Б. Б. Жахина тіл дамытуға арналған жаттығулар (лексика тарауы бойынша) Алматы Білім



жүктеу 0.78 Mb.
бет1/4
Дата02.12.2017
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4



Б. Б. Жахина


ТІЛ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

ЖАТТЫҒУЛАР

(лексика тарауы бойынша)

Алматы

Білім

2002

ББК 81(5каз) я73

Ж 12

Пікір жазған:
Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ғылым қайраткері,

филология ғылымдарының докторы, профессор Н. Оралбаева


Жахина Б. Б.

Ж 12 Тіл дамытуға арналған жаттығулар (лексика тарауы

бойынша). - Алматы: "Білім", 2002. - 64 бет.
Еңбекте мектепте өтілетін лексикалық такырыптармен байланыста тіл дамыту жұмыстарына арналған жаттығулар

жүйесі берілді.

Мектеп мұғалімдері мен студенттерге арналған.

Ж 4300200000-043

412 (05) жарияланб. ББК 81(5 каз) я 73

ISBN 9965-09-031-9 © Жахина Б., 2002

© "Білім", 2002

МАЗМҰНЫ
Алғы сөз
I. Лексикалық тақырыптарды оқытумен оқушы тілін

дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар


    1. . "Сөз және оның мағынасы" тақырыбына байланысты

тіл дамытуға арналған жаттығулар

1.2. "Сөздің тура және ауыспалы мағынасына" байланысты

тіл дамытуға арналған жаттығулар

1.3. "Көп мағыналы сөздер" тақырыбына байланысты тіл

дамытуға арналған жаттығулар

1.4. "Омоним" тақырыбына байланысты тіл дамытуға арналған

жаттығулар

1.5. "Синоним" тақырыбын оқытуга байланысты тіл

дамытуға арналған жаттығулар

1.6. "Антоним" тақырыбына байланысты тіл дамытуға арналған

жаттығулар
II. Лексикалық тақырыптармен байланысты оқушылардың

өзіндік шығармаларын дамытуға бағытталған жаттығулар

және оған қысқаша әдістемелік нұскау

    1. Лексикалық тақырыптардың синтаксиспен, стилистикамен

байланысын көрсететін ойын жаттығулары

2.2. Лексикалық тақырыптардың фонетикамен байланысын көрсететін

ойын жаттығулары

2.3. Лексикалық перфокарталар мен лексикалық сызғыш
III. Лексикадан алған білімін тексеруге арналған бақылау

жаттығулар

3.1. Еркін диктантқа арналған мәтіндер. Әрі оны жүргізудің әдістемесі

бойынша қысқаша нұсқа

АЛҒЫ СӨЗ
Қандай да бір сабақ түрінің мақсатына жетуі, тілдік тақырыптың мән-мазмұнының жан-жақты ашылуы жаттығу түрлерінің ұтымды әрі қызықты ұйымдастырылуына байланысты.

Көрнекті әдіскер профессор А.В. Текучев жаттығу әдісі жайында "Методика преподаваний русского языка в средней школе" деп аталатын еңбегінде: "Жаттығуды грамматикадан өтілген теориялық материалды түсіндіруді сипаттайтын әдіс деп қарауға болмайды, ол тілден ұйымдастырылған сабақтың қажетті бөлімі және айырып қарауға келмейтін тарауы. Егер орыс тілін окытуда жаттығуларды қолданбай білім беретін болса, ол өмірден, практикадан нақтылы тілдік материалдардан қол үзген кұрғақ теориялар болып шыққан болар еді", - дейді.

Әдіскер ғалымдар М. Т. Баранов, А. Р. Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына тоқтала келіп, лексиканы оқытумен байланысты жүргізілетін жаттығу түрлерін сөздік және лексикалық жаттығулар деп екіге бөледі. "Сөздік және лексикалық жаттығулар бір-бірімен тығыз байланысты, кей жағдайда оларды бір-бірінен айыру қиыншылық тудырады, өйткені екеуінін де негізі сөзбен жұмыс жасау болады" дей келіп лексикалық жаттығуларға лексикадан алған білімді бекітіп, осы негізде лексикалық іскерлікті қалыптастыру үшін жүргізілетін, "синонимдерді", "антонимдерді" талдауға арналған жаттығулар жүйесін жатқызады.

Ал сөздік жаттығуларға тілді сезінумен, сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуімен тығыз байланысты сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Негізінен сөздік жаттығулар оқушылардың сөздік қорының молаюына сөз мәнін түсініп, орынды қолдана білуіне жағдай жасайды.

Осыған орай, 5-сыныпта лексикалық тақырыптарды оқыту-мен байланысты тіл дамытуға арналған жаттығу түрлерін жинастыруда, әрі оны топтастыруда мына жағдайлар мақсат етілді:

а) 5 сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, жаттығу жұмыстарын түрлендіру;

ә) тіл дамытуға арналған жаттығу жұмыстарының мақсатын комплексті турде қою. Әрі тіл дамытуға арналған жаттығулар

3

жүйесін жинақтауда жаттығу жұмыстарына қойылатын негізгі талаптарды басшылыққа алу;



Олар:

1. Жаттығу мәтінінің оқушының жас ерекшелігіне сай келуі;

2. Жаттығу мәтінінің тәрбиелік мәні болуы;

3. Жаттығуда берілген тілдік тапсырманың айқындығы;

4. Лексикалық тақырыптың грамматикамен байланыстылығы;

5. Лексикалық такырыптың тіл дамытумен байланыстылығы. Сонымен қатар, жинақталған бұл жаттығу түрлері мақсат пен мазмұнына қарай 3 топқа бөлінеді.

1. Лексикалық такырыптарды бекіту мен оқушы тілін дамытуға бағытталған тақырыптық жаттығулар;

2. Меңгерілген лексикалық тақырыптарға байланысты оқушылардың өзіндік шығармашылығын ұштауға бағытталған жаттығулар;

3. Лексикадан алған білімін тексеруге бағытталған бақылау жаттығулар.

Бірінші топтағы жаттығулар лексикалық тақырыптарға қатысына карай бөлінсе, екінші топтағы жаттығуларға ойын жаттығулары, лексикалық перфокарта, лексикалық сызғыш және суретпен жұмыс жатқызылады. Ал, үшінші топтағы жаттығулар қатарына еркін диктант, тілдік тапсырмасы бар мазмұндама, тілдік тапсырмасы бар шығарма топтастырылды.

Қорыта келгенде, жаттығудың шығармашылык, түрін пайдалана білу — оқушының ой-ерісін кеңейтіп, пәнге қызығуы мен кұлшынысын арттырады. Әрі тіл байлықтарын арттырып, сөйлеу шеберліктерін қалыптастырып, ұстаз бен шәкірттің шығармашылык, ынтымақтастығы шындала түседі. Оқушылардың оқу еңбегін, білім алу жолындағы өздігінен атқаратын жұмыстарын тиімді ұйымдастырудың жолдары кеңейіп, тың мүмкіндіктері ашылады.

Бәрия Жахина

Ш. Ш. Уәлиханов

атындагы Көкшетау

мемлекеттік университетінің

қазақ тілі кафедрасының

меңгерушісі, ғылым кандидаты.

I. ЛЕКСИКАЛЫҚ ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУМЕН ОҚУШЫ

ТІЛІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
1.1"Сөз және оның мағынасы" тақырыбына байланысты тіл дамытуға арналған жаттығулар

1-жаттығу


Мақсаты: 1. Төмендегі сөздердің қандай ұғымның атауы екендігін

атап шығыңдар.



Адам, ел, топырақ, өлу, жаңбыр, ал, көл, әдемі, сары, ала, он уш жарым, еңбек.

2. Ел, еңбек, әдемі сөздерін қатыстырып, сөйлем құраңдар, осы сөздердің байланысқа түскендегі мағынасына көңіл бөліңдер.
2-жаттығу
Мақсаты: 1. Берілген қимылдық мағынаны білдіріп тұрған сөздерді тиісті орнына қойып, сөйлемді аяқтаңдар.

а) Оқушылар мектепте жауады.

ә) Қыста қар жиі оқиды, жазады.

б) Жазда балалар өзеңге көмектеседі.

в) Күзде балалар егінге шомылады.

2. Сөздердің тіркесуі айтайын деген ойға әсер ете ме?

3. Қимылдық, іс-әрекеттік ұғымды білдіретін сөздер қандай сөз тобына жатады?


3-жаттығу
Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдегі сөздердің лексикалық әрі грамматикалық мағынасын ажыратыңдар.

а) Көктем шығып, жер көгере бастаган.

ә) Інім әдетінше мектептен келді.

б) Сөмкесін лақтырып тастады.

в) Козы-лақтарды өзеннің жағасына бағуға айдап әкетті.

2. Мектептен, шығып сөздерінен басқа грамматикалық мағынаға айналдырып, сөйлем құраңдар.

5

4-жаттығу


Мақсаты: 1. Төмендегі сөзжұмбақты дұрыс шешіндер.

2. Табылған сөз бойынша грамматикалық байланысқа түсіріп сөйлем кұраңдар.



а) ? Қай малдың аты, қай ыдыс аты ш-дан басталып, ш-ға аяқталады ? ә) Ж-дан басталса, жыл мезгілі, Қ-дан басталса, құс белгілі, ол қай сөздер ?
5-жаттығу
Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдерден заттық ұғымды білдіретін сөздерді теріп жазындар.

2. Мағынасын түсіндіріндер.



а) Папасы иесі ұсынған кушікті Жәмиланың қолына ұстатты.

ә) Мұндайда қуанбағанда ше? б) Бірақ Жамиланың қуанышы көпке бармады. в) Папасының айтқаны келді. г) Мамасы бұларды ренішпен қарсы алды.
6-жаттығу
Мақсаты: 1. Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрандар. Сөздің жеке тұрғандағы мағынасы мен сөйлем құрамында тұрғандағы мағынасына көңіл аударыңдар.

Адам. Еңбек. Оқушы. Жақсы. Жасыл. Зерек. Оқы. Ұнат. Істе.
7-жаттығу
Мақсаты: 1. Берілген сөзжұмбақты дұрыс шешіңдер.
Көп сөздерде естілсе де,

Үш-ақ, сөзде жазылады.

Ол қай әріп?

(щ, ащы, тұщы, кеще).
2. Сол үш сөз бойынша үш сөйлем кұрандар және ол үш сөздің қандай ұғымның атауы екендігін түсіндіріндер.

6

8-жаттығу


Мақсаты: 1. Берілген жаңылтпаш мәтінінен сындық ұғымды білдіріп тұрған сөзді табыңдар;

2. Тіркесіп тұрған сөзімен бөлек жазындар.


Қарамайлы қарағайды

Кесейін бе, кеспейін бе?

Қазықтагы қара тайды

Шешейін бе, шешпейін бе?

"Ақ сандық, көк сандық"
3. Жаңылтпашты орфоэпиялык, норманы сақтай отырып, жатқа айтыңдар.

9-жаттығу


Мақсаты: 1. Берілген дыбыстарға тиісті дыбыстар қосып, буын құрап, сөз жасандар.

а) С, т, қ - Үлгі: ас, ат, ақ;

ә) қ, л, б -

б) м, ш, н —

в) м, к, т —

2. Жасалған сөздердің қандай ұғымның атауы екендігін атаңдар.
10-жаттығу
Мақсаты: I. Берілген сөйлемдердің мазмұнына көңіл аударып,

әрдайым естеріңде сақтандар.

2. Сөйлемдегі сөздердің мағынасына көңіл аударындар.
Ұл балаға кеңес
а) Құр ерге мінбе. ә) Тоқымды төсенбе. б) Жыңғылмен ат қамшылама. в) Үйде ысқырма. г) Үйдегі жан санын санама. д) Тізеңді құшақтама. ж) Табаныңды тартпа.

7

11-жаттығу


Мақсаты: 1. Берілген сөздердің басқы дыбыстарын алмастыру арқылы бірнеше сөз жасандар;

2. Дыбыс алмасудың сөз мағынасына әсері қандай?



а) бал, тал, ...

ә) қала, ...

б) шана,...

в) тақ, ...

3. Кез келген дыбыстың тіркесі сөз жасай ала ма?


12-жаттығу
Мақсаты: 1. Берілген сөздердің соңғы дыбысына

байланысты сөздер тізбегін жасандар.

2. Әрі олардан сөз тіркесін жасаңдар.
Үлгі: ойла, ат, тара.

Әжеңді ойла, қасқырды ат, шашыңды тара;

бақыт,

сана,

үйрен,

өнім.
13-жаттығу
Мақсаты: 1. Төмендегі мысалдардағы әріптердің орны қалай ауысқан? Бір сөздегі бір әріптің ауысуы сөз мағынасына, сөйлемдегі айтайын деген ойға әсер ете ме?
Бұрыс па, әлде дұрыс па?

1. Қыз түсті, тырналар жылы жаққа ұшты.

2. Ешкі егіз бақ тапты.

3. Малалар оны кутіп бақты.

4. Марат мамасы берген тамақты жем алды.
14-жаттығу
Мақсаты: 1. Көп нүктенің орнына төмендегі қажетті сөздерді койып, сөйлемді көшіріңдер.

8

2. Ол сөздер қандай ұғымның атауы екендігін айтыңдар.



а) Мұғалім класқа ... . ә) Оқушылар орындарынан ... . сәлемдесті.

б) Мұгалім жаңа сабақ.... в) Балалар оны ынтамен.... Керекті сөздер: тыңдады, тұрып, тусіндірді, кірді.
15-жаттығу
Мақсаты: 1. Жұмбақтарды мәнерлер оқып, шешуін табындар.

2. Асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндіріндер.


а) Жылт-жылт еткен,

Жырадан өткен.

(су)
ә) Үлкен-улкен туйені,

Тастапты атам шөгеріп.

Өркеші бұятқа тиеді,

Бауыры жатыр көгеріп.

(тау) "Ақ сандық, көк сандық"


    1. Жұмбақты жаттап алындар.

16-жаттығу


Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдердің мазмұнын ұғып алыңдар,

ондағы айтылған ойды әдетке айналдырындар.


Қыздарға кеңес
1. Үйге сыртыңмен кірме. 2. Әке-шешеңнің төсегіне отырма. 3. Төрге отырма. 4. Жай сөйле. 5. Жастықты аяғыңмен баспа.

2. Сөйлемдегі сөздердің лексикалық әрі грамматикалық мағынасын айыра біліндер.
17-жаттығу
Мақсаты: 1. Мына сөзжұмбакты дұрыс шешіп, шешілген сөз бойынша соны сипаттайтын бірнеше сөйлем құрындар.

9

Бірінші буыны жіңішке, езулік.



Екінші буыны есімдік.

Тұтасымен алғанда,

Ол ағаш тым берік.

Бұл не?

(Емен)


  1. Буын түрлерін атаңдар.

18-жаттығу


Мақсаты: 1. Әр сөзі "е" әрпінен басталатын үш сөзден тұратын

еңбек туралы бір мақал:



Е... е... е...

2. Әр сөзі "б" әрпінен басталатын, төрт сөзден тұратын адамның

қасиеттері туралы бір мақал тауып жазындар:



Б... б... б... б...

3. Мақалдың маңызын түсініп, жаттап алындар.


19-жаттығу
Мақсаты: 1. Берілген жаңылтпаш мәтініндегі асты сызылған

сөздердің мағынасын дұрыс түсініп, орфографиялық ережеге сай

дұрыс жазындар.

а) Басшы асшыға: "Есік ашшы", -десе,

Асшы басшыға: "Тұздығы ашшы", - депті.

ә) Шүрегей суңгігіш пе?

Сүңгуір сүңгүгуш пе?


  1. Жаңылтпашты жаттап алып, орфоэпиялық нормаға сай

айтып шығындар.
20-жаттығу
Мақсаты: 1. Әр сөзі "к" әрпінен басталатын екі сөзден құралған

тәлім-тәрбие туралы бір макал:



К... к...

2. Әр сөзі "ж" әрпінен басталатын үш сөзден тұратын ерлік, батырлық

туралы бір мақал тауып жазындар.



Ж...ж...ж

10

Сөз және оның мағынасына арналған



жаттығулар жүйесі
21-жаттығу
Мақсаты: Мәтіндегі асты сызылған сөздердің қандай мағынада қолданылып тұрғанын түсіндір.
1. Өзіңнен кішілерге бас бол.

2. Кентау қаласын кеңнің журегі деуге болады.

3. Солтүстіктен соққан жел күшейе түсті.

4. Қан сонарда бүркітші шығады аңға.

Тастан түлкі табылар андығанға.

5. Көз — көңілдің айнасы.


22-жаттығу
Мақсаты: Төмендегі мысалдардағы әріптердің орны қалай ауысқан. Бір сөздегі бір әріптің ауысуы сөз мағынасына әсер ете ме?

Қыз түсіп, құстар жылы таққа ұшты. Қыс жолындағы домбырасын құрбысына ұсынды. Сыйға тый, сыраға бал. Мына дәнді бәріне тең көл! — деді.


23-жаттығу
Мақсаты: Мәтіннен жеке тұрып, белгілі бір ұғымды білдіретін сөздерді бір бөлек, ұғымды білдіре алмайтын сөздерді бір бөлек теріп жазындар.

Аздан соң Оспанды ертіп Тәкежанның үйінен Абай аттанғанда, күн кешкіріп, екіндіге тақап қалған екен. Екі туысқан кешкі қоналқыда қайда боларын шешпесе де, атқа мінісіп, өлкені, өзенді бойлады. Осылайша атқа мініп, оралып қайтуын Оспан тілеген соң, бағанағы сөзін айтар деп, Абай үндемей ерген-ді. Бірақ бұл жүрісте де Оспан сөзін бастағанша көлденең бір жай олардың келесі сөзінің арасына түсіп кетті.


Алғашқы екі сөйлемді сөйлем мушелеріне талда.

11

24-жаттығу



Мақсаты: Мәтіндегі деректі мағынадағы сөздерді бір бөлек, дерексіз мағынадағы сөздерді бір бөлек айырып жазып, олардың бір-бірінен ерекшелігін көрсетіңіз.

Біреудің айлап-жылдап тындыра алмай жүрген шаруасын енді біреу табан астында тындырып жүре береді. Қашанда болсын әділ жол - ұзақ жол, айлалы жол - қысқа жол. Мәлік Жұсанов комбинат жетекшілеріне сөзін өткізді. "Көрші зауытқа көмектесе тұрайық, онда не тұр, бәріміздің мүддеміз ортақ" дегенді айтып, ақырында, әйтеуір, Әлмен уақытша келісім жасасып, екі бөлмелі пәтер беруге бұл еркіндік алды. Бұдан кейін Құндыз өзінің тіршілікке ширақтығын көрсетіп, жатпай-тұрмай іске кірісті.


25-жаттығу
Мақсаты: Төмендегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарына талдау жасап, сөз мағынасының бұл екі түрінің бір-бірінен айырмасын көрсетіңіз.

Барлығы дабырласып далаға беттеді. Жатар алдында таза

ауада жүріп кайтпақ болып, үлкендер де ере шықты. Балаларын машинаға отырғызып, олар көше айналып көрінбей кеткенше, әке-шешесі сондарынан қарап тұрды.
1.2. "Сөздің тура және ауыспалы мағынасына"

байланысты тіл дамытуға арналған жаттығулар
1-жаттыгу
Мақсаты: а) Төмендегі мақалдарды аяқтап, қандай мағына беретінін айтындар.

ә) Ауыспалы мағынада қолданылатын сөздің тура мағынасына мысал келтіріндер.



1. Кітап білім... (бұлагы).

2. Байлықтың атасы... (еңбек).

3. Ат адамның ... (қанаты).

4. Ел іші — алтын... (бесік).

5. Балалы уй... (базар).

6. Баягы жартас...(бір жартас).

12

Үлгі: Кітап — білім бұлағы.



Тау бөктерінен бастау алған бұлақтың суы мөлдір де таза екен.

"Мақал-мәтелдер "

2-жаттығу


Мақсаты:Бағанадағы сөздерді сөз тіркесін жасай отырып,

тура және ауыспалы мағынада қолданыңдар.



Киім суық

хабар қисық

ағаш қара

мінез қалың

дала ашық

көрінді кәрі

шал қысқа

шаш

кун

қал
Үлгі: суық күн, суық хабар, ...
3-жаттығу
"Ойланда, тап".

Мақсаты. 1. Мақалдардағы ауыспалы мағынасында қолданылған сөздерді тауып бағаналарды толтыр. Сонда тіл ғылымының бір саласының аты шығады.

2. Ауыспалы мағынадағы сөздердің тура мағынасына мысал келтір.
а) Сабыр түбі сары алтын.

ә) Екі кеме басы н ұстаған суға кетер.

б) Туған жер алтын бесік.

в) Су басынан лайланады.

г) Қисық ойга қиял серік болмайды.

д) Оқу кілті — еңбек.

е) Өнер таусылмас азық.

"Мақал-мәтелдер "

13


4-жаттығу.


"Дұрысын тап"

Мақсаты: 1. Төмендегі сөздерді дұрыс тіркестіре отырып, олардың тура және ауыспалы мағыналарын жаса.



а) Сағыныш ... кун

ыстық ... сезім бойын билейді.

өкініш

ә) Жақсы ... көл

терең ... Оқушылар ... білім алды.

улкен

б) Жаудырайды Екі көзі қарақаттай...

мөлдірейді Оның жүзінде куаныш кулкісі...

кулімдейді

Үлгі: Ыстық күн. Ыстық сезім бойын билейді


5-жаттығу.
Мақсаты:Төмендегі мақалдарды аяқтап, ауыспалы

мағынадағы сөздің тура мағынасына мысал келтір.

/. Ненің тубіне?

Еңбек тубі — не? (береке)

Көптің тубі не? (мереке)

Бейнет тубі - не? (зейнет)

Тірлік түбі — не? (бірлік)

Ұрлық түбі не? (қорлық)

2. Анасы не?

Сөз анасы — не? (құлақ)

Су анасы не? (бұлақ)

Жол анасы не? (тұяқ)

14

3. Кім не?



Әке не? (асқар тау)

Ана — не? (бауырыңдағы бұлак)

Бала— не? (баурайыңдағы құрақ)

Үлгі: Бала — баурайындағы құрақ.

Өзен жағасындағы құрақ та самал желмен баяу тербеледі.

"Мақал-мәтелдер "
6-жаттығу.
Мақсаты: 1. Төмендегі мәтіннен ауыспалы мағынадағы

сөздерді табыңдар.

2. Олардың беретін мағынасының келтірінді, ауыспалы мағына екенін дәлелдеңдер.
Үлгі: Ақ ұлпа — жаңа жауған жұмсақ қар.
1. Ақ ұлпа жамылған көк шырша әлденеге елегізиді.

Ауық-ауық селк етіп отырған бұталары мамығын сілкіп қалады. Шағала қар сау етіп жерге құлайды.

2. Көктем келді.

Тағы да дарқан дала жасыл түске боянып, қырда қызыл ерінді

қызғалдақтар самал желге тербеледі.

Дала дубірге толы.

Маңдай терінің моншағын төккен диқан бугінде бидай егуде.

3. Күз.


Көк майсалы көрікті,

Алқаптагы көп егін.

Бұл кундері киіпті,

Сары жібек көйлегін.

Ғ. Мусірепов
7-жаттығу.
"Жұмбақты шеш".

Мақсаты: 1. Жұмбақты шешіп, асты сызылған сөздердің қай

мағынада жұмсалғанын анықтандар.

2. Жұмбактардың шешімі дұрыс болса, белгілі бір ұлттың аты

шығады.

15

а) Жаһанда бір айдаһар бұғып жатқан,



Оятқан өз жанына қаза тапқан.

(қақпан)

ә) Тогыз белбеу, кос жібек,

Екі мурын, бір шумек.

(домбыра)

б) Ала арқаным жетпес жер жоқ.

(көз)

в) Бір уяда жеті жұмыртка.

(апта)

г) Қол созсаң ақ куміс,

Алақанға толады.

Ашып-жұмсаң, із-түссіз,

Лезде жоқ болады.

(қар)

8-жаттығу.


Мақсаты: 1. Өлеңдегі "баспайды" сөзінің мағынасын айқындандар. 2. Егер бұл сөз тура мағынасында тұрса, ауыспалы мағынасына, ауыспалы мағынада тұрса, тура мағынасына мысал келтіріңдер.
Жалқау
Сиырдың маңын баспайды,

Деп үстімді ластайды.

Ал соққанда сары майды,

Алдына жан салмайды.

"Ақ сандық, көк сандық"

16

9-жаттығу.


Мақсаты: 1. Төменде берілген сөздерді әр түрлі мағынада

қолданып сөйлем құрандар.



Төбе, күш, жел, қара.
10-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген мәтіндегі әке мен баланың диалогындағы сөздердің қандай мағынада жұмсалып тұрғанын айтындар.

  1. Егер ауыспалы мағыналы сөз болса,тура мағынасына мысал келтіріңдер.

Қолөнерші баласына:

Мен қартайдым, шеберханада жұмыс істеуге жарайтын емеспін. Енді сен менің оң қолым болуың керек, деді.



Ал баласы болса:

Әке-ау, менің солақай екенімді білмеуші ме едіңіз? — деді.



"Жыл он екі ай"

11-жаттығу.


Мақсаты: 1. Өлеңдегі ауыспалы мағыналы сөзді тауып, астын

сызындар.

2. Өлеңді жаттап алындар.

Адалдық

Жүрген едік тау жақта,

Кешіп шалғын көгалды.

Ұшып кетіп аулаққа,

Добым кенет жоғалды.
Барлық бала жабылып,

Іздесек те таппадық.

Қайттым үйге сабылып,

Жылауға да шақ қалып.
Ертесінде ерте кеп:

"Емес пе, —деп, —сенікі?"-

Бір доп берді Еркебек,

Тани кеттім: менікі.

17
Және ұсынды бір тәтті,



Жақын келіп жан құрбым.

Адал досқа қымбатты.

Алғысымды жаудырдым.

Ә. Асылбеков
12-жаттығу
Мақсаты: 1. Өлеңдегі "қоңырым" сөзінің мағынасын түсіндірме сөздікті пайдалана отырып түсіндіріңдер:

Қой баласы қоңырым,

¥я бұзбас мамыным.

Шопан ата түлегі —

Қошақаным қайдасың?

Пұшайт,

Пұшайт.

2. Әрі "қоңыр" сөзін қатыстыра отырып, төмендегі ұғымдарға сай сөйлем құрандар.
13-жаттығу.
Мақсаты: 1. Жұмбақтағы ауыспалы мағыналы сөзді табыңдар. 2. Жұмбақтың шешуін дұрыс шешіп, жаттап алыңдар.

а)Аяғы жоқ, қолы жоқ.

Шиыр-шиыр жолы көп.

Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.

(қарындаш)
ә) Бір қуысты мекен еткен отыз бөрі,

Он кісі отызының жұмыскері.

Сол қуыстың ортасында бағлан қозы

Масайрап секіреді әрі-бері.

(Отыз тіс, он саусақ және тіл).
14-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған

сөздердің ауыспалы матанасына сөйлем құраңдар.

18

а) Егде кісінің алдындағы қара сөмкеде екі күшік жатыр.

ә) Ауыр істен қорықпа.

б) Жеңіл жук тиелген машиналар көпірден өтіп жатты.

в) Күннің суығы бойын қалтыратты.

2. Сөйлемдегі егде, бойын сөздерінің синонимдік қатарын табыңдар
15-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлеңдегі "алдым", "алмадым", "алғаным"

сөздерінің мағынасын түсіндіріндер.

2. Өленді жаттап алыңдар.
Үш "бес" алдым,

Шаттандым.

Келді дереу мақтанғым.

Үйге қарай дедектеп,

Жортып келе жатқанмын.

Кенет тоқтай қалғаным.

Жерден көзді алмадым.

Жол үстінде

Нан жатыр

Лезде барып алғаным.

Қ.Жұмағалиев
3. "Обалды қалай түсінесің?" деген тақырыпта шағын әңгіме жазындар.
16-жаттығу.
• Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдердің баяндауыштарын ауыстырып

жазыңдар.

2. Сөйлемдеп стильдік ерекшелікті байқандар.

а) Жазда оқушылар Бурабайга (барып келді, барып қайтты, оралды). ә) Оқушылар жазғы демалыс кезінде ауыл еңбеккерлеріне (көмектесті, жәрдемдесті, көмек берді, қолғабыс етті, қол ұшын берді). б) Агаш бұтақтары күшті соққан желден (майысты, иілді).

3. Оралды, көмек берді, қол үшін берді, иілді сөздерін басқа мағынада қолдану мақсатында сөйлем құраңдар.

19

17-жаттығу.


Мақсаты: 1. Ауыспалы мағыналы сөзі бар бес мақал теріп жазыңдар.

2. Ауыспалы мағыналы сөздің тура мағынасына мысал келтіріндер.

Үлгі: Жалқаулық аздырады, еңбек оздырады.
18-жаттығу.
Мақсаты: 1. Берілген сөйлемдердегі асты сызылған

дыбысталуы бірдей сөздердің мағынасын айқындандар.

2. Әрі олардың қандай сөз топтарына жататынын айтыңдар.
а) Досыңның айтқанына құлақ сал,

ә) Құлақ ауруын алдын ала емдеткен жөн.

б) Асан екі көзін кітап бетінен алмайды.

в) Ініңе көз болғаның жөн.
3. Осы сөздердің мағынасын кеңейтіп, сөйлем құраңдар.
19-жаттығу.
Мақсаты: 1. Өлеңдегі ауыспалы мағыналы сөзді табындар.

2. Тура мағынасына сөйлем құрау арқылы мысал келтіріңдер.



а) Қалтарысқа тығылып,

Жасырынбақ ойнадық.

Бір тұрып, бір жығылып,

Ойынға біз тоймадық.
ә) Жүзге дейін санасам,

Бәрі бұғып алыпты.

Сарайды ашып қарасам,

Сара ұйықтап қалыпты.

Р. Наурызбаева

3. Өлеңд і жаттап алындар.

20

20-жаттығу.



Мақсаты: 1. Өлең ұйқасын табыңдар.

2. "Жақсы" сөзінің мағынасын кеңейту мақсатында, яғни әр түрлі мағынада бірнеше сөйлем құрандар.


Жақсы оқитын сабақты,

Бекен бала... (талапты).

Боламын деп суретші,

Шимайлайды.. (парақты).
21-жаттығу.
Мақсаты: Сөздердің тура немесе қолданылып тұрғанын ажырат,

Басың нешеу. Жарық бөлме. Сенде неше тұяқ бар. Сары жапырақ. Сағаттың тілі. Тере ңой. Көйлектің етегі. Есік ашты.


22-жаттығу.
Мақсаты: Асты сызылған сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріп, магынасын түсіндір.

Коңыр сиыр, жіп, дауыс, күз, жел, аю;

Қалың киім, кітап, бет, шаш ;

Арам шөп, тамақ, тер, ойла ;

Сары май, уайым, уыз ;

Жылы сөз, киім, су, өң ;

Кара жүрек, көлеңке, көз, дауыл.
Кез-келгеніне төрт сөйлем құра, оның екеуі т ура мағынада, екеуі ауыспалы мағынада қолданылатын болсын.
23-жаттығу.
Мақсаты: Асты сызылған сөздердің мағынасын басқа сөз арқылы

түсіндіріп, сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.

Білмейтін жердің ой-шұқыры көп. Домбырашы жігіттің қиық қара көзі от шашады. От ауызды қартпен болыстар айтыса алмады. Сонан бері ол кісі өгей баласының қолында

21

екен. Жоспар орындау шахтерлерге мәртебе. Хат келмегелі бір жылдай болса да онын қолын танимын. Ол Даригаға өзінін, ыстық ыкыласын білдірді.


24-жаттығу.
Мақсаты: Мына сөйлемдердің ішінен ауыспалы мағынада

қолданылып тұрған сөздерді тап және оның мағынасын түсіндір.

Сен телефон арқылы Жантаспен тілдесіп қал. Олар жеткенше ауылға суық хабар тарап та үлгерген екен. Ол әдеби кітаптарды оқуды әдетке айналдыра бастаған. Ол — дос үшін жанын қиятын батыр жігіт. Бұл елдің тұрмыс күйі де, мәдениеті де көтеріліп қалған екен. Алтын дән маржандай судырап, үйіліп жатыр. Ол табиғатты өте сүйетін. Атадан бала туар, атасының жолын қуар. Күшік әбден таралып, қайта қутындай бастаған кезі.
25-жаттығу.
Мақсаты: Қарамен терілген сөздерді сипаттайтын тағы кандай белгілері бар екендігін көп нүктенің орнына өздеріңіз тауып, толықтырыңыздар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет