Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті



жүктеу 2.75 Mb.
бет7/16
Дата09.09.2017
өлшемі2.75 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16

Қарыз алушыларды анықтаудың қанша сыныбы б­а­р?

а) үш сынып

ә) екі сынып

б) төрт сынып

в) бес сынып

г) саны белгіленбеген.


  1. Қарыз алушының негізгі қарыз сомасын уақытылы қайтару қабілеттілігі және сыйақы:

а) өтімдік

ә) несие төлеу қабілеттілігі

б) пайдалылық

в) рентабельділік

г) сенімділік


  1. Атап өткен көрсеткіштердің қайсысы 5 «СИ» ережесіне кіреді:

а) қарыз алушының сипаты, қаржылық мүмкіндіктер, капитал, қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай;

ә) капитал, активтер, басқару, кірістілік, қарыз алушының сипаты;

б) қамтамасыз ету, қаржылық мүмкіндіктер, жалпы эконо­ми­калық жағдай, менеджмент, капитал;

в) қарыз алушының сипаты, қамтамасыз ету, қаржылық мүмкіндіктер, пайдалылық, капитал;

г) қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай, рентабельділік, пайдалылық.


  1. Несие төлеу қабілеттілігін талдау кезінде банктің ба­ға­лайтын тәуекелдер түрі:

а) қызметпен байланысты тәуекелдерді бағалау, менедж­мент­­ті бағалау;

ә) клиенттің қаржылық тұрақтылығын бағалау, қаржылық коэ­ффициенттерді есептеу;

б) ақша ағынына (қозғалысына) талдау жасау;

в) клиент туралы ақпарат жинау және оның жұмысын қа­да­ға­лау;

г) барлық жауаптар дұрыс.

4 - ТАРАУ. НЕСИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТ­ТЕ­Р­І

Мақсаты – «несие беру» түсінігінің мазмұнын және несие беру процесінің басты негізі болып қатысатын несие беру жүйесінің бүкіл элементтерін ашып көрсету.

Міндеттері – несие беру жүйесінің элементтеріне сипаттама беру, банк несиесінің қасиеттері мен несие беру қағидаларын көрсетуі, несие беру әдістерін, ссудалық есеп шоттардың формаларын бөліп көрсету және несие саясатының мазмұнын атап көрсету.
Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-29.
4.1. Несие беру жүйесінің элементтері
«Несие» экономикалық категориясы әрқашанда мүд­де­лі тараптар қатысатын, несие беру процесін ұйым­дас­ты­ру­ды болжайды.

Несие беру – бұл тараптардың барлық жағдайларды міндетті орындауын, несие берушіден қарыз алушыға дейінгі ссуданың қозғалуын білдіретін процесс. Несие беру жүйесі үш өзарабайланысты элементтерге негізделеді:



  • несие субъектісі (несие беруші және қарыз алушы);

  • несие беру объектілері (материалдық құн­ды­лық­тар, шығындар, міндеттемелерді орындау (жабу));

  • несие беруді қамтамасыз ету (ссуданы қайтару үшін нақты жағдайлар жасау).

Несие беру жүйесінің толық көріну позициясы тұрғы­сы­нан жоғарыда атап көрсетілген элементтердің тұтас­тық­та қатысуы маңызды болып саналады.

Несие беру субъектілері несие формасына қатысты анықталады. Несие қатынастарында бұл міндетті түрде несие беруші мен қарыз алушы болып табылады. Өзінің уақытша бос қаражаттарын қарыз алушының иелік етуіне белгілі бір мерзімге берген тұлға (жеке және заңды тұлға) несие беруші болып саналады. Қарыз алушы – бұл кейін қайтару арқылы ссуданы мерзімінде алатын несие қатынастарының тараптары. Несие процесінің субъектілері болып мыналар қатысады:

1. Мемлекеттік несие – мемлекет және халық; мем­лекет және банктер, кәсіпорындар; банк және мемлекет.

2. Коммерциялық несие – шикізат пен тауарларды жеткізушілер және тауарларды сатып алушылар.

3. Тұтыну несиесі – банк және халық; сауда формалары және халық. Банк делдал болып қатыса алады.

4. Халықаралық несие – кез келген банк, мемлекет, кәсіпорын атынан шетел өкілі (субъект) қатысады.

5. Банк несиесі – банк және кәсіпорындар; банк және жеке кәсіпкер.

Несиенің әрбір формасына қарай несие қатынастары субъектілерінің, олардың мүдделері мен жүзеге асыру тетіктерінің ерекшеліктері болады.

Банк несиесі делдалсыз әрқашанда екі субъектінің болуын болжайды. Банк – несие беруші, ал барлық үлгідегі және барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалар – қарыз алушы ретінде қатысады. Сонымен бірге, банктердің (коммерциялық) өздері баланс пассиві бойынша әртүрлі кәсіпорындардың, фирмалардың, жекелеген адамдардың (салымшылардың), мемлекеттің ақша қаражаттарын (капиталын) тарта отырып, қарыз алушыларға айналады. Сондықтан «банк – несие беруші», «банк – қарыз алушы» болып ара жігі ажыратылады.

Банк несие беруші болып қатыса отырып, өзінің толық сеніміне кірген қарыз алушыларды таңдап алады және бұл банк заңдылықтарының барлық ережелеріне сай болып саналады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы несие беру кезінде төмендегідей несие беру субъектілерін топтастыру дұрыс болып табылады:


  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;

  • кооперативтер;

  • акционерлік қоғамдар (компаниялар), фирмалар, бірлескен кәсіпорындар;

  • халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар;

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар;

  • жеке тұлғалар (тұтыну қажеттері үшін жұмыскерлер);

  • өзге банктер.

Несие беру жүйесінде элементтердің тағы бірі – несиелердің түрлері бөліп көрсетіледі. Несие беру субъек­ті­сіне, нақты несие қатынастарын айқындауға қатысты: ақ­ша формасындағы (түріндегі) несиелер, тауар формасын­дағы несиелер, кепілдікке несие беру, бланкілік несие беру, несие мерзімдері бойынша несие беру, есептен шығару мен ақшаларды аудару формалары бойынша несие берудің ара­жік­тері ажыратылады.

Несие беру объектілері – бұл несие беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Несие беру объектісі несиенің барлық формалары түрінде қатысады. Несие беру объектісі оның материалдық, еленушілік (осязаемость) жағдайындағы затты ғана емес, сонымен бірге оның үзбеліксіз жұмыс істеуі мен жеделдігін қамтамасыз ету жолында ссуда алуға несие келісімдерін жасау қажеттілігін туғызатын тұтастай материалдық процесті білдіреді. Кәсіпорынның меншікті қаржысы мен түсетін түсімдері (кірістері) ағымдағы несие алдағы төлемдерді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болғанда, төлем айналымындағы уақытша айырмашылық объекті болып қатысады. Айырмашы­лық­тың себептері объективтік сипатқа ие болуы мүмкін, дегенмен өмірдегі ақшаға деген қажеттілік кәсіпорынның (өзге субъектінің) пайдалы емес және тиімсіз қызметінен де болуы мүмкін.

Несиені қамтамасыз ету несие процесін тұрақты да­мы­тудың негізі болып қатысады. Қамтамасыз етудің: ті­ке­лей, жанама, қамтамасыз етуге ие емес түрлері болады. Қам­тамасыз етудің несиені мақсатты пайдалануға және оны уақытылы қайтаруға әсерін тигізеді. Банк тәжі­ри­бе­сін­де қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген және жар­ты­лай қамтамасыз етілген ссудалардың ара жігі ажыра­ты­лады.

Бүкіл әлемдегі дамыған банк операцияларының несие беру кезіндегі несиемен қамтамасыз етуге деген көзқа­рас­тары әртүрлі. Мәселен, қарыз алушыны материалдық тұр­ғы­дан қамтамасыз ету ссуданы қайтаруға ықпал етпейді. Керісінше, қарыз алушы несие берушінің үлкен сеніміне ие болған кезде оның қаржылық беделі, несие алу мәдениеті жоғары болады, яғни банк несиесімен, сол сияқты несиенің басқа формасымен бірінші сыныпты қарыз алушыға бері­ле­тін несиелер әрқашанда қайтарылуға жатады және қай­та­рылатын болады. Қамтамасыз етілмеген несиелерді беру мүмкіндігі несие беруді жоғары деңгейде ұйымдастырған жағдайда, несие беруші мен қарыз алушы арасында үлкен се­нім орныққан кезде болады. Соған қарамастан қам­та­ма­сыз ету несие берудің басты элементі болып қала береді.

Несие беру жүйесінің негізгі элементтері: субъек­ті­лер­ді, объектілерді және несиені қамтамасыз етуді қарау олардың міндеттелігін және оны тануды көрсетеді. Несие берудің жалпы ұйымдастыру – экономикалық негіздерін­де­гі несие беру жүйесі, өзіне несие қатынасының субъекті­лері, несие беру объектілері, несиелердің түрлері, несие беру әдістері мен ссудалық есеп шоттардың формалары, несие құжаттамалары, несиенің қайтарылуын бақылауды енгізеді.
4.2. Банк несиесі және несие беру қағидалары
Банк несиесін беру кезінде банктер мен әртүрлі қарыз алушылар арасындағы өзарақатынастар айқындалады. Банктер несие берушілер ретінде бірінші кезекте банктегі өз есеп шоттарында ақша ұстаушыларға тәуелді болады, бұдан көзделетіндей, клиенттерге несие беру процесі қарыз алушы – клиенттің мүддесіне қарсы болмайды.

Өндірістік айналым қорлары мен айналым, өндірістік қорлардың бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері түрінде банктің несие беру объектісі болып қатысады.

Банк несиелері несие беру объектісіне қатысты қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Олардың элементтері болып мыналар қатысады:


  • Қысқа мерзімдік несие беру кезінде – шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, тары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, есеп айырысу құралдары. Осыған орай көрсетілген элементтер әртүрлі салаларда өзінше көрінеді. Бұл - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, дайындау, сауда және т.б.

  • Ұзақ мерзімдік несие беру кезінде қарыз алушы­лар­дың әртүрлі топтарының объектілері болып өндірістік объектілердің құрылыстары, жұмыс істеп тұрған қуаттар, қайта құру мен жаңарту, техникалар мен жабдықтар, көлік құралдарын алу, өндірістік емес мақсаттағы объектілер құрылысы және т.б. қатысады.

Банк несиесі объектіге қатынасы бойынша несие беру кезінде жеке немесе жиынтық түрде болады. Жеке несие беру тек қана қорлар (материалдар, отын, тара, дайын өнім), шығындар – бұл жеке объекті саналады. Несие көптеген объектілерді кепілге қоя отырып берілсе, онда жиынтық объекті болып саналады.

Банк несиелері меншік нысандарына қатыссыз түрде ауылшаруашылық, сауда, көлік кәсіпорындарын қамтиды.

Банк несиелерін беру, қаржылардың заңды қозғалысын қамтамасыз етуге шақырылған белгілі бір қағидаларға негізделеді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы өзара қатынастар негізінде несие беру қағидаларын елемеушілік ссудалардың қайтымдық негізін бұзады.

Несие беру қағидалары несиенің маңызы сияқты тұрақты және объективті.

Экономикалық әдебиеттерде банк несиелерін беру қағидалары мынадай түрде топтастырылады:


  • жалпы экономикалық:




ссуданың мақсатты ба­ғыт­­та­луы;

жеке тұрғыдан қарасты­ры­лу­ы.



  • ерекшелікті, несиенің

ма­ңы­зын көрсетуші:

қайтарудың жеделдігі;

материалдық қамтамасыз етушілік;

несиенің ақылы болуы.


Мақсатты бағыттаушылық, қағида ретінде, өзін шаруашылық операцияларына алынатын ссудаларға нақты салымдар жасау арқылы (тауарлар сатып алу, шикізат, материалдар алу, отын, ыдыс (тара) сатып алу, ақша қаражаттарының жетіспеушілігін жабу және т.б.) көрсетеді. Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік банк несиесін алушылар банк ссудасын қайтаруды қамтамасыз ететіндей өз мақсатына пайдалануы тиіс.

Жеке тұрғыдан қарау қағидасы қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігіне қатысты банктердің әртүрлі көзқарастарын (келістерін) болжайды. Аталмыш қағида банк пен клиент бір-бірін іздеп тауып өзара келіссөздер жүргізе бастаған несие беру процесінің бастапқы сатысында өзін көрсетеді. Банк- несие беруші нарықтағы кәсіпорындар мен фирмалардың жеке адамдардың қаржылық тұрақтылығын зерттеу негізінде тұрақты қарыз алушы-клиенттерді іріктейді. Өз қарыз алушыларын іріктеу кезінде жеке тұрғыдан келу көзқарасы банк үшін тәуекел дәрежесін төмендетеді.

Несиені қайтарудың жеделдік қағидасы бүкіл несие сомасын шаруашылық процесіне салу мен қосымша қар­жыларға деген қажеттілікті қанағаттандырғаннан кейінгі қарыз алушының банктен алған нақты ссудасын қайтару арқылы көрінеді. Аталмыш қағиданың мерзімі бар, яғни банктен алған сәттен бастап оны толық қайтарған кезге дей­інгі ссуданы пайдалану кезеңі. Осыған орай ссуданы қайтару, қорлар айналымының, нақты келісімдердің (опе­ра­циялардың) аяқталуы нәтижесінде шаруашылық айналы­мы­нан ақша қаражаттарын босату есебінен қамтамасыз етіледі.

Несие берудің материалдық қамтамасыз етушілік қа­ғидасы материалдық құндылықтардың қозғалысы про­це­сін­де, кәсіпорындардағы (қарыз алушылардағы) шығын­дар­ды жабу кезінде көрінеді. Банк ссудасын қарыз алушы жайдан-жай алмайды, ол материалдық өнімді жасауға және оның қозғалысына бағытталуы тиіс. Өндіріс процесінде қарыз алушы – клиенттер қай салаға жата­тындығына қарамастан несиемен қамтамасыз етілгендігі үшін банктің алдында айрықша жауапты болады.

Несие берудің ақылылық қағидасы – бұл қарыз алушының уақытша қажеттіліктерді жабуға ссуданы нақты пайдаланғаны үшін сыйақы (белгілі ақы) төлеу жағдай­ла­рын сақтауы болып табылады. Несие мен пайыз бір-бірі­нен ажырағысыз, ал ссудалық пайыз ставкасы – бұл өзіндік үлгідегі несие бағасы. Банктер экономикалық ахуалға, қарыз алушылармен өзарақатынас сипатына, тәуекел дәре­же­сіне, ссуданы қайтару мерзімдеріне, нарық жағдайын­дағы пайда қалыптарына қарай отырып, орталық банкпен реттелетін ставкалар (қайта қаржыландыру став­ка­сы) шегінде несие үшін сыйақы ставкаларын белгілейді. Ақылылық қағидаларын сақтау қарыз алушы үшін қо­лай­лы екендігін растайды, кіріс алу кезіндегі банктің мүддесін нығайта түседі.

Несие берудің жоғарыда атап көрсетілген қағидалары өзара байланысты болып табылады және нақты тәжірибеде банктер сыйақы алу (несие үшін пайыз ставкасы бойынша) түрінде қайтару және кіріс алу арқылы мақсатты қамта­ма­сыз етілген несиелерді беруге бағытталған аса ауқымды жұмыстарды жүзеге асырады.
4.3. Несие беру әдістері және ссудалық есеп шоттардың формалары
Несие беру әдістері несие беру қағидаларына сәйкес несие беру мен қайтарудың тәсілдерін көрсететін несие беру жүйесінің маңызды элементі болып қатысады. Несие беру әдістері көптеген елдердің ұзақ уақыт бойғы банк тәжірибесінен алынған, негізінен дәстүрлі, сонымен бірге түрін өзгертіп, жетілдіріліп отырады.

Отандық тәжірибеде нарықтық қатынастарға көш­кен­ге дейін банктік несие беруде негізінен: қалдық бойыша жә­не айналым бойынша берілетін несиенің екі түрі болды. Ел­дің нарықтық қатынастарға көшуімен және коммер­ция­лық банктердің жаңа жағдайларда жұмыс істеуімен несие беру әдістеріндегі белгілі бір өзгерістермен байланысты жаңа көзқарастар пайда болды.

Тұтастай алғанда несие берудің отандық тәжіри­бе­сін­де несие берудің айналым, қалдық бойынша берілетін әдіс­те­рін, айналым-қалдық әдістерін, ірілендірілген объек­ті­лер­ге (айналым қаржыларындағы жиынтық қажеттілікке) ай­налым арқылы несие беру әдістері мен нақты қарыз алу­шыға жеке тәртіпте несие беру әдісін және несие бағыты негізінде несие беру әдістерін бөліп көрсетуге болады.

Айналым бойынша несие беру несие беру объекті­сі­нің қозғалысын қамтиды. Несие қарыз алушылардың шығындарына оның ресурстары босатылған сәтке дейін алдын ала төлем жасайды. Ссуданың көлемі ссудаға деген объективті қажеттілік бойынша өсіп отырады және ол осы қажеттіліктердің төмендеген кезінде қайтарылады. Несие беру шаруашылық келісімдері (материалдық құндылық­тарды сатып алу, шығындарды жабу) үшін төлемдерді арнайы ссудалық есеп шоттан төлеумен байланысты болса, ал несиені қайтару есеп шотқа ақшаның түсуіне қарай жүзеге асырылды.

Қалдық бойынша несие беру – бұл кәсіпорынның жұм­саған шығындарын меншікті қаржы көздерінен жаба отырып, жеке алынған объектілер бойынша нақты қам­та­масыз етуге беру болып табылады. Несие, сондай-ақ тауар – материалдық құндылықтарға (шикізат, материалдар, отын, ыдыс (тара және т.б.)) беріледі.

Айналым – қалдық (сальдолық) әдісі бірінші кезеңде не­сиені қажеттілік бойынша беруді, ал екінші кезеңде бо­са­ты­латын ресурстардың көлемімен сәйкес келмеген кезде қай­тарылатын айналым және қалдық бойынша беруді үй­лес­тіреді. Несие алғашқы бетте тауар мате­риал­дық құн­ды­лық­тар мен шығындар айналымының бастапқы сатысында беріледі, содан соң оны қайтару банк алдын­да­ғы клиенттің шұғыл міндеттемелерінің қалдық­та­ры не­гі­зін­де жүргі­зі­ле­ді.

Айналым бойынша несие беру біртұтас жүйеге келті­ріл­ген кесте бойынша ірілендірілген объектілерге несие беруге көшумен байланысты оның алдындағы әдістермен салыстырғанда неғұрлым жетілдірілген болып саналады. Бұл әдістер біздің елімізде банк жүйесін реформалауға 80-ші жылдардың ортасы мен 90-шы жылдардың басында қолданыла бастады. Аталмыш әдіс жағдайында айналым бойынша несие беру күшін бұрын анықталған жоспарлы көлемнің шегінде қорлар мен өндіріс шығындарының жиынтығы бойынша несие беру формасын қабылдады. Тәжірибе жүзінде бұл әдіс бүкіл сала үшін ілгері әдіс деп танылып, соңғы уақытқа дейін сақталып келеді.

Банк несиесін берудің шетелдік тәжірибесі қазіргі кезеңде нарықтық коммерциялық құрылымдарға қатысты отандық банктер қолданатын екі әдісті бөліп көрсетеді:

1. Жеке тәртіпте несие беру әдісі бұл – несие төлеуге қабілетті қарыз алушыны іріктеп алғаннан кейін, банктің несие саясаты негізінде қаржыға деген белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін нақты мерзімге банктің беретін шұғыл (жедел) ссудалары.

2. Ашық несие бағыты әдісі банктің қарыз алушы үшін күні бұрын белгіленген несие беру лимиті шегінде беретін және белгілі бір кезең ішінде оның талап еткен төлем құжаттарын төлеу жолымен қажеттілігіне қарай пай­да­ланатын әдіс. Бұл несие есебінен, клиент пен банк ара­сын­да жасалатын несие келісімінде қаралған кез келген есеп айырысу – ақша құжаттарына төлем жасауға мүм­кін­дік береді. Әдетте несие бағыты бір жылға ашылады. Қа­рыз алушы лимит шегінде және несие бағыты кезеңінде қо­сым­ша келіссөздер жүргізбестен ссудалар ала алады, осы­ған орай банк қарыз алушының қаржылық жағдайы мен беделін де қадағалап отырады. Несие шарты жағ­дай­ла­рының бұзылуы және қаржылық жағдайдың нашарлауы кезінде банктің несие бағытын жабуға құқығы бар.

Қазіргі банк тәжірибесінде қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін несие бағытының ара жігі ажыра­ты­лады.

Отандық тәжірибеде қолданылатын соңғы екі әдісті дәл айқындау көзделеді, бұл әдістер әрбір клиентке жеке тұрғыдан келуді, әлеуетті қарыз алушылардың ссудаға деген қажеттілігі мен нарықты зерттеуді талап етеді.

Банк тәжірибесіндегі несие беру әдістері қарыз алу­шы­ларға ашылатын ссудалық есеп шоттардың формасын айқындайды. Несие беру және оны қайтару ссудалық есеп шоттардың жағдайын толық сипаттайды. Ссудалық есеп шоттарда банк алдындағы қарыз, жаңа ссудалар беру, берешектерді қайтару көрсетіледі. Ссудалар беру дебет есеп шоты бойынша, ал қайтару – кредит есеп шоты бойынша жүзеге асырылады.

Ссудалық есеп шоттар жеке таңдап алынған объектіге бір жолғы ссуда беру кезінде пайдаланылады, ал ссуданы қайтару шұғыл міндеттемелер бойынша жүргізіледі. Әрбір клиентке (кәсіпорынға) ссудалық есеп шоттар әртүрлі жағдайларда әртүрлі үлгіде (типте) ашылуы мүмкін.

Жоғары рейтингке ие және несие төлеу қабілеті тұ­рақ­ты, бірінші сыныпты қарыз алушылар ашатын кон­то­кор­рентті есеп шоттар бар. Есеп шоттағы несие қалдығы (саль­досы) кәсіпорынның айналымда меншікті қаржысы­ның бар екендігін, ал дебет қалдығы (сальдосы) – айна­лым­ға банк несиесін қатыстырудың қажеттігін білдіреді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан банктерінің алдында несие беру әдістері мен сссудалық есеп шоттар формаларын таңдау міндеті тұр, дегенмен несие берудің жоғарыда келтірілген әдістері мүлде жоғалып кетпейді, кейбір өзгерістерге түсе отырып, олар да қатысады, сонымен бірге жаңа көзқарастар да пайда болуы мүмкін. Мысалы, әртүрлі тәртіпте пайдаланылатын қарапайым ссудалық есеп шоттар артықшылықты болуы мүмкін, сол сияқты контокоррентті есеп шот өзін жақсы қырынан көрсете білді, сонымен бірге шектеулі болып саналады.


4.4. Коммерциялық банктердің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қа­тынастар жағдайында несие беру тәжірибесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз ету, банк­тер­дің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.

Коммерциялық банктер несие саясатының жалпы қа­ғи­даларын (меморандум) әзірлеп-жасайды, оның басты мақсатын және несие берудің негізгі бағыттарын қалып­тас­ты­рады. Банктер тәуекелге жол бермеуге, сапалы несие қоржынын қалыптастыруға мүдделілік танытады.

Несие саясаты несие беру және ресімдеу, оны басқаруға жауап беретін стандарттар мен параметрлерді анықтайды. Ақылды несие саясаты несие қатынастарын дамытуға арналған несие стратегиясы мен тактикасын жасаудағы директорлар кеңесі мен несие бөлімі қызметкерлерінің дұрыс әрекетін атап көрсетеді. Банктің айқын несие саясаты несие тәуекелдерін дұрыс басқаруда негізгі бағыт сілтеуші болып саналады.

Коммерциялық банктер ішкі несие саясатын жасау кезінде белсенді болуға тиісті, өйткені несие операциялары банктердің негізгі қызметі болып қатысады.

Несие саясатын анықтау кезінде несие стратегиясын клиенттердің құрамы ретінде, сол сияқты оларға берілетін ссудалардың (көрсетілетін қызметтердің) спектрі ретінде ұйымдастыру көзделеді. Банктің несие саясатының мақсаты құқықтық реттеудің белгілі бір элементтерін, қаржыларды алу мүмкіндігін, рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін, несие қоржынының балансын қамтуы тиіс.

Банк тәжірибесінде несие саясатына мыналар өз әсерін тигізеді: капиталдың болуы, ссудалардың жекелеген түрлерінің тәуекел дәрежесі, депозиттердің тұрақтылығы, ссудалардың пайдалылығы, жалпы экономикалық ахуал, банк қызметкерлерінің тәжірибесі, банктен қарыз алушы­лар­дың несиені қажетсінушілігі, банкті басқарудың сапасы және т.б.

Несие саясатын айқындау кезінде директорлар кеңесі мен банктің жоғары деңгейдегі қызметкерлерінің алдында жол беруге болатын тәуекел деңгейі мен банктің кірістілігін анықтау қажеттілігі туындайды. Кез келген коммерциялық банктің несие саясатында өзі қызмет көрсететін ауданның (аймақтың) несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыруы аса маңызды болып табылады, олай болмағанда банк өз мағынасын өзінен өзі жоғалтады.

Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі элементтері саналатындар: қызмет жасау ауданы (жағра­пия­лық бағыты), несие түрлері мен саланы (клиенттерді) таңдау, қолайлы түрде қамтамасыз ету мен несие төлеу қа­бі­леті, ссуданы қайтару мерзімдері және олардың тәуекел­мен өзарабайланысы, банктің өтімдігі, несие берудің ең жоғары шектен асып кетуі, есеп шоттағы өтемақы қал­ды­ғы, қарыз алушыға ссудалар берудегі банк міндеттемесі, ссуда қоржынының көлемі.

Коммерциялық банктердің несие саясаты банк ме­недж­ментінің маңызды бағыттарының мазмұнын ашатын мынадай жағдайлар арқылы қалыптасады:

1. Несие қоржынын қалыптастырудағы банктің мақсаты (несиелердің түрлері, қайтару мерзімдері, несие көлемі, несиелердің сапасы);

2. Несие комитетінің (қызметкерлердің) несиенің ең жоғары сомасы мен түрлерін анықтауға өкілеттігі;

3. Қызметкерлердің міндеттері және ақпараттар беру, тексеру, бағалау және клиенттердің несиеге тапсырыстары бойынша шешімдер қабылдаудағы олардың құқығы;

4. Несие процесі үшін қажетті құжаттардың жиыны (қаржылық есеп, шарттар, кепілдіктер, міндеттемелер және т.б.);

5. Қабылдау ережесі, бағалау және несиемен қам­та­ма­сыз етуді жүзеге асыру;

6. Пайыздық ставкалар саясатын сипаттау, ставкалар мен комиссияларды белгілеу, несиелерді қайтару жағдай­ла­ры;

7. Несиелер сапасының стандарттарын, несие салым­да­ры­ның ең жоғары мөлшерін сипаттау, проблемалық несие­лерді анықтау және талдау.


Түйін
1. Несие беру – бұл нәтижесінде несие берушіден қарыз алушыға дейін берілетін ссуданың қозғалысын білдіретін процесс.

2. Тауар-материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс шығындары, есеп шоттардағы ақша қаражаттары тү­ріндегі өндірістік айналым қорлары мен айналым қор­ла­ры­ның құрамды бөліктері банктің несие беру объектілері болып саналады.

3. Коммерциялық банктер, мемлекеттік, жеке меншік, бірлескен, акционерлік кәсіпорындар мен тұрғын халық несие қатынастарының субъектілері болып қатысады.

4. Банк ссудалары: қарыз алушылардың типтері, пайдалану мерзімдері, қамтамасыз ету сипаты, пайдалану жағдайлары бойынша жіктеледі.

5. Банк несиесін берудің қағидалары – қайтымдылық, ақылылық, жеделдік, мақсатты бағыттаушылық, жеке тұр­ғы­дан келушіліктен тұрады.

6. Несие берудің қалдық, айналым, қалдық айналым, ашық несие беру бағыттары сияқты әртүрлі әдісі өмір сүреді.

7. Несие беру әдістері: ашу мақсаттары және айна­лым жасаумен өзарабайланыс бойынша контокорренттік ссудалық есеп шоттардың формаларын байланыстырады.

8. Банктің несие саясаты: меншікті капиталдың бо­луы, активтердің сапасы, банктің кірістілік деңгейі, эко­но­ми­каның жалпы жағдайы, несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныс сияқты факторлармен айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет