«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау туралы хабарландыру



жүктеу 53.3 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі53.3 Kb.
түріКонкурс

«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Конкурсқа қатысушылардың барлығына қойылатын біліктілік талаптары:
С-R-5 санаты бойынша:  Жоғары немесе ортадан кейінгі білім.
 Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Лауазымның функционалдық бағыттары - заңгерлік қызмет.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық айлықақысы:


Санаты

Еңбек өтіліне қарай лауазымдық айлықақысы

min

max

С-R-5

64 960

88 279


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Түркістан көшесі № 87, индекс №160011.

Анықтама үшін телефондары: (8 7252) 99-75-43 ішкі (0201, 0202), (8 7252) 99-75-42 электронды пошта: 725-0202@sud.kz.

Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

1. Кеңсенің жетекші маманы С-R-5 санаты - 7 бірлік: Шымкент қаласының Абай аудандық соты-1 бірлік; Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты-1 бірлік; Шымкент қаласының Қаратау аудандық соты-1 бірлік; Шымкент қаласының Еңбекші аудандық соты-1 бірлік (негізгі қызметшінің 18.06.2018 жылға дейін балаға күтім жасау демалысы кезеңіне және оның орнындағы қызметшінің 28.03.2017 жылға дейін жүкті және босануына байланысты демалысы кезеңіне); Мақтаарал ауданының №2 аудандық соты-1 бірлік; Түлкібас аудандық соты-1бірлік, Сайрам аудандық соты-1 бірлік (негізгі қызметшінің 25.03.2017 жылға дейін жүкті және босануына байланысты демалысы кезеңіне).

Функционалдық міндеттері: тарату журналын жүргізу, сот кеңсесінен барлық шығыс қағаздарын, хаттарын уақтылы тарату, кіріс, шығыс құжаттарды журналдарға тіркеу, т.б.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

2. Кеңсенің сот приставы С-R-5 санаты - 1 бірлік: Шымкент қаласының Әл-Фараби аудандық соты -1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Сот процесіне қатысқан судьяларды және де басқа азаматтарды қорғау, ғимараттағы тәртіпті қадағалау, сот приставтарының жұмысына есеп жасау, істердің қаралу кезінде залдағы тәртіпті бақылайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: заңгерлік білім, компьютерде жұмыс істей білу.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.


  1. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

  1. осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (жалпы конкурс туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күні).

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері және де «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің өкілдерін қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.



Мемлекеттiк органның басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет