Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет5/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Коммерциялық банктің қызметтері:

а) несие беруде делдалдық жасау, ақша эмиссиясы

ә) жинақтарды шоғырландыру, лицензия, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу

б) есеп шоттардан есеп айырысулар мен төлемдерді жүзеге асыруда делдалдық жасау, ақша эмиссиясы

в) үкіметке, коммерциялық банктерге несие беру

г) жинақтарды шоғырландыру, лизинг, төлемдер жасау мен айырысуларға делдалдық жасау.


  1. ҚР банкінің біріктірілген балансында есеп шотта­ры­ның жоспары бойынша не көрсетіледі.

а) кірістер мен шығыстар

ә) активтер мен міндеттемелер

б) активтер, міндеттемелер және меншікті капитал

в) кірістер мен шығыстар және меншікті капитал

г) активтер, міндеттемелер мен кірістер


  1. Коммерциялық банктің көрсетілген операция­ла­ры­ның ішінен қайсысы активті операцияларға жа­т­а­ды:

а) ссудалар беру, акциялар сатып алу

ә) депозиттер қабылдау, қымбат металдарды сатып алу

б) несиелер беру, басқа банктердің беретін қарыздары

в) акциялар сатып алу, ақша эмиссиясы

г) шетел валюталарын сатып алу, мемлекетті қаржы­лан­ды­ру.


  1. Банк капиталының көздері:

а) меншікті капитал, пайда, басқа банктердің беретін қарыздары

ә) банктің беретін қарыздары, банктің бағалы қағаздар эмиссиясы, депозиттер

б) меншікті капитал, қатыстырылған капитал, банктің беретін қарыздары

в) несие ресурстары, жарғылық қор, пайда

г) банктің беретін қарыздары, пайда.


  1. Банктің өтімдігі – бұл:

а) тартылған мол кірісті капиталдарды пайдалану қабілеттілігі

ә) кіріс алу мақсатымен клиентке сапалы банк қызметін көрсету

б) клиент алдындағы өзінің міндеттемесі бойынша банктің уақытылы және толық көлемде жауап беру қабілеттілігі

в) банк капиталын тиімді орналастыру

г) банкроттықа ұшыраған жағдайда банктің клиент мүддесін барынша қорғау қабілеті.

3 - ТАРАУ. БАНК КЛИЕНТТЕРІНІҢ НЕСИЕ ТӨЛЕУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ – НЕСИЕЛІК ӨЗАРАҚАТЫНАСТАРДЫҢ НЕГІЗІ

Мақсаты – банк клиенттерінің несие алу қабі­лет­ті­лі­гі­нің мазмұны мен оның өлшемдерін, банктің клиенттермен несие беру өзара қатынасын дамыту қарыз алушының несие алу қабілеттілігінің көрсеткіштеріне байланысты бо­ла­тынын және банктер оған өз бағаларын беретіндігін көр­се­ту болып саналады. Кәсіпорынның және өзге де тұл­ға­лар­дың қаржылық есебін білу және талдаудың жоғары дең­гей­імен байланысты аталмыш тақырыптың ауқымды мә­се­ле­лерін баяндау негізгі міндет болып қатысады.

Несие алу қабілеттілігін зерттеп-үйренудің негізгі мақ­саты – несие беру шартының жағдайларына сәйкес, сұ­ра­ған ссуданы қайтаруға қарыз алушының қабілеттілігі мен қарыз алуға дайын болуын анықтау болып табылады.


Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-9; Ә-29.
3.1. Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі
Коммерциялық және өзге банктердің клиенттермен несиелік өзарақатынастарын дамыту көптеген жағдайлар мен факторларға қатысты банктер тәжірибесіндегі күрделі процесс болып саналады. Банктер баланс активі бойынша несие беру операцияларын жүзеге асыруға мүдделілік танытады, дегенмен бастапқы кезеңдегі несие беру процесі қарыз алушылардың несие алу қабілеттіктерін анықтаумен байланысты болады.

Банк несие беру туралы шешім қабылдаудың алдын­да қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі мен қаржы­лық тұрақтылығына баға беруі тиіс.

Несие алу қабілеттілігі – несие шартының жағ­дай­ла­ры­на сәйкес сыйақы төлей отырып, клиенттің банкке ссу­да­ны қайтару қабілеті.

Несие алу қабілеттілігін бағалау, ең алдымен ссуд­а­лық борыштарды қайтару мүмкіндігі көзқарасы тұр­ғы­сы­нан қарыз алушының қызметін сипаттайтын көрсет­кіш­терді пай­да­лануды болжайды. Қарыз алушының несие алу қабіле­т­тілігіне талдау жасауды барлық активтер келесідей екі топқа бөлінетін банк балансының өтімдігіне бөлінетін банк балан­сының өтімдігіне талдау жасаудан бастау көз­де­ле­ді.

1 топ – тез өткізілетін активтер

2 топ - өтімді активтер

Активтердің бірінші тобына мыналар кіреді:


  • Касса

  • Есеп айырысу шоты

  • Валюталық есеп шот

  • Өзге ақша қаражаттары

  • Дебиторлармен есеп айырысулар

  • Жеткізушілерге берілген аванстар

  • Қысқа мерзімді қаржылық салымдар

  • Өзге айналым активтері.

Өтімді активтерге жататындар:

  • Өндірістік қорлар

  • Аяқталмаған өндіріс

  • Алдағы кезеңдерге арналған шығыстар

  • Дайын өнімдер

  • Тауарлар

Банк әрбір нақты жағдайда тәуекел дәрежесін анық­тай отырып, өзіне қатер төнбеушілікті қамтамасыз етуі тиіс. Ал банк тәуекелі клиенттің несие алу қабілеттілігінің деңгейімен байланысты болады.

Әлемдік және қоғамдық банк тәжірибесі клиенттің несие алу қабілеттілігінің өлшемдерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Оқулықтарда келтірілген, клиенттің несие алу қабілеттілігін бағалаудың неғұрлым кең таралған көрсеткіштері мынадай түрде бөліп көрсетіледі:

«К-К-З-Д-З» - несие рейтингі, капитал, қарыздың күші, ақша қаражаттарының қозғалысы, кепілдік;

«Несие сапасының бес тірегі» - облыстар эконо­ми­ка­сының жағдайына жалпы сипаттама; кәсіпорынның бәсеке жағдайы; қаржылық жағдай; басқару сапасы; кепіл сапасы.

«5-СН Ережесі» (бес «СИ») - қарыз алу сипаты, қар­жы­лық мүмкіндіктер, капиталмен қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай.

Бес «СИ» ережесінің көрсеткіштері төменгі кестеде нақтылай түрде қарастырылады:



1. Қарыз алу­­шының сипаты

Менеджерлердің беделі, қарызды қайтаруға клиенттің (заңды тұлға немесе жеке тұлға) жауапкершілік дәрежесі, аталмыш клиентке әріптестердің көзқарасы, оның тұрақ­тылы­ғын бекіту үшін клиентпен қарым-қатынас жасау, моралдық сапалары, клиенттер тура­лы ақпараттар жинау.

2. Қаржы­лық мүм­кін­діктер

Клиенттің кірістері мен шығыстарына тал­дау жасау, қол ақшаның қозғалысы, несиені қайтару мүмкіндігінің болуы, ағымдағы кассалық түсімдер туралы деректер, тауар қоры және оларды сату, өзара қарыз алу.

3. Капитал

Меншікті капиталдың жеткіліктілігін анық­тау, оның активтер мен пассивтердің өзге бап­та­рымен арақатынасы, меншікті капи­тал­ды несие операцияларына салу дәре­же­сін анық­тау.

4. Қамта­ма­сыз ету

Банктің ссудасын қайтару үшін қарыз алу­шы­­ның активтері мен борыштық мін­дет­темелері құндарының арақатынасы, егер банк клиентінің ақшалары жеткіліксіз бол­са, қарызды жабудың нақтылы қайталама көздерінің болуы (кепілдік, сақтандыру).

5. Жалпы экономика-лық жағдай

Елдегі, аймақтағы, саладағы ағымдық және болжам жасайтын ахуалдардың есебі, саяси факторлар, іскерлік ахуал, өзге кәсіп­о­рын­дар тарапынан бәсекелестіктің болуы, са­лық­тардың жағдайы, шикізаттардың баға­лары және т.б.

Банктер клиенттің несиені төлеу қабілеттілігін анық­тау үшін, несиені қайтаруға кері әсер етуі мүмкін кәсіпорынның (компанияның) қызметімен байланысты ең алдымен тәуекелдерді ескереді. Тәуекел мен оларды ба­қы­лау дәрежесін бағалау несие алу тапсырыстарын қанағат­тан­дырудың дұрыстығын шешу банк үшін басты фак­тор­лар­дың бірі болып саналады. Нарық жағдайында кәсіп­керлік қызметпен айналысушылар әрқашанда тәуе­кел­ге бел байлайды. Сондай-ақ, банктер несие алу қабі­лет­ті­лігін бағалау кезінде компаниялармен байланысты тәуекелдерді де міндетті түрде бағалай білуі тиіс. Мұндай тәуекелдерге мыналар жатады:



  • кәсіпорындардың (компаниялардың), салалардың қызмет түрлері;

  • бәсекеқабілеттілік (өндірілетін тауарлар, бағалар);

  • операциялардың тиімділігі (жетекшілердің сапасы, адалдық, біліктілік).

Оқулық әдебиеттерде экономистер банк клиентінің не­сие алу қабілеттілігін бағалаудың өлшемдерін бөліп көр­се­те отырып, оны бағалау тәсілдерінің мынадай мазмұнын анықтайды:

  • іскерлік тәуекелін бағалау;

  • менеджментті бағалау;

  • қаржылық тұрақтылықты бағалау;

  • қаржылық көрсеткіштерді есептеу;

  • ақша қозғалысына талдау жасау;

  • клиент туралы ақпараттар жинау және оның жұ­мы­сын қадағалау.

Клиенттің несие алу қабілеттілігін анықтау – бұл «іздестіру» шығармашылық жұмыс болып саналады.
3.2. Әлеуетті қарыз алушы туралы ақпарат және қарыз алушының қаржылық есебін зерттеп-үйрену
Әлеуетті қарыз алушылардың несие төлеу қабілет­ті­лі­гін зерттеп-үйренудегі банктің жұмысы жүйелі және тұрақты болуы тиіс. Клиент туралы негізгі ақпарат көздері болып саналатындар:

  • банк мұрағатындағы клиент туралы мәлімет;

  • кәсіпорындардың несие алу қабілеттілігіне қатыс­ты және мемлекеттік мекемелер мен агенттік­тер­дің есептері мен өзге де материалдары, аналити­ка­лық зерттеулер, инвестициялар бойынша анықта­ма­лар;

  • клиентпен іскерлік байланыстар жасау туралы жабдықтаушылардың, сатып алушылардың, өзге де несие берушілердің мәліметтері;

  • әлеуетті қарыз алушыдан алынған қаржылық есеп,

  • несие беретін сарапшының клиентпен жеке байл­а­ны­сы, офистерде болу, қызметкерлермен сөйлесіп, әңгімелесу.

Несие алуға өтініш білдірген әлеуетті қарыз алушы туралы ақпараттар алу – бұл несие комитеті мен несие жөніндегі сарапшылардың маңызды қызметтік міндеті әрі жұмысы болып саналады. Олар жан-жақты ақпарат ала отырып, оны жинақтап қорытады және клиенттің несие алу қабілеттілігі туралы қорытынды береді.

Көптеген елдердегі коммерциялық кәсіпорындар қыз­ме­тінің жай-күйі туралы есептерді жариялайтын агент­тік­тер - өздерін мамандандырылған мекемелер ретінде бекітіп үлгерді. Олар – «Дан және Бредстрит» несие агенттігі (АҚШ), «Роберт Моррис Ассошмэйтс» ассоциациясы (АҚШ), «Кредитинформ» агенттігі (Германия). Сондай-ақ бір­сыпыра елдерде бір компанияның әртүрлі несие беру­ші­лерден алған несиелер туралы мәліметтерін жинақтап, қоры­татын, тәуекелдер бойынша орталықтандырылған деректер базасы бар.

Банктер үшін несие алуға өтініш білдірген кәсіп­орын­дар мен фирмалардың салықтық жағдайлары, есеп шоттар бойынша олардың қарыздары, сауда контрактыларының жай-күй туралы қаржы қызметінің ақпараттары маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының отандық банк жүйесін қа­лыптастыру кезеңінде клиенттердің несие алу қабілетті­лі­гін терең зерттеуге банктердің толық мүмкіндігі болмады және бұл түсінікті де еді. Осы уақыттар аралығында Қа­зақ­станның коммерциялық банктері әлемдік банк ісі тә­жі­ри­бесі бойынша клиенттердің несие алу қабілетіне талдау жа­сау әдістерін зерттеп-үйренді, соның нәтижесін­де бүгінде Қазақстан Республикасының банк заңдары шең­бе­рінде несие алу қабілеттілігін бағалау әдістері қол­да­ны­ла­ды.

Қарыз алушының қаржылық есеп берушілігін зерттеу – бұл басты ақпарат көзі болып саналады және несие бере­тін қызметкерлер кәсіпорынның (фирманың) ағымдағы жағ­дайы, соңғы екі-үш жылдағы өзгерістер, алдағы уа­қыт­та алатын пайданың мөлшері және несиені қайтарудың ық­ти­мал дәрежесі туралы куәландырылады. Пайдалар мен зиян­дар туралы, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер мен динамикадағы актив пен пассив бойынша баланстың өзіне талдау жасалады.

Актив бойынша мыналар мұқият талдауға жатады:



  • ссуданы қайтару көзі болып қатысатын деби­тор­лық қарыз;

  • тауар-материалдық құндылықтардың жай-күйі мен бағалардың тұрақтылығы, дайын өнімдерді (тау­­арларды) өткізу, өткізуге әзір, несиені қам­та­ма­­сыз ету түрінде қатысатын құндылықтардың қал­­дықтары.

Клиент балансының пассиві бойынша талдау жасау келе­сілерді қамтиды:

  • төлемдер жағдайы, оның мерзімі мен көлемі;

  • кәсіпорынның (фирмалардың) міндеттемелері, қар­жы жүйелеріне, банктерге қарызын қоса есеп­те­гендегі несие (кредиторлық) қарыздарының ау­қы­мы;

  • жеткізушілерге ақы төлеу үшін коммерциялық векселдердің болуы;

  • ұзақмерзімдік несиенің көзі болып қатысатын меншікті капитал;

  • тәуекел ететін есепке алынбаған және жасырын міндеттемелер.

Кәсіпорынның (фирманың) кірістеріне талдау жасау кезінде баланс активтерінің сапасы мен басқару тиімді­лі­гіне назар аудару маңызды болып саналады. Ссудалардың мерзімдері, берілетін несиелердің көлемі мен несиелердің бағалары банктің кірістеріне әсерін тигізеді. Кірістер мен шығыстар туралы есептерде, егер сөз күтпеген тәуекелдер арқылы мүлікті сатудан шеккен зияндармен байланысты ірі баптар туралы болып отырса, онда әсіресе кірістерге талдау жасау маңызды болып саналады.

Банктер кәсіпорындардың қаржылық есептері негі­зін­де қаржылық көрсеткіштерді есептеп шығарады, клиенттің тұтастай жағдайын сипаттап береді.

Клиенттердің есептері негізінде коэффициенттерді есептеп шығару арқылы анықталатын дәстүрлі қаржылық көрсеткіштер:


  1. мерзімі келген кезде кәсіпорынның (фирманың) қарызды қайтару мүмкіндігі бар ма;

  2. дебиторлық есептер шынайы ма және материал­дық қорлар өтімді ме;

  3. айналым және негізгі капиталға қатынасы бой­ын­ша сату көлемі жеткілікті ме;

  4. капиталға қатынасы бойынша кәсіпорынның (фир­маның) кірісі жеткілікті ме;

  5. фирманың жалпы жағдайы тұрақты немесе тұ­рақ­сыз болып санала ма деген сұрақтарға жауап бере алады.

Дәстүрлі қаржы коэффициенттері






Топ

Атауы

Сандық

Атаулық

1

2

3

4

5

1.

Өтімді-лік

Жабу коэффициенті


Айналым капиталы

Қысқа мерзімдік міндеттеме

2.

Өтімді-лік

Өтімділік коэффициенті


Қорларды шегеріп тастағандағы айналым капиталы

Қысқа мерзімдік міндеттеме

3.

Айналымдық

Барлық ак­тив­тер­дің ай­на­лым­дылығы

Таза сатылғандары

Активтердің жалпы сомасы

4.

Айналымдық

Негізгі капи­тал­дың айна­лымдылығы


Таза сатылғандары

Таза негізгі капитал

5.

Айналымдық

Қарыздарға инкассо қою кезеңі


Дебиторлық есеп шоттар

Несиеге орта тәу­лік­тік са­ту көлемі

6.

Айналымдық

Қорлардың айналымдылығы

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны

Қорлар


7.

Тартылған қар­жылар

Қатынасы берешек

Меншік капитал



Қарыздың жалпы

сомасы


Негізгі капитал

8.

Қаржы-ларды тарту

Белгіленген тө­лемдерді жабу дә­ре­же­­с­і

Белгіленген төлемдер мен салықтарды шегергендегі кірістер

Белгілен-ген төлем­д­ер

9.

Пайда-лылық

Кіріс келтіру­ші­ліктің опе­ра­циялық қа­лы­бы (нор­ма­сы)

Пайыздар мен са­лықтарды шегергенге дейінгі кірістер

Материалдық ак­тив­тер сомасы

10.

Пайда-лылық

Сату көлеміне пайда қалыбы


Таза пайда

Сатудан түскен таза сома

11.

Пайда-лылық

Активтерге пайда қалыбы


Таза пайда

Активтердің жалпы сомасы

12.

Пайда-лылық

Әдеттегі акцияларға пайда қалыбы


Артықшылық беріл­ген акциялар бойын­ша ди­ви­дендтерді ше­гер­ген­дегі таза пай­да

Әдеттегі акциялар саны


3.3. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігі дәрежесін анықтау
Кәсіпорынның (фирманың) несие төлеу қабілет­ті­лі­гін зерттеу кезінде баланстың әртүрлі баптары мен осы көрсеткіштер динамикасының ара қатынасын сипаттайтын коэффициенттерге талдау жасаудың маңызы зор. Әлемдік банк тәжірибесінде ссуда алушының несие төлеу қабі­лет­тілігін бағалау үшін көптеген қаржы коэффициенттері қолданылады. Коэффициенттерді таңдау банк клиент­те­рі­нің ерекшеліктерімен, болуы мүмкін қиындық себептері­мен, банктің несие саясатымен анықталады.

Экономикасы дамыған елдер үшін клиенттер мен банктер бойынша клиенттердің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың күрделі және жеке ыңғайда қарастыру әдістері тән болып саналады.

Қазақстанның банк тәжірибесінде қазірдің өзінде қа­рыз алушының несие төлеу қабілеттілік дәрежесін анықтау оның негізі болып саналатын клиенттің несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың әлемдік тәжірибесі кең түрде қолданылады. ҚР Ұлттық банкі өзге елдердің тәжірибесін басшылыққа ала отырып, қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін талдау арқылы өзінің әдістемелік нұсқау­ла­рын әзірлеп-жасайды.

Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігінің дәре­жесін анықтау негізінде көрсеткіштердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі табылады. Негізгі коэффици­ент­тердің мөлшеріне қатысты қарыз алушылар несие алу қабі­лет­тілігінің үш дәрежесіне (класына) бөлінеді.

Ал қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін келесідей үш негізгі көрсеткіш қолданылады:


  • өтімдік коэффициенті (бұдан әрі ӨК);

  • өтеу коэффициенті (Өтк);

  • меншікті қаржылармен қамтамасыз етушілік көрсеткіші (МҚҚК).

Өтімдік коэффициенті клиенттің қарызды қайтару үшін айналымнан ақша қаражатын жедел босату қабілеті. Ол мынадай түрде есептелінеді:


Тез өткізілетін активтер

= Өк

Қысқа мерзімдік міндеттемелердің сомасы

Бұл коэфиценттің мәні неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы да соғұрлым сенімді болады.

Өтеу коэффициенттері қарызды қайтару үшін қарыз алушы қаржысының жеткілікті екенін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткішті мына формула бойынша анықтауға болады:


Тез өткізілетін активтер + өтімді активтер

= Өтк

Қысқа мерзімдік міндеттемелер сомасы

Меншікті айналым қаржыларымен қамтамасыз етуші­лік көрсеткіші қарыз алушының меншікті қаржыларының мөлшерін сипаттайды. Аталмыш коэффициенттің мәні неғұрлым жоғары болса, қарыз алушы сенімді болады.


Пассивтің 1 бөлімі – (активтің 1 бөлімі + шы­ғ­ы­­н­дар)

= Мққк

Активтің ІІ бөлімі

Өтімдік және өтеу көрсеткіштерін есептеу үшін қысқа мерзімдік міндеттемелердің сомасын анықтау қажет. Оған мыналар кіреді:

  • ұзақ мерзімдік несиелер мен займдар;

  • қысқа мерзімдік несиелер мен займдар;

  • несие берушілермен есеп айырысулар;

  • сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

  • өзге қысқа мерзімдік пассивтер;

  • алдағы кезеңдердің кірістері.

Несие төлеу қабілеттілігінің сипаттама берілген қаржылық коэффициенттері есеп берілетін күндегі баланс қалдықтары негізінде есептеліп шығарылады.

Белгілідей, банктен қарыз алушылар несие төлеу қабілеттілігі дәрежесі бойынша үш сыныпқа бөлінеді:

1 сынып – бірінші сыныпты қарыз алушы (сенімді);

2 сынып - әдеттегі қарыз алушы (тұрақсыз);

3 сынып – сенімсіз қарыз алушы.

Қарыз алушының сыныптарын салаларды ескере отырып 2-ші кесте бойынша анықтауға болады.


Қарыз алушының сыныбын анықтауға мүмкіндік беретін коэффициенттердің салалық деңгейі
2 кесте


Салалар-дың атауы

Баланс өтімідігінің коэффициенті

Балансты өтеу (жабу) коэффициенті

Меншікті айналым қаржыларымен қам­тамасыз ету­ші­лік көрсеткіші

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10




1 сынып

2

сынып


3 сынып

4 сынып

5 сынып

6 сынып

7

сынып


8 сынып

9 сынып

Өнер-

кәсіп


1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,0-ден жоға-ры

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,7-ден төмен

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Ауыл шаруашылығы

1,2-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

2,0-ден жоға-ры

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,3-тен жоғары

0,2-0,3

0,2-ден төмен

Сауда

1,2-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

2,0-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

0,5-тен жоғары

0,2-0,5

0,2-ден төмен

Көлік жә­не жол ша­руашылы­ғы

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,0-ден жоғары

1,5-2,0

1,0-ден төмен

0,7-ден жоғары

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Құрылыс

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,5-тен жо-ғары

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,7-ден жоғары

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Байланыс

1,5-тен жоғары

1,0-1,5

1,0-ден төмен

2,0-ден жо-ғары

1,5-2,0

1,5-тен төмен

0,7-ден жоғары

0,5-0,7

0,5-тен төмен

Материал-дық-тех­ни­калық жабдықтау

1,2-ден жоғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

1,2-ден жо-ғары

1,0-1,2

1,0-ден төмен

0,4-тен жоғары

0,2-0,4

0,2-ден төмен

Несие төлеу қабілеттілігіне жалпы баға балл арқылы беріледі. Балл несие төлеу қабілеттілігі сыныбына есеп­тел­ген әрбір көрсеткішке берілген рейтинг сомасын білдіреді.

100-150 балл кезінде 1-ші сынып;

151-250 балл кезінде 2-ші сынып;

251-300 балл кезінде 3-ші сыныпты білдіреді. Балл сомаларын анықтаудың мысалы 3-ші кестеде келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет