БұҰ азаптаудың алдын алу бойынша сарапшылары Қазақстанды тұтқындардың оңалуына көңіл бөлуге шақырады



жүктеу 30.38 Kb.
Дата11.10.2017
өлшемі30.38 Kb.



БҰҰ азаптаудың алдын алу бойынша сарапшылары Қазақстанды

тұтқындардың оңалуына көңіл бөлуге шақырады
ЖЕНЕВА (3 қазан, 2016) - БҰҰ азаптаудың алдын алу бойынша органы, тұтқындарды азаптаудан және басқа да намысын қорлайтын әрекеттерден қорғау шаралары шеңберінде, Қазақстанды тұтқындарды жазлауға емес, олардың оңалуына көңіл бөлуге шақырды.
Аталған үндеу азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитеттің алғашқы сапарының соңында, делегация Қазақстан үкіметіне өздерінің құпия, алдын ала дайындалған ескертпелерін жариялау барысында айтылды.

«Біз, Қазақстанда бостандығынан айырылған адамдар санының айтарлықтай қысқарғандығын және тұтқындардың өмір сүру жағдайлары жақсарғандығын атап өткіміз келеді, алайда түрме жүйесі оңалу мен реинтеграцияға қарағанда, шекетулер мен жазалауды асыра бағалауда», деді азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет делегациясының басшысы Виктор Захария.

«Біз, құжаттар мен ақпараттардың, бостандықтан айыру орындарына кіру рұқсатының уақыты ұсынылғандығын және аталған орындарда тұтқындармен жеке әңгімелесу мүмкіндігі берілгендігін құптаймыз» деді Захария мырза.

Қазақстанға, қыркүйектің 20-29 аралығында келген Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет, Ұлттық алдын-алу мехнизмі (ҰАМ) ретінде белгілі, тәуелсіз бақылаушы органға осындай рұқсаттың берілуінің маңыздылығын атап көрсетті.


«Бостандықтан айыру орындарына кіруге рұқсат ҰАМ тиімділігінің және сәйкесінше, азаптау мен тұтқындарға зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алудың негізі» деді Захария мырза
Қазақстанға 10 күндік сапарлары барысында сарапшылар түрме, лагерь, уақытша қамауға алу орындары, полиция бөлімшелері, гауптвахталар, оңалту орталықтары, психиятриялық және сот-медициналық орталықтар және басқа да бостандықтан айыру орындарына барды.
Делегация мүшелері құқық қорғау органдары қызметкерлерімен, медицина қызметкерлерімен және тұтқындармен жеке, құпия сұхбат жүргізді. Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет делегациясы, сонымен қаттар шенеуніктер мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп, үкімет Ұлттық алдын-алу мехнизмі ретінде тағайындаған, Қазақстан Республикасы адам құқықтары бойынша комиссармен келіссөздер өткізді.

Сапар қорытындылары бойынша, азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет тұтқындарды азаптау мен зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу бойынша ескертпелері мен ұсыныстары бар құпия баяндаманы Қазақстан Үкіметіне ұсынатын болады. Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет барлық мемлекеттерге, соның ішінде Қазақстанға да аталған баяндаманы жариялауды ұсынуда.

Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет құрамы: Виктор Захария (делегация басшысы), Арман Даниелян, Мария Дефинис-Гоянович және Пол Лам Шанг Лин.
СОҢЫ
БАҚ сауалдары мен қосымша ақпарат үшін: Армен Аветисян : +41 22 917 9227/ aavetisyan@ohchr.org немесе Лиз Троссел +41 22 917 9466 / ethrossell@ohchr.org
Негіздеме:
Азаптаудың Алдын-алу бойынша Хаттама, бүгінгі күні 82 мемелекетпен қабылданған. Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет өзінің ұсыныстары мен ескертпелерін Мемлекеттерге, қажет болған жағдайда ҰАМ, құпия баяндама түрінде ұсынылады. Алайда, Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет аталған баяндамалардың жариялануын қолдайды. Азаптаудың алдын алу бойынша Ішкі-Комитет 25 тәуелсіз және бейтарап сарапшыдан құралған. Ішкі-Комитет мандаты бойынша қосымша ақпарат: http://www.ohchr.org/EN/HRBodies/OPCAT/Pages/OPCATIndex.aspx

Жаңалықтарға арналған сайттар мен әлеуметтік медия үшін: Біздің мультимедиялық контент және негізгі жаңалықтар төменде көрсетілген БҰҰ Адам Құқықтары бойынша әлеуметтік медия каналдарында қол жетімді.

Twitter: @UNHumanRights

Facebook: unitednationshumanrights

Instagram: unitednationshumanrights

Google+: unitednationshumanrights



Office of the High Commissioner for Human Rights www.ohchr.org

Palais des Nations Email: press-info@ohchr.org

CH-1211 Geneva 10 Tel: +41 22 917 9310



Switzerland Tel: +41 22 917 9383



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет