын анықтайды, банк қызметі үшін дерек көздері болып қатысады. Пассивтің құрылымы: меншікті капитал, қатыстырылған ресурстар, қарызға алынған қаржылар менеджер тарапынан басқару объектісі болып қатысады.

Коммерциялық банктің активті операциялары кіріс алу және банктің барлық шығындарын жабу мақсатымен банк ресурстарын тиімді орналастырудағы оның қызметін сипаттайды. Активтер топтар, сыныптар бойынша, өтімдік және кіріс келтірушілік дәрежесі бойынша жіктеледі.

Активтерді басқаруда келесідей қағидаларды: тәуекел қалыптары шегіндегі үнемділікті, активтік және пассивтік қаржылардың тепе-теңдігін, кіріс келтірушілікті сақтаудың маңызы зор болып саналады.

Банк қоржыны жеке-жеке түрлері арқылы (несие, қолма-қол ақша, бағалы қағаздар, шетел валюталары, инвестициялар) құрамы және сапасы бойынша талданады. Несие қоржыны активтерді басқару арқылы активтердің сапасын қамтамасыз етеді.

Активтердің өтімдігі – бұл коммерциялық банктің төлемқабілеттілігі мен тұрақтылығын сипаттау негізіндегі негізгі көрсеткіш болып саналады.



Каталог: images -> stories -> Biblioteka -> na%20sait%20posob -> na%20rus
stories -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
stories -> Ќазакстан Республикасы Білім жјне єылым министрлігініѕ Бїйрыєымен бекітілді 17 тамыз 2000 ж
stories -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
stories -> Ұсыныс беруге шақыру
stories -> Тендерге қатысуға шақыру
na%20rus -> Внешнеэкономическаядеятельностьфирм ы 1999 год
Biblioteka -> Клуб чемпионов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет