Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында толассыз жауған қарға байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылдың 7 қаңтардан бері Күршім ауданында қар мен боран тоқтамай тұр. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 1.8 – 2 метрге жетті. Бұдан бөлек, Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтерінің ауыл-аймақтарында көлік жүруден қалды.

Күршім ауданының әкімдігі өңірде қардың шамадан тыс көп жауып, көліктердің жүрмеуін ескеріп, табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады.

Облыстағы көлік және автомобиль жолдары басқармасының деректеріне сүйенсек, жол жүруді қамтамасыз ету үшін қосымша техника жөнелтілді. Қазіргі уақытта арнайы техниканың 24 бірлігі жұмылдырылған.

  • Риддерде қар көшкіні болып тұрғындар сусыз қалды: Әкім сумен қамту жағдайына түсініктеме берді

Осы орайда Марқакөл және Тосқайын ауылдық округтері мектептерінің оқушылары 8 қаңтардан бастап қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.Қолайлы ауа-райы жағдайлары белгіленген соң, 16-шы қаңтарда ауылдық округтердің тұрғындарына қажетті азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізу үшін тікұшақ жіберілді.


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.