Б. Ахметов инвестициялардың математикалық негіздері



жүктеу 2.3 Mb.
бет1/7
Дата31.03.2019
өлшемі2.3 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Ғ. Б. Ахметов

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы

Павлодар

  1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ғ. Б. Ахметов

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математика мамандықтарының студенттеріне арналған

оқу құралы

Павлодар

Кереку


2012
ӘОЖ 330.322:51-7(075.8)

ҚБЖ 65.261.3 – 56я73

И 63
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті физика – математика және ақпараттық технология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Пікір жазғандар:

А. М. Мубараков – педагогика ғылымдарының докторы, Инновациялық Еуразия университетінің профессоры;

Б. А. Найманов – педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры;

Ю. А. Залюбовская – физика-математика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің доценті.


Ғ. Б. Ахметов

И 63 Инвестициялардың математикалық негіздері : математика

мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы /

Ғ. Б. Ахметов. – Павлодар : Кереку, 2011 . – 124 б.


Инвестицияларды талдау негіздерінде математиканың келесі тараулары: арифметикалық және геометриялық прогрессиялар, жай және күрделі пайыздар, туындылар мен интегралдар, матрицалар мен ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика қолданылатыны көрсетіледі.Оқу құралында қаржы мен нақты инвестицияларды талдау тесттері (екі тілде), тәжірибелік өз бетімен шығарылатын есептер және ағымдағы (межелік пен қорытынды ) бақылаулар, емтихан сұрақтары келтірілді.Бұл оқулық бакалаврларға, қаржы мен сақтандыру салаларындағы қызметкерлерге және оқытушыларға арналады.

ӘОЖ 330.322:51-7(075.8)

ҚБЖ 65.261.3 – 56я73

© Ахметов Ғ. Б.,2011

© С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2011
Материалдың дұрыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе

Қазақстан бұрынғы Советтік республикалардың ең соңғысы

болып,өзінің тәуелсіздігін 1991жылы 16 желтоқсан күні жариялады.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың әрқашанда айтатыны:

«Әуелі экономика, содан кейін саясат».

Экономикалық тәуелсіздіктің фундаменті-мұнай мен газ. 7 мамыр 1992 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен америкалық корпорация «Шеврон» арасында бірлестік ұйымын «Теңізшевройл» құру Хаттамасына қол қойылды және 1 қаңтарынан 1993 жылдың Теңіз бен Король мұнай орындарын дайындауға кірісетін болды. 6 сәуір күні 1993 жылы Алматыда «Достық Үйінде » бірлестік ұйымы Келісімінде «ғасыр контрактысына»:

«Қазақстан»-50% және «Шеврон»-50% қол қойылды. Келісім уақыты – 40 жыл. Инвестицияның жалпы көлемі – 20 млрд. $ [1].

13 қараша 1993 жылы «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта-ақшасы енгізілетіні» указбен халыққа түсіндірілді. 15 қараша 1993 жылы сағат 08.00 ден бүкіл Қазақстан территориясында өзіндік ұлттық валюта – ақша тенге енгізілді. Курсы 500 рубльге 1 тенге тағайындалды.

1994 жыл көптеген аспектыларда үлкен өзгерістер болды. «Президент Меморандумы» қаражатты-кредиттік және банк жүйелеріндегі реформалар түбірлі өзгерістер туғызды.

19 облыс пен 230 аудандарда жүргізілген ең жақсы жағдайлар арқылы 14 облыс пен 169 аудандарға үйлестірілді.

Қазақстан Республикасының бірінші Конституциясы 28 қаңтар күні 1993 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінде жеке-жеке дауыс беру нәгізінде бір ауыздан қабылданды.

1995 жылы 30 тамыз күні бүкілхалықтық референдум жүргізілді, дауыс беру қорытындысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы өмірге келді.

15 қыркүйек 1995 жылы «Қазақстан Республикасының астанасы» туралы Президент указы жарияланды. 20 қыркүйек 1997 жылы Президент указымен «Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласы болып аталынады». Ақмола қаласына 8 қараша 1997 жылы Қазақстан мемлекетінің символдарының эталондары жеткізілді. 10 желтоқсаннан 1997 жылы Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының – астанасы болып аталынады, ал астананың презентациясы 10 маусым 1998 жылы өткізілді. Ақмола қаласы 1998 жылдың 7 мамырынан Астана қаласы және Қазақстан Республикасының астанасы екені - Президент указымен ( 7.05.1998ж. Каз. Правда № 88) бекітілді.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н. Ә. Назарбаевтың сайлау алды (3 сәуір 2011 жыл) бағдарламасында:

Қазақстан әлемдік экономиканың толыққанды және әрі құрметті қатысушысына айналды. Осы 19 жыл уақытында біздің экономикамызға 122 миллиард доллар көлемінде шетелдік инвестициялар тартылды [2].

Қытай мемлекетінен елімізге келген инвестициялардың жалпы көлемі 2010 жылы шамамен 5 миллиард доллар құраған.

Еліміздің «Жер туралы» Заңында ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді шетелдіктерге беру, жалға өткізу шартымен 10 жылға дейін ғана созылады. Ал Қазақстан азаматтары мен заңды тұлғалардың жерді уақытша пайдалануының ұзақ мерзімді құқығы - 5 жылдан 49 жылға дейін, ал 99 жылдық мерзім заңда қарастырылмаған [3].

Туркиядан келген инвесторлар Семей қаласының экономикасын көтеруге арналған Меморандум бойынша 5 миллиард доллар қаржы құюға дайын және келісім 2011 жыл күзінен іске асырылады [4].

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Қаржы орталығы», мемлекеттік грантқа ие бола алмаған талапкерге ақылы түрде оқу үшін мемлекеттің кепілдігімен аталған орталық арқылы несие алуына болады. Талапкердің ҰБТ нәтижесі бойынша көрсеткіші 65 балдан кем болмауы тиіс. Студентке несие әр оқу семестрінде беріледі. Білім несиесін еліміздің екінші деңгейлі банктері: Альянс банкі, Тұран Әлем Банкі және Халық банкі жүзеге асырады.

Оқуын жалғастыру үшін несие алатын студенттің оқу үлгерімі Альянс банкте 65 балдан, Тұран Әлем Банкі және Халық банкінде 55 балдан кем болмауы керек.

Мемлекеттің кепілдігімен берілген кредитті студент оқуды бітіріп, дипломды қолға алғаннан кейін, алты ай өткеннен бастап қайтара бастайды. Несиенің жылдық пайыздық ставкасы (мөлшерлемесі) және өтеу мерзімі әр банкте әртүрлі.

Білім кредиті: Альянс банкте 17 жылға дейінгі мерзімге тұрақты 9 пайыз,Тұран Әлем Банкі 10 жылға дейінгі мерзімге 8 пайыздан жоғары, яғни 13-15 пайызға дейін өзгеріп отырады, ал Халық банкінде 10 жылға дейінгі мерзімге 12 пайыздық мөлшерлемеде несие береді. Қалтасынан қаржы шығындап ақылы оқуға түсуге, жоғары оқу орнында білім алуға мүмкіндігі жоқ, талапты жастарға кредитке білім алу, осылай ұсынылады [5].



1 Инвестициялардың құрылымы және мазмұны
Инвестиция (немісше – Investition, лaтынша – Investio – «киіндіру»-ді көрсетеді), экономика салаларына мемлекетте және шет елдерде, ұзақ мерзімге салынған капитал.

Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 8 қаңтарындағы № 373-11

«Инвестициялар туралы» заңына [6] сәйкес инвестициялар түрлері: Ақшалай қаражат, банктердегі мақсатты салымдар, үлестік жарналар, акциялар, құнды қағаздар, технологиялар, машиналар, құралдандыру, лицензиялар, соның ішінде тауарлар белгілері, несиелер, кезкелген басқадай мүлік немесе мүліктік құқық, білім құндылығы, кәсіпкерлердің объектілерге салымдары, басқа түрлі қызметтердің пайда табу мақсаттары және оң әлеуметтік нәтижеге жетулері анықталады.
1.1 Инвестициялар типологиясы

Инвестиция екі түрде: қаржы және ақиқат.



Қаржы – бағалы қағаздарды сатып алу.

Ақиқат – капиталды салу: өндіріске, ауыл шаруашылығына, құрылысқа және т.б.

Инвестициялар салаларында мүмкіндігінше материалды игілікті игеру үшін, қазіргі жағдайда уақытша бас тарту, ал болашақта қосымша құндылыққа ие болу қажеттілігі қарастырылады.

Құндылықтың өсімшесі немесе пайдасы (әлеуметтік нәтижемен қатар) – инвестициялаудың негізгі мақсаты. Сонымен инвестиция – бұл сатылып алынған материалды нәрселерді игеру, айталық ұзақ мерзімдегі түрі ( автомобиль, қозғалмайтын мүлік, жиһаз және т.б.). Көптеген авторлардың әділ бағалауы арқылы, соңғы жағдайдағы сөз - материалдарды игілікті ұзақ мерзімде тұтыну, бірақта ол инвестициялау емес.

Инвестициялық процесс – бұл инвестициялық процесті жүзеге асыру. Инвестициялар түрлерін қарастыралық.

Инвестициялар типологиясы [7] және [8]- әртүрлі белгілерге топтастырылу бойынша іске асуы мүмкін. Осылайша болуы: активтердің сипаттары, оларды алу үшін салымдар қаражаты, инвестициялық портфельді басқаруға қатысу мінездемесі, жеке меншік иесі; орнына қолдану; тәуекелдік дәрежесі және т.б.

Инвестициялардың суреттелуі: Активтер сипаттамасы, инвестициялық портфельді басқаруға қатысу, меншіктік сипаттамасы, орындарында қолданылуы, тәуекелдік дәрежесі.



Активтер сипаттамасы: Қаржы активтер және қаржы емес активтер.

Қаржы активтер: Нарықтық ақшалай активтер мен нарықтық капитал активтер.

Нарықтық ақшалай активтер: кредиттер, депозиттер, қысқа мерзімдік қаржы инструменттер.

Нарықтық ақшалай активтер: Акциялар, облигациялар, қаржы инструменттерінің туындылары.

Қаржы емес активтер: негізгі капитал, материалды емес активтер, капиталды ремонттар, сатып алынған жер бөлімшелері, ағымдағы материалдық құралдардың өсуі.

Инвестициялық портфельді басқаруға қатысу: тұра, жанама.

Меншіктік сипаттамасы: Мемлекеттік, Жеке, Шетелдік: тұра, портфельді, басқалары.

Орындарында қолданылуы: ішкі (мемлекетте), шетелдерде.

Тәуекелдік дәрежесі: төмен, орта, жоғары.

Суреттелуі: Тұра қаржыландыру:

Сақталынған ақша субъектыларынан инвестор.



Жанама қаржыландыру:

Сақталынған ақша субъектыларынанқаржыны келістіруші (делдал)инвестор.

Инвестицияларды активтердің мінездемелері бойынша қаржы емес және қаржы активтері арқылы бөліктеуге болады.

Инвестициялардың қаржы емес активтерін әдетте нақты инвестициялар деп атайды.

Нақты инвестициялар – бұл активтер салымдарының материалды және материалды емес, кәсіпорнының негізгі капиталының айналымын қалыптастыру.

Материалды активтер өз қаражаттары бойынша берілуімен көрсетіледі, дайын үй, станоктар, материалдық-нәрселерді жабдықтау, дайын продукциялар.

Материалды емес активтер – бұл лицензияның құны, патенттер, тауарлық белгілер, рекламаға шығындану, кадрлар дайындау.

Қаржы активтерінің инвестицияларын финанстық деп атайды.

Финанстық инвестициялар – ақшалай нарықтағы активтер салымдары және нарық капиталдары.

Аталынған активтер ішінен келесілерді бөлуге болады:

қысқамерзімдік финанстық инструменттер, облигациялар, акциялар, фьючерстік финансылар, опциондар және т.б.

Қысқа мерзімдік финанстық инструменттер (олар қысқамерзімдік инвестициялық инструменттер деп аталуы мүмкін) – осы жинақ кассасының есепшоты және депозиттері, депозиттер және жинақ кассасының сертификаттары, қысқамерзімдік векселдер, қысқамерзімдік үкіметтің құнды қағаздары, активтер ұғымымен қосылған ақшалай нарықтар.

Салымдар иелерінің қысқамерзімдік финанстық инструменттері (жалпы жағдайда бір жылдан кем уақыт), қағидалық ереже, уақытша бос қаражатты иемдену, негізгі мақсаттары салыстырмалы уақытта жылдам табыс табу.

Нарық активтерінің ішінен капиталдарды былай бөледі – облигациялар, акциялар, финанстың туынды инструменттері.

Облигациялар-корпорациялардың (классикалық варианттағы ұзақмерзімді) міндеттемелік борыштары, федеральды үкіметтік, жергілікті басқару органдары. Облигацияларға өте жақындылық кажеттілігімен артықшылығы бар акциялар жатады.

Жай акциялар-инвестициялар, акционерлік капиталдың өзіндік құқығын қамтамасыз ету.

Туындылы финанстық инструменттерге жататын фьючерсты финансылар, опциондар, варранттар.

Финанстық фьючерс – бұл болашақта финанстық инструменттерді жеткізетін контракт.

Опцион өзіде контрактыны көрсетеді, болашақта финанс активтерін сатуға немесе сатып алуға құқығы бар.

Варрант – бұл компанияның анықталған сандық акцияларын келісілген бағамен сатып алуға құқығы бар.

Финанс инвестицияларына келесі нақты салымдарды жатқызуға болады (өнімділік емес активтер, өте бағалы металдар, өнер нәрселері, антиквариаттар және т.б.), бағалары өсетініне сенетін.

Инвестициялардың қажетті перспективті түріне өзара пайларының фондыларын сатып алуы жатады. Өзара (пай) қорына финанстық институт кіреді,олар ақша салушылардың ақшасын компаниялардың акцияларын сатып алуға, аралықта табыс келтіруге, осы табыс келешекте пай қорларының араларында бөлінеді. Өзара пай қорының қаралу мүмкіндігі, осы қорға иелік жасайтын, құнды қағаздар портфелінің бөліктік құқығы.

Инвестициялардың негізгі түріне қозғалмайтын мүлікке ақша салу жатады . Берілген инвестициялар орындалуы мүмкін алып-сатарлық мақсатта немесе мақсатты түрде табыстар алынса жеке меншікті басқарудан. Нақты (ақиқат) инвестициялармен тығыз байланысты финанстық инвестициялар. Мысалы, инвестор - салым иесі, өндіріс акциясын сатып алса, ол финанстық инвестиция жасаған болады. Өнеркәсіп орнының, сатқан акцияларының қаражатын бағыттаса (жұмсаса), жаңа жабдықтар сатып алуға, онда нақты инвестиция жүргізіледі.

Кәсіпке капитал салушы және инвестициялауы тұра және жанама түрде болады. Тұра инвестициялау процесінде салым иесі өз қаражатымен бір іске қатысуға міндетті. Компанияның акциясын алғаннан кейін оларды әрі қарай биржада қайта сататын болса, онда А – азаматы тұра инвестиция жасайды. Егер осы азамат инвестициялық пайлық қорынан пай алса, онда ол жанама инвестиция жасайды, осы жағдайда қор мамандары салынған қаражат бағытын нақты анықтайды.

Шетел инвестицияларын қарастыралық, оларды тұра, портфельділер және басқалар деп бөлуге болады.

Тұра шетел инвестициялары – бұл инвестициялар, адамдар жасаған, акционерлік капиталы 10 % ( кем емес) бақылаушылар немесе өндірістің толық иелері. Тұра инвестициялар құрамына уставты капиталға жарна төлеу (материалды, материалды емес активтер, ақшалай қаражат), финансылық лизинг, несиелер, өнеркәсіптерге шетелдіктермен бірлесіп қожалық етушілер.

Портфельді шетелдік инвестицияларға байланысты салымдардағы акцияларды сатып алуға, өнеркәсіптерді басқаруға құқықтары берілмеген және жалпы акционерлік капиталы 10 % кем болса, сонымен қатар облигациялар, векселдер және басқадай борышты құнды қағаздар иелері бола алады.

Қалған шетелдік инвестициялар өздерінше саудалық несиелерді көрсетеді, халықаралық финанстық ұйымдардан алынған, Қазақстан Республикасының үкіметінің грантымен шетел мемлекеттерінің үкіметтерінен алынған несиелер, банктік салымдар (жекеменшіктік счеттар дипломатиялық уәкіл емес Ресей банктарында) және т.б.

Сақталынған ақша инвестициялардың көзі болып саналады. Субъектілерден ауыспалылық қаражат процестерін, сақтауды реттеуші, қарыз алушынының өзін қаржыландыру деп атайды.

Финанстық инвестицияның дәл осындай екі түрі бар – тұра және жанама.

Тұра финансылау - бұл ауыспалы каналдардың жиынының ақшалай қаражаты жеке меншік иесінен заем (қарыз) алушыға берілуі.

Тұра финансылау түрлері – капитал және заем.

Капиталды финансылау - бұл қаржыны алу жеке меншіктік үлеске айырбастау құқығының бөлігі.Осы финансылаудың негізгі түрі – акциялар шығару.

Заемды финансылау – бұл қаржыны тарту, айырбастау міндеттемесі бойынша оларға пайыз қайтару (облигациялар шығару, несиелер тарту және т.б.).

Жанама финансылау - бұл финансылау инвестициялық процесті финансылық делдал (келістіруші) адамдармен жасау. Осы жағдайда делдал көмегімен ақша тартылады (банктер, сақтандыру компаниялары, пенсиялық қорлар, өзаралық қорлар, инвестициялық компаниялар), тартылған қаржыны, белгіленген объектілерге жұмсайды. Осылайша, нақты инвестициялар айтарлықтай масштабта финансылық инвестициясыз алынбаулары мүмкін,өз кезегінде тұра инвестициялар жанама инвестициялардың болуын керек етеді.
1.2 Ұлттық есеп-шот жүйесіндегі сақталынған ақша, қорлану және инвестициялар

Инвестиция негізіне, жоғарыда ескертілгендей, сақталынған ақша жатады. Инвестиция процесінде қор жинақталады.

Жалпы ұлттық және таза ұлттық қорлану ұғымдарын ажырата танып білу қажет.

Жалпы ұлттық сақталынған ақша - бұл ұлттық шаруашылықтағы жеке секторлардың барлығының қосындысының қоры. Өз кезегінде айқындалған сектордағы жалпы сақталынған қор – бұл ағымдағы табыстылықтың сомасынан және ағымдағы шығындар сомасының айырымы арқылы көрсетіледі. Жалпы қорлану ұсталымына негізгі капитал енгізіледі.

Егер жалпы ұлттық қордан тұтынатын негізгі капиталды алып тастаса, онда таза ұлттық сақталынған қорды аламыз.

Сақталынған ақша – бұл қаржы инвестициясының көзі.

Таза қорлану тең болады жалпыға, егер жалпы қордан негізгі тұтыну капиталының шамасына азайтылса:

1) жалпы қорлануға енгізіледі;

2) негізгі фондтардың жалпы қорлары;

3) материалдық айналымдағы қаржы өсімі;

4) таза бағаларды сатып алу.

Нарық капиталы және пайыз [9]:

№ 2. Өндіріс факторларының нарықтықтағы капиталға сұранысы не?

А) ақшаға сұраныс?

Б) физикалық капиталға сұраныс?

Жауабы –Б ( инвестициялық ресурс ақшадай түрінде).

№ 4. Жалпы капитал неліктен сұраныспен қолданылады?

Жауабы (табыс әкеледі, ол өндіруші).

№ 28. Сіз 10 млн теңге көлемінде ақшалай соманы банкке бір жылдық 20 % мөлшерлемемен салдыңыз.1 жылдан кейін Сіз 1,2 млн теңге алдыңыз. Егер инфлияция шапшаңдығы осы уақыт периодында 22 % құраса, Сіздің ақшаңыздың қалай салынуы ұтымды екенін бағалаңыз?

Жауабы (20 % -22 % = -2 %, тиімсіз).

№ 29. Сіз - банк ұжымын басқарасыз және бір фирмаға жылдық мөлшерлеме 70% есебімен несие беру туралы шешімге келдіңіз. Инфлияцияның елдегі шапшаңдығы 120 %. (Жауабы: - 50 %).

№ 34. Инвестицияның шын мәнінде кіріс күтілім нормасы 7 %, ал нарықтық пайыздағы мөлшерлеме 12 %. Инфлияцияның жылдық шапшаңдығы 7 % мөлшерлемеде. Қазіргі инфлияция өз жобасын жүзеге асыра алама?

Жауабы (12 % -7 % =5 %, Жобаның капиталдық сомасы жүзеге асады).

№ 40. Сіз зейнетақы қорына қанша ақша сомасын салар едіңіз, зейнетке шыққан соң жыл сайынғы табысыңыз 80 мың тенге көлемінде өміріңіздің соңына дейін жететіндей ақша алатын болсаңыз және де пайыздық мөлшерлеме 20 % ?

Жауабы (400 мың т.).


2 Облигацияларды талдау
Үлкен корпорацияға (Самұрық-Қазына) 400 – 500 млрд тенге қаржы керек, оны бірде – бір қаржылық компания толығымен бере алмайды. Қаражат көптеген инвесторлардан алынуы керек. Корпорация көптеген инвесторлар үшін, күні бұрын көпмөлшерде контрактылар (құнды қағаздарда), әр қайсысында алынған заем (қарыз), қарыздың төлену уақыты, пайыздың нормасы, компанияның шарты және кепілдігі көрсетіледі. Осындай контрактыны облигация деп атайды. Облигациялар: көрсетулі (облигация біреуден басқаға берілуі), иесі аталған (басқаға берілуі корпорация рұқсатымен) болады. Сонымен облигация иесі алданудан немесе облигация жоғалуынан сақтандырылған. Көптеген облигация иелері көрсетілген уақыттарда купондары арқылы ақшаны банкіден алуына болады.Облигация иелеріне пошта арқылы пайыздар төленіледі. Облигацияда көрсетілген ақша оның номиналы деп аталынады. Ол 5 миллионнан 50 миллион тенгеге дейін болулары мүмкін. Сатып алыну уақыты және облигация бағасы облигацияның номиналына жуық.

Шақырылатын облигациялар болады. Егер облигация 15жылдық болса, онда 10 жылдан кейін шақырылуы мүмкін.

Оларға сыйлық төленіледі (мысалы -105 %).
2.1 Облигациялар типологиясы (ара қатынасты көрсететін жіктеу)

Қазақстан Үкіметінің сырттан алынған қарызы үшін 4-рет халықаралық суверенді облигациялар: үш жылдық (1996), бес жылдық (1997), бес жылдық (1999), жеті жылдық (2000) шығарылды

[1, 234 б.].

«Халықтық IPO» (Ай-Пи-О, Initial Public Offering) - бұл бірінші акцияларды орналастыру–«первичное размещение акций» 2012 жылдан жүзеге аса бастайды.

«Самұрық-Қазына» фонды 2012 жылы (II - III кварталдарда)

Бірінші топқа әзір компаниялар ретінде «Қазтрансойл» , «КЕGОC» және «Эйр Астана» аталынды, себебі олардың нарықтағы тәуекелі аз.

Екінші топқа кезекте 2013 жылы «ҚазТрансГаз», «ҚазТеңізТрансФлот», «Самұрық - Энерго» компаниялары тұр.

Ал үшінші топтағы кезекте 2014 -2015 жылдары «Қазақстан темір жолы», «ҚазТемірТранс» компаниялары бар.

2015 жылдан кейін «ҚазМұнайГаз» бен «ҚазАтом Өнеркәсіп» компанияларының акцияларын халыққа ұсыну мүмкіндіктері қарастырылмақшы. Соңғы екі компанияның акциялық құны әлемдік құбылмалы бағаға тәуелді, яғни тәуекелі өте жоғары компаниялар.

Қазіргі кездегі жұртшылық тарапынан:

инвестициялануға сұраныс үшін 100 - 200 миллион доллар,

ал зейнетақы қорларына сұраныс 200 – 300 миллион доллар құрады.

Қазақстан Республикасының – «алтын – валюталық қоры » 58,9 миллиард долларды құрады.

Облигация – оны ұстаушыларға заем беретінін хабарлайтын, құнды қағаз, қарыздық міндеттемесіне пайыз келтіретін. Облигациялар типологиясының көптеген белгілерін ескеретін, олардың классификациясында көрсетілген.

Облигациялар: Имитент сипаттамасы, Өтеу әдісі, Айналымдағы мерзімі, Қамтамасыз ету сипаттамасы, Орналастыру сипаттамасы.

Имитент сипаттамасы: мемлекеттік, муниципалдық, корпоративтік.

Өтеу әдісі: Жедел (жалғыз өтеу уақыты), Тез (жедел) кері шақыру имитент құқығы, инвестордың ұзақ мерзімдегі өтеу құқығы, өтеу фондыны міндеттемелі құрастыру, сериялылық.

Айналымдағы мерзім: Қысқа мерзім (1-5 ж.), орта мерзім (5-12 ж.), ұзақ мерзім (12 ден жоғары).

Қамтамасыз ету сипаттамасы: қамсыздандырылған, қамтамасыз етілмеген.

Орналастыру сипаттамасы: көпшілікке орналастыру,

жеке орналастыру.



2.2 Облигациялардың негізгі сипаттамалары

Облигациялар курсында – нарықтық P -бағасының облигацияның N- номиналына қатынасы пайызбен өрнектеледі:


K=.

Облигациялар рейтингі олардың сенімділігімен сипатталады 1-кесте.


1-кесте – корпоративты облигациялардың рейтингі

Moodys

S&P

Fitch

D&P

Облигациялар мінездемесі

1

2

3

4

5

Инвестициялық деңгейі – ең жоғары кредиттік құндылығы

Ааа

Аа1


ААА

АА+


ААА

АА+


ААА

АА+


Өте сапалы, максималды сенімді

Аа2

Аа3


АА

АА-


АА

АА-


АА

АА-


Өте жоғары деңгейде, биіктігі сапалы

А1

А2

А3



А+
А-

А+

А

А-



А+

А

А-



Деңгейі

ортадан


жоғары

Ваа1

Ваа2


Ваа3

ВВВ+

ВВВ


ВВВ-

ВВВ+

ВВВ


ВВВ-

ВВВ+

ВВВ


ВВВ-

Деңгейі

ортадан


кіші

Спекулятивті деңгейі белгілі, кредиттік құндылығы төмен

Ва1

Ва2


Ва3

ВВ+

ВВ+

ВВ+

Спекулятивті деңгейі төмен

В1

В2

В3




В+

В

В-



В+

В

В-



В+

В

В-



Жоғары спекулятивті

Саа

ССС+

ССС


ССС-

ССС

ССС

елеулі тәуекелдік, әлсіз күй

1-кестенің жалғасы

1

2

3

4

5




Са

С


СС

С


СС

С





Төлеуден бас тартуы мүмкін, өте спекулятивті




С1







Облигация табысты, пайыз төленбейді




D

DDD

DD

D



DD

Dефолт (төлеуден бас тартады)

Америкада корпоративті облигациялар рейтингі келтірілген төрт негізгі рейтингтік агентствалары арқылы анықталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет