Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет6/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Балл сомасын анықтаудың мысалы

3 кесте


Көрсет-

кіштер


Рейтинг көрсеткіштері %

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа




сынып

балл

сынып

балл

сынып

балл

Өк

40

1

40

2

80

3

120

Өтк

30

1

30

2

60

3

90

Мққк

30

1

30

2

60

3

90

Жиыны







100

2

200

3

300

Барлық мәні 1-ші сыныпқа сәйкес келетін коэ­ф­фи­циент­тер мен көрсеткіштер кезіндегі балдардың саны 100-ге тең болады, ал 2-ші сыныпта – 200 және 3-ші сыныпта – 300-ге тең (1,2,3 нұсқалар). Сондықтан балдардың аралық шамасына қатысты, яғни 100-ден 150-ге дейін 1-ші сынып (сенімді қарыз алушы), 151-ден 250-ге дейін – 2-ші сынып (тұрақсыз қарыз алушы), 251-ден 300-ге дейін – 3-ші сынып (сенімсіз қарыз алушы) беріледі. 4-ші нұсқадағы 180 балдық көрсеткіштердің мәні 2-ші сынып беруге, 5 нұсқадағы 280 балл кезінде – 3-ші сынып, ал 6 нұсқадағы 140 балл жағдайында 1-ші сынып беруге мүмкіндік береді.

Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін анық­тау­дың қосымша көрсеткіштерін есептеп шығарудың банктер үшін маңызы зор. Төменде Қазақстан Республикасы Ұлт­тық банкі ұсынған клиенттердің несие төлеу қабі­лет­ті­лі­гі­нің қосымша көрсеткіштері келтіріліп отыр (4-ші кесте).
Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігінің қосымша көрсеткішетірі
4 кесте





Көрсеткіштер атауы

Экономикалық

мазмұны


Есептеу

алгоритмі



Толық


Қыс-қар-тылған




1

2

3

4

1.

Инвестицияланатын капиталға пайда


И к.п.

Қарыз алушының негізгі және айна­лым қар­жы­ла­рын пай­даланудың тиім­ді­лігін сипат­тайды. Егер Ик.п 1-ден көп болса, он­да бұл қарыз алушы­ның меншікті ай­на­лым қаражатының жеткілікті екендігін біл­ді­реді.


И к. п. =

Баланстық пайда

Жалпы активтер



2.

Жалпы пайда қалыпы


Ж п.қ

Кірістегі пайданың үле­сін көрсетеді. Бұл көр­сет­кіш неғұрлым жо­ға­ры болса, қарыз алушы соғұрлым рентабельді бо­лады.


Ж п. қ. =

Баланстық пайда

Өнімдерді өт­кізуден тү­­­скен түсім-НДС



3.

Таза пайда қалыпы


Т п.қ

Кірістегі таза пайда үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым жо­ғары болса, қарыз алушы соғұрлым сенім­ді болады.


Т п. қ. =

Пайыздар мен са­лық­тар­ды ше­гер­геннен кей­інгі пай­д­а

Өнімдерді өт­кізуден тү­­­скен түсім-НДС



4.

Актив-тер ай­налы-мының коэффициенті


А а.қ.

Активтерді пайдалану ти­і­м­ділігін сипаттайды. Бұл көрсеткіш неғұр­лым жо­ға­ры болса, инвес­ти­ци­я­лық капи­тал­дың ай­на­лым­дылығы со­ғұрлым жо­ғары бо­ла­ды.


А а. к. =

Өнімдерді өт­кізуден тү­­­скен түсім-НДС

Инвестициялық капитал



5.

Негізгі қаржы-лар айналымының коэффициенті


Н қ.а.қ.

Қарыз алушылардың не­гізгі қаржыларды пай­да­лануының тиімділігін си­паттайды. Бұл көрсет­кіш неғұрлым жоғары болса, негізгі қаржы­лардың айналымдылығы соғұрлым жоғары бола­ды.


Н қ. а. =

Өнімдерді өт­кізуден тү­­­скен түсім-НДС

Негізгі қаржылар



6.

Несие берушілер айналымының кезеңі


Н а.қ

Жабдықтаушылармен жеткізген тауарлары мен қызметіне есеп ай­ы­рысу үшін қанша уақыт қажет екендігін көр­се­теді. Егер несие қарыз­дары өткізілген өнімдер көлемінің өсуі есебінен төмендеген жағдайда ға­на несие қарыздарын тө­леу айналымы жақ­са­ра­тын болады.


Н а. к. =

Есепті ке­зең­дегі күндер санындағы есепті ке­зең­дегі не­сие қа­рыз­да­рының ор­та ариф­ме­ти­калық мә­н­і

Өт­кізілген өнімдерді өндіруге жұмсалатыншығындар



7.

Меншікті және қарызға алынған қаржы-лардың арақа-тынасы

М. Қ.

Қарыз алу көздеріне қарыз алушының қар­жы­лық тәуелсіздігін си­пат­тайды. Бұл көр­сет­кіш неғұрлым төмен бол­са, қарыз алушы со­ғұрлым сенімді болады.


М. Қ. =

Қарызға алынған қаржылар

Меншікті қаржылар



8.

Деби-торлар-дың айна-лым кезеңі


Д а.к.

Сол кезең аралығында қарыз алушы сатылған тауарлар ақысын ала алатын, яғни ақша қа­ра­жат­тарының қоз­ға­лы­сын қам­тама­сыз ететін жә­не борыш­тық мін­дет­те­мелерді орын­дайтын уақыт кезе­ңін сипат­тай­д­ы.


Д а. к. =

Есепті ке­зең­дегі (есепті ке­­зеңдегі күн­­дер са­ны) дебиторлық қа­рыз­дың ор­та ариф­ме­ти­калық мә­н­і

Өт­кізілген өнімдерден

түскен түсім





9.

Тауар қорла-рының айна-лым-дылық кезеңі

Т қ.а.к

Тауар қорларының ай­на­лымдылығын сипат­тайды. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмен болса, соғұрлым қарыз алушы сенімді болады.


Н а. к. =

Орташа қор­лар (есепті ке­зеңдегі күн­дер саны)

Өт­кізілген өнімдерді өндіруге жұмсалатыншығындар



10.

Несие қарыз-дары-ның айна-лымдылығы

Н қ.а.

Несие қарыздарын­да­ғы іс жағдайының өзгеруі мен белгілі бір кезеңнің дина­микасын көрсетеді.


Н қ. а. =

Жыл ішіндегі өткізілген өнімдерден түскен түсім

Жыл ішін­дегі несие қа­­­­рызының орта ариф­ме­­­­тикалық сомасы



11

Айна-лым қаржы-лары-ның айна-лымдылығы

А қ. а

Айналым қар­жы­ларын пайдала­ну­дың тиім­ді­лі­гін си­пат­тайды. Ай­на­лым қаржыларының ай­на­лымдылығы не­ғұр­лым жоғары бол­са, қа­рыз алушы со­ғұр­лым се­нім­ді бо­ла­ды.


А қ. а. =

Жыл ішіндегі өткізілген өнімдерден түскен түсім

Жыл ішін­дегі орта ариф­ме­ти­ка­лық сомасы



12.

Деби-торлық қарыз-дардың айна-лымдылығы

Д қ. а

Талданып отырған ке­зең­дегі деби­тор­лық қа­рыз жағдай­ы­ның өзге­ру­ін көрсе­те­ді.


Н а. к. =

Есепті ке­зең­де­гі өткізіл­ген өнімдер­ден түскен тү­сім

Есепті ке­зең­дегі де­би­тор­лық қа­рыз­дың орта ариф­­­ме­ти- калық со­масы


Оқулық әдебиеттерде несие төлеу қабілеттілігі негізгі өлшем көрсеткіші ретінде қазіргі коммерциялық банктер­дің оны жеткілікті түрде зерттейтіндігі ашып көрсетілді. Бұл тұрғыда әртүрлі көрсеткіштер мен коэффициенттер есептерін пайдаланып, басқа елдердің тәжірибесін зерттеп-үйренгеннің пайдасы мол.

Ресей тәжірибесінде (сол сияқты әлемдік тәжірибеде де) қарыз алушыны бағалау банк клиенттерінің ерек­шелік­терімен, болуы мүмкін қаржылық қиындықтардың себе­бімен, банктің несие саясатымен анықталады. Қол­да­ны­латын коэффициенттерді бес топқа топтастыруға болады:

І - Өтімдік коэффициенті.

ІІ – Тиімділік және айналымдық коэффициенті.

ІІІ – Қаржылық левераж.

ІV – Пайдалық коэффициенті.

V – Берешекке қызмет көрсету коэффициенттері.


Әрбір топта бірнеше коэффициенттер анықталады және оны төмендегі 5-ші кесте арқылы беруге болады.

5 кесте




Көрсеткіштер

Нормативтік деңгейлер

1

2

3

1.

Өтімдік коэффициенті: ағымдағы өтімдік коэффициенттері тез (же­дел) өтімді коэффициенттер

2,0-1,25

2.

Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттері: қорлардың айналым­ды­лығы дебиторлық қарыз­дар­дың айналым­дылығы активтердің айналымдылығы




3.

Қаржылық левераж коэффициенті:

бүкіл борыштық міндеттемелер (қыс­қа мерзімдік және ұзақ мер­зім­дік) мен активтердің арақаты­на­сы;

бүкіл борыштық міндеттемелер мен меншікті капиталдың арақатынасы;

бүкіл борыштық міндеттемелер мен акционерлік капитал (АК) арақатынасы;

бүкіл борыштық міндеттемелер мен материалдық акционерлік капиталдың (АК – материалдық емес активтер) арақатынасы;

ұзақ мерзімдік борыштар мен қаржылық (негізгі) активтердің ара қатынасы;

меншікті капитал мен активтердің арақатынасы;

меншікті айналым капиталы мен

ағымдағы активтердің арақатынасы.


0,25-0,6


0,66-2,0
0,5-1,5

4.

Пайдалылық коэффициенттері:

  • пайда қалыптарының коэффициенті;

  • рентабельділік коэффициенттері;

  • акцияға пайда қалпының коэффициент­­тері.




5.

Берешекке қызмет көрсету коэффициент­те­рі:

  • пайызды өтеу (жабу) коэфиценті;

  • белгіленген төлемдерді жабу коэффициенті

7,0-2,0




Әлемдегі банк мамандары әртүрлі ке­зең­дерді ұсынған




Өтімдік коэффициенттері (ағымдағы және жылдам) өзінің борыштық міндеттемелері бойынша және банк алдындағы борышын мерзімінде қайтару үшін өзінің айналымынан ақша түрінде қаржыларды босатудағы қарыз алушылардың қабілетін көрсетеді.

Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттері бірінші топты (Өк) толықтырады, мұнда күндермен есептегендегі айналымның ұзақтығы, айналымдардың саны есепке алы­нады, бүкіл көрсеткіштер динамикада және бәсеке­ле­суші кәсіпорындармен салыстыра отырып талданады.

Қаржылық левераж коэффициенттері қарыз алушының меншікті капиталмен қамтамасыз етушілік дәрежесі мен клиенттің тартылған ресурстарға тәуелділігін көрсетеді.

Пайдалылық коэффициенттері оның қатыстырылған бөлігін қоса отырып, барлық капиталды пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.

Рентабельділік коэффициенттері пайыздар мен салықтардың кәсіпорынның (фирманың) рентабельділігіне тигізетін әсерінің дәрежесін көрсетеді.

Берешекке қызмет көрсету коэффициенттері пайданың қандай бөлігі пайыздық және бүкіл белгіленген төлемдерді қайтару үшін пайдаланылатындығын көрсетеді.

Атап көрсетілген коэффициенттердің бүкілі нақты есеп деректері немесе жоспарланатын болжам мөлшерлері негізінде есептеліп шығарылады.

Ақша ағымына (поток) талдау жасау, несие төлеуге қабілетті қарыз алушыны бағалау тәсілі ретінде есепті кезеңдегі клиенттің қаражат айналымын қамтиды.

Қарыз алушы қаржысының кетуі мен ағылып келуі салыстырылады.



Клиент қаржысының құйылуы мен кету эле­мент­те­рі


Талданатын кезеңдегі қаржының құйылуы

Талданатын кезеңдегі қаржының кетуі

1. Аталмыш кезеңде алынған пайда

1. Салықтар төлеу

2. Есептелген аммортизация

2. Пайыздар төлеу

3. Қаржылардың қорлардан босатылуы

3. Дивидендтер төлеу

Қаржылардың дебиторлық қарыздан босатылуы

4. Айыппұлдарды төлеу.

Қаржылардың негізгі қорлардан босатылуы.

5. Қорға қаржы салу.

Қаржылардың өзге активтерден босатылуы

6. Дебиторлық берешекке салу.

Несие қарыздардың көбеюі

7. Өзге активтерге салу.

Өзге пассивтердің өсуі.

8. Негізгі қорларға салу.

Акционерлік капиталдың көбеюуі

9. Несие қарыздарын қысқарту

Жаңа ссудалар беру

10. Өзге пассивтерді азайту




11. Акционерлік капиталдың кетуі.




12. Ссуданы қайтару.

Қаржылардың құйылуы мен кетуі арасындағы айырмашылықтар жалпы ақша ағынының ауқымын анықтайды. Ақша ағынына (қозғалысына) талдау жасау кәсіпорынды (фирманы) басқарудың әлсіз тұстарын білуге мүмкіндік береді. Талдау жасауға соңғы үш жыл немесе болжам жасалып отырған кезеңдер алынады.

Қызметпен байланысты тәуекелге талдау жасау – қор жинақтау, өндіру мен өткізудің жекелеген сатыларында қорлардың айналымын баяулатқаны үшін болатын тәуе­кел­ге барудың себептері мен факторларын ашып көрсетеді.

Кәсіпорындардың (фирмалардың) несие төлеу қабі­лет­тілігін бағалау жоғарыда атап көрсетілген өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Осыған ұқсас барлық мұндай көрсеткіштерді шағын кәсіпорындардың несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін де пайдалануға болады. Дегенмен, шағын кәсіпорындардың қызметі туралы аудиторлық қорытынды мен лицензияның жоқ болуынан, банктер қарыз алушының сипатын, оның беделін зерттеп-білуді және сұхбат алуды, фирмаларда болуды жиі пайдаланады. Ұсақ қарыз алушыларға жалпы баға беру келесілерден тұрады:



  • қызмет бабына байланысты тәуекелдерге баға бе­р­у­;

  • клиенттің жұмысын қадағалау;

  • кәсіпорын (фирма) иелерімен жеке сұхбат жүр­гі­з­у­;

  • кәсіпорын иесінің жеке қаржылық жағдайын ба­ға­л­а­у.

Жеке тұлғаның несие төлеу қабілеттілігін бағалауды клиенттің мүлкі мен қаржылық жағдайын, отбасылық құрамын, жеке мінездемесін, кірісі мен ссудаға деген қажеттілігін және т.б. зерттеулер негізінде банктер жүр­гізеді. Сондай-ақ қарыз алушының несие төлеу тарихы, табысының тұрақтылығы, бір орында ұзақ жұмыс жасауы, тұрғылықты мекен-жайы мен капитал мөлшері зерттеледі.
Түйін
1. Коммерциялық банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі – бұл пайыздарды қоса төлеу арқылы толық сомада және белгіленген мерзімде қарыз алушының ссуда үшін банк алдындағы берешегін қайтара алу қабілеті.

2. Қарыз алушының (клиенттің) несие төлеу қабілеттілігі несие беруші – банк үшін несиелік өзара қатынастарды белгілеудегі негізгі сапалық өлшем болып қатысады.

3. Әлемдік тәжірибеде, ресей және қазақстан банкте­рі­нің қабілеттілігін бағалау әдістерінің бар екендігін көр­се­теді.

4. Коммерциялық банк клиенттерінің (5 топ) несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың қаржылық коэффициент­те­рі кәсіпорынның (фирманың) қаржылық есептерін талдау кезіндегі маңызды құрал болып саналады.

5. Банк клиенттері несие төлеу қабілеттілігі дәре­же­лері бойынша үш сыныпқа (класқа) бөлінеді және бұл тетік (механизм) банктердің қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігін талдау жөніндегі Әдістемелік нұсқауларында (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) қаланған.

6. Әрбір банк үшін тән болып саналатын көрсет­кіш­тердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі несие төлеу қабілеттілігін анықтаудың негізі болып қызмет етеді.

Негізгі коэффициенттердің мөлшеріне қатысты қарыз алушылардың жиналған балының саны несие төлеу қабілеттілігі бойынша үш сыныпқа бөлінеді.

7. Әлеуетті қарыз алушыға тән тәуекелдерді бағалау негізі қарыз алушының беделін, оның несиені қайтарудағы қаржылық мүмкіндіктерін, фирмалардың капиталын және оны қамтамасыз етудің сапасы мен жеткіліктілігін, жалпы экономикалық жағдайын анықтайтын әртүрлі көрсеткіш­тер­дің көмегімен қалыптасады.

8. Клиенттер туралы ақпараттық базаларды талдау өзі­не банк мұрағатынан клиент туралы мәліметтерді, қыз­мет бабына байланысты әріптестерден алынған ақпаратты, мамандандырылған агенттіктер есептерінің деректерін, қар­жылық есеп талдауларын, несие инспекторының жеке пікірін, клиентпен әңгімелесу кезінде қалыптасқан пікірді енгізуі қажет.
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау ке­­зінде қанша және қандай коэффициенттер қол­да­ны­­лады?

а) өтімдік, активтерді басқару

ә) өтеу, пассивтерді басқару, пайдалылық коэффициенттері

б) меншікті айналым қаржыларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші

в) рентабельділік коэффициенті

г) өтімдік коэффициенті, өтеу коэффициенті, меншікті қаржылармен қамтамасыз етілу көрсеткіші.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет